Креативті болудың жеңіл жолдары



1 Креативтілік немесе жай ғана қиялдау күші
2 Физикалық салмақ түсіру
3 Креативтілік және шығармашылық мәселелерінің теориялық аспектілері
Креативтілік немесе жай ғана қиялдау күші – образдарды, елестерді, идеяларды тауып, оларды өз қажетіңе байланысты басқару. Жаңа нәрсе адамға бұрыннан белгілі образдардың, елестердің, идеялардың бірігуінен келеді. Комбинация оқыс болған сайын, нәтиже де соғұрлым жақсы болады.Креативтілікке не кедергі? Факторлар жеткілікті, дегенмен негізгілеріне тоқтала кетсек.Біріншіден, жұмыс есі – компьютердегі оперативті жадтың аналогы. Ол мезеттік ойлау қызметі үшін қолданылады және өте шағын көлемді келеді. Жұмыс жадында мәліметтерді сұрыптап, қажетті фрагменттерді таңдау процесі жүреді.Екіншіден, ұзақ уақыттық естегі білімдер: идеялар, образдар, деректер, тәжірибе және тағысын тағылар. Білім ауқымды да алуан-түрлі болған сайын соғұрлым көп вариант ойлап табуға болады.Үшіншіден, мидың «молекулалық торы». Химия пәнін еске түсіріңіздерші. Металл мен алмастарда молекулалар бір-біріне тығыз орналасқан және берік байланысқа ие. Ал газ бен сұйықтықта молекулалар сирек орналасқан, құрылымы анағұрлым, байланыс та әлсіз. Сондықтан газ бен сұйықтық өз формасын оңай өзгерте алады. Адам басында да дәл осындай тордың бар екенін елестетіңіздерші, бірақ молекула орнына нейрондар болсын (бұл ми құрылысының суреттемесі емес, бар болғаны метафора). Креативті адамның миы сұйықтықтағы тор тәрізді. Ал қатаң тәртіппен өмір сүруге дағдыланған адамның миы – металдікі секілді.Әдемілік үшін тұрақты психикамен төлеуге тура келеді. Шығармашылық адамдар өмірге бейімсіз адамдай әсер қалдырады: кенеттен көңіл-күйінің түсуі, аса жоғары эмоционалды сезімталдылық, әлеуметтенуге байланысты проблемалары, психикалық бұзылуға бейімділік. Дегенмен, шошудың қажеті жоқ. Егер сіз жаңа Тесло, Байрон, Ницше бола қалсаңыз, осындай болмашы нәрселер үшін уайымдаудың қажеті бар ма?Енді креативтілікті қалай дамыту және оны қажетті уақытта күшейту білу жайлы сөз қозғасақ. БосаңсуНегізі, босаңсыған жағдайда ми анағұрлым креативті болады (тұрақтылықтың төмендеуінен шығар).Душ қабылдаңыз. Ең жақсы әдіс. Душ қабылдау кезінде сіз тек босаңсып қана қоймай, «байланыс аясынан тыс жерде боласыз». Өзіңіз де байқаған боларсыз – ең сәтті идеялар көбіне душта келеді.Саябаққа барыңыз. Табиғатты сырттай бақылау адамды тыныштандырады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Креативті болудың жеңіл жолдарыЕгер сіздің жұмысыңыз шығармашылықпен байланысты болып, сізге жаңа нәрсе ойлап табу керек болса, мына кеңестер қажетіңізге жарауы мүмкін.Креативтілік немесе жай ғана қиялдау күші - образдарды, елестерді, идеяларды тауып, оларды өз қажетіңе байланысты басқару. Жаңа нәрсе адамға бұрыннан белгілі образдардың, елестердің, идеялардың бірігуінен келеді. Комбинация оқыс болған сайын, нәтиже де соғұрлым жақсы болады.Креативтілікке не кедергі? Факторлар жеткілікті, дегенмен негізгілеріне тоқтала кетсек.Біріншіден, жұмыс есі - компьютердегі оперативті жадтың аналогы. Ол мезеттік ойлау қызметі үшін қолданылады және өте шағын көлемді келеді. Жұмыс жадында мәліметтерді сұрыптап, қажетті фрагменттерді таңдау процесі жүреді.Екіншіден, ұзақ уақыттық естегі білімдер: идеялар, образдар, деректер, тәжірибе және тағысын тағылар. Білім ауқымды да алуан-түрлі болған сайын соғұрлым көп вариант ойлап табуға болады.Үшіншіден, мидың молекулалық торы. Химия пәнін еске түсіріңіздерші. Металл мен алмастарда молекулалар бір-біріне тығыз орналасқан және берік байланысқа ие. Ал газ бен сұйықтықта молекулалар сирек орналасқан, құрылымы анағұрлым, байланыс та әлсіз. Сондықтан газ бен сұйықтық өз формасын оңай өзгерте алады. Адам басында да дәл осындай тордың бар екенін елестетіңіздерші, бірақ молекула орнына нейрондар болсын (бұл ми құрылысының суреттемесі емес, бар болғаны метафора). Креативті адамның миы сұйықтықтағы тор тәрізді. Ал қатаң тәртіппен өмір сүруге дағдыланған адамның миы - металдікі секілді.Әдемілік үшін тұрақты психикамен төлеуге тура келеді. Шығармашылық адамдар өмірге бейімсіз адамдай әсер қалдырады: кенеттен көңіл-күйінің түсуі, аса жоғары эмоционалды сезімталдылық, әлеуметтенуге байланысты проблемалары, психикалық бұзылуға бейімділік. Дегенмен, шошудың қажеті жоқ. Егер сіз жаңа Тесло, Байрон, Ницше бола қалсаңыз, осындай болмашы нәрселер үшін уайымдаудың қажеті бар ма?Енді креативтілікті қалай дамыту және оны қажетті уақытта күшейту білу жайлы сөз қозғасақ. БосаңсуНегізі, босаңсыған жағдайда ми анағұрлым креативті болады (тұрақтылықтың төмендеуінен шығар).Душ қабылдаңыз. Ең жақсы әдіс. Душ қабылдау кезінде сіз тек босаңсып қана қоймай, байланыс аясынан тыс жерде боласыз. Өзіңіз де байқаған боларсыз - ең сәтті идеялар көбіне душта келеді.Саябаққа барыңыз. Табиғатты сырттай бақылау адамды тыныштандырады. Испандық архитектуралық бюро дәл осы мақсатпен тіпті орманда кеңсе ашыпты. Ескере кететіні, жасанды табиғаттың көрінісі қажетті әсер бермейді.Ұйқыны қандырыңыз. Әр адамға керекті ұйқы мөлшері әртүрлі. Оны азайту мүмкін емес сияқты. Сондықтан көп фазалық ұйқы (тәулік ішінде ұйқы уақыты бірнеше периодқа бөлінеді) немесе сегменттік ұйқыны (яғни екі фазалық) қолданып көріңіз, бірақ, қалай болғанда да ұйқы ұзақтығын қысқарта алу екіталай.
Физикалық салмақ түсіру
Спортпен шұғылданыңыз. Ми огранизмнің 25 пайыз энергиясын жеп қояды. Сондықтан сізге көп энергия қажет. Шындап айналысыңыз. Күніне 1-2 сағат. Спорт көңілсіздіктің алдын алып, энергия береді. Өз-өзіңізді алдамаңыз, жаттығу жасауға қашан да уақыт табылады: физикалық формаңыз жақсы болған жағдайда мәселелер тез шешіледі.
Компьютер алдында тұрып жұмыс істеңіз. Тұрып тұрған кезде дене азырақ шаршайды, ал бас жақсырақ жұмыс істейді. Күні бойы тұрып тұру маңызды емес. Кезектестіруге болады: бір-екі сағат отырып, бір-екі сағат тұрып тұрыңыз.ОртаОйланатын заттан қашық болыңыз. Қашықтық ұлғайған сайынабстракті түрде ойлану оңай.Оппозициядан қорықпаңыз. Идеяғадегенкүреснәтиженің одан да жақсы болуына әкеледі.
Бас тартудан қорықпаңыз. Ол сізді одан әрі еңбектенуге итермелейді.
Ереженің көп болмауы. Ережеге сай жүруге итермелейтін заң аз болған сайын орта да креативті болады.Үлкен қалаға көшіңіз. Қала үлкен болған сайын, оның тұрғындары салыстырмалы түрде креативтірек келеді. Егер қала сан алуандылығымен (сырттан келгендер көп болса), жергілікті халықтың білімі деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленсе, тіпті жақсы.Командаңызға тек танып-білген адамдарды ғана емес, мүлдем танымайтындарды да алыңыз. Ең үздік көрсеткішке бірін-бірі білетін таныстардан ғана емес, жаңа адамдардан құралған аралас коллективтер ғана жетеді.Түрлі мамандықты бітірген адамдар бір-бірімен әрдайым кездесе алатындай офис тауып алыңыз. Мысалы, атақты Стив Джобс Pixar офисін жасау кезінде түрлі бөлімдердің қызметкерлері бір-бірімен жиірек байланысып тұра алатын етіп жобалаған.Өз-өзіңізбен жиі бетпе-бет қалуға тырысыңыз. Жалғыз қалу креативті паузаның пайда болуына қажетті.Өмір ережелеріКүнделік жазуды бастаңыз. Қай күні, қай сағатта, қандай жағдайда сізде шарықтау кезі болғанын және қашан өзіңізді нашар сезінгеніңізді бақылаңыз.
Әзілдеңіз. Әзіл креативтіліктің жаттығу құрылғысы секілді.Танысыңыз. Жаңа танысқа ие болу креативті болуға септігін тигізеді. Адам өзара байланыспайтын әлеуметтік топтардың арасында жүргенде, бірінен жаңа идея тауып, екіншісінде оны іске асыра алады.
Зеріккендікті өз пайдаңызға шешіңіз. Аспанда ұшудың өзі өз жемісін беруі мүмкін. Көп және түрлі нәрсеге қызығыңыз. Twitter мен Square-ді жасап шыққан Джек Дорси стартап, бейсбол, Вирджиния Вулф романдары, ақша тарихы, географиялық карта және басқа да жүздеген заттар жайлы қиналмай әңгіме-дүкен құра алады.
Әрдайым әлеуметтік желілердегі достарыңыз бен оқырмандарыңыздың тізімін өзгертіп тұрыңыз (айына 5-10 пайызын). Бірін жойып, басқа бірін достар қатарына қосыңыз.
Кітапты тиімді түрде оқып үйреніңіз. Ең жақсысын таңдап, кез келген форматта тез оқып бітіріп, мазмұнын ұзақ уақытқа есте сақтауға дағдыланыңыз.
Шет тілдерін меңгеріңіз және (егер қолыңыздан келсе) математикамен шұғылданыңыз. Математика мен тілдер қиын болғанымен, миды тонуста ұстап тұрудың тиімді әдісі. Мысалы, Тесла 8 тіл білетін болған.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Креативтілік психологиясыны? ?діснамалы? негіздері мен за?дылы?тары Шығармашылық психологиясының негізгі міндеті шығармашылық процесс пен креативтіліктің психологиялық меха-низмдері мен заңдылықтарын ашу. Шет елдік зерттеушілер шығармашылық дарындылықты түсіндіру үшін, креа-тивтілік түсінігіне жүгінеді.Креативтіліктің кейбір анықтамалары іс - әрекет нәтижесі, өнім терминінде жүйеленсе, басқалары - тұлғалық құрал процесінің терминінде жүйеленеді. Бір автор креативтілікті сирек кездесетін қабі-леттің арнайы түрімен түсіндірсе, екіншісі, барлық дені - сау тұлғалардың белгілі - бір деңгейде иемденетін жалпы креативті қабілетті назарға алады.К. Спирмен креативтілікті адамзаттың ойының күші ретінде есептесе, Симпсон креативті ойлау процесіндегі идеялар қатарының жалпы қабылданған қатарының бұзылуы ретінде сипаттаған.Е. Торренстің пікірінше, креативтілік - бұл арнайы емес, өнімді ойлау, зиятқа, жеке сипаттарға жүгінетін жалпы қабілет деп түсіндіреді. Ол шығармашылық про-цесті проблеманы қабылдау, шешім қабыл-дау, болжамды құру, түрлендіру, шешімін табумен сипатталады деген.Кеңес психологиясында креативтілік адамның шығармашылық мүмкіндігі ретінде, адамның әлеуметті маңызды шығармашылықты белсенділік айқындай алу қабілетін қамтамасыз ететін адамның тұрақты әрі ерекше құралы ретінде қарастырылады (Н.М. Гнатко) [1].Осыған орай, шығармашылық және креативтілік түсініктеріне сипат-тама беру үшін: процессуалды - нәтижелі (шығармашылықты айқындау үшін) және субъективті жүйелеуші (креативтілікті түсіндіру үшін) түсініктері қолданылады. Қазіргі таңда креативтіліктің өлшемдері ретінде зиятты іс - әрекеттің құрамдық ке-шені қарастырылады:1) уақыт бірлігінде туындаған иде-ялар саны;2) сонылық (жалпы қабылданған ұқ-сас сұрақтарға сирек идеялар құра білу қабілеті;3) қабылдағыштық ерекше бөліктерге сезімталдық таныту, бір идеядан екіншісіне жылдам, әрі икемді түрде ауыса алу);4) болжамды өңдеуге қабілеттілік;5) метаморфтылық (өз ойларын айқындауда белгісі бар, байланысқан құралдарды қолдану).И.Н. Дубина креативтілік түсіні-гіне келесілерді жатқызады:1) Әлеуметтік - мәдени ортаның құрған әсеріне қарамастан субъектінің өз проблемаларын жаңашылдықпен шеше алу қабілеті (жаңа әдіс, жаңа құрылым, жаңа шығармашылық бейне және т.б.);2) Жаңа құрылымдық процесі жаңашыл іс - әрекет пен жаңа идеялардың туындау процесі);3) Жаңашыл іс - әрекет өнімдері.Яғни креативтілік, шығармашылық сияқты жаңаны қабылдап, түсіну, танумен байланысты, жаңа қорытынды немесе сонылы шешім табу мен оны алу әдістерін алға қояды.Креативтілік субъективті - маңызды жаңашылдықты сипаттаса, шығармашылық - креативтілікті біріктіретін әлеуметтік - мәдени жаңашылдықты біріктіреді. Яғни, креативтілік шығармашыл тұлғаның дамуындағы ең жоғары баспалдағы, ал шығармашылық дараланып, аса жоғары шығармашылық деңгейге көтеріледі.Креативтілікке берілген анықта-маларға талдау жасай келе Р. Холлменн креативтілік жаңа тәсілмен жүзеге асқан қабылдау ағымы (Маккеллар), жаңа байланыстар табу қабілеттілігі (Кюби), жаңа қарым - қатынастың пайда болуы (Роджерс), жаңа шығармашылық негізі пайда болуы (Миррей), жаңалықты жасау, тануға ұмтылу (Лассуэль), жаңаны дүниеге әкелетін ақыл - ой әрекеті (Жерар), жаңа ұйымдастыруға тәжірибені трансфор-мациялау (Тейлор).Креативтілік тұжырымдамасы әмбе-бап шығармашылық таным процесі ретінде Дж. Гильфорд еңбегінен кейін кеңінен тарала бастады [2].Бұл тұжырымдаманың негізі болып, үшбұрышты үлгі зияттың құрылымын көрсетеді: материал Х, операциялары Х, нәтиже Х (structure of the intellect) Дж. Гильфорд ақыл - ой операцияларының екі түрінің конвергентті және дивергенттілігі арасындағы айырмашылықтарын ашып көрсетеді.Конвергентті ойлау адамға көптеген міндеттерді шешуде бір ғана дұрыс шешімін табуда қажет болады. Дегенмен де, нақты шешімі бір ғана емес бірнеше болуы да мүмкін, бірақ шешім көптігі шектеулі болады.Дж. Гильфорд конвергентті ойлауға қабілетті зияттылық тестімен, яғни, жоғары өлшемді тестілермен IQ өлшеу мүм-кіндіктерін ашып көрсетеді.Дивергентті ойлауды әр бағыттағы ойлау типіне жатқызады. Дж. Гильфорд: Бұл ойлаудың түрі мәселені шешуде нұсқалардың әртүрлі болуы, ойламаған нәтижелер мен қорытындыларға әкеледі, - дейді.Дж. Гильфорд дивергенция опера-циясын қайта жаңару немесе импликация, шығармашылық қабілеті ретінде креатив-тіліктің негізі деп түсінген.Гильфорд креативті өнімнің 2 түрін айырады: сипап-сезілетін, мәдениетпен мойындалған және психологиялық, ғұла-малар тудыратын емес, міндетті түрде сезілетін емес, бірақ сонымен қатар айтылған идеялар немесе ойланған идеялар да болуы мүмкін.Біз жекеше және қоғамдық креативтілікті айырамыз: жекеше креативтілік жекелеген адам өмірі тәжі-рибесінен өзін табады, ол қоғамдық креативтілік бүкіл мәдениетке көзін салады. Бұрын ешқашан осыны істей алмаған, қазір соны орындаған бала, жекеше алғанда креативті, бірақ кең көлемде көрінбейді. Дара креативтілік жеке адамның дамуы үшін өте қажет. Сонымен қатар, ол қоғамдық креативтіліктің бөлшегі тәріздес, қоғамдық процестерге әсер ету негізі, сондықтан креативті бастамаларды дамытудың маңызы өте зор.Зиятты зерттеушілер шығармашылық қабілеттерімен зиятты оқыту байла-нысының әлсіз екенін дәлелдеген.Бүгінгі күнде креативтілік процесте (проблеманы шешудегі сияқты 4 фазасын айырады:1) проблеманы ашып, мәліметтер жинақтаудың дайындық фазасы;2) инкубациялық фаза, мұнда бар білім проблема және жинаған мәлімет-термен араласып, жаңа қатынастар жасай-ды;3) шешім келетін, түсіну фазасы;4) тексеру фазасы, түсінік жаңа екенінің шыншылдығы сыналады және тексеріледі, жекеше аймақтарды кеңейте ме және ол қолданыла ма?Осы фазалардың әрқайсысы тұлғаны белгілі бір психикалық күйге түсіреді, ол қынжылу, ренжу, қуаныш және ең соңында концентрация ретінде бастан өтеді.Дайындық фазасы. Кез келген оған дайын емес жағдаят тудырады. Әсіресе ол сабақ үстінде, мұғалімнің берген жауабына оқушылардың әр деңгейдегі дарындылықтарына қарай жылдам немесе керісінше ақырын жауап беруі кезінде айқын көрінеді. Мұғалім бұл айырмашылықтарды, оларды қызық-тыратын және қиялын оятатын сұрақтар қою арқылы теңестіре алады. Сонда әрбір оқушы тақырыпқа өз мүмкіншілігіне сай қарайды. Бұл фазада бала сыртқы әлеммен (мұғалім бейнесінде) және де тәжірибе, ақпараттар сақталынған ішкі әлемімен де қатынасқа түседі. Бұл кезде бала өзін белсенді-ұстамсыз ұстап, шыдамсыздық көрсетеді. Егер осы тұста мұғалім тыныш отыруды талап етсе, ол креативті процесті тоқтатады.Инкубациялық фаза. Бұл фазада жаңа жағдайлар таныс тәжірибе аймағымен кездескенде, балаға қиындау соғады. Ол ұстамсызданады да, оңай шаршап қалады. Қарым-қатынас тұлғаішілікке ауысады, яғни бала тек өзіне ғана сене алады. Мұғалім осындай жағдаятта түсініктілік көрсетіп, балаларды тыныштандыруға тырысуы қажет.Түсініктілік фазасы. Түсініктілік көбінесе тосыннан келеді, сондықтан қатынас тұлғаішілік болып қала береді, себебі бала әлі ешқандай бекіту алған жоқ. Бұл әдетте сыныпта дарынды балалар қолдарын көтеріп, көбінесе жауапты айқайлап айтып қойғанда болады. Мұғалім мұны қабылдаса да, ол дистанция ұстауы тиіс, себебі түсінік әлі ойластырылып, тексерілген жоқ.Тексеру фазасы. Жауаптың дұрыстығын анықтау үшін проблема мен шешім салыстырылуы керек. Балалар көбінде мұны шыдамсыздана орындайды, себебі олар енді тез ары қарай жылжығысы келеді. Мұғалім өзін мейірімді ұстағанымен, өз талабын орындатуы қажет. Бұл кезеңде қатынас тұлғааралық болады: субьективтік түсінік обьективті анық-талады, басқаларға ұғынықты болу үшін.Оқыту - өнер ме, әлде ғылым ба?, - деп жиі сұрақ қойылады. Менің ойымша, бұл екеуі де. Алғашқы үш фазада мұғалім мен оқушылар бірге жаңа оқу тәжірибесін қалыптастырып, құрайды, ал төртінші фаза ғылыми, мұнда сынайды және тексереді.Психологтар қабілеттің екі түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді. Өнімсіз - іс - әрекетті не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.Шығармашылық - жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілет деңгейі.Шығармашылық белсенділіктің негізділігі креативтіліктің мәнін басқа бір нәрсе арқылы жеткізе алмау.Дағдарыс белгісіздік нышаны ретінде креативті іскерлерге кеңістік тазалай береді. Бірақ жаңа білім қайдан және қалай пайда болады? Шығар-машылық бастауының құпиясы транс-цендентті проблема, - деп жазған К. Юнг [3]. Құрылымның дүниеге келуінің ше-шімді сәтін В.Г. Буданов мистикалық деп атайды.Шығармашылық және көріп-білу құпиясы ...Бұл табиғат құпиясы... Танымның ең үлкен құпиясы, - деп жазады В.В. Василькова. Олай болса, бұл құпия ғылыми зерттеуге келе ме? Біз... қатерлі жолға тұрдық, шығармашылық бастаманы эволюциялық үрдіске қос-қанда, - деп мойындады В.В. Налимов.Е.Н. Князеваның айтуынша, Шығармашылық жұмбағы-байланыс және шоғырлану процестерінің жинақтауының, қосылуының жұмбағы.А.А. Кобляков шығармашылық про-цестің тиімді теориясын құру міндетін қояды, оны метажүйелік бағытта шешу мүмкіншілігін көреді және осы процестің логика-семантикалық және логика-алге-бралық бейнеленуін ұсынады.Креативтілікті тестілеу оңтүстік Колифорния штатындағы университет психологтарының зерттеуімен байланысты.Дж. Гильфорд креативтіліктің төрт маңызды көрсеткішін береді:1) төтендік - алыс байланыстарды қамтамасыз ету қабілеттілігі;2) ерекше бөлек жауап қайтару;3) семантикалық қабілеттілік - объективті қызметін айқындап, жаңа қолданыс ұсыну;4) бейнелердің бейімделу қолайлығы - түрді қолдануға қажетті жаңа белгілерін байқау үшін стимул өзгерту;5) семантикалық аяқ астылық қолайлылық - әртүрлі жағдайда әртүрлі идеяларды ойлап табу.Жалпы зият креативтілік құрамына енбейді. Кейінірек Дж. Гильфорд креа-тивтіліктің алты параметрін көрсеткен:
1) проблеманы қою және байқау қабілеттілігі;
2) көп идеялар қабілеттілігі;
3) бейімділік - қабілеттілік әр түрлі идеяларды еске алу;
4) төтендік - қабілеттілік дәстүрден тыс жауап беру;
5) нысанды бөлшектер қосып же-тілдіру;
6) проблеманы шеше білу қабі-леттілігі, яғни талдау мен жинақтау қабілеттілігі.
Осы теориялық талдау негізінде Дж. Гильфорд қабілеттерді тестілеуде жасаған бағдарламасы (ARP) өнімді дивергенттік ерекшелігін көрсетеді.Көптеген зерттеулерде креа-тивтілікке әр адамда бар психологиялық креативтілік механизмдер және шығар-машылық әлеуетке назар аударады. Бірақ, әр адамда әр түрлі сан мен сапа да кездеседі, сондықтан проблема деңгейі даму сатысына және байқау мүмкіндіктерін қарастырады. Креативтілік табиғатын ашу эксперименттік тұрғыдан талдау негіздеріне сүйеніледі дей отыра, А.В. Морозов бірінші топқа жалпы психо-логиялық және тұжырымдамалық бағыт-тылықты (С.Л. Рубинштейн, 1941; К. Дункер, 1965) жатқызады [4].Бұл топтағы психологтар шығармашылық психологиясының әдіс-намалық негізін, оның заңдылықтарын және шығармашылық іс - әрекеттің меха-низмін зерттейді.Шығармашылық психологиясында (Б.Ф. Ломов), педагогика мен психологияның әр бағыттағы зерттеулерінде әлеуметтік мәнді нәтижелерін біріктіруге қабілетті жалпы психология теориясын жасауға ұмтылады.Екінші топты сараланған психо-логиялық типтегі шығармашылықты эксперименттік - эмпирикалық зерттеу, тұлғаның шығармашылық іс - әрекетінің мінездемесі мен қабілеттілігін айқындауға бағыттайды.Креативтілік - жаңа өнім немесе шығармашылық ойлау нәтижесі (К. Тейлор, В.А. Терехов, О. Тихомиров) деп көрсетеді. Басқа зерттеулерде шығар-машылық процестің басымдылық нәтижесі жаңаны ойлап табу (А. Арнгейм, А.В. Брушинский).Бұл Р. Арнгейм еңбектерінен айқын байқалады шығармашылықты сол нысанмен бақылауға болмайды, ол өндіретін нәтиже. Креативтілік - ол білімнің толық ашылуы, эвристикалық іс - әрекет деген атқа ие болады.Эвристика проблемасын зерттеу арқылы психолог В.Н. Пушкин: Проблеманы шешетін психологиялық процес, жаңа стратегияны шығарады, белгілі бір жаңалық ашылады, атауы табылатын эвристикалық іс - әрекет, - дегенді айтады.Креативтілік мінездемесі белгілі бір өнімді немесе кәсіби іс - әрекет пайда болатын психологиялық белгілер кешенінен тұрады. Дж. Гильфорт әртүрлі қабілеттерді креативтіліктің бірліктері ретінде қарайды.А.В. Морозов креативтілік тұлғаның зияттылық және тұлғалық ерекшеліктерінің кешені, проблеманы өз бетімен шешетін, жаңа сонылы идеялардың туындауы және проблеманы қалыптан тыс шешуі деген.Егер креативтілік мәселесін қарым - қатынас арқылы қарастыратын болсақ, субъект - пән (шығармашылық процесс), сондықтан бұл жерде өнімді ойлау процесінің зерттелуіне тереңірек тоқталу керек (А.В. Брушлинский, И.П. Калошина, О.К. Тихомиров).Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе, креативтілік педагогикалық - психологиялық тұлғаның категориясы екендігіне дау тудырмайды, мәселе креативтілік анықтамасын нақтылауда даулы жағдайлар кездеседі. Креативтілік дивергентті ойлау (Дж. Гильфорт, О.К. Тихомиров) жеке зиятты белсенділік (Д.В. Богоявленская, Л.Б. Ермолаева - Томина) немесе тұлғаның біріктірілген сапасы (Я.А. Пономорев).Ғалымдардың әр көзқарасы терең дәлелденген және мойындауды қажет етеді. Дегенмен, жоғары оқу орындарының кәсіби педагогикасы мен (креативті андрогогикада) оның сапалық көрсет-кіштері мен негізгі байқау деңгейлері анық емес. Егер креативтілік аталған ұста-нымдардың бірімен ғана айқындалатын болса, оның зерттеу проблемалары ауқымы тарылып, біржақты ғана қаралар еді. Әсіресе, білім беру жүйесінде тек нәтиже алу ғана емес, оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі шығармашылықты басқару мен ұйымдастыру барысында тұлғаның шығармашылық әлеуеті және тұтас креативтілік дамуы керек. Сондықтан да, бүгінгі таңда тұлға категориясы ретінде, креативті оқыту мен тәрбиелеу мүм-кіндіктерін ашу аса маңызды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінің Педагогика және психология бөлімінде А., Мектеп 2002 КРЕАТИВТІЛІК (лат. Creatio - жасау) - адамның шығармашылық дарын деңгейі шығармашылық қабілеті деп көрсетіледі [5].Философиялық сөздік креативтілік - Creatio - ойлап табу, жасап шығару. Ойлап табу қабілеттілігі, проблема мен жағдаятты жаңа өзгеше көзқараспен қарайтын шығармашылық қабілет. Шығармашылық тұлға үшін қиял мен эмпатияның даму қабілеттілігі сипатталады, яғни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамыту
Ы. Алтынсарин өмірі және шығармашылығы
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауды дамытудың жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері
Ағылшын тіліндегі түсіну
Мұғалім - педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде
Әлемдік спорттық туризм ареналары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қазақстанда баламалы туризмді дамыту әлеуеті
Пәндер