Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесі



Кіріспе
1. Жалпы ережелер 4
2. Негізгі түсініктер мен анықтамалар 4 3. Еңбек өнімділігін өлшеуге ұсынылған әдіс 5
4. Ақпараттардың дереккөзі
5. Еңбек өнімділігін есептеудің бірізділігі
Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген "2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама" (ҮИИДМБ) бойынша нысаналы индикаторлардың мониторингін қамтамасыз ету үшін әзірленді.
Осы Әдістеменің мақсаты, аумақтар және салалар бөлінісінде еңбек өнімділігі көрсеткіштерін жедел түрде бағалау және кезеңдер бойынша еңбек өнімділігіндегі өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштерді есептеуді қазақстандық статистикадағы тәжірибеге енгізу бірінші кезектегі мәселе болып табылады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының
2011 жылғы 18 шілдедегі № 199
бұйрығымен бекітілген

Еңбек өнімділігін есептеу
әдістемесі

Астана 2011
Мазмұны

Кіріспе 3
1. Жалпы ережелер 4
2. Негізгі түсініктер мен анықтамалар 4 3. Еңбек өнімділігін өлшеуге ұсынылған әдіс 5
4. Ақпараттардың дереккөзі 6
5. Еңбек өнімділігін есептеудің бірізділігі 7

Кіріспе

Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген "2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама" (ҮИИДМБ) бойынша нысаналы индикаторлардың мониторингін қамтамасыз ету үшін әзірленді.
Осы Әдістеменің мақсаты, аумақтар және салалар бөлінісінде еңбек өнімділігі көрсеткіштерін жедел түрде бағалау және кезеңдер бойынша еңбек өнімділігіндегі өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштерді есептеуді қазақстандық статистикадағы тәжірибеге енгізу бірінші кезектегі мәселе болып табылады.

1. Жалпы ережелер

Әдістемеде еңбек өнімділігін жалпы экономика бойынша, Қазақстан Республикасындағы ақпараттар қоры мүмкіндігі, сондай-ақ еңбек өнімділігін мемлекетіміздегі салалық және аумақтық деңгейлерде қалыптасқан есептеу тәжірибесі ретінде халықаралық тәжірибе ескерілген.
Осы әдістемені дайындау барысында тұжырымдамалы негіз ретінде Статистика директораты, Ғылым технологиясы және өнеркәсібі бойынша директораты, Экономикалық Даму және Ынтымақтастық Ұйымы (ДЫЭҰ) тарапынан шығарылған Салалық және біріктірілген деңгейде өнімділіктің өсімін өлшеу Нұсқаулығы пайдаланылды.
Еңбек өнімділігін есептеуде бірыңғай әдісті қолдану мақсатында, Әдістемеде кеңінен таралған әдіс ретінде белгіленген ұйым деңгейіндегі сияқты салалық деңгейде құндық әдіс пайдаланылған.
Еңбек өнімділігі көрсеткішін есептеудің негізі өндіріс (жалпы қосылған құн) және еңбек шығыстары (жұмыспен қамтылған қызметкер саны) көлемін сипаттайтын көрсеткіштер негізге алынған.
Ұсынымдар еңбек өнімділігін есептеу Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ-93) шеңберіндегі есептеулерге бағытталған. Бұл ретте, нарықтық өндіріс басым болатын салаға аса мән беріледі.

2. Негізгі түсініктер мен анықтамалар

Өнімділік - өнім шығарылымын қолданылатын қорлар бірлігіне, есебімен өнім шығарылымын, өндіріс факторларын сипаттайтын және өндіріс көлемімен еңбек ресурстары шығынының ара-қатынасын білдіретін өндірістің тиімділігінің көрсеткіші.
Жалпы қосылған құн - өндірістік қызметтің түпкілікті нәтижесін көрсетеді және осы өндірістік үрдістегі өңдеумен қосылған құнды білдіреді. Салалар деңгейінде тауарлар және қызметтер шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылады, өндіріс процесінде тұтынылған негізгі капиталдың құны көрсеткішке қосылатындығын қамтиды.
Аралық тұтыну - есепті кезеңде тауарлар мен қызметтер өндірісіне шығындар ретінде өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтер құнын білдіреді.
Қызметкерлердің орташа тізімдік саны - азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін, сондай-ақ қоса атқару бойынша жұмысқа қабылданған адамдардан басқа, мерзіміне қарамастан еңбек туралы келісім-шарт бойынша қабылданған тұлғалар саны.
Қызметкерлердің нақты саны (орташа жалақыны есептеу үшін алынатын) - жұмысқа ресми тіркелуі бар (жүктілігі және босануы бойынша, балаға күтім жасау бойынша, және басқа да демалыстарда жүрген адамдар) қызметкерлердің жекелеген санаттары шегерілген тізімдік құрамдағы қызметкерлердің саны.
Негізгі қызметтегі персонал - тікелей негізгі өнім (тауар, қызмет) және басқа кәсіпорындарға немесе ұйымдарға сатыла алатын негізгімен қатар алынатын қосалқы өнім өндірісінде жұмыспен қамтылған жұмысшылар.
Қызметтің негізгі түрі - қосылған құны субъект жүзеге асыратын қызметтің кез-келген басқа түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

3. Еңбек өнімділігін есептеудегі ұсынылатын әдіс

Еңбек өнімділігін салалық деңгейде есептеуде бірыңғай әдісті қолдану мақсатында осы әдістемеде сатистика саласында кеңінен қолданылатын, өндірістің барлық нәтижесін қамтитын, салалар және аудандар бойынша жиынтық деректерді алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құндық әдіс пайдаланылды. Осы әдіс, еңбек өнімділігі көрсеткішін есептеу үшін өндірілген өнімнің (шығарылым) көлемі құндық көрсеткіште қабылданады.
Бұл әдістің ерекшелігі, құндық баға дайын өнімдер, жартылай фабрикаттар және аяқталмаған өндіріс, сондай-ақ өнеркәсіптік емес саладағы аяқталмаған жұмыс шығарылымын қамтуға мүмкіндік береді.
Осы әдістемеде еңбек өнімділігін бағалау барысында өнімнің құндық көрсеткіші ретінде жалпы қосылған құн пайдаланылды.
ҮИИДМБ аясында экономиканың негізгі деген секторларында белгіленген тәртіпке сай мемлекеттік жіктеуіштерге сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің (ЭҚТЖ) салалары және кіші салаларда еңбек өнімділігін жалпы қосылған құн бойынша арттыру мәселесі алға қойылған. Айырмашылықтар, атауындағы сияқты сектор құрамы бойынша да анықталады. Осыған байланысты, еңбек өнімділігі бойынша көрсеткіштер ЭҚТЖ орташа өлшенген сәйкес салаларда экономиканың негізгі секторлары бойынша қалыптастырылуда. Экономикадағы басым секторлар және ЭҚТЖ бойынша олардың құрамы туралы тізім тиісті уәкілетті органдар тарапынан анықталуда.
Шағын кәсіпорындардағы есептеулердің шиеленісті болуына, ресми түрде қызметкерлердің тіркелмеуіне байланысты еңбек өнімділігі көрсеткіштері тек ірі және орта кәсіпорындар бойынша есептелуде. Ауыл шаруашылығы бойынша еңбек өнімділігі көрсеткіші бұл салада негізгі өндірушілер үй шаруашылығы болатындықтан құрастырылмауда.
Ақпараттық қорлар талдауы тәжірибесіне сүйене отырып өндіріс көлемін сипаттаушы көрсеткіштер ретінде қазақстандық статистика тәжірибесінде саладағы жалпы шығарылым негізінде есептелген жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) пайдаланылады. Бұл ретте, саладағы жалпы шығарылымға ЭҚТЖ-ға сәйкес енгізілген өндіріс орнының негізгі қызмет түрі бойынша есептелген жалпы шығарылым алынуда.
Деректердің салғастырымдылығы үшін салалық деңгейде еңбек өнімділігін өлшеу барысында еңбек өнімділігі көрсеткіші жоғарыда көрсетілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек өнімділігінің жалпы көрсеткіштері
ӨНДІРІСТІК РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
Өнімнің өндірістік құнын калькуляциялау
Любакс тігін өндірісінің еңбекақы жүйесін талдау
Жердің жалпы мінездемесі
Қазіргі дағдарыстан кейінгі даму кезеңіндегі ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары
Қазақстанда ауылшаруашылық сақтандырудың даму мәселелері және жетілдіру жолдары
Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі
Бірлескен жұмыстарға берілген бірлескен есептер
Салқын цехтың жұмысын ұйымдастыру
Пәндер