Сәбилік шақтағы психиканың дамуы


СӘБИЛІК ШАҚТАҒЫ ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ
Туғанда бала анасынан физикалық жағынан ажырағанымен, көп уақыт бойы биологиялық түрде анасымен байланысты болады. Сәбилік шақ соңында кейбір өзіндік қасиеттерді игергенде ол биологиялық түрде тәуелсіз болады. Л. С. Выготский айтқандай «Біз» жағдайы, яғни баланың ересектермен ажырамас бірлік жағдайы бұзыла бастайды. Ал келесі кезең - анадан психологиялық түрде бөліну - ерте балалық шақта болады. Бұл балада жаңа физикалық мүмкіндіктердің пайда болуына ғана емес, сонымен бірге психикалық функциялардың шапшаң дамуына байланысты, ал периодтың соңында өзіндік сананың бастапқы негіздері пайда болады.
1. Психикалық функциялардың дамуы.
Психикалық функциялардың дамуын қарастыра отырып, алдымен ерте балалық шақ сөзді (тілді) меңгеруден басталатындығын атап өтейік.
Сөз. Баланың автономды тілі өте жылдам (жарты жыл ішінде) қалыптасады және жоғалады. Айтылуы мен мағынасы бойынша сөздер «ересек» тіл сөздерімен ауыстырылады. Бірақ, әрине, тілдік даму деңгейіне жылдам өту тек жағымды жағдайларда, біріншіден, баланың ересектермен толық байланыста болып, тілдесу жағдайында ғана мүмкін. Егер ересектермен тілдесу жеткіліксізнемесе, керісінше, жақындары баланың барлық тілектерін оның автономды тіліне сүйеніп орындай берсе, тілді меңгеру бәсеңдейді. Бір - бірімен өздеріне ортақ бала тілінде тілдесетін егіздер өсіп келе жатқанда тілдік дамудың тежелуі байқалады.
Оған үш жасқа қарсы тілдің барлық негізгі дыбыстары меңгерілетіндігі көмектеседі. Баланың тілінде өте қажетті өзгеріс - бұл бала үшін сөз заттық мағынаға ие болады. Бала сыртқы қасиеттері әртүрлі, бірақ қандайда бір ұқсас белгілері бар заттарды бір сөзбен атайды. Сондықтан алғашқы жалпылау сөздің заттық мағынасының пайда болуымен байланысты.
Ерте жаста пассивті сөз қоры - түсінетін сөздер жиыны тез өседі. Екі жаста бала ересектердің оны қоршаған заттарға байланысты айтқан сөздерінің көпшілігін түсінеді. Осы уақытта ол ересектермен бірге бірлесіп істейтін істерінің түсіндірмесін ұға бастайды. Бала заттар әлемін белсенді түрде тани бастағандықтан, заттарды қолдану ол үшін өте маңызды іс, ал бала заттармен жаңа іс - әрекеттерді меңгеруді тек ересектермен бірлесіп қана істей алады. баланың іс - әрекетін ұйымдастыратын түсіндірмелі сөздерді олар ерте түсінеді. Одан кейін, екі-үш жаста әңгіме сөздерін ұға бастайды. Бала оны қоршаған заттар мен құбылыстарға байланысты әңгімелерді тез түсінеді. Ол мазмұны оның қабылдауынан тыс әңгіме немесе ертегіні түсіну үшін қосымша жұмыс жасау керек, яғни ересектер оған арнайы үйретулері қажет.
Белсенді сөз де шапшаң дамиды: белсенді сөз қоры өседі, ересектерге бағытталған алғашқы фразалар, сұрақтар.
Ойлау практикалық іс - әрекет процесінде дамиды, сондықтан, отандық психологтар айтқандай, ойлау одан жалпы даму деңгейі бойынша төмен.
Сыртқы әрекетке байланысты тек ойлау ғана дамымайды. Сонымен бірге заттық іс - әрекеттер де дамиды. Сонымен қатар олар алғашында біріктірілген заттардан ажырап, жалпы сипатқа ие болады. Меңгерілген іс - әрекеттер басқа жағдайға ауысады. Әрекеттің заттардан ажырауынан кейін балада өз іс - әрекетін ересек адамдардың іс - әрекетімен салыстыру, ересек адамның іс - әрекетін үлгі ретінде қабылдау көрінеді. Бала мен ересек адамның істі бірлесіп орындауы тоқтайды. Ересектер балаға іс - әрекет үлгісін көрсетеді де оның орындалуын бақылап, бағалайды. Осы кезде балада іс - әрекетке өз іс - әрекеті ретінде қарау пайда болады.
Баланың эмоциялық - қажеттілік сферасының дамуы оның ересектермен және құрдастарымен араласуына байланысты. Жақын ересек адамдармен араласқанда одақтасу мотиві көрінеді. Бала махаббат пен эмоционалды жылудан басқа ересек адамнан өз ісіне тікелей араласуды күтеді, Мысалы, асхана заттарын меңгеруде және кубиктерден үй тұрғызуда. Осындай бірлескен іс - әрекет кезінде балада ересектермен араласудың жаңа формалары өрбиді.
Ерте балалық шақта басқа балалармен араласу енді ғана басталады және өте толық болмайды. екі жастағы бала құрдасы жақындағанда тынышсыздана бастайды, анасына қарай тығылады. үш жасында ол басқа баламен тыныш ойнайды, бірақ ортақ ойындары аз ғана уақытқа созылады.
Баланың эмоциалық - қажеттілік сферасының дамуы осы уақытта пайда болып келе жатқан өзіндік санамен тығыз байланысты. екі жаста бала айнадан өзін көріп, таниды.
Өзін - өзі тану - өзіндік сананың алғашқы формасы. Өзіндік сананың дамуындағы жаңа кезең өзін атымен атаған кезден басталады, мысалы, «Саша», «Тита». Содан кейін үш жасқа тақағанда «мен» пайда болады. Сонымен бірге «мен» дегеннен басқа балада өзін - өзі бағалау пайда болады. «мен жақсымын», «мен өте жақсымын». Бұл рационалды компоненттерден құралмаған таза эмоциалық құрылым. Сондықтан оны өзіндік баға деп атау қиын. Бұл баланың эмоциялық қауіпсіздік қажеттілігіне негізделген, сондықтан өзіндік баға әрқашан максималды түрде көтеріңкі «Мен», «мен жақсымын», «мен өзім» санасы және өзіндік жеке іс - әрекеттердің пайда болуы баланы дамудың жаңа деңгейіне итереді. үш жастағы кризис өтпелі кезеңі басталады.
НӘРЕСТЕ ЖАСЫНДАҒЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жаңа туған нәрестенің дүниеге келгенен кейін күн санап өсіп отырады. Нәрестенің нерв жүйесінің дамуын да, айтарлықтаи өзгешеліктер болады. Бала дүниеге келгенде шартсыз рефлекстер болады, мысалы тамақтану, қозғалу, икемделу, тыныс алу, қан айналу т. б.
Бала дүниеге келгенен кейін анасынан физикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар суық, жарық, ауалық жағынан өзгеріске ұшырайды. Бұл жағдайға бейімделуге шартсыз рефлекс көмектеседі.
1-ші айдың соңында алғашқы шартсыз байқалады, уақытында тамақтану, тамақтану позасы т. б.
Баланың дүниеге келуі организмге үлкен әсер етеді, яғни ана ағзасында даму мен өсу жарық дүниеде дамудан басқаша болады, бала дүниеге келгенен кейін ауыспалы әр-түрлі ауыспалы тітіркендіргіштер әсер ететін ауалық ортаға келеді. Жаңа жарық дүниеге келгенен кейін іштен туа біткен механиздер баланың организмі қамтамасыз етеді. Оның нерв системасында сыртқы ортаға белгілі бір мөлшерде бейімделіп туады, сөйтіп бала туа салысымен қан айналу, тыныс алу сияқты негізгі ағза жүйелері қамтамасыз ететін рефлекстер іске қосылады, алғаш күнен бастап ол өз жұмысын істейді. қорғаныс рефлексі тітіркендіргіштерді аулақтатуға немесе кедергі жасауға бағыталады. Жаңа туған кезде икемделу рефлексі болады. Жармасу рефлекске т. б. осы рефлекске байланысты балада даму, демалу және тамақтану дамиды.
Бала қатты дыбыстарды естиді, түстік сезім қалыптасқан, 1 с тен төмен сүт ішпеген. 10 күнде құрылымдық, комплексті, қозғалатын объектіні ажыратады.
1 айдан 1 жасқа дейін балада сенсорлы және қозғалыс функциясы дамиды. Балада моторика жақсы дамиды (көздің қозғалуы, жармасу т. б. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz