Әдіс – тәсілдерді қолдануда ойынның маңызы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

G:\Новая папка (2)\SAM_2031.JPG Әдіс - тәсілдерді қолдануда ойынның маңызы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Заман талабы екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сол сияқты балабақшаларда қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері қойылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім деңгейі нақты бағдарламамен берілген . Қазақ тілін оқытудан «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша 2 сәбилер, ортаңғы және ересектер топтарына арналған перспективтік жоспар құрастырылды. Балабақшаның лексикалық тақырыптарына сәйкес перспективтік жоспарға: «Балабақша» «Отбасы», «Менің Отаным», «Жыл мезгілдері», «Жеміс-көкөністер», «Ойыншықтар», «Жануарлар», «Аңдар», «Құстар», «Дене мүшелері», «Ыдыстар» және т. б. тақырыптар енгізілді. Бағдарламаның базалық минимумда балаларды қазақ тілін оқытуда мынадай талаптар қойылған: Сенің атың кім? Кім? Не? Не істеді? және т. б. сұрақтарына жауап беру; балабақша, балабақша қызметкерлері туралы әңгімелеу; ойыншықтардың, жемістердің, көкөністердің атауын, түсін, пішінін айта білу; адамның дене мүшелерін атау және таныс сөздерді сөйлемде қолдану; отбасы мүшелерін, киім, аяқ-киім атауын айта білу және т. б. .

Заман өзгерген сайын әдіс - тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын артырады. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын - оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т. б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл үйрету барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

  • Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіру.
  • Сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру.
  • Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын арқылы балалар қазақ тілін үйреніп, сөздік қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.

  • Түсіндіру әдісі- жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
  • Көрнекілік әдісі- сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек .

G:\Новая папка (2)\SAM_2008.JPG G:\Новая папка (2)\SAM_2009.JPG Мысалы : «Ұлттық заттар» тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып отырады.

G:\Новая папка (2)\SAM_2024.JPG G:\Новая папка (2)\SAM_2025.JPG G:\Новая папка (2)\SAM_2022.JPG Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс - жеміс- жидектер, ойыншықтар, тағамдар, тақырыптарында жүзеге асады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады.

Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні - домалақ, дәмі - тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Бастауыш сынып оқушыларын ойын барысында оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
Математика пәні бойынша дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамытудың әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Волейбол ойыншысына тән дене құрылысы, күш - қуаты және ұжымдық әрекетке бейімдігі бар жаттығулар таңдау
Инновациялық педагогикалық технология ұғымының мәні
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Зерттеу жұмысымның мақсат - міндеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz