Қазақстан жағдайындағы діни экстремизм бастаулары мен себептері


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан жағдайындағы діни экстремизм бастаулары мен себептері: Әлеуметтік - философиялық талдау

Қазақстан жағдайындағы діни экстремизм бастаулары мен себептері: Әлеуметтік - философиялық талдау

Қазақстан жағдайындағы діни экстремизм бастаулары мен себептері: Әлеуметтік - философиялық талдау

Әлемде терроризм, экстремизм мәселелері күннен күнге ушығып келеді. Осыған сәйкес, бұл мәселелерге деген көзқарастар мен сараптаулар, талдаулар мен аналитикалық болжамдар да әрқилы болып отыр.

Терроризм мен экстремизмге берілген анықтамалар мен бағалардың көптігі соншалықты, соңғы кездері қарама-қарсы, қайшылықтарға толы ойлар мен пікірлерде пайда бола бастады. Терроризм мен экстремизмнің табиғаты, мақсаты мен қозғаушы күші, шығу себептері, ментальдық болмысы жайында қоғамда қызу пікір таластардың жүріп жатқаны белгілі. Олардың шығу табиғатын философиялық, мәдениеттанулық, саяси және құқықтық, психологиялық тұрғыдан зерттеу кең етек алуда. Көптеген ғалымдардың пікірінше терроризм мен экстремизм ХХI ғасырда жаңа сипатқа ие болып, мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруде басты құралға айналуда. Осының барлығы жаһандану заманында аталған феноменді жүйелілік тұрғыдан талдауды қажет етеді.

Экстремизм феноменіне де соңғы кездері әртүрлі эпитеттер мен айдарлар тағылып, оған «саяси», «діни», «тұрмыстық» деп жалғаулар жалғануда. Біз осы мақалада діни экстремизм мәселесіне кеңірек тоқталуды жөн көрдік. Діни экстремизм дегенде әңгіме белгілі бір діни сенімдегі ұстанымның шектен шыққандығын, оның жеке және әлеуметтік топтардың дүниетанымы мен іс-әрекеттеріндегі көріністерін айтамыз. Сонымен бірге діни экстремизм қоғамда қалыптасқан дәстүрлі діни құндылықтарды жоққа шығарып, агрессивтік пиғылда өз дүниетанымын, ұстанымдарын басқаларға мойындату үшін әртүрлі күрес жолдарын таңдайтыны да белгілі. Күрес жолдары үгіт насихаттан бастап қорқыту, үрейлендіру, манипуляция, гипноз, және адам өліміне алып баратын шектен шыққан іс-әрекетке дейін болатыны белгілі.

Діни экстремизм діни фундаментализммен де тікелей байланысты. Діни экстермистік дүниетаным мен сана тек өзінің діни сенімін абсолюттік тұрғыдан басқа сенімдерге қарсы қоюдан, өзінің діни сенімін ең таза, шынайы, ақиқатты деп мойындау мен оны практикада жүзеге асырудан шығады. Діни экстремистердің түсінігінде ең шынай, ақиқатты, таза сенім соларда. Олар өздерінің діни жолдарын ерекшеліктерін, артықшылыған асқақтатудан бастайды.

Сонымен бірге діни - саяси экстремизм туралы да көп айтылып жүр. Оның мақсат- міндеттері, қимыл-іс әрекеттері мүлдем басқа екені белгілі. Олардың алдына қойған мақсаты дінді бет перне ретінде пайдалана отырып мемлекеттік биліктің бағытын өзгерту, мемлекеттң өркенииеттік тұтастығын қамтамасыз ететін әлеуметтік-саяси, құқықтық құндылықтарды зорлық негізінде ауыстыру, діни құндылықтар негізінде мемлекет құру. Бұл жолда олар террористік іс-қимылдардың барлық шектен шыққан арсеналын пайдалануға дайын екенін көреміз. Олай болса, діни экстремизм мен діни-саяси экстремизмді ажырата білуіміз керек. Бұл жердегі ең басты ерекшелік олардың алға қойған мақсаттары, міндеттері және оған жету жолдары мен әдіс-тәсілдері.

Діни экстремизм туралы әңгіме қозғағанда, қоғамдық ой діни экстремизмді тек ислам дінімен байланыстыруды дағдыға айналдырған. «Исламдық экстремизм» деген ұғым қоғам санасына нық енгізілген. Бұл қалыптастырылған стереотип пен жалған ой ислам дінін әлемдегі ең агрессивті дін етуге көрсетуде. Ислам дінін терроризмен қатар қою, бір-бірін толықтыратын, ажырамас құрамдас ретінде қараудың тарихы тереңде жатқандығын атап өткен жөн. Сондықтан да ислам діні гумманистік моралдық-адамгершілік құндылықтарды ту еткен дін екенін дәлелдеу үшін осы « ислам экстремизмі» ұғымының қалыптастыру тарихына сәл тоқтала кетейік.

Кейбір ғалымдардың пікіріне « ислам экстремизмінің» негізінде жатқан стереотип ол «ориентализм», европоцентристік таным парадигмасы негізінде қалыптасқан Шығыс қоғамы туралы түсінік. Осы дүниетанымдық ұстаным бойынша Шығыс қоғамы өркениет көшіне ілесе алмаған деспотизмге негізделген, жабайы қоғам. Онда зорлық пен зомбылық, адам құқы аяқ асты етіледі. Ислам діні зорлық пен күш көрсетуге негізделген деген шындыққа жанаспайтын жалған ойлардың нәтижесі екені белгілі. Бұндай көзқарас пен ойлау жүйесінің күні өтседе, күні бүгінге дейін осы бір стереотип адамдар санасында әлі де болса сақталуда [1] .

Бұл стереотиптен құтылудың бірден-бір жолы - ислам мәдениеті туралы түсінікті адамдар санасында дұрыс қалыптастыру. Ғылым мен білімді, ақпараттық жүйені дұрыс пайдалана отырып, ислам мәденитетінің гумманистік құндылықтарын насихаттау табылады. Ислам діні адамгершілік, имандылық, әділеттілік, ақиқат, білім, өнер, ғылым, өмір, өзара сыйластық, татулық, бейбітшілік, басқаны сол қалпында қабылдау, мойындау тәрізді ұлы құндылықтарды насихаттаумен бірге адамзат санасына сіңірудің өркениеттік жолын ұсынудың маңызы зор. Олай болса ислам дінін экстремизм, терроризм тәрізді ұғымдармен араластыруға, шатыстыруға болмайды және ол адамзаттың рухани дамуы мен өркениет жолындағы ұмтылысына жасалған қиянат болар еді.

Жалпы діни экстремизмнің бастаулары мен себептері жекелеген адамдардың ішкі рухани дүниесіндегі қайшылықтарды шеше алмай тұйыққа тірелудің нәтижесінде пайда болған іс-әрекет десек де болады. Бұл қайшылық сенім мен мінез-құлық, идеалдық пен реалдық, сөз бен іс, дін мен саясат арасындағы байланыстардың дұрыс жолға қойылмауының нәтижесі. Сонымен бірге, діни экстремизмнің бастаулары мен себептерін жаһандану үрдістерінен де іздестіру қажет. Жаһандану жағдайындағы бөгде мәдени құндылықтардың шамадан тыс экспансиясы, нақтырақ айтқанда агрессивтік мінез-құлықты қалыптастыратын батыстың тобырлық мәдениеті де діни экстремизмді тудырудың бірден-бір көзі болары сөзсіз. Қоғамдағы ұлттық рухани құндылықтардың тоқырауы, олардың девальвацияға ұшырап, адамдардың мінез құлқы мен іс-әрекеттерінің негізі болудан қалуы жастар санасында интолеранттылықты қалыптастырып қана қоймай діни экстремизмге де жол ашудың бірден-бір мотвіне айналып отыр.

Көп жағдайда діни экстремизмді сектанттық қозғалыспен байланыстырады. Тарихи тұрғыдан мұндай көзқарастың өмір сүруге құқы бар екені белгілі. Осы тұрғыдан Европадағы дін тарихына сәл назар аударсақ діни негізде болған соғыстар, инквизиция, кітаптарды өртеу, қан-төгістердің барлығын діни экстремизмнің көрінісі ретінде қараструға болады. Изуит Орденінің негізін қалаушы Игнати Лойлдың «мақсат қандай болмасын құралды ақтайды» деген идеясы дін тарихынан белгілі. Бірінші идея, содан кейін ғана адам. Діни идея үшін өзін және басқаларды құрбандыққа шалу діндер тарихында діни экстремизмнің адамзат тарихында ертеден пайда болмағанын дәлелдейді. Сондықтанда, діни экстремизм тек ХХI ғасырдың нәтижесі деп қарау шындыққа жанаспайды. Бұл жердегі басты сұрақ ортағасырлық тағылыққа жол бермеу, оған оралудың жолдарына өркениеттілік тұрғысынан тосқауыл қою.

Діни экстремизмнің алғы бастауларының бірі діни фанатизм болып табылады. Ол діни ұстанымдар мен идеяларға шексіз, шүбәсіз, соқыр сенуден туындайды. Соның нәтижесінде, ол адам өміріндегі басты қозғаушы күшке айналады. Діни фанат өлімнен қорықпайды, ол өз өмірін әр уақытта қиуға дайын. Діни экстремизмнің идеологтары осындай фанаттарды өзінің саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдаланып отырады. Фанаттар әр салада бар. Бірақ, діни фанаттардың санасы мен дүниетанымында шүбә келтіруге, ақылмен саралауға орын жоқ. Сенім ақылды адам іс -әрекетінен ығыстырып, жетекші күшке айналады. Тертуллианның: «сенемін, өйткені ақылға қонымсыз» деген қағидасы фанаттың дүниетанымының негізіне айналады.

Қазақстан жағдайына, «исламдық экстремизмге» ерекше назар аударылуда. Кейбір дінтанушылар мен саясаткерлердің пікірінше исламдық экстремизмнің таралуының бірден-бір себебі, ол халықтың әлеуметтік және мәдени деңгейінің төмендеуі, кейбір әлеуметтік -демографиялық топтардың әлеуметтік тұрғыдан дұрыс қорғалмауы, жұмыссыздық себептерін алға тартады [2] . Әрине, діни экстремизмнің таралуына көрсетілген факторлардың әсерінің бар екені сөзсіз. Оларды жоққа шығаруға болмас, дегенменде оларға абсалюттік сипат беріп, оларды Қазақстандағы исламдық экстремизмнің таралуының бірден - бір тікелей көзі деп бағалау шындыққа да келе қоймас. Бұндай көзқарас Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан жағдайында өзін толық ақтауы мүмкін. Ол жөнінде Ахмед Ращида « Джихад» атты кітабында былай деп жазады: «Аймақтағы 50 миллионнан астам халықтың жаппай кедейшілігі, олардың болашақтан күдер үзуі, елді жайлаған коррупция, ат төбеліндегідей биліктегілердің елмен санаспауы, олардың шектен шығуы Орталық Азияда діни экстремизм отын тұтатуда» - деп жазады [3] . Ал Қазақстан жағдайына келетін болсақ, исламдық экстремизмнің алғы бастауларын елдегі әлеуметтік-мәдени ахуладан бұрын қоғамдағы діни сананың қалыптасу жолдарынан да іздеген дұрыс тәрізді. Нақты айтар болсақ, исламдағы салафиттік бағыт, немесе Орталық Азиядағы Халифат құруды мақсат құрған «Хизбут-Тахрир» діни бағыттарының идеологиясы көп жағдайда ішкі факторлардан бұрын сыртқы факторлармен байланысты екенін байқауға болады. «Хизбуд-Тахрир» идеологиясының Қазақстанда таралуына әлеуметтік-мәдени және ұлттық менталитет тұрғысынан да ешқандай негіз жоқ. Бұлардың барлығы сыртқы күштермен байланысты. Демек, сыртқы діни экстремистік пиғылдағы жекелеген іс-әрекеттерге мемлекет тұрғысынан заңды түрде тосқауыл қойылу қажет. Бұл бағытта қабылданған «Діни ұйымдар мен бірлестіктер» туралы заң, діни ұйымдарды заңды түрде тіркеуден өткізудің маңызы өте зор деп білеміз. Бұл біріншіден.

Екіншіден, Қазақстан жағдайындағы діни экстремизмді қоғамға, ел тәуелсіздігіне төнген әлеуметтік қауіп деп қабылдай отырып, ұлттық қауіпсіздік концепциясынада толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттігін айта кеткенді жөн санаймыз. Тек осы негізде ғана мемлекет діни экстремизммен күресудің тиімді жолдарын таба алады. Діни экстремизмнің таралу себептерінің бірі жаһандану үрдісімен тікелей байланысты. Халықаралық деңгейдегі алпауыт, трансұлттық компаниялардың ел байлығын бөлісу мен игеру барысындағы өзара бәсекелестікте өз қарсыласын жолдан тайдыру үшін діни экстремистік пиғылдағы іс-әрекеттерді қолдауы әбден мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Экстремиз және терроризм
Оңтүстік өлкедегі қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени тұрғысынан діннің рөлін зерделеу
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
Қылмыс пен күресудегі халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасында діни саясатты құқықтық қамтамасыз ету
Діни экстремизммен күрес
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Терроризм қылмысының қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz