Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі


Мазмұны.
Тақырып: Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі.
Кіріспе . . . . 3
I тарау. Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық мәні мен рөлі.
1. 1. Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық мәні мен рөлі . . . 4
1. 2. Ғалымдардың еңбегіндегі бюджетпен есеп айырысу есебін жетілдіру жолдары. ………5
II тарау. «Ақсайгазсервис» акционерлік қоғамның ұйымдық-экономикалық және қаржылық есеп жұмысы.
2. 1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы . . . 7
2. 2. Акционерлік қоғамның есеп саясаты . . . 11
III тарау. Бюджетпен есеп айырысу бойынша жүргізілетін операциялар
3. 1. Төленетін ағымдағы табыс салығы . . . 13
3. 2. Қосылған құнға салынатын салық . . . 15
3. 3. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы . . . 17
3. 4. Бюджетпен басқа да есеп айырысу . . . 19
Қорытынды
Қосымша.
Қолданылған әдебиттер.
Кіріспе.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі». Курстық жұмысым 3 тараудан тұрады.
I тарауда- Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық мәні мен рөлі және ғалымдар еңбегінде олардың жетілдіру жолдары туралы айтылған.
IIтарауда- «Ақсайгазсервис» акционерлік қоғамның ұйымдық-экономикалық және қаржылық есеп жұмысы.
III тарауда- Бюджетпен есеп айырысу бойынша жүргізілетін операциялар туралы қамтып айтылады.
Мақсаты: бюджетпен есеп айырысу есебінің жолдары, жүйесі мен құрылысын, мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлін жан-жақты ашып көрсету, бюджетпен есеп айырысу есебі, бюджет туралы есеп, экономика ғылымдарының пікірін басты бағыт- бағдар ретінде ұстана білу.
Бюджет жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп немесе бекітіліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржылық экономикасын дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге, басқа да мақсаттарға пайдаланады.
Бюджет-бұл мемлекеттің, облыстық, аудандарының, қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалының айнасы. Бюджет -қандай құрылымның да іргетасы, әрі халық дәулетінің қайнар көзі. Оны қалыптастыру және пайдалана білу шеберлік пен іскерлікті қажет ететіні белгілі. Өркениетті елдердің қай-қайсысында болсын, мемлекеттік бюджет, яғни халықтың ортақ қалтасының қаражаты салық арқылы құралатындығы белгілі.
Бюджет деңгейіне қарамастан бюджеттік мекемелердің бәрінде, ешқандай жеңілдік күтпей-ақ қаржы дағдарысынан шығудың бағдарламасы болуы тиіс. Мұның өзі салық жинау саласында турасын айтсам, «таяқтың екі ұшы бар» деген сөз болып шығады. Қарапайым сөзбен бейнелей айтсам, Қазақстанда істің принциптерінде қанша салық жинауға болатыны жөнінде «алытны жұмыртқа туатын тауықты соймай-ақ» мәлімет алу оңай емес.
Қорыта келгенде, «Қазақстанда салық жинау ісі қандай жолмен жүреді?» - деген ең басты мәселе әлі де толық шешімін тапқан жоқ деп айтуға болады.
2002 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетпен есеп айырысу есебі»туралы заңы өз күшіне енген болатын.
Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 63 «Бюджетпен есеп айырысу» бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге 631(3110) «Төленетін ағымдағы табыс салығы», 632(4310) «Кейінге қалдырылған табыс салығы», 633 (3130) «Қосылған құн салығы», 639 (3190) «Бюджетпен басқа да есеп айырысу» шоттары кіреді.
Жеке және заңды тұлғаларға салынатын салықтар, мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік -аумақтық бірліктерді, заң шығарушы биліктерді, басқару апаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттердің мемлекет үшін маңызы өте зор.
I тарау. Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық мәні мен рөлі және ғалымдар еңбегінде олардың жетілдіру жолдары.
- Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық
мәні мен рөлі.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен, халықпен қалыптасатын қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды. Олар қоғамдық өнімді, құндық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Бюджет жүйесінде есеп айырысудың мәні зор. Бюджетпен есеп айырысудың есебі мына белгілермен сипатталады:
1) Мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық өнімнің қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөліктік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады.
2) Құнды жасау және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджетпен есеп айырысудың айырмашылығы- сол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, аумақтар арасында құнды қайта бөлуге арналған.
3) Қоғамдық өмірдің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастары тығыз байланысты.
Бюджетпен есеп айырысу есебі басқа экономикалық категория сияқты материалдық-заттай түрінде болады.
Бюджетпен есеп айырысу есебінің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Нарықтық механизмге көшу жағдайында бюджетпен есеп айырысу есебінің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін қорғауға бағытталуы тиіс. Шығындар мен салықтар арқылы бюджетпен есеп айырысу экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
1. 2. Ғалымдардың еңбегіндегі бюджетпен есеп айырысу
есебін жетілдіру жолдары.
Д. Қ. Қабдиев экономика ғылымдарының докторы, профессор бюджетпен есеп айырысу есебі мемлекеттік басқарудың деңгейлердің арасында функциялар мен өкілеттердің ара тегін дәлме-дәл ажыратуға, бюджеттер деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығындарды бірыңғай бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен анықтығына негізделген.
Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың бюджетпен есеп айырысу процесіне жол берілмейді. Шығыстардың өкілеттіктерін немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджетпен есеп айырысудың бір деңгейінен екіншісіне беру бюджет кодексіне өзгертулер енгізгенде ғана жүзеге асырылады.
Бюджетпен есеп айырысу мынадай қағидаттарды негіздейді:
- Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің республикалық бюджетін өзара қатынастарда, аудандар бюджеттерінің жоғары облыстық бюджетпен өзара қатынастар теңдігі.
- Түсімдерді тиімді бөлу, ол түсімдердің ара жиігін ажыратудың мынадай өлшемдерін бір мерзімде сақтауды ескертеді.
Төменгі бюджеттерде тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер белгіленеді. Салықтық және салықтық емес түсімдер аталған қызметтер көрсету қаржыландырудың бюджет кірісіне түседі. Қайта бөліну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы әркалай орнатылатын салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғарғы деңгейлеріне бекітіледі.
- Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру.
- Жергілікті атқарушы органдардың көрсетудің неғұрлым тиімді және нәтижелі жүргізілуі мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейлеріне мемлекеттік басқару деңгейлеріне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекітіп беру.
- Бюджеттің әрбір деңгейінің алынған ресми трансферттер мен кредиттердің тиімді және нысаналы пайдалануы үшін жауаптылығы.
Бюджетпен есеп айырысу есебінің қатынастарын реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерінің әрқайсысының салықтық әлуеті, аймақтардың объективтік -бюджеттік қажеттіліктерін бағалау нәтижелері, бекітілген заттай нормалар ескеріледі.
Э. Қ. Ыдырова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент 1991 жылы ҚР-ның бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджеттері кіреді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетіледі. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрады. Одақтық бюджетке 1970-1990ж. ж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50%тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.
Р. Оспанов, Атырау облысы бойынша салық комитетінің төрағасы, экономист. Салық қызметкерлерінің алдына уақыттың өзі үлкен міндеттер жүктеп отыр. Нарық бюджеттің қайнар көзін салықтан іздеуді үйретті. Ел байлығын толтыру әр түрлі салықтар мен төлемдердің уақтылы түсуіне байланысты. Экономикамызда күрделі жағдай қалыптасты. Қайткен күнде де осы бір қиын кезеңнен шығу елдігімізге сын болып тұрғаны анық. . Бұл бағытта біздің алдымызда да атқарылатын ауқымды істер бар.
Б. Таджияқов, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы. 1997жылы Қазақстан бюджетіне келіп түскен салықтың жалпы сомасы 278 млрд теңге болды. Ал, жоспарлағаны 274 млрд теңге болатын Б. Таджияқовтың айтуына қарағанда, салық түсімдерінің бұлай артуы жергілікті Мәслихаттардың желтоқсан айының басында жергілікті бюджетке қосымша салықтарды бекітуіне және сондай-ақ, салық қызметіне басшылықты жақсартуға байланысты.
М. И. Боголепов, профессор. 20ғ. М. И. Боголепов басты назарда «мемлекеттік бюджет барлық елдерде жылдан жылға бюджеттік цифрлары, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің мөлшері өседі»-дейді.
З. Атыгаева, ҚР-ның салық төлеушілермен жұмыспен айналысатын Департаменттің зам. директоры. Салық органдарының негізгі қызметі-бюджетке салық пен басқа да міндетті төлейтін төлемдердің дұрыс есептелуін және уақтылы түсуін бақылау, сонымен қатар салық заңнамасына сәйкес нормалардың орындалуын, ҚР «Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер» туралы заңына сәйкес жүргізілуі керек.
Н. Князов, Ақтөбе облысы бойынша салық комитетінің төрағасы. Өркениетті елдердегідей кәсіпорынның, ұйымның, кәсіпкердің қарапайым салық төлеушінің ең бірінші кезектегі міндетін-салықтан құтылу екенін түсінетіндей жауапкершілікке жете қоймағанымыз әмбеге аян болса керек. Әлі де салықтан жалтарушылар, табысын кемітіп көрсетушілер, қайтсем заңдылықты айналып өтем деушілер баршылық. . Осыдан келіп ортақ қазан-бюджет қоржыны толмайды.
Дүйсенбек Қалиұлы: Міндетті төлемдер мен салық төлеуден заңды тұлғалар қашады дегенге өз басым сенбеймін, әрі бұл жаңсақтық пікірдің кең етек алуын қаламаған да болар едім, -дейді.
Д. Баймурзин- Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы. Салық салғырттықты көтермейді, оны дұрыс ретті жүргізу парызымыз деп білеміз. Үкіметіміздің салық заңдылығн жетілдіру және салық басқаруды жақсарту жөнінде жүргізіліп жатқан алуан жұмыстары алдағы уақытта бюджет кірісіне түсімнің көп түсуін қамтамасыз етеді деген сенім ұялатады.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан.
«Біз елдегі салық жинау жүйесін күшейтеміз. Мемлекет халыққа не міндетті болса, соны төлеуге тиіс. Сонымен бірге, халық та өзінің мемлекетіне, жергілікті билік органдарына заңға сай нәрсені төлеп тұруға тиіс. Біздің салық жүйеміздің босаңдығы мемлекеттің материалдық негізін әлсіретеді, нарықтағы жайсыз құбылыстарға себепкер болады, шетел инвесторларын шошынтады. Азаматтардың елдің басшалығына сенімін шайқалтады.
Біздің міндетіміз-ақылға қонымды, әділетті әрі қалыпқа түскен салық жүйесін жасау. »
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Есепті кезеңнің соңында кәсіпорынның бөлінбеген табысына жатқызылатын таза табыс салығы.
Д-т 571(5420)
К-т 561(5410)
Есепті кезеңнің соңында анықталған кәсіпорынның шеккен зиян сомасы
Д-т 561(5410)
К-т 571(5420)
Ағымдағы жылғы шеккен зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы.
Д-т 551, 552(5310, 5340)
К-т 561(5410)
Осы операциялардың қорытындысы бойынша «жиынтық кіріс (зиян) »-деп аталатын шоттың дебеті мен кредитіндегі сомалар салыстырылып, егер дебетіндегі сома артық болған жағдайда кәсіпорынның ағымдағы жылы өзінің істеген жұмысының қорытындысы бойынша пайда тапқандығы болып табылады.
II-тарау. «Ақсайгазсервис»акционерлік қоғамның
ұйымдық-экономикалық және қаржылық есеп жұмысы.
2. 1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы.
«Ақсайгазсервис» акционерлік қоғамы «Қарашығанақ» мұнай-газ конденсатының кен орны бойынша өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қарашадағы №1568 қаулысын іске асыру туралы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 1998 жылғы 12 қаңтардағы №02 қаулысының негізінде«Қарашығанақгаз өнеркәсібі» акционерлік қоғамынан бөлу арқылы құрылады.
Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Акционерлік қоғамдар»туралы Қазақстан Республикасының заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
Қоғамның орналасқан жері (09300), Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, өнеркәсіптік аймақ.
Қоғамның Жарғылық капиталының мөлшері 2039995972, 53 (екі миллиард отыз тоғыз миллион тоғыз жүз тоқсан бес мың тоғыз жүз жетпіс екі) теңге 53 тиынын құрайды. Жарияланған жарғылық капитал әрбір акцияның номиналдық құны 62, 73 (алпыс екі) теңге 73 тиын 26794992 жай атаулы акцияға және дауыс беру құқығы жоқ және оның құнынан 10% мөлшерінде белгіленген дивиденді бар номиналдық құны бар 62 теңге 73 тиын артықшылық атаулы акциялардың 5725269 данаға бөлінген.
Қоғамның жарғылық капиталы жаңа акцияларды шығару, несиеге шығарылған акцияларды шығару негізінде сатып алу және кейін күшін жою арқылы өзгертілуі мүмкін. Бұл ретте шығарылған акциялардың жиынтық атауы құны Қазақстан Республикасы заңнамаға сәйкес Қоғамның Жарғылық капиталы үшін белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы тиіс.
Жарғылық капиталдың көлемін қалыптастырудың, өзгертудің тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі
2-1кесте .
Өндірістің көлемі.
2005ж.
мың тг
2005ж.
%
Дайын өнімді сатудан түскен табыс 2005 жылы 173534; 2006 жылы 188755; 2007 жылы 183682 өзгеріп отыр, ауытқулар 2005жылы 10148; ал 2006 жылы - 5073; өсім қарқыны 2005жылы 105, 8% 2006 жылы 97, 3% құрайды.
Мұнда табыстың жыл сайын өзгергенін көріп отырмыз.
Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 40945; 2006жылы 31015; 2007 жылы 42026 құрады. Ауытқу 2005 жылы 1081; ал 2006 жылы 11011; өсім қарқыны 2005жылы 102, 6%; 2006 жылы 135, 5% болды.
Жұмысшылардың орташа саны 2005 жылы 641; 2006жылы 626; 2007 жылы 680 адам болды. Ауытқу 2005 жылы 39; ал 2006 жылы 54; өсім қарқыны 2005жылы 106, 0; 2006 жылы 108, 0% жоғарлағанын көреміз .
Негізгі құралдардың орташа жиынтық құны 2005 жылы 27347; 2006 жылы 45689; 2007 жылы 23855 болды. Ауытқу 2005 жылы -3492; ал 2006 жылы -21834; өсім қарқыны 2005 жылы 87, 2; 2006 жылы 52, 2% құрады.
Мұнда негізгі құралдар өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы, яғни 1 жылдан артық уақыт пайдаланып өзінің құнын бастапқы өнімге алып барғанын көрсетіп отыр.
2-2кесте.
Тауар өнімінің құрылымы.
2005ж.
мың тг
2005ж.
%
Офистік бөлімдердің арендасы, оның ішінде жұмыс және техникалық бөлмелердің арендасы, 2005 жылы 45947; 2006 жылы 46765; 2007 жылы 44907 теңгені құраған. Ауытқу 2005жылы -1040; ал 2006 жылы -1858; өсім қарқыны 2005жылы 98, 7; 2006 жылы 96, 0% құрады. Өндірістің дамуына байланысты бөлмелердің арендасы да жылдан жылға кеміп отырғанын көріп отырмыз.
Техникалық қызмет көрсетумен негізгі құралдарды жөндеу (машина), сату бойынша қызмет көрсету 2005 жылы 59749 болса, 2006 жылы 65286; 2007 жылы 72894 құрайды. Ауытқу 2005 жылы 13145; ал 2006 жылы 7608; өсім қарқыны 2005 жылы 122, 0%; 2006 жылы 111, 6 % құрады.
Тауарларды айырбастау мен сату бойынша қызмет көрсету ғана 2005 жылы 977317, 2006 жылы 1058073, 2007 жылы 1168861 жоғарлағанын көріп отырмыз. Ауытқу 2005 жылы 191544; ал 2006 жылы 110788 төмендеген. Өсім қарқыны 2005жылы 119, 6; 2006 жылы 110, 5% құрады. Басқалардың ішінде жіберілген тауарлардың, жұмысты орындаудың және басқа да қызмет көрсетудің құны акционерлік қоғам үшін 2005жылы 120527 құраған болса, 2006 жылы 121609 болды. Ауытқу 2005жылы 191544; ал 2006 жылы 110788 төмендеген. Өсім қарқыны 2005 жылы 110, 1; 2006 жылы 109, 1% азайып отыр.
2-3 кесте.
Негізгі құралдардың көлемі.
Негізгі құралдардың жалпы сомасы 2005 жылы 1195984 болса, 2006 жылы 1324586, 2007 жылы 1357531 болды. % бойынша негізгі құралдардың түрлерін есептедім.
Жердің жалпы көлемі 3 жыл бойынша 27517 тг құрайды, ал % бойынша 2005 жылы 2, 3%болса; 2006, 2007 жылдары 2, 1% төмендеген.
Белгілі бір факторларға байланысты жердің құнарлығы жылдан жылға азайып барады.
Ғимараттардың көлемі 2005 жылы 804780; 2006 жылы 858470; 2007 жылы 863342 теңге болса, ал % бойынша 2005 жылы 67, 3; 2006 жылы 64, 8; 2007 жылы 63, 6% төмендеген.
Акционерлік қоғамның өндірісі дамуына байланысты ғимараттардың аз көлемде сатып алуын байқап отырмыз.
Машиналар мен құрал - жабдықтар 2005 жылы 86725; 2006 жылы 115570; 2007 жылы 117920 теңге болса, ал % бойынша 2005 жылы 7, 3; 2006 жылы 8, 8; 2007 жылы 8, 7% құраған.
Көлік құралдары 2005 жылы 125327; 2006 жылы 166995; 2007 жылы 186995 теңге болса, ал % бойынша 2005 жылы 10, 5; 2006 жылы 12, 6; 2007 жылы 13, 7% артқанын көруге болады.
Басқалардың жалпы көлемі 2005 жылы 151635; 2006 жылы 155765; 2007 жылы 161757 теңге болса, ал % бойынша 2005 жылы 12, 6; 2006 жылы 11, 7; 2007 жылы 11, 9 % құрады.
2-4 кесте.
Акционерлік қоғамның қаржы-шаруашылық
Күтпеген жағдайлардан
Табыс (шығын)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz