Жаңылтпаштың басқа жанрлармен байланысы



1 Жаңылтпаштың басқа жанрлармен байланысын зерттеу
2 Жаңылтпаш тіл дамыту мен ширатудың, әсіресе бала тілін ұстартудың тиімді құралы
3 Жұмбақ . көркем поэтикалық туынды
4 Санамақ балалардан белсенділік пен алғырлықты талап ететін жанр
Жаңылтпаштың басқа жанрлармен байланысын зерттеу, оның қалыптасуы, даму жолдары, көркемдік ерекшеліктері жайлы ғылыми еңбектер жазу әдебиеттану ғылымына қосылған нәтижелі іс деп білеміз. Жаңылтпаштар фольклордың басқа жанрларымен де тығыз байланысты. Халықтық шығармаларды басқа жанрларымен салыстырудың өзгешеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Басқа жанрлармен байланысты зерттеу арқылы жаңылтпаштардың тарихи шығу жолын, даму және өзгеру жолдарын байқаймыз.
Кейбір шешендік сөздер мен қанатты сөздердің және ертегілер мен мақал-мәтелдердің төркіні осы жаңылтпаштармен де ұштасып, жалғасып жататынын көруге болады.
Жаңылтпаштардың басым көпшілігі халық өлеңдерімен байланысты айтылады. Тіпті аллегориялық сипатта айтылатын халық өлеңдері көбіне жаңылтпаштарға жақын болады. Әсіресе, қазақ халқының айтыс өлеңдерінде жаңылтпашпен айтылатындары өте көп. Мұнда ақындық өнермен қатар, өмірді көп біліп, көп көрген айтысушы адамның парасаттылығы мен білімділігін қажет етеді.
Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдер тілі көркем жанрға жатады. Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің ең көне түрі, ол ғасырлар бойы сақтап келген халықтың еңбек тәжірибесінің жиынтығы, түйіндеп айтқан ой-пікірінің түйіні, өмір, тіршілігінің айнасы, өмірлік өшпес мұрасы. Мақал-мәтелдердің жаңылтпаштардан айырмашылығы өміршеңдігі – тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөз бен көп мағына беретіндігінде, еске сақтауға оңай болатындығында. Сондықтан да халық “Сөздің көркі – мақал”, «Мақал – сөздің мәйегі» деп бағалаған. Мақал-мәтелде көбінесе ортақ ой, анықталған қағидалар айтылады, формасы жағынан тілге жеңіл, ырғақ, ұйқасқа құрылады.
Ал жұмбақ – халық шығармаларының ішіндегі ең көнесі және барлық елдің фольклорында кездеседі. Жалпы жұмбақты – сөз образының кілті ретінде тануға болады. Жұмбақ негізінен балаларға арналған жанр болып табылады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖАҢЫЛТПАШТЫҢ БАСҚА ЖАНРЛАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Дәуітұлы Т. - аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)

Жаңылтпаштың басқа жанрлармен байланысын зерттеу, оның қалыптасуы, даму жолдары, көркемдік ерекшеліктері жайлы ғылыми еңбектер жазу әдебиеттану ғылымына қосылған нәтижелі іс деп білеміз. Жаңылтпаштар фольклордың басқа жанрларымен де тығыз байланысты. Халықтық шығармаларды басқа жанрларымен салыстырудың өзгешеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Басқа жанрлармен байланысты зерттеу арқылы жаңылтпаштардың тарихи шығу жолын, даму және өзгеру жолдарын байқаймыз.
Кейбір шешендік сөздер мен қанатты сөздердің және ертегілер мен мақал-мәтелдердің төркіні осы жаңылтпаштармен де ұштасып, жалғасып жататынын көруге болады.
Жаңылтпаштардың басым көпшілігі халық өлеңдерімен байланысты айтылады. Тіпті аллегориялық сипатта айтылатын халық өлеңдері көбіне жаңылтпаштарға жақын болады. Әсіресе, қазақ халқының айтыс өлеңдерінде жаңылтпашпен айтылатындары өте көп. Мұнда ақындық өнермен қатар, өмірді көп біліп, көп көрген айтысушы адамның парасаттылығы мен білімділігін қажет етеді.
Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдер тілі көркем жанрға жатады. Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің ең көне түрі, ол ғасырлар бойы сақтап келген халықтың еңбек тәжірибесінің жиынтығы, түйіндеп айтқан ой-пікірінің түйіні, өмір, тіршілігінің айнасы, өмірлік өшпес мұрасы. Мақал-мәтелдердің жаңылтпаштардан айырмашылығы өміршеңдігі - тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөз бен көп мағына беретіндігінде, еске сақтауға оңай болатындығында. Сондықтан да халық "Сөздің көркі - мақал", Мақал - сөздің мәйегі деп бағалаған. Мақал-мәтелде көбінесе ортақ ой, анықталған қағидалар айтылады, формасы жағынан тілге жеңіл, ырғақ, ұйқасқа құрылады.
Ал жұмбақ - халық шығармаларының ішіндегі ең көнесі және барлық елдің фольклорында кездеседі. Жалпы жұмбақты - сөз образының кілті ретінде тануға болады. Жұмбақ негізінен балаларға арналған жанр болып табылады.
Жаңылтпаш - астарлы сөз, әсем жыр. Жаңылтпашта қарапайым халықтық тіл өрнектеледі. Олай болатын себебі - белгілі бір құбылыс, зат жаңылтпашталғанда, оның сипатын, кескін-кейпін, мейлінше түсінікті тілмен беру көзделеді. Жаңылтпаш - бала тілін дамыту құралы. Жаңылтпаш ықшамдылық талабына мейілінше бұлтартпастай жауап береді.
Мінсіз жаңылтпаш - мінсіз суреткерлік жемісі әрі оның дарындылық белгісі. Бұдан шығатын қорытынды, жаңылтпаш қай жанрға болса да ортақ, ағайындас есепті, солардың бәрімен де қатар дамып, халық ойының данышпандық асыл қазыналарын өз бойына жинаған мұра.
Міне, осындай қазақ фольклорының күллі мәселелеріне арналған еңбектерде де әр қырынан қарастырылса да, әлі күнге дейін біртұтас құрылымы сараланған жоқ. Сондықтан қазақ халқының бай фольклорлық мұрасын зерттеу фольклортану ғылымындағы кезек күттірмес мәселенің бірі болып табылмақ.
Қазақ фольклорының жекелеген жанрлары бойынша көптеген ғалымдарымыз ғылыми зерттеу еңбектер жазды. Жаңылтпаштардың балалар фольклорынан алатын орны айрықша. Бала тәрбиелеуде бұл жанрдың ерекше маңыздылығына халық ертеден үлкен мән берген. Қазақ халқы балалар тәрбиесіне, ұрпағының саналы болып өсуіне жіті көңіл бөлген. Бұл ұғымды саналы ұғынған қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін бала дүниеге келген күннен бастаған. Мұндай тәлім-тәрбие жүргізу ерте кезден қазірге дейін жалғасып келе жатқан құнды дәстүріміздің бірі. Мұны, әрине, қазақтың қазыналы ауыз әдебиеті үлгілерінен көре аламыз.
Ұлтымызда балаларға арналған әдебиет пен өнер түрлері аса мол. Олар сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да бағалы жауһарлар санатына жатады. Ауыз әдебиетінің жанрлары көп жағдайда өзара бірігіп, бір-бірімен араласып, бірін-бірі толықтырып, балалар үшін ұтымды қызмет атқарып тұрады. Балалар ауыз әдебиетін жинаушы әрі зерттеуші С. Сейфуллин өзінің Жұмбақ айтысу, Жаңылтпаш, Балалар ойыны, Жастық ойын, күлкі өлең тақпақтары деген еңбектерінде бастан-аяқ балалар ауыз әдебиетіне тән мұраларға ғылыми талдаулар жасаған.
Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкі дүкенін құрған орында айтылатын айтыстың бірі - жаңылтпаш. Бұл да - ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрізді жастардың, балалардың тіл ұстартуына, ойнақы, қырлы сөздерді қақпақылша атқылап, билеп еркін сөйлеуге төселулеріне өз әлінше әдемі сабақ, тәжірибе болатын ойын. Ойнақы, қырлы, қиын дыбысты сөздерді билеп еркін сөйлеуге төселу ретінде балаларға, жастарға жас басынан сабақ-ойын болатын нәрсе әсіресе осы - жаңылтпаш - дейді С. Сейфуллин.
Жаңылтпаш - қазақтың ұлттық құндылығына да, ауыз әдебиетінің құндылығына да тән мұра. Жаңылтпаштар балалардың тілін дамыту және оларды жан-жақты тәрбиелеу қажетінен туып, бала тәрбиесі үшін қызмет еткен. Жаңылтпаштардың ықпалы, тәрбиелік күші жағынан жасөспірімдерді тәрбиелеудің ең маңызды белесіне айналды.
Жаңылтпашты зерттеуші ғалымдардың ой-пікірлеріне, ғылыми тұжырымдарына қарағанда жаңылтпаш та жұмбақ, мақал-мәтел сияқты фольклордың шағын жанрына жатады. Жаңылтпаш сөздер мен дыбыстарды қиындата қайталау, айтқанда тілді мүдіртіп тұтықтандыратын сөйлемді немесе сөйлемнің бөлігін шапшаң, жиі қайталау арқылы тіл ширатуға, тіл ұстартуға лайықталады. Жаңылтпаш дүниежүзі халықтарының бәрінде бар. Бірақ жаңылтпаштың қай тілдегі атауына зер салсаңыз да, оның ауыз әдебиеті үлгісінің ортақ табиғатынан өрістеп жатқанын байқау қиын емес.
Жаңылтпаш тіл дамыту мен ширатудың, әсіресе бала тілін ұстартудың тиімді құралы, дәстүрлі жолы десек, ондағы мағынасыз сөздер мен дыбыстардың ермек үшін айтылатын ретсіз жиынтығы емес. Жаңылтпаштар белгілі бір желіге құрылады да жүйелі өзіндік оқиға нышанын сөз етеді. Жаңылтпаш жанрының дәстүрлі тәлімдік-тәрбиелік мектебіне айналу мәнісі, әрине, оның танымдық қуаты мен тәрбиелік маңызынан, көркем бояулы эстетикалық күшінен, ойлы-сезімді тереңдігімен айқындалады деп түсінеміз. Сонымен қатар, дүние сырларын танытып, білім берерлік, білік-дағды қалыптастырарлық ерекшелігі де бар. Жаңылтпаш ана тілінің бай қорын, мол мұрасын бала жастан игеруге, жатық сөйлеп, тіл саздылығын тануға көмектеседі, көркем сөзді қастерлеуге тәрбиелейді.
Бала танымын кеңейтумен қатар, тілін ұстартып дұрыс сөйлеуге үйретуде жаңылтпаштың орны ерекше. Жаңылтпаш - ауыз әдебиетінің балалардың тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры. Бала тілінің жетігіп-жетілуіне, оралымды, анық сөйлеуіне, ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауына баулиды, - деген анықтама берілген.
Жаңылтпаш ерте заманда пайда болған жанр. Жаңылтпаштардың алғаш хатқа түскен үлгілерін Ә. Диваев, М.Ф. Гаврилов қолжазбаларынан кездестіреміз.
А. Байтұрсынов Әдебиет танытқыш атты еңбегінде жаңылтпашқа мынадай түсініктеме береді: Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә тіл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма - жаңылтпаш деп аталады.
Ал, Н. Төреқұлов дидактикалық шағын жанрларға мақал-мәтел, жұмбақ пен жаңылтпашты жатқызады. Жаңылтпаш халықтық поэтикалық шығармалардағы фольклордың шағын жанрына жататын, дыбыс үйлесімділігіне негізделген, тез және айқын айтылуы қиын сөздер тізбегі - деген анықтама береді.
Қазақ балалар әдебиетін зерттеуші Ш. Ахметов: Бұл жанр тек қана балалар әдебиетіне арналған, көбіне мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайықты. Олай дейтініміз жеке дыбыстар мен айтылуы қиын кейбір сөздерді дұрыс сөйлеуге үйрету - көбіне балаға ғана тән нәрсе. Мұнда міндетті түрде оқыту арқылы ғана емес, баланы талғамы күшті қызық та көркем сөздерге әуестендіру, соған еліктіру арқылы жаттығу жүргізу үшін қолданылған шеберлік бар, - дейді.
Жоғарыдағы айтылған ой-пікірлерге қарағанда жаңылтпаштардың негізінен балаларға ғана тән мұра екендігін дәлелдейді.
Балалар ойынының қызықты да пайдалы түрлерінің бірі - жаңылтпаш. Жаңылтпаш балаларға жастайынан ана тілінің бай қорын игеруге, таза, майда, анық әуенді, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге тәрбиелейді, - деп тұжырымдайды ғалым С. Ұзақбаева.
Балаларға арналған шығармалардың тілі, ең алдымен, өзінің ана тілін жетік білуге, сөздік қорын байытуға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жаңылтпаштарының зерттелу тарихы
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Өлең ойындар
Қазақтың аңыз ертегілері, жаңылтпаштары, нақыл сөздері
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры
Таза сөйлеу - фольклордың шағын жанры
ОРЫС СЫНЫПТАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНАН САУАЛНАМА АЛУ
Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең-жырлар
Жұмбақ жанры
Мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Пәндер