МОДЕЛЬ. МОДЕЛЬ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МОДЕЛЬ ЖАСАУ КЕЗЕҢДЕРІ


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:
- Модель түсінігі 5
- Натуралдық модель 6
- Ақпараттық - логикалық модель 7
- Модель жасау кезенінің схемалық көрсетімі 9
- Модель құрудың негізгі этаптары 14
- Ақпараттық модель түрлері 16
- Компьютерлік модельдеу 20
- Математикалық модельдеу 21
- Модельді бағалау 25
2. ҚАРАПАЙЫМ ФИЗИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ КОМПЬЮ-
ТЕРДЕ МОДЕЛЬДЕУ 28
2. 1 Сандық есептерді таңдау жэне модельдеу 28
- Гарфиктік есептерді модельдеу 30
- Қарапайым физикалық есептерді компьютерде модельдеу 34
2. 4 Оқытуда жаңа технология элементтерін пайдалану 36
3. ҚАРАПАЙЫМ ҚОЗҒАЛЫСТЫ КОМПЬЮ
ТЕРДЕ МОДЕЛЬДЕУ 38
- Қарапайым қозғалысқа есептер таңдау жэне шешу 38
- Қарапайым қозғалыс түрлерін компьютер көмегімен оқыту
сабақ жоспары 45
Қорытынды 49
Әдебиеттер тізімі 50
Қосымша А 51
ҚосымшаБ 52
ҚосымшаВ 53
Қосымша С 54
Кіріспе
Қазіргі қоғамда болып жатқан ақпараттық дамудың өңделуі, жеткізілуі, сақталуы заңдарының негізін үғыну жэне дүрыс болжамдау үшін болашақ маманға компьютерлік модельдеу, ақпаратты өңдеу компьютерлік сауаттылық аса қажет.
Жалпы жэне жоғары оқу орындарының "Информатика" курсының негізгі міндеттерінің бірі студенттердің ақпараттық модельдермен таныстыру ғана емес практикалық қолданымы арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге оқытып үйрету. Соған орай менің бітіру жүмысыма қойылған негізгі сүрақ физикалық есептерді, соның ішінде қарапайым қозғалыс түрлерін компьютер көмегімен шығару жэне модельдеу.
Сұрақты шеіігу үшін төмендегідей тапсырмалар қойылған:
- қозғалыс түрлерін бағалау үшін кинематиканың негізгі теңдеулері, қозғалыс
графиктері қарастырылып, эр қозғалыс түріне есептер шығарылып
бағдарлама жасалды. Сонымен бірге қазір мектеп бітірген оқушылыр үшін
мемлекеттік тілде анықтамалық, түсіндірмелік материалдар да жеткіліксіз,
жоқтың қасы. Сондықтан бұл сүрақты шешу үшін Power Point
бағдарламасында қысқаша түсіндірмелік материалды жасау,
- қарапайым қозғалысқа арналған есептер шығару, бағдарламасын жазу, оқушылар мен студенттерге арналған көмекші құрал нүсқасын жасау,
- білім деңгейін бағалау үшін тестік тапсырма нүсқасын жинақтап, бағдарлама негізін құрастыру.
1 МОДЕЛЬ. МОДЕЛЬ ТҮРЛЕРІ ЖЭНЕ МОДЕЛЬ ЖАСАУ
КЕЗЕҢДЕРІ
1. 1 "Модель" түсінігінің анықтамасы
Бастапқы модель деп анықталған жағдайда объектіні алмастыратын қандай да бір көмекші объкті аталған. Сондықтан табиғат заңдарының әмбебаптығы, модельдеудің жалпылығы, жэне біздің білімдерімізді модель түрінде бейнелеудің мүмкідіктері сәйкесіз болды. Мысалы ертедегі философтар табиғи процестерді модельдеу мүмкін емес, табиғи және жасанды процестер түрлі заңдылықтарға бағынады деп санады. Олар табиғатты тек қана логиканыңталқылау әдістерінің, пікір алмасыулардың, яғни замандық терминалогияның, тілдік моделдеудің көмегімен бейнелеуге болады деп жобалады Үзақ уақыттар бойына "модель" түсінігі арнайы типтегі материалдық объектілерге ғана, мысалы манекен (адам денесінің моделі), плотинаның кішірейтілген гидродинамикалық моделі, кемелер мен самолеттердің, жануарлардың модельдері ретінде қалыптасты [11] .
Уақыт өте келе нақты объектілер жасанды сызбалардың, суреттердің, карталардың модельдік ерекшеліктері арқылы сипаттала бастады. Келесі қадамда модель ретінде нақты объект ғана емес абстрактылы, идеиалдық құрлымдардың да жұмыс істеу мүмкіндіктері белгілі болды. Мұның мысалы математикалық модельдер бола алады. Математика негіздерін зерттеумен айналысаты математиктер мен философтардың еңдектерінің нэтижесінде модельдер теориясы жасалды. Онда модель бір абстрактылы математикалық құрылымның басқасына бейнелеу, түрлендіру нәтижесі болып анықталады
ХХ-ғасырда модель түсінігі нақты және идеалдық модельдерді қатар қамтитындай болып жалпыланды. Сондықтан, абстрактылы модель түсінігі математикалық модельдер шеңберінен шығып, элем туралы білімдер мен танымдардың барлығына қатысты болды. Модель түсінігінің айналасындағы кең талқылаудың қазіргі кезде де жалғасып отырғандығын естен шығармау қажет [7] . Бастапқыда ақпараттық, кибернетикалық бағыттардағы ғылыми
4
пәндер аясында, содан соң ғылымның басқа да салаларында түрлі тәсілдермен іске асырылатын модель ретінде танылды. Негізінде модель мәнін нақтылау тәсілі ретінде қарастырылады.
"Модель" термині көп мағыналы [7] . Модель деп қандай да бір заттын кішірейтілген көшірмесін (самолет моделі, тұрғын үйлер макеті), матемаетикалық формулаларды, бұрыштан горизонтқа лақтырылған дененің ұшу моделін, іштен жану двигателі жұмысының моделін, қандай да бір нәрсенің эталоның (метр эталоны, килограмм этолоны) айтамыз. Жалпы түрдегі "модель" түсінігі төмендегідей негізде анықталады [12] .
Модель - модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетің объектінің / құбылыстың кейбір жақтарын ұқсастырып бейнелейтін жаңа объект.
Модель - объектінің нақты жұмыс істеуіне сәйкестенетін анықталған параметрлер бойынша жұмыс істейтін физикалық/ ақпараттық алмастырушысы.
Модельдеудегі ең басты модельдеуші объекті мен оның моделі арасындағы өзара ұқсас қатысы болып табылады.
Модель (Model, simulator)
- қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенінің немесе процестінқасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процестер жүйесі;
- сериалы бұйымдарды жаппай өндіруге арналған үлгі, эталон; кез-келген бір объекті жұмысы, мыс, процессордың жұмыс істеуін модельдейтінпрограмма немесе құрылғы. Ол материалдық объект түрінде, жүйесі ретінде немесе құрлымды имитациялайтын программакүйінде құрастырылады да, қарастырылатын объектінің жұмыс істеуінзерттеу үшін қолданылады. Модельге қойылатын негізгі талап- оныңқасиеттерінің негізгі объектіге сәйкес келуі, яғни барабарлығы[11] .
Модельдеу (моделирование; simulation) - кез-келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру (жасау) және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін
5
олардың аналоктарында (модельде) объектілердің әр-түрлі табиғатың зеттеу әдісі. Модель төрт денгейде түпнұсқанын гноселогиялық орынбасары бола алады: 1 - элеметтер денгейінде, 2 - құрлым деңгейіде, 3 - қалып - күй немесе қызметік деңгейін, 4 - нәтижелер деңгейінде. Сипаты бойынша модельдеу объектінің геометриялық, физикалық, динамикалық және қызметтік сипатын нақты дәл береді. Идеалдық моделдеуге объектінің ойдағы бейнесі жатады. Ойша модельдеу тіл көмегімен іске асырылады [11] .
"Модель" түсінгі кибернетикада бақыланатын объектілер класын сипаттайтын теорияның моделі болып табылады. Компьютерлік модельдеу - бұл да оқып үйренетін объекті теориясының модельденуі.
Модельдеу субъектісі
Модельдеуші (модель субьектісі) тек адам бола алады. Модельдеу объектісі табиғи (өсімдік, күн жүйесі және адамның ықпалымен құрылып жасанды болуы мүмкін
Объекттуралы есептіқажетті ақпарат
1 - сурет. Модельдеудің жалпы схемасы
6
1. 2 Натуралдық модель
Модельдеу жүйесі (modeling system) - зертелетін жүйенің немесе оның элементтерінің математикалық және физикалық анологтарын құру және талдау. Модельдік тәжірибе зерттеу тәсілі реттінде жүйенің жанғыртуға және зерттеуге мүмкіндік береді, ал зерттелетін жүйеге тікелей тәжірбие жүргізу қиын, немесе экономикалық түрғыдан тиімсіз болуы мүмкін[11] .
Табиғи объектілерді ешқандай модельдің толықтай бейнелей алмайтындығы белгілі. Табиғи объектілердің элементтерінің арасындағы байланыстардың көбінесе белгісіз болуы олардың күрделілігін айқындайды. Сондықтан табиғи объектілердің модельдері түпнүсқаға қарағанда қарапайым болады. Адамдар тарапынан құрылатын объектілерде мұндай жағдайлардың толық ескерілмеуі мүмкін.
Бірақ модельдеу барысында модельдеу мақсаты тұрғсынан қажетсіз детальдар еленбейді.
Адамның практикалық, ғылыми қызметтерінде жұмыс істеуіне тура келетін объектілердің қандай да бір алмастырушысын құрады. Мүның табиғи көшірме - картина / скульктура; самолеттің ұшу қасиетін зерттеуге белгіленген макеті; қандай да бір бұйымның партиясын дайындауға арналған үлгісі болуы мүмкін.
Адамның оқып үйренетін объект туралы ақпараттық модельінің негізін құрайтын қажетті ақпараттарды жинақауы қажет.
Практикалық есепті шешу тұрғысынан модельдерді пайдалану оқып үйренетін объектілердегі модельдеудің мәнін, мазмұнын демострациялауға мүмкіндік береді.
7
1. 3 Ақпараттық модель
Барлық моделдердің көп бейнелігі негізінен үш топқа бөлінеді: -материалдық (табиғи) модельдеуші объектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал торлардың модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио басқарылымды моделі) бейнелейтін кішіріейтілген / үлғайылтылған көшірмелері;
-бейнеленуші модельдер (геометриялық нүктелер, математикалық маятник, идеал газ, шексіздік) ;
-ақпараттық модельдер - модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде жазылған сипаттамасы (сөздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар, суреттер, ғылыми формулалар, бағдарламалар) .
Информатика курсында негізінен ақпараттық модельдер қарастырылады.
Ақпараттық модель (Информационная модель; information model) -
- басқар жүйесінде - автоматтандырылған өңдеуге жататын ақпаратайналымының процесін параметрлік ұсыну;
- мәліметтер базасында - тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтерқұрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай - ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардыңөзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың матемаетикалық және программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін баяндау [1] .
Ақпраттық модельдердің басқа да ақпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға - яғни, бір нәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдушыларда модельдер түрлі "физикалық" тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроектторлық жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда
8
түсінеміз. Мысалы, квадраттық теңдеу формуласы қалай және қайда жазылғандығына қарамастан квадраттық теңдеу формуласы болып қала береді.
Модель (фр. modе1е, ит. modе11о, лат. modulus - өлшем, үлгі) - бұл:
- нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;
- заттың кішірейтілген / үлғайтылған түрдегі макеті;
- табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің / құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;
- жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмысістеуіне ұқсас физикалық / ақпараттық аналогы;
- анықталған шарттарда түпнұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттерімен сипаттамасын алмасыра алтын алмастырушы - объектісі
-модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің / құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтің жаңа объект.
Ақпараттық модель - модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде сипатталуы.
Модельдеу - бүл:
- нақты бар объектілердің (заттар, құбылыстар, процестер) модельдерінқұруы;
- нақты объектіні қолайлы көшірмемен алмастыру;
- таным объектілерін модельдері арқылы зерттеу. Модельдеу танымның негізгі әдістерінің бірі.
Нақты қызметтердегі объект модельдері төмендегі жағдайларға пайдаланылады:
- материалдық заттарды бейнелеу;
- белгілі фактілерді түсіндіру;
- болжамдар құру;
- зерттелінетің объект туралы жаңа білімдер алу;
- болжау;
- басқару және т. с. с.
9
Модель белгілері
Модельдер адам қызметінің таным, қатынас, практикалық қызмет сияқты сфераларында қолданады. Адамды (модельдеу субъектісін) :
- модельдеу объектісінің сыртқы түрі;
- модельдеу объектісінің құрлымы;
- модельдеу объектісінің үлгісі қызықтыру мүмкін.
Модельдің мақсаты мен шешуге тиісті мәселесі осы үш аспектінің бірін тандау ықпал етеді.
Модельдің әрбір аспектісі қасиеттерінің жиынтығы арқылы айқындалады. Модельдерде объектінің барлық қасиетттері емес, тек қана модельдеу мақсаты түрғысынан қажетті қасиеттері ғана бейнелейді.
1. 4 Модель жасау кезеңдерінің схемалық көрсетілімі
Модельдеудін әрбір аспектісі (түр, құрылым, үлгі) өзімдік қасиеттер құрамымен сипатталады.
Объектінің белгілері сыртқы түрінің сипаттамасы ретінде көсетіледі. Тілде бүл белгілер қызыл, сары, дөңгелек, үзын сияқты сын есімдермен өрнектеледі.
Объектінің сыртқы түрі оны тану, ұзақ уақыт сақтау (фотография, портрет) үшін модельденеді.
Объект құрылымы деп оның элеметтері мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығы айтылады.
Құрлымды сипаттауды объектінің құрамдас элементтері мен олардың қасиеттері көрсетіледі.
Тілде бүл элементтер мен байланыстар: электрон, протон, күш, (атом сипатталуындағы) энергетикалық денгей сияқты зат есімдермен өрнектеледі.
Объект құрылымын модельдеу: - оның көрнекі бейнесі;
10
объект қасиеттерін оқып үйрену;
- байланыстық белгілерді айқындау;
- объектінің тиянақтылығын оқып үйренуге қажет.
Уақыт ағымына байланысты шығатын өзгерістер объект күйі деп аталады. Объект күйінің сипаттамасы оның сыртқы түрі мен қүрылымының басқа объектілермен өзара әсерлерінің уақытқа байланысты нәтижесінің сипаттамасына келтіріледі. Тілде бұл сақтау, даму, айналу сияқты етістіктермен өрнектеледі.
Объект күйін модельдеу:- болжауға;
- басқа объектілермен байланыс орнатуға; - басқаруға; - техникалық
құрылғыларды құрастыруға қажет. Объектілердің кейбір қасиеттерін сандық
мән қабылдайдын шамалармен сипаттауға болады. Мысалы: масса, ұзындық
өлшемдері бұл жағдайдағы қаиеттерін параметрлері деп аталады . Модельдеу
мақсаты. Кез - келген практикалық қолданбалы есептердің шешілуі барлық
уақытта зерттеумен, кейбір объектілерді (материалдық / ақпараттық)
түрлендірумен, басқарумен байланысты. Демек, модельдеу мақсатының
табиғаты екі жақты: бір жағынан зерттеу есебіне байланыст объективтілігі,
қызығышылуыққа, қызметтік мотивке тәуелді түзетілетініне байланысты
- субъективтілігі
2-сурет Модельдеу мақсатының модель субъектісіне және шешілетін есепке тәуелділігін көрсету схемасы
11
Бір объект үшін бір субъекттінің түрлі есептерді шешуіне және модельдеу мақсатына байланысты бірнеше модель құруы мүмкін. 3- суретте бір объектіге бір субъекттінің бірнеше модель құру мүмкіндігін көрсететін схема төменде келтірілген.
3- сурет Бір объектіге бір субъектінің бірнеше модель құру
мүмкіндідін көрсететін схема.
Бір ғана модельдеу есебі үшін бір объекттің түрлі субъектілерінің түрлі модельдер құруы мүмкін.
Модельдің түрі және оның құрылуы субъектінің біліміне, тәжірбиесіне, жеке қызығушылықтарына байланысты түрлі есептерді шешілетін субъектінің бірнеше модельдер құру мүмкіндігі бар. Модель түрін таңдау, құру субъектінің біліміне, тәжірбиесіне, жеке қызығушылығына тәуелді
12
4 - суретте объект үшін бір субъекттің бірнеше модель құру мүмкіндігін көрсететін схема келтірілген.
4-сурет Объекті үшін бір субъектінің бірнеше
модель құрумүмкіндігін көрсететін схема
Модельдеу - қазіргі заманғы ғылыми танымның басқарушы принципі. Адам таным затын оның барлық процестерінде толық көре алмайды. Сондықтан ол объектінің өзінің алдында тұрған модельдеу мәселесін шешкенде ғана өз мақсатынна жетеді.
13
5 - суретте бірнеше субъектілердің бір объектіге түрлі модельдер құру мүмкіндігін көрсететін схема.
5 - суретте бірнеше субъектілердің бір объектіге түрлі модельдер құру мүмкіндігін көрсететін схема
Модельдеу - қазіргі заманғы ғылыми танымның басқарушы принципі. Адам таным затын оның барлық процестерінде толық көре алмайды. Сондықтан ол объектінің өзінің алдында тұрған модельдеу мәселесін шешкенде ғана өз мақсатынна жетеді.
14 Модельдеу ғылымы келесі принциптерге сүйенеді:
- редукционизм принципі - күрделіні қарапайымдандыру мүмкіндігі.
- эволюция приципі - барлық формалар біртіндеп төмендегі
формалардан дамиды. Төменгі формалар күйін талдау арқылы жоғары
формалар күйін болжауға болады;
- рационалдық принципі - элемнің нақты объектілерін логиканың,
математиканың көмегімен тануға болады.
6 -сурет. Модельдеу сатыларының арасындағы байланысты көрсету схемасы.
1. 5 Модель құрудың неігзгі этаптары
Модель құруды неден бастау қажет?
Біріншіден модельдеу мақсаты тұрғысынан объектіні талдау қажет. Бүл сатыда объектінің модельдеу субъектісіне таныс барлық қасиеттері қарастырылады. Объектінің көптеген қасиеттерімен белгілерінің арасынан модельдеу мақсаты тұрғысынан модельдеуші объектінің нақты белгілерін айқындау қажет.
Бұл белгілердің:
- объектінің сыртқы түріне;
- объектінің құрлымына;
- объектінің күйіне қатысы болуы мүмкін.
15
Модельдеу мақсатының түрліше болуына байланысты барлық
жағдайлар үшін белгілерді, қасиеттерді, қатынастарды ерекшелейтін бірдей белгіленген тәсіл қазір жоқ.
Нақты белгілердің дұрыс және толық ерекшеленуі құрылған модельдеудің берілген мақсатына сәйкестенеді, яғни оның модельдеу мақсатына адекваттылығына тәуелді болады. Модельдің адекваттылығы модельдеу объектісінде нақты ерекшеленген белгілердің қандай да бір формада бейнеленуіне тәуелді болады. Адекваттылық - моделдеудің негізгі түсініктерінің бірі.
Модельдеу объектісінің ерекшеленген белгіленрін ұғыну формаларын таңдау - модельдеу практикасының келесі сатысы болып табылады. Модельдерді ұғынуда формалаудың: сөздік сипаттама, сызба, кесте, формула, схема, алгоритм, компьютерлік бағдарлама сияқты түрлерінің қолданылуы мүмкін.
Объектінің ерекшеленген қасиеттерімен белгілерінің бейнелеу формасы таңдалынған соң, таңдалған формадағы ерекшеленген қасиеттерге формалдау жұмысына кірісу қажет.
Формалдау процесі, мысалы математикалық модель бұйымның жиналу сызбасын құруда өзіндік ерекшеліктерімен сатыларына иелік етеді
16
7 - сурет. Модельбөр классификатциясы
Формалдау сатысының нәтижесі ақпараттық модель болды.
Модельдеу процесін аяқтау туралы айтпас бұрын құрылған модельдің құрылған модельде мақсатқа сәйкес қайшылықтар кездессе сызбаны түзету, бағдарламаға өзгерістер енгізу, қолданылатын формулаларды нақтылау әрекеттерін орындап, модельдің модельдеу объектісінің бейнелеу адекваттылығына талдау жасап, модельдеу мақсатына жету - модельдеудің соңғы сатысы. Модельдеу сатылдарының арасындағы өзара байланысы 6-суретте көрсетілген. Қазіргі кезде әрбір жағдайда объектінің қандай белгілі қасиеттерінің нақты қасиет ретінде қарастырылатын туралы әмбебап анықтамалық ереже жоқ.
17
Модельдеу шарты мүмкіндік берсе түрлі қасиеттерінің құрамымен
бірнеше модельдер құрып, олардың объектіні модельдеу мақсатына адекваттылығын балау қажет.
Формалдау - модельдеу объектісінің нақты қасиеттерімен белгілерін таңдалған формаға келтіру.
Ақпараттық модельдерді бейнелеу формасының сөздік сипаттама, кесте, сурет, алгоритм, сызба түрінде болуы мүмкін.
Модель түрлері Соңғы кездердегі ғылым мен ақпараттық технологиялардың қарыштай дамуы барлық дерлік ғылыми - зерттеу жұмыстарында зерттелетін объектіні модельдеу жұмыстарына өз деңгейінде жүргізуді талап етуде. Модельдер барлық жерде дерлік кездеседі. Олардың саны орасан зор. Олардың кейбірі ескіреді, ұмытылады, жоғалады (7-сурет)
1. 6 Ақпараттық модель түрлері
Ақпараттарды модельдеу түрлерін таңдау және құруда (8-сурет)
зерттеушінің маман ретіндегі танымы мен біліктілік деңгейі,
эстетикалық талғамы көрінеді. Дұрыс таңдалған және өз
дәрежесінде тиімді құрылған модель түрлерін зерттеу жүмыстары жеңілдетіп, объект туралы толығырақ мәлімет алуға септігін тигізеді
Әрбір модель үшін оның кеңістіктегі "субъект - объект - нақтылық" орын анықтауға болады.
Таным қарым - қатынастың ажырамас бөлігі, ал қарым - қатынас практикалық іс - әрекетпен қабаттаса жүреді.
Ақпараттық модель әрқайсысын бейнелеуге таңдалған бейнелеу тілдерінің формалдылығын сипаттай алады. әрбір ақпараттық модельді кеңістіктегі "субъект - объект - формалдау" дәрежесі нүктелеріне сәйкес қойып көруге болады.
Ақпараттық моделдерді сипаттау тілі бойынша мысалы, математикалық модельдер, кестелік модельдер сияқты мақсатты түрде классификациялауға болады.
19
Модельдеу тілі (simulation language) - зерттеліп жатқан объектіні
үлгілеу үшін қажетті бастапқы ақпарат берілетін жобалау тілі [1] .
Субъектінің практикалық қызметінің сферасы модельдеу объектісін басқару процесіндегі модельдің қатысына байланысты нақтылануы мүмкін. Бұл жағдайда модельдің келесі түрлері: тіркелуші, эталодық,, болжамдық, оңтайлаған, имитациялық деп бөлінеді.
Модельдеу құбылысының қосымша мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік беретін модельдер кластарының басқалай да бөліну түрлерін таңдауға болады.
Информатика курсында компьютер көмегімен құруға, зерттеуге болатын модельдер қарастырылады. Ақпараттық модельдерді компьютерлік деп ерекше класқа бөлуге бола ма? Компьютер көмегімен мәтіндер, графикалар, кестелер, диаграммалар сияқты көптеген объектілерді құруға зерттеуге болады.
Бірақ бұл объектілердің басқа да орталардың көмегімен құруға зерттеуге болады. Демек, компьютер көмегімен жасалатын жұмыстардың барлығын компьютерсіз де жасауға болады. Мұндағы негізгі мәселе жұмсалатын ресустарға, уақытқа, пайдаланылатын технологияларға байланысты.
Компьютерлік модельдердің ақпараттық модельдерден сапалық айырмасы жоқ. компьютерлік модельдеуді өзіндік ерекшеліктеріне орай ақпараттық модельдердің ерекше түрі деп айтуға болады.
Компьютерлік модель (computer model) - 1) тандалынған программалық ортаға бейімделінген ақпараттық модельді ұсыну формасы; 2) программалық ортаның құралдарымен жасалынған модель [1] .
Компьютерлік модельдерге байланысты бастапқы жұмыстар гидравлика, жылу алмасу қатты дененің механикасы т. с. с. есептер тобын шешуде жүргізілді.
Модельдеу ЭЕМ мүмкіндіктері, жұмыс істеу принциптері мен математикалық моделдердің адаптациясы болатын күрделі теңдеулер
20
жүйесінің сандық шешімін бейнелейді. Физикадағы компьютерлік
модеьдердің табыстары химия, электро-энергетика, биология есептерін шешуде де кең таралады. Компьютерлік модельдеу негізінде шешілетін есептердің күрделігі ЭЕМ - нің мүмкіндіктеріне байланысты шектеледі.
Модельдеудің компьютерлік түрлері қазіргі кезде де кеңінен қолданыс табуда. Компьютерлік модельдеудің мүмкіндіктерін кеңейтіп, қолдану тәсілдерін жеңілдететін ішкі бағдарламалар мен сандық математика тәсілдерінің формаларымен толықтырылған функциялардың кітапханалары бар. Сондай - ақ компьютерлік модельдеу түсінігі XX автоматтандырылған экономикалық - ұйымдастырылған басқару жүйесін құруда жүйелік талдаумен жиі қолданган .
Күрделі жүйелерді талдаудағы компьютерлік модельдеу зерттелетін объектінің математикалық - логикалық күйін модельдеу, объектінің қызметтік алгоритміне айналатын, компьютерлерге арналған бағдарламалар комплексі түрде дайындайтын имитациялық модельдеу болып табылады.
Кез келген объект күйін имитациялық модельдеу бәрінен бұрын таңдалған басқару стратегиясына тәуелді күрделі жүйелердің алдагы уақыттагы күйін болжаудың зерттелуін қарастырады.
Графикалық интерфейстер мен қолданбалы бағдарламалардың гафикалық пакеттерінің дамуының негізінде объектінің сыртқы түрі мен құрлымын копьютерлік модельдеу кең таралды.
Қазіргі кезде компьютерлік модель ретінде:
- өзара байланысты компьютерлік суреттердің, кестелердің, схемалардың диаграммалардың, графиканың, анимациялық фрагменттердің, гипер текстердің көмегімен сипатталган объектінің шартты бейнесі айтылады. Бұл түрдегі копьютерлік модельдер құрлымдық - функционалдық деп аталады;
- түрлі факторлардагы объектіге әсер ету шарттарының функциялану процесін имитациялауды реттелген есептеулер мен графикалық бейнелеулер
21
нәтижесін шығаруға мүмкіндік беретін жеке бағдарламалар комплекстері
аталады.
Мұндай модельдер имитациялық компьютерлік модельдер деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz