Сұхбаттық тілдесімді зерттеудің лингвистикалық және экстралингвистикалық ерекшеліктері


СҰХБАТТЫҚ ТІЛДЕСІМДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКСТРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бөлекбаева Л. Ә. - магистрант (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Қатысым бірліктерін анықтау мен белгілеу және олардың ауызекі сөйлеудегі қызметін зерттеу бүгінгі лингвистикалық прагматиканың негізгі мәселелерінің бірі болып отыр. Осы бағыттағы зерттеу сұхбаттық тілдесімді (диалог) (басқа терминология бойынша: коммуникативті акт, дискурс) қатысым бірлігі деп санайтын сөйлеу актілері теориясында жүріп жатыр. Өйткені сұхбаттық тілдесімде тіл өзінің табиғи болмысында көрінеді және де сөйлеу актісі сөйлеушінің интенциясы мен оларды жүзеге асырудың шарттарымен сипатталады.
Сұхбаттық тілдесім зерттеу бүгінгі таңдағы коммуникативтік лингвистиканың негізгі нысанына айналып отыр. Күннен күнге тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатындығы нақтыланып келеді. Тұлғааралық қатысымның, демек сұхбаттық тілдесімді қатысымның компоненттері ретінде мыналарды:
1) сөйлеуші және адресат (субъект факторына жеке психологиялық, сөйлеушінің тұлғалық әлеуметтік ерекшеліктері; адресат факторына оның тең қатысымға дайындығы енеді, сондай-ақ, жеке мінезі; коммуниканттар арасындағы интеракциялық және тұлғааралық қарым-қатынас) ;
2) сөйлеушінің коммуникативті ниеті, уәжі, қатысым мақсаты;
3) қатысым өтетін уақыт пен кеңістікке (коммуникативті акт барысындағы қатысымның жалпы әлеуметтік-саяси, тарихи-мәдени жағдаяттарына сүйенетін шарттарын белгілейтін экстралингвистикалық мәнбірлер) байланысты шынайылық деңгейі;
4) белгілі бір қоғамдық және статустық ролі бар коммуниканттардың өзара қарым-қатынасы;
5) қатысым жағдаятына сай пресуппозицияларды (авторлық интенцияның дұрыс қабылдануы, өйткені сөйлесімнің прагматикалық мағынасы сөйлеуші мен адресаттың пресуппозицияны оқи алуы, тезаурустарының ұқсастығын, импликацияны анықтай алу қабілеттілігіне байланысты жүзеге асатынын) атап өтуге болады.
Осы жоғарыда аталған компоненттер сұхбаттық тілдесім зерттеудің артықшылығын көрсететін төмендегі екі белгісін дәлелдей түседі. Біріншіден, сұхбаттық тілдесімде әрбір сөйлесімнің авторы мен нақты тыңдаушысы бар да, екіншіден, сұхбаттық тілдесім психологиялық деңгейде стимул мен реакция болып бір-біріне бағытталған сөйлеу актілеріне байланысты орнайды.
Сонымен сұхбаттық тілдесім сөйлеушілерді бірінен кейін бірін сөйлете беру емес, ол автор мен тыңдаушының арасына қарым-қатынас орнауына себеп болатын коммуникативтік жағдаят, прагматика үшін маңызды - тыңдаушының сөйлеу актісі мен оның коммуникативтік мақсатына негізделген - тыңдаушы реакциясы деуге болады. Тыңдаушының реакциясы сұхбаттық тілдесімді құрайтын әртүрлі мақсатты анықтайды. Әртүрлі мақсаттың үйлесуі арқылы сұхбаттық тілдесім қалыптасады. Сұхбаттық тілдесімді бір ғана мақсат құрай алмайды, сондықтан әртүрлі сөйлесім түрлері, мысалы, сұхбаттық тілдесімді бастаушы сөйлесім түрі өтініш білдіруден немесе қажетті мәліметті алудан басталғанымен, бұл тыңдаушының әртүрлі реакциясын тудырып, қарым-қатынастың орнауына себеп болуы мүмкін, себебі, сөйлеушінің тыңдаушыға бағытталған сөзі оның өзіне қайта оралатын қоздырғыш түрткі.
Сөйлеу актілерінің теориясы бойынша диалог - «основополагающее коммуникативное событие прямой коммуникации, в результате которого партнеры вербально, с помощью смены ролей говорящих, в конкретных социально-исторических условиях достигают определенных целей деятельности» деп анықталады /1, 72/. Бұл дегеніміз, прагматика үшін оқшауланған сөйлеуші, оқшауланған тыңдаушы маңызды емес, өз мақсаты, ағымдағы процеске деген жеке көзқарасы, кезекті сөйлеу қадамын жасауға деген нақты шешімі бар тыңдаушы «оппонент» маңызды.
Сөйлесімнің прагматикалық аспектісін қалыптастыратын негізгі фактор - сұхбаттық тілдесім екенін ескерсек, онда сұхбаттық тілдесім - екі адамның белгілі бір тақырып шеңберінде сөйлесуі. Сұхбаттық тілдесім теориясының негізін советтік тіл білімінде Л. В. Щерба, Л. П. Якубинский, Е. Д. Поливанов, В. Н. Волошинов, В. В. Виноградов, М. И. Бахтин сынды лингвисттердің қалағаны белгілі. Бұл теорияға З. В. Валюсинская, Т. Г. Винокур, О. А. Лаптева, А. М. Радаев, Н. Ю. Шведова еңбектері арналды. Ал, қазақ тіл білімінде сұхбаттық тілдесім мәселесін алғаш рет қазақ лингвистикасының негізін салушы А. Байтұрсынов пен К. Жұбанов көтерген болатын. Осы мәселенің кейбір аспектілері С. Кеңесбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Р. Сыздықова, Р. С. Әмір, К. Нұрмаханов, Х. Кәрімов, А. Жүнісбеков, Е. Есіркепов, З. Қ. Ахметжанова, М. К. Қармысова, Г. С. Имангалиева, Д. Б. Абдукаримова еңбектерінде талқыланды. Ағылшын тіліндегі бұл мәселеге Л. П. Чахоян, С. С. Беркнер, Т. М. Власова, А. В. Кучер, Н. В. Буренина, Ю. Дубовский, В. В. Бузаров, Е. Е. Карпушина және тағы басқалардың зерттеу жұмыстары арналған.
Сөйлеу тілінің жалпы сипаттағы сұхбаттық белгісін ашқан М. М. Бахтиннің пікірінше, сұхбаттық тілдесімді қатынастың туындауындағы басты шарт - бұл хабарға, «сөзге» бағытталған коммуникативтік мақсаттың болуы. Коммуникативтік мақсат заттық мазмұнның (идея, пікір) өзара қарым-қатынасын, олардың мәнін өзгертеді. Коммуникативтік жағдаят пайда болады. Бұл жағдаятта өзара қарым-қатынастағы объектілер жаңа жүйелік сипатқа ие болады. Мысалы, объект туралы пікір («өмір тамаша» - логикалық пікір) өзіндік заңдылықтарына бағынатын сөйлесімге («өмір тамаша» - растау, нақтылау ретінде) айналады. Бұл заңдылықтар логикалық пікірлерде кездеспейтін сөйлесімдер арасындағы диалогтық қатынас құрайды. «Коммуникативтік жағдаят - сұхбаттық тілдесімді қатысымның орнауына мүмкіндік беретін шарттар, жүйелі фактор» /2, 85/.
Сұхбаттық тілдесім теориясының бүгінгі көтеріп отырған мәселесі - сұхбаттық тілдесімнің дүниеге келуін, қалыптасуын анықтайтын әр түрлі шарттарды қарастыру болып отыр. Сөйлеуші тілдік таңбаларды өзара түсінісу үшін ғана емес, тыңдаушының сол сөйлеу актісіне деген қызығушылығын оятып, оның жауап беруі үшін де қолданады. Себебі қатысым кезінде адресант хабарлап тұрып та, сұрақ қойып тұрып та, өтініп тұрып та өзінің тыңдаушысынан оның жауап (вербальды болмаса іс-әрекет түріндегі) реакциясын күтеді. Сұхбаттық тілдесімді құрайтын бірінен соң бірі қатар келетін репликалардың арасында мағыналық және құрылымдық байланыс болады. Реплика сұхбаттық тілдесімнің, сонымен бірге, сұхбаттық тұтастықтың компоненті ретінде екі жақты сипатқа ие, бұл стимул және реакция сипаты. Сұхбаттық тілдесімге қатысушылардың бірінің сөзі екіншісінің репликасының тууына түрткі болады да, ол өз кезегінде мазмұны жағынан сұраққа жауап, пікірді қостау арқылы растау, не оған қарсы болу, айтылған ойды түсіндіру, оны толықтыру, не өзін қоршаған орта, адам, уақиға жөніндегі ойы, көзқарасы т. б. болып келеді /3, 22/. Алғашқы ықпал етуші стимул-репликаның келесі репликаға тілдік әсерін талдаған кезде ықтимал, болжамды жауаптың қандай болатындығын анықтауға болады. Сондай-ақ, тілдесімдік тұтастықтағы репликаларды туғызатын иллокутивті күшті болжауға себеп болатын мәнбірлер де ескеріледі.
Сұхбаттық тілдесім арқылы берілетін хабар - семантикалық белгіні, ал оны анықтауға прагматикалық мәнбірлер қатысады. Прагматикалық мәнбірлер сөйлесімдердің тақырыпқа қарай коммуникативтік мақсатын анықтайды. Қарым-қатынас үстінде ортақ тақырыптың орнауы бірін-бірі мазмұн жағынан толықтырып отыратын, сөйлеу мақсатының үйлесімді тізбегін қалыптастырады. Өйткені алғашқы сөйлесімде берілген мазмұн келесі сөйлеу актілерінде жаңа мазмұнмен толықтырылады.
Сұхбаттық тілдесімнің түрлері - мақсаттардың өзара үйлесуі арқылы анықталады. Сұхбаттық тілдесім жауапты алмай тынбау, қайтседе де қажетті хабарды біліп барып аяқталатын сұхбаттық тілдесімнің хабар алу, жалыну/өтіну түріне жатады. Әртүрлі мақсат әртүрлі сөйлеу жағдаятын жасайды. Бұл сұхбаттық тілдесімнің түрленуіне де әсер етеді. Мысалы, И. П. Святогор сұхбаттық тілдесімнің құрылымына байланысты оның төмендегідей түрлерін ұсынады:
- жұпты сұхбаттық тілдесім, екі коммуникант арасындағы тілдесім.
- You wouldn’t like to come with me, I suppose?
- Julia could hardly believe her ears.
- Me? Darling, you know I’d go anywhere in the world with.
2) параллель сұхбаттық тілдесімге үш-төрт коммуникант қатысуы мүмкін.
- What a stunning room this is.
- I’m so glad you like it. - Her voice was rather low and ever so slightly hoarse.
- We think in the family that Michael has such perfect taste.
- Michael gave the room a complacent glance.
- I’ve had a good deal of experience. I always design the sets myself for our plays. Of course, I have a man to do the rough work for me, but the ideas are mine. 3) полилог - бірнеше адамдардың арасындағы әңгіме.
- I hope she’ll be a good wife to Frederic.
- I hope she won’t be too fond of going out - said Amelia, the second girl.
- Or extravagant - said Georgina, the third.
- There was some story of her being terribly in debt when she married Sir Florian - said Diana, the fourth.
- Frederic will be sure to see to that - said Augusta, the eldest.
- She is very beautiful - said Lydia, the fifth.
- And clever - said Cecilia, the sixth.
Сұхбаттық тілдесімнің бұл түрін Г. А. Тер-Габриелян квазидиалог, немесе ұжымдық сұхбаттық тілдесім деп атайды /4/. Құрылымы бойынша бұл - полилог. Мұнда қатысушылардың барлығы бәріне ортақ мәселенің бірін талқылайды. Шынайы сұхбаттық тілдесімнен мұның айырмашылығы бұл жерде пікір алмасу, пікірталас кезінде шындықты ашуға ұмтылыс болмайды. Тек сол бір мәселе бойынша қатысушылардың объективті қатынасты талқылаудың көрінісі болады. Дегенмен олардың әрқайсысы осы оқиғаға қатысты өзінің жеке көзқарасын, сөйлеушіге деген жеке қатынасын білдірді де қойды.
Квазидиалогта сөзді бөлу, іліп алу, қайталау, қайта сұрау, сұрақ пен жауап сияқты репликалар арасындағы байланыстың тәсілдеріне қарамастан, оған имплицитті мазмұндағы репликалар тән емес. Мәселен, үзіліп қалған сөйлесімдер келесі репликаларда эксплицитті түрде толығуы мүмкін.
Сонымен жоғарыда келтірілген сұхбаттық тілдесімнің үш түрін өзара талдаған кезде, олардың айырмашылығы тек қатысушылардың санында ғана емес екені айқындала түседі. Олар мақсаты, атқаратын қызметі, репликаларының байланысу тәсілдері жағынан бір-бірінен өзгеше болып келеді. Мәселен, жұпты сұхбаттық тілдесімнің, немесе таза сұхбаттық тілдесімнің (Х. Кәрімов бойынша) құрамындағы репликалардың кімдікі екені әңгіменің жалпы барысынан, алдыңғы репликалардан, не алмасып отырған репликалардың мазмұнынан, ондағы қаратпа, қыстырма сөздерден т. б белгілі болып тұрады. Мұндай ерекшелік екінші сұхбаттық тілдесім түрінде (аралас сұхбаттық тілдесімде де кездеседі. Аралас сұхбаттық тілдесімде әр реплика төңірегінде оның кімдікі екенін білдіретін ремарканың (авторлық түсініктеме) болуы көркем шығармада шарт. Бұл ауызекі сөйлеу тілінде сөйлеу жағдаятынан, сөйлесім пропозициясынан түсінікті болады. Ал, полилогты Х. Кәрімов көп дауысты сұхбаттық тілдесім деп атайды. Ғалымның сипаттамасы жоғарыда сөз болған Г. А. Тер-Габриелянның квазидиалогына ұқсас. Сонымен мұндай сұхбаттық тілдесім- оқиғаға қатысушы көптің, бір топ адамның сөзі болып келетін сұхбаттық тілдесімдер. Таза сұхбаттық тілдесім мен аралас сұхбаттық тілдесімнің құрамындағы репликалардың кімдікі екені белгілі. Соңғы сұхбаттық тілдесім түрінің ерекшелігі сол, олардың құрамындағы репликалардың кімдікі екенін айыру, ал кейде қатысушылардың саны қанша екендігін білу мүмкіндігі болмайды.
Көп дауысты сұхбаттық тілдесім бір топ адамның әр түрлі оқиғалардан, хабарлардан т. б. алған әсері, сезімі, бір мәселеге байланысты ойлары, әр кездегі репликалары болып келеді де, оқиғаға қатысушы көптің басындағы күйініші-сүйініші, қуаныш-қорқынышты бейнелеудің үйлесімді де ұтымды амалына айналады.
Қарым-қатынас үстіндегі тілдік және тілдік емес мәнбірлердің өзара байланысы сұхбаттық тілдесімнің шекараларын, ең төменгі түрін, құрылымын, сонымен қатар лексика-грамматикалық бірліктердің қызметін анықтауда үнемі басшылыққа алынады. Отандық тіл білімінде осы салада сұхбаттық тілдесім типологиясын жасаған Г. С. Иманғалиева сұхбаттық тілдесімнің тақырыптық сипатына қарай хабарламалық, прагматикалық, модальдік деп үшке бөледі. Бұлар өз тарапынан әңгімелесу, хабарласу, сұрасу, сұхбаттасу, хабарлама жасау, түсінісу, пікірталас, ұрыс, талқылау, өтініш, түрткі жасау, қорытындылау, мақұлдау, сәлемдесу, қоштасу сияқты түрлеріне жіктеледі.
Зерттеуші сұхбаттық тілдесім типологиясын жасауға тілдің қарым-қатынас құралы қызметін қалыптастыратын, соған ықпал ететін прагматикалық факторларды, яғни сұхбаттық тілдесімнің өту ахуалы, сөйлеушіге тән белгілер, тыңдаушыға тән белгілер, коммуниканттар арасындағы қарым-қатынасты басшылыққа алған. Ол сұхбаттық тілдесімдегі сөйлеу актілері арасындағы байланысты сөйлеушілердің мақсаты болмаса интенциясы тұрғысынан талдайды. Себебі сұхбаттық тілдесім бірлігін анықтауда бірқатар зерттеушілер де интенцияны басшылыққа алады. Әрине, мақсаттың қалыптасуы қарым - қатынаспен байланысты, ал, ол өз кезегінде сөйлеушілердің қатысым жасауының қажеттілігіне тәуелді. Сұхбаттық тілдесімді қалыптастырып, дамытатын - сөйлеушілер мақсатының үйлесімі.
Кейбір зерттеушілер (Н. Д. Арутюнова, С. Ф. Земская, Н. Г. Несина, В. Н. Волошинов) жоғарыда сөз болған сұхбаттық тілдесімнің түрлерінің, атап айтқанда хабарламалықтың орнына ұғымдық немесе диктальді сұхбаттық тілдесім және модальдік сұхбаттық тілдесім дегенді ұсынады.
Н. Д. Арутюнованың пікірінше ұғымдық сұхбаттық тілдесімнің мақсаты нақты мәлімет алу болса, модальдік сұхбаттық тілдесімнің мақсаты пікір алмасу. Мұнда әңгімелесушінің модусына, яғни оның мәліметке деген қарым-қатынасының аппелляциясы көрініс табады. Мәлімет - диктум.
- Ашуланшақ болып кетіпсің, Алма.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz