Алгебра сабағында 7 – сынып оқушыларының жұмысын ұйымдастыру әдістемесі


1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Өзіндік жұмыс ұғымының мағынасын ашу
1.2 Алгебра сабағында ұйымдастырылатын өзіндік жұмыстың
түрлері

2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ

2.1 Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға байланысты
тәжірибелік. педагогикалық жұмыстың қойылуы
2.2 Тәжірибелік.педагогикалық жұмыстың барысы және
нәтижелерін өңдеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Егемен Қазақстанның қалыптасып, түрлі салалардағы адамдар қызметі өрісінің аумағы күрт кеңейіп келе жатқан қазіргідей кезеңде елімізге білімді, ең бастысы шығармашылықпен ойлауға, белсенді еңбек етіп, мәдениет, ғылым және техниканы алға дамытуға және өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігінің артып отырғаны бәрімізге белгілі. Ел Президенттінің Жолдауындағы білім беру ісіне аса көңіл аударуы – болашаққа деген сенімнің дәлелі./ 1 /.
Адам бойында мұндай қасиеттер өмір бойы қалыптасатындығына қарамастан, оның негізі мектеп қабырғасында қаланып, оқушының белсенді оқу – іздену қызметі нәтижесінде дамиды. Міне сондықтан да қазіргі заман талабына сай, оқушылардың оқу – іздену, ойлау мәдениеті, ғылыми – техникалық және қоғамдық – саяси ақпараттар ағымында дұрыс бағытты таңдап, өз бетінше іздену мен оқуға әдеттеніп, білімін үздіксіз жетілдіруде мектептің орны ерекше болып табылады. Осы айтылғандардан біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін анықтайды.
Уақытпен үндес ұстаздардың пікірінше, бұл маңызды мәселені шешудің өміршең жолы – мектеп оқушыларының бойында өзіндік жұмыс істеуге, білімге деген құштарлық пен ғылымға қызығушылықтың дамуына жол ашатын әдістемелерін игеру. Ғылыми жетістіктер көлемінің қарқынды артуы оқушылардан өз бетінше ойлау, еңбек ету мен белсенді ақыл - ой жұмысына қабілеттілікті қатаң талап етеді.
Ешқандай да оқу орны адамға оның кәсіби қызметінде қажет болатын барлық білім көлемін толық мөлшерде бере алмайды. Заман ағымынан қалып қоймас үшін өмір бойы оқып, өсуге ұмтылу шарт!
Оқушылардың оқу – танымдық қызметі мен өзіндік жұмыстарына арналған өзекті мәселелер көптеген ғалым – педагогтар, психологтар мен әдіскерлердің ( А.Е.Әбілқасымованың, А.П.Аристовтың, Е.Я.Голант, В.П. Есиповтың, П.И.Пидкасистыйдың, М.А. Данилованың, И.Я.Лернердін, Т.И. Шамованың және т.б) еңбектерінде кеңінен сөз болады.
Психологиялық – педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау мен мектеп мұғалімдерінің тәжірибесі оқушылардың өзіндік жұмыстарының деңгейінің төмен екендігін, яғни бұл бағыттағы жұмыстардың ойдағыдай жолға қойылмағандығын көрсетеді.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Көлемі: 61 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1500 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Жаратылыстану факультеті
Математика кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Алгебра сабағында 7 – сынып оқушыларының жұмысын ұйымдастыру ӘДІСТЕМЕСІ

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент______________Есенова М.И.

Орындаған: математика мамандығының сб 2-курс студенті Матбекова Х.Қ.

Хаттама №7

Қорғауға 26.03.2004 жіберілді

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор___________Баймахан Р.Б

Алматы-2004 ж.
М азмұны

КІРІСПЕ

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Өзіндік жұмыс ұғымының мағынасын ашу
2. Алгебра сабағында ұйымдастырылатын өзіндік жұмыстың
түрлері

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ

2.1 Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға байланысты
тәжірибелік- педагогикалық жұмыстың қойылуы
2. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың барысы және
нәтижелерін өңдеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Егемен Қазақстанның қалыптасып, түрлі салалардағы адамдар қызметі
өрісінің аумағы күрт кеңейіп келе жатқан қазіргідей кезеңде елімізге
білімді, ең бастысы шығармашылықпен ойлауға, белсенді еңбек етіп, мәдениет,
ғылым және техниканы алға дамытуға және өз бетінше шешім қабылдауға
қабілетті азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігінің артып отырғаны бәрімізге
белгілі. Ел Президенттінің Жолдауындағы білім беру ісіне аса көңіл аударуы
– болашаққа деген сенімнің дәлелі. 1 .
Адам бойында мұндай қасиеттер өмір бойы қалыптасатындығына қарамастан,
оның негізі мектеп қабырғасында қаланып, оқушының белсенді оқу – іздену
қызметі нәтижесінде дамиды. Міне сондықтан да қазіргі заман талабына сай,
оқушылардың оқу – іздену, ойлау мәдениеті, ғылыми – техникалық және
қоғамдық – саяси ақпараттар ағымында дұрыс бағытты таңдап, өз бетінше
іздену мен оқуға әдеттеніп, білімін үздіксіз жетілдіруде мектептің орны
ерекше болып табылады. Осы айтылғандардан біздің зерттеу жұмысымыздың
көкейкестілігін анықтайды.
Уақытпен үндес ұстаздардың пікірінше, бұл маңызды мәселені шешудің
өміршең жолы – мектеп оқушыларының бойында өзіндік жұмыс істеуге, білімге
деген құштарлық пен ғылымға қызығушылықтың дамуына жол ашатын әдістемелерін
игеру. Ғылыми жетістіктер көлемінің қарқынды артуы оқушылардан өз бетінше
ойлау, еңбек ету мен белсенді ақыл - ой жұмысына қабілеттілікті қатаң талап
етеді.
Ешқандай да оқу орны адамға оның кәсіби қызметінде қажет болатын
барлық білім көлемін толық мөлшерде бере алмайды. Заман ағымынан қалып
қоймас үшін өмір бойы оқып, өсуге ұмтылу шарт!
Оқушылардың оқу – танымдық қызметі мен өзіндік жұмыстарына арналған
өзекті мәселелер көптеген ғалым – педагогтар, психологтар мен әдіскерлердің
( А.Е.Әбілқасымованың, А.П.Аристовтың, Е.Я.Голант, В.П. Есиповтың,
П.И.Пидкасистыйдың, М.А. Данилованың, И.Я.Лернердін, Т.И. Шамованың және
т.б) еңбектерінде кеңінен сөз болады.
Психологиялық – педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау мен
мектеп мұғалімдерінің тәжірибесі оқушылардың өзіндік жұмыстарының
деңгейінің төмен екендігін, яғни бұл бағыттағы жұмыстардың ойдағыдай жолға
қойылмағандығын көрсетеді.
Мектепте алгебра пәнін оқытудың әдістерін кемелдендіру арқылы
оқушылардың ойлау икемділігін, ақыл – ой белсенділігін, өз бетінше жұмыс
істей алуын, білім мазмұнын терең қабылдауын, алған білімін өз қажетінде
қолдана алуын қамтамасыз ету білім беру саласындағы өзекті мәселелердің
бірі ретінде зерттеу жұмысына арқау болды.
Осыдан келіп, оқушылардың оқу – танымдық белсенділігін арттыру,
шығармашылыққа баулу қажеттігі мен мұғалімнің қызметінде кездесетін
қиындықтар бізге зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты Алгебра сабағында
7- сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі деп
таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың өзіндік жұмысын сабақ барысында тиімді
ұйымдастыру арқылы олардың оқу – танымдық белсенділігін арттырудың
әдістемелік жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі: 7 – сыныпта алгебра пәнін оқыту процесі.
Зерттелу пәні: Алгебра сабағында 7 – сынып оқушыларының өзіндік
жұмысын ұйымдастыру.
Зерттеу болжамы: 7 – сынып оқушылырының мүмкіндіктері мен
қызығушылығын ескере отырып, жоспарланған өзіндік жұмыстарға жұмылдыру:
- олардың өз беттерінше оқу – танымдық белсендігін арттырады;
- олардың білім сапасы мен пәнге деген қызығушылықтарын
арттырады;
- олардың ойлау қабілеттері дамып, оқу – танымдық білім, білік,
дағдылары қалыптасады.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына сәйкес психологиялық – педагогикалық
әдістемелік әдебиеттерді талдау;
2. Өзіндік жұмыс ұғымының мағынасын ашу.
3. Алгебра пәнін оқыту барысында 7 – сынып оқушыларында өзіндік
жұмыс біліктерін, дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктерін анықтап, мұғалім
мен оқушылардың функцияларын белгілеу.
4. Алгебра пәні бойынша 7 – сынып оқушыларының білім, білік,
дағдыларын игеруге арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік
жолдарын айқындау.
5. 7 – сынып оқушыларының өзіндік жұмысын алгебра сабағында
ұйымдастырудың тәжірибелік – педагогикалық жұмысын қойып, нәтижелерін
өңдеу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне:
философияның танымдық ілімі және жеке тұлғаның даму теориясы, іс -
әрекет және қабілеттілік туралы психологиялық тұжырымдар
( А.Н.Леонтьев, Қ.Б. Жарықбаев және т.б), оқу үрдісін басқару теориясы
(Б.П. Беспалько, Н.Р.Талызина, Н.Д. Хмель) өзіндік жұмыс істеу қабілетін
дамытудың теориялық қағидалары (А.Е Әбілқасымова, Б.П. Есипов,
П.И.Пидкасистый және т.б) жатады.
Зерттеудің әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау;
мектептегі оқыту үрдісін бақылау, оқушылардан анкета алу, пікірталас,
әңгіме жүргізу, зерттеліп отырған мәселеге сәйкес факультативтік сабақтар
өткізу және талдау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және
педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Өзіндік жұмыс ұғымының мағынасын ашу

Қазіргі қоғамның мектепке қоятын негізгі талаптарының бірі – оқушының
өзіндік білімін көтеру қабілетін дамыту, танымдық белсенділіктері мен білім
сапасын арттыруларын қамтамасыз етуі.
Білімді бекітудің ең маңызды кезеңдерінің бірі - өзіндік жұмыс. Ол
оқушының сабақ материалын түсінуі мен оны меңгеруі арасындағы көпір болып
табылады.
Қазіргі таңда барлық ағарту саласының алдында тұрған ең басты міндет
– оқушыны өздігінен еңбек етуге, білім алуға, ең бастысы, алған білімін
қолдана білуге үйрету. Бұл міндеттің шешімді жалпы оқу – тәрбие жұмысының
тиімді ұйымдастырылуын айқындайды.
Қазіргі уақытта ұстаз алдында тұрған көкейкесті міндет оқушыларға
белгілі бір білім мөлшерін беру ғана емес, олардың бойынан оқуға деген
құштарлықты оятып, білім ала білуге үйрету. Осыған байланысты К.Д. Ушинский
былай деп атап көрсетті: “ Қызығушылықсыз, мәжбүрлеп оқыту оқушының білімге
деген ынтасын жойып, елеулі нәтижеге қол жеткізе алмауына әкеліп соғады
2,т.8,256.
Тәрбиені оқушы белсенді де дербес ойлауға құмартуын тудыратындай
деңгейде ұйымдастыру қажет екендігін өмір үнемі дәлелдеп келеді. Әйтсе де,
әрбір оқушыны сабақта белсенді жұмыс істеуге жұмылдырудың қаншалықты қиын
екендігін ұстаздар жақсы біледі. Сондықтан да оқушылардың өзіндік
жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге баса көңіл аудару қажет.
Өзіндік жұмыс деген не және оның қандай екендігіне кеңінен тоқтала
кетейік.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары проблемасына арналған әдебиеттердің мол
екендігіне қарамастан, бұл дидактикалық түсінікке нақты анықтама
берілмеген. Оның үстіне өзіндік жұмыс – дәріс беру әдісі ме, оқыту тәсілі
ме немесе сабақты ұйымдастыру түрі ме деген мәселе де толық шешімін
таппаған.
Соңғы кездері педагогикалық мерзімді баспасөз беттерінде оқушылардың
өзіндік жұмысының мәнін, мақсатын, сипатын оқушы тұлғасының қалыптасуына
орындалған тапсырманың әсерін, қол жеткізілген нәтижелердің деңгейін
көрсету арқылы түсіндіруге тырысушылық байқалып жүр.
Оқушының өзіндік білімін жетілдіру проблемасы мен пән құрылымында оңы
ұйымдастыру жолдары теориялық мәселерінің жарық көруі және мектеп
тәжірибесінде іске асырылуының бай тарихы мен қалыптасқан дәстүрлері бар.
Жалпы, көптеген ғасырларға созылған мектептер дамуында озық
ағартушылар арасында өзіндік білім жетілдіру проблемасы төмендегідей үш
түрлі бағытта талқыланып келеді.
Бірінші бағыт терең көне заманнан тамыр алады. Оның өкілдері баланың
ерікті түрде, өздігінен белсенді білімін көтеруінің маңыздылығын жан –
жақты дәріптеген , ежелгі грек ғұламалары – Архит, Аристоксен, Сократ,
Платон, Аристотель. Өз пайымдауларында олар адамның ойлау қабілеті – дербес
қызмет барысында, ал тұлға ретінде қалыптасып жетілуі өзін - өзі тану
жолымен жүреді деген тұжырым жасайды. Осындай жолмен жетілу балаға қуаныш
пен қанағаттанушылық сыйлап, білімнің жоғары сатысына ұмтылуына
қанағаттандырады. Бұл қағидалар кейіннен ұзақ ғасырларға созылған мектеп
пен педагогикалық қызмет дамуы барысында көптеген тәлімгер – теоретиктердің
пікір – таласын тудырып келді. Қағиданың одан ары дамуына мектеп өміріндегі
схоластика, догматизм мен жаттандылық белең алған, сонау сүренсіз орта
ғасырлардың өзінде, адам бойында сыни баға беру мен ұшқыр ойлау
қабілеттерін қалыптастырудың маңыздылықтарын дәріптеген Франсуа Рабле,
Мишель Монтень, Томас Мор, Томазо Компанеллалар зор үлес қосты. Адамның өз
бетінше жаңа білім алып, тосын заттар мен құбылыстардың “ дәмін ” жеке
татып, таным бағытын дербес анықтауға күш салуының мәні айрықша.
Бұл пікірді педагогикалық еңбектерінде Ян Амос Коменский, Ж. Ж.
Руссо, И. Г. Песталоцци, А. Дистервег, Н. И. Новиков, Г. С. Сковорода, К.
Д. Ушинский және басқалар да қуаттады.
Бірінші әлеуметтік – педагогикалық бағыт бойынша жазылған еңбектерді
талдау негізінде былай жүйелеуге болады:
а) танымдық өздігінен ізденуді дамыту мәселесі бойынша олардың
көзқарастарын біріктіретін идея: ойлау қабілеті ізденушілік әрекет
нәтижесінде ғана дамиды, ал оның жүзеге асуы өзіндік таным нәтижесіне
байланысты болады.
ә) мынадай ұғымдар беріледі: өзіндік әрекет – бұл белсенді оқыту
ұстанымы (Руссо); оқыту әдістері – бұл баланың дербестілігі мен өзіндік
әрекеті; тәрбиенің шешуші ролі - өзіндік әрекет етуге және өзін дамытуға
ұмтылдыру (Пестолоцци); өзіндік әрекет - өздігімен білім алуға жетелейтін
таным еркіндігі (Дистервег);
б) бірінші бағыт зерттеушілері баланың өзіндік даму теориясы
шеңберінен шықпайды.
Екінші бағыт Я.А. Коменскийдің еңбектерінен бастау алады. Ол мектеп
оқушыларын өзіндік жұмысқа тартудың ұйымдастыру – практикалық мәселелерін
шешуге бағытталған.
Мұнда оқыту мәселелеріне басты назар аударылады, яғни оқушының еңбегі
зерттеліп, терең талдау жасалмай, негізінен мұғалім қызметі жан – жақты
теориялық негізделеді. Бұл бағытты шартты түрде дидактикалық - әдістемелік
бағыт деп атауға болады. Ол бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, дами
түсті.
Дидактикалық - әдістемелік бағыт бойынша жазылған еңбектерді талдай
отырып, мынадай тұжырым жасауға болады:
а) бұл бағыттың ерекшелігі – оқушының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға
бағытталған мұғалімнің әрекеті болып табылады;
ә) мынадай түсініктер берілген: өз бетінше әрекет ету – шынайы білім
мен дұрыс түсіну кілті (Коменский); баланың өзіндік жұмысы – оларды
дамытудың қажетті шарты ( Д. Локк );
б) екінші бағыт зерттеушілері тұжырымында оқушы әрекеті терең
зерттелмеген, өзіндік жұмысының процессуальдық жағы ашылмай қалған.
Үшінші бағыт оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудың
педагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай – ақ
зерттеу мәселесі ретінде танылуымен ерекшеліктерінен бастау алады. Мұны
шартты түрде психологиялық – дидактикалық бағыт деп атауға болады.
К. Д. Ушинский: өзіндік жұмыс оқытуда жетістікке жетудің бірден – бір
жолы деп есептеді. Сондай-ақ, ол шәкірттің жас ерекшеліктерін ескерудің
қажеттігіне тоқталды.
Ушинскийдің пікірінше, оқытудың алғашқы сатысында мұғалімнің
басқарушылық әрекеті, сөйлеуі, маңызды сұрақтар қоюы және оны оқушыларға
жеткізуі, кітап оқуы және оны әңгімелеп беру, сурет бойынша әңгімелеу
сияқты әрекеттері маңызды болып табылады. Бірақ, мұғалімнің ролін ескере
отырып, ол оқушының белсенділігі мен ізденушілігін дамытуда ұйымдастырылған
өзіндік бақылау мен тәжірибе, көрнекіліктер дайындау сияқты өзіндік
жұмыстарының маңыздылығына тоқталады. Ол: “ өзінің ой – пікірін жеткізе
алмау кемшілік болып есептелінеді, ал өзіндік ой – пікірінің болмауы - өте
үлкен кемшілікке жатады, өзіндік ой – пікірлер тек қана өзіндік алған білім
арқылы жүзеге асады”, - дейді 2,т.8,355 .
Оқушылардың өз беттерінше еңбек етуі мен өзіндік жұмысын “барлық
жемісті білім берудің бір ғана берік негізі” – деп есептейді ол.
Осылайша, К. Д. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың
өзіндік жұмыстарына философиялық және психологиялық – физиологиялық тұрғыда
талдау жасайды.
Психологиялық – дидактикалық бағыттың ерекшелігі:
а) бұл бағыт өкілдері еңбектерінің теориялық негізі – оқушының
ізденушілік әрекеті болып табылады;
ә) мынадай анықтамалар беріледі: өз бетінше әрекет ету – бұл
“мұғалімнің көмегінсіз” жаңаны табу, білуге ұмтылу ( К. Д. Ушинский); өз
бетінше әрекет ету – бұл оқушының жаңа білімді игеруге қажетті ішкі үрдісі
(Г. Ф. Каптерев); оқыту әдістері оқушының ізденімпаздық дәрежесі арқылы
бағаланады ( Ы. Алтынсарин);
б) психологиялық – педагогикалық бағыт өкілдері тұжырымында
оқушылардың ізденімпаздық әрекеті құрылымы мен үрдісі толық анықталмаған.
Оқушыны өзіндік жұмысқа тартуда, өзіндік жұмыс тапсырмасының сипаты,
мәні мен құрылысын анықтауда, жоғарыда атап көрсетілген бағыттардың
барлығын біріктіріп, белгілі деңгейде еңбектің жемісті болуын алдын – ала
қамтамасыз ететіндей, ең негізі мәселе не деген сұрақтың еріксіз
туындайтындығы жасырын емес.

Профессор Р. Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын
ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
а) оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;
ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
б) жұмыстың оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы;
Қорыта келгенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын
талаптар мыналар деп ойлаймыз:
- оқушылардың орындайтын өзіндік жұмысының мақсатын түсінуде,
қабылдауды қамтамасыз ету;
- оқушылардың жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы
нәтижесіне қызығуына ықпал жасау;
- жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға
көңіл аудару;
- оқушылардың өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен
дұрыс ұштастыра білу;
- оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін
жүйелі түрде дамыту.
Өзіндік жұмыстың мағынасын ашып, оның түрлерін жүйелеуде басты қағида
ретінде не алынуы тиісті?
Н. Г. Дайри бұрынғы ғалымдарының ( Б. П. Есипов, Л. М. Пименова, А. Я.
Понамарев және басқалар ) еңбектеріне, өзінің оқушылар жұмысын бақылауы мен
арнайы тәжірибелеріне сүйене отырып, осы негіз ретінде, шәкірттің өз
бетінше жұмыс істеу қабілеттілігін бөліп көрсетеді. Оның үстіне бұл қасиет
оқушы бойында түрліше көрініс беретіндігіне тоқталады. Оқудың алғашқы
кезеңінде баланың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігі оның мұғалімге
еліктеуі және оны қайталауы түрінде байқалады. Бұл кезең шығармашылық
қызметке дайындық мерзімі болып табылады.
Н. Г. Дайри “ егер бастапқы оқушылық мезгілдегі шәкірттің өзіндік
жұмысын әлсіз сәулеге теңесек мектеп бітірушілердегі оның жоғары көрінісін
күшті де жарық жалынмен салыстыруға болады ” – деп жазды
5,38. Өзіндік жұмыстың қарапайым және күрделі түрлері кездесетіндіктен,
оқушыларды алғашқылардан соңғыларға сатылай бастау орынды. Осыған орай,
оқушы бойында өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігінің пайда болуы мен
дамуын дер кезінде байқап, соған сәйкес, өзіндік жұмыстарды күрделендіріп
отыру аса маңызды болып табылады.
Н. Г. Дайридің келтіріліп отырған пікірінде мектеп оқушыларының
қарапайымнан күрделі өзіндік жұмыстарға ауысуы туралы жемісті ой айтылады
5 .
Н. Г. Дайри өзіндік жұмыстардың арақатынасын олардың түрлерін
жүйелеудің критерийі ( көрсеткіші ) ретінде қарастырады.
Оқушылар өзіндік жұмысын күрделендіру жүйесін игерудің аса маңызды
екендігі талассыз. Дегенмен өзіндік жұмыс ұғымының мәніне қайта оралайық.
Педагогикалық әдебиетте өзіндік жұмыстың сан алуан анықтамасы
кездеседі. Өзіндік жұмысты Р. М. Микельсон оқушының тапсырманы мұғалімнің
көмегінсіз, бірақ бақылауымен орындалуы деп түсінетіндігін білдірді 6 .
Е. С. Голант, бұл түсінікке анықтама берместен өзіндік жұмыс
проблемасын теориялық талдауда, оқушылардың жұмысты дербес орындауын,
олардың дербес тұлға ретінде қалыптасуының шартымен теңестіруге болмайды
деп қорытынды жасайды 7 . Дербес жұмыстардың негізгі үш элементін
ажыратты
а) ұйымдастыру техникалық дербестілік;
ә ) ойдың дербестілігі;
б ) іс - әрекеттің, қимылдың дербестілігі
Бірінші элемент оқушының жұмысты жоспарлай білуін, өз уақытын бөлу, жұмыс
орнын ұйымдастыра білуін білдіреді. Білімдік жұмыстың техникасын игеру үшін
оқушы мектепте рациональды оқуға және кітап материалдарын меңгеруге,
кітапхана каталогы, сөздіктерді пайдалана білуге, жоспар құруға, лекцияны
конспектілеуге, бақылау күнделігін жаза білуге тәжірибе хаттамаларын жазуға
т.б. үйренуі керек.
Ойдың дербес жұмысы – бұл материалдарды іріктеу, оны жүйелеу,
салыстыру, қорытындыны тексеру,алынған қорындыны жаңа мәліметтермен
бекіту,өзіндік шағын тұжырым жасау, т.б. деп түсіндіреді. Дербес іс- қимыл
дербес жұмыстың құрылымын заңды түрде аяқтайды.
Сонымен оқушылардың ойлау және практикалық іс- әрекеттердегі
белсенділігіне шешуші мән бермей, өзіндік жұмыстың мағынасын оның сыртқы
байланысы бойынша қарастырған.
Р.М.Микельсоннан Е.Я. Голанттың өзгешелігі, ол өзіндік жұмыстың ішкі
мағынасы-ойлау, пайымдау және қорытынды жасау дербестігінде деген түйін
жасайды.
Бұл арада Е.Я.Голант ең алдымен оқушының өзіндік жұмысының құрылысына
баса назар аудара отырып, оның көптеген үй жұмыстарын орындауын өзіндік
жұмысқа жатқызуға болмайды, себебі олардың басым-бөлігі мектепте өткенді
бұлтарыссыз қайталау деп дәлелді көрсетіп береді.
Е.Я.Голант жарық көрген еңбектерінде өзіндік жұмыстың төмендегідей
маңызды белгілеріне тоқталады:
- бірнеше іс-әрекеттерден тұратын белгілі жаттығу тапсырмасының
болуы;
- жұмыстың мұғалімінің тікелей басшылығынсыз және әрбір әрекетті тап
сол мезетте тексеруінсіз орындалуы;
Біздің пікірімізше,бұл белгілер өзіндік жұмыстың мағынасын
жеткілікті деңгейде ашпайды және логикалық мазмұны мен атқарылуы барысының
бірлігін көрсете алмайды. Тап осы бір тұтастықтың ашылып көрсетілуі
оқушының өзіндік жұмысының мән-мағынасын,оның құрылысы мен тетіктерін
барынша саралауға мүмкіндік береді.
Дидактикалық әдебиеттерден өзіндік жұмысқа берілген басқа да
анықтамаларды кездестіруге болады:
В.П.Беспалько “өзіндік жұмыс” ұғымын адамның өздігінен, ешкімнің
көмегінсіз орындалуын айтады 8.
Г.П.Семеновтың пікірінше, өзіндік жұмыс оқытуды ұйымдастыру формасы
да, әдіс-тәсілі де емес, өзіндік жұмыс - алдын-ала берілген бағдарлама
немесе нұсқау арқылы, оқытушының қатысуымен орындалатын танымдық әрекет
9.
Ө.Төлегеновтың пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмысы дегеніміз
мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқу жұмысының жеке және ұжымдық түрі.
Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі
танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар
өздігінен бақылауды үйренеді,оларды тапсырылған істі орындаудағы
жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне
деген жолдастық көмек қалыптасады 10, 21-22.
Ә.Бидосовтың пікірінше, оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың
өзара тығыз байланысты екі міндетін ескерген дұрыс. Міндеттердің біріншісі-
оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту және өрістету, оларды
білімді өздігінен игеруге, дүниеге көз қарастарын қалыптастыруға үйрету,
екінші оқушылардың алған білімін өздігінен іс- жүзінде қолдана білуге баулу
11.
Ж.Сардарованың пікірінше, өзіндік жұмыс - бұл шығармашылық жұмыстың
бастамасы. Сол себепті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың
өзіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес 12,8-9.
П.И.Пидкасистыйдың пікірінше, ең қолайлы және практикада тексерген
сабақтың тиімділігін, сабақ үстінде оқушылардың белсенділігін арттырудың
бірден-бір жолы оқу жұмысында өзіндік жұмысты тиісті ұйымдастыру болып
табылады. Өздігінен жұмыс істеу әрекеті үрдісінде ғана оқушы білімді
меңгеруде қол жеткен жетістікке жетеді. Сабақ үстінде оқушылар өз
мүмкіндіктерінше өздігінен еңбектену қажет, ал мұғалім оқушылардың
өздігінен жұмыс істеу барысын жетекшілікке алып, оны орындауға тапсырма
беру қажет. Оқу үрдісінде өзіндік жұмыс деп, мұғалімнің ұйымдастыруымен
оқушылардың белсенділік әрекетін, белгілі уақыт ішінде алға қойған
дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған; білімді іздеу, оны ұғыну,
бекіту, білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және
талдап қорытуды айтады 14, 13.
Т.И.Шамованың айтуы бойынша “Оқушылардың өзіндік жұмысы
дегеніміз-олардың барынша белсенділік, шығармашылық, дербес ойлау мен
ынталылық таныта отырып атқаратын қызметтері” 14, 7-8.
Б.П.Есипов зерттеулерінде оқушылардың белгілі деңгейде біржақтылықтың
жіберілгендігіне қарамастан өзіндік жұмысына барынша толығырақ анықтама
береді: “Оқу процесінде ендірілген, шәкірттердің өзіндік жұмысы-мұғалімнің
тапсырмасымен, бірақ оның қатынасуынсыз, арнайы белгіленген уақытта
орындалатын оқушылардың ақыл- ой және күш-қуат мүмкіндіктерін пайдаланып,
тапсырмада қойылған мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттері 15, 37-38; 13,
34.
Бұл түсініктеменің әлсіз тұстарының бар екендігін байқамау мүмкін
емес. Біріншіден, Б.П.Есипов өзіндік жұмыстың мәнін түсіндіруде оның
маңызды белгісі- оқушының шығармашылығына жеткілікті деңгейде көңіл
бөлмеген.Екіншіден, бұл концепцияда өзіндік жұмыстың әрбір түріндегі оқушы
дербес жұмысының процессуальдық (жұмысты меңгеру қарқыны) және логикалық-
мағыналық жақтарының бірлігі ойдағыдай қамтылмаған.
Ал осы күнделікті оқу барысында жеткілікті деңгейде ескрілмеген мәселелер,
оқушының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен пайдалануды формализмге
ұрындырып,оқушылардың білім алу барысының бірсарынды және жалықтыратындай
күйге түсуіне әсер етеді.
Өз уақытында В.П.Есиповтың бұл әлсіз тұстарын Н.Г.Дайри ескере
отырып, өзіндік жұмыс ұғымының мағынасын ашуда келесідей белгілерді атап
көрсетті:
а) оқушы жұмысты өз бетінше, ешкімнің тікелей көмегінсіз жүргізеді;
б) оқушы мәселелерді білімі, өмір тәжірбиесі, іскерлігі, танымы мен
сенімін кеңінен пайдаланып, барлық сұрақтарды, жеке көз-қарасын білдіріп,
белсенділік пен шығармашылық таныта отырып шешуі тиіс;
в) жұмыстың танымдық, тәрбиелік, жүйелік мәні зор болуы, сондықтан да
оқушының ой-өрісін дамытуы тиіс;
Мұндай өзіндік жұмыстың дәлелі төмендегілер болып табылады:
а) оқушының іс жүзінде алынған мәліметтер бойынша белгілі бір
құбылыстың мәнін ашуы;
б) осыған қосымша оқушының өз бетінше нақты мәліметтер жинауы;
в) мұғалімнің көрсеткен жүйелі іс- әркеттерін оқушының дербес қолдана
білуі ;
г) мұғалімнің тапсырмасына сай, оқушының қолдануға тиісті іс-
әрекеттерді өзі таңдауы;
д) проблеманың мәнін өз бетінше ұғыныуы, тапсырманы дербес таңдау
және басқа да мүмкіндіктердің болуы 5; 6.
Көріп отырғанымыздай, басқа зерттеушілермен салыстырғанда, Н.Г.Дайри
өзіндік жұмыс теориясын дамытуда озық қадам жасаған. Ол өзіндік жұмыстың
мағынасын тапсырманың мәні мен сипаты оқушының тәрбиесімен өсіп жетілуіне
тапсырманың әсері, сондайақ оның қол жеткізген нәтижелерінің сапасы мен
байланыстыра отырып, түсіндіруге күш салған Н.Г.Дайри өзіндік жұмыстың
маңызды жақтары: логикалық, мағыналық-сыртқы және процессуальдық-ішкі
сипаттарына, үлкен мән береді.
Кезінде өзіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген
және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі-ағартушы-ғалым
А.Байтұрсынов.
А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары
“Қазақша оқу жайынан” атты еңбегінде айтқан пікірінде ашылған.
Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы
керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі-балаға орындалатын жұмыс түрлерін
шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.
Бұдан біз А.Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі
жылдары Ресей ғалымдары В.Давыдов пен Л.Занковтың дамыта оқыту теориясын
негізі болған өзіндік жұмыстың рөлін көре біліп оның бала дамуындағы
маңызын өз негізінде қозғағандығын байқаймыз.
Бұл оның өз заманының озық тәжірибелі педагогы, ғалымы екендігімен
қатар, оның баланы дамыту мәселесін көтере отырып басты нысанасы болып
табылатын өзіндік жұмыстың рөлін көре білгендігін көре аламыз.
Біз өз жұмысымызда П.И.Пидкасистыйдың, Т.И.Шамованың, А.Байтұрсыновтың
өзіндік жұмыс ұғымына берген анықтамаларына сүйенеміз.
Оқу процесінде “өзіндік жұмыс” ұғымын құрамдас екі бөліктен тұратын
дидактикалық құбылыс ретінде қарастыруымызға болады. Бір жағынан ол оқу
жұмысына қатысты тапсырма, яғни оқушы орындауға тиісті нәрсе, оның іс-
әрекет объектісі. Тапсырма оқушыға мұғалім немесе бағдарламалық құрал
арқылы беріледі. Екінші жағынан, өзіндік жұмыс- мектеп оқушысының осыған
дейін өтілмеген жаңа білім алуына немесе берілген білімді тереңдетуі мен
кеңейтуі мүмкіндік беретін, тапсырманы орындау барысындағы оның ақыл-ой,
ойлау және шығармашылық пен елестете білу қабілеттерінің жемісі. Сөз болып
отырған жағдайлардың қайсысында болмасын өзіндік жұмыс баланың ойлау
қабілетін арттыруға әсер етеді. Бұл өзіндік жұмыстың “гинетикалық жасушасы”
мен топтастырушы ядросы оқушыларға нақты сабақ беру кезіндегі танымдық
тапсырмалар болып табылытындығы мен түсіндіріледі.
Осыған орай, өзіндік жұмыстың білім берудегі сыртқы сипаты-тапсырма,
ал ішкі сипаты танымдық немесе интелектуальдық мәселелер болып табылады.
Бұл қағида, көптеген психологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсетіп
отырғандай, таным объектісі мен оқушының танымдық қызметінің құрылысына
сәйкес, оқу материалдары мектеп оқушыларының білім алу процесінің құрамына
оқу мәселелерінің жүйелі түрде қосылуы қажеттілігінен туындайды.
Мұғалім үшін өзіндік жұмыс не болып табылады?
Әр түрлі сабақтар мен оқу кезеңдеріне қатысты өзіндік жұмыстың алға
қоятын мақсаты мен оның күрделілігі айтарлықтай ерекшеленетіндігі
түсінікті.
Қазіргі оқу процесінде өзіндік жұмыс міндеттерінің күрделендіру
деңгейі, мектеп оқушыларының тек бағдарлама мен жоспарланған білім, білік
және дағды жүйелерін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге шығармашылық
мүмкіндіктерін дамыта отырып, өз бетінше үздіксіз білімін көтере беруге
бағытталағн.
Дегенмен,оқушылар өзіндік жұмысты орындау барысында оларға түсінікті
де қарапайым түрдегі ғылыми және танымдылық әдістерді игере алмайтын болса,
алға қойылған мақсаттардың орындалмайтындығы түсінікті.
Өзіндік жұмыс мектеп оқушыларының дербес оқу-іздену қызметінің ғана өзегі
болып қана қоймай, мұғалімдердің оқыту қызметіндегі “ең кіші ұйымдастыру
бөлшегі” болып табылады.
Осыдан барып оқу процесін ұйымдастыруда өзіндік жұмыс бір жағынан-
мұғалімнің оқытушылық қызметін ұйымдастыру құралы, екінші жағынан оқушының
дербес оқу қызметі бола отырып, жүйедегі жетекші екі бағыттың тоғысар тұсы
(инварианты) ретінде қарастырылады.
Мұғалім мен оқушының арасындағы қызметіне қарай оқушылардың өзіндік
жұмысының негіздерін мынадай кестемен көрсетуге болады.

Кесте 1 Мұғалім мен оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру

процесіндегі функциялары

Мұғалімнің басқару функциясы Оқушының функциясы

Әрекеттің себептері, жұмысты орындауЖұмыстың нақты мақсат-міндеттерін
туралы әдістемелік нұсқаулар. аңғару.
Тапсырманы анықтап беру. Жұмыстың мәні мен пайдасын ұғыну,
Жұмыс барысында бақылау жүргізу. оған қызығу.
Оқушылар әрекетіне, оның жеке амал- Жұмысты орындаудың жоспарын жасау.
тәсілдеріне түзетулер жасау. Өзін-өзі бақылау.
Жұмысты тексеру оның нәтижесін Өзін-өзі тексеру,өз жұмысының
талдау, бағалау. қателерін табу, оны түзету,өзін-өзі
бағалау

Өзіндік жұмыс процесінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын
әрекетін толығырақ қарыстырайық.
Мұғалім оқушыларға шамалары келгендей тапсырмалар ұсынады, онда
мыналар көрсетіледі: жұмыстың мақсаты, оның бөлімдері бойынша орындау реті
( өзін - өзі бақылау ), мұғалім тексеру үшін алынған нәтижелерді әзірлеу,
реттеу ( кері информация ) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі.
Мұғалімнің тапсырманың дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен
нәтижесін қаншалықты түсініп, меңгергенін анықтайды: демек, мұғалім
бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушылардың өзіндік жұмысын
тексеруші де. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетіне бағдарлама
жасайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын анықтайды.
Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның
мақсаты мен орындалу тәсілдерін ойластырады және ең маңыздысы, жұмысты
өздігінен орындау барысында алынуға тиісті нәтижелер бағдарламасын жасайды.
Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы
бөлімдері бойынша орындайды. Алынған нәтижелерді реттеп әзірлейді, ( өзін -
өзі бақылау ) және ( жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер, модельдер
т.б. ) тексеру үшін мұғалімге тапсырады. Оқушылардың оқу әрекетінің жемісті
болуы – оқу жұмысының тәсілдерін меңгеруге байланысты.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырғанда, мұғалім оқушылардың дара
ерекшеліктерін ескеріп, соған қарай беретін тапсырмаларды өзгертіп отырғаны
жөн және орындалған жұмыстың жалпы қорытындысына ғана баға қоймай, сонымен
қатар оқушы қалай жоспарлады, қандай тәсілдер қолданып орындады, өзі қалай
тексеріп отырды, осының бәрін ескеріп, бағаланған жөн.
Сонымен, оқушылардың өзіндік жұмыстарының сапасын арттыру мақсатына
жету үшін, мұғалімнің жоғарыда баяндалған оқу әрекетінің психологиялық
ерекшеліктерін біліп, соған сәйкес өзінің әдістемелік шеберлігін жетілдіріп
отыру қажет. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін, мұғалім мынадай
үш жағдайды ескергені жөн.
1) Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мазмұнын анықтау
(берілетін білім және оны оқыту міндеттері );
2) Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың жоспарын жасау,
қолданылатын амал – тәсілдерді белгілеу;
3) Оқушыларға жұмысты ойдағыдай аяқтауға дұрыс бағыт беріп
көмектесу (жұмыстың жүйелі барысына басшылық ету, тиісті түзетулер жасап
отыру).
Қорыта келгенде, осы айтылғандардың бәрі, өзіндік жұмыстың мағынасын,
оның қызметтерінің ерекшеліктерін, тек оқушылардың өз беттерімен білім
алуға дайындықтарымен кәсіптік-білімдер жүйесін игерумен ғана шектелмейді
деген тұжырым жасауға мүмкіндік туғызады. Ал өзіндік жұмыстың оқушылардың
көз қарастарын және сенімдерін қалыптастыруда үлкен тәрбиелік маңызы бар.

1.2 Алгебра сабағында ұйымдастырылатын өзіндік
жұмыстың түрлері

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оларды
топтастыру-өте күрделі мәселе. Осы күнге дейін педагогикалық және
әдістемелік, әдебиеттерде көпшілік мақұлдаған бұл жұмыстарды топтастыру
немесе классификациялау жүйесі жоқ. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмысын
топтастыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескермесе болмайды.
Оқытудың мақсат-міндеттеріне және пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту
әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму
дәрежесіне, оқыту процесіндегі алатын орнына, оқушылардың міндетті түрде
немесе өз еркі мен істейтін жұмысына т.б. белгілеріне қарай өзіндік
жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады.
Оның жиі кездесетін бір тобы сабақ мақсатына қарай қолданылатын
жұмыстың түрлері:
а) жаңа білімді меңгеру (материалдарды жан-жақты талдау, мұғалімнің
ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену);
ә) жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар,есеп шығару т.б. түрлі
жазбаша, графикалық, практикалық, т.б. жұмыстар).
Оқушылардың өзіндік жұмысы білік пен дағды қалыптастырудың тиімді
жолы болғандықтан. В.А.Сухомлинский оқушылар оқуға қажетті оқу дағдылар
жүйесін меңгеру қажает дейді 16. Оның пікірінше, мектепте тиянақты білім
алу үшін оқушы міндетті түрде мынандай біліктер мен дағдыларға ие болуы
тиіс:
1) Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын бақылай білу;
2) Ойлай білу: нәрселерді салыстыру, қарама- қарсы қою, түсініксіз
нәрселерге жауап іздеу; таңырқау;
3) Оқушының көргенін, байқағанын, істегенін, ойын тұжырымдап айта
білуі;
4) Оқыған материалдардың мағынасына қарай логикалық бөліктерін айыра
білу, олардың өзара байланыстарын ажырата білу;
5) Керекті кітапты таба алу;
6) Өзіне керекті мәселеге тиісті материалды кітаптан таба алу;
7) Оқу үстінде мәтінге алғашқы логикалық талдау жасай білу;
8) Мұғалімді тыңдай білу және оның әңгімесін қысқаша жазып алу;
9) Мәтінді оқи отырып, мұғалімнің сол текспен қалай жұмыс істеу
туралы берген нұсқауларын ескере білу;
10) Көрген-білгендері туралы шығарма жаза білу;
Оқушыларда осындай біліктер мен дағдылар жүйесі болмаса, онда
ойдағыдай оқи алмайды, оқуға үлгермейтін, тіпті оқығысы келмейтін де
жағдайға ұшырайды деп ескертеді В.А.Сухомлинский. Ол үшін өзіндік жұмысқа
мынандай талаптар қойылады:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек;
2) Өзіндік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек 8-15
мин. ұзақ болмайды;
3) Өзіндік жұмысты міндетті түрде тексеруі керек;
4) Өзіндік жұмыс сабақтың мақсатына байланысты: жаңа материалды
қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталануға, білім тексеруге
таңдалады.
5) Өзіндік жұмыстың мақсаты, орындау әдісі оқушыларға түсінікті болу
керек;
6) Өзіндік жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әртүрлі уақыт
жұмсайтындығын ескеріп тақтаға немесе карточкаға қосымша тапсырмалар
дайындап әкелуі керек;
7) Ескертпе, түсініктеме-карточккалар, перфокарталар дайындау керек
тапсырманың түрлері:
а) Оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша орындалатын;
ә) Оқытушыдан алған білім, білік дағдылар өз бетімен пайдалануды
талап ететін,бірақ оқытушының басқаруымен пайдаланған жағдайда;
б) Алған білім, білік, дағдысын басқа жағдайда пайдалану;
в) Оқушылардан ойлануды, шығармашылықты талап ететін байқау, талдау
арқылы жаңа қорытынды, анықтама шығаруға болатын тапсырмалар.
Математикадан берілетін тапсырмаларға:
1) Арифметикалық амалдар кестесін есте сақтау;
2) Есептеу әдістерін игеру;
3) Ұқсастықпен айырмашылығын айыру, талдау;
4) Белгілі түсініктемелердің арифметикалық амалдармен байланысы;
5) Байқау негізінде қандай бір заңдылықтарды айыру;
6) Ойын, қызғылықты тапсырмалар.
Оқушылардың өздігінен жұмыс істей білу әрекеті бірден қалыптаспайды.
Ол өте күрделі процесс болғандықтан, жай, қарапайым сатыдан жоғары, күрделі
сатыға қарай дамиды. Оның қалыптасуына алдымен сыртқы факторлар әсер етеді:
оқытудың маңызы мен міндеттері, оның әдістері, мұғалімнің талаптары т.б.
Содан бірте-бірте оқушының белсенді таным әрекетіне байланысты өздігінен
жұмыс істеуі оның қажетіне айналды (өздігінен білім алу, өзін- өзі басқару,
бағалау сияқты әрекет дәрежесіне көтеріледі).
Оқушы ең алдымен, мұғалімнің берген үлесіне қарай еліктеу негізінде
қарапайым тапсырмлар орындайды. Мұндай жағдайда жұмыстың мазмұнын, жасау
әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы
ретінде жұмыс істейді.
Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін
қолдануға лайықты жаңа жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен
ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тапсырады. Мұндай жағдайда оның
дербестігі, өздігінен істейтін әрекеті арта түседі.
Бұдан шығатын әдістемелік қорытынды: мұғалім оқушылардың өзіндік
жұмысын ұйымдастыруда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын
жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес,
ең соңында толық өздігінен жасайтын іс-әрекеттерге үйрету қажет.
Осыған орай К.З.Циолковскийдің өзі туралы айтқан мына сөздерін еске
алған жөн: “Алдымен”,- дейді ол: - өзім үшін бұрын белгілі емес
жаңалықтарды ашатынмын, содан кейін онша белгілі емес жаңалықтарды, ең
соңында-мүлдем белгісіз жаңалықтарды ашатынмын 17, 115.
Өзіндік жұмыс біздің пікірімізше, оқу-танымдық қызмет жүйесінің
элементі болып табылады. Бұл жүйеде төмендегідей топтарды бөліп көрсетуге
болады: субъективті, объективті, субъективті- объективті және мазмұндық-
операциялық.
Кең көлемде алғанда оқушылардың өзіндік жұмысы, танымдық міндетіне
сай білімдері, тәжірибелері мен қабілеттерін арттыру мақсатында олардың
біліктері, дағдылары меңгерген құралдары мен әдістерінің негізінде оқу
материалдарын өзгертуге бағытталған іс- әрекеттер жүйесі болып табылады.
Бұл анықтамадан төмендегідей белгілерді бөліп көрсетуге болады:
а) нақты немесе нақты емес түрдегі мұғалімнің ұсынып отырған танымдық
мәселелері;
б) бұған дейінгі ізденістер нәтижесінде қалыптасқан және алдағы
атқарылатын өзіндік жұмыстар ойдағыдай орындауға қажетті білім, қабілет,
білік, дағды.
в) қажетті мөлшерде өзгертіліп, нақты міндеттері көрсетілген танымдық
тапсырма құрамына кіргізілген оқу материалдары;
г) оқу материалдарын меңгеру үшін пайдаланылатын оқу құралдыры мен
әдістері;
д) оқушылардың білімін, тәжірибесін тереңдету мен кеңейтуге, сондай-
ақ оларда танымдық қажеттіліктер мен құндылықтардың қалыптасуы мен дамуына
бағытталған іс-әрекеттер жүйесі.
Тақырыптың, мақсаттың бағыттары мен оқу танымдық қызметтерін
көрсететіндіктен “а” және “б” белгілер сыртқы белгілер деп аталуы мүмкін.
Мектеп оқушыларын дербес танымдық қызметке қосудың дидактикалық ережелері
“б” бөлімде көрсетілген. Жұмысты жүргізу тәртібіне (процессуалдық) және
оның нәтижесіне қатысты белгілер “в”, “г”, “д” бөлімдерде берілген. Өзіндік
жұмысқа толық анықтама “сыртқы”, “ішкі” процессуалдық және нәтижелік
белгілердің жиынтығы бойынша беріледі.
Бұл айтылғандарды сызба түрінде көрсетуге (кесте 2) және төмендегіше
түсіндіруге болады: тәжірибелі, білімді, қабілетті өз дағдысы мен білігі
бар мұғалім, оқу материалдарына сай, қажетті жағдайды, дәлелді келтіріп,
мақсатты айқындай отырып, оқушыға танымдық тапсырма береді, ал ол өз
кезегінде білімі, тәжірибесі біліктілігіне сүйеніп, қажетті нәтижеге жетуі
үшін бірқатар іс-әрекеттерді орындайды. Мұндай іс-әрекеттердің қорытындысы
жаңадан алынған білім, білік, жағдай мен нәтижені, жасалынуы тиіс іс-
әрекеттерді меңгеруі болып табылады.

Схема 1 Өзіндік жұмыстың құрылымы

Мұғалім Оқушы
Білім, білік, Білім, білік,
дағды дағды
Жаңадан
алынған білім
Пән Пән
Мақсат Т1 , Т2 ,
..., Тп
Себеп Жағдай
Жағдай

Нәтиже

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұтымды ұйымдастыратын
мұғалімдердің тәжірибесі мен зерттеулері оларды қажетті дидактикалық
деңгейде және жүйелі ұйымдастыру сабақ материалдарының меңгерілуін
арттырып, оқушылардың танымдық процестерін, ойлау қабілеті мен шеберлігін
жоғарылатып, дағды қалыптастыратынын көрсетеді. Шәкірттердің өзіндік
жұмыстары оқу процесін жылдамдатады.
Оқу процесінде оқушының өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуы
шешушуі орын алады. Егер сабақта оған өз бетінше ойлануға әсер ететін
матриалдар тапсырылмаса, оқу процесіндегі ең қорқынышты құбылыс- зерігудің
орын алуына әкеліп соқтырады. Зерігудің себебін Ушинский “қашанда бір ғана
нәрсемен жанымен беріліп істелетін әрекеттің болмауы мен түсіндіру керек”
деп атап көрсетеді. Сондықтан да оқушының алдына қойылған кез-келген
танымдық міндет ол үшін жеке тұлғалық мағынаға сай келетіндей болуы тиіс.
Оқыту, тәрбиелеу жүйесінде балалар мен жеткіншектердің өз беттерінше білімі
мен шеберліктерін көтеруін ұтымды ұйымдастыру тәжірбиесіне зор көңіл
бөлінуі тиіс. Мұғалі көбіне оқушыларды өзіндік жұмысқа қатыстыруға дайындау
барысында, еңбектің мазмұнына баса назар аударып, балалардың қызығушылығы
мен таным деңгейін ескеруге жете мән бере қоймайды.
Мұғалімнің дайындаған түсінігі немесе оқушылырдың өз бетінше
орындалуына арнаған өзіндік жұмыс тапсырмаларында, көп жағдайды, балалардың
қызығушылуғы мен белсенділігін тудыратын мәселелер жетіспей жататындығы
байқалады. Осыған байланысты оқушының ішкі жан дүниесі іс- әрекетсіз қалады
да, ол бұл әрекетсіздікті өзінше толтыруға күш салады.
Әдіскерлер мен дидактиктердің қажырлы еңбегі нәтижесінде оқыту
теориясында оқушылардың өзіндік жұмыстарына қойылатан төмендегідей негізгі
талаптар айқындалған:
1) Өзіндік жұмыс мазмұнының оқу бағдарламасына қойылатын

талаптарға сәйкес болуы ;

2) өзіндік жұмыстарды атқаруға оқушылардың қабілеттерінің жететін
болуы;
3) жұмысты түсіне атқару қағидасының сақталуы:
4) өзіндік жұмыстардың белгілі жүйе бойынша ұйымдастырылуы;
5) оқушылардың өзіндік жұмыстарды орындауға төмендегідей тәртіп
бойынша дайындалуы:
а) оқушыларға өзіндік жұмыстың мақсаты мен міндеті жөнінде дәл
және қысқаша нұсқау берілуі;

б) оқушылардың жұмысты орындауға қажетті ұйымдастырушылық
және техникалық дағдыларға үйретіліуі;
в) оқушылардан елеулі деңгейдегі ой еңбегін қажет ететін
мәселелердің талап етілуі;
г) өзіндік жұмысты орындауға берілген уақыттың шектеулі болуы;
6) мұғалімнің өзіндік жұмыстың орындалу барысын қатаң қадағалап
қажетті жағдайда көмек беруі;
7) оқушылардың өзіндік жұмысының орындалуын міндетті түрде
тексерілуі;
8) оқушылардың жұмысты жүргізу кезінде өзін-өзі қадағалауға
дағдылануы;
9) өзіндік жұмысты ұйымдастыру барысында әр оқушыға дербес
талап қойылуы.
Өзіндік жұмыстың ұйыдастырушылық сипатын көрсететін белгілер
төмендегілер:
- өзіндік жұмыс мақсатының болуы;
- нақты тапсырмасының болуы;
- жұмысты тапсырма алған әрбір оқушының орындауы;
- өзіндік жұмыс нәтижесін көрсетудің нақты анықталған сипатының
болуы.
Бұл айтылғандар оқушының міндетті түрде алдына мақсат қоюы және соған
өз қабілетімен жету мүмкіндігі болуы керектігін көрсетеді;
Мектеп оқушыларының оқуын ұйымдастыру барысында осы көрсетілген белгілердің
барлығының болуы олардың тап өзіндік жұмыс пен айналысуларының дәлелі болып
табылады, егер осы белгілердің қайсысы болмасын біреуі жетіспейтін болса,
жалпы алғанда өзіндік жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндіктердің бар екендігі,
бірақ оның ұтымды пайдаланылып отырмағандығы туралы қортынды жасауға
жеткілікті негіз бар болып табылады.
Өзіндік жұмысты ойдағыдай ұйымдастыруға қажетті екі жағдайды ерекше
атап көрсетуге болады.
Біріншіден, өзіндік жұмыстың мақсатын оны атқаратын әрбір оқушы өзі
анықтауы тиіс.
Екіншіден, оқушылардың өзіндік жұмысты атқаруға жеткілікті деңгейде
дайындығы, яғни белгілі деңгейдегі білімі және оны жинақтау әдістерін
меңгерген болуы, сондай-ақ оларды нақты іс-әрекетке пайдалана алуы шарт.
Өзіндік жұмыс барлық оқу материалы, барлық жаттығулар жүйесі бойынша
ұйымдастырылуы мүмкін. Ол белгілі бір түсінікті қалыптастыру барысында
барлық уақытта-жаңа материалды ендіру, түсінікке тән қасиеттермен
таныстыру, түсінік пен зерттелуші объекті арасындағы сәйкестікті анықтауға
қажетті әдістерді игеру,объектіні түсінікке сай келетіндігі салдар мен
қорытындысын түйіндеу кезеңдерінде де пайдаланылуы мүмкін. Жұмыс зерттеу
нәтижесінде алынған мәліметтерді жүйелеу және тиянақталған білімді іс
жүзінде пайдаланумен аяқталады.
Өзіндік жұмыстар үлкен өзгешеліктермен сипатталып, олардың түрлерін
жүйелеу негіздеріне байланысты тәсілдерге сай бірнеше белгілермен
анықталады. Осыған қатысты әрбір қағиданың мазмұнын рет-ретімен қарастырып
көрелік.
1. Психологиялық. Өзіндік жұмыс оны атқарушының ой-еңбегіне қажетті
білім жинақтау мақсатында зерттеулер жүргізу әдістерінің жиынтығы ретінде
қарастырылуы мүмкін. Алға қойылған міндеттерді шешу мақсатында оқушы
алынған мәліметтерді өңдеу және пайдалану біліктілігін үйренуі, зерттелуші
түсінікте айқындалған белгілер бойынша қажетті бағытты таңдай білуі үшін
жүйелі түрде жұмысты барлық кезеңдерінен өткізілуі тиіс.
Өзіндік жұмысты үш түрге және соған сәйкес тапсырмаларға бөлуге
болады.
1) нақты іс-қимыл әрекеттері түрінде атқарылатын бағыттарды айқындау;
2) тілдік (сөз түріндегі) әрекеттерге қатысты бағыттарды айқындау.
Бұл түрлердің әрқайсысы атқарылатын тапсырмалардың ерекшеліктері
бойынша төмендегідей топтарға жіктеледі.
1) теңдестіру;
2) ажырату;
3) талдау (анализ);
4) жинақтау (синтез);
5) жобалау;
6) ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Алгебра элементтерін оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Мұражайда 7-сынып биологиясын оқыту әдістемесі
Қазақ тілі сабағында сөздік жұмысын ұйымдастыру
Математика сабағында оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру (математика пәні 3-сынып)
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Алгебра элементтерін дамыта оқыту (4-сынып)
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь