Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру түрлері



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... 2.4
II. Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы ... ..5.7
III. Ою.өрнектерді киім үлгілеріне қолдану.8.
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.14
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... 15
Қазақ халқы-кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші.Қасиетті қазақ халқының, соның ішінде әйел адамдардың қолдарынан шыққан қолөнер туындыларының тарихы тым тереңде жатыр. Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн тәрізді көне түрік тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Және де оған Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басы.Археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйенсек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, өзіміздің облыс көлеміндегі Лебедевка, Қырықоба обаларында жүргізілген архелогиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған керамикалық қазындылардың беттеріне салынған геометриялық өрнектер нақты айғақ бола алады.Өзге де ғылыми деректерде қазақ даласында болған саяхатшылар қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады.Ұлттық қолөнеріміздің баға жетпес байлығы-киіз үй-қолдануға ыңғайлы, тасымалдауға жеңіл, ұлан-байтақ даланың табиғаты мен тұрмысына бейімделген ерекше баспана. Киіз үйдің қаңқасы ағаштан жасалса, ал жабындысы, бау-басқұры, жасау-жабдығы мал шикізатынан, яғни жүннен дайындалған. Демек киіз үйдің ішкі сән-салтанатын келтіретін бұйымдардың барлығы дерлік әйелдердің қолынан шыққан туындылар болып табылады. Киіз үйдің киізіне қарай ақ үй, боз үй, қара үй деп бөлінген. Киіздер ақ, боз қойдың жүнінен басылып, ешкінің қылынан есілген жіппен жиектелген.
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының этнографиялық коллекциясы (серия) Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі // иллюстрацияланған ғылыми каталог // Алматы: Өнер, 2009., 1-т. – 344 б. Ғылыми редактор және жоба жетекшісі – Нұрсан Әлімбай;
Қазақ халқының ұлттық киімдері / Құрастырған Б. Хинаят., А. Сужикова. – Алматы, Алматыкітап, 2011. – 384 б.
2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
3. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру.

Мақсаты
1.Халқымызға ұлттық киім үлгілері туралы түсінік беру, жұмыстың орындалу тәсілін үйрету.

2. Адамдардың өнерге деген құштарлығын, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік шеберлігін дамыту.
3. Адамдарды ұқыптылыққа, үнемділікке, талғампаздыққа, іскерлікке, тәрбиелеу.
4.Ою-өрнектерді киімдерге әсемдеп безендіруді суреттер арқылы көрсету.

Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру

Мазмұны
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2-4
II. Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...5-7
III. Ою-өрнектерді киім үлгілеріне қолдану ... ... ... ..8-12
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-14
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ..15

I.Кіріспе.
Қазақ халқы-кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші.Қасиетті қазақ халқының, соның ішінде әйел адамдардың қолдарынан шыққан қолөнер туындыларының тарихы тым тереңде жатыр. Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн тәрізді көне түрік тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Және де оған Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басы.Археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйенсек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, өзіміздің облыс көлеміндегі Лебедевка, Қырықоба обаларында жүргізілген архелогиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған керамикалық қазындылардың беттеріне салынған геометриялық өрнектер нақты айғақ бола алады.Өзге де ғылыми деректерде қазақ даласында болған саяхатшылар қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады.Ұлттық қолөнеріміздің баға жетпес байлығы-киіз үй-қолдануға ыңғайлы, тасымалдауға жеңіл, ұлан-байтақ даланың табиғаты мен тұрмысына бейімделген ерекше баспана. Киіз үйдің қаңқасы ағаштан жасалса, ал жабындысы, бау-басқұры, жасау-жабдығы мал шикізатынан, яғни жүннен дайындалған. Демек киіз үйдің ішкі сән-салтанатын келтіретін бұйымдардың барлығы дерлік әйелдердің қолынан шыққан туындылар болып табылады. Киіз үйдің киізіне қарай ақ үй, боз үй, қара үй деп бөлінген. Киіздер ақ, боз қойдың жүнінен басылып, ешкінің қылынан есілген жіппен жиектелген.
Салтанатымен таңқалдырған қазақтың киіз үйлері 1861 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қатысып, 1876 жылы Петербургте болған үшінші конгресстің Құрметіне ашылған көрмеге, 1890 жылы Қазанда өткен көрмеге қойылғаны тарихтан белгілі. Тіпті Кіші жүз ханы Жәңгірдің орыс патшасына сый ретінде тарту жасаған киіз үй мен оның жасау бұйымдарының Санкт-Петерборды тамсандырып, кейін оны неміс королінің қалап алғаны мәлім. Міне сондықтан бүгінгі көрмеге қазақ үйінің сәнін келтіретін түскиіз бен текемет, түкті кілем, қоржын, қап-тыстары мен басқұрмалар қойылып отыр. Бұл ескінің көзіндей көне дүниелер кезінде ел ішінен жиналып алынған, бүгінде олар музейдің қорында жауһар жәдігерлер ретінде сақталуда.
Халқымыздың бізге жеткен осындай ою-өрнек үлгілері бай мұра, сарқылмас қазына. Ғылымдар ою-өрнектердің әзірше 200-дей түрін ғана анықтады. Шеберлер жаңа ою-өрнектерін тұрмыс тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған. Мысалы, халқымыздың көне бұйымдарының бірі- қалындық жабынындағы ою-өрнектер сәнділігімен қатар, әр түрлі күміс теңге, салпыншақтар арқылы безендіріліп, берік болу жағын қарастырылған. Сөйтіп, қалай болғанда да ою-өрнек халық өмірінен мүлдем жоғалып кетпеген, ғасырдан-ғасырға жалғасып отыр. Оған куә бүгінгі көрмеге қойылған жәдігерлер. Бұлар арқылы әр замандағы адам баласының эстетикалық талғамын байқауға болады. Мәселен, әйел адамның қысқы күбісі мен құшақ ХІХғ аяғындағы шеберлерінің іскерлігін көрсетсе, ақын Ботакөз Баймұқанованың кішкене шай сандығындағы ою-өрнектер ХХғ шеберлердің жұмысы.
Бүгінде ел ішінде осындай он саусағынан өнер тамған, қолөнердің сан саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз емес. Солардың бірі республика көлемінде танымал ұлттық киім үлгілерін тігетін Мария-ханым сән салоны. 1999жылы Мария салонында әр түрлі маталардан құралып, әсем тігілген құрақ шапан бүгінгі шеберлердің жұмысы. Түрлі түсті мата қиындыларынан құрақ құрау жұмысы ежелден - нәзік сезімді, түсті аңғарғыш, эстетикалық талғамы еркектерден жоғары тұратын әйелдердің еншісіндегі іс болған. Ел арасында құраққа қатысты бірсыпыра атаулар қолданылады: құрақтың суы - құрақтардың арасына жүргізілетін бір түсті жолақтар, құрақтың көзі - құрақтардың ортасына басқа түстен тігілетін өрнек, яғни басқа құрақ соның айналасына тігіледі, жұлдыз құрақ - таңдай пішінді құрақтан құралып, көздері тең үшбұрышты түсті барқытпен көмкерілген түрі, тырнақ қатар - тырнаққа ұқсаған үшбұрышты құрақшалардан құралған түрі, т.б. Бұл құрақты шапан салонның суретшісі Ғалия Күспанованың туындысы. Ол 2003 жылы Мәскеуде, 2005жылы Ақтауда, 2009жылы Астана қаласында өткен Халықаралық сән үлгілерінің үлкен байқауларында көрсетілген сән үлгісі.
Әйел адамдардың бешпетіне, қамзолына бәйшешек гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнелесе оның мәнісі өмірі гүлдей болсын деген ұғымды білдірген. Ал ер баланың киіміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқар мүйіз секілді өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданылатын болған.
Салонның суретші-модельері Ғалия Күспанова-Нагуманова өз туындыларында қазақ халқының ұлттық киімін ерекше әшекейлеуге барынша ықылас аударып отырады. Бүгінде оның басшылығымен салон филиалы Астана қаласында қызмет істеуде. Салон Астана қаласында шығарылатын елдегі үздік Сән индустриясы тізіміне енгізілген.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да өз жазбаларында тоқталып кеткен.. Мысалы М.А.Леваневский: қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы - деп жазады.Қазақтың ою және өрнек деген сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Орнамент көп елдің тіліне сіңген интернационалдық термин. Мағынасы-сәндеу, әсемдеу. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни өсімдік немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз. Оюдың әрбір элементінде терең мағына, үлкен мән бар. Әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына, мазмұнға құрылады. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларындағы элементтер- құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Мәселен, көне дәуірдегі қолөнершілер егіз өрнегін егіз анды жануарды бейнелегенде өмірде бейбітшілік пен тепе-тендікті сақтау ұғымын білдірген. Ертеде ұзатылған қыз өзінің үйіне сәлемдеме ретінде текемет немесе сырмақ жіберетін болған. Ондағы ою-өрнек түрі мен түсіне қарап ата-анасы қызының жай күйіне қанық болған. Мысалы қошқар мүйіз бен өсімдік стилі көбірек салынса қызының бай, дәулетті отбасына барғанын, бақытты екенін білген. Ал егер олардың ортасында жапалақ бейнесі берілсе ол қызының бақытсыз халде екенін сездірген.Демек қазақтың әрбір ою бояуларының да өзіндік сырының болғаны. Мысалы ол ашық, анық емес бояумен жазылса онда ол құпия жазу болып саналған. Ежелгі адамдар геометриялық ою-өрнектердің магиялық және символдық мәні бар деп сенген. Қазақта қоржын өзімен бірге алып жүретін ең қажетті бұйымның бірі болып саналған. Қоржын бетіндегі бедерленген ою-өрнектер жолаушыға қатысты күн ашық болсын, береке болсын деген ниетпен тілек ұғымын білдірген.
Ағаш көркі-жапырақ, адам көркі-шүберек деп тегін айтылмаған. Жоғарғы талап-талғамға қарай әдемі киіне білудің өзі мәдениеттіліктің бір көрінісі десек, ХІХғасырдың аяғында ХХғасырдың басында Орал қаласының көшелерінен осындай сәнді киім киген бикештерді кездестіруге болатын еді. Олардың сол кездегі іскерлер тіккен, бұл киімдердің үлгілері қазіргі шеберлерді де таңқалдырары сөзсіз.Осынау әсем туындылардағы ұлттық ою-өрнек дегеніміз бір сөзбен айтқанда-дәлдік, есеп, тендік, теңдеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады десек артық айтқандық емес. Олар адамды ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Демек ұлттық ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыкқа деген құштарлық жиынтығы. Өйткені осыншама әсем оюды ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болары айқын.

II.Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы.
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон - ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген. Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді ("шабу" деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе,Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды. Ішіне жабағы жүн салынып сырылған, суықта киетін сырттық - күпі, түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған жұмсақ сырттық - шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген кебенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы, жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасайды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы деген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді. Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, атқа мініп-түсуге ыңғайлы, кең балақ болып келеді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарлау, әсіресе, батырлар мен аңшыларға, балуандарға тән болған. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі. Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың геогр., ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақ тымақ, 3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы (М.Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді. Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекше-ленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі - қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны "ақ қалпақ", ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны "айыр қалпақ" деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім "тымақ" деп аталды. Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі. Қыздардың құндыз, кәмшат терісімен жиектелген бас киімдері "кәмшат бөрік" деп, алтынмен кестеленгені "алтын бөрік", маржандармен әшекейленгені "қалмаржан бөрік" деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім - "тақия" үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленді. Әйелдердің бас киімдері арасынан неғұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі - сәукеле болды. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігілетін ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас әйел ақ матадан тігілетін бас киім - кимешек киген. Қазақ халқының ұлттық киімдеріндегі бас киімді былайша топтастыруға болады: 1) ерлер бас киімі: шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), үшкүлдір, жекей, жапетер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, т.б.), құлақшын, бөрік, жалбағай, қалпақ, құлақты тымақ, күлапара, қырпу (іштік бөрік); 2) әйелдер бас киімі: сәукеле, бөкебай, қарқара, кимешек, күндік, желек, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық. Қыста киетін бас киімдер қымбат, қалың матамен тысталады. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен бірге сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру
Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдану
Кіші мектеп жасындағы балалардың ең сүйікті пәні – бейнелеу өнері
Күнделікті киімдерді қарапайым маталардан тіккен
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Ою-өрнектердің түрлері және түстері мен бояулары
Қазақтың дәстүрлі қоңыр ою – өрнектері
Ою-өрнектер
Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын үйрету
Ұлттық сәндік қолөнері тоқыма бұйымдарының түрлері
Пәндер