Совет Рақымбайұлы Әлімқұлов


Совет Рақымбайұлы Әлімқұлов
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Әлімқұлов Совет Рақымбайұлы (22. 02. 1938, Жамбыл облысы, Луговой ауданы - 18. 02. 1992, сонда) - ақын. Жамбыл қаладағы мәдени-ағарту училищесін (1958), қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін (1974) бітірген. Луговой, Мерке, Красногор ауданы газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары; 1977 - 91 жылдары Жамбыл ауданында «Шұғыла» газеті редакторының орынбасары, 1991 - 92 жылдары «Әулиеата» газетінің редакторы болып қызмет істеді.
[өңдеу] Шығармалары
Лирик ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш кітап» деген атпен 1969 жылы жарық көрді. Содан бері оның «Жазушы» және «Жалын» баспаларынан «Жайсаң жер» (1968), «Күн көсем» (1970), «Қыран» (1971), «Еліктің лағы» (1972), «Өрімтал» (1974), «Қол айна» (1980), «Сыбызғы» (1982), «Ықылас» (1984), «Ораласың ба, көктемім» (1986) жыр жинақтары мен театрларға арналған бір актілі «Нұрлы дүние» пьесасы жарияланды. [1]
[өңдеу] Пайдаланған әдебиет
- ↑ “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd. » ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-
Бір дегенім - бүрге,
Екі дегенім- есеқара.
Үш дегенім - үйез (шыбын),
Төрт дегенім - түлкішек (түкті құрт) .
Бес дегенім - бөгелек,
Алты дегенім - аламан.
Жеті дегенім - жегі (құрт),
Сегіз дегенім - сүлік.
Тоғыз дегенім - тоқалтіс (тышқан),
Он дегенім - оқ жылан.
Жетім қалар жәндіксіз,
М
Бір дегенім - бүрген,
Екі дегенім - ермен.
Үш дегенім - үлпілдек,
Төрт дегенім -түлкішек.
Бес дегенім - бестамақ,
Алты дегенім - алқа.
Жеті дегенім - жекен,
Сегіз дегенім - селеу.
Тоғыз дегенім - тошала,
Он дегенім -ошаған,
Шөптен дәрі жасаған.
Көрсетілімі: 476 Қосты: Kz_ref_Mara Қосылды: 08. 06. 2011 Хабарлама (0)
ҚҰС-САНАМАҚ - САНАМАҚТАР
Бір дегенім - бірқазан,
Екі дегенім - ементұмсық.
Үш дегенім - үйрек,
Төрт дегенім - торғай.
Бес дегенім - безгелдек,
Алты дегенім - алабұлдырық,
Жеті дегенім - жек (дуадақ),
Сегіз дегенім - сұңқар.
Тоғыз дегенім - тоқылдақ,
Он дегенім - оқпақ.
Көрсетілімі: 471 Қосты: Kz_ref_Mara Қосылды: 08. 06. 2011 Хабарлама (0)
АҒАШ-САНАМАҚ - САНАМАҚТАР
Бір дегенім - бәйтерек,
Екі дегенім- емен.
Үш дегенім - үйеңкі,
Төрт дегенім - тұт.
Бес дегенім - беке (айва),
Алты дегенім - арша.
Жеті дегенім - жиде,
Сегіз дегенім - сексеуіл.
Тоғыз дегенім - тораңғы,
Он дегенім - орман.
Орман - аң-құстарға қорған.
Көрсетілімі: 306 Қосты: Kz_ref_Mara Қосылды: 08. 06. 2011 Хабарлама (0)
АҢ-САНАМАҚ - САНАМАҚТАР
Бір дегенім - бөрі,
Екі дегенім - елік.
Үш дегенім - ұшар (аң),
Төрт дегенім - түлкі.
Бес дегенім - бөкен,
Алты дегенім - арқар.
Жеті дегенім - жайран,
Сегіз дегенім - сілеусін.
Тоғыз дегенім - толай,
Он дегенім - ор қоян.
Көрсетілімі: 479 Қосты: Kz_ref_Mara Қосылды: 08. 06. 2011 Хабарлама (0)
АЛМА ЖИНАП БӨЛІСТІ. - САНАМАҚТАР
Алмас, Асан келісті,
Алма жинап бөлісті.
Арасында бір алма,
Айтыс болды бұларға.
Асан берсе, алмасы
Үштен бірі кем болар.
Алмас берсе, алмасы
Асанның да тең болар.
Алма санап көріңдер,
Екіге тең бөліңдер.
Көрсетілімі: 204 Қосты: Kz_ref_Mara Қосылды: 08. 06. 2011 Хабарлама (0)
КЕЛ САНАЙЫҚ САНАМАҚ, - САНАМАҚТАР
Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы.
Ортан терек - кезекші,
Шылдыр шүмек - көмекші.
Шынашағым - балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Шылдыр шүмек -мен,
Титтей бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Көрсетілімі: 1627 Қосты: Kz_ref_Mara Қосылды: 08. 06. 2011 Хабарлама (2)
АЛ, САНАҢДАР, САНАҢДАР, - САНАМАҚТАР
Ал, санаңдар, санаңдар,
Бізде қанша адам бар?
Алдымда:
Атам, өжем бар,
Алдымда:
Әкем, анам бар.
Білмесеңдер біліңдер,
Тағы саусаң бүгіңдер.
Алдымда:
Әпкем, көкем бар,
«Аман жүрсін інім» бар.
Өзім бармын,
Інім бар,
Кіп-кішкентай күнім бар.
Қанша болдық бәріміз,
Қанша болдық? . . .
Біліп ал!
Бізде қанша мысық бар?
Бізде қанша күшік бар? . . .
Көрсетілімі: 245 Қосты: Kz_ref_Mara Қосылды: 08. 06. 2011 Хабарлама (0)
БІР ДЕГЕНІМ - БОЗ ДАЛАМ, - САНАМАҚТАР
Бір дегенім - боз далам,
Екі деген - ер бабам.
Үш дегенім - үй-ордам,
Төрт дегенім - тау-орман.
Бес - баланың бесігі,
Алты - алаштың есімі.
Жеті - Жердің қабаты,
Сегіз - саудың санасы.
Тоғыз десем - той барам,
Он дегенде - ойланам.
Мұның бәрі бізде бар,
Он бірді өзің іздеп ал.
Көрсетілімі: 560 Қосты: Kz_ref_Mara Қосылды: 08. 06. 2011 Хабарлама (0)
БІР ДЕГЕНІМ - БІЛІК, - САНАМАҚТАР
Бір дегенім - білік,
Қолың жүр іліп,
Білік - шалғы тұтқасы,
Алғаның жөн біліп.
Екі деген есті,
Ел жайлауға көшті.
Салқын екен жайлау,
Салқын самал есті.
Үш дегенің - үскі,
Ұшып жерге түсті.
Тындыратын істі,
Үскі неткен күшті.
Төрт дегенім - төсек,
От жағамын көсеп.
Төсек жақсы, өйткені
Жайлы орынға есеп.
Бес дегенім - бесік,
Бөбек жатар өсіп.
Уағында анасы
Шомылдырар шешіп.
Алты деген - арша,
Арша отын жанса.
Мыңтап қазан қайнатар,
Жіктеп отқа салса.
Жеті деген - жебе,
Жебе бұзар кебе.
Жебе-кебе сөзі -
Ертегі сөз көне.
Сегіз деген - сенім,
Болашағың сенің.
Сені азамат болар деп,
Сеніп отыр елің.
Тоғыз деген - торпақ,
Болма өзің қорқақ.
Еңбек етсең жарайды,
Көп ісіне ортақ.
Он дегенде ойлап,
Тапқан сөзім - оймақ.
Жалғастырып тағы да,
Айтыңдаршы жайлап.
Көрсетілімі: 603 Қосты: Kz_ref_Mara Қосылды: 08. 06. 2011 Хабарлама (1)
АМАЛ САНАМАҚТАР - САНАМАҚТАР
Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын, балақан.
Буыршын мен атан бар,
Тайлағым мен ботам бар.
Үш інгенге иемін,
Санын айтшы түйемнің.
Көрсетілімі: 1195 Қосты: Kz_ref_Mara Қосылды: 08. 06. 2011 Хабарлама (2)
* * * - САНАМАҚТАР
Егеу - екеу,
Үскек - екеу.
Қос-қосынан
Қосса нешеу?
Көрсетілімі: 142 Қосты: Kz_ref_Mara Қосылды: 08. 06. 2011 Хабарлама (0)
БІР - БІЛІМ АЛДЫМ, - САНАМАҚТАР
Бір - білім алдым,
Екі - егін салдым.
Үш -үй көшірдім,
Төрт -төл өсірдім.
Бес- белге шықтым,
Алты- асық ұттым.
Жеті - желім жақтым,
Сегіз - серке бақтым.
Тоғыз - тойға бардым,
Он - отын жардым.
Көрсетілімі: 191 Қосты: Kz_ref_Mara Қосылды: 08. 06. 2011 Хабарлама (0)
БІР ДЕГЕНІҢ - БІЛЕУ, - САНАМАҚТАР
Бір дегенің - білеу,
Екі дегенің - егеу,
Үш дегенің - үскі,
Төрт дегенің - төсек,
Бес дегенің- бесік,
Алты дегенің - асық,
Жеті дегенің - желке,
Сегіз дегенің - серке,
Тоғыз дегенің - торқа,
Он дегенің - оймақ,
Он бір - қара жүмбақ.
Жұмбағым жұтылды,
Өрге қарай қүтылды,
Оны таппаған Айнабек тұтылды.
Казахские сказки - Қазақ ертегілері / Қазақша
"Өлген" қазан
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.
Үй иесі:
- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді.
Сонда Қожа:
- Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz