Қытайда Мин империясының құрылуы
1.Мин империясының құрылуы.
2.XV.XVI ғ.ғ Мин империясының даму сипаты.
3.Мин империясының сыртқы байланыстары.
4.Халық көтерілістері мен шаруалар соғысының өрлеуі және Мин империясының құлауы.
Пайдаланған әдебиеттер.

Қытайдағы моңғолдардың Юань әулетінің билігі құлатылғаннан кейін,Қытайдың императорлық билігі қайта қалпына келтіріп, таза қытайлық Мин әулетінің билігі орнайды. Мин әулетінің билігінің негізін салған Чжу Юаньчжан 1368 жылы салтанатты түрде таққа отырып,Тай-цзу деген императорлық атты иеленіп,билік еткен дәуірін Хун У деп атап Мин әулетінің негізін салды. Жалпы «Мин»-«жарық» пен «от» деген ұғымды білдірді. Астанасы алғашқыда-Наекин,1421 жылдан бастап Пекин қаласы болды. Чжу Юаньчжан 1368-1398 жылдары билік құрды. Оның отыз жылдық билік кезеңі қатігездік пен құғын-сүргіннің заманы ретінде есте қалды. Чжу Юаньчжанға бағынған жерлердегі ауыл шаруашылығына бақылау жасау үшін арнайы Басқарма(иңтяньсы) құрылды. Чжу Юаньчжанның ордасында оған бұрын да көп көмек көрсеткен және онымен бірге соғыста бірге болған серіктері мен жақтастары-Ли Шаньчан,Сюй Да,Таң Хе,Сұң Ляң және басқалар қызмет атқарды. Чжу Юаньчжан өзінің қарапайым ортадан шыққан тегіне қарамастан,барынша білімді адам болды,ол қытайлық тарихи және философиялық дәстүрлерді өте жақсы меңгерген еді. Ол қытайдың өзіне дейінгі билеушілерінің іс-әрекетімен жақсы таныс болатын, өзі император болған соң,енді ол көп уақытын қоғамдық-саяси және философиялық ақыл-ойдың тамаша классикалық ескерткіштерін оқып үйренуге жұмсады. Ол сол классикалық туындылардың ішіндегі ең күрделісі-«Даодэ цзинге» түсіндірме жазады. Үлгілі қоғам туралы өзінің түсінігін ол,әрине қытайлық дәстүрден іздеп,тәжрибені солардан алды.
1. Қытай тарихы: Оқулық.-Алматы:Қазақ университеті,2007.-310 б.
2. Орта ғасырлардағы Азия және Африка тарихы:Алматы:С.Ә.Тортаев,2009.
3. Орта ғасырлар тарихы және өркениеті.Шымкент.проф.док.Сабри Хизметли,2002

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Тарих-педагогика факультеті
Жалпы тарих кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Қытайда Мин империясының құрылуы.
Қабылдаған:Салғараев М
Орындаған:Утепбергенова Г
Тобы:ТТА-111
Түркістан-2012
Жоспар:
1.Мин империясының құрылуы.
2.XV-XVI ғ.ғ Мин империясының даму сипаты.
3.Мин империясының сыртқы байланыстары.
4.Халық көтерілістері мен шаруалар соғысының өрлеуі және Мин империясының құлауы.
Пайдаланған әдебиеттер.
1.Мин империясының құрылуы.
Қытайдағы моңғолдардың Юань әулетінің билігі құлатылғаннан кейін,Қытайдың императорлық билігі қайта қалпына келтіріп, таза қытайлық Мин әулетінің билігі орнайды. Мин әулетінің билігінің негізін салған Чжу Юаньчжан 1368 жылы салтанатты түрде таққа отырып,Тай-цзу деген императорлық атты иеленіп,билік еткен дәуірін Хун У деп атап Мин әулетінің негізін салды. Жалпы Мин-жарық пен от деген ұғымды білдірді. Астанасы алғашқыда-Наекин,1421 жылдан бастап Пекин қаласы болды. Чжу Юаньчжан 1368-1398 жылдары билік құрды. Оның отыз жылдық билік кезеңі қатігездік пен құғын-сүргіннің заманы ретінде есте қалды. Чжу Юаньчжанға бағынған жерлердегі ауыл шаруашылығына бақылау жасау үшін арнайы Басқарма(иңтяньсы) құрылды. Чжу Юаньчжанның ордасында оған бұрын да көп көмек көрсеткен және онымен бірге соғыста бірге болған серіктері мен жақтастары-Ли Шаньчан,Сюй Да,Таң Хе,Сұң Ляң және басқалар қызмет атқарды. Чжу Юаньчжан өзінің қарапайым ортадан шыққан тегіне қарамастан,барынша білімді адам болды,ол қытайлық тарихи және философиялық дәстүрлерді өте жақсы меңгерген еді. Ол қытайдың өзіне дейінгі билеушілерінің іс-әрекетімен жақсы таныс болатын, өзі император болған соң,енді ол көп уақытын қоғамдық-саяси және философиялық ақыл-ойдың тамаша классикалық ескерткіштерін оқып үйренуге жұмсады. Ол сол классикалық туындылардың ішіндегі ең күрделісі-Даодэ цзинге түсіндірме жазады. Үлгілі қоғам туралы өзінің түсінігін ол,әрине қытайлық дәстүрден іздеп,тәжрибені солардан алды. Чжу Юаньчжанның басқа бұрынғы билеушілерден өзгеше,өзіндік билігіне тән сипаттаң бірі-жанындағылырға деген сенімсіздік болды. Ол ешкімге сенбейтін. Оның ойынша,әкімдердің барлығы жемқорлыққа жақын тұрады және олар халыққы императордың ел үшін, халық игілігі үшін істеп жатқан әрекеттерән жеткізбейді. Сөйтіп, Чжу Юаньчжан Мин империясын қатаң тәртіпке негізделген әдіспен басқаруды жолға қойды. Ол мемлекеттік қызметкерлердің императорға шексіз бағынатындай тәртіпті орнатуды көздеп,1382 жылы үш сатылы емтихан жүйесін енгізді. Бұл жүйе Қытайда ХХ ғ.басына дейін сақталып келді. Чжу Юаньчжан өзін қоршаған әкімдерді өте қатал ұстап,оларды сәл қылмысы үшін құдалап отырған. Оған үнемі барлық жерде императорға қастандық жасалатындай елестейтін. Чжу Юаньчжанның билігі кезіндегі құғын-сүргін әрекеттен 40 мыңға жуық адам зардап шеккен,олардың көпшілігі бұрын императорға қызмет еткен, оның билік басына келуіне ықпал етіп, көмектескен жолдастары болатын. Ол осы ең жақын адамдардан сескенді. Чжу Юаньчжан императорлық биліктің нағыз арқа сүйер күші үлестік жері бар шаруаларды біріктірген қауым деп санады. Чжу Юаньчжан және оның серіктері, моңғолдарға қарсы соғыс кезінде-ақ, шаруаларды түрлі ауыртпалықтардан құтқарып,салық мөлшерін азайтқанмен,жерді шаруаларға тегін беруден бас тартты. Мин императоры моңғолдар мен оларға қызмет еткен қытай феодалдарының жекеменшік жерлерін енді мемлекеттік жерлер деп жариялады. Елдегі ірі феодалдардың қолына шоғырланған жекеменшік жерлер азайтылды,олардан алынған жерлерді енді,мемлекет өз меншігіне алып,кейбір жерлерді ғана шаруалардың меншігіне берді.
Чжу Юаньчжан император болған соң шаруалардың өзіне яғни императорға тәуелді болуына көп күш салды. Арнайы мемлекеттікм ұйымдар құрып,олар мемлекеттік және жеке меншіктегі жерлердің бәрінесепке алуды тапсырды. Барлық егістікке жарамды жерлер және ондағы халық бұқарасы түгелдей салық жүйесіне тартылды.1370 жылы осы мақсатты жүзеге асыруға қажетті халық санағы жүргізілді. Санақ кезінде тұрғын халықтың саны ғана анықталып қоймай,әрбір үйдің мүлік мөлшері де есепке алынды. Мүлік мөлшеріне қарай шаруа үйлері салық пен еңбек міндеткерлігіне тартылды. Оның мөлшері жердің көлеміне,жеке шаруашылықтағы жұмысшылар мен мүліктің санына қарай белгіленді.
1381жылы бұл жүйеге салық пен еңбек міндеткерлігін реттеуге бағытталған өзгерістер енгізілді. Жаңа жүйеге сәйкес әрбір 10 шаруа үйлері цзяға бірігіп,ал әрбір 10 цзя 1 лиді құрады. Бұндай жүйені алғаш енгізген Чжу Юаньчжан емес еді,бұндай құрылым Сұң заманында да жасала бастаған болатын. Бірақ Мин әулетінің алғашқы императорына лицзя жүйесі жерге салынатын салықты жинау мен мемлекеттік еңбек міндеткерлігін өтеуді реттеуге қолайлы құрал болып қана қойған жоқ,ол биліе пен халықты біріктіруге жеткізетін үйлесімді әлеуметтік тәртіптің негізі де болды. Бұл идеялар арнайы құрастырылған Ұлы сақтандыру деп аталатын еңбекте жазылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен бұл шығарма әрбір үйде болуы тиіс еді, егер болмаған жағдайда үй иесі заң бойынша жауапқа тартылды. Қарапайым халыққа түсінікті болу үшін, император бұл қағиданы ауызекі тілмен жазды.
1398 жылы Чжу Юаньчжан қайтыс болғаннан кейін оның мұрагерлері арасында бақталастық күшейеді. Таққа мұрагерлік ету туралы әулеттің негізін қалаушы императордың шығарған заңына сәйкес, тақ бәйбішеден туған үлкен ұлға тиеслі болды, ал ол өзі қлген жағдайда, немересі ие бола алатын еді. Императордың 16 жасар немересі Цзянь Вэнь Чжу Юаньчжан өлген соң,1399 жылы таққа отырғанымен, өкімет билігін бар жоғы үш-ақ жыл ұстап тұра алды(1399-1402). Ол өте мінезі жұмсақ адам боып,кітапқұмар жан жан-жағына конфуцийшіл білімпаздарды жинақтап,оларды әкімдік қызметте ұстады. Салықтарды азайтып,буддалық және даостық діни қызметкерлердің мүлік иеліктеріне шектеу қойды. Императордың бұл немересінің билік етуіне еншілес иеліктері бар оның басқа ұлдары жанталасс қарсылық білдіріп,онымен азаматтық соғысқа кіріседі. 1402 жылы жылдам өте шыққан азаматтық соғыс кезінде, Солтүстік Қытайда еншілес үлесі бар ағасы Чжу Ди оны өлтіріп,тақты тартып алады. Кейбір деректер бойынша, ол император сарайы өртенген кезде қайтыс болды десе,екінші бір мәліметтер император шашын тақырлап алып тастап, монах киімін киіп ел кезіп кеткен дейді.
Чжу Юаньчжаннан кейін,біраз үзілістен кейін,1403 жылы билікке келген Чжу Ди Чэнь Цзу деген атты иеленіп,билік ету ұраны ретінде Юн Лэ(Ұзаққа созылар қуаныш деген атпен)1403-1424 жылдары билік құрады және ол шын мәнінде Мин әулетінің негізін салған императордан кейінгі,екінші, мықты император болды. Оның өте классикалық білімі болды, бірақ ол көбінесе әскери іспен шұғылдануды ұнататын. Ол барлық мемлекеттік қызметтерге жергілікті жерден бастап емтихан тапсырғандарды ғана алуға рұқсат берді. Оның билігі кезінде Мин империясы гүлденген, әрі қуатты мемлекетке айналып, оның халықаралық байланыстары нығайып,әлемге таныла бастайды. Император дипломатиялық әдістерді өте шебер қолданып,көрші елдерге елшіліктер аттандырып отырды. Нәтижесінде Мин империясының Үндіқытай түбегі мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ықпалы күшейе түседі. Кореямен, Жапониямен арадағы сауда байланыстарына қолдау көрсетіп, саудагерлерге жеңілдіктер жасап отырған. Мин империясы сол кезде елдің батыс жағында пайда болған жаңа саяси күш-моңғолдардың Ақсақ Темір империясымен есептесуге мәжбүр болады. Тай Цзу мен Чэнь Цзу императорлар тұсында Тимурдың сарайына екі рет елшілік аттандырылып,оның екеуі де қайтып оралмай жазаға тартылады. Ақсақ Темір тіпті 1404 жылы Қытайды жаулап алып, халқын мұсылмандыққа айналдырмақ болып,шапқыншылық та жасайды. Осы мақсатпен ол 200 мыңдық әскер жинақтайды,бірақ бұл арманы орындалмай,ол қайтыс болып кетеді. Бұл оқиға Қытайға төнген қауіпті уақытша ғана тоқтатады,елдің солтүстігіне бәрібір моңғолдар үнемі шабуыл жасауын тоқтатпайды. Он бес жыл бойы жасаған моңғолдарға қарсы жорығының нәтижесінде Чэнь Цзу өзінің әскерін Пекиннен жеті жүз миль солтүстік-шығыс пен солтүстік-батыс жаққа қарай аулаққа шегіндіруге мәжбүр болады. Кейбір кездері жеңіске жеткенімен,алайда берік ұйымдасқан көшпенді моңғол әскеріне толық тойтарыс жасай алмайды.
Император Чзнь Цзудың іске асырған өте маңызды саяси маңызы бар қадамдарының бірі1421 жылы Мин империясының астанасы Нанкиннен ресми түрде Пекинге көшіріледі. Пекинді қайтадан көркейту жұмыстары жүргізіліп,архитектуралық құрылыстар салдырған, осы бүгінге дейін сақталып келген архитектуралық құрылыстың ғажайып үлгісі саналатын салтанатты сарайы-Императордың Тиім салынған қала деп аталған кешенінде тағдыр оған бірнеше жыл ғана рахаттанып өмір сүруді жазыпты.
Император Чзнь Цзу 1424 жылы моңғолдарға қарсы кезекті жорықтан оралысымен қайтыс болады. Мин империясына бтлік ету үшін оның үлкен ұлы, сарайлық аты Жэнь Цзун деген атпен таққа отырады. Бір жыл өтпей ол аурудан қайтыс болып, келесі үлкен ұлдарының бірі Сюань Цзун билікке келеді. Ол конфуцийшылдық тәртіпте тәрбие алғандықтан, өзінің алдындағы билік еткен императорлар сияқты үкімет билігінің қызмет орындарына Ханлинь академиясын бітірген оқымыстыларды қойды. 1432 жылдың басында император адмирал Чжэн Хэге жетінші рет сапарға аттануға бұйрық береді, ондағы мақсаты Қытайға бас иген, императорларға сыйлықтар жіберіп отыруға тиісті елдермен байланысты жандандыру болатын. Әскеи флот алысқа аттанып, Аравия түбегіне дейін жетіп, сосын Африканың солтүстік-шығыс жағалауына дейін жүзіп барды. Бұл адмирал Чжэн Хэнің ең соңғы сапары болды. 1435 жылы император Сюань Цзун қайтыс болды. Оның аты тарихта конфуциандық монархтың үлгісі ретінде, мейрімді билеуші ретінде қалды.

Императорлық Қытайдағы мемлекеттік басқару жүйесінің негізін құраушы оқымысты әкімдер-шэшьшилердің билік ету қызметіне деген Мин императорларының алғашқы билеушісінен бері қарай қалыптасып келе жатқан сенімсіздігі, сарайдағы әтектердің атқаратын қызметінен де айқын көрініс тапты. Сарайдың саяси өміріне әтектердің араласуы еш қандай жаңалық болмаса да, енді оларды мемлекеттік саясатқа араластыру әректі ұлғая түсті. Мин билеушілері әтектерді импнратор сарайына жақын тұрған ең адал, ниеттес топ деп санап, оларды азаматтық және әскери басқармаларда қызматке тартуға пиғыл танытты. 1420 жылы сарай жанында арнайы мактеп ашылып, онда әтектерді мемлекеттік қызметке үйретті. XVІ-XVIІ ғғ. Әтектертерден құралған уақытша билеушілер Қытайдың саяси өміріндегі шынайы қасіретке айналды. Саяси өмірге кері әсерін тигізген әтектердің қызметі олардың санының артуымен одан әрі қиындай түсті. Егер әулеттің билігінің басында, әтектердің саны 10 мың адам болса, енді XVІғ.екінші жартысында, олардың саны 100 мың адамға жетті. Әтектердің көпшілігі елге пайда әкелуден гөрі, жеке басының баюына көбірек мүдделі болды. Империядағы болып жатқан түрлі жағдайларға әтектердің тигізер кесапатының жарқын мысалы бола алатын оқиға ретінде, XVғ. Ортасында императордың фавориті болған әтек Уаң Чжэньнің сұмпайы әрекеттерін айтуға болады. Осы кезде бұрын Қытайдан құылған моңғолдардың қаупі қайтадан күшейе бастайді. Ержүрек жауынгер Эсен деген қолбасшы басқарған моңғол әскерлері Солтүстік Қытайға басқыншылық срғысты бастайды. Жас император басқарған қытайлық өкімет әскері жауға қарсы аттанады. Әскерге қолбасшылық ету Уаң Чжэнге тапсырылады. Ол Пекиннен 30 шақырым солтүстік-батыс жақта болған шайқаста, ешқандай әскеи талантын көрсете алмастан, масқара жағдайға душар болып, империя әскеи жаудан тас-талқан болып жеңіледі. Уаң Чжэнь өзі осы соғыста қайтыс болады да, ал император болса тұтқынға түсіп, бір жылдай жау қолында қалады. Тек Юй Цянь деген генералдың тамаша қабілеті арқасында астана қоғанысы мықты болып,оны аман сақтап қалады. Император біраз уақыт өткеннен кейін, өзінің таққа қайтып келуін қамтамасыз еткен әскеи қолбасшыларға алғыс берудің орнына, оларды жаппай жазалауға бұйрық береді. XVғ.екінші жартысында, Лю Цзинь деген императордың сүйікті әтегінің аты елге кеңінен танымал болды. Бұл әтек өзінің шектен шыққан қазына тонаушылығымен және таныстарына қызмет әперуімен аты шыққан адам еді. Жылы ол қызметтен кеткен кезде оның тұрмыс жағдайы 250 млн.ляңға тең болған, ал бұл мөлшер империяның 10 жыл бойғы бүкіл әскери шығынына тең келетін еді. Империядағы осы жағдайлаға наразылық танытқан, өздерінің қызмет дәрежесіне император гареміне жақындығымен емес, өз еңбектерімен тер төгіп жеткен әкімдер арасындағы қозғалыс, XVғ. аяғында-ақ, байқала бастаған еді. Олардың меморандумдарында әтектердің жемқорлық әрекеттері әшкереленген, олардың кейбір шектен шыққандарының көзін жоюды талап еткен үндеу сөздер орын алды. 1498 жылы оппозициядағылар сарай жанындағы жамқор топтардың и билік маңынан кетуіне қол жеткізеді. Оппозициялық қозғалыстың алғашқы кезеңінде императорлық Академияның оқымысты азаматтары белсенді әрекет етті. XVІғ.басында бұл қоғамдық қозғалыс біртіндеп, империяның саяси өмірін сауықтыруға бағытталған бірқатар қайта құру шараларын іске асыруға шақырған реформашылардың оппозициясына айнала бастады. 1506 жылы императордың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz