Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың негіздері



Мазмұны.

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

Тарау I. Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны
ұйымдастырудың негіздері.
1.1 Қазақстан Республикасында банктік қызметті қаржылық
қадағалаудың экономикалық және құқықтық негіздері . . . . . . . . .5
1.2 Қаржылық қадағалаудың экономикалық нормативтері және
олардың маңызы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .15

Тарау II. Қаржылық қадағалау және банк қызметтерін реттеу
2.1 Банктік қызметтің түрлері және ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . .22
2.2 Қаржылық қадағалау: мәні, әдістері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39
2.3 Банк қызметтерін пруденциялдық реттеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .51

Тарау III. Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру
жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .69

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .76

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 78
Кіріспе.

Қазақстанда банк жүйесі екi деңгейлi жүйеде қалыптасқан. Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы зор, сондықтан да банк жүйесін мемлекеттік органдар тарапынан қадағалау олардың қызметтерін реттеуді қажет етеді. Себебі банкілік қызмет белгілі бір тәуекелге барумен тығыз байланысты. Банк әр түрлі операцияларды тәуекелге бара отырып іске асырады, банктер өз іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақша-қаражатын тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне, салымшылары мен қарыз берушілеріне дивиденттер төлеп отырғандықтан, банк қызметінде жеке және заңды тұлғалардың әр түрлі мүдделері тоғысады. Банк қызметінде осы жағдайлардың бәрін қадағалауды қажет етеді. Республикада банкілерді қадағалау ҚР банктік және басқа да заң нормаларымен реттеледі. Республикада банктердің қызметін бақылау мен қадағалау кешенді әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар ҚР банктік және басқа да заңдылықтарының сақталуына, сондай-ақ банктердің ұйымдастыру және қаржылық - шаруашылық іс-әрекеттерін бақылап отыруға бағытталған.
Қаржылық қадағалау және банк қызметтерін реттеу ҚР-ның Банк заңдарымен, ҚР-ның Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалу жөніндегі агенттік тарапынан қабылданған нормативтер мен ережелер арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастар кеңістігінде банктың өз орнын тауып, даму жолына түсуі оның қызметін халықаралық стандарттарды реттейтін нормативтер мен нормативтік құжаттарждың талаптарын бойына сіңіріп, қаржы-шаруашылық қызметінде олардың орындалуын қамтамасыз ететін кешенді мәселелерді шешумен тығыз байланысты.
Банк қызметіне бақылау мен қадағалауды сондай-ақ халықаралық ұйымдар, мемлекет, аудиторлық және құрылтайшылар тарапынан жүзеге асырылады. Олар Республика экономикасының нарық рельесіне түсу үшін өздерінің берген несиелерімен қатар белгілі бір талаптар қояды, атап айтқанда инфляцияны белгіленген шекке дейін төмендету, банк реформасын іске асырарда олардың берген кеңестерін есепке алу. Осылай олар мемлекеттің экономикалық дамуын бақылап қана қоймай, бүкіл банк жүйесімен қоса жеке банктердің қызметін де бақылайды.
Банктік қадағалаудың негізгі мақсаты банк клиенттерін әр түрлі тәуекелден құтқару, салымшылардың салымдарын қорғау және банк салымдарын қорғау үшін құрылған сақтандыру қорлары мен үкіметтің жеке қорларын жойылудан қорғау, сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуіне және экономиканың дамуына қолдау жасау. Сонымен қатар банктік қадағалаудың міндеті халықтың, мемлекеттің, клиенттер мен банк құрылтайшыларының мүддесі үшін банк қызметіндегі заңдар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету, банк жүйесі мен жекелеген банктердің жұмысын жетілдіру, дамыту болып табылады.
Банк секторының қаржылық тұрақтылығы қадағалаудың пәрменділігімен тікелей байланысты болғандықтан, диплом жұмысының тақырыбы күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспе бөлімнен, үш тараулардан тұрады, ал бірінші тарау екі тақырыпшаларға, екінші тарау болса үш тақырыпшаларға бөлінген. Сондай-ақ қорытынды бөлім мен қолданылған әдебиеттер тізімі болып бітеді. Бірінші тарау, «Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың негіздері» деп аталады. Бұнда банк қызметтерін қаржылық қадағалаудың нормативтік, құқықтық негіздеріне сипаттама берілген.
Екінші тарау, «Қаржылық қадағалау және банк қызметтерін реттеу» болып табылады. Бұл тарау жұмыстың негізгі бөлігі. Бұнда қаржылық қадағалаудың мәні және оның әдістері, банк қызметінің түрлері мен ерекшеліктері және оларды пруденциялдық реттеудің маңыздылығы айтылған. Үшінші тарау, «Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру жолдары» болып табылады, бұл тарауда қаржылық қадағалауды жетілдірудің кейбір проблемалары жайлы айтылған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы 1995 жылғы 30 тамызда
өткізілген республикалық референдумда қабылданды (07.10.1998 ж. ҚР Заңымен еңгізілген өзгерістерімен).
2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»
Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы Заңы (2004 ж.13
желтоқсанға берілген өзгерістермен).
3. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды
мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы 4 шілде 2003 ж. Заңы
(11.06.04ж., 07.07.04 ж.ҚР Заңымен еңгізілген өзгерістерімен).
4. Қазақстан Республикасы Президентінің қаржы нарығын және қаржылық
ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі туралы 31
желтоқсан 2003 ж. Ережені бекіту жөніндегі Жарлығы.
5. Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені
бекіту жөнінде Қазақстан Республикасы қаржы рыногын және қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының
30.09.2005 ж. қаулысы. (1.ҚҚА № 409 26.11.2005 ж енгізілген
өзгерістерімен).
6. И.Т.Балабанов «Банки и банковское дело», учебное пособие для вузов,
Санкт-Петербург, Москва, Харьков, Минск, 2002 ж.
7. Бухгалтерский учет в банках. Международные стандарты учета и
финансовой отчетности: Учебно-практическое пособие.-Алматы: Жеті
жарғы, 2005 ж.
8. Г.С. Сейткасимова Банковское дело -Алматы: Қаржы-қаражат, 1998 ж.
9. О.И. Лаврушина Банковское дело -М, 1992 ж.
10. В.И. Колесникова Банковское дело М, 1995 ж.
11. С.Б.Мақыш Коммерциялық банктер операциялары, -Алматы. «Қазақ
университеті», 2002 ж.
12. Байдәулетов М., Байдәулетов С.М. Аудит: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ
университеті, 2004 ж.
13. Д.Райманов «Банковское право Республики Казахстан» Алматы «Жеті
Жарғы», 2000 ж.
14. М.С.Саниев «Деньги, Кредит, Банки», Алматы, 2000 ж.
15. Л.Давыдова Большой экономический словарь русско-казахский словарь,
Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік,-Алматы,1999 ж. «Сөздік-
Словарь».
16. ББ МСФО журнал для бухгалтеров и финансовых менеджеров №1 2005 ж.
17. Мақыш Серік Биханұлы «Коммерциялық банктер операциялары»
ИздатМаркет Алматы, 2004 ж.
18. Сборник нормативных правовых актов по внутренним процедурам
банковского надзора и регулированию деятельности банков Республики
Казахстан.№II Алматы, 1999 ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
Тарау I. Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны
ұйымдастырудың негіздері.
1.1 Қазақстан Республикасында банктік қызметті қаржылық
қадағалаудың экономикалық және құқықтық негіздері . . . . . .
. . .5
1.2 Қаржылық қадағалаудың экономикалық нормативтері және
олардың маңызы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . .15

Тарау II. Қаржылық қадағалау және банк қызметтерін реттеу
1. Банктік қызметтің түрлері және ерекшеліктері . . . . . . . . .
. . . . .22
2. Қаржылық қадағалау: мәні, әдістері. . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . 39
3. Банк қызметтерін пруденциялдық реттеу. . . . . . . . . . . . . .
. . . . . .51

Тарау III. Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру
жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .69
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 78

Кіріспе.

Қазақстанда банк жүйесі екi деңгейлi жүйеде қалыптасқан. Еліміздің
экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы
зор, сондықтан да банк жүйесін мемлекеттік органдар тарапынан қадағалау
олардың қызметтерін реттеуді қажет етеді. Себебі банкілік қызмет белгілі
бір тәуекелге барумен тығыз байланысты. Банк әр түрлі операцияларды
тәуекелге бара отырып іске асырады, банктер өз іс-әрекетін жүзеге асыру
мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақша-қаражатын тартып, өз
акционерлері мен клиенттеріне, салымшылары мен қарыз берушілеріне
дивиденттер төлеп отырғандықтан, банк қызметінде жеке және заңды
тұлғалардың әр түрлі мүдделері тоғысады. Банк қызметінде осы жағдайлардың
бәрін қадағалауды қажет етеді. Республикада банкілерді қадағалау ҚР банктік
және басқа да заң нормаларымен реттеледі. Республикада банктердің қызметін
бақылау мен қадағалау кешенді әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар ҚР
банктік және басқа да заңдылықтарының сақталуына, сондай-ақ банктердің
ұйымдастыру және қаржылық - шаруашылық іс-әрекеттерін бақылап отыруға
бағытталған.
Қаржылық қадағалау және банк қызметтерін реттеу ҚР-ның Банк
заңдарымен, ҚР-ның Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалу
жөніндегі агенттік тарапынан қабылданған нормативтер мен ережелер арқылы
жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастар кеңістігінде банктың өз орнын тауып,
даму жолына түсуі оның қызметін халықаралық стандарттарды реттейтін
нормативтер мен нормативтік құжаттарждың талаптарын бойына сіңіріп, қаржы-
шаруашылық қызметінде олардың орындалуын қамтамасыз ететін кешенді
мәселелерді шешумен тығыз байланысты.
Банк қызметіне бақылау мен қадағалауды сондай-ақ халықаралық ұйымдар,
мемлекет, аудиторлық және құрылтайшылар тарапынан жүзеге асырылады. Олар
Республика экономикасының нарық рельесіне түсу үшін өздерінің берген
несиелерімен қатар белгілі бір талаптар қояды, атап айтқанда инфляцияны
белгіленген шекке дейін төмендету, банк реформасын іске асырарда олардың
берген кеңестерін есепке алу. Осылай олар мемлекеттің экономикалық дамуын
бақылап қана қоймай, бүкіл банк жүйесімен қоса жеке банктердің қызметін де
бақылайды.
Банктік қадағалаудың негізгі мақсаты банк клиенттерін әр түрлі
тәуекелден құтқару, салымшылардың салымдарын қорғау және банк салымдарын
қорғау үшін құрылған сақтандыру қорлары мен үкіметтің жеке қорларын
жойылудан қорғау, сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуіне және
экономиканың дамуына қолдау жасау. Сонымен қатар банктік қадағалаудың
міндеті халықтың, мемлекеттің, клиенттер мен банк құрылтайшыларының мүддесі
үшін банк қызметіндегі заңдар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету,
банк жүйесі мен жекелеген банктердің жұмысын жетілдіру, дамыту болып
табылады.
Банк секторының қаржылық тұрақтылығы қадағалаудың пәрменділігімен
тікелей байланысты болғандықтан, диплом жұмысының тақырыбы күн тәртібіндегі
өзекті мәселе болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспе бөлімнен, үш тараулардан тұрады, ал бірінші
тарау екі тақырыпшаларға, екінші тарау болса үш тақырыпшаларға бөлінген.
Сондай-ақ қорытынды бөлім мен қолданылған әдебиеттер тізімі болып бітеді.
Бірінші тарау, Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың
негіздері деп аталады. Бұнда банк қызметтерін қаржылық қадағалаудың
нормативтік, құқықтық негіздеріне сипаттама берілген.
Екінші тарау, Қаржылық қадағалау және банк қызметтерін реттеу болып
табылады. Бұл тарау жұмыстың негізгі бөлігі. Бұнда қаржылық қадағалаудың
мәні және оның әдістері, банк қызметінің түрлері мен ерекшеліктері және
оларды пруденциялдық реттеудің маңыздылығы айтылған. Үшінші тарау, Банк
қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру жолдары болып табылады, бұл
тарауда қаржылық қадағалауды жетілдірудің кейбір проблемалары жайлы
айтылған.
Тарау I. Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны
ұйымдастырудың негіздері.
1.1 Қазақстан Республикасында банктік қызметті қаржылық
қадағалаудың экономикалық және құқықтық негіздері.

Банк жүйесінің экономикадағы, соның ішінде қаржы саласындағы
алатын ролі мен орнының маңызы зор. Сондықтан қаржы саласын мемлекеттік
органдар тарапынан реттеу мен қадағалауды қажет етеді. Әрбір мемлекеттің
қаржы саласын, соның ішінде банк қызметін реттейтін өз бақылау жүйесі мен
құқықтық актілері болады. Банктік қадағалау қаржы рыногы мен қаржылық
ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы заңына сәйкес жүзеге
асады.
Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды
мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы заңдары ҚР Конституциясына 
негiзделедi, осы Заңнан және ҚР өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен
тұрады. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және
қадағалаудың мақсаттары:
- қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз
ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;
      - қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың
тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету;
      - қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық
ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
      Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және
қадағалаудың принциптерi:
      - ресурстар мен реттеу құралдарын тиiмдi пайдалану;
      - қаржылық ұйымдар мен қаржылық қадағалау қызметiнiң айқындығы;
      - тәуекелдердi бағалауға негiзделген қаржылық ұйымдарды басқаруды
ынталандыру;
      - жаңа қаржы құралдарын және қызмет көрсетудi дамытуды қолдау арқылы
қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету
жөнiндегi шаралардың кешендiлiгі, сондай-ақ қаржы рыногына қазiргi заманғы
технологияны енгiзу;
      - қаржылық ұйым органдарының жауапкершiлiгi болып табылады.
      Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және
қадағалаудың мiндеттерi:
      - қаржылық ұйымдар қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржылық
ұйымдарды корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын
жасау;
      - қаржы жүйесiндегi тұрақтылықты сақтау мақсатында қаржы рыногы мен
қаржылық ұйымдардың мониторингi;
      - қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының қауiпке
неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
      - қазiргi заманғы технологияларды енгiзудi ынталандыру, қаржылық
ұйымдардың қызметi және олар көрсететiн қаржылық қызметтер көрсету туралы
ақпараттың тұтынушылар үшiн толымдылығын және қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз
ету болып табылады.
Қаржылық ұйымдарының қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi
уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi.
      1. Уәкiлеттi орган қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу және
қадағалау мақсатында:
      - ҚР заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдарды ашуға
оларды ерiктi түрде қайта құру мен таратуға рұқсат бередi және оны керi
қайтарып алады, қаржылық ұйымдардың бөлiмшелерiн ашуға келiсiм бередi,
сондай-ақ аталған рұқсаттар мен келiсiмдердi беру тәртiбiн айқындайды;
      - ҚР заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың басшы
қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға келiсiм бередi не келiсiм
беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келiсiмдi берудiң не беруден бас
тартудың тәртiбiн айқындайды;
      - ҚР заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы рыногында кәсiби
қызметтi, қаржылық ұйымдардың аудитiн жүзеге асыруға лицензиялар беру,
қолданылуын тоқтату және керi қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi, аталған
лицензияларды бередi, қолданылуын тоқтатады және керi қайтарып алады;
      - қаржылық ұйымдар, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да
жеке және заңды тұлғалар үшiн ҚР аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк
құқықтық актiлер шығарады;
      - қаржылық ұйымдар үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде
пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен
лимиттердi бекiтедi;
      - қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғалары есептілігінің
(қаржылық және статистикалық есептiлiктi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын,
табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейді;
      - ҚР заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР
бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру және бухгалтерлiк есеп
стандарттары туралы заңдарын қаржылық ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге
асырады;
      - ҚР заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және шектерде, оның iшiнде
аудиторлық ұйымды тарту арқылы қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген
тұлғаларының қызметiн тексередi, тексеру жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды;
      2. Уәкiлеттi орган қаржылық ұйымдарға және олардың аффилиирленген
тұлғаларына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды тарта отырып:
      - қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық
жай-күйiн айқындау;
      - қаржылық ұйымдармен олардың аффилиирленген тұлғаларының басқарма
құрылымының және шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң ҚР заңдарына сәйкестiгiн
айқындау;
      - қаржылық ұйымдардың аффилиирленген тұлғаларын айқындау;
      - қаржылқ қызмет көрсетудi тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау
және оның алдын алу;
      - қаржылық қызмет көрсету немесе қаржы құралдарын шығару жөнiндегi
уәкiлеттiк берiлмеген қызметтi анықтау және оның алдын алу мақсатында
инспекциялау (тексеру) жүргiзуге құқылы.
   Банк қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерi.
      Уәкiлеттi орган банк қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге
асыру мақсатында:
      - жеке және заңды тұлғалардың банктiң және банктiк холдингтiң iрi
қатысушысы мәртебесiне ие болуына, банктердiң еншiлес ұйым құруына және
оған ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту тәртiбiн
айқындайды, аталған рұқсаттарды бередi не беруден бас тартады;
      - банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;
      - банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөнiндегi талаптарды
белгiлейдi;
      - банктiк топтар үшiн пруденциялдық нормативтердi және сақталуы
мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
      - салымдарға (депозиттерге) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру
(сақтандыру) тәртiбiн белгiлейдi;
      - активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы
провизиялар құру тәртiбiн белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi
күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртiбiн мемлекет алдында салық
мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн
мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды;
      - банктердiң және банктерге аудит жүргiзуге лицензиясы бар аудиторлық
ұйымдардың тiзiмiн жүргiзедi;
      - банктiң аффилиирленген тұлғаларына ҚР заң актiлерiнде көзделген
мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолдану туралы
шешiм қабылдайды;
      - ҚР банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау
туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша
басқарушыны) тағайындайды;
      - ҚР банк заңдарында белгiленген жағдайларда ҚР банк заңдарында
көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны
керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша
үкiмдi) тағайындайды;
      - ҚР заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Банктердің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи және
экономикалық. Бірінші жағдай, ең басты банктік операциялар ұғымының
маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген
операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақта банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз
болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын
білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын
айқындайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы
анықтайды. Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін
(валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы,
кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды
орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті
шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара
айырмашылығына мән берген дұрыс.
Ең бастысы – банктің өндірістік кәсіпорындардан өзара ажыратылатыны,
оның қызметінің өндірісі аясында емес, айналыс және айырбас аясында жүзеге
асуына байланысты болуы.
Сондай-ақ банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау
сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да
бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы
қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал ұйым десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы
кездейсоқ емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды
сатумен айналысады. Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің
алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-
жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі
бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау,
есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды
сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Банктік қадағалаудың негізгі мақсаты банк клиенттерін әртүрлі
тәуекелден құтқару, салымшылардың салымдарын қорғау және банк салымдарын
қорғау үшін құрылған сақтандыру қорлары мен үкіметтің жеке қорларын
жойылудан қорғау, сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуіне және
экономиканың дамуына қолдау жасау. Сонымен қатар банктің қадағалаудың
міндеті халықтың, мемлекеттің, клиенттер мен банк құрылтайшылардың мүддесі
үшін банк қызметіндегі заңдар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету,
Қазақстан Республикасы банк жүйесі мен жекелеген банктердің жұмысын
жетілдіру, дамыту болып табылады. Республикада банкілерді қадағалау
Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заң нормаларымен реттеледі.
Республикада банктердің қызметін бақылау мен қадағалау кешенді
әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар Қазақстан Республикасының банктік
және басқа да заңдылықтарының сақталуына, сондай-ақ банктердің ұйымдастыру
және қаржылық-шаруашылық іс-әрекеттерін бақылап тоыруға бағытталған.
Банктің қадағалау процесінде реттеу және ревизиялық (тексеру)
әдістері
қолданылады.
Реттеу әдісі кең таралған әдіс болып табылады. Реттеу әдісі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттік тарапынан қабылданған нормативтер мен ережелер
арқылы, жүзеге асырылады.
Бақылау, реттеу және қадағалау процестері банктің қызметі
басталар алдында-ақ, яғни банктерді құру кезеңдерінен басталады, Қазақстан
Республикасының Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі
туралы Заңында көрсетілген ҚР Қаржы нарығын қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттік тарапынан талаптар қойылудан басталады.
Банктерді бақылау процесіне:
-ақпараттарды ашу, яғни банктер ҚР Қаржы нарығын қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттік алдында тоқсандық, жылдық және
операциялық және де басқа да шығыстары, сондай-ақ анықталған нысанда өзінің
іс-әрекеттері туралы есеп беруге міндетті;
-ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттік банкілік қадағалауды жүзеге асыру мақсатында
банктер ашуға және оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға,
банктерге еншілес ұйым құруға және сатып алуға, сондай-ақ тура немесе
жанама иеленетін немесе дауыс беру мүмкіндігі болатын заңды тұлғалардың
жарғылық капиталдарына қатысуға, сондай-ақ банктің заңды тұлғалар
қабылдайтын шешімдерді олардың арасында жасалған шарт бойынша айқындау
мүмкіндігін иеленуге рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тартады.
Агенттік банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асратын ұйымдардың
басшы қызметкерлері лауазымдарына үміткерлерді тағайындауға немесе сайлауға
келісім береді, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар құрылтай құжаттарына келісім береді.
Банк қызметіне бақылау мен қадағалауды халықаралық ұйымдар,
мемлекет, аудиторлық және құрылтайшылар тарапынан жүзеге асырылады.
Халықаралық ұйымдар тарапынан банк қызметіне бақылау мен
қадағалауды Халықаралық Валюталық Қор, Әлеуметтік банк т.б. ұйымдар
жүргізеді. Олар Республика экономикасының нарық рельсіне түсу үшін
өздерінің берген несиелерімен қатар белгілі бір талаптар қояды, атап
айтқанда инфляцияны белгіленген шекке дейін төмендету, банк реформасын іске
асырарда олардың берген кеңестерін есепке алу. Осылай олар мемлекеттің
экономикалық дамуын бақылап қана қоймай, бүкіл банк жүйесімен қоса жеке
банктердің қызметін де бақылайды.
Мемлекеттік бақылау ведомствадан тыс және ішківедомствалық
болып бөлінеді. Ведомствадан тыс банктерге бақылауды салық инспекциялары,
қаржы құқық бақылау комитеті қорғау органдары жүргізеді. Олар банктің
қызметін әртүрлі бағытта: шаруашылық, ағымдық, бухгалтерлік есебінің жай-
күйін заң және нормативтік актілердің сақталуын, ақша-кредит саясатының
дұрыс жүргізілуін т.б. тексереді.
Банк қызметін ішкі ведомствалық бақылау мен қадағалау банк
жүйесінің жоғарғы сатысы – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау жөніндегі агенттік жүзеге асырады.
Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың
депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган
банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:
резервтiк талаптар нормаларын, күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы
провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға
мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып
шығару;
банкiлердiң қызметiн инспекциялау (тексеру);
банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру;
банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi
шараларын қолдану;
банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да,
шоғырландырылған негізде де, яғни банк тобына қатысты да жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу
механизмінің тәртібі ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттіктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін
реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.
1995 жылы 31 тамызда қабылданған Банктер және банктік қызмет туралы ҚР
заңының 41-бабына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қаржылық
тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін қорғау,
сондай-ақ республикадағы ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру
мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге
асырылады:
- пруденциялдық нормативтер белгілеу;
- банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
- банктердің қызметін тексеру;
- банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру;
- банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;
- банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру;
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мен қадағалау жөніндегі агенттік
халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын нормативтер мен орындауға
міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол сонымен
қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа
да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.
Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы
мәселені шешу мақсатында ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттік белгілі мөлшерде банктің капиталының көлемін
анықтауға құқылы. Пруденциялдық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа
да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін,
белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының
лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және
оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру
мерзімін уәкілетті орган белгілейді.
Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу
мақсатында банктер резервтік қор құруға міндетті. Резервтік қорлар
банктердің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады.
Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне қарай
өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан
Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, уәкілетті орган бекіткен
тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру
арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.

1.2 Қаржылық қадағалаудың экономикалық нормативтері
және олардың маңызы.

Банктер өз іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды
тұлғалардан ақша қаражатын тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне,
салымшылары мен қарыз берушілеріне дивиденттер төлеп отырғандықтан, банк
қызметінде жеке және заңды тұлғалардың әр түрлі мүдделері тоғысады. Банк
қызметінде осы жағдайлардың бәрін қадағалауды қажет етеді.
Қаржылық қадағалаудың негізгі мақсаты банк клиенттерін әр түрлі
тәуекелден құтқару, салымшылардың салымдарын қорғау және банк салымдарын
қорғау үшін құрылған сақтандыру қорлары мен үкіметтің жеке қорларын
жойылудан қорғау, сондай-ақ мемлекеттің ақша несие саясятын жүргізуіне және
экономиканың дамуына қолдау жасау. Сонымен қатар банктік қадағалаудың
міндеті халықтың, мемлекеттің, клиенттер мен банк құрылтайшылырының мүддесі
үшін банк қызметіндегі заңдар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету, ҚР
банк жүйесі мен жекелеген банктердің жұмысын жетілдіру, дамыту болып
табылады.
Республикада банкілерді қадағалау ҚР банктік және басқа да заң
нормаларымен реттеледі.
Қадағалау және реттеу саясатын әзiрлеуде Уәкiлетті орган басшылыққа
алатын негiзгі қағидаттар:
реттеудiң жоғары стандарттары, сондай-ақ шектен шықпайтын ретке келтiру,
инвесторлардың мүдделерiн қорғау мен қаржы рыногын дамытуға жәрдемдесу
арасындағы рационалдық теңгерiммен келiсiлген және ашық реттеуiш режим.
      Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге, орталық аумағында
инкорпорацияланған қаржы ұйымдардың қызметін реттеу және қадағалауға
бағытталған жекелеген нормалар мен ережелер енгізiлетiн болады. Аталған
нормалардың мәнi, орталықтың қаржы ұйымдарын қаржы қызметтерi рыногына қол
жеткiзуге шектеу келтiретін кез келген әрекеттер саласынан шығару, яғни
қаржы ұйымдарына қатынасты шектеулер тек пруденциалдық сипатымен
қорытындыланады. Аталған нормалар мынадай халықаралық қағидаттарға, Банктiк
қадағалаудың түйiндi қағидаттары және Базель комитетiнiң басқа ұсыныстары,
Халықаралық бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi комиссиясы ұйымының
қағидаттары (IOSСО), сақтандырулық қадағалау органдарының халықаралық
қауымдастығының сақтандыру қадағалауы негiзгi қағидаттары (LАIS), Қаржы
есептiлiктiң халықаралық стандарттары, FATF 40+8 қағидаттарына толық сәйкес
келетiн болады.
      Орталықтың қаржы ұйымдарының қызметiн реттеуге бағытталған заңнамалық
кесiмдердiң нормалары мен ережелерi, үздiк халықаралық тәжiрибеге уақтылы
сәйкес келтiру мақсатында және реттеу саясатының өзгермелi қажеттiлігін
көрсету саласын кезеңмен қайта қарау болады.
Қазіргі таңда ТМД елдерінің ішіндегі Қазақстанның банк жүйесінің
мәртебесі жоғары, сондықтан қазақстанның қаржы мамандары бір орында қалып
отырғысы келмейді. Көрші елдер Базель I-ге өтуді жоспарлап жүргенде,
қазақстандық қаржы мамандары Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің
жаңа келісімін Базель II-ге өтуді қарастырып отыр.
           Базель I келісімі 1988 жылы қабылданған, оның маңыздылығы
тәуекел есебімен капиталдың активтерге қатынасында. Ә р түрлі актив
категориялары үлкен коэффиценттерге көбейтіледі (0%, 10%, 20%, 50%, 100%).
Мысалы Базель I-ге байланысты дамушы елдердің 1- жылға дейін мерзімімен
алынған банктің несиесіне 20% коэффицент қолданса, ал дамыған елдің
корпорация несисіне 100% қолданады.
Базель II келісімінің 1-ші версиясы 1999 жылы жарияланды, және әлі де
осы күнге дейін дамып келеді. Бұл келісім проекті капитал жеткіліктіліктің
реттеудегі бірін-бірі қоштайтын 3 бағытын қарастырады.

1. Жеткіліктілік коэффицентін есептеудің жаңа методикасы. Капиталдың
жеткіліктілігі коэффиценттер көмегімен анықталады, банктік нарық
пен операциялық тәуекелдерін, заемшының несие тәуекелін ескере
отырып. Бұл жаңа тәсіл тәуекелдерді білдіртпей дифференциалау
мүмкіндігін бере отырып, келісімнің ортақ элементі болып табылады.

2. Капитал жеткіліктілігін қадағалау арқылы барабарлықтың нәтижелі
бақылауы мен банктердің ішкі тәсілдерінің жұмыс істеуін
жорамалдауға мүмкіндік береді.

3. Нарық дисциплинасы, яғни банк капиталының құрылымы мен барған
тәуекелдер жайлы толық мағлұматтың анықтылығы, және осыларды
негізге ала отырып клиент, банк және эксперттер капиталдың
жеткіліктілігі жайлы өз сындарын бере алуы әбден мүмкін.

БазельII-нің БазельI-ден айырмашылығы оның келісім ретінде
құрылуында, нақты тәуекелдерге байланысты капиталдың жеткіліктілік
коэффиценттерінің максималды дифференциалауға бағытталған. Сондықтан да
жаңа келісім шарттардың ең концептуалдысы ол тәуекелдердің ықпалын анықтау
үшін сыртқы агенттіктердің несие рейтингтерін қолдануы, және осының көмегі
арқылы капиталдың жеткіліктілік коэффиценттерінің қорытындысының есептелуі.
Тәуелсіз агенттіктер меншігіндегі заемшылардың несие рейтингтері, банктерге
әр заемшының тәуекелдері мен банктің тәуекелдерді басқару принциптерін
қадағалау органдарының бірыңғай ұғынудың арқасында тәуекелдерді икемді
басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді. Сондықтан банктердің ішкі
рейтингтік әдістері банктік тәуекелдерді басқарудың осындай дәрежедегі
тұнықтығын қарағалауды қамтамасыз етпейді, бұл әдістерді қолдану құқығы,
жорамалдап айтқанда әлемнің жүз ірі әрі сенімді банктеріне беріледі.

Базель II –нің нормативтері халықаралық есеп айырысу банкінің
жанындағы Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің тарапынан құрылып
қазіргі таңда әлемдегі жүз елдің банк жүйелері жұмыс істеп отырған БазельI
заңдар жинағының орнына өтуі тиіс. БазельI ережесі бойынша, ол халықаралық
операцияларды жүзеге асыратын банктерге меншік капиталының ең аз мөлшері 8
%- ды құру талабын ұсынған, және бұл мөлшер тәуекелдердің дәрежесіне
байланысты есептелетін болған. Бұл жүйе жеткілікті дәрежеде дамымаған,
тамамдалмаған. Ірі халықаралық корпорацияны несиелеу мен шаштаразды
несиелеудің арасында айырмашылық байқалмайтын. Осы екі жағдайда да банк
несие көлемінен 8 %- ды резервтеуі тиіс болды. Базель II Capital Accord,
өңдеушілерінің айтуына қарай ол, несие тәуекелін өтеу үшін банктердің
капитал мөлшерінің жеткіліктігін резервтеуді қарастыратын одан да тиімді
әрі елеулі механизмінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Базель II –нің
нормативтері 2006 жылы өз күшіне енуі тиіс БазельI ережелерінен оның
айырмашылығы, ол банктердің өздерінің инвестициялар және несиелер көлемінің
міндетті түрде бағалауды қамтиды, бұл жерде тек несиелік және нарықтық
тәуекелдер емес, сонымен қатар операциялық туекелдерді негізге ала отырып,
яғни бұл ішкі факторлар (қызметшілердің қателіктері мен қиянат
етушіліктері, компьютерлер жүйесіндегі жаңылыстар, сауда келісімдерін
жасаудағы олқылықтары) және сыртқы факторлар (алаяқтық, террористік актілер
және т.б.) болуы мүмкін. Базель II құжаттар жинағы банктердің
технологиялық департаменттерінің алдына бірқатар көлемді әрі глобалдық
дәрежедегі проблемаларды (мәліметтер жинағының интеграциясы, ақпараттық
жүйелердің бірігуі, жобаларды басқару) қояды. Алдыңғы қатарлы халықаралық
аналитиктердің бағалауы бойынша, ірі банктер Базель II Capital Accord
нормативтерінің талаптарына сай технологиялық платформалар мен іс туралы
мәліметтерді өңдеу жүйесін келтіру үшін 30 млн. доллардан 160 млн. долларға
дейін жұмсауы қажет. Сонымен қатар банк саласының мамандары қаржы
институттарының өздерінің технологиялық базаларын Базель II талаптарына
сай келтіре алмауы, банктердің акциялар құны мен атағына теріс әсер етуі
мүмкін. Ал осындай сәйкестілікті қалыптастырудың артықшылығы банктердің
өздерінің бизнестеріне қауіп төндіретін әр түрлі тәуекелдерді жабу үшін
капиталды аз мөлшерде резервтеуінде. Қаржы институттары сәйкестіктің үш
дәрежесінің біреуін (негізгісінен ілгерісіне дейін) таңдауына болады.
Технологиялық сипаттағы банктердің бірінші мәселесі ол банктердің
тәуекелдерді басқарудың жүйелері, қаржы мәліметтерін өңдеу мен жинақтау
жүйелердің қайсысына ие болғанын дұрыс анықтау және бұл платформалардың
Базель II нормативтерінің талаптарына қаншалықты жауап беретіндігінде. Бұл
оңай мәселе емес, егер бір ірі халықаралық банкті алатын болсақ, оның
қарамағында әр түрлі технологияларды қолданатын жүздеген жүйелері болады,
және бұлар нақты бизнес-процестеріне қызмет көрсетуге бағытталған. Базель
II банк құрылымдарының, оның технологиялық базасы мен бизнес-процестерінің
қайта құрылуын әсіресе тәуекелдерді басқару шаралар жинағының түпкілікті
қайта қаралуын талап етеді. Сонымен қатар банктердің соңғы екі жыл ішіндегі
қаржы операциялары бойынша мәліметтер мен клиенттердің биографиялық
мәліметтер базасын жаңартуы тиіс, бұған шамамен бір жыл жарымнан үш жылға
дейін уақыт кетуі мүмкін. Алайда кейбір мамандардың болжамдары бойынша
банктер технологиялық базаларын Базель II нормативтеріне сәйкестендіруге
кеткен елеулі шығындарға қарамастан, олар бірнеше жыл ішінде бұл
салымдардың орнын толтыруы әбден мүмкін. Қаржы институттары келешекте
мәліметтер жинағы мен тәукелдерді басқару жүйелерінің сапасының
жоғарылауына байланысты елеулі тиімділікке қол жеткізе алады. Ірі
банктердің бұл тиімділігі ондаған миллион долларға дейін барады. Қазіргі
мәліметтер жинағы жүйесі мен технологиялық платформалардың Базель II
нормативтерінің талаптарына сәйкестігін салыстыра отырып, банктер IT
жүйесінің қайсысын модификациялау мен жетілдіруді әрі жаңа программамен
қамтамасыз етілуі үшін қайсысын сатып алу керек екендігін анықтауына
болады. Бұл жерде мүмкін екі бағытпен жүру керек шығар, себебі банктер
клиенттермен қарым-қатынастарды басқару жөніндегі қазіргі өздерінің
технологияларына сүйене отырып іс жүргізулеріне мүмкіндіктерінің болуымен
қатар, оларды байланыстыратын программамен қамту мен мәліметтер базасымен
біріктіруі мүмкін. Сөйтіп, қазіргі таңда Базель II Capital Accord
ережелер жинағының өз күшіне енуіне байланысты банктер лайықты қарсы алу
үшін қандай әрекеттер жасауда? Мысалы, Британияның Barclays Bank Базель II
нормативтерінің талаптарына жоғары дәрежеде сәйкестікке жету үшін өзінің
технологиялық базасын жетілдіру жоспарын жүзеге асыру үшін ондаған миллион
фунт стерлинг салым салған. Бұл жобаны жүзеге асыру, 2001 жылы жұмыс істеп
жатқан ақпараттар жүйесінің мәліметтер базасын талдаудан басталды, нәтижеде
анықталғандай бұл жүйелер бір-бірімен әрқашан байланысты болмауымен қатар
нашар әрекеттеседі. Сондықтан да мынадай шешім қабылданды, әр түрлі несие
бөлімшелерінен келіп түскен қаржы мәліметтер салымдардың тәуекелдерінің
дәрежесіне байланысты тәуекелдерді басқару жүйесінде құралуы қажет.
Barclays Bank өзінің қазіргі ірі ақпараттық қоймасын активтердің тәуекелдер
рейтингін бағалау үшін қолданады. 2006 жылдың соңына қарай банк ескі
платформалармен әрекеттесе, қатарласа істейтін бизнес-процесстер мен
тәуекелді басқарудың жаңа жүйелерін енгізуді жоспарлап отыр. IBM
компаниясының жақында өткізген зерттеулеріне қарағанда, қаржы
институттарының көп бөлігі өздерінің ақпараттық технологияларының құрылымын
Базель II нормативтерінің талабына жоғары дәрежеде, уақтысында
сәйкестендіруге әзір екендерін айтты. Алайда IBM мамандарының бағалауы
бойынша олардың көбісі, бұл жобаларға 10 млн. доллардан аспайтын салым
салуды ниеттенуде, бірақ бұл жалпы жетістіктерге жету үшін жектілікті емес.
Бұл зерттеулердің бәрі кіші банктердің әлі өздерінің технологиялық
программаларын Базель II-ге сәйкес атқару графигінен қалып қойып отыр.
Соңғы жылдардағы қаржы құлдырауының болуы, Халықаралық есеп айырысу банкі
сияқты халықаралық банктер мен реттеуші органдар қаржы жанжалдар мен
қателіктердің болмауы, ұлттық қаржы жүйесінің қауіпсіздігінің жақсаруы үшін
нақты шараларды көп елдің үкіметтерінен талап етіп отыр. Және осыған
байланысты банктердің технологиялық базасын Базель II нормативтерінің
талаптарына сәйкес келтіру үшін жағдайларының болмауы себептерінің
түсініктемелеріне ешқандай назар аударылмайды. Қаржы институттарының
ақппараттық технологиялар департаменттері бұл талаптардың толық түрде әрі
уақтысында орындалуы үшін барлық шараларды алдын алуы тиіс.

Қазіргі таңда Қазақстан Банктік қадағалау жөніндегі Базель
комитетінің жаңа келісімін БазельII-ге көшуді ойластыруда. Осы жуырда
белгілі болғандай Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Базель II-ге өту шаралар
жоспарын әзірлеуде, бекіткеннен кейін ғана банктерге бағытталуын көздеп
отыр. Жоба өңдеушілерінің айтуы бойынша мұны әзірлеуде шет елдердің
тәжірибелері қолданды. Қазақстандық қаржы мамандары үшін бұл өте актуалды
бір тақырып, себебі Базель II капиталдың барабарлығы мен тәуекелдерді
басқару мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Банктегі қаржы, (Меншік
капитал) банктер өз тәуекелдерін жаба алатындай жеткілікті мөлшерде болуы
қажет. Баршаға түсінікті Базелдің тағы бір критериі – тұнықтық. Ал
банктердің ақша салушылары мен қарапайым клиенттері үшін ол сенімділік
сипатымен белгілі.

Тарау II. Қаржылық қадағалау және банк қызметтерін реттеу.
2.1 Банктік қызметтің түрлері және ерекшеліктері.

Банкілік қызмет дегеніміз банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың және өзге де операцияларды жүргiзуi банк қызметi болып табылады.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
• ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;
• несие беру;
• шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
• төлем құралдарын шығару;
• бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
• сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни траст операциясын
жүргізу);
• клиенттерге кеңес беру.
Уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру –
банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың несие
процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие
операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі
экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің
делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі – несие беруде делдал
болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие
қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал
көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау
мерзімінің қарызға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем
қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей
несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың қаржылық
жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Коммерциялық банктер қарыз
беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы
кедергіледі жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына
беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты
экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде
банктердің ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі
қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы
бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Инфрақұрылымды жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем
жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі жетілуін
талап етеді. Сондықтан бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі жүйесі
құрылуда. Мысалы, есеп айырысуға қатысушы банктердің арасындағы клиринг
жүйесі немесе жиро жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өзара келісім бойынша
корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент-банктер арқылы
жүргізіледі. Банктерге төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын азайтады,
ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін арттыру үшін
қазіргі кезде есептеудің электрондық жүйесі енгізілуде.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік
қызметтерін тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке
ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.
Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді.
Мысалы, егер клиент банкке он мың доллар салып, оны талап бойынша алынатын
шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның нәтижесінде банк балансының
активіне кассалық қалдық он мың доллар өседі, ал пассивінде депозиттер де
осы сомаға артады. Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі өзгермейді, себебі
ақша қолма-қол формасынан қолма-қол емес формасына ауысты. Келесі мысал.
Банк қарыздарға он мың доллар сомаға несие беріп, депозиттік шотқа есептеді
делік. Онда шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі он мың доллар өседі, себебі
банк өзінің несиелу операциясымен жаңа төлем құралын, яғни чек шығарады.
Осы депозит сомасына ақша массасы артты.
Дегенімен банк өзінің қызметі барысында ақша шығарумен қатар ақшаның
бірсыпыра бөлігін жоюмен де айналысады. Бұл, біріншіден, клиент банктегі
шотынан қолма-қол ақша алғанда (бірақ жалпы ақша массасы өзгермейді),
екіншіден, несиені қайтарғанда депозиттік шоттан шығарылады. Бұл жағдайда
жалпы ақша массасы кемиді. Дәл осындай нәтиже банктер бағалы қағаздарды
сатқанда алынады – ақша саушылардың шотындағы салым (депозит) сомасы және
шаруашылықтағы төлем құжатының массасы да азаяды.
Коммерциялық банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын)
ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі
арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланылады. Банктердің
резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару
реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін
ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымда шамадан тыс ақша емес, оның
үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер Ұлттық Банк бекіткен
шама шектеуімен (міндетті резервтер шегінде) әрекет етеді.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды
шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз
байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында
кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың
тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен
эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды
орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады.
Шығарылған бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады
немесе сатып алушыға қарыз береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды қайта сатуда делдал
ретінде екінші нарық ұйымдастырады. Бұл нарықтағы операцияларды сату курсы
мен сатып алу курсының айырмасынан түсетін аса көп пайданы өзіне алып,
оларды аса ірі банктер тобы монополды түрде жүргізеді. Мысалы, АҚШ-та
онымен алты коммерциялық он үш инвестициялық банктер шұғылданады.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың
(жасы толмағандардың) мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін
өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару
(ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу); құндылықтарды сейфте сақтау
және т.б. қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға көрсететін қызметті бұл
аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа
шығарылған акцияларды және трансфертті тіркеу үшін (яғни атаулы акция
бойынша иелік құқығын басқаруға беру) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы
қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқаруы мүмкін. Банк
бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанымен, шын
мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды
қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады.
Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл терінде жүріп,
банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құпия мағлұматтарға ие
болады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клиенттерге кеңес
беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне,
бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және
табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа
акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.
Банктер төмендегідей кеңес береді:
• несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша – ақша нарығындағы
конъюнктура, проценттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы
және формасы туралы хабар, несие-есептілік қызмет көрсету үшін әр
түрлі мәмілелер бойынша нұсқау беру, қолма-қол ақшасыз есептеуді
талдау, оны жетілдіру жолдарын зерттеу;
• бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша –
бағалы қағаздар нарығы конъюнктурасы, олардың бағасының өзгеруі,
бағалы қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі
және олардың айналыс ережесі туралы хабар;
• күрделі қаржы беру бойынша – құрылыс қызметі нарығының
конъюнктурасы, құрылыс материалдарының бағасы мен әр түрлі құрылыс-
монтаж (құрастыру) жұмыстарының тарифтері, күрделі қаржының
экономикалық тиімділігін есептеу туралы анықтама.
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің
арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін
өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан
қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес
операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып
келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда.
Коммерциялық банктердің енжар операциялары.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары
анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға
бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру);
коммерциялық делдалдық (клиенттің тапсырмасы бойынша комиссялық ақылы) және
сенімді операциялар.
Енжар операциялары[1] - олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып,
басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және т.с.с.
басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны
ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив
операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдыменен
жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор
мөлшері қажет.
Енжар операцияларына мыналар жатады:
• салым қабылдау (депозиттер);
• клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент-банктерге) ашу және
оларды жүргізу;
• өзінің бағалы қағаздарын шығару (обигация, вексель, депозиттік және
жинақ сертификаттары);
• банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
• репо операциялары;
• еуровалюталық несие алу.
Банктің капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған
қаражаттардан құралады. Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв
капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе
жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы
жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің
жарғысында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді,
дегенмен банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк оның төменгі
аз мөлшерін бекітеді.
Батыс елдерінің коммерциялық банктерінің жарғылық капиталы 10-15 млн.
евро болады.Жарғылық қорды ұлғайту акционерлер қаражаты есебінен, сондай-ақ
өз қаражаты (резерв қорынан),

акционерлердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық банктер
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму жолдары
Банк және банктік қызметтері
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Банк ісін ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы
«Екінші деңгейлі банктер қызметтеріне бақылау және қадағалау»
Акцирнерлік - коммерциялық банкті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
Пәндер