Қазақстандағы православие діні тарихы



1 Православие діні
2 Діни өмірдің шынымен жандануы
3 Православ шіркеуі
Православие діні –Қазақстанда дінге сенушілерінің саны бойынша исламнан кейінгі екінші діни бағыт.
Православие діні елімізде Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуы кезіндегі әскери қоныстарда пайда болды. Оңтүстік аймақтарда алғашқы әскери діни қауымдар (кішкентай шіркеулер, сиыну үйлері) 1866 жылы Түркістан мен Шымкентте пайда болған. 1871 жылы Түркістан Епархиясы құрылды. 1872 жылы Верный және Жетісу епархиялары тарапынан құрылған кафедраға қазақстандық архиерейлердің алғашқысы – архиепископ Сафония (Сокольский) сайланып, ол осы қызметін 1877 жылға дейін атқарды.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде шіркеулер салу XIX ғасырдың 80-ші жылдары басталды. 1901 жылдың өзінде Сырдария обылысында күйдірілген кірпіштен қаланған сегіз шіркеу болған. ХХ ғасырдың басында Түркістан (құрамына Қазақстанның көптеген аумағы кірген) аумағында 391 мың православ христиандар мен 306 шіркеу болған.
1917 жылы кеңестік биліктің орнауымен жетпіс жылды қамтыған ауқымды атеистік күрес басталды. Бұл күрес шіркеулерді жою, діни басшылықты қудалау, шіркеу меншігін тәркілеу секілді әрекеттерді қамтыды. 1920-1930 жылдары көптеген шіркеу қызметкерлері не ату жазасына кесіліп, не ұзақ уақытқа түрмеге қамалды.
Қазақстан ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Орыс православ шіркеуі діни қызметкерлері мен орта салалы топтарын айдауға жіберу аумағына айналды. Бұл кезең қазақтардың көшпелі өмір салтын жою, қазақ ауылдары мен қоныс аударған орыс шаруаларының шаруашылықтарын тонаудың нәтижесінде орын алған ашаршлылық пен миллиондаған адам құрбаны болған ұжымдастыру науқанымен сәйкес келді.
Кеңестік үкімет басшылығының дінге көзқарасы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орыс православ шіркеуі тарапынан жауынгерлердің рухын көтеретін отансүйгіштік шақырулардың болуымен жеңілдеді. Бұл фашист басқыншыларға қарсы халықтың рухын көтерді. Осы кездері Қазақстанда қайтадан шіркеулер ашыла бастады.
Православтық өмір салтын қайта орнына келтіру республикамызда 1945 жылы басталды. Осы жылы қасиеттілер қатарына қосылған, митрополит Николай (Могилев) алғашқы билеуші архиерейі болған Алматы және Қазақстан епархиясының негізі қаланды.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы православие діні тарихы
Православие діні - Қазақстанда дінге сенушілерінің саны бойынша исламнан кейінгі екінші діни бағыт.
Православие діні елімізде Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуы кезіндегі әскери қоныстарда пайда болды. Оңтүстік аймақтарда алғашқы әскери діни қауымдар (кішкентай шіркеулер, сиыну үйлері) 1866 жылы Түркістан мен Шымкентте пайда болған. 1871 жылы Түркістан Епархиясы құрылды. 1872 жылы Верный және Жетісу епархиялары тарапынан құрылған кафедраға қазақстандық архиерейлердің алғашқысы - архиепископ Сафония (Сокольский) сайланып, ол осы қызметін 1877 жылға дейін атқарды.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде шіркеулер салу XIX ғасырдың 80-ші жылдары басталды. 1901 жылдың өзінде Сырдария обылысында күйдірілген кірпіштен қаланған сегіз шіркеу болған. ХХ ғасырдың басында Түркістан (құрамына Қазақстанның көптеген аумағы кірген) аумағында 391 мың православ христиандар мен 306 шіркеу болған.
1917 жылы кеңестік биліктің орнауымен жетпіс жылды қамтыған ауқымды атеистік күрес басталды. Бұл күрес шіркеулерді жою, діни басшылықты қудалау, шіркеу меншігін тәркілеу секілді әрекеттерді қамтыды. 1920-1930 жылдары көптеген шіркеу қызметкерлері не ату жазасына кесіліп, не ұзақ уақытқа түрмеге қамалды.
Қазақстан ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Орыс православ шіркеуі діни қызметкерлері мен орта салалы топтарын айдауға жіберу аумағына айналды. Бұл кезең қазақтардың көшпелі өмір салтын жою, қазақ ауылдары мен қоныс аударған орыс шаруаларының шаруашылықтарын тонаудың нәтижесінде орын алған ашаршлылық пен миллиондаған адам құрбаны болған ұжымдастыру науқанымен сәйкес келді.
Кеңестік үкімет басшылығының дінге көзқарасы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орыс православ шіркеуі тарапынан жауынгерлердің рухын көтеретін отансүйгіштік шақырулардың болуымен жеңілдеді. Бұл фашист басқыншыларға қарсы халықтың рухын көтерді. Осы кездері Қазақстанда қайтадан шіркеулер ашыла бастады.
Православтық өмір салтын қайта орнына келтіру республикамызда 1945 жылы басталды. Осы жылы қасиеттілер қатарына қосылған, митрополит Николай (Могилев) алғашқы билеуші архиерейі болған Алматы және Қазақстан епархиясының негізі қаланды.
Соғыстан кейінгі қиын да қыстау жылдары да Қазақстан қуғынға ұшыраған шіркеу қызметкерлерін қабылдады. Олардың басым бөлігіне тұрғылықты халық тарапынан, ал кейбіреулеріне жергілікті мұсылмандар тарапынан көмек көрсетілді. Ақтөбе облысының Шалқар станциясында қуғында болып, кейін Алматы және Қазақстан митрополиті болған дін қызметкері Николайды қарапайым татар-мұсылман өлімнен аман алып қалған болатын. 1942 жылдың күзінде жол бойында ес-түссіз, өлім алдында жатқан оны ауруханаға алып барып, кейін өз үйінде паналатқан.
Дәл солай 1954 пен 1956 жылдары Көкшетауда қуғында болып, кейін Алматы және Қазақстанның митрополиті болған Иосифты (Чернов) көпбалалы мұсылман қазақ отбасы қабылдап, осы отбасының сыйлы мүшесі ретінде күткен.
Қалай дегенмен мемлекеттік саясат сол атеистік қалпын өзгертпеді. Діни қызмет билік тарапынан қатты қадағаланды.
Діни өмірдің шынымен жандануы (сонымен қатар православ шіркеуінің) тек Қазақстанның тәуелсіздік алуымен басталды. Ислам мен православие еліміздің рухани өміріне арқау болғандығы жайлы Елбасы Н.Назарбаев бірнеше рет айтып өткен болатын. Соның бірі, 2012 жылдың 7-ші қаңтары күні Астана қаласындағы Қасиетті Успен соборының ашылуында Елбасының: Құс екі қанатынсыз ұша алмайтыны секілді мемлекет те екі қанатынсыз алға жылжи алмайды. Мемлекетіміздің екі қанаты: Ислам және Православие еліміздің негізгі діндері саналады. Сондықтан да менің шешіміммен Құрбан айт және Рождество демалыс күндері болып жарияланды. Осындай өзара түсіністік арқасында елімізде бейбітшілік, келісім және молшылық орнап отыр. Қазіргі әлем дүрлігіп жатқан кезде Қазақстан өзінің өзара түсіністігімен, келісімімен және төзімділігімен баршаны таңдандыра білуі қажет - деп, айтқан сөздері дәлел бола алады.
Діни сенім бостандығына құқық беру толыққанды рухани өмірге оралуға мүмкіндік берді. Егер 1956 жылы Қазақстанда барлығы 55 Орыс православ шіркеуі (ОПШ) қызмет етсе, 1999 жылы республика көлемінде 212 шіркеу қызмет етіп, 8 монастырь қызмет атқарған. Соңғы жылдықта бұл көрсеткіштердің өсуі байқалып отыр.
2012 жылғы Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы негізінде діни бірлестіктерді қайта тіркеу үдерісі жүргізілді. 2012 жылдың 25 қазанына дейін жүргізілген тіркеу барысында Қазақстанда Митрополиттік аймақ республикалық діни бірлестігі, 9 епархия және 261 приходты қоса алғанда, барлығы 271 православ шіркеуінің діни бірлестіктері қызмет еткен. Православ дінге сенушілердің көбі Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Ақмола обылыстарында тұрады.
Бұған қоса, Қазақстанда православ монастырьлары бар. Қызмет ететін барлық шіркеулер мен сиыну үйлерінің жанында шіркеу жанындағы православие негіздерін оқыту мектептері, жексенбілік мектептер қызмет етеді. Бұл мектептерде балаларға қоса үлкендер де сабақ алуда.
1995 жылы мемлекет ХХ ғасырдың басында салынып, кейін архитектураның ерекше туындысы саналып кеткен, Алматы қаласында ораналасқан Вознесен кафедралды соборын православ шіркеуінің қарамағына берді. Қазіргі уақытта ескі ғибадат ғимараттарын қайта қалпына келтіру мен жаңа шіркеулер және сиынц үйлерін салу жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Мәскеу қаласындағы Иса Құтқарушы шіркеуін қалпына келтіруге өз үлесін қосты. Еліміздің бұл игі іске қосқан ерекше үлесі, еш қайтарусыз, ғимаратты қалпына келтіру барысында сыртқы бедерін өрнектеуге арналған гранитті Қордай кен орнынан жіберу болды.
Орыс православиелік шіркеуін 1990-2008 жылдар аралығында басқарған Мәскеу және барлық Русьтің патриархы Алексий ІІ 1995 жылы шілде айында Қазақстанда сапарда болып, Алматы және Қарағанды қалаларында болды. Ол Қарағандыда Свято-Введен соборын дәріптеді. Бұл собор Орталық Азияда көлемі бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы православие тарихы
Қазақстандағы христиан діні
Қазақстандағы діндер
Православие мен мемлекет
Қазақстандағы православие
Христиан дінінің шығу тарихы
Қазақстандағы христиандық
Пресвитерандық шіркеуі
Қазақстандағы христиан тарихы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Пәндер