Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның қазақстанға әсері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Тарих, археология және этнология факультеті

Қазақстанның жаңа және қазіргі

заман тарихы кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ

ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ӘСЕРІ

Бітіруші:

Ғылыми жетекші:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ. ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН . . . 12

ІІ ТАРАУ. НАУҚАН КЕЗІНДЕГІ КАДР ЖӘНЕ ЖҰМЫСЫШ-МАМАН ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ОРТАЛЫҚЫТЫҢ САЯСАТЫ . . . 28

ІІІ ТАРАУ. ТЫҢ ИГЕРУ ТҰСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ МӘСЕЛЕСІ . . . 43

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ . . . 60

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта өз тәуелсіздігін алған Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіріп, Елбасымыз - Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдауындағы әлемдегі бәсекелестік қабілеті бойынша алдыңғы елу елдің қатарына кіру, сондай-ақ БСҰ-ға кіру алдында, дүниежүзілік тарихи дамуымен байланысы оның өткен тарихын жан-жақты үйрену мен зерттеудің қжеттілігін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай қажеттілік күрделі кезеңдерге байланысты Қазақстан тарихының мұқият зерттелуі мен зерделенуін талап етуде, әрі заңды құбылыс болып отырғаны белгілі. Кеңес дәуірінің тарихнамасы әкімшілік-әміршілдік саясат салдарынан тарихи жағдайлар мен әлеуметтік жайларды теріс түсіндіріп, ақиқатты айтпай, қисынсыз теория мен тұжырымдарға жол беріп отырды. Тарихи процестерді шындыққа жанаспайтиын партиялық таптық тұрғыдан көрсету, оны маркстік-лениндік әдістеме негізінде түсіндіру осы жүйенің заңы мен тәртібіне саналды. Осының нәтижесінде Қазақстан тарихында көптеген «ақтаңдақтар» пайда болды. Солардың бірі - тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны.

Тақырыптың өзектілігі . Сөз етіп отырған тақырыбымыз өте күрделі де қиын мәселе және өзіндік орны ерекше оқиға. Өйткені, тың игерудің нәтижесінде Қазақстан ірі астықты аймақтардың біріне және кеңшар өндірісі басым дамыған республикаға айналды. Егіс көлемінің ұлғайтылуының нәтижесінде Қазақстан 6 мәрте миллиард пұттан астам астық жинап, ел экономикасын біршама нығайтты. Тың даланың игеріліп, егіншілік айналымына қосылуы - республика халық шаруашылығының барлық саласының өндіргіш күштерін дамытуға, мәдениеті мен ғылымының өсіп-өркендеуіне қалай ықпал етті, қазақ даласына басқа да қандай өзгерістер әкелді деген сұрақ қазіргі таңда өте өзекті болып отыр.

Егеменді ел атанып, әлем жұртшылығы танып отырған Қазақстанның жер көлемін айтқанда өткен 20-ғасырдың барысында қалыптасқандай, Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан кең өлке деп атауға қалыптасып кеткен түсінік бар. Осы аталған аралықтың, яғни Атырау мен Алтайдың қашықтығы 3000 шақырым болса, Республикамыздың Батыс Сібір ойпатынан бастау алатын Солтүстігі мен Тянь-Шань тауларына арқа тірейтін Оңтүстік өлкесіне дейінгі ара-қашықтық 2000 шақырымға жуықтайды. Барша жер көлемі 2 миллион 700 мың шаршы шақырымды қамтитын кең байтақ алқап сеңгір таулармен қоршалған, құс қанаты талып, тұлпар тұяғы қызатын атақты Қызылқұм, Мойынқұм, бір шеті қамтылған Қарақұм сияқты құмды аймақтар, селдір селеу мен жусан көмкерген кең құлашты жазық далалары, еншімізге солтүстік-шығыс бөлігі тиген Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі мен жер бетін тілгілеген есепсіз көп өзендерден тұратын су айдындары бар өлке қазақ жері болып аталғалы қай заман.

Осы аталған кең өлкенің төсінде ежелгі заманнан қоныс теуіп келе жатқан, әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың бір тармағы әрі ең іргелісі қазақ халқы саналады. Тарихы біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІІІ мың жылдықтан бастау алатын халқымыздың барша тағдыры осы ұлы даламен тығыз байланысты сабақтас, салалас, аралас, ортақ.

Тілібіз бен мәдениетіміз, тіршілік ету салтымыз көрші орналасқан қырғыз, өзбек, түркімен, қарақалпақ сияқты түркі тілдес халықтармен ғасырлар бойы ұқсас, өзектес болып келсе, Қазақстанның территориясы осы аталған халықтар мекен еткен республикалар мен Тәжікстанның жер көлемін қоса есептегенде 2 есе үлкен екен. Жер көлемі мен шекарасының айнала алғандағы ұзындығы жөнінен әлемдегі ең ірі деген жеті мемлекеттін қатарынан орын алатын Республикамызда мыңғырған мал өсірдік, егін салып, әр жылдарда миллиардаған пұт астық жинап келдік. Сонымен қатар ауыр өнеркәсіп те дамыды.

Осыншалықты үрдіс қимылдар мен әрекеттердің нәтижесінде озат ел атанған Қазақстанның бүгінгі болмысы, келбеті мен келешегі бүкіл дүниежүзінің назарына ілініп, олардың ықылас-ниеттерін аударып, жаһандану үрдісіне ілігіп, еліміздің БСҰ-ға кіруге дайындығы жүріп жатқанда және Елбасымыздың әлемдегі бәсекелестігі жоғары 50 елдің қатарына кіру міндлеті қойылғанда өткен тарихымыздың (бұл жерде - тың игеру) жетістіктері мен жеңістерін, және сондай-ақ соңғы ХХ ғасырда орын алып отырған зобалаңдар мен қайғы-қасіреттерімізді зерттеп, ой таразысынан өткізіп, болашағымыздың іргетасын қалауымыз қажет. Ал бұған тағы да қайталап айтсақ, өткенді оқып-танып қана қол жеткізе аламыз. Орыс тарихшысы В. О. Ключевскийдің сөзімен айтсақ: «Тарих бізді оқып-тоқымаған сабағымыз үшін жазалайды». Сол себепті, тарихымыздың ақтаңдақ беттерінің бірі - тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын зерттеу мәселесі қазіргі Қазақстан тарихнамасындағы өзекті де көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны дау туғызбайтын мәселе.

Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстанды жетпіс жылдан астам уысында ұстаған Кеңестік жүйе әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағарту сияқты салаларда қазақ халқының үлкен жетістіктерге жетуіне, білім алып, ғылымды меңгеруде сан түрлі жаңа қырларынан көрінуіне игі ықпалын тигізсе, ата-бабадан келе жатқан салт-саналарымызды ұстануға, тіл байлығымызды сақтап қана қоймай, дамытуға кереғар әсер етті. Еліміздің өмірінде жүзеге асып жатқан бүгінгі бетбұрыс, барлық салаларда қайта түлеп жаңару жайы сол бір көп жылдар бойы кеудемен жаншыған басқару жүйесінің езгісінде болып, өткенімізді білу күңгірттеніп, ұрпақтың бірсыпыра бөлігі мәңгүрттеніп, ана тілі мен дінінен, дәстүр-салтынан айжырай бастаған, шала қазақтар дегендердің саны көбей түсіп келе жатқан кезде ғана қолға алынды.

Мінеки осындай бетбұрыстың нәтижесінде қазақ халқының өз тарихына деген ынтасы мен ықыласы, пейілі мен құштарлығы, құмарлығы арта түсу үстінде. Білсек деген сұрақтарға дана қарттардың жадында қалған естеліктер мен мұрағаттардың терең шыңырауларынан шым-шымдап шыға бастаған шындықтар арқылы жауаптар табылуда. Он алтыншы жылына аяқ басқан тәуелсіздігіміздің барысында «қазақ болсақ, кім едік, өткенімізден ғибрат аларлық не дүниелеріміз бар, келешекте не күтіп тұр» деген сұрақтар ашық қойылуда. Шындығына келсек, әсіресе соңғы жеті-сегіз жылда жоғарыда қойылған сұрақтарға азды-көпті жауап беретін бірсыпыра басылымдар мен жарияланымдар, мақалалар, ірілі-уақты кітаптар жарық көріп жатыр. Көптеген тарихи мәселелер шындық тұрғысынан қайта қаралып, өздерінің лайықты бағаларына ие болуда. Өткен тарихымыздан елес беретін маңызды оқиғалардың бірі - ХХ ғасырда 50-60 жылдарында орын алған оқиға - тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны болып табылады. Оның оңы мен солын ашып көрсетпей, өткен тарихымызды сараптамай тұрып болашағымызды көз алдымызға елестету мүмкін емес.

Тың және тыңайған жерлерді игеру Қазақстанға игі өзгерістер әкелгенмен, әміршілдік-әкімшілік саясат жылдарында жүзеге асырылған барлық шаралар тәрізді тың игеру кезеңінде де асыра сілтеушілдіктер аз болған жоқ. Ал бұл асыра сілтеушіліктер - жергілікті халықты тілінен, байлық тұнған құнарлы жерлерінен, қорек етіп отырған малынан айырды. Оны демографиялық жағынан көші-қон саясатының нәтижесінде өз жерінде азшылыққа айналдырды. Мұның қыр-сырларын оқып-тоқу үшін, бұл тақырыпты жан-жақты да объективті тұрғыдан зерттеу керек. Жұмысымыздың тақырыбын «Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның Қазақстанға тигізген әсері» деп алуымыз осыдан туындайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Біз қарастырып отырған осы бір дүбірлі науқан Кеңес одағы ауыл шаруашылығын өркендетудегі ерекше маңызы бар аграрлық шара ретінде саналды. Бұл тақырып бойынша 15 мыңнан астам әрқилы ғылыми-әдеби жұмыстар жарық көрді. Соның ішінде 1, 5 мыңы - ғылыми зерттеулер. Алайда, олардың барлығы дерлік тың және тыңайған жерлерді игерудегі қозғалысқа демберуші Компартияның, оның жергілікті ұйымдарының рөлін паш етуге арналды. Бұл еңбектерде шұғыл әрі асығыс түрде, жаппай ұжымдастыру тәрізді қысқа мерзім ішінде шамадан тыс ұлан-байтақ жерді жыртып тастау партия мен халықтың көзсіз ерлігі ретінде бағаланды.

Сонымен қатар Қазақстандық тарих ғылымында тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты шетелдік зерттеушілердің ой-пікірлерін сынға алатын, оларды фальсификаторлар ретінде айыптайтын еңбектер жариялау өз уақытысында маңызды болып табылатын. Мәселен, Ә. Тұрсынбаевтың /47; 48/, Г. Дахшлейгер, Ә. Тұрсынбаев пен Ш. Шафироның бірлесіп жазған мақаласында /14/, В. И. Куликовтың еңбегінде, В. И. Коваль, В. И. Коршунов, В. П. Осиповтың зерттеулерінде, «Экономическое развитие Казахстана и критика буржуазных фальсификаторов» атты еңбекте /52/, Р. З. Мұқановтың кандидаттық диссертациясында шетелдік зерттеушілердің тың жерлерді игерудің бірден пәрменді нәтиже бере алмағандығы, Қазақстанға орыс және украин қонысшыларының көптеп келуі, қазақ халқының ұлттық мүддесіне нұқсан келуі, кеңестік миграцияны патша үкіметінің қоныс аудару саясатының жалғасы ретінде есептеулері жоққа шығарылады /37/.

Тың және тыңайған жерлерді игерудің деректік негізі М. А. Қадыртаеваның кандидаттық диссертациясында зерттелді /23/. Мұнда тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұрағатындағы құжаттық материалдар сарапталып, жинақталып көрсетіледі. Зерттеуші деректерді директивалық, статистикалық, хабарламалық түрде 3 үлкен топқа бөледі. Ол құжаттық материалдарды оқып-үйрену тың және тыңайған жерлерді ишеру тарихын зерттеуде оның жекелеген тұстарын нақтыландыруда қажет екендігін дәлелдейді.

Р. Т. Сауранбаеваның кандидаттық диссертациясы Компартияның тың және тыңайған жерлерді игерудегі қызметінің тарихнамасын көрсетуға бағышталған. Еңбектегі тарихнамалық талдау біржақты партиялық, партия ұйымдарының рөлін көрсететін еңбектерді негізінен марапаттап сараптау, шектелген сын ауқымында жасалған /43/.

Х. Маданов пен Т. Омарбеков бірлесіп жазған мақалада негізінен тың игеруге қатысты партиялық әдебиетке жататын зерттеулер талданады /33/. Еңбек мақала түрінде жазылғандықтан авторлардың жан-жақты тарихнамалық талдау жасауға мүмкіндіктері болмады.

Кеңес дәуірі тұсындағы еңбектерде ел еңбекшілерінің еңбек және саяси белсенділігі, партия басшылығы мен жергілікті кеңес ұйымдарының рөлі көрсетіледі. Сондай-ақ оларда тың игеру барысындағы «лениндік ұлт саясатының айқын куәсі - ұлы халықтар достығының нығаюына» баса назар аударылады.

Біз қарастырып отырған мәселенің Кеңестік тарихнамасында объективті талдаулар кездеспейді. 1950-60-шы жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстанның аграрлық саласы, мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері, республиканы колхоз бен совхоздарындағы коммунистік еңбек қозғалысы, село еңбекшілерінің мәдени-техникалық деңгейін көтерудегі, коммунистік рухта тәрбиелеудегі Компартияның қызметін сипаттайтын ғылыми еңбектер аз емес /35; 37; 44; 47; 48; 50/. Бұл зерттеулер «коммунизм құрылысын өрістету» кезеңіндегі аграрлық саланы механикаландыру, электрлендіру, еңбекке ақы төлеу, қоғамдық мал шаруашылығын, оның өнімділігін арттыру мәселелерін де қарастырады. Алайда, бірінші орында партияның қаулы-қарарлары мен қызметін көрсету тұрғандықтан көтерілген мәселелерді терең зерттеуге мүмкіндік болмаған.

Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуіне байланысты тарихи оқиғалар мен фактілерді шынайы зерттеу мен айқындаудың мүмкіндігі туды. Тың игерудің оңы мен солын айқындап көрсететін зерттеулер 1990 жылдардан бастап жарық көре бастады. Оларда тың игерудің кемшіліктері мен қателіктері ашылып, қалыптасқан кеңестік қағиданың іргесі сөгілді. Осындай бағытта Т. Омарбековтың /41/, Қ. С. Қаражановтың /25/ ғылыми мақалалары жарық көрді. Т. Омарбеков «тың игеру тым шұғыл және өте асығыс, экстенсивті» сипатта жүргізілгендігін ашып көрсетті. Тыңның ондаған жылдар бойы тасада қалып келген көлеңкелі тұстарын аша отырып, тыңды игерген тек алғашқы екі жылдың ішінде жалпы саны 25 мыңдай болған келімсектердің - арнайы жіберілген партия мүшелерінің жергілікті кадрлардың басшылық жұмыстардан ығыстырып, шеттеткендігін жазады. Кеңестік дәуірде тың өлкесі халқының өсуі жалпылама көрсетіліп, демографиялық жағдайдың қазақ халқы есебінде шешілмегендігі жайында жұмған ауыз ашылмады. Ал Т. Омарбеков мақаласында орын алған ақиқат былайша айқындалады: «…қазақтар тың игеру жылдарында 8%-ға кеміп, республикадағы басқа ұлттардың үлес салмағы бұрынғыдан өсе түсті. Республикада қазақтар 30-ақ пайыз, ал орыстар 42, 7% болғанын 1959 жылғы санақ көрсетіп берді» /41, 126/. Автор сонымен бірге «бағындырылған» тыңның әрбір гектарының интенсивтілігін арттырудың ескерілмеуін, 200-ден астам селолық және ауылдық кеңестердің атауларының орыс тілінде қайта өзгертілгендігін, өлкенің табиғатын түлете алмағандығын, керісінше орны толмас қасірет алып келгендігін, мал шаруашылғының құлдырауын дәлелдеді. Зерттеуші пікірін «…тың игеруге сәйкес келетін 1951-65 жылдары …жылқының саны 365, 7 мың басқа түсіп, шұғыл азайып, …қой басының өсімі мардымсыз болып, ол өзінен бұрыңғы 10 жылдағы өсу қарқынынан үш есеге кеміп кетті», - деп шыңдай түседі /41, 129/. Осыған пікір үндестігін Қ. С. Қаражанов та білдіреді. Автордың: «25 млн га тың және тыңайған жерлерді ойланбай жырту Қазақстанда тек мал, әсіресе қой шаруашылығының жайылым қорын бүлдіріп қана қоймай орын толмас экологиялық шығындарға әкелді» - деген пікірі осының айғағы /25, 27/. «Тыңды игеру Қазақстанды ірі астықты аймаққа айналдырғанымен, елімізді астықпен қамтамасыз ету проблемаларын толық шеше алмады, тыңды «игерсек» те ауыл шаруашылығы өндірісінің даму қарқыны төмендей берді», - деп тұжырымдайды /25, 28/. Себебі, автордың пікірінше «шамадан тыс көп жерді экстенсивті жолмен жырту - Қазақстанның егін шаруашылығын интенсивтендіру арнасына түсіруді қиындатып, топырақ құрамының тозуына және одан алынатын өнімнің төмендей түсуіне жол ашты» /41, 130-131/. Тарихшылардың мақалалары тың және тыңайған жерлерді игеру тарихын жаңаша зерделеп, терең зерттеуге мұрындық болғаны сөзсіз.

Тың игерудің оңы мен солы, сондай-ақ жекелеген тұстары Н. Райханов, А. Құдайбергенова, С. Сабыров, Қ. Әбуов, К. Төлеубаева мақалаларында дамыталады / 5; 6; 15; 31; 46/. Зерттеушілер тың игерудің жағымсыз жақтарын, әлеуметтік зардаптарын ашуға көп көңіл бөледі. Мәселен, К. Төлеубаеваның пікірінше, « . . . еліміздің «тың эпопеясы» тұсында басынан кешкен қиыншылығы, жеріміздіңкешкен қасыреті мен мехнатына Қазақстанға келген тың игерушілер кінәлі емес. Оған сол кездегі саясатты туғызған мемлекеттік жүйе кінәлі» /46, 40/. Осыған ұқсас ойды Қ. Әбуов білдіреді. Дегемен, мақалаларда тың игеру барысында халық бастамасы, ынта-жігері, жасампаз ерен еңбек үлгісі орын алғандығын да жоққа шығармайды. А. Құдайбергенова тың игеру сияқты «қазақты титықтатқан жоспаршылдық пен науқаншылдықтың» демографиялық астарының келеңсіз жәйттерін ашады. Қ. Әбуов тың игерудің жалпы республика ауыл шаруашылығын дамытуға мардымды лес қоса алмағандығын былайша пайымдайды: « . . . колхоздар мен совхоздардың тіршілік-тынысына орынсыз араласудың, беталды құла, реформалық сыпырылыстардың салдарынан Пленумның шешімі иімді нәтиже бере қойған жоқ. Тезге алып, төске ұрған волюнтаризм рухымен жүргізілген тың эпопеясының да ауыл шаруашылығын алға бастыруға дәрмені жетпеуінің себебі осы» /5, 6/. Осыған үндес пікірді К. Төлеубаева да білдіреді. Авторлар егін жинау науқанының «алапат майданға айналып, адам және материалдық ресурстардың орасан зор көлемде жұмылдырылғандығына баса назар аударады. Осындай келелі пікір, салиқалы ой түйіндеген ғылыми мақалалар іргелі зерттеулердің дүниеге келулеріне жол сілтер ізашар екендіктерін айтқан абзал.

Тың «эпопеясы» жайында Ж. Абылқожиннің монографиялық зерттеуінде айтылады. Зерттеуші-ғалым « . . . тың өлім аузындағы жүйені тірілту факторын атқарып, оның тажалын тағы да ұзақ жылдарға созды», - деп жазады /4/. Шын мәнісінде тың игеру одақтағы азық-түлік проблемасын шешу мақсатында әкімшіл-әміршіл жүйенің өзін-өзі сақтау үшін тығырықтан экстенсивті сипаттағы шығар жолы болды. Зерттеуде тыңның тиімділігімен қатар тиімсіз жақтары: экологиялық, әлеуметтік-миграциялық мәселелер қарастырылады. Еңбектің тыңды «бағындыру» мәселелерін жан-жақты зерттеуге қосар үлесі айтарлықтай.

Тың және тыңайған жерлерді игерудің әлеуметтік мәселелері А. Э. Городецкийдің кандидаттық диссертациясында қарастырылады /12/. Ізденуші Қазақстан селоларының 1954-65 жылдардағы әлеуметтік дамуын көрсете отырып, тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде осы сала мәселелерінің ерекше шиеленіскенін айқын көрсетеді.

О. Х. Мұхатованың докторлық диссертациясында Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы, соның ішінде жеке тарау болып тың және тыңайған жерлерді игеру тарихнамасы қарастырылады. Диссертант өз еңбегінде Кеңестік тарихнамаға, шет елдік тарихшылардың еңбектеріндегі тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты ой-пікірлерін қарастырады да, қазіргі таңдағы егеменді Қазақстан тарихнамасындағы ой-пікірлерді ой елегінен өткізеді /39/.

Тың және тың игеру жылдарындағы Қазақстан ауылдары мен селоларының әлеуметтік жағдайы К. А. Әліқұловтың докторлық диссертациясында қарастырылады /8/.

Сонымен қатар тың және тыңайған жерлерді игеру тарихы соңғы жылдары еліміздің ғылыми мерзімді басылымдарында да кеңінен қарастырылып жүр. Бұл жерде Х. Әбжанов пен М. Илиповтың, Қ. Байсарина, Г. Жұмаділдаева, Г. Досекееваның мақалаларын атап өтуге болады /8; 17; 19/.

Деректік негізі . Тарихи білімнің қалыптасуы мен тұрақты эволютциялық өрістеу процесіне зерттеудің деректемелік негізі ықпал ететіндігі белгілі. Ал мәселенің жаңаша зерделенуі, қойылыуымен объективі түрде зерттеліуі ақиқатқа негізделген тың деректерге байланысты. Бұрын-соңды айналымға түспеген тың деректерді зерттеу ауқымына енгізу - мәселенің қарама-қайшылығы мен күрделі тұстарының шешімін табудың көзі. Ал зерттеу еңбектерін жазу шынайы және нақты деректерсіз мүмкін емес.

Республикада деректану ғылымынан салиқалы еңбектер жазып, арнайы айналысып жүрген тарихшылардың аздығы аграрлық мәселелер деректерін ғылыми негізде жүйелеп, сыныптап, жіктеуде қиындықтар тудыруда. Дегенмен де аграрлық өзгерістер төңірегенде зерттеулер жазып жүрген жас буын тарихшылар көптеген архив материалдарын айналымға енгізіп, тың құжаттардың негізінде жаңа бағыттағы еңбектердің келуіне мұрындық болуда.

Қазақстанның аграрлық тарихына қатысты деректер негізінен кеңес дәуірінде жинақталған. Олар Коммунистік партияның қаулы-қарарлары, үкіметтің аграрлық саладағы шаруашылық мәселелеріне байланысты құжаттары және баспасөз, статистикалық материалдар түрінде қалыптасып, жинақталды. Осыған орай деректері келесі үш топқа бөлуге болады: 1) Компартияның съезд, пленум, конференцияларының қаулы-қарарлары және партия мен үкіметтің шаруашылық мәселелеріне қатысты құжат-материалдары; 2) баспасөз материалдары; 3) статистикалық жинақтар. Мұндай жіктеу маркстік-лениндік методологиядан, партия ұйымдарының құжаттарын дәріптеуден бас тартуға негізделуі тиіс. Алайда деректерді сыныптап, жіктеу, құндылықтарын анықтау оларға сыни көбен қарап, қайта зерделеуді қажет етеді.

Деректердің алғашқы тобына жататын құжат, материалдардың деректік, тарихи маңызы бар екендігі даусыз. Себебі олар кеңес дәуірінде ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалар мен қайта құрулардың саяси, әлеуметтік-экономикалық мәнін, аграрлық саладағы ахуалды түсініп, зерделеуде қажетті деректер болып табылады. Сондай-ақ Компартияның съезд, конференция, пленумдарының қаулы-қаралары, партия мен үкіметтің шаруашылық мәселелі жөніндегі шешімдері әкімшіл-әміршіл жүйе кезіндегі партияның аграрлық саясатын, ауыл шаруашылығындағы ұжымдық және мемлекеттік құрылымдардың жай-күйін айқындауға мүмкіндік береді.

Деректердің екінші тобын мерзімді баспасөз, яғни газеттер мен журналдар материалдары құрайды. Республиканың бірқатар баспасөз органдары Қазақстандағы аграрлық өзгерістерге қатысты мол деректерді береді. Біз қарастырып отырған тақырып бойынша 1953-1970 жылдар аралығындағы мерзімді басылымдар маңызды екені анық.

Деректеріміздің ең соңғы үшінші тобында Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы өзгерістер жайындабағалы мәліметтер мен материалдар әр түрлі статистикалық жинақтарда топтастырылған//. Бұларда кеңес дәуіріндегі сталиндік, хрущевтік, брежневтік билік талаптарына орай аграрлық саланың шынайы хал-ахуалы, экстенсивті дамуы, дағдарыстық жағдайы т. б. жайында сандық мәліметтер берілмейді. Керісінше мұндай жинақтарда кеңестік ауыл шаруашылығы үнемі даму жағдайында, табыстарға кеңелген, өткір проблемалары болымсыз сала ретінде дәріптеледі. Сондықтан мұндай мәліметтерді айналымға түсірер алдында сын тезінен өткізіп, тың архив құжаттарымен салыстыру қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тың игерудің салдары
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Тың және тыңайған жерлерді игерудің этнодемографиялық құрылымға әсері
Тың жерлерді игерудің мақсаттары
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТЫҚ АЛҚАБЫ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
Кеңестік дәуірдегі жоспарлы көші-қон
ТЫҢ ИГЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
Тың және тыңайған жерлерді игеру
КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕГІ ЖОСПАРЛЫ МИГРАЦИЯЛАР
Тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1958 жж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz