Ес пен парасаттың бұзылуы


Ес пен парасаттың бұзылуы
Парасат - индивидиумның «ішкі» құрылысында, өтіп жатқан жағдайлардың субъективті суретін құруды қамтамасыздандыратын психикалық механизмдер жүйесі.
Парасат ( «intellectus» латын сөзінен - ақылмен түйсіну, жетілу) - индивидтің ақыл қабілеттерінің орнықты құрылымы. Анықтама келесі түсініктер жүйесінен құралған: біріншіден, «парасат» термині «ақыл» терминінің синонимы; екіншіден, парасатты тек ойлау қабылетімен сипаттау дұрыс емес, үшіншіден, парасат деңгейі қабылет жүйелерімен сипатталады. Қабылет жүйелері әртүрлі қызмет атқару нәтижесінде, индивидтің қоршаған ортамен, басқа адамдармен байланысу нәтижесінде қалыптастырылады.
Парасаттың келесі түсініктемелері бар: биологиялық: «жаңа жағдайларға санамен бейімделу қабылеттілігі»; педагогикалық: «оқуға қабілеттілігі, оқытылуы»; психологиялық (құрылым тұрғысынан қарау) : «құралдардың мақсатқа бейімделу қабілеті». Парасат әртүрлі қабілеттер жиынтығы.
Ес - өткен тәжірибені ендіру, сақтау және қайта жаңғырту.
Ес бұзылуы - ұмытшақтықтар, қате еске түсірулер.
Парасат бұзылуы - тума кемақылдылық, кейіннен пайда болған кемақылдылық. Дисмнезия деп естін әлсіреуінің әр алуан түрлерін еске алу, сақтау және еске түсірудің төмендеуін айтады. Естің әлсіздігі психикалық аурулардың көптеген түрлерінде басталады.
Естің нашарлауының неғұрлым ерте көрінісіне сол сәтке қажетті ес материалын еске түсірудің қиындығы жатады. Бұл, әсіресе, даталарды (оқиғалар жылнамасы), атаулар мен есімдерді, терминдерді, белгілі бір ұғымдарды, яғни неғұрлым дара, жіктелген, естің дерексіз материалын еске түсіруге қиналудан көрінеді.
Амнезия - естің болмауы, ессіздік. Кертартпа амнезия - белгілі бір психикалық аурулардың ессіз күйі басталар алдында тікелей болған оқиғалардың естен шығуы. Кеселдің бұл түрінде сананың жоғалуы немесе аурудың басталуы алдындағы оқиғалардың бірде-бір деректі, жағдайда еске түсіру мүмкін болмайды. Мұндай ұмыту әр түрлі уақыт кезеңдеріне - сағат, күн, айларға да қатысты.
Антероградтық амнезия - санасыз күй немесе психикалық басқа да кеселі аяқталған соң, тікелей іле-шала болатын окиғалар туралы естеліктерді жоғалту. Кертартпа амнезия сияқты мұндай ұмыту сағаттармен шектеледі, бірақ күндер мен апталарға да созылуы мүмкін.
Артынан осы ауруға шалдыққан ұмытшақ науқастың мінез-құлкы белгілі бір кезеңде әбден дұрыс болады, олар барлық жағынан өзіне есеп береді, бірақ бұдан әрі осы уакыт ішінде жасалғанның бәрі олардың есінен ізсіз жойылып кетеді.
Антероретроградттық амнезия - бұл алдыңғы амнезияның екі түрінің ұштасып келуі. Санасыз жай-күйдің немесе аурудың алдында өткен ғана емес, сондай-ақ оның соңынан еткен оқиғалар да естен шығып кетеді.
Фиксаждық амнезия - еске сақтау қабілетінің, ағымдағы оқиғаларға естің жоғалуы - бұл Корса-ковсиндромының негізгі белгісі болып табылады (төмен-нен қарацыз) .
Өршіген амнезия - еске сақтау қабілетінің жоғалып, дәйекті зандылықпен өтетін есқорларының босауының біртіндеп әсе түсуімен білінеді, Ең алдымен еске жақында ғана түскен материал жойыльп, өмірдің соңғы жылдарындағы оқиғалар ұмытылып қалады. Естің ерте иеленген қоры, өмірдің ерте кезеңдегі оқиғалары есте едәуір ұзақ сақталады. Ес материалының жойылуы оның жинақталуындағы кері жүйемен: жаңадан ескіге карай, жаңа иеленгеннен ежелгі иеленгенге қарай, дара-дан жалпыға карай жүріп жатады. Өршіген амнезияда әуелгіде естің неғұрлым аз ұйымдаскан, неғұрлым аз автоматтанған материалы жойылады. Баяғыда ие болған, демек, берік ұйымдасқан, неғұрлым көп автоматтанған материал ұзақ сақталады. Парамнезия (естің алдануы) конфабуляция (алдамшы еске алу) мен криптомнезияға (естің бұрмалануы) бөлінеді.
Конфабуляция мазмұнына шын мәнінде өткенде болған окиға бірақ басқа, жақын уақытпен араласқан оқиға жатады. Көп жағдайда бұл күнделікті, окиғаның кәсібімен жиі байланысты болып келеді. Конфабуляцияның мұндай түрі амнезиялық кеселге ұшырағанда пайда болып, аурудың естелігіндегі ақаулардың орнын басып тұрғандай болады (орнын басушы конфабуляция) .
Ауруханада апталап жатқан ауру әлгінде ғана вокзалдан келдім деп хабарлайды. Ол бүгін пойызда болған, ал кеше кешкісін командировкаға шыққан. Ол өзі кеткенше күні бойы әр түрлі мекемелерді аралаған, әр түрлі іс ұйымдастырып, сан алуан тапсырмаларды орындаған. Конфабуляцияның мазмұны естелік түрінде болатын патологиялық елестету болуы мүмкін (қиял-ғажайыптык конфабуляция.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz