Жас ерекшеліктер физиологиясы пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жас ерекшеліктер физиологиясы пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы.

2. Адам организмінің жалпы сызбанұсқасы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Физиологияның салалары және басқа ғылым салалармен байланысы

Көздеген мақсаттарына сәйкес физиология бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ дара дамитын бірнеше салаларға бөлінеді. Оларды жалпы, салыстырмалы, эволюциялық, жас, арнаулы жоне экологиялық физиология деп атайды.

Жалпы физиология жеке жасушалар мен олардың цитоплазмасының қызметін, жасуша аралық байланыстарды, басқаша айтқанда организм тіршілігінің негізін зерттейді.

Салыстырмалы физиология әр түрлі жануарлар организмінің тіршілік әрекетіндегі ұқсастық пен айырмашылықты зерттейді.

Эволюциялық физиология адам мен жануарлар организмі функцияларының онто- және филогенездік даму барысында пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

Жас физиологиясы организмнің тіршілік әрекеттерінің жеке дамудың (онтогенез) әр түрлі сатысындағы ерекшеліктерін тексереді.

Арнаулы (салалык) физиология жануарлардың жеке кластары мен топтарының (мыс, жеке түрлер мен түліктердің), жеке мүшелердің (жүрек, бүйрек, бауыр т. б. ), жүйелердің (қан айналым, тыныс алу, ОНЖ т. с. с), жеке ұлпалардың (ет, нерв т. б. ) тіршілік ерекшеліктерін зерттейді.

Экологиялық физиология организмнің тіршілік әрекеттерінде мекендеу ортасы мен табиғи географиялық жағдайларға байланысты туындаған ерекшеліктерді анықтайды.

Организмнің құрылысын білмей, оның функцияларын түсіну мүмкін емес, сондықтан физиологияны жан-жақты ұғыну үшін анатомия, гистология жөне цитология пәндерін толық меңгеру керек. Сонымен қатар физиологиялық үрдістерді зерттеу үшін химия мен физика, биология мен биофизика заңдылықтарын білудің маңызы зор. Физиологиялық зерттеулерде спектрофотометрия, ренттенография, т. б. әдістер, радиоактивті изотоп, электр өлшеуіш аппаратгар т. с. с. кеңінен қолданылады. Организмдегі әр түрлі үрдістердің арасындағы ішкі байланыстар мен олардың өзара әсерлерін реттеудің жалпы принциптерін ашуда кибернетика мен математикалық модельдеу әдістері де пайдаланылады. Физиологиялық үрдістердің мәнін ұғыну үшін эволюциялық ілім мен эмбриологияны, жануарлар дүниесінің жалпы даму заңдылықтарын білу қажет.

Физиологияның негізгі әдісі - тәжірибе жүргізу. Тәжірибе үш нұсқада (вариантта) жүргізіледі: жедел тәжірибе, созылмалы тәжірибе және мүшелердің қызметін модельдеу.

Жедел тәжірибеде малға наркоз беріп, хирургиялық операциялар жасайды да, ішкі ағзларға әсер ету арқылы (тітіркендіру, тамырларды қию, дәрі-дәрмектер жіберу) олардың тіршілік бақылайды. Жедел тәжірибелер тобына мүшелерді бөлектеу-жекелеу әдісі де жатады. Бөлектенген ағзаларды (бауыр, жүрек, бүйрек т. б. ) шаймалап - перфузиялап (тамырлары арқылы қоректікзаттар куалап) немесе қанды алмастыратын изотониялық ерітінділерде ұстап, олардың тіршілік әрекетін ұзартып, зерттейді. Кейбір жағдайларда мүшелерді денеден бөлектемей, алардың тамырларьн арнаулы аппаратқа (мыс, жасанды жүрекке) қосып, қолдан қоректендіріп, зерттейді.

Созылмалы тәжірибелер алдын ала арнаулы операция жасалған жануарларға жүргізіледі. Осы мақсатпен малдың қарнына, ішектеріне көбек (фистула) қойылады, бездердің өзектері сыртқа шығарылады, тітіркендіру немесе биоток тарту мақсатымен ағзаларға электродтар қондырылады, тамырлар сүңгіленеді (катетрлендіріледі) т. б. Соңғы кезде организмнің физиологиялық функцияларын арнаулы аппараттармен алыстан бақылауға мүмкіңдік беретін әдістер қолданылып жүр. Мысалы, мал организміне өте кішкентай радиотаратқыш қондырып, оның әр түрлі функцияларын (тыныс алу, жүрек жүмысы, ішек-қарын жиырылуы т. б. ; еркіндік жағдайыңда бақылайды.

Функцияларды моделъдеу әдісі физиологиялық болжамдардың (организмнің өсу қарқыньн, малдың сүттілігін, өнімталдығын) дұрыстығын тексеруге немесе модельдер арқылы кейбір функцияларды бейнелеуге (нерв жасушасы қызметін, күйіс малының мес қарнындағы үрдістерді т. б. ), мүшелерді уақытша алмастыра алатын аппараттар жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс организмді биокибернетикалық жүйе ретінде қараудың негізінде қалыптасқан.

Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері

Физиология - мүшелер мен жүйелердің және тұтас ағзаның тіршілік әрекеттері туралы ғылым.

Осы физилогия ғылымының бір саласы жас ерекшеліктер физиологиясы ағзаның бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді. Негізгі міндеті - өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрап, балалардың аурулар мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриямен тығыз байланысты. Сонымен қатар физика, химия, метеорология сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін пайдаланады.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы эмбриология, қалыпты физиология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экологиялық физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валеология ғылымының теориялық түп негізін құрайды.

Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін қолданады:

1) бақылау - сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме;

2) табиғи тәжірибе - мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін табиғи жағдайда қолданады.

3) лабораториялық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы зерттеуші белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.

Лабораториялық тәжірибе әдістерінің түрі:

-функциялық жүктеме немесе сынау әдісі;

-эргометрия;

-есепті шығару әдісі;

-телеметрия;

-антропометрия.

Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы түрлі жағдайлардың бала организміне әсерін анықтап, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді.

Адам организмінің құрылысының жалпы сызбанұсқасы.

Адам ағзасы атқаратын қызметі мен құрылысының ортақтығы бойынша біріктірілген бір-біріне өзара бағынышты ұйымдастырылған күрделі жүйе. Жүйе элементі болып жасуша табылады. Шығу тегі, құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы ұлпа деп аталады. Ұлпалардың негізгі түрлері: жабын, дәнекер, сүйек, бұлшықет және жүйке. Ұлпалар мүшелерді, мүшелер мүшелер жүйесін құрайды.

Жасушадан басталып, мүшелер жүйесінен аяқталатын ағзаның барлық құрылымдарының қызметі келісіп жұмыс істеп бір тұтастық принципіне бағынады. Біртұтас ағзаның қызметі қоршаған ортамен тығыз байланыста болған кезде ғана жүзеге асады. Ағза қызметінің барлық процестері ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асады.

Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық жатады.

Ішкі ортаның физика-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамының тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп аталады.

Осы тұрақтылықты сақтау үшін ағзада өзін-өзі реттеу процесі үздіксіз жүріп жатады.

Өзін-өзі реттеудің 2 түрі бар:

1) гуморальдық реттелу;

2) жүйке арқылы реттелу.

Өсу мен даму заңдылықтары

Балалар мен жасөспірімдердің организмдері үнемі өсіп дамуда болады.

Организмдердердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады.

Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде шеңбері.

Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінң артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмінің дамуы екі түрлі: 1) физикалық, 2) функциялық.

Дамудың негізінде 3 фактор жатыр:

1) өсу,

2) органдар мен ұлпалардың мамандануы немесе дифференциация, 3) форма түзілу.

Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты.

Адамның өмірін 3 кезеңге бөлуге болады:

1) дамып жетілу, 2) кемелдену, 3) қартаю.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ заңдылықтары:

1) өсу мен даму гетерохронды болады.

2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі келеді.

3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты.

4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;

5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі

6) өсу мен дамудың акселерациясы (балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп аталады) .

Адам өмірін кезеңдерге бөлу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсу мен даму антропометриясы
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары
Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының пәні
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Педагогика ғылымының қалыптасуы
Жас ерекшеліктер физиологиясы
Ағылшын тілін оқыту
Психика мен сана мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz