ОПЕРАЦИОНДЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕСІ. MS DOS. NC, FAR MANADGER ҚАУАШЫҚ ПРОГРАММАСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «Операциондық жүйелер және программалау жүйелері. МS DOS, NC, Total Commander қауашақ программалары.»
2 MS DOS ОПЕРАЦИОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ
3 ҚАУАШЫҚ.БАҒДАРЛАМАЛАР. NORTON COMMANDER.
TOTAL COMMANDER.

Қолданбалы бағдарлама— бұл қандай да бір есепті берілген проблемалық аймақ шегінде шешуге көмектесетін кез келген нақты бағдарлама.
Қолбанбалы бағдарламалар автономды түрде, яғни қойылған есепті басқа бағдарламалардың көмегінсіз шешу, немесе бағдарламалық комплекстер не пакеттер құрамында қолданылуы мүмкін.
Жүйелік бағдарламалар қолданбалымен бірге орындалады және компьютердің ресурстарын – орталық процессор, жады, енгізу-шығаруды – басқару қызметін атқарады.
Жүйелік бағдарламалардың ішінде ерекше орынды операционды жүйелер алады, олар компьютер ресурстарын тиімді қолдану мақсатында оларды басқаруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар жүйелік бағдарламалардың маңызды кластарына қосымша тағайындаулары бар бағдарламалар – утилиттер (лат. utilitas — пайда) де жатқызылады. Олар операциондық жүйенің сәйкес мүмкіндіктерін кеңейтеді және толықтырады немесе дербес түрде маңызды есептерді шешеді (бақылау, тестілеу және диагностикалау бағдарламалары, драйвер-бағдарламалар, антивирустық бағдарламалар және т.б.).
Утилиттердің бір бөлігі операциондық жүйе құрамына кірсе, қалған бөлігі оған тәуелсіз қызмет атқарады, яғни автономды.
Программалау жүйесі (инструментальді бағдарламалар) – бұл жаңа бағдарламалар жасауға арналған нақты программалау тіліндегі жүйе.
Қазіргі программалау жүйелері әдетте қолданушыларға бағдарламаларды жасаудың қуатты және ыңғайлы құралдарын ұсынады. Оларға кіреді:
• компилятор немесе интерпретатор;
• интегралданған өңдеуші орта;
• бағдарлама мәтіндерін құрастыру және редакциялау құралдары;
• стандартты бағдарламалар мен қызметтердің көлемді кітапханалары;
• дұрыстаушы бағдарламалар, яғни бағдарламадағы қателерді табуға және жоюға көмектесетін бағдарламалар;
• қолданушымен «тату (дружественная)» диалогтық орта;
• көптерезелі жұмыс режимі;
• қуатты графикалық кітапханалар;
• орнатылған ассемблер;
• орнатылған анықтама қызметі;
• басқа да спецификалық ерекшеліктер.
Атақты программалау жүйелерія — Turbo Basic, Quick Basic, Turbo Pascal, Turbo C.

1. Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с.
2. Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.
3. 30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. – Алматы: 1999 – 443с.: ил.
4. Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Ф КГМУ 43-0602
ИП №6 УМС при КазГМА
от 14 июня 2007 г.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Тақырыбы: Операциондық жүйе және программалау жүйесі. MS DOS. NC, Far Manadger қауашық программасы
Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА
Курс: 1
Мамандғы: 5B060700 Биология
Құрастырушылар: аға оқытушы Омарбекова Н.К
Қарағанды, 2013
Кафедра отырысында қабылданды.
Хаттама №_____ __________ 2013 г.
Кафедра меңгеріушісімен БЕКІТІЛДІ
__________________ Койчубеков Б. К.
ТАҚЫРЫБЫ: Операциондық жүйелер және программалау жүйелері. МS DOS, NC, Total Commander қауашақ программалары.
МАҚСАТЫ: Изучить назначение и основные категории программного обеспечения.
ҚАРАСТЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ:
Тақытыпты оқу барысында студент міндетті:
* Программлардың негізі санаттарын білу;
* Программалық жүйелердің тағайындалуын білу;
* Қолданбалы программалардың тағайындалуын білу;
* Операциондық жүйелердің тағайындалуын, жіктелулерін және мақсаттарын білу;
* Қауашақ программалармен олардың негізгі қасиеттерін білу;
* Файылдық жүйенің ұйымдастырылу принциптерін білу;
* МS DOS ортасында жұмыс жасай білу;
* NC файылдармен папкаларымен жұмыс жасай білу;
* Total Commander файылдармен папкаларымен жұмыс жасай білу.
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:
* Программалық жабдықтаудың тағайындалуы, негізгі категориялары, мысалдары.
* Программалау жүйелерінің негізгі түрлері, мысалдары.
* Қолданбалы программалар, қолданбалы программалар пакеті деген түсініктері, мысалдары.
* Жүйелік программалар категориясы, олардың тағайындалуы.
* Операциондық жүйелер классификациясы, мысалдары.
* Операциондық жүйенің негізгі компоненттері.
* Операциондық жүйенің функциялары.
* MS DOS операциондық жүйесі, негізнгі модульдері, интерфейсі, негізгі функциялары және командалары.
* Файлдық жүйенің ұйымдастырылуы, файл, папка (каталог), файлдар орналастыру кестесі түсініктері.
* Дискілердің физикалық және логикалық құрылымы.
* NC қауашық программасы, функциялары, интерфейсі, негізгі командалары.
* Total Commander қауашық программасы, функциялары, интерфейсі, негізгі командалары.
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:
Сұхбат.
Практикалық тапсырманы орындау.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Информатика: учебник для 10 - 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 - 432 с.
2. Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). - СПб: Питер, 2002. - 480 с.
3. 30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. - Алматы: 1999 - 443с.: ил.
4. Информатика. Базовый курс Симонович В.Б. и др. - СПб: Пит2001- 640с.
БАҚЫЛАУ
Бастапқы білім деңгейіне тест-бақылау.
I. Келесі сұрақтар бойынша ауызша сұрау:
1. Бағдарламалық жабдықтау дегеніміз не?
2. Бағдарламалық жабдықтау қандай негізгі категорияларға бөлінеді?
3. Программалау жүйелерінің қызметі қандай? Бағдарламаларға мысалдар келтіріңіз.
4. Қолданбалы бағдарламалар қандай қызмет атқарады? Қолданбалы бағдарламалардың пакеттері? Мысалдар келтіріңіз.
5. Қандай бағдарламалар жүйелік бағдарламаларға жатады? Олар қандай қызмет атқарады?
6. Операционды жүйе дегеніміз не? Ол қандай қызметтер атқарады?
7. Операционды жүйенің жіктелулері, мысалдар келтіріңіз.
8. Операционды жүйе қандай негізгі компоненттерден тұрады?
9. MS DOS қызметтерін сипаттаңыз, оның интерфейсі.
10. MS DOS құрамына қандай негізгі модульдер кіреді?
11. Файлдық жүйе дегеніміз не?
12. Файл дегеніміз не?
13. Файлдың негізгі мінездемелерін атаңыз.
14. Файлдың аты қандай бөлімдерден тұрады? Файлдың атында қандай символдарды қолдануға болмайды?
15. Сіз қандай кең тараған файл кеңейтілулерін білесіз?
16. Папка (каталог) дегеніміз не?
17. Иерархиялық файлдық құрылым қалай ұйымдастырылған? Мысал келтіріңіз.
18. Объектке қол жеткізу жолын не құрады?
19. Файлдарды орналастыру кестесі (FAT) дегеніміз не?
20. Дисктің физикалық және логикалық құрылымдары түсініктеріне анықтама беріңіз.
21. Файлдар қайда сақталады, файлдарды жазу қалай жүзеге асырылады?
22. Қауашық-бағдарламалар қандай қызмет атқарады?
23. Total Commander қауашық-бағдарламасының қызметі мен интерфейсін сипаттаңыз.
24. Total Commander-да көлденең менюді қалай шақыру керек?
25. Total Commander-дағы ақпарат панелі нені көрсетеді? Оны қалай қосу керек?
26. Total Commander-дағы папкалар Ағашы панелі нені көрсетеді? Total Commander-да папкалар ағашын қалай ашады?
27. Total Commander-дағы тез көру панелі нені көрсетеді? Total Commander-да тез көру панелін қалай ашу керек?
28. Total Commander-да объекттердің көшірмесін алу қалай жүзеге асырылады?
29. Total Commander-да объекттердің орнын ауыстыру қалай жүзеге асырылады?
30. Total Commander-да жаңадан папка ашу қалай жүзеге асады?
31. Total Commander-да мәтіндік файлдың жасалуы және түзетілуі қалай жүзеге асырылады?
32. Total Commander-да объекттерді өшіру қалай жүзеге асырылады?
33. Total Commander-да топтық ерекшелеу қалай жүзеге асырылады?
34. Total Commander-да көмекті қалай шақырады?
35. Total Commander-да интерфейс тілін қалай өзгертеді?
I. Практикалық тапсырмаларды орындау.
Тапсырманың нұсқасын таңдауды оқытушы іске асырады.
№1 нұсқа
1. Total commander-ді іске қосу
2. Компьютер экранына қарап үш өзіндік бөлімді ерекшелеңіз:
-негізгі панельдер;
-операциондық қабықтың шақыруы бар жолын;
- F1, F2 ... ..F 10 функционалдық пернелерінің тағайындауы бар жолын.
3. Әрбір панельдің атауын (загаловок) анықтаңыз. Қай панель ағымдық болып табылады? Tab пернесі немесе ТСК (тышқанның сол жақ кнопкасы) көмегімен бір панельден басқасына, осылайша ағымдық панельді өзгерте отырып, ауысыңыз.
4. Ағымдық панельде каталогтардың атын табыңыз. Атына курсор орналастырылған каталогты табыңыз. Ол жайлы мәліметтерді панельдің төменгі бөлігінен қараңыз: құрастыру күні мен уақытын. Бұл жол мини-статус (қалып жолы) деп аталады.
5. Ағымдық панельден файлдардың аттарын табыңыз. Атына курсор орналастырылған файлды табыңыз. Ол жайлы мәліметтерді панельдің төменгі бөлігінен қараңыз: құрастыру күні мен уақытын, файлдың көлемін (байтпен).
6. Каталогтың құрамын көру үшін оның атына курсорды орналастырыңыз. ENTER немесе ТСК пернелерін бассаңыз, панельде каталогтың құрамы шығады: файлдар және каталогтар (егер бар болса). Панельдің атауына назар аударыңыз: онда таңдалған каталогтың аты көрсетіледі, ал панельдің бірінші жолында - екі нүкте.
7. Бастапқы каталогқа қайтып оралу үшін курсорды панельдің екі нүктесі бар бірінші жолына орналастырып, ENTER немесе ТСК пернелерін басыңыз. Экранда панельдің бастапқы қалпы пайда болады.
8. F9 функционалдық батырмасының көмегімен ТС менюімен танысыңыз.
9. Файлдар жайлы қысқа және толық мәліметті көрсетіңіз.
10. Файлдарды атымен, сосын типі бойынша сұрыптаңыз.
11. С дискін сол жақ панельге тағайындаңыз.
12. D дискін сол жақ панельге тағайындаңыз.
13. Функционалдық пернелердің тағайындалуын оқып-біліңіз.
14. С дискінде: өз тобыңызға каталог ашыңыз.
15. Өз тобыңыздың каталогына кіріңіз.
16. HELLO, WORLD! деген мәтіні бар PRIMER.ТXТ файлын құрыңыз. Сақтаңыз. Редактордан шығыңыз.
17. PRIMER.TXT файлының құрамын қарап шығыңыз.
18. Оның жолына Мy name is _________ деп қосымша жаза отырып, PRIMER.TXT файлын өзгертіңіз.
19. Өзгертулерді сақтаңыз.
20. PRIMER.TXT файлының құрамын қарап шығыңыз.
21. PRIMER.TXT файлының атын EXAMPLE.TXT деп өзгертіңіз. Жаңа EXAMPLE.ТХТ файлының бар екендігіне және ескі PRIMER. ТХТ файлының жоқтығына көз жеткізіңіз.
22. EXAMPLE.TXT файлының атын EXAMPLE.DOC файлына өзгертіңіз.
23. Өзіңіздің директорияңызда PRIMER атты каталог құрыңыз. PRIMER каталогының құрылғандығына көз жеткізіңіз.
24. Курсорды PRIMER каталогының атына орналастырып, Enter пернесін немесе ТСК басыңыз. Каталогтың құрамы пайда болады, ол бос болады (екі нүкте мұның түбірлі каталог еместігіне нұсқайды).
25. RIMER. ТХТ файлын PRIMER каталогына көшіріп алыңыз. PRIMER.TXT файлының PRIMER каталогына көшірілгеніне көз жеткізіңіз.
26. PRIM1.TXТ. PRIM2.TXT, PRIM3.TXT, PRIM4.TXT, PRIM5.TXT файлдарын құрыңыз. Құралған файл топтарын қызыл түспен ерекшелеңіз.
27. PRIM2.TXT және PRIM3.TXT файлдарының атынан түсті шешіңіз.
28. PRIM2.TXT, РRIM3.TXT файлдарын қайтадан топқа қосыңыз.
29. Ерекшеленген файлдарды PRIMER каталогына көшіріңіз.
30. PRIM1.TXT және PRIM2.TXT файлдарын өшіріңіз. Ағымдық каталогта өшірілген файлдардың аттарының жоқтығына көз жеткізіңіз
31. PRIM.3.TXT, РRIM4.ТХТ, PRIM5.ТХТ файлдарын ерекшелеңіз.
32. Ерекшеленген файл топтарын өшіріңіз. Ағымдық каталогта өшірілген файлдардың аттарының жоқтығына көз жеткізіңіз
33. PRIMER каталогын өшіріңіз. Total Commander-дан шығыңыз.
№2 нұсқа
1. Қауашық-бағдарлама TC-ды іске қосыңыз. Оң жақ панельге диск атауын, шығарыңыз.
3. Экраннан алып тастаңыз, сосын ретімен сол және оң жақ панельдерді қалпына келтіріңіз. Экраннан алып тастаңыз, сосын екі панельді де бір уақытта қалпына келтіріңіз.
4. Оң жақ панель үшін каталогтар мен файладар тізімін толық корсету режимін қойыңыз. Бір панельден екіншісіне және керісінше ауысып көріңіз.
5. С: дискындағы барлық каталогтар мен подкаталогтардың атауларын ретпен қарап шығыңыз.
6. Сол жақ панельге өз каталогыңыздың мазмұнын шығарып, бұл панельді белсенді етіңіз.
7. Өз каталогыңызда SUBDIR және SUBWORK подкаталогтарын құрыңыз.
8. SUBDIR подкаталогында Переход на другую панель - TAB деген мәтіні бар NOTE,TXT файлын құрыңыз.
9. NOTE.ТХТ файлын SUBWORK каталогына көшіріңіз.
10. SUDIR-ға Убрать панели - комбинация клавиш , Оглавление другого диска -Alt +F1 Печать на принтер- F5, PRN деген мәтіндері бар FILE1.TXT, FILE2.txt, FILE3.txt файлдарын құрыңыз.
11. Бұл файлдарды SUBWORK подкаталогына көшіріңіз (тобымен).
12. FILEl.txt файлының атын FILE.doc деп өзгертіңіз.
13. FILE2.txt және FILE3.txt файлдарын сәйкес файлдарға doс кеңейтуімен өзгертіңіз (тобымен).
14. NOTE.txt-ны қарап шығыңыз. NOTE.txt-ны редакциялаңыз.
15. Түпкі (негізгі) каталогқа ауысыңыз. Схема бойынша каталог пен файл құрыңыз. STR.TXT файлының құрамында сүйікті жазушының фамилиясы мен шығарма аты кіреді.
Өзіндік жұмыс
1-тапсырма.
Total Commander-ді іске қосыңыз.
1. С дискында Студенты папкасын құрыңыз. (С дискына шығу үшін тышқанның немесе курсорды бақылау пернелерінің көмегімен курсорды екі нүкте тұрған панельдің жоғарғы жолына қойып, Enter-ді басу керек).
2. Студенты папкасында өз факультетіңіздің папкасын құрыңыз, мысалы Лечебный_факультет папкасын.
3. Факультет папкасында өз тобыңыздың папкасын құрыңыз, мысалы 101.
2-тапсырма.
1. Өз тобыңыздың папкасында Список группы атты мәтіндік файл құраңыз.
2. Бұл файлды ашып, өз тобыңыздың тізімін, туған жылдары және мекен-жайларымен бірге енгізіңіз. F2-ні басу арқылы құрылған файлды сақтаңыз.
3-тапсырма.
1. Өз тобыңыздың папкасында 123 папкасын құрыңыз және оған Список группы файлын көшіріңіз.
2. Берілген файлдың атын Спгр_123 деп өзгертіңіз.
3. Спгр_123 файлын 123 папкасынан өз тобыңыздың папкасына ауыстырыңыз.
4. Список группы файлын өшіріңіз.
5. Файлдармен операция кезінде бір уақытта екі панельді де қолданыңыз.
Меңгерілген материалдың тест-бақылауы.
1-қосымша.
Сабаққа арналған ақпараттық-дидактикалық материал
Операционды жүйелер және программалау жүйелері. МS DOS. NC, Total Commander қауашық бағдарламалары.
ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ. БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ.
Программалық жабдықтау (Software) деп есептеуіш жүйемен атқарылатын бағдарламалар жиынтығы түсіндіріледі.
Компьютерде жұмыс істейтін бағдарламаларды шартты түрде үш категорияға жіктеуге болады:
1. қолданбалы бағдарламалар, тікелей қолданушыға қажетті жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін;
2. жүйелік бағдарламалар, әр түрлі қосымша қызметтерді атқаратын, мысалы:
o компьютердің қорларын басқару (операциондық жүйелер);
o қолданбалы ақпараттың көшірмесін жасау;
o компьютер құрылғыларының жұмысқа жарамдылығын тексеру;
o компьютер жайлы анықтамалық ақпарат беру және т.б.;
3. аспаптық (инструментальді) бағдарламалық жүйелер, компьютер үшін жаңа бағдарламалар жасау үрдісін жеңілдетеді.
Бұл жіктелуді жеткілікті деп санауға болмайды.
Қолданбалы бағдарлама -- бұл қандай да бір есепті берілген проблемалық аймақ шегінде шешуге көмектесетін кез келген нақты бағдарлама.
Қолбанбалы бағдарламалар автономды түрде, яғни қойылған есепті басқа бағдарламалардың көмегінсіз шешу, немесе бағдарламалық комплекстер не пакеттер құрамында қолданылуы мүмкін.
Жүйелік бағдарламалар қолданбалымен бірге орындалады және компьютердің ресурстарын - орталық процессор, жады, енгізу-шығаруды - басқару қызметін атқарады.
Жүйелік бағдарламалардың ішінде ерекше орынды операционды жүйелер алады, олар компьютер ресурстарын тиімді қолдану мақсатында оларды басқаруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар жүйелік бағдарламалардың маңызды кластарына қосымша тағайындаулары бар бағдарламалар - утилиттер (лат. utilitas -- пайда) де жатқызылады. Олар операциондық жүйенің сәйкес мүмкіндіктерін кеңейтеді және толықтырады немесе дербес түрде маңызды есептерді шешеді (бақылау, тестілеу және диагностикалау бағдарламалары, драйвер-бағдарламалар, антивирустық бағдарламалар және т.б.).
Утилиттердің бір бөлігі операциондық жүйе құрамына кірсе, қалған бөлігі оған тәуелсіз қызмет атқарады, яғни автономды.
Программалау жүйесі (инструментальді бағдарламалар) - бұл жаңа бағдарламалар жасауға арналған нақты программалау тіліндегі жүйе.
Қазіргі программалау жүйелері әдетте қолданушыларға бағдарламаларды жасаудың қуатты және ыңғайлы құралдарын ұсынады. Оларға кіреді:
* компилятор немесе интерпретатор;
* интегралданған өңдеуші орта;
* бағдарлама мәтіндерін құрастыру және редакциялау құралдары;
* стандартты бағдарламалар мен қызметтердің көлемді кітапханалары;
* дұрыстаушы бағдарламалар, яғни бағдарламадағы қателерді табуға және жоюға көмектесетін бағдарламалар;
* қолданушымен тату (дружественная) диалогтық орта;
* көптерезелі жұмыс режимі;
* қуатты графикалық кітапханалар;
* орнатылған ассемблер;
* орнатылған анықтама қызметі;
* басқа да спецификалық ерекшеліктер.
Атақты программалау жүйелерія -- Turbo Basic, Quick Basic, Turbo Pascal, Turbo C.
Соңғы кезде Windows-қосымшаларын жасауға бағытталған программалау жүйелері кең таралуда:
* Borland Delphi (Дельфи) пакеті - визуальді құрастырудың сапалы және өте ыңғайлы құралдарын ұсынатын Borland Pascal компиляторлар жанұясының керемет мұрагері.
* Microsoft Visual Basic пакеті - визуальді құралдарды қолдану арқылы Windows-бағдарламаларын жасауға арналған ыңғайлы және танымал құрал.
* Borland C++ пакеті - DOS және Windows-қосымшаларын жасауға арналған ең көп таралған құралдардың бірі.
ОПЕРАЦИОНДЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. ҚЫЗМЕТТЕРІ. ЖІКТЕЛУІ.
Операциондық жүйе - бұл қолданушы мен компьютер арасындағы арақатынасты ұйымдастыру және басқа барлық бағдарламаларды орындауға тағайындалған өзара байланысқан жүйелік бағдарламалар кешені.
Операциондық жүйе, бір жағынан, компьютер аппаратурасы және орындалатын бағдарламалар арасында, бір жағынан, қолданушымен байланыстырушы буын ролін атқарады.
Операциондық жүйе әдетте компьтердің сыртқы жадында - дискта сақталады. Компьтер қосылған кезде ол диск жадынан саналып ОЗУ-ға орын ауыстырады. Бұл үрдіс операциондық жүйенің жүктелуі деп аталады.
Операциондық жүйенің қызметтеріне кіреді:
* Қолданушымен диалогты жүзеге асыру;
* Мәліметтерді енгізу-шығару және басқару;
* Бағдарламаларды жоспарлау және өңдеу үрдістерін ұйымдастыру;
* Ресурстарды үлестіру (жедел жады және КЭШ-тің, процессордың, сыртқы құрылғылардың);
* Бағдарламалардың орындауға жүктелуі;
* Қызмет көрсетудің барлық мүмкін қосымша оперциялары;
* Әр түрлі ішкі құрылғылар арасында ақпарат беру;
* Шеткері құрылғылардың жұмысының бағдарламалық қолдауы (дисплейдің, пернетақтаның, дисктік жинағыштардың, принтердің және т.б.).
Операциондық жүйелердің жіктелуі
1. ОЖ бөлінеді:
* Бір есепті ОЖ (DOS - Disk Operating System) бір уақытта бір тапсырмадан артық орындай алмайды,
* Көп есепті ОЖ (Windows 98ME) бір уақытта бірнеше тапсырманы орындауға қабілетті, олардың арасында компьютер қуатын бөлу арқылы. Тапсырмалар саны процессордың қуаттылығы және жедел жад көлемімен шектеледі.
2. ОЖ болады:
* Бір қолданушылылық - бір ғана клиентке қызмет көрсетуге арналған (Windows 98ME),
* Көп қолданушылылық - бір уақытта бір топ қолданушының жұмыс істеуіне арналған (Windows NT2000).
3. Разрядтылығы бойынша ОЖ 16-разрядты, 32-разрядты, 64-разрядтыға бөлінеді.
4. Интерфейсі бойынша графикалық және графикалық емес деп бөлінеді (командалық жолды).
Маманданған қолдануға арналған дербес компьютердің операциондық жүйесінде келесі негізгі компоненттер болуға тиісті:
* Енгізу-шығаруды басқаратын бағдарламалар (драйверлер);
* Файлдық жүйені басқаратын және компьютерге тапсырмаларды жоспарлайтын бағдарламалар;
* ОЖ-ге бағытталған командаларды қабылдап, анализдеп және орындайтын командалық тілдің процессоры (ядро-интерпретатор);
* интерфейс.
Компьютердің сыртқы құрылғыларын басқару үшін арнайы жүйелік бағдарламалар - драйверлер қолданылады.
ФАЙЛДЫҚ ЖҮЙЕ
Файл (ағылш. File -- папка) - бұл сыртқы есте сақтау құрылғысында орналасқан және сақталатын, жөнелтілетін және бір бүтін ретінде өңдеуге болатын аты бар кез келген мәліметтердің жиыны. Файл бағдарлама, санмен көрсетiлген мәлiмет, мәтін, кодталған сурет және т.б. бола алады.
Файлдық жүйе - бұл файлды қандай да бір тасығышта сақтауды ұйымдастырудың құралы.
Файлдар сыртқы тасығыштарда жад бөлімшелері сияқты физикалық жүзеге асады.
Файл аты екі бөлімнен тұрады - Windows 95-тен басталып 256 символдан тұра алатын (MS DOS-та 8 символға дейін) меншікті аттан және файлдың типіне нұсқап, 3 не 4 әріптен тұратын кеңейтілуден. Файлдың аты тоғыз арнайы символдан басқа барлық символдардан тұра алады: \ : * ? "
Файл кеңейтілулері:
.txt, .doc, .rtf - мәтіндік файлдар;
.html, .htm - Интернеттегі гипермәтіндік документ;
.xls - электрондық кесте;
.mdb - мәліметтер базасының файлы;
.ехе - бұл өзінде бағдарлама сақтап тұрған орындалушы файл;
.соm - орындалушы бағдарламалық файлдың басқа типі (жүздеген килобайтқа дейінгі бағдарламалар). Көбінесе бұл MS DOS операциондық жүйесі бойынша жұмыс істейтін бағдарламалар;
.bat - бірнеше бағдарламаларды бірінен соң бірін іске қосуға арналған пакетті файл;
.cfg - бағдарламаның жұмысының параметрлері көрсетілетін конфигурационды файл;
.dll - динамикалық түрде қосылатын мәліметтер билиотекасы, одан керек болған жағдайда бірден бірнеше бағдарламалар сұрастыра алады;
.hlp - анықтама немесе көмек файлы;
.dat - мәліметтер файлы;
.wav, .mp3 - сандық форматтағы дыбыс;
.avi, .mov, .mpg - видеоклиптер файлдары;
.bmp, .jpg - графикалық файл, сурет;
.arj, .zip, .rar - архивтер файлдары.
Кез келген файлдың жалпы маскасы: *.*. Бірінші жұлдызша бұл файлдың аты, екіншісі - оның типін нұсқайтын кеңейтілуі.
Файлдың аты мен кеңейтілуінен басқа операциондық жүйе әрбір файлға оның жасалу (өзгертілу) күні мен файлдың атрибуттары деп аталатын бірнеше жалаушалық көлемдерді сақтайды (оларды файлдың контекстік менюін шақырып, Свойства командасын таңдау арқылы қарап шығуға болады). Атрибуттар - бұл файлдың қасиеттерін анықтайтын қосымша параметрлер.
Негізгі атрибуттарға мысал:
1. Тек қана оқуға (Only)
2. Жасырын (Hidden)
3. Жүйелік (System)
4. Архивтік (Archive)
Әрбір файлдың каталогта тіркелген аты болады.
Каталогтар (папкалар) - дискіде жазылған файл жайлы ақпарат беретін иерархиялық құрылымның маңызды элементтері. Каталогта файл жайлы ақпарат сақталады: аты, атрибуттар, жасалу куні мен уақыты, көлемі, бастапқы кластер. Каталогтардың екі негізгі типі бар: түбірлік (корневой) және подкаталог (папка). Оларды сақталған файлдардың максимальды санымен ажыратады. Әрбір логикалық дискіде түбірлік (корневой) каталог орналасады. Түбірлік (корневой) каталогтардың көлемдері диск размеріне байланысты өзгеріп отырады, бірақ әрбір нақты түбірлік каталог логикалық дисктің жасалуы кезінде сақталынады және жұмыс үрдісі кезінде өзгертілмейді. Подкаталог файлдардың ерікті санын сақтай алады.
Каталогтар файладарға қол жеткізу ыңғайлылығын қамтамасыз етеді, егер тасығышта файлдар тым көп болса. Файлдар каталогтарға жасаушысы берген кез келген жалпы белгілері бойынша біріктіріледі (типі бойынша, жасалу уақыты бойынша, иесінің аты бойынша және т.б.).
Каталогтың меншікті аты болуы мүмкін және ол басқа каталогтарда қарапайым файлдармен қатар сақтала алады: осылайша иерархиялық файлдық құрылымдар пайда болады. Мұндай құрылымның мысалы - суретте.
Мәліметтердің иерархиялық құрылымында объекттің адресі құрылымның шыңынан объектіге жеткізетін маршрутпен (қол жеткізу жолы) беріледі. Салынған каталогтар жүйесінен өтетін файлға қол жеткізу жолының жазылуы кезінде барлық аралық каталогтар өзара "\"(кері сызық) символымен бөлінеді. Мысалы, Общая медицина папкасында орналасқан Lab_1.doc файлы үшін қол жеткізу жолы келесідей болады: \Студенты\Общая медицина\ Lab_1.doc.
Қатты дискта ақпаратты сақтау және оларға қол жеткізу үшін операциодық жүйе келесідей құрылымдар мен элементтерді қолданады:
1. Бөлімдердің жүктеме секторлары,
2. Логикалық дисктің жүктеме секторы,
3. Файлдарды орналастыру кестесі,
4. Түбірлік (корневой) каталог,
5. Мәліметтер облысы,
6. Оқужазу диагностикалық операцияларын орындауға арналған облыс.
Бір қатты дискқа бірнеше операциондық жүйелерді орналастыру үшін оны логикалық бөлімдерге бөлу керек (логикалық дисктар). Дискті бөлімдерге бөлу жайлы ақпарат (олардың саны, көлемі және олардың қайсысы белсенді болып табылады) басты жүктеме бөлімде сақталады (сонымен қатар оны MBR - Master Boot Record секторы деп атайды).
Әр бөлімнің басында логикалық дисктің жүктеме секторы болады. Онда логикалық диск жайлы ақпарат сақталған (көлемі, орналастырылуы және FAT идентификаторы, егер диск активті болса ОЖ жүктелу бағдарламасының коды).
Файлдарды орналастыру кестесі (FAT-FileAllocationTable) - дисктағы файлдар орналасқан кластерлердің санының кестесі. Қатты дисктің ең басында жасалады, онда қайсібір файл немесе папканың, не олардың аттарының қандай кластерді алатыны жайлы мәлімет сақталады. Операциондық жүйе әдетте қауіпсіздікті жоғарылату мақсатында екі FAT көшірмесін қолдайды.
Бүгінгі күнде қазіргі Microsoftт-тың операциондық жүйелерінде FAT32 қолданылады.
Дисктардың физикалық және логикалық құрылымдары.
Файлдар қатты дискта сақталады - бұл екі жағынан магнитті материалмен қоршалған бір немесе бірнеше шыны не металл дисктер. Мәліметтер қатты дискқа оның физикалық құрылымына сай жазылады.
Физикалық құрылым: әрбір дисктің магнитті беткейі концентірлі жолақтарға бөлінген, олар өз кезегінде бөлікше-секторларға бөлінеді. Қатты дисктің барлық беткейі 512 байт көлемді секторларға бөлінген. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz