Мұғалімдердің нарықтық бәсекелестік қабілеттілігін көтерудің бастаулары


Алматы қаласы
Әуезов аудандық білім бөлімі
Мұғалімдердің нарықтық
бәсекелестік қабілеттілігін
көтерудің бастаулары
№119 мектеп-лицейдің іс-тәжірибесінен
Алматы, 2012 жыл
ӘОЖ 371. 031
ББК74. 03 (2)
М-82
Әдістемелік жинақты құрастырушылар:
М. М. Төлендиев-№119 мектеп-лицей директоры
Р. Ә. Закирьянова-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
М. Ә. Құдайқұлов -ҚазҰПУ-нің профессоры, консультант
Мұғалімдердің нарықтық бәсекелестік қабілеттілігін
көтерудің бастаулары
(Алматыдағы №119 мектеп-лицейдің іс-тәжірибесінен)
Жинақты шығаруға жауапты-Р. Закирьянова
Жауапты редакторлар-З. Адишева, Қ. Атемова
Кітапты басуға №119 мектеп-лицейдің
ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған.
Пікір жазғандар:
1 . Қ. Қ. Құнапина - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, т. ғ. к
2. Л. А. Диханбаева - Әуезов аудандық әдістемелік кабинет
меңгерушісі
Кітапшада, нарықтық қоғам талабына сай мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың жаңадан құрылған тәсілдері және олардың алғашқы нәтижелері баяндалып, пән мұғалімдерінің өткізген нарықтық мазмұнды инновациялық сабақтарының технологиялық ерекшеліктері айқындалады.
Әдістемелік құрал педагогтар қауымына арналған төл туынды болып саналады.
Алматы, 2012 жыл
Мектептің оқу-тәрбие үрдісін жаңартуда мұғалімдердің нарықтық бәсекелестік қабілеттілігін көтерудің қажеттілігі мен тәсілдері
Төлендиев Мырзахан- мектеп директоры
Закирьянова Роза- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Құдайқұлов Мәулен -ҚазҰПУ-нің профессоры, консультант
Мұғалімдердің бәсекелестік қабілеттілігін дамыту- тіпті тың әрі қиын мәселе. Бұл проблеманы шешуге ұзақ толғанып, көп ойланып, жан-жақты іздене отырып кірістік.
Алдымен, байқап көру үшін, 2009-2010 оқу жылының аяғында, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің өкілдерін қатыстыра отырып, «оқу-тәрбие үрдісіне нарықтық педагогика негізінде жетілдіру» тақырыбы бойынша мұғалімдер үшін «дөңгелек үстел» өткізіп көрдік.
Бұл тың іс-шараны педагогтар дұрыс қабылдап, мақұлдады.
Содан, 2010-2015 оқу жылдарына арналған «Мектептің оқу-тәрбие үрдісін білім экономикасы деңгейінде нарықтандыру арқылы жаңартудың технологиясы» деген ғылыми-әдістемелік жоба жасап, оны мектебіміздің педагогикалық кеңестің мәжілісінде (2010жылдың тамыз айында) жан-жақты талқылап бекіттік.
Бұл ғылыми-әдістемелік жобаның алғашқы жылын мұғалімдердің бәсекелестік қабілеттілігін дамыту мәселесіне арнадық, оның толық жоспары №1 кестеде берілген.
№1 кесте
№119 мектеп -лицейдің оқу-тәрбие үрдісін нарықтандырудың 2010-2015 оқу жылдарына
арналған іс-жоспары
Қыркүйек
2011-2012 ж
Ақпан
2011ж
Наурыз
2012ж
Наурыз
2013ж
Қазан
2012ж
Қазан
2012ж
Оқу ісінің меңгерушісі
Проф. М. Құдайқұлов
Бәсекелестік қабілеттілікті дамытып отыру-әр бір адамның табиғи қажеттілігі, жаһандық экономиканы өркендетудің заңдылығы, мемлекетті өркениет деңгейіне көтерудің құралы: дамыған елдердің қатарына қосылуы, инновацияны ендірілді, қоғамның дамуы, адамның жетілуі, жұмыстың сапалы дәрежеге арттырылуы бәсекелестіксіз мүмкін емес.
Инновациялық жаңартулар халық шаруашылығы мен әлеуметтік құрылымдардың бәрінде қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Осындай педагогикалық инновациялардың да мектеп ісіне көбірек ендірілуі -нарықтық қоғам мен экономиканың прогрессивтік талабы. Осы талаптар мен мақсаттарға сай мұғалімдердің бәсекелестік қабілеттілігін дамыту қажет-ақ. Сонда ғана ескірген консерватизмнің шырмауынан шығып, оқыту процесіндегі тереңдеп кеткен дағдарыстан шығуға мүмкіндік алмақпыз.
Мектептің оқу-тәрбие процесі нарықтық қоғамның дамуына, инновациялық экономиканың шапшаң өсуіне ықпал етіп отыру керек. Ол үшін сабақтарда берілетін білім, жай жаттанды құрғақ білім болмауы тиіс. Ондай білім, ертең капиталға айналатындай нарықтық білім болуы керек. Бұл жағдай нарықтық мазмұнды сабақтар өткізуді талап етеді. Басқаша жағдайда нарықтық қоғам мен оқыту процесінің дамытылуы өзара қарама-қайшылық күйде өтетін болады. Ендеше, мұғалімдердің «нарықтық сабақтарды» өткізе білуі, оқушылар арасында жүргізілетін тәрбиелік іс-шараларға нарықтық сипат бере білу, олардың нарықтық бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға әсері мол болмақ.
«Нарықтық сабақ»-нарықтық қоғам талабына сай келетін сабақтың жаңа түрі. Ол-педагогикалық инновацияның бір формасы, мұғалімнің ізденушілік жаңалығының нәтижесі, сабақты жаңартудың тәсілі, сабақта түсіндірілетін оқу материалының экономикалық мәнін ашудың жолы.
«Нарықтық сабақта», мүмкіндігінше ең кемінде 3-10 минут ішінде, әр пәннен берілетін білімнің экономикалық құндылық мәні ашылу керек. Сондықтан барлық сабақтың нарықтық мәнін ашуға мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін мұғалімнің ізденушілік, творчестволық ойлау қабілеті, тапқырлық ептілігі жоғары болу керек. Пән мұғалімдерінің нарықтық сауаттылығын көтеру қажет сияқты(дөңгелек үстел, семинар, конференция, консультация алу арқылы) . Мұғалім күнделікті ізденіп, ерекше көңіл бөліп отырса, әр пән бойынша жылына 10-15 «Нарықтық сабақ» өткізудің мүмкіндігі мол «Нарықтық сабақтарды» өткізудің формалары көп: Оларды ауызша сабақ түсіндіру, лабораториялық жұмыс, демонстрациялық тәжірибе, компьютерді және интерактивті тақта тақтаны, ұялы телефонды пайдалану, экскурсия откізу, тақырыптық кеш, үйірме, факультативтік нарықтық курстар, бизнесмендермен оқушыларды кездестіру түрінде жүргізуге болады.
Әр пән мұғалімі жылына 2 «Нарықтық сабақ», 1-2 экскурсия, кеш, үйірме өткізуді мектеп басшылары ұсынып отыр. Осындай «Нарықтық сабақтарды» өткізу тәжірибесі негізінде биылғы оқу жылы аяғында әдістемелік кітапша шығаруды ойластырып отыр.
Жоспардың нәтижесінде мына іс-шараларға қол жеткізбекпіз:
- Мұғалімдер оқу-тәрбие жұмысына педагогикалық инновацияларды ендіруді үйренеді.
- Педагогтардың белсенділігі артатын болады. Олардың творчестволық ойлауы, ізденімпаздыққа, дағдылануы, өз жұмысына жаңалықтар енгізуге әдеттенуі, еліміздегі нарықтық процеске күнделікті қатысуы жетілмек.
- Пән мұғалімдері сабақ өткізудің нарықтық инновациялық әдіс-тәсілдерін меңгеретін болады. (проблемалық, компьтерлік, интерактивтік, дистанциялық, электрондық, нарықтық, виртуалдық сабақтар сияқты) .
- Әр пән бойынша өтілетін жеке тақырыптардың нарықтық құндылықтарын, білімнің экономикалық бағалылығын, оқу-тәрбиенің кәсіпкерлік маңызын, шағын бизнестің әлеуметтік мәнін, «кәсіпкер» тұлға тәрбиелеудің қажеттілігін мұғалімдер түсінетін болады.
- Оқу-тәрбие ісі нарықтық қоғам талабына сай жүргізілетін болады. Оқу-білімнің капиталға айналу жолдары мен бағыттарын игеруге мүмкіндік туғызылады.
- Мұның бәрі мұғалімдердің бәсекелестік қабілеттілігін көтеруге ықпал етеді. Алдағы, келесі жылдары оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін оятуға қолайлы жағдай жасалмақ.
- Педагогикалық инновацияны дамытушы ұжым ретінде, мектептің атағы арта түседі. Мектеп мұғалімдері «педагогикалық инновацияны енгізуші ұжымға» айналмақ.
- Бұл нәтижелердің, мұғалімдердің категориясын тағайындауға әсері мол болмақ.
Мұғалімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін оның 20 пункттен тұратын көрсеткіштерін, оларды бағалаудың шкаласы мен рейтингісін анықтадық. (№2, 3, 4 кестелерді қараңыз) .
Бәсекеге қабілеттілікті көтерудің көрсеткіштерін (№2-кесте) талдағанда, ондағы мәселелердің 1) ғылыми-әлеуметтік жұмыстар (№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 пункттер), 2) әлеуметтік-тәрбиелік іс-шаралар (№12, 13, 14, 15, 16, 17 пункттер) және 3) оқыту процесін әлеуметтендіру (№18, 19, 20 пункттер) сияқты үш топқа жинақталғандығын аңғардық. Демек, олардың бәрінің де инновациялық педагогикалық сипаты байқалады.
№2 -кесте 21. 10. 11ж
Мектептің оқу-тәрбие үрдісін нарықтық заман талабына сай жаңарту үшін мұғалімдердің бәсекелестік қабілеттілігін көтерудің көрсеткіштері
Максимум балл -49
Минимум -19
- педагогикалық кеңес мәжілісінде мақұлданылған.
- Педагогикалық категорияны тағайындауда есептелінеді, түрлі марапаттауларда ескеріледі.
№3 кесте
Мұғалімдердің нарықтық бәсекелестік көрсеткіштердің деңгейлерін анықтаудың шкаласы
1. Халықаралық деңгейде
2. Республикалық деңгейде
3. Облыстық (қалалық) деңгейде
4. Аудандық деңгейде
5. Мектептік деңгейде
5
4
3
2
1
1. Республикалық деңгейде
2. Облыстық (қалалық) деңгейде
3. Мектептік деңгейде
3
2
1
Ғылыми -әдістемелік жоба грантын алу
(Министрліктің ережесі бойынша)
1. Республикалық деңгейде
2. Облыстық (қалалық) деңгейде
3. Мектептік деңгейде
3
2
1
1. Кітап шығарса
2. Республикалық баспада
3. Облыстық баспада
4. Қалалық, аудандық баспада
4
3
2
1
1. Халықаралық деңгейде
2. Республикалық деңгейде
3. Облыстық деңгейде
4. Қалалық, аудандық деңгйде
4
3
2
1
1. Республикалық деңгейде
2. Облыстық (қалалық) деңгейде
3. Мектепішілік деңгейде
3
2
1
1. Республикалық деңгейде
2. Облыстық (қалалық) деңгейде
3. Мектептішілік деңгейде
3
2
1
1. Республикалық
2. Облыстық, қалалық мағыналы
3. Мектептік
3
2
1
1. Республикалық мәнді
2. Мектептік
2
1
1. Республикалық деңгейде
2. Мектептік, аудандық
2
1
1. Пікір білдіріп, мағыналы ұсыныс жасау
2. Семинарға қатысу
2
1
1. Республикалық мәнді
2. Мектеп үшін мәнді
2
1
1. Республикалық мәнді
2. Мектептік мәнді
2
1
1. Республикалық маңызды
3. Облыстық, қалалық маңызды
4. Аудандық, мектептік мәнді
3
2
1
1. Республикалық деңгейде
3. Облыстық, аудандық деңгейде
5. Мектептік көлемде
-3
-2
-1
1. Респуб-қ, қалалық мағыналы
2. Мектептік мағыналы
2
1
1. Сабақтың тақырыбы мен мазмұнын өзі құрғанда
2. Әдістемесі жасалған сабақты өткізсе
2
1
1. Респуб-қ, облыстық деңгейде
2. Қалалық, аудандық деңгейде
3. Мектептік деңгейде
3
2
1
1. Республикалық маңызды
2. Облыстық, қалалық (аудандық) деңгейде
3. Мектептік деңгейде
3
2
1
№4 -кесте
Мұғалімдердің нарықтық бәсекелестік көрсеткіштерінің рейтингі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz