Орхон-Енесей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі: Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк жазбалары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

ІІ Негізгі бөлімдер

2. 1 Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі

2. 2 түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Бұл жұмыста Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі қарастырылған. Тақырыптың өзектілігі ғылыми және тәжірибелік факторлармен анықталады. Руна жазуларының түріктер тарихын зерттеудегі алатын орнын, тарихи маңыздылығын, көлемділігін, баға жетпес қажеттілігін айқындап көрсету. Соныдақтан біз ерте түріктердің тарихының жазба дерегі - Күл-тегін, Білге-қаған, Төныкөк сияқты ескерткіштерді алдық.
Бұл ескерткіштерді зерттей отыра, түрік халқының қалыптасуы мен мемлекеттілігін дамуын қарастыру. Б. з. д. 7-8 ғасырлардағы Шығыс Түрік қағанатының дамуы дәуірін ашып көрсету. Тарихи-лингвистикалық тұрғыдан мәселені ашу; руна жазбаларының түрік тарихындщағы алатын орнын анықтау; Күл-тегін жолдауы түрік тарихына деректік сипат беретінің дәлелдеу.

Шығыс Түрік қағанатының дамуы тұрғысында Білге қағанның өмірі мен іскерлігін жарқын ашып көрсетуге талпыныс жасалған.
Күл-Тегін, Білге-қаған, Төныкөк ескерткіштеріндегі руна жазбалары. Мәліметтер жинау, және деректерді қорыту; Руна жазбаларын зерттеу, монографияларды оқу; Жобаның жазылуы, слайд-таныстырудың жасалуы.
Тарихи принциптерді қолдану, обьективтілік тұрғыда жасау, танып-білу әдісі. Нәтижелер тәжірибелік негіз береді: Қазақстан тарихы сабағында көрнекілік ретінде қолдануға болатын: мәліметтер, фотосуреттер, құжаттар және т. б.

Қорытынды

Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К. Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.

Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Бұл тіл білімінің термині ретінде бертін келе кеңінен тарап кетті.

Орыс География қоғамының Шығыс Сібір бөлімі 1889 жылы Монголия арнайы экспедиция ұйымдастырды.

Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.
Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.

Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілерде, оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамалдаушылар да жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады.
Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.

Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей-ақ, В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сонан соң оны аударып шықты.

Солтүстік Монғолиядағы Орхон өзені бойынан Н. М. Ядринцев тапқан ескерткіштер Шығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны Білге қаған (алғашқы аты Могилянь) мен қағанның інісі, даңқты әскери қолбасшы Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан құлпытастарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдары еді.

Сөйтіп, руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе «Орхон -Енисей» жазуы деп атап кетті. Бұл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап, оны көне түркі жазуы деп те атай береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон-Енисей руна жазбалары: Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк мысалында ерте түрік тарихының негізгі жазба дерегі
Орхон-Енисей ескерткіштерін ашу мен оқу тарихы: Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк мәтіндерінің композициялық-тарихи талдауы
Орхон ескерткіштері (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк) және Әбу-Насыр Әл-Фарабидің шығармашылық ерекшеліктері
Орхон-Енисей жазбалары: Күлтегін және Тоныкөк жырларының тарихи-әдеби талдауы
Ұлттық журналистиканың бастау көздері: Орхон жазбалары және Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіштері
Күлтегін ескерткіші: Орхон-Енесей жазбалары және түркі тектес халықтардың мәдени мұрасы
Көне түркі жазуы (Орхон-Енесей): тарихы, таралуы және зерттелуі
Орхон-Енисей көне түркі жазба ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
Орхон-Енисей және Талас жазба ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
Көне түркі руна жазбалары: Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихи-лингвистикалық зерттелуі және гипербореялық шығу тегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz