Созылмалы іш қату синдромы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Іш өту

  • Ауру қоздырғышы ластанған тағамдар, сапасыз су, кір қол, ойыншықтар және басқа да күтім заттары арқылы ағзаға түседі.
  • Іш өтунемеседиарея- бірқатар аурулар кезінде асқазанның функционалдық қызметінің бұзылуынан (асқазан сөлінің және асқазан асты безі сөлінің, еттің және т. б жеткіліксіз бөлінуі), ішектің ауруға шалдығуынан т. б. пайда болатын симптом.
  • Кейбір адамдарды іш өту сезім күйзелістері салдарынан болады. Кейде іштің бұзылуы организмдердің кейбір тағамдарды қорыта алмауынан байланысты. Іш өте бастағанда дәрігерге көріну керек.
  • Іш өту. Ішек қызметінің бұзылуы, асқазан, бауыр ауруы салдарынан үлкен дәреттің сұйық түрінде жиі-жиі өтуі. Орталық жүйке жүйесін қалпына келтіріп, диета сақтау, дәрумендер мен емдік дәрі-дәрмектер қабылдау қажет. Алғашқы 2 күн ашығып, лимон, қарақат шырынын қосып, жылы шай ішеді, 1 ас қасық қызыл шарап қосуға болады. Итмұрынның немесе қарақаттың қайнатпасын жылы күйінде қабылдайды, алма, алмұрт не қарақат компотын ішеді. Келесі 2-3 күн күріштің, сұлының, ұнтақ жарманың сұйық ботқасын жейді, аздап сары май қосады. Одан кейін айран, сүзбе, езілген картоп жейді. Көбінесе сапасы бұзылған не сапасыз тағамнан, судан, квастан, сырадан т. б. ыстық кезде пайда болады.
  • Эубиотиктер
  • Эубиотиктер - дисбактериоз кезіңдегі микрофлораны коррекциялауға немесе оның алдын алуға қолданылатын биопрепараттар. Эубиотиктер арнайы таңдалған дисбактериозбен науқасталған организмде тіршілік ету қабілеті бар, жоғалған шынайы микрофлораны толтыра алатын микрофлораның жоғары активті штаммдарынан дайындалады. Нәжісінде олар эубиоздың қалпына келуіне көмектеседі.
  • Бұл биопрепараттар құрамына көбінесе қалыпты микрофлора өкілдері тірі лиофилизирленген бактерия дақылдары кіреді және микробтық клеткалар саны белгілі ұнтақ немесе таблетка түрінде шығарылады. Емдеу 1-3 ай және одан көп ұзақ курстармен жүргізіледі.
  • Есте ұстаңыз!!!
  • Рецепттер. 1) анардың қабығын (1 ас қасық) 1 стақан қайнаған суға салып, 2 сағат тұндырып қояды да, сүзіп алып, бір стақанды бірақ ішеді; 2) сиырсілекейдің тамыры мен тамырсабағының 2 шай қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, 30 минут қайнатады. Суытып, сүзеді. Күніне 1 ас қасықтан 5-6 рет ішеді; 3) қымыздықтың 1 ас қасығын майдалап, 1, 5 стақан суда 15 минут қайнатады да, 3 сағат бұқтырып қояды, сүзеді. Тамақтан 30 минут бұрын 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді. Бұл іш өткенде, дизентерияға, энтероколитке мың да бір дауа; 4) созылмалы іш өту кезінде: емен (қабығы) - 30 г; қымыздық (дәні) - 20 г; үшқат (жапырағы) - 20 г; мыңжапырақ (шөбі) - 20 г. Майдаланған қоспаның 2 ас қасығын 0, 5 л қайнаған суға салып, 2 сағат жылы жерге бұқтырып қояды, суығанда сүзіп алады. ¼ стақаннан күніне 3-4 рет ішеді; 5) балалардың іші өткенде: түймедақ (гүлі) - 20 г; шалфей (шөбі) - 25 г; толғақшөп (шөбі мен гүлі) - 30 г. Қоспаның 2 ас қасығын 0, 5 л қайнаған суға салып, 2 сағат тұндырып қояды да, сүзіп алып, ¼ стақаннан күніне 5-6 рет ішеді.
  • Сырқаттың сипатына және ауру адамның жай-күйіне қарай дәрігер тиісті ем мен диета тағайындайды. Рационнан ішекте ашитын немесе асқазан- ішек жолын тітіркендіретін азықтар (сүт, кепкен, қуырылған тағамдар, майлы және ащы тағамдар) шығарылып тасталады. Іш тоқтатуға септігі тиетін сусын ретінде ауру адамғакисель, күріш суы, емен қабығының қайнатпасы және т. б. беруге болады.
  • Екі жасқа дейінгі балаларда негізінен диарея түрінде болады, диарея - жиі сұйық іш өту. Диарея ағзаны сусыздандыруы мүмкін. Сусыздану - бұл ағзадағы судың көп мөлшерін және минералын жоғалту. Ол өте қауіпті, кейде тіпті бала өліміне соқтыруы мүмкін. Сондықтан балалардың іші өте бастаса, құсса, оған сұйықты бұрынғысынан көп мөлшерде қайнаған су, одан да дұрысы сулы-тұзды қоспасы регидрон берген жөн. Регидрон судан гөрі тез сіңіріледі және су мен тұздың көп жоғалуын тежейді.
  • Іші өткен балаға жасына сай күнделікті тағамдарын береді. Егер сәби еметін болса, күндегісінен жиірек және ұзағырақ емізеді. Емшек сүтінде қажетті құнарлы заттар бар. Егер бала ембейтін болса, немесе ол 6 айлық немесе одан асса, емшек сүтіне қосымша тамақ жейтін сәбиге ол бұрын жеп әдеттенген құнарлы заттарға бай тағамдарын береді: ұнтақталған көкөністер мен ет қосылған ботқалар, күріш қайнатпасы, айран, көкөніс сұйығы (картоп, сәбіз) беруге болады. Қант тым көп қосылған сусындар, жеміс шырындарын беруден сақ болған жөн. Себебі, ол іші өткен сәбидің жағдайын қиындатып жіберуі мүмкін.
  • Егер балада әлсіздік немесе мазасыздық пайда болса, бала су іше алмаса, емшектен бас тартса немесе шөлдесе, дене қызуы 37, 5 және одан жоғары көтерілсе, жиі құсса және жиі іші өтсе, үлкен дәрет қан араласқан болса, тез арада дәрігерге көрсетіңіз. Баланы дәрігерге көрсеткенге дейін регидрон ертіндісіннен басқа ешнәрсе бермеңіз. Егер сіз дәріні өз бетіңізше, дәрігердің кеңесінсіз қолдансаңыз бала денсаулығына зиян келтіресіз.
  • Балада диарея болмау үшін алдын алу шаралары: баланы 2 жасқа дейін емшек сүтімен тамақтандырыңыз. Есте сақтаңыз, ана сүтінде баланың алғашқы өміріне қажетті барлық нәрлі зат бар. Сонымен қатар, ана сүті баланы жұқпалы аурулардан сақтайды. Алты айлығынан бастап қосымша тамақты дұрыстап беріңіз.
  • Тамақты ішер алдында дайындаңыз. Баланы қасықпен тамақтандырыңыз. Емізер алдында және тамақ дайындар алдында қолыңызды мұқият жуыңыз. Тамақты таза жерде және таза ыдыста дайындаңыз. Пайдаланылатын су қайнатылған, таза жеткілікті мөлшерде болуы керек. Жеке бас тазалығын сақтаңыз. Ойыншықтарды үнемі таза ұстаңыз, ластанған кезде жуыңыз. Баланың дәрет тазалығын дұрыс қадағалаңыз. Баланы дәреттен кейін бірден жуындырыңыз. Содан соң өзіңіздің және балаңыздың қолын жуыңыз.
  • Балалардағы іш өту проблемасы бірнеше маңызды ерекшелік иеленеді. Ерте жастағы балаларда (емшектегі сәбилер, бір жастағы балалар) сұйық нәжіс қалыпты, ешқандай емді талап етпейтін құбылыс та болуы мүмкін. Кей жағдайларда тұтқиылдан немесе ұзақ мерзімді іш өту бір жасқа дейінгі баладағы қатерлі дертпен сабақтас болуы да ықтимал.
  • Егер іш өту дерт фонында дамыса, онда қауіпті сусыздану пайда болуы мүмкін. Баланың іш өтуі, жүрек айнуы және құсуы оның өміріне қауіп төндіретін елеулі дерт белгілері болуы ықтимал.
  • Егер:
  • - 1 жастан төмен (әсіресе алты айға толмаған) сәби ауырса;
  • - сәбиде дене қызуы 38оС-ден жоғары болса;
  • - сәбиде өте жиі және мол көлемде іш өтуі болса (іш өтудің 3-5 эпизодынан көп) ;
  • - сәбиде жиі құсу білінсе (3 құсу эпизодынан астам) дәрігерге тезірек көрсету қажет.
  • Егер сіз баланың көзінен жас шықпай жылағанын, оның ернінің құрғағанын, көздерінің шүңірейгенін, еңбегінің төмен түскенін, маужырап, ұйықтай беретінін, әлсірегенін аңғарсаңыз бұл туралы аймақтық бала дәрігеріне немесе мейірбикеге жедел хабарласыңыз.
  • Үлкен дәрет (стул) бұл кезде өте сұйық болады, кілегейдің көп көлемі байқалады, көпіршікпен немесе газдың көп мөлшерінің шығуымен сипатталады.
  • Ұдайы іш өтуде бала салмақ қоспайды немесе тіпті жүдейді.

Іш қату

ЭПИДЕМИОЛОГИЯ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іш қатудың анықтамасы
Ішек синдромы
Балалардағы асқазан ішек
Жүйке жүйесі аурулары фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клиникалық-фармакологиялық жолдар принциптері.
Пациентті тексеру әдістері
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Ас қорыту жүйесінің патологиясы
Тоқ ішек аурулары
Ас қорыту жүйесінің патологиясы туралы
ИНЕШАНШУ ЖӘНЕ КҮЙДlРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz