М. ҚАБАНБАЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КЕНТАВР ОБРАЗЫ ХАҚЫНДА
1 Жазушының идеясының даму
2 Марат Қабанбай шығармашылығындағы «Кентавр» немесе «Кісікиік» ұғымы

Әдебиет жеке тұлғадан топ, топтан ұйым, ұйымнан белгілі бір ауқымды құраған қоғамның кескін-келбетін мүсіндейді. Әдебиеттің ауқымдылығы да сонда – бүкіл қоғамның даму тенденциясындағы өзгерістер мен жаңалықтарды, өткен өмірі мен тіршілігін, жаратылысын, т.б. болып жатқан, болып өткен, болар кезеңін бәрін-бәрін үлкен идеямен суреттей алады.
Жазушының идеясының даму динамикасының бастау алар тұсы, дағдарысы, әлсіреуі, шарықтау шегі болатыны да шартты құбылыс. Адамзат өміріндегі болмыс пен табиғат арасында, адам мен жануар арасындағы қарама-қайшылық немесе бірігіп, біртұтас мәнде болуы да терең ойға жетелейді.
Марат Қабанбай шығармашылығындағы «Кентавр» немесе «Кісікиік» ұғымы үлкен мәнге ие. Қазақ әдебиетінде Кентавр образын автор алғаш рет сөз еткен. Шығармашылығындағы бұл ой, бұл тақырып, бұл идея әу бастан-ақ оқырманға жиі ұшырасады. Қаламгер, әсіресе, 1997-1998 жылдарда бірнеше мақалалар жазды. Өмірінің соңына қарай қолына алған «Кентавр» романы аяқталмай қалған. «Кентавр» – қандай ұғым ? Алдымен соған тоқталып көрейік.
Кентавр – көне гректер ойлап тапқан мифтік образ. Көне дүниені зерттеп жүрген ғалымдардың айтуынша, гректер бұл образды ежелгі түркілерге қарап отырып ойлап тапқан деседі. Ат үстінен түспеген түркілер көне гректерге ат үстінде ұйықтайтын қысқасы, атпен бірге жаратылғандай боп көрінген ғой. Кентаврлардың бойындағы буырқанған бұла күшті, қайрат-жігерді, еркіндікті, шалттықты, асаулықты дәл берумен қатар, олардың алауыздықтарын, аңғалдығын, басы бірікпегенін, бірін-бірі аямағанын да көрсетеді /1/. Бұл – Арнольд Бэклиннің «Кентаврлар шайқасы» атты суретінің (1873 ж.с.) түсіндірмесі.
Марат Қабанбай шығармашылығындағы «Кентавр» түсінігі белгілі бір жүйемен дамып отырған, ауқымы кең. Ұғымның өткені мен бүгіні және болашағы туралы дәлелді пікір, тұжырымды ой айтқан. Аталмыш образға автордың аса үлкен дайындықпен келгеніне баспасөздегі мақалалары, прозадағы шығармалары дәлел бола алады.
Түркілер тарихында, дәлірек айтқанда ата-баба тарихында адам мен ат бірін-бірінсіз өмір сүре алмады, бірін-бірі толықтырды. Атқа құрық салып, бас үйретіп, қарғып мініп, көшпеліге айналды. Аттылы адам мен жаяу адамның айырмашылығы, олардың ойлау жүйесі мен ақылы, қиялы, тарихта қалдырар мұрасы әрине бөлек болмақ. Аттылы мен жаяу тіршіліктің соқпағы әлі күнге дейін бірін-бірі қуалап келе жатыр. Мұны да қаламгер қалт жібермейді: «Аттылы жаяудан 1,5 кез биік. Қызық болғанда, осы екі ара екеуін тіршіліктің, ойдың қай түрінен болсын, космостық қашықтыққа бөліп тастады» /2/. Ат, соқа соңындағы отырықшы биіктігі қырық кез сарайларды сәндеп соқса да, қырық құлаштық қисса тудыра алмады, ал итарқа күркесін «кең сарайдай боз үйім» деп бөсетін салт атты қазақ 150 томдық фольклорды, көрші қырғыз қалыңдығы кісі өлтіретін «Манасты», бір уыс қалмақ «Гэсерді» ғасырлардың аңызақ ыстық желінің өтінде көздері қан мен жасқа тола қарлығып тұрып жырлады.

1 Қазақ әдебиеті. 22-маусым. – 2001.
2 Ана тілі. 27-наурыз. – 1997.
3 Ана тілі. 20-тамыз. – 1998.
4 Ана тілі. 25-сәуір. – 1997.
5 Таң-Шолпан. – №3. – 2004.
6 Алтай А. Қыр мен қала хикаялары. – Алматы: Санат, 1998.
7 Дидар. 25- қазан. – 1996.
8 ZAMAN-Қазақстан. 27-желтоқсан. – 1996.
9 Қабанбай М. Қазақ, қайда барасың? – Алматы, 1995.
2 Ана тілі. 27-наурыз. – 1997.
3 Ана тілі. 20-тамыз. – 1998.
4 Ана тілі. 25-сәуір. – 1997.
5 Таң-Шолпан. – №3. – 2004.
6 Алтай А. Қыр мен қала хикаялары. – Алматы: Санат, 1998.
7 Дидар. 25- қазан. – 1996.
8 ZAMAN-Қазақстан. 27-желтоқсан. – 1996.
9 Қабанбай М. Қазақ, қайда барасың? – Алматы, 1995.
М. ҚАБАНБАЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КЕНТАВР ОБРАЗЫ ХАҚЫНДА
Панзабек Б.Т. - оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Әдебиет жеке тұлғадан топ, топтан ұйым, ұйымнан белгілі бір ауқымды құраған қоғамның кескін-келбетін мүсіндейді. Әдебиеттің ауқымдылығы да сонда - бүкіл қоғамның даму тенденциясындағы өзгерістер мен жаңалықтарды, өткен өмірі мен тіршілігін, жаратылысын, т.б. болып жатқан, болып өткен, болар кезеңін бәрін-бәрін үлкен идеямен суреттей алады.
Жазушының идеясының даму динамикасының бастау алар тұсы, дағдарысы, әлсіреуі, шарықтау шегі болатыны да шартты құбылыс. Адамзат өміріндегі болмыс пен табиғат арасында, адам мен жануар арасындағы қарама-қайшылық немесе бірігіп, біртұтас мәнде болуы да терең ойға жетелейді.
Марат Қабанбай шығармашылығындағы Кентавр немесе Кісікиік ұғымы үлкен мәнге ие. Қазақ әдебиетінде Кентавр образын автор алғаш рет сөз еткен. Шығармашылығындағы бұл ой, бұл тақырып, бұл идея әу бастан-ақ оқырманға жиі ұшырасады. Қаламгер, әсіресе, 1997-1998 жылдарда бірнеше мақалалар жазды. Өмірінің соңына қарай қолына алған Кентавр романы аяқталмай қалған. Кентавр - қандай ұғым ? Алдымен соған тоқталып көрейік.
Кентавр - көне гректер ойлап тапқан мифтік образ. Көне дүниені зерттеп жүрген ғалымдардың айтуынша, гректер бұл образды ежелгі түркілерге қарап отырып ойлап тапқан деседі. Ат үстінен түспеген түркілер көне гректерге ат үстінде ұйықтайтын қысқасы, атпен бірге жаратылғандай боп көрінген ғой. Кентаврлардың бойындағы буырқанған бұла күшті, қайрат-жігерді, еркіндікті, шалттықты, асаулықты дәл берумен қатар, олардың алауыздықтарын, аңғалдығын, басы бірікпегенін, бірін-бірі аямағанын да көрсетеді 1. Бұл - Арнольд Бэклиннің Кентаврлар шайқасы атты суретінің (1873 ж.с.) түсіндірмесі.
Марат Қабанбай шығармашылығындағы Кентавр түсінігі белгілі бір жүйемен дамып отырған, ауқымы кең. Ұғымның өткені мен бүгіні және болашағы туралы дәлелді пікір, тұжырымды ой айтқан. Аталмыш образға автордың аса үлкен дайындықпен келгеніне баспасөздегі мақалалары, прозадағы шығармалары дәлел бола алады.
Түркілер тарихында, дәлірек айтқанда ата-баба тарихында адам мен ат бірін-бірінсіз өмір сүре алмады, бірін-бірі толықтырды. Атқа құрық салып, бас үйретіп, қарғып мініп, көшпеліге айналды. Аттылы адам мен жаяу адамның айырмашылығы, олардың ойлау жүйесі мен ақылы, қиялы, тарихта қалдырар мұрасы әрине бөлек болмақ. Аттылы мен жаяу тіршіліктің соқпағы әлі күнге дейін бірін-бірі қуалап келе жатыр. Мұны да қаламгер қалт жібермейді: Аттылы жаяудан 1,5 кез биік. Қызық болғанда, осы екі ара екеуін тіршіліктің, ойдың қай түрінен болсын, космостық қашықтыққа бөліп тастады 2. Ат, соқа соңындағы отырықшы биіктігі қырық кез сарайларды сәндеп соқса да, қырық құлаштық қисса тудыра алмады, ал итарқа күркесін кең сарайдай боз үйім деп бөсетін салт атты қазақ 150 томдық фольклорды, көрші қырғыз қалыңдығы кісі өлтіретін Манасты, бір уыс қалмақ Гэсерді ғасырлардың аңызақ ыстық желінің өтінде көздері қан мен жасқа тола қарлығып тұрып жырлады.
Тарих баба былай дейді...
...Иран мен Тұран жеңісе алмай, бір-біріне табан тіреп жатып алған, ертегілер әлі айтылмаған, әлмисақтан да арғы бір заман екен. Сәл қулау, пәл пұлдылау Иран әманда ержүрек гректерді жалдап, шептің қақ ортасына, ең сойқан қырғынға соларды сайлап салады. Екі жақ та атты әскер дегенді білмейді, жаяу соғысады. Тұран да тоқалдан туған жоқ, сақ, скиф секілді туыстарын соғысқа тартады.
Күндердің күні екі армия бетпе-бет келіп, армансыз шайналысады. Грек - алда, парсы - соңда, Тұранды таптап барады... Кенет қайдан шыққаны белгісіз, төрт тұяқты, қыл құйрықты, ат денелі, адам басты бір құбыжықтар құйғытып шауып келіп, парсы, гректерге жебені жаңбырша жаудырады да, жалт беріп, кейін ысырылады. Шетінен шапса семсер, лақтырса найза дарытпайтын, ұшқыр да әбжіл пәлекеттер. Бас жиғанша қайта оралып, сіресіп тұрған гректерге бұғалық тастап, тулақтайын дырылдатып сүйретіп әкете барады. Мұндай ат, әрі адам тажалды көрмеген гректер тым-тырақай қашады. Парсы жер болып жеңіледі.
Ертеңінде әскери сот болады.
- Уа, ержүрек гректер! - деп ышқынады парсы трибунал. Біз сендерді дорба-дорба динарға жалдап ек. Кешегілерің не масқара?! Не қара басты сендерді, Зевс құдайдың қаһарман перзенттері?! Енді, міне, сендерді өлім жазасына кесейік деп тұрмыз...
Үсті-басы салтақ-салтақ қан мен шаң қарт грек қолбасы алға шығады.
- Тірі пендеден шегініп көрмеппіз. Кеше де Тұранмен қылыш жүзінде қатқыл сөйлесетін ек. Бірақ бізге адам емес, жарты құдайлар шапты. Ал, гректер құдайлармен соғыспайды, - деп көзелің кеудесін керіп тұр.
Парсылар у да шу.
Мынау не деп көкіп тұр-ей, өзі?!
Қайдағы құдай?
Кеше құдайды көрсек көзіміз шықсын!
Гректер де берілмейді.
Адам басты, ат денелілер құдай емей немене?
- Бүтін болмаса да, жарты құдай! 3 - деп Кентавриада атты мақаласында кентавр образы жөнінде кең ұғым, мол түсінік береді.
Гректер осылайша кешіріледі. Ал, адам басты, ат денелілер кентаврлар деп аталынып кетеді. Кентаврлар жойқын күш иесі, әрі адуын, аңғалдау кейіпте грек мифологиясына қайтып шықпастай болып кіреді. Марат Қабанбай Кентавр романында баспасөз беттеріндегі түрлі ойларын жинақтаған сияқты. Автор қазақтың ұлттық даму танымының басқаға еш ұқсамайтын кісікиіктік-кентаврлық жатқандығын сөз етеді.
Жазушы американдық Дж. Алдаиктің Кентавр романын оқыған. Суретшілердің полотноларындағы кентаврлардың бейнесін көрген. Марат Қабанбай түркілерді кентаврға теңеуінің себебіне үңіледі. Жалпы, жер бетіндегі әр зат, құбылыс кентаврдың бойындағы қарама-қарсылығынан (адам-жануар) және тап осы екеуінің бірлігінен (адам+жануар) түзіледі. Әлем кентавризмге буаз. Ең ұсақ микро бөлшек атомның өзі +сияқты қарсы зарядтардың қорасы. Ал, атом - микрокентавр, бұл дүниенің алтын кірпіші. Кентаврдың адам басы ми, Логос болса, ат денесі - қомағай қарын. Ол - тіршіліктің әзір үлгісі, пішімі, пошымы. Адами басы - ақыл, мәдениет, өркениет, есебі, рухани бөлегі, ат денесі - тұла бойымыздағы жануарлық дүлей инстинкттер. Осы екеуі ықылымнан бері бір Пенденің қаратұяғынан құйқасына дейін жеңісе алмай келе жатыр. Адами басы қаншалықты көк зеңгірді ойша кезіп, есепсіз бостандыққа ұмтылса да, боққарын жылқы дене бәрібір кеңірдегінен қылқындырып, еркіне жібермейтін диктатор, зорлықшыл. Бір денеде - әрі мәңгілік майдан, әрі мәңгілік бірігу!
Кентавр - адам бойындағы барлық жақсылық, жамандықтардың, рационалдық пен иррационалдықтың, үнем мен шашпалықтың, даналық пен есуастықтың жиынтығы. Екеуі бір-бірінсіз, жеке өмір сүре алмайды. Сонымен бірге қаламгер Таңсәріде туған баллада 4 деген мақаласында қоғамның ащы тұстарын ашына жазады. Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау мақсатында ақын-жазушыларды еңбекші қауыммен қауыштыратын. Бұл жолы Ақтөбе облысына барғандығы турасында Марат Қабанбай ақын Өтежан Нұрғалиев және кезінде Жоғары Кеңесте қызмет істеген зейнеткер қарт - үшеуінің куә болған сапарын былай баяндайды: Қазақтың Пушкині: үшеуіміз бұдан былай кентаврға айналамыз, сондықтан кентаврдың қақшиған басы - миы мына мен болайын. Ал, анау қабан жал Жоғарғы Кеңесті сораптап көп сорған адам, кентаврдың бырқыраған боқ қарнын соған берейік. Сен, бала, кентаврдың алып кел де, шауып кел төрт сирағысың.
Бұл - қазақ қоғамының кентаврлық келбеті. Жазушы негізі ақынның өр тұлғалы болмысын, ақындығын жыр жинақтарын оқығаннан кейін былай дейді: Ұққаным - өтекең тіпті де Пушкин емес, қазақтың алмас тілді Өтежан Нұрғалиеві екен. Және басы кетсе де, ақ, дал ісі жолында тілін тартпаған Махамбет атасындай-ақ бұ кісі ғұмыр бойы системемен, яғни Кеңеспен, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz