Сабыр Рахимов



I Кіріспе бөлім. Сабыр Рахимовтың балалық шағы

II Негізгі бөлім. 1. Соғыс кезіндегі Сабыр Рахимов.

2. Өзбекке телінген қазақ батыры

III Қорытынды. Батырдың артында қалған өнегелері
Қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі, генерал-майор Рахимов Сабыр Омарұлы 1902 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт тауының етегіндегі Көкібел ауылында туған. Сабырдың жеті-сегіз жасар кезінде әкесі Омарқұл Ташкент қаласы маңындағы Пақтапұл деген жерге қоныс аударады. Шешесі Ташкент маңайындағы Жүнісабадта тұратын диқанның қызы Бахарайым деген кісі екен. Сабырдың балалық шағы төңкеріс алдындағы империялық Ресейдің және оның отарланған шеткі аудандарының көптеген балалары сияқты кедейшілікте өтті. Әкесі Омар 1907 жылы қайтыс болған соң сауаты жоқ анасы Бахарайым туған ағасы, диірменші Рақымның қолына қызы мен баласын ертіп барады. 1915 жылы қызы қайтыс болады. Сабыр мектепке барған кезде нағашысының балалары қатарында «Рахимов» болып жазылып кетеді. 13 жасар Сабыр жергілікті байдың малын бағып күн көреді. 1917 жылы шешеші Бахарайым да қайтыс болады да, ол балалар үйіне қабылданады. Директоры татар азаматы Ш.Хасанов еді. Осы жерде оның қызы Әминамен кездеседі. Өмірбаяндық құжаттарда Сабыр әйелін Магра деп атапты. Жұбайы – Рахимова Магра.
Сабыр 1922 жылы Бакудегі әскери мектепке қабылданып, оны үздік бітіреді. 1925 жылы атақты қолбасшы М.С.Фрунзе курсант Сабырдың үстіндегі өнеріне қатты риза болып, оған аттың қолдан жасалған мүсінін сыйлайды.
Сабыр Рахимов әскери мектептен соң атты әскер взводының эскадрон командирі болып Қарақұмдағы басмашыларға қарсы күресте үлкен ерлік көрсетеді. Осыған байланысты ол 1927 жылы «Қызыл Ту» орденімен, 1930 жылы «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. 1932-33 жылдары С.Рахимов партия жұмысын ұйымдастырушы, 1933 жылыдан бастап әскери қызметте болған. С.Рахимов 1937 жылы жалалы да болып, репресия жылдары он тоғыз ай түрмеде отырған. Ол ақыры ақталып шыққан.
1942 жылы Рахимов дивизия командирі міндетін атқарушысы болып тағайындалды. Сондағы бір әскери құжат былай дейді: «Рахимов басқарған дивизия шайқастарында 4000 фашисттің көзі жойылып, 100-і тұтқынға түсті, 4 ұшақ құлатылды».

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе бөлім. Сабыр Рахимовтың балалық шағы

II Негізгі бөлім. 1. Соғыс кезіндегі Сабыр Рахимов.

2. Өзбекке телінген қазақ батыры

III Қорытынды. Батырдың артында қалған өнегелері.

Қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі, генерал-майор Рахимов Сабыр Омарұлы 1902 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт тауының етегіндегі Көкібел ауылында туған. Сабырдың жеті-сегіз жасар кезінде әкесі Омарқұл Ташкент қаласы маңындағы Пақтапұл деген жерге қоныс аударады. Шешесі Ташкент маңайындағы Жүнісабадта тұратын диқанның қызы Бахарайым деген кісі екен. Сабырдың балалық шағы төңкеріс алдындағы империялық Ресейдің және оның отарланған шеткі аудандарының көптеген балалары сияқты кедейшілікте өтті. Әкесі Омар 1907 жылы қайтыс болған соң сауаты жоқ анасы Бахарайым туған ағасы, диірменші Рақымның қолына қызы мен баласын ертіп барады. 1915 жылы қызы қайтыс болады. Сабыр мектепке барған кезде нағашысының балалары қатарында Рахимов болып жазылып кетеді. 13 жасар Сабыр жергілікті байдың малын бағып күн көреді. 1917 жылы шешеші Бахарайым да қайтыс болады да, ол балалар үйіне қабылданады. Директоры татар азаматы Ш.Хасанов еді. Осы жерде оның қызы Әминамен кездеседі. Өмірбаяндық құжаттарда Сабыр әйелін Магра деп атапты. Жұбайы - Рахимова Магра.
Сабыр 1922 жылы Бакудегі әскери мектепке қабылданып, оны үздік бітіреді. 1925 жылы атақты қолбасшы М.С.Фрунзе курсант Сабырдың үстіндегі өнеріне қатты риза болып, оған аттың қолдан жасалған мүсінін сыйлайды.
Сабыр Рахимов әскери мектептен соң атты әскер взводының эскадрон командирі болып Қарақұмдағы басмашыларға қарсы күресте үлкен ерлік көрсетеді. Осыған байланысты ол 1927 жылы Қызыл Ту орденімен, 1930 жылы Қызыл жұлдыз орденімен марапатталады. 1932-33 жылдары С.Рахимов партия жұмысын ұйымдастырушы, 1933 жылыдан бастап әскери қызметте болған. С.Рахимов 1937 жылы жалалы да болып, репресия жылдары он тоғыз ай түрмеде отырған. Ол ақыры ақталып шыққан.
1942 жылы Рахимов дивизия командирі міндетін атқарушысы болып тағайындалды. Сондағы бір әскери құжат былай дейді: Рахимов басқарған дивизия шайқастарында 4000 фашисттің көзі жойылып, 100-і тұтқынға түсті, 4 ұшақ құлатылды.
1942 жылы 22 тамызда подполковник дәрежесін алған Рахимов 1943 жылы 19 наурызда генерал-майор Мәскеудегі Бас Штаб Академиясына оқуға шақырылды. Міне сол кездегі С.Рахимовқа берілген мінездемелер: 12-ші Армия бас қолбасшысы генерал-майор А.Гречко: Инабатты, ұстамды, тактикалық білімді, тәртіпті офицер. Шабуыл кезінде дивизия бөлімін дұрыс басқарады десе, 56-шы Армияның бас қолбасшысы генерал-майор Рыжков: Шешімді, ізденгіш, ойшыл командир. Рахимовтың қайсарлығы мен жүректілігі оның қарамағындағыларға үлгі бола алады,-деп бағалапты.
Кейін өмірінің соңына дейін 37-ші атқыштар дивизиясының командирі болып, 2-ші Белорус майданында соғысады. Дивизия майданының басқа бөлімдерімен бірге отырып, 25 шақырым алға жылжиды. Жаудың Польшадағы негізгі трек пункттері - Дзядлова, Млава, Плоньск, Пултуск қалалары мен Цеханов-Модлин теміржолы жаудан тазартылды. 16 күннің ішінде 215 шақырымға созылған Польшаның 124 елді мекені жаудан азат етілді.
1945 жылы наурызда Староград қаласы маңында жаумен қиян-кесті шайқас болады. Міне, осы шайқаста генерал-майор С.Рахимов қайтыс болады. Генералдың қалай қаза тапқаны жөнінде көптеген мәліметтермен қатар, А.Құралов сол шақта окопта генералмен бірге болған Т.Қауынбаевтың естелігінен келтіреді. Өз естелігінде Т.Қауынбаев былай дейді: Сабыр ағаның қазасын әркім әр түрлі болжайды. Құрышкомдив кітабын жазған Зинченко ол кісінің бір бүйіріне снаряд жарықшасы тиіп, содан қайтыс болды дейді. Түркістан әскери округінің Фрунзавец газетінде жарияланған Өмірдің өртті өткелі суреттемесінде Андреев генералды фашист мергенің оғынан қаза тапты деседі. Ал, менің есімде қалғаны, Данциг Гданск қаласына жасап жатқан шақ. Дивизия саяси бөлімінің бастығы полковник Смирнов , артиллерия құрамасының қолбасшысы полковник Руденко, байланыс қызметінің бастығы подполковник Голованьды қасына ерткен Сабыр аға Омарұлы 1945 жылы 25 наурызда 109-шы полк шабуылдап жатқан шепке келді. Бір жағы жауынгерлерді жігерлендіріп, екіншіден ұрыс даласымен байқап қайтпақшы болды.
... Бірге отырып дәм тату жайындағы ұсынысқа алғыс айтқан Сабыр аға бақылау пунктін ауыстыру жайын еске салады да, қасындағы серіктерімен бүйірлеу бағытқа беттейді. Шақырымға жетер-жетпес жерге келіп, жайғаса берген кезде заңылдай да жарқырай ұшқан миномет генералдар отырған жерге бұрқ ете қалды. Жан ұшыра жүгірген біз қызылала қан болған комондирге жеттік. Кейін білгеніміздей, Смирнов, Головань тіл тартпай көз жұмыпты да, Рудненконың оң аяқ саусақтары түгелдей қырқылып түсіпті.
Ал Сабыр аға көзін басып, қиналып жатыр екен.
- Сабыр аға, не болды? - деп тіл қаттым.
- Тоғанбаймысың? Не болғанын қайдам, әйтеуір мына көзім суырып алып барады.
Ол кісінің айтқаны осы болды. Жалма-жан аяулы ағаның жараланған көзін танып, медсанбаққа хабарладық. Сол бетте далалық госпиталға апарылған Сабыр аға тілге келмей соңғы сапарға аттанды. 30 наурыз күні Рахимов және оның мйдандас достары Белоруссияда Гродно қаласында жерленді. Соғыс біткен соң, 1945 жылдың мамыр айында Сабыр ағаның мейіті Ташкентке әкелінді. Рахимовпен қоштасу, қайғылы митингі 25 мамырда болды. Денесі Ташкенттегі Бауырластар мазаратына жерленген.
Бүгінде заман лебі өзгерді. Ташкентте ұлттық батыр ретінде дәріптеліп келінген Сабыр ағаның ескерткіші басқа орынға көшірілді.
Сабыр Рахимовқа 1965 жылы 6 мамырда КСРО Жоғары Кеңесі Президумының Қаулысымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ол - Ұлы Отан соғысының даңқты батыры, Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Омарқұлұлы Рақымов (1902-1945). Ұзақ жылдар бойы өзбек халқы оны өзінің ұлттық батыры, өзбектен шыққан тұңғыш генерал деп құрметтеп келді. Есімін өз тілдеріне бейімдеп Собир Рахимов деп жазды. Батырға арнап елінде ескерткіштер орнатты, есімін Ташкенттегі метро станциясына, аудандарға, көшелерге, мектептерге берді. 1949 жылы өзбек жазушысы Камиль Яшен Генерал Рахимов пьесасын жазды, 1967 жылы Өзбекфильм киностудиясы Генерал Рахимов атты көркем фильм түсірді. Бірақ 2010 жылдан бастап Өзбекстанда С.Рақымовқа деген құрмет өзгере бастады. Ташкенттегі 1981 жылы орнатылған ескерткіші орнынан алынды, қаладағы оның есімімен аталатын аудан Олмазор деп ауыстырылды. Басқа қалаларында да батыр генералға жасалған құрметтер тоқтатылып өзбек халқының жадынан өшіруге бет алынған сияқты.
Өзбек деректеріне қарағанда мұның бірқатар себептері бар. Біріншіден, Өзбек мемлекеті социализм кезеңіндегі құндылықтарға деген көзқарастарын қайта қарауда. Ел президенті Ислам Каримовтың Кеңес кезеңіндегі көнерген дүниелерді жаңарған өзбекстандық жауһарлармен алмастыру керек деген жарлығы бар. Соған сәйкес өзбек билігінің Ұлы Отан соғысының тарихи маңызына, сипатына деген ресми көзқарастары да өзгеруде. Бұл өзбек ұлтының мүддесі үшін жүргізілген соғыс емес деп, 9 мамырды - Жеңіс мейрамы емес, соғыста шейіт болғандарды еске алу, қаралы күн ретінде атап өтуде. Осыған орай екінші дүние жүзілік соғыстың батырлары да енді өзбек елін қорғағандар емес деген сыңай байқалады.
Екіншіден, С.Рақымов 1925-1927 жылдары Орталық Азияда басмашыларға қарсы соғыс қимылдарына қатысып ерлік көрсеткен, жауынгерлік орденмен марапатталған азамат. Кеңестік заманда еңбекші халықтың жаулары деген басмашыларды қазіргі Өзбекстан басшылығы Өзбекстанның тәуелсіздігі үшін күрескерлер ретінде бағалауда.
Ал бұл мәселеге байыптай қарасақ, Өзбекстан тарихындағы тарихи тұлғалар, батырлар, атақты адамдарды мадақтауда өзбек ұлтынан шыққандарға басымдық берілетіні байқалады.
С.Рақымов өмірдерегін 70-ші жылдары Шымкент педагогика институтында ұстаздық еткен, филология ғылымдарының кандидаты Әсілхан Оспанұлы, Л.Юсупов, 90-шы жылдары Е.Дүйсебеков, танымал журналист, қоғам қайраткері Әкім Ысқақ зерттеп С.Рақымовтың өзбекстандық қазақ екенін дәлелдеген. С.Рақымовтың қазақтығы қазақ баспасөзінде біраз жылдардан бері көтеріліп келгенімен еліміздің ресми билігі оны кейінгі жылдары ғана мойындай бастады. Алматыға келіп дүниеден өткен С.Рақымовтың жары Құралай Натуллаева (Сабырова) өмірден озғанша жұбайының қазақ екенін Сабыр-Ұлы жүздің баласы, Суанның ішіндегі руы Қанбағыс, Мәмбетбек датқаның немересі деп айтумен өтті. Сабыр өзімен бірге майданда болған жұбайы Құралайға Менің арманым-қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күрес спорты
Қазығұрт ауыл округі - Қазығұрт ауданы аумағында орналасқан әкімшілік бірлік
АЛМАТЫ – ТАШКЕНТ –САМАРҚАНД – БҰҚАРА –ТАШКЕНТ – АЛМАТЫ МАРШРУТЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРАКТИКАДАН ӨТУ ЕСЕБІ
Сұйықтық қозғалысының ламинарлық режимі
Ағылшын және қазақ тіліндегі сын есімнің қолданылуы
Балалар композиторлары
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздері
П.К.Ивановтың сауықтыру жүйесін өмірге енгізу. Судың емдік – шипалық қасиеті
Студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқарудағы оқулықтың негізгі функциялары
«ФФПС» - сериалы суда еритін полимерді цемент шикізат шламының сұйылтуға әсерін анықтау
Пәндер