Хакасия


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

http://bits.wikimedia.org/static-1.22wmf20/skins/common/images/magnify-clip.png

Хакасия , (Хақас Республикасы, Хакасия Республикасы) - Ресей Федерациясы құрамындағы ұлттық-мемлекеттік құрылым. Хакасия жері Шығыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде орналасқан.

Мазмұны

[жасыру]

  • 1 Халқы және этникалық құрамы
  • 2 Негізгі мәліметтер
  • 3 Табиғаты және климаты
  • 4 Қазба байлықтары
  • 5 Тарихы5. 1 Ежелгі Хакасия5. 2 XX-ғасырдағы Хакасия
  • 6 Шаруашылығы
  • 7 Мәдениеті
  • 8 Сілтемелер:
  • 9 Дереккөздер

Халқы және этникалық құрамы[өңдеу]

Жерінің аумағы 61, 9 мың км2, халқы 575, 7 мың адам (2002) . Ұлттық құрамы: хакастар - 64 мың (11%), орыстар - 464 мың (79, 5%), украиндар - 13, 5 мың (2, 3%), немістер - 11, 7 мың (2%), татарлар - 4, 8 мың (0, 8%), шуаштар - 3, 6 мың (0, 6%), т. б.

Негізгі мәліметтер[өңдеу]

Астанасы - Абакан қаласы. Мемлекеттік тіл - орыс және хакас тілдері. Негізгі заңы - қолданыстағы РФ Конституциясын басшылыққа ала отырып қабылданған конституция. Осы құжатқа сәйкес Хакасия “парламенттік-атқарушылық” басқару пішімін таңдады. Атқарушы биліктің басшысы - бүкілхалықтық дауыс берумен сайланатын төраға, ол парламент арқылы халыққа есеп береді.

Табиғаты және климаты[өңдеу]

Хакасияның жер бедері таулы (Кузнецк Алатауы мен Абакан жотасы, Батыс Саянның солтүстік беткейі, биіктігі 2930 м) және төбелі жазық (оңтүстігінде - Минуса қазаншұңқырын, солтүстігінде Чулым (Шұлым) - Енисей қазаншұңқырын қамтиды) болып бөлінеді. Климаты қатаң континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы -15, -20°С, шілдеде 17 - 20°С болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері далалық зонада - 300 - 700 мм, таулы-тайгалық зонада 1500 мм-ге дейін. Ірі өзендері - Енисей (Абакан саласымен), Чулым, Томь. Көптеген тұщы (Қара, Фыркал, Иткөл) және тұзды (Беле, Шира) көлдер бар. Топырағы шым ормандық, күлгін, қара. Жерінің 40%-ын орман алып жатыр. Аумағын жан-жануарлар мен құстардың көптеген түрлері (көртышқан, ақкіс, құндыз, тиін, ақ қоян, қасқыр, түлкі, аю, бұлдырық, саңырау құр, самырсын торғай, т. б. ) мекендейді. Су айдындарында балықтың бірнеше түрлері (мень, оңғақ, шортан, нәлім, т. б. ) бар.

Қазба байлықтары[өңдеу]

Хакасияны “жақұтты өлке” деп атайды. Мұнда 140 кен орны бар. Тас көмір, темір кені, титан, кобальт, қорғасын, мырыш, мыс, уран, алтын мен күміс қоры мол. Хакасия - Ресейдегі бастымолибден мен мәрмәр өндіруші ел.

Тарихы[өңдеу]

Ежелгі Хакасия [өңдеу]

Хакасия жерін адам баласы ерте кезден, тас ғасырынан мекендеген. Олардың аң және балық аулап күнелткенін дәлелдейтін археологиялық ескерткіштер мол. Б. з. б. 2-мыңжылдықтың соңында жергілікті тұрғындар егін шаруашылығымен айналысқан. Б. з. б. 4 - 3 ғ-лардың соңында жергілікті халық динлиндер темірді қолдана бастады. Ғалымдардың топшылауынша, динлиндер угор тілінде сөйлеген. Б. з. б. 2 - 1 ғ-ларда олардың түркі тілдес тайпалармен араласа сіңісуінің нәтижесінде чяньгундар немесе Енисей (Енесай) қырғыздары пайда болды. Аралас тайпалар археологияда Таштық мәдениеті деген атпен белгілі мәдениет жасады. Осы кезеңде олар Қытаймен байланыс орнатты. 6 - 10 ғ-ларда қырғыздар басқарған хакастың біріккен ежелгі мемлекеті құрылды (Қытай деректерінде “қырғыз” сөзі “хягас” - хакас болып аталған (қ. Қырғыз қағандығы) . Олар Орхон түріктерімен (555 - 754), ұйғырлармен (745 - 840) соғысты. Ұйғыр қағандарын талқандаған қырғыздар 924 ж. қидандардың қысымына ұшырап, бұрынғы жеріне ығысты. Мал өсіру, егін егумен шұғылданды. Қолөнер түрлері темір, алтын, қалайы, т. б. өндіру мен өңдеу жақсы дамыған. 8 - 11 ғ-ларда олар Тибетпен, Орталық Азиямен және арабтармен сауда байланысын орнатты. Осы кездегі хакас тілі түрікше (қырғызша) болғанын дәлелдейтін көптеген жазба ескерткіштер бар. 1209 ж. біріккен хакас (қырғыз) мемлекетін моңғолдар құлатты. Хакастардың 13 - 17 ғ-лар аралығындағы тарихы туралы деректер мардымсыз. 17 ғ-да Тыва, Алтынсары, Алтыр және Езер, алғашқы Хакас (қырғыз) князьдіктері құрылды. Хакас ұлысына моңғол және жоңғар хандары, Ресей патшалығының жіберген казактары тыныштық бермеді. 17 ғ-дан бастап Сібірді игере бастаған Ресей өкіметі Енисей қырғыздарын (хакастар) ығыстырып, 1604 ж. Томск, 1622 ж. Мелецк, 1628 ж. Краснояр қалаларын, 1641 ж. Ачинск түрмесін салды. Ресей отаршылдары мен жоңғарлардың қысымына қатар ұшыраған жергілікті халықтың көпшілік бөлігі Алтай таулары арқылы Тянь-Шань өлкесіне қоныс аударып, қазіргі қырғыздарға қосылды. Қалған хакастар отар елге айналып, шұрайлы жерлерге орыстар жаппай қоныстана бастады. Алғашқы кен орындары, сауда нүктелері ашылды. Хакастар “көшпелі бұратаналар” деп аталды.

XX-ғасырдағы Хакасия [өңдеу]

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін 1918 - 1923 ж. елде азамат соғысы жүрді. 1923 ж. 14 қарашада Хакас ұлттық уезі, 1925 ж. 25 мамырда Хакас округі құрылды. 1930 ж. 20 қазанда ол РКФСР-дың Красноярск өлкесінің құрамындағы “Хакас автономиялық облысы” атанып, орталығы Абакан қаласы болды. 1920 - 30 ж. Кеңес Одағын шарпыған репрессия Хакасияны да қамтыды. екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға 57311 адам аттанып (елдегі әрбір бесінші тұрғын), оның 18830-ы қаза тапты. Соғыстан кейін елде индустриалды кәсіпорындар құрылып, 1970 - 1980 жылдары энергетикалық өнеркәсіп пен түстіметаллургия күшті дамыды. 1991 ж. шілдеде РФ-ның арнайы заңымен Ресей құрамындағы егемен Хакас Кеңестік Социалистік республикасы құрылды. 1992 ж. қаңтарда ол Хакасия Республикасы атанды. Республиканың негізгі құқықтары, уәкілеттері мен міндеттемелері туралы декларация жарияланды. 1995 ж. 25 мамырда Хакасия конституциясы қабылданды. Заң шығарушы және атқарушы билік атынан Хакасия Жоғарғы Кеңесі төрағасы мен Министрлер кеңесінің төрағасы РФ-ның Федерация кеңесінеқатысады. Байырғы тұрғындар арасында қоғамдық ұйым - “Чоң чоби” (халықтық жиналыс) үлкен беделге ие. Бұл ұйым өнеркәсіпті аймақты игеру нәтижесінде азшылыққа айналған хакас халқының мәдениетін өркендете дамыту, этнос пен тілді сақтап қалу мұратын жақтайды.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5d/RR5514-0045R.png/220px-RR5514-0045R.png

http://bits.wikimedia.org/static-1.22wmf20/skins/common/images/magnify-clip.png

Ресей Банкінің Хакасияға арнаған естелік ақшасы

Шаруашылығы[өңдеу]

Хакасия - аграрлы-индустриалды ел. Негізгі өнеркәсіп салалары - тау-кен, ағаш, құрылыс материалдары, жеңіл, тамақ өндірісі. Тас көмір, темір кентасы, түсті және сирек металдар (мыс, молибден, қорғасын, алтын, т. б. ), гипс, әктас, мәрмәр өндіріледі. Өндіргіш күштерінің қалыптасу ерекшелігіне орай Хакасия өнеркәсібі біркелкі дамығанымен, шикізаттық-ресурстық сипаттағы аймақ болып саналады. Республика өнеркәсібі 20 ғ-дың 70 - 80-жылдарында қалыптасты. Саян аумақтық-өнеркәсіптік кешенінің құрамына шамамен 10 кәсіпорын кіреді. Осы кәсіпорындардың көпшілігінің базасында моноқалалар пайда болды. Саяногорскіде - Ресейдегі ең ірі алюминий зауыты, Сорскіде молибден комбинаты орналасқан. Кен өндіру ісі мен құрылыс материалдары өнеркәсібі, машина жасау саласы, әсіресе, вагондар, контейнер, автокрандар шығару саласы жақсы дамыған. Енисей өзенінде Саян - Шуша және Майнск СЭС-ы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын 1, 5 млн. га жердің 600 мың га (40%) алқабын егістік алып жатыр. Оған негізінен астық дақылдары - бидай, сұлы, тары, қара құмық, сондай-ақ картоп, көкөніс, мал азығы дақылдары егіледі. Мал шаруашылығы ет-сүт және жүн өндіру бағытына мамандандырылған. Көптеген су қоймалары тауарлы балық өсіру, спорттық және әуесқойлық балық аулау үшін қолданылады. “Шира көлі” курорты мен “Тұманды” санаторийі емдік мақсатта жұмыс істейді. Темір жолдарының ұзындығы 781 км. Автомобиль жолының ұзындығы 2498 км. Енисей, Абакан өзендерінде кеме жүзеді. Елде халықаралық және федералдық деңгейдегі екі авиакомпания - “Хакасия” және “Абакан-Авиа” бар. Туризм жақсы жолға қойылған. 1995 ж. Хакасия үкіметі “Хакасия” еркін экономиялық аймағын (Абакан қ-нан 28 км) құру туралы шешім шығарды. Осы аймақ кәсіпорындары жергілікті шикізатты пайдалана отырып, полимер бұйымдарын, әр түрлі пластмассалар мен полиэтилен үлдіріктерін шығара бастады.

Мәдениеті[өңдеу]

Хакастарда әр түрлі жанрдағы фольклорлық шығармалар: мифтік аңыз-әңгімелер, ертегілер, батырлық тарихи жырлар, т. б. жақсы сақталған. “Алтын Арыг”, “Албынжи”, “Пора Нинжи”, т. б. эпик. дастандарда ертедегі хакас тайпаларының жат жұрттық шапқыншыларға қарсы күресі баяндалады. 1926 ж. хакастардың жазу алфавиті қалыптасып, алғашқы кітаптар - ұлттық әдебиет туындылары жарық көре бастады. В. А. Кобяков (1906 - 1937) хакас жазба әдебиетіндегі алғашқы көлемді шығарма - “Айдо” (1934) повесін жарыққа шығарды. 1949 ж. РКФСР Жазушылар одағының хакас бөлімшесі құрылды. Хакастардың дәстүрлі ұлттық тұрақжайлары - киіз үй, бөренеден қиып салған шағын баспаналар, қостар мен жертөлелер болған. Сондықтан халық арасында ерте ғасырлардан ағаш ою, зер төгу өнері жақсы дамыған. 20 ғ-дың басына дейін халықтық дәстүр деңгейінде дамыған музыкасы, ән-саз жанрлары алтайлықтардың, тыва халқының музыка мәдениетімен туыстас. Халық әнінің арасында кең тараған түрлері - тахпах (тақпақ) пен ыр (жыр) . Тахпах өлеңді ойдан суырып салу шеберлігіне, ал ыр белгісі бір текстке құрылды. Эпос шығармалары (“Алтын Арыг”, “Хан Марген”, “Алтын Чус”) “чатхан” деп аталатын ішекті соқпалы аспаптың сүйемелдеуімен ерекше көмей дыбыстары (хай) арқылы орындалды. Көне музыкалық аспаптары: хомыс (қобыз) (ішекті - шертпелі), ыық (ішекті - ысқылы) . 1950 - 1960 ж. хакас музыкасы кәсіби классикалық сатыға көтерілді. 1970 ж. тұңғыш ұлттық опера “Чанар Чус пен Ах Чибектің” дүниеге келуі хакас халқының мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Сондай-ақ көшпелі ойын-сауық отауы ретінде 1931 ж. құрылған труппа кәсіби театрға айналды (1939) . Белгілі драматургтер А. Топанов, М. Коков, М. Кильчичаков, Н. Доможаков, Г. Саражаков, С. Чарков, т. б. ұлттық сахна өнерінің дамуына үлкен үлес қосты. 1942 ж. Топанов пен Н. М. Зингеровский “Келеке болған Хорхло” атты тұңғыш хакас комедиясын жазды. Театр репертуарында орыс және шет ел классикасының орын алуы ұлт актерлерінің кәсіби-шығарм. жағынан өсуіне игі әсер етті. Қазіргі кезде байырғы халықтың өзін-өзі тануға, ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерін жаңғыртуға құлшынысы артып отыр. Республика Жоғарғы Кеңесі осы мүдде тұрғысынан Мәдениет туралы заң қабылдап, ұлт руханиятын қайта өрлету үшін құқықтық негіз қалады. Жоғары оқу орындарында музыка факультеттері қайта ашылып, аймақаралық және халықар. мәдени байланыстар арнасы кеңейтілді

”Қазақ Энциклопедиясы” 9 том

Тува аспаптары

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тува аспаптары. Тува халқының өзгеше мәдениеті бұл халықтың бағзы заманнан бергі салт-жора, әдет-ғұрып және дәстүрлерімен тығыз байланысты дамып отыр. Сібірдің басқа халықтарына қарағанда тувалықтардың музыкалық мәдениетінде тек алтайлықтармен, хакастармен ғана емес, сондай-ақ монғолдармен де көптеген ортақ жайттар бар. Мұның өзі тегін құбылыс емес, өйткені тува халқының қалыптасу тарихынан белгілі болғанындай, оның « . . . құрамына әр түрлі түркі элементтері ғана еніп қойған жоқ, сонымен қатар түркі тілдес тайпалар арасында ассимиляцияланған монғол, самодий және кет элементтері де енді. Олардың арасында біздің заманымыздың, алғашқы ғасырларында қытай жылнамаларынан және XII-XIII ғасырлардағы орхон-енисей жазуларынан белгілі түркі тілдес ру, тайпалар топтары да болған. Тувалықтардың құрамында тувалықтар, алтайлықтар, хакастар және карагастар үшін ортақ көптеген ру, тайпалык, топтар сақталып қалған. Тувалықтардың халық болып қалыптасуына монғол этникалық элементтерінің қатысуын тувалықтар арасында ассимиляцияланған Тумат, Мунгат және басқа осындай ру тайпалық топтар дәлелденеді».

Тувада, сондай-ақ басқа да түркі тайпаларында, ежелден келе жатқан дін шаманизм болатын. Ал Туваны өзіне бағындырғанМаньчжурия басқыншылары бұл елге ламанизмді2 зорлап енгізді, ондағы мақсаты осы дінді идеологиялық қару ретінде қолдана отырып тува халқын езіп-жаншу еді. Буддизм музыкамен тығыз байланысты болды да ұлттық музыкалық мәдениеттің қалыптасуына ықпал жасады. Тувалықтарда музыкалық аспаптың жиырмадан астам түрі сақталған. Олардың біразы құдайға табыну кезіндегі діни салт-жораларды сүйемелдеу үшін пайдаланылған.

  • Үрлеп тартылатын аспаптарға жататындары - лимби, мургу, тун, шоор, авырга, бушкуур, бурээ, чода, тос-эдиски, тал-эдиски;
  • Шертіп ойналатындар - чадаган, дошпуур, чанзы;
  • Қияқпен ойналатындар - игил, бызаанчы;
  • Тілшелі аспаптар - демир хомус, хулузун хомус, соок хомус, ыяш хомус, шелер хомус;
  • Ұрып ойналатындар - кенгирге, дунгур, шан, дамбыра; сілкігенде үн шығаратын аспап - орба.

Мазмұны

[жасыру]

  • 1 Қияқпен ойналатын аспаптар
  • 2 Тілшелі аспаптар
  • 3 Шертіп ойналатын аспаптар
  • 4 Ұрып ойналатын аспаптар
  • 5 Пайдаланған әдебиет

Қияқпен ойналатын аспаптар[өңдеу]

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/7/77/%D0%91%D1%8B%D0%B7%D0%B0%D0%B0%D0%BD%D1%87%D1%8B.gif/220px-%D0%91%D1%8B%D0%B7%D0%B0%D0%B0%D0%BD%D1%87%D1%8B.gif

http://bits.wikimedia.org/static-1.22wmf21/skins/common/images/magnify-clip.png

Бызаанчы

Анағүрлым көп тарағаны қияқпен ойналатын төрт ішекті аспап - бызаанчы. Оның ішектері қос қостан унисон бұрауына келтіреді, ал өзара квартаға «ре-соль» келтіріледі. Ал өзінің түрі мен жасалу құрылысы жағынан бұл аспап бәрінен де гөрі буряттар мен монғолдардың қияқпен ойналатын моринхур аспаптарына ұқсас. Бызаанчының резонаторлық шанағы өгіздің мүйізінен жасалып, од мүйіздің жартысын, яғни бір жағын терімен қаптау өте сирек кездеседі. Тиек көн тері қақпақтың үстінде орналасқан. Ішектері жылқының қылы, қылқобыздағыдай ойнаған кезде ішек мойынға тигізілмейді. Дауыс саусақтың ішікке жанасуынан алынады. Қияққа араларын бір-бірінен алшақ, етіп, екі қыл тағылады. Қияқты ішектер арасында 4 ішек түгел дыбыстайтын етіп жүргізеді; бұл тұрғыдан алғанда тувалықтар ойнаудың өздеріне ғана тән өзгеше тәсілін игерген. Бызаанчымен көбінесе әндерді, батырлар жырларын сүйемелдейді. Көлемі: аспаптың ұзындығы -650 мм, мүйіздің ұзындығы -15, 5 мм.

Бызаанчыдан басқа бұл күнде қияқпен ойналатын екі ішекті аспап - игил қолданылып жүр. Оның алтайдың икилиімен және хакастың ыыхымен көп ұқсастығы бар. Игилге тағылатын ішек жылқының қылы, мойнында перне жоқ. Туваның тағы бір шертіп ойналатын аспабы дошпулур мен игилдің де оншалықты айырмашылығы жоқ. Жергілікті халық осы аспаптардың арасында тек дыбыстату тәсілінде ғана айырма барын айтады. Игилидің бір данасы Алматыда Республикалық өлкетану музейінде сақтаулы. Оның көлемі мынадай: ұзындығы-790 мм, шанағының ұзындығы - 260 мм, шанағының ені - 190 мм.

Тілшелі аспаптар[өңдеу]

Тува халқында тілшелі аспаптың екі түрі сақталған, олар - демир хомус және шелер хомус. бұл екеуі әр түрлі материалдан жасалады шелер хомусқа екі жағынан жіп тағылады. Ойнау кезінде жартылай ашық ауызға тақау келтіріп көлденеңдете ұстайды да оң жақтағы жіпті тартқылап, ортадағы тілшесін қимылға келтіреді, содан барып дыбыс пайда болады. Аспаптың шелер хомус аталуы ондағы жіпті тартқылауға байланысты туған.

Аспапты ұстағанда қолайлы болуы үшін сол жақтағы жіпті сұқ саусаққа орайды. Дауыс тілшенің тербелісінен туады, дауыс ырғағының өзгеруі еріннің қимылымен және ұрттың аумағын өзгерту арқылы реттеледі. Шелер хомустың даусы және оны ойнау тәсілдері жайында толық айта алмаймыз, оған себеп, бұл аспапты орындаушы музыкантты кездестіре алмадық. Өзіміз ол жақтан ала келген бір шелер хомустың негізгі фа тоны мен дыбыс қатарын анықтай алдық.

Бұл аспап дыбыстауы және техникалық мүмкіндіктері жағынан демир хомусқа ілесе алмайтын сияқты, сондықтан болар жұрт арасында кең тарай қоймаған. Бұл күнде Тувада Қызыл қаласындағы Алдан Маадыр атыйдағы республикалық өлкетану музейінде сүйектен жасалынған, соок хомус деп аталынатын аспап сақтаулы. Оның көлемі: үзындығы-100 мм, тілшесінің ұзындығы-80 мм. тілшесінің қалыңдығы -2 мм. Негізінен ағаштан жасалынатын нақ осындай аспаптар түркі тілдес халықтардың бәрінде де болған. Ұзақ тербелуі үшін тілшенің, үшын ауырлатып жасаған.

Көлемі мен түрі жағынан демир хомус алтайлықтардың комузына көбірек ұқсайды, ойнау тәсілдерінде алшақтык, аз. Демир хомустың, негізгі тоны «фа-диез», дыбыс қатары-мажорлы, диапазоны - октава. Көлемі: ұзындығы -65 мм, тілшенің түбінің ені -12 мм.

Шертіп ойналатын аспаптар[өңдеу]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыва (Тыуа) Республикасы (тыуаша Тыва Республика, орыс. Респу́блика Тыва́ (Тува́)) — Ресей федерациясының құрамынағы субъект
Хакас тілі
ОРХОН – ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТАРИХЫ
Мәскеуде жүр бір қазақ туған елдің тынысын кеңейтем деп
Н.А.Баскаков классификациясы. В.В.Радлов және түркология туралы
Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері жайлы
Орталық Азия жеріндегі түркілердің ғұрыптық ескерткіштері, тас мүсіндері бар жерлеу орындарының зерттелу тарихы
Алтай Республикасы
Фразограммалар - бұл тарихтағы адамзаттың жасаған алғашқы жазуы
Түркі мәдениеті мен өркениетті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени өркениеттік рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz