Стратегиялық жоспарлау негізі


Жоспар
- Стратегиялық жоспарлау негізі
- Стратегиялық менеджмент
- Пайдаланылған әдебиеттер
Стратегиялық жоспарлау негізі
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталғанқаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі. Стратегия кәсіпорынның (фирманың, компанияның, партияның, т. б. ) ұзақ кезең бойына алдына қойылған міндетгерін шешуді мақсат еткен ірі ауқымды ұзақ мерзімді жоспарлауға қатысты қолданылады. . Мұнда сыртқы ортаның әсері және тұрлаусыздық, кездейсоқтык, тәуекел сияқты факторлар ескеріледі. Операцияларды зерттеуде түйінді ұғымдардың бірі болып табылады. Сондықтан стратегия әрбір кезеңде үдерістің барысы және ортадағы өзгерістер туралы ақпарат алу негізінде шешімдер қабылдау жүйесі ретінде ұғынылады. Операцияларды зертгеу міндеті, әдетте, белгілі бір критерийдің негізінде ықтимал стратегиялардың қатарынан нақ оңтайлысын тандаудан тұрады. Әлеуметтік басқаруға қатысты тұрғыда. Стратегия дегенімі макроэкономика мен микроэкономика мүдделерін ұштастыру негізінде міндетгер мен тетіктерді және оларды іске асыру шарттарын белгілеу. Стратегияның аса маңызды сипаттамалары - баламалы көзкарас және түзету жасау мүмкіндігі
Көпшілік қауымға белгілі «Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған, өз тілімізге аударғанда «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді немесе «Стратегия» іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан-жақты және кешенді жоспар. Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары «Стратегия өнері» атты кітап жазылған, бұдан біз стратегия ұғымы адам, қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқандығын көреміз.
Стратегиялық жоспарлау - оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару шешімдері үшін оның негізін қамтамасыз етеді.
Стратегиялық жоспарлау - көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда.
Стратегиялық жоспар, ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай, сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткілікті түрде икемді болуы тиіс.
Стратегиялық жоспар жасау болашаққа мұқият, жүйелі дайындықты білдіреді. Стратегиялық жоспарлау - бұл бірінші кезекте жоғары буын жетекшілерінің міндеті. Орта буын және төменгі буын жетекшілері тиісті ақпараттар беру арқылы және кері байланысты қамтамасыз ете отырып, осы жұмысқа қатысады.
Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 10-15 жылдар аралығына жасалынады. Бұл жоспарда халық шаруашылығының ұзақ мерзімді мақсаттары, міндеттері және ұлттық экономиканың бірінші кезекті дамуы қажетті бағыттары, олардың іске асу кезеңдері және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы бағыты белгіленеді.
Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар Президентіміздің 1997 жылғы «Қазақстан 2030: Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуіне сай 1998-2000 жылдар аралығына сай жасалынды.
Стратегиялық менеджмент
Стратегия бәсекеге қабілетті көптеген іс-әрекет пен бизнес тәсілдерінен тұрады. Фирманы басқару соларға байланысты. Жалпы алғанда, стратегия - бағыт-тұғырын (позициясын) ны-ғайтуға бағытталған фирманы басқару жоспары, тұтынушыларды қанағаттандыру мен қойылған мақсаттарға жету.
Менеджерлер компанияның қандай бағытта дамитындығын айқыңдап, іс-әрекет тәсілін таңдауда негізгі шешімдер қабылдау үшін стратегия жасайды.
Менеджерлердің нақты стратегия таңдауы барлық ықтимал даму мен іс-әрекет тәсілдері ішінде компания дамитын бір бағыт алынғанын білдіреді. Стратегиясыз менеджердің ойланып-тол-ғанған іс-әрекет жоспары және қалайтын нәтижелерге жетудің біртұтас бағдарламасы да болмайды.
Фирма стратегиясын жасау мен жүзеге асырғанда мынадай міндеттерді бөліп көрсетеді.
1. Коммерциялық іс-әрекет түрін анықтау және оның дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастыру. Басқаша айтсақ, мақсаттар мен дамудың ұзақ мерзімді болашағын белгілеу қажет.
2. Жалпы мақсаттарды бағыттар бойынша айқындау.
3. Жалпы мақсаттарды бағыттар бойынша жүзеге асыра білу.
4. Таңдалған стратегияны тиімді жүзеге асыру.
5. Істелген жүмысты бағалау, нарықтағы ахуалды талдау, қызмет, мақсат, стратегияның ұзақ мерзімді негізгі бағыттарына түзетулер енгізу.
Мақсаттың екі түрі болады: қаржылық және стратегиялық.
Қаржылық мақсаттардың болуы міндетті, өйткені компа-нияның қаржылық құралы жетіспесе оның өсуі мен өркендеуі үшін қажетті ресурстарсыз қалуы мүмкін. Қаржылық мақсаттар мынадай көрсеткіштердің үлғаюын көздейді:
- пайда көлемі;
- инвестиция қайтарымы;
- қолма-қол ақша түсімі;
- қарыздар мен дивидендтер мелшері.
Стратегиялық мақсаттар компанияның нарықтағы бәсекелік позициясын нығайту үшін керек. Олар фирманың бәсекеге қабілеттілігіне жатады және мыналарға бағытталған:
- сала бойынша орташаға қарағанда, өсудің ең жоғары қарқынын қамтамасыз ету;
- нарық үлесін ұлғайту:
- өнімнің және бәсекелестермен салыстырғанда ұсынылатын қызмет сапаларын арттыру;
- шығындардың төменгі деңгейіне жету және фирма беделін көтеру.
Стратегиялық мақсаттарға сонымен қатар мыналар кіреді:
- шетелдік нарыққа ену;
- озық технологияны қолдану;
- өсудің әр түрлі мүмкіндіктерін дамыту.
Стратегиялық жоспарлау - бұл мақсаттарды таңдау процессі мен оларға қол жеткізу жолдарын көрсететін басқару функцияларының бірі.
Стратегиялық жоспарлау - бұл мақсаттарды таңдау процессі мен оларға қол жеткізу жолдарын көрсететін басқару функцияларының бірі.
Стратегиялық жоспарлау негізгі стратегиялық бағыттарды, мемлекеттік органның мақсаттары мен тапсырмаларын үшжылдық кезеңге оған бөлінетін бюджеттік лимитпен өзара байланысында анықтайды, алға қойылған мақсаттар мен тапсырмаларға қол жеткізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, қаржылық және техникалық өзара байланысты іс-шаралар кешенін белгілейді.
Стратегиялық жоспарлар мемлекеттік органдар - бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен әзірленеді және олардың қызметінің барлық саласын қамтиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz