Ортағасырда өмір сүрген түркі-мұсылман ғұламалары



І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім
1. Әл.Фараби (870—950 жылдары)
2. Жүсіп Баласағұни (1015—1075 жылдары)
3. Махмұд Қашқари
4. Қожа Ахмет Йассауи
5. Мұхаммед Хайдар Дулати
6. Қадырғали Жалайыр
ІІІ Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Ортағасырда өмір сүрген түркі-мұсылман ғұламалары тәрбие мәселесіне, әсіресе рухани тәрбие мәселесіне қатысты көптеген зерттеулер жүргізіп, тәрбие негізінің рухты тәрбиелеуден бастау алатындығын дәлелдеп шықты. Ол бойынша адамның нәпсісін теріс қасиеттерден, лас қылықтардан тазартып, рухқа үстемдік беру басты бұлжымас қағидаға айналды.
Мұсылман ғұламалары бұл турасында көптеген еңбектерінде, зерттеулерінде туралай да, жанамалап та, астарлай да осы қағиданы жұртшылыққа жеткізуге тырысты. Фараби, Ибн Сина, Матуриди, Баласағұн, Қашқари, Иүгнеки, Ясауи сияқты даналарымыз түркілік және исламдық дүниетанымдық ұстындарды өзара үйлестіріп, Құранға негізделген өзіндік ілім қалыптастыру арқылы түрік-ислам өркениетіне жол салды.
Фараби болмыстың мәніне жетуді рухани арылу мен рухтың интеллектуалдық тұрғыдан дамуына негіздеді. Ибн Сина да Құрандағы рухани хәлдер мен махаббат және құдайлық ишқ мәселесін сөз етті. Матуриди тауил яғни, Құранның ішкі мәнін ақыл мен нақыл, амал мен ой бірлігіне негіздеді. Баласағұн Құрандағы құт мәселесі төңірегінде ой толғады. Иүгнеки мен Ясауи Құранның ішкі сырын моральдық-этикалық тұрғыдан түсіндірді. Ол екеуі қағидашылдыққа емес, тәрбиеге, сонымен қатар терең ойшылдыққа мән берді.
Ахмед Йүгінекидің тәрбиелік мәні зор дидактикалық дастанын талдай отырып, оның жан дүниесінің түбіне жеткендей дәрежеде боласың. Әдиб бабамыз қоғамның бүкіл мәселесін поэзия тілімен суреттеген сәтте, ақынның жасырынулы сырымен таныса түсесің. Данышпан ақын жер бетіндегі жалған дүниені өлең жолдары көмегімен мәңгілікке айналдыра білді.
1. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев,
2. Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4
3. Йүгінеки А. Ақиқат сыйы: Түпнұсқаның фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық және поэтикалық аудармасы. – Алматы: Ғылым, 1985.
4. Жүншеев Р.Е., Төкенов Ө.С., Ізтілеуов А.Ә. Философия. –Тараз, 2007.
5. Ясауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет: Ақыл кітабы. – Алматы: Өнер, 2007

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім
1. Әл-Фараби (870 -- 950 жылдары)
2. Жүсіп Баласағұни (1015 -- 1075 жылдары)
3. Махмұд Қашқари
4. Қожа Ахмет Йассауи
5. Мұхаммед Хайдар Дулати
6. Қадырғали Жалайыр
ІІІ Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Ортағасырда өмір сүрген түркі-мұсылман ғұламалары тәрбие мәселесіне, әсіресе рухани тәрбие мәселесіне қатысты көптеген зерттеулер жүргізіп, тәрбие негізінің рухты тәрбиелеуден бастау алатындығын дәлелдеп шықты. Ол бойынша адамның нәпсісін теріс қасиеттерден, лас қылықтардан тазартып, рухқа үстемдік беру басты бұлжымас қағидаға айналды.
Мұсылман ғұламалары бұл турасында көптеген еңбектерінде, зерттеулерінде туралай да, жанамалап та, астарлай да осы қағиданы жұртшылыққа жеткізуге тырысты. Фараби, Ибн Сина, Матуриди, Баласағұн, Қашқари, Иүгнеки, Ясауи сияқты даналарымыз түркілік және исламдық дүниетанымдық ұстындарды өзара үйлестіріп, Құранға негізделген өзіндік ілім қалыптастыру арқылы түрік-ислам өркениетіне жол салды.
Фараби болмыстың мәніне жетуді рухани арылу мен рухтың интеллектуалдық тұрғыдан дамуына негіздеді. Ибн Сина да Құрандағы рухани хәлдер мен махаббат және құдайлық ишқ мәселесін сөз етті. Матуриди тауил яғни, Құранның ішкі мәнін ақыл мен нақыл, амал мен ой бірлігіне негіздеді. Баласағұн Құрандағы құт мәселесі төңірегінде ой толғады. Иүгнеки мен Ясауи Құранның ішкі сырын моральдық-этикалық тұрғыдан түсіндірді. Ол екеуі қағидашылдыққа емес, тәрбиеге, сонымен қатар терең ойшылдыққа мән берді.
Ахмед Йүгінекидің тәрбиелік мәні зор дидактикалық дастанын талдай отырып, оның жан дүниесінің түбіне жеткендей дәрежеде боласың. Әдиб бабамыз қоғамның бүкіл мәселесін поэзия тілімен суреттеген сәтте, ақынның жасырынулы сырымен таныса түсесің. Данышпан ақын жер бетіндегі жалған дүниені өлең жолдары көмегімен мәңгілікке айналдыра білді.

Әл-Фараби (870 -- 950 жылдары)
Әл-Фараби ертедегі Қазақстан жерінен шыққан, қазақ топырағында дүниеге келген, ғұлама ғалым, Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері - Отырар (Фараб) қаласы. Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең ғұламасы - Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" , "Шығыстың Аристотелі" ұлы ғұлама.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының жанұясында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен "Әл-Фараби", яғни "Фарабтық" деген атқа ие болған.
Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алған болатынды. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған. Сол үшін оны "екінші ұстаз" (Аристотельден кейінгі) деп атаған. Мәселен, Аристотельдің "Жан туралы трактатын 200 рет қайталай оқыдым", - деп жазып қалдырған.
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу Насырды ата-анасы Таяу және Орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Әбу Насыр Бағдатқа бармастан бұрын, жолшыбай Самарқан, Бұхара шаһарларына соғып, білімін жетілдіреді. Кейін Иран халқының мәдениетімен танысады. Содан кейін әрі қарай Бағдатқа аттанады. Әбу Насырдың Бағдатқа баруының өзінің себептері бар.
Аты әлемге әйгілі шығыстанушы ғалым В.В.Бартольд: "ІХ-Х ғасырларда ғылыми жұмыстар негізінен Тигр мен Евфрат аралығындағы ескі мәдени орталықтар болған Басра мен Харранға шоғырланды. Бағдат - бүкіл мұсылман әлемінен, әсіресе, Иран мен Орта Азиядан шыққан әдебиетшілер мен ғалымдарды өзіне тартты"1, - деп жазған. Араб халифатының үлкен мәдени орталығы Бағдат болған.
Әл-Фараби логика, саз, астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Араб ғалымдарының бір Ибн Халликан өз еңбегінің бір жерінде жерлесіміз жайлы былай дейді: "Ол-аса ірі мұсылман фәлсафашыларының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу Әли ибн Сина да (980-1037) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады".
Әл-Фараби жиһанкездікті ұнатқан. Арада біраз жылдар салып, Бағдаттан Серияға келеді, бірақ мұнда ұзақ аялдамастан, Мысырға сапар шегеді.
Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Әбу Насыр Аристотельдің "Метафизикасын" қырық, "Жан туралы" еңбегін жүз, ал "Риторикасын" екі жүз рет оқып шыққан. Осындай зеректігінің арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін меңгерген.
Әл-Фарабидің өзі де "Кемеңгерлік меруеті", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Мәселелердің тип мазмұны", "Ғылымдардың шығуы", "Бақытқа жету" сияқты т.б.көптеген еңбектер жазған.
Ол сонымен қатар тәрбие және білім беру, педагогика мен психология, этика ғылымдарының салаларында құнды пікірлер мен қағидалар қалдырған. Әсіресе, жақсы мінез-құлықты қалыптастыру және дағды ме әдетке ерекше мән берген.
Әл-Фараби тәрбиенің әдіс және тәсілдеріне сипаттама береді. Тәрбие әдістері мадақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру және т.б.тәлімгерден ерекше имандылық пен ізеттілікті талап етеді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде Әл-Фараби ұстаздың өнегелік, тәлімгерлік қасиеттеріне мән берді.
Ғұламаның айтуынша, белгілі тәлімгер-ұстаз өзінің жеке басына он екі тума табиғи қасиетті, алты өмірге келгеннен кейін қалыптасатын қасиетті бойына сіңірген дана адам болу керек деген болатын-ды.
Оқыту - баланың тілін дамыту, білім беру, үйрету арқылы іске асатын болса, тәрбиелеу - шәкірттердің бойында жағымды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратындығына тоқтала келіп, ғылым мен білімді және тәрбиені меңгерумен қатар өзін-өзі тәрбиелеу, ерік-қайратты тәрбиелеуге мән берді.
Әл-Фарабидің психологиялық көзқарасы туралы айтқанда, әртүрлі психологиялық тақырыптарда бірнеше еңбектердің авторы ретінде де, қазақ топырағында психология ғылымының негізін қалауға да ерекше үлес қосқаны белгілі. Мәселен, "Жан туралы", "Ақыл-ой туралы", "Темперамент туралы", "Түс көру туралы сөз", "Жанның мәні туралы", Ақыл-ой және ұғым тағы басқа еңбектері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Әл-Фарабидің тағылымдық-тәлімдік ойларының ішінде ерекше назар аударарлық мәселе - шешендік өнері туралы айтқан қағидалары.
Шешендік өнеріне көз жеткізу дегеніміз адамның өзіне айтылғанды көкейіне түю, сондай-ақ оған ой-жіберу арқылы адамға құлақ қою болып табылады Көзін жеткізу терминінің осындай мағынада алыну себебі мынада: Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған, бір-біріне сөз салған, бір-бірімен әңгімелескенде, бір нәрсені дәлелдеп көз жетекізу үшін шешімдер қабылданған кезде білімдік пікірлерді жиі келтіреді. Пікір мен шынайы білім көзқарас мағынасында ортақ сипатқа ие болады.
Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық жүйесі Шығыстағы ілкіортағасырлық мұсылмандықтың рухани мәдениет тарихында және бүкіл адамзат мәдениетінде ерекше орын алады. Әл-Фараби философиясы дүние тану мәселелерінде жан-жақты.
Әл-Фараби шығармаларының басым көпшілігі әлі де араб тілінен аударылмай, зерттелмей жатыр. Астрономия, логика, саз жайлы еңбектері де күні бүгінге дейін терең зерттеліп жатыр

Жүсіп Баласағұни (1015 -- 1075 жылдары)
XI ғасырдағы аса көрнекті ғалымдардың бірі. Толық аты -- Жүсіп Хас Хажиб Баласағүни. Ғалым өзінің атақты дастаны "Құтадғу білік" (Құтты білік) еңбегімен белгілі. Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі, Әдет-ғұрпы, наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіп Баласағүни ғылымның табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб, парсы тілі білімі сияқты салаларымен де айналысқан.
Жүсіп Баласағүни, аты-жөніне қарағанда, Қарахандар мемлекетінің көрнекті қаласы және астанасы болған Баласағұн қаласында дүниеге келген. Атақты дастанын Баласағұн қаласында бастап, Қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінің астанасы Қашқарда аяқтаған.
Бұл кез Қарахандар мемлекетінің саяси жағынан бытыраңқылыққа ұшырап, екіге бөлінген кезі. Ақын өзінің атақты дастанын Боғра ханға сыйға тартқан. Бұған риза болған хан Жүсіпті сарайдағы уәзірлердің үстінен қарайтын үлкен қызметке сайлаған. ХасХажиб деген үлкен атақ немесе басуәзір деген сөз оның атына осыдан қосылса керек.
Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі -- мемлекеттің саяси-қоғамдық және мәдени мәселелері болған. Ол өзінің еңбегінде: "Арабша, тәжікше кітаптар көп, ал бұл -- біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы", -- деп, түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады.
Бұл кітап ел арасында тез тарап, авторы тірі кезінде-ақ абыройлы атаққа ие болған. "Құтадғу білік" орта ғасырлар ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерін таң қалдырған әдеби-көркем туынды. Орталық Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілер мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра.

Махмұд Қашқари
Махмұд Қашқари -- түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі. Ол Жүсіптің замандасы. Бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз, ғалымдар оның атақты шығармасы "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр.
Махмұд Талас-Шу алқабындағы Барысхан каласында туған. Бірақ неге екені белгісіз, өте жас кезінен туған мекенінен шығандап шығып, түркілер уәлаятын (қазіргі қазақ сахарасын) аралап кетеді. Махмұд өз шығармасына материал жинау кезінде түркі әлемін көп аралаған, көргені мен көңілге түйгендерін қағазға түсіре берген.
Кейіннен ол бір кездегі әдеби, мәдени, рухани орталық болған Бағдатқа барады. Бұл кез Бағдатты түркілердің селжұқ тайпасы басып алған, түркі тілінің дәуірлеп тұрған тұсы еді. Сондықтан да Махмұд түркілердің этнографиясы, ауыз әдебиетінің хрестоматиясы іспетті өз еңбегін араб халқына таныстыру мақсатымен араб тілінде жазған.
Оның Бағдатта тұрып, өз шығармасын түркі тақырыбына арнауының өзі тегін емес. Махмұд өмір сүрген дәуір, бір кездегі гүлденген араб дүниесінің дәурені өтіп, тасы кері кете бастаған уағы болатын. Оның үстіне, Махмұд түркілер тарапынан өз туындысының ескерусіз қилмайтындығын да пайымдаған. Сондықтан да ол өз еңбегінің атын мазмұнына сай етіп "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") деп атаған. Бұл "жинақ" "орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы" деп атауға тұратын шығарма, сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек.
Қашқаридың бұл еңбегі аталған жерлердегі халықтардың мәдени және рухани байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. А.Н.Кононовтың сөзімен айтқанда: "Түркі тілдерінің сөздігі" -- XI ғасырдың түркілердің өмірі, олардың материалдық мәдениеті, бұйымдары, тұрмыс-жайлары, этнонимдері мен топонимдері, қызмет адамдарының дәрежесі, тағам, сусын түрлері, үй жануарлары мен аумағындағы жабайы аң-құстар, мал шаруашылығы, өсімдік дакылдары, астрономия терминдері туралы, күнтізбелер, ай, апта, күн аттары, ауру түрлері, дәрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гесиодтағы тарихи процестің регрессивтілігі
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы
Ортағасырлық философияның ерекшелігі
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Түркі жазуларының зерттеу барысы
Қожа Ахмет Яссауидің өмір сүрген уақыты, тарихи жағдайлары
Қыпшақ
Ғылыми еңбектерін араб және парсы тілінде жазған түркі ғұламалары (X—XII ғ.)
Араб - мұсылман дәстүрлі мәдениеті
Пәндер