Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Кіріспе:
І.Тарау. Орта ғасырлық ғұламалардың еңбектері.
1.1.Орта ғасырлық түркі ғұламалары.
1.2.Орта ғасырлық ғұламалардың ғылыми еңбектері және олардың сақталуы.
ІІ.Тарау. Орта ғасырлық ғұламалар жайында деректер
2.1. Ғұламалар жайында тарихи деректер және олардың зерттелуі.
2.2. Ғұламалар еңбектеріндегі қарастырылатын негізгі мәселелер.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Бұл орта ғасырлық түркі ғұламаларының еңбектерінде орта ғасырдағы түркі тілдері және түркі халықтарының мәдениеті мен тарихына қатысты маңызды мәліметтер жинақталған баға жетпес құнды деректер беретіні сөзсіз. М.Қашқари, Әл-Фараби, Ахмет Иүгінеки болсын, еңбектерін араб лексикографиясында қалыптасқан сөздік түзу принциптерінің негізінде жасап, түркі тілдерінің грамматикасын араб тілінің грамматикасының негіздеріне салып жүйелеген. М.Қашқаридің ұсынған сөздік түзу принципі мен түркі тілдерінің грамматикасы араб тіліндегі сөздік түзу принциптері мен араб тілінің грамматикасымен ұштасады. Сондықтан "Диуан луғат әт-турк" сөздігін араб сөздіктерімен салғастыра зерттеген еңбектер мен ізденістердің бүгінгі тіл біліміндегі орнын толтыру үшін, сондай-ақ осы сипаттағы зерттеулердің маңызды тақырып болып отырғанын жан-жақты ескере келе аталған зерттеу бағытымыздың өзектілігін жоғары деп ойлаймыз.
М.Қашқари, Әл-Фараби, Ахмет Иүгінеки секілді ғұламалардың еңбектерін олардың діліне, дініне және мәдениетіне басымдылық бере отырып талдауға, қазақ арабтануына тың тақырыптар мен көзқарастар ұсынуға, ауқымын кеңейтіп, болашақ арабтанушылар үшін арабша түсіндірме сөздіктерді пайдаланудың жолдарын айқындап беруге бастайды.Сонымен қатар Әл-Фарабидің еңбектеріненде математика, физика, медицина,философия және педагогика саласында болсын мол мұра алуға болады.

1.Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»
2.Келімбетов Н. Қанафин Ә. «Түркі халықтары әдебиеті» А; 1996 ж.
3.Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.
4.Бердібаев Р. «Кәусар бұлақ» А; – 1989 ж.
5.Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.
6.Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991
7.Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы» А –1988 ж.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Тарих кафедрасы
Студенттердің кезекті ХХІІІ ғылыми-теориялық конференциясы
Баяндама
Тақырыбы: Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары.
Орындаған: Әліпбай Бейімбет
Түркістан 2014
Жоспары
Кіріспе:
І-Тарау. Орта ғасырлық ғұламалардың еңбектері.
1.1.Орта ғасырлық түркі ғұламалары.
1.2.Орта ғасырлық ғұламалардың ғылыми еңбектері және олардың сақталуы.
ІІ.Тарау. Орта ғасырлық ғұламалар жайында деректер
2.1. Ғұламалар жайында тарихи деректер және олардың зерттелуі.
2.2. Ғұламалар еңбектеріндегі қарастырылатын негізгі мәселелер.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Бұл орта ғасырлық түркі ғұламаларының еңбектерінде орта ғасырдағы түркі тілдері және түркі халықтарының мәдениеті мен тарихына қатысты маңызды мәліметтер жинақталған баға жетпес құнды деректер беретіні сөзсіз. М.Қашқари, Әл-Фараби, Ахмет Иүгінеки болсын, еңбектерін араб лексикографиясында қалыптасқан сөздік түзу принциптерінің негізінде жасап, түркі тілдерінің грамматикасын араб тілінің грамматикасының негіздеріне салып жүйелеген. М.Қашқаридің ұсынған сөздік түзу принципі мен түркі тілдерінің грамматикасы араб тіліндегі сөздік түзу принциптері мен араб тілінің грамматикасымен ұштасады. Сондықтан "Диуан луғат әт-турк" сөздігін араб сөздіктерімен салғастыра зерттеген еңбектер мен ізденістердің бүгінгі тіл біліміндегі орнын толтыру үшін, сондай-ақ осы сипаттағы зерттеулердің маңызды тақырып болып отырғанын жан-жақты ескере келе аталған зерттеу бағытымыздың өзектілігін жоғары деп ойлаймыз.
М.Қашқари, Әл-Фараби, Ахмет Иүгінеки секілді ғұламалардың еңбектерін олардың діліне, дініне және мәдениетіне басымдылық бере отырып талдауға, қазақ арабтануына тың тақырыптар мен көзқарастар ұсынуға, ауқымын кеңейтіп, болашақ арабтанушылар үшін арабша түсіндірме сөздіктерді пайдаланудың жолдарын айқындап беруге бастайды.Сонымен қатар Әл-Фарабидің еңбектеріненде математика, физика, медицина,философия және педагогика саласында болсын мол мұра алуға болады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті.
Орта ғасыр ғұламалары халкымыздың бойына, кейінгі ұрпаққа, арғы алыс болашаққа үлгі боларлық білімнің нәрін және қасиеттерін насихаттауда үлесі зор.Орта ғасыр ғұламаларының шығармаларын қазіргі таңдағы жастарға, сол заманғы тарихты, мәдениетті, салт-дәстүрді рухани өмірін білуге зор септігін тигізеді.
Ә-Фарабидің әдебиеттану, философия, тіл білімі, музыка салалары бойынша жазған зерттеу еңбектерінің мазмұнын ашып көрсету. Сонымен қатар Махмуд Қашғаридың да Диуан Лұғат ат-Түрк еңбегінің не мақсатта жазлығанын, еңбектің атауын неліктен Диуан Лұғат ат-Түрк деп қойғандығын себебін анықтау.
Ахмед Иүгінекидің еңбектеріндегі қарастырылатын негізгі мәселелерді түсіндіру.Жалпы ғұламалар еңбектерінің негізгі тақырыбы мен идеясын, туындыларының маңызы мен алатын орнын түсіндіру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Орта ғасыр ғұламаларының мұраларын зерттеуде тек қана Шығыс, Орыс ғалымдары ғана емес, Батыс ғалымдары да зерттеп, еңбектерін жариялауда. Бұл тұрғыда Америкалық ғалым Николас Решерді айтуға болады.
Орта ғасыр ғұламаларының сан салалы ғылыми-шығармаларын жан-жақты зерттеп, оны ғылыми баспалар арқылы жариялау ісіне Н. Машанов, А. Қасымжанов, А. Көбесов сияқты қазақ ғылымдары да көп үлес қосты.
Тақырып незінде бұған дейінгі уақытта кең ауқымда зерттелген және бұдан кейінгі уақытта да зерттеледі деп ойлаймын. Мұндай ғалымдар және де бұл ғалымдардың ғылыми еңбектері кейінгі ұрпақтарда кең көлемде зерттемеуі мүмкін емес.
Жұмыстың құрылымы: Тақырыптың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-Тарауда Орта ғасырлық ғұламалардың ғылыми еңбектері, жүріп өткен өмір жолдары қарастырылады.
ІІ-Тарауда Орта ғасырлық ғұламалар жайында тарихи деректер, олардың зерттелуі және ғұламалар еңбектеріндегі қарастырылатын негізгі мәселелер жайында баядалады.

Азия мен Еуропаны қосып жатқан Қазақстанмен әлемнің көптеген елдері әртүрлі тарихи, мәдени, қоғамдық, саяси-экономикалық байланысын күні бүгінге дейін үзбей жалғастырып келе жатыр. Ежелден басталған бұл байланыс халықтың мәдени өмірі мен рухани дүниесіне өзінің барлық болмысымен өшпес ізін қалдырғаны даусыз. Адамзат қоғамының бір бөлшегі ретінде жасап келе жатқан қазақ мәдениеті шығыстық өркениеттің құрамдас бір бөлігі десек, ата-бабаларымыз өзінің күрделі де сан қырлы тарихының қатпарлы беттерінде Үндістанмен, Қытаймен, Мысырмен, Иракпен, Сириямен, Византиямен, Иранмен әртүрлі деңгейде мәдени байланыста болғаны тарихтан белгілі. Қазақ жерінен шыққан ұлылар осы мемлекеттерге барып шығыстық ілім алып, білім сырына қаныққан. Рухани байланыстың осы елдермен толассыз жүргенінің кепілі - Әбу Насыр әл-Фараби, Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Махмұд Қашқари және Ахмет Иүгінеки сынды данышпандардың еңбектері мен зерттеулері.
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі -- 13 ғасырдың басы, сонда) -- ортағасырлық ақын, хәкім ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб,парсы тілін меңгерген білімді адам болған.
Өмірбаяны
Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай "Әдиб Ахмед" деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, "һибуат-ул-хақаиқ" ("Ақиқат сыйы") деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда "Ақиқат сыйы" -- Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 -- 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.
Әл-Фараби (870 -- 950 жылдары)
Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, топ жарғаны -- "Шығыстың Аристотелі" атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні -- Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Түркі оқымыстылары Әбунасыр ныспысының соңына кейде "әт-түрки" деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі.
Араб,парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.
Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Өйткені көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда,"Мәуереннахрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту, олардың бес жасар кезінен басталатын болған".
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбунасырды ата-анасы Таяу және Орта Шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбунасыр Бағдатқа бармастан, жолай Шаш пен Самарқан, Бұхара шаһарларында білімін толықтырады. Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірешілері ештеңе айтпайды. Кейін ол Иран еліндегі Мешһед, Нишапур,Рей, Исфаһан қалаларына келеді, халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдатқа аттанады.
Махмуд Қашғари
Тегі Қашғари немесе Қашғарлы бола тұрса да, ғалымдар әкесінің Барысхан қаласынан екендігіне сүйене отырып, оның да сонда туғандығын алға тартады. Себебі Қашғари диуанының ешбір жерінде өзін Қашғарлық деп атамайды. Тек диуанында Қашғар қаласын ауа-райы мен ықлымын асыра мақтауы, Қашғар аймағына қарасты Қасы, Адығ, Опал секілді елді мекендерді біздің ел деп атауы, сондай-ақ Қашғар қағандардың өмір сүретін мекені екені және сол жерде білім алып, өскендігі оның Қашғари аталуына себеп болғанға ұқсайды. Ғалымның өзі Барысхан жайында: Барысхан Афрасиябтың ұлы, қаланы сол салдырған және өзінің атын берген деп толық мәлімет берсе, тағы бір жерде: Ауасы таза, шөбі шүйгін болғандықтан қағанның атбегісі осында жылқы жайған, кейін елді мекенге айналған кезде қала сол атбегінің атымен аталып кеткен, - деп, қала атауына себеп басқа бір дерек келтіреді.
Кей деректерде ғалымның Қашғар қаласының оңтүстік батысындағы Опал елдімекенінде дүниеге келгендігі айтылады. Шынында да Қашқари сөздігінде Опал елді мекенінен сөз еткенде біздің елде бір ауыл, біздің елдің жайлауы секілді анықтамалар бергендігін көреміз.
Қашғаридің туған жылы жөнінде де түрлі көзқарастар бар. А. Егеубаев Диуанның жазылған уақыты мен О. Пицактың пікіріне сүйене отырып, 1029-38 жылдар туған болуы керек деген болжам айтады. Дегенмен көпшілік ғалымдар 1008 жылы туған деп есептейді.
ҚАШҚАРИДІҢ ШЫҚҚАН ТЕГІ
Өзінің асыл текті әулеттен шыққанын мақтан тұтқан Қашқари Шығыс Қараханиттер династиясы ханзадаларының бірі болып табылады. Шежіресі түркілер арасында ислам дінін қабылдап, тұңғыш рет мемлекеттік дін мәртебесіне көтерген атақты Қараханиттер ханы Абдулкерім Салтұқ Буғра Ханға барып тіреледі. Толық аты-жөні Қашғари Махмұд ибн Хүсейін ибн Мұхаммед. Әкесі Хүсейін ибн Мұхаммед Чағры Тігін Барысхан қаласының әкімі болған. Ал атасы Мұхаммед Буғра хан ибн Юсуф әуелі Тараз бен Сайрам қалаларының әкімі, кейін 1057 жылдары Қараханиттер мемлекетін билеген. 15 айдай билік жүргізгеннен кейін Мұхаммед Буғра хан тақ мұрагері ретінде үлкен ұлы, Махмұдтың әкесі Хүсейінді хан көтеруге шешім қабылдайды. Алайда Хүсейіннің таққа отыруын көре алмаған ханның тоқалы, Хүсейінді таққа отырғызу рәсімінде таратылған асқа у қосып беріп, күйеуі Мұхаммедтен бастап әулеттің бір - неше атқамінерлерін улап өлтіреді. Күйеуі Мұхаммед пен Хүсейіннің жақтастарына да ажал құштырып, ақыры өз баласы Ибрахимді хан тағына отырғызады. Әкесі хандыққа, өзі де ханзадалыққа әзірленіп жүргенде отбасы мүшелері қынадай қырылып, басына қара бұлт үйрілген Қашқаридің бұдан кейінгі өмір тарихы күңгірттеу. Әсілі Қашғардан қашып, көршілес түркі тайпаларын барып паналаған Махмұдтың түркі тайпаларының тілін жетік меңгеруіне де осы ауыр тағдыры себеп болса керек. Үлкен атасы Юсуф Қадыр Хан ибн Харун Қотан қаласын, ал әкесі Харун Қылыш Буғра Хан ибн Сүлейман 992 жылдары Бұхараны Саманиттерден азат еткендігі тарихтан белгілі. Харун Қылыштың әкесі Сүлейман Байташ Хан, оның әкесі де Абдулкәрім Салтуқ Буғра хан. Яғни Қашқари атақты Қараханит ханы Салтуқ Буғраның алтыншы ұрпағы болып табылады.
1.2. Орта ғасырлық ғұламалардың ғылыми еңбектері және олардың сақталуы.
Ахмет Иүгінекидің "Ақиқат сыйының" түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 -- 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі -- 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі -- 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя -- София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; "Ақиқат сыйының" үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдың ақырында, немесе 15 ғасырдыңбасында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты "Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі" деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған (көлемі 4 бет), Берлин Ғылым Академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із-жосықтары Ахмет Иүгінеки. еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын дәлелдей түседі. "Ақиқат сыйының" бірнеше нұсқасын тауып, зерттеп, жариялауда -- Н. Әсім, Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ресей), Т. Ковальский (Польша), жылы Дени (Франция), Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Б. Сағындықов (Қазақстан), Н. Маллаев, қаласының Маһмудов, С. Мутталибов (Өзбекстан) т.б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі зор. Ахмед Иүгінеки "Ақиқат сыйының" 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді.
ЕҢБЕКТІҢ АТАУЫ НЕЛІКТЕН ДИУАН ЛҰҒАТ-АТ-ТҮРІК?
Түркі тілінің тұңғыш оқулығын әзірлеп, грамматикасын түзген, түбі бір түркі халықтары тіл өнерінің өрісін мәңгілікке кеңейтіп, өркенін өсірген, түркі тілдерінің диалектологиясының, лексикологиясы мен грамматикасының негізін қалап, тіл білімі тарихында салыстырмалы тарихи әдісті тұңғыш рет қолданған ғұлама ғалым Қашқари Махмұд, атын мәңгілікке өлтірмейтін, өзіне және зерттеушілеріне сарқылмас қайнаркөз болатын тынысы кең байсалды да ұлы еңбегіне Диуан Лұғат-ит-түрк, яғни түркі тілі сөздігінің жинағы деп ат қояды. Бұл жөнінде Диуанында: Маған шексіз абырой, сарқылмас-түгесілмес қайнаркөз болсын деген тілекпен осы кітапты жазып шықтым да, бір Тәңірге сиынып, оған Диуан Лұғат ат-Түрік - түркі тілдері сөздігінің жинағы деп ат қойдым, - деп жазады. Түбі бір күллі түркі тілдерінің тұтастығын білдіретін ортақ қасиеттері мен айырым белгілері айқындалып, өзекті заңдылықтары жүйеленген, түркі жазба әдеби тілінің грамматикасы түзіліп, сөздік қоры жинақталған осынау ғажайып еңбектің аты затына сай, өте дөп қойылған деп есептейміз.
ҚАШҚАРИ ДИУАНЫН ҚАШАН ЖАЗҒАН?
Еңбекті Қашқари Бағдатқа келген соң не келмей тұрып жазғандығы жөнінде түрлі көзқарастар бар. Дегенмен Стамбұлдағы жалғыз нұсқаның соңғы бетінде келтірілген мәліметке қарағанда Қашқарлының Диуан Лұғат ат-Түркі 1072 жылдың 25 қаңтарында басталып, 4 рет редакцияланған соң 1074 жылдың 10 ақпанында аяқталған. Осы күні Стамбұлдың Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұрған Диуан Лұғат-ит-Түріктің жалғыз нұсқасы Мәмлүктер топырағында Сұлтан Бейбарыс заманында Савада туып, Дамаскіде өмір сүрген Мұхаммед ибн ӘбуБәкір ибн Әбул-Фатхтың қолымен шамамен 200 жылдан кейін 1266 жылдың 1 тамызында көшірілген.
ДИУАН ЛҰҒАТ-ИТ-ТҮРІК НЕ ҮШІН ЖАЗЫЛДЫ?
Қашқари сүбелі еңбегінің жазылу мақсаты жөнінде Диуанының басында-ақ: Мен Тәңірдің бақ-дәулетті түріктердің жұлдызында жаратқанын, ғарышты солардың хандығының үстіне айналдырып қойғандығын көрдім. Тәңір оларды түрік деп атап, елдік пен билік берді. Заманымыздың билеушілерін түріктерден шығарып, өзге халықтардың ерік тізгінін солардың қолына ұстатты. Оларды адамдарға бас қылды, хақ істерде оларды қолдады және олармен бірге болғандарды ғазиз, абыройлы қылды, - деп түрік халқының қадір-қасиетінің ұлылығын әспеттеп, дәріптеген соң ұлық Тәңірдің оларға деген ерекше ықыласын әрмен қарай былайша жеткізеді: Сондықтан да оларға Тәңірдің өзі ат беріп, жер бетінің ең биік те, шұрайлы, ауасы таза жеріне орналастырған, оларды әскерім деп санаған. Себебі түркілер сүйкімділік, әдептілік, жарқынжүзділік, жүректілік, әділдік, кішіпейілділік, қария - ларды құрметтеу, сөзінде тұру секілді ізгі қасиеттерге ие. Осылайша түркілердің Тәңір сүйер көп қасиеттерін санамалап шыққан соң: Түркілердің оқтарынан сақтану үшін ақыл иесі әрбір жан олардың жолын ұстануы тиіс. Олардың көңілін тауып, өзінің мұң-мұқтажын жеткізе білу үшін олардың тілін үйренуден басқа жол жоқ, - деп түпкі мақсатын жайып салады. Яғни, араб тілінің мәдениет пен өркениеттің, білім мен ғылымның, ең маңыздысы дүйім мұсылман шығыс халықтары ардақтаған Қасиетті Құран тілі ретінде дәуренінің жүріп тұрған шағында түркі лексикасының мағыналық әрі тұлғалық қасиет-сырларын аша отырып, оның шексіз байлығын көрсету арқылы түрік тілінің араб тілінен бірде-бір кем еместігін дәлелдейді. Түркілердің ізгі қасиеттерін дәріптеп, күшейіп келе жатқан түркі ұлысының болашағының зор екендігін ескертеді. Болашақ түркі тілінде екендігін насихаттап, өзге ұлттарды түркі тілін үйренуге шақырады. Жай ғана шақырып қоймай түркі халқының мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерін, жыр-шумақтары мен нақыл сөздерінің, этнонимдері мен топонимдерін жан-жақты талдап, ұлттың әдебиеті мен мәдениетін, ізгілікке құрылған салт дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, руханияты мен дүниетанымын таныту арқылы түркілерді, түркі тілін сүйгізуге ұмтылады. Шын мәнінде Диуанды мың жасатқан да осы қасиеті болса керек.
ҚАШҚАРИДІҢ ҒАЖАЙЫП КАРТАСЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?
Диуанның негізгі ерекшеліктерінің бірі ретінде еңбектің 23-24 беттерінде орын алған әлемнің картасын атап өтуге болады. Бұл бір түркі азаматының қолымен сызылған әлемнің тұңғыш картасы. Әлбетте осыдан 1000 жыл бұрынғы шарттардағы жағрапия ғылымының мүмкіндігі тұрғысынан баға берер болсақ, өте жоғары деңгейде әзірленген.
Картаның бір түріктің қолынан шыққандығының айғағы ретінде мына нәрселерді айтуға болады: Ең әуелі түрік қағандарының мекені болған Баласағұн шаһарын жердің кіндігі етіп алып, қалған шарлар мен елді мекендерді осы қаланың ыңғайына қарай орналастырылған және бағыттар Орхон жазбаларындағыдай ежелгі түркі дәстүрі бойынша анықталған. Түркілер мекендеген аймақтардағы шаһарлар мен елді мекендер, таулар мен өзендер, көлдер мен теңіздер бүге-шүгесіне дейін анық көрсетіледі. Сондай-ақ түркілер мекендеген аймақтарды белгілеуде өте аз қатеге жол берілуі картаның бір түркінің қолынан шыққандығының дәлелі деуге болады.
Сонау Рұмнан Машынға дейінгі түркі тайпалары мекен еткен жерлерді қағаз бетіне бедерлеп шыққан ғалым, олардың әрқайсысына сипаттама береді. Олардың жер көлемі, қай аралықтарды мекендейтіні, тілі, географиялық ерекшеліктер жайында сөз етеді. Осылардың барлығы анық көріну үшін жердің пішіні тәріздес етіп дөңгелек шеңбер ішіне орналастырғанын айтады. Міне, бұл Коперниктен 5 ғасыр бұрын-ақ жердің шар тәріздес дөңгелек екендігі түркілер үшін жаңалық болмағанын, мұны жақсы білгендігін көрсетеді.Қашқаридің бұл картасы Жапонияны әлемдік карта бетіне түсірген әлемдегі тұңғыш карта болуымен де ерекшеленеді. Ғалым Жапонияны Жабарка деген атаумен шығыстағы бір арал ретінде көрсеткен. Жапония әлемдік карта бетіне Қашқари картасынан аттай 400 жыл өткен соң ғана барып түскен-ді.

Фараби мұраларын зерттеуде тек қана Шығыс, Орыс ғалымдары ғана емес, Батыс ғалымдары да зерттеп, еңбектерін жариялауда. Бұл тұрғыда Америкалық ғалым Николас Решердікі айтуға тұрарлық еңбек. Николос Решер - АҚШ-тың Питсбург университетінің профессоры. Ол Фараби және оның шәкіртерінің ғылыми мұраларын көп зерттеген ғалым. Николас Рештер ұзақ ізденудің нәтижесінде 1962 жылы ағылшын тілінде "Фарабидің аннотацияланған библиографиясы" деп аталатын, Фарабиді зерттеушілер үшін құнды еңбегін жариялады. Мұнда 1000 жыл бойында Фараби жөнінде кім не жазды, Фараби шығармалары қай тілдерге аударылды, оның мұрасының аса құнды екенін дәлелдейді. Ғылыми мұрасын зерттеуді алғаш қолға алған совет ғалымдарының бірі академик В.В. Бортольд болды. Қазақстанда әл-Фарабидің еңбектерін зерттеу ісі негізінен 1966 жылдардан кең өріс алды деуге болады. 1985-1995 жылдары ұлы ғалымның философия, тарих, әдебиет, тіл білімі, жаратылыстану ғылымдары саласындағы еңбектері орыс, қазақ, өзбек, т.б. тілдерге көптеп аударыла бастады. Әл-Фарабидің сан салалы ғылыми-шығармашылығын жан-жақты зерттеп, оны ғылыми баспалар арқылы жариялау ісіне Н. Машанов, А. Қасымжанов, А. Көбесов сияқты қазақ ғылымдары да көп үлес қосты.
Әл-Фарабидің өмірі жайындағы мағлұматтар ұлы ойшыл, әрі үлкен саясаткер, білгір физик,астроном, дарынды математик, ірі филолог және музыканың атасы болған дананың қазақтың ежелгі қаласы Отырарда туып өскенін дәлелдейді. Бұл шаһардың Орта ғасырда Фараб деп аталғаны белгілі. Тарихи мәліметтер бойынша ол қала Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасында орналасқан, яғни қазіргі Отырардың орнында. Фарабтан шыққандықтан әлемдегі екінші ұстаз (арабша: Му‛аллим сәни) әл-Фараби атанып кеткен. Бұлай дейтін себебіміз, орта ғасырдағы қалыптасқан дәстүр бойынша, қандай да бір ғалым не ақын болсын, өз аты-жөнінің соңына шыққан жерін білдіру мақсатында туған қаласының атын қосып жазатын болған. Әбу Насыр Мұхаммад бин Мұхаммад бин Тархан бин Узлағдың да әл-Фараби әт-Түрки атануы сондықтан болса керек. Жалпы белгілі ғалым Ә.Дербісәлінің зерттеулеріне сүйене отырып, Отырар-Фараб қаласынан шыққан жиырмаға жуық Фараби аттас ірі тұлғалар шыққандығын байқаймыз. Шығыстанушы-ғалым "Қазақ даласының жұлдыздары" атты тарихи-филологиялық зерттеуінде мынадай әл-Фарабилер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz