Оқушылар жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

тобының студенті

«Оқушылар жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары» тақырыбында орындалған диплом жұмысына

ПІКІР

Мектеп жасындағы баларда жиі кездесетін психологиялық проблемалардың бірі балалардың мінез-құлық үйлеспеушілігі. Осы мәселені зерттеу жолдарын және оны коррекциялау әдіс-тәсілдерін жақсы меңгері - психолог алдында тұрған міндеттердің бірі. Әр психолог өз жұмысын жоспарлағанда, орындайтын қызметінің мазмұнын анықтағанда, жеткіншектер мен жас өспірімдердің мінез акцентуациясының түрін, көрініс беру ерекшеліктерін анықтап, көрсеткіштері нормадан асқандарға уақытылы көмек көрсетуі керек. тың дипломдық жұмысы осы мәселені зерттеуге, балаларға мінез-құлық үйлеспеушілігінің теріс әсерін төмендетуге үлесін қосатын зерттеу. Сондықтан Жүсіпалиевтің дипломдық зерттеуге анықтаған таңырыбы қазіргі барлық уақытта актуалдылығын жоғалтпайды.

Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, төрт параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған.

Бірінші бөлімде мінез-құлық формалары мен оның функциялары, қалыптасуына әсерін тигізетін факторлар сыртқы және ішкі мотивациялармен байланысты сыныптастырып, әр түрі жеке талданған. Мінез-құлқында ауытқуы бар балалардың ерекшеліктеріне психологиялық мінездеме берілген.

Екінші бөлімде мектеп тәжірибесінде мінез-құлқында ауытқуы бар балалардың психологиялық проблемасын анықтау әдістемелері көмегімен балалардың жекелік психофизиологиялық қасиеттерін зерттеу, оқушылардың мінез ауытқуларын Басса-Дарки, Шишек тесттерімен зерттеп, оларға қосымша пиктограмманы қолдану арқылы балалардың жекелік психикалық қасиеттерін жан-жақты зерттеу үлгілері көрсетілген және олармен коррекция жүргізуге арналған жаттығулар жинақталған.

Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық қызметінің жеткіншектермен жүргізетін жұмыстарының басты міндеті ретінде балалардың жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу және жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету барысында балалардың мінез-құлық проблемаларын анықтау жолдары мен түзету әдістемелерін қолдану қажеттілігі көрсетілген.

дипломдық жұмысы теориялық және әдістемелік жағынан талаптарға сай орындалған. Дипломдық жұмыс студенттің дербес жүргізген зерттеулерінің нәтижесі екені анық байқалады және психологиялық зерттеулерді орындай алатындығын дәлелдейді. Ол алдына қойған зерттеу міндеттерін толық орындап психологиялық қызметті орындауға даярлығын көрсетті.

Дипломдық жұмыс талаптарға сай көркемделінген. Диплом жұмысын қорғауға ұсынып, оны жоғары бағалауға болады деген сенім білдіремін.

Ғылыми кеңесшісі п. ғ. к., доцент

Т. Р. Нұрмұхамбетова

тобының студенті

«Оқушылар жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары» тақырыбында орындалған диплом жұмысына

ПІКІР

Мінез-құлық үйлеспеушілігі жеткіншек жас кезеңінде жиі кездесетін психологиялық проблемалардың бірі. Осы мәселені зерттеу жолдарын және оны коррекциялау әдіс-тәсілдерін әр психолог жақсы меңгеруге тиіс. Психолог жеткіншектер мен жас өспірімдердің мінез акцентуациясының түрін, көрініс беру ерекшеліктерін анықтап, көрсеткіштері нормадан асқандарға уақытылы көмек көрсетуі керек. Сондықтан дипломдық жұмысының тақырыбы барлық уақытта актуалды.

Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, төрт параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған.

«Мінез-құлық және оның негізгі көріністері» деп аталатын бірінші бөлімде мінез-құлық формалары мен оның функциялары, қалыптасуына әсерін тигізетін факторлар сыртқы және ішкі мотивациялармен байланысты сыныптастырып, әр түрі жеке талданған. Мінез-құлқында ауытқуы бар әртүрлі жас кезеңіндегі балалардың ерекшеліктеріне психологиялық мінездеме берілген.

«Мінез-құлқында ауытқуы бар балаларға психологиялық қызмет көрсету» деп аталатын екінші бөлімде мектеп тәжірибесінде мінез-құлқында ауытқуы бар балалардың психологиялық проблемасын анықтау әдістемелері ішінен темпераментті анықтауға Айзенк тесті, мазасыздану деңгейін зерттеуге Басса-Дарки, акцентуацияны анықтауға Шмишек тестері қоланылған және олармен коррекция жүргізуге арналған жаттығулар жинақталған.

Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық қызметінің басты міндеті ретінде балалардың жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу және мінезінде үйлеспеушілік белгісі бар балаларға психологиялық қызмет көрсету барысында түзету әдістемелерін қолдану қажеттілігі көрсетілген.

дипломдық жұмысы теориялық және әдістемелік жағынан талаптарға сай орындалған. Дипломдық жұмыс студенттің дербес жүргізген зерттеулерінің нәтижесі екені анық байқалады және психологиялық зерттеулерді орындай алатындыгын дәлелдейді. Ол алдына қойған зерттеу міндеттерін толық орындап психологиялық қызметті орындауға даярлығын көрсетті.

Дипломдық жұмыс талаптарға сай көркемделінген. Диплом жұмысын қорғауға ұсынып, оны жоғары бағалауға болады деген сенім білдіремін.

Оқушылардың жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРІШСТЕРІ

1. 1. Мінез-құлық формалары және оның жүйелілігі

1. 2. Мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушыларға сипаттама

1. 3. Кіші мектеп оқушыларының мінез құлқының ауытку себептері.

2. МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАРҒА

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

2. 1. Мектеп тәжірибесінде мінез-құлқында ауытқуы бар

балаларды анықтау

2. 2. Мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды коррекциялау

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі - мінез-құлқында эмоционалдық үйлеспеушілігі бар балаларға тиімді көмек көрсету. Бұл проблеманың аспектілері психологияда жан-жақты талданған. Оған үлес қосқандар И. Кант, Э. Торндайк, И. П. Павлов, К. Роджерс, А. Маслоу Л. Е. Личко т. б. ғалымдар.

Қазіргі кезде тәжірибелік психологияда қолданылатын әдістемелер жинақтары қазақ тілінде жоқтың қасында. Сондықтан оқушылардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікті диагностикалау өте қиын болып отыр, ал мінез-құлқында ауытқуы бар балаларға дер кезінде көмек көрсетудің маңызы үлкен екенін дәлелдейдің қажеті жоқ проблема екені баршаға аян.

Дипломдық зерттеу барысында осы проблеманы шешу жолдарын анықтап, оның қыр-сырына түсіну үшін тақырыпты «Оқушылар мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары» деп анықтадық.

Дипломдық зерттеу мақсаты - мінез-құлық үйлеспеушілігі факторларын, себептерін анықтау, диагностикалау әдістерін жүйеге келтіру.

Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланды:

- мінез-құлық формалары мен оларға әсерін тигізетін факторларды анықтау;

- мінез-құлық үйлеспеушілігі себептерін балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйеге келтіру;

- мінез-құлық ауытқуларын диагностиклау әдіс-тәсілдерін анықтау;

- мектеп оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу.

Дипломдық зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми еңбектерді талдау, мінез-құлық ерекшеліктерін талдау және психодиагностикалық әдістемелерді қолдану арқылы оқушылардың мінез ерекшеліктерін зерттеу, мазасыздану деңгейін анықтау тестерін, акцентуация түрлерін анықтау тестерімен зерттеу жүргізу.

Жинақталған материалдардың логикасына қарай отырып диплом жұмысының құрылысын анықтадық. Ол кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде диплом жұмысының тақырыбының көкейкесті мәселені зерттеуге бағытталғандығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері анықталған.

«Мінез-құлық және оның негізгі көріністері» - деп аталатын бірінші бөлімінде мінез-құлықтың негізгі көрсеткіштері және олардың көрініс беру ерекшеліктерін түсіндіретін теориялық қағидалар талданып, мінез-құлықтардағы ауытқулар деген не екені көрсетілген. Оқушылардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерге сипаттама берілген.

«Мінез-құлқында ауытқулары бар балаларға психологиялық қызмет көрсету» деген екінші тарауда оқушылардың мінез ерекшеліктерін зерттеу, балалардың мазасыздану деңгейін және акцентуациясын зерттеу нәтижелері берілген.

Қорытындыда зерттеу барысында жасалған тұжырымдамалар мен балалар мінезіндегі үйлеспеушіліктер байқалғанда оларға психологиялық қызмет көрсету жолдары анықталған.

1. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

1. 1. Мінез-құлық формалары және оның жүйелігі

Әрбір адам жеке тұлға болғандақтан оның мінез-құлқы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні характер деген грек сөзінен шыққан. Оның негізгі мағнасы із қалдыру деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән даралық ерекшілік екенін ғылым тарихында алғаш рет сипаттап жазған ғалым - ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп көрсеткен.

Мінез ерекшеліктерін зерттеушілердің пікірлерін ең бірінші болып француз ғалымы Л. Бен жүйеге келтірген. Ол мінезді психологиялық ерекшелік, дара тұлғаның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшілігінің көрсеткіштері деп санады. Т. Рибо мінезді сезіммен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі психолог П. Ф. Лесгафт, ерік қасиеті деп көрсеткен. И. Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда дүре пайда болатын қасиет деп, туа біте пайда болатын қасиеттер мен әр адамның өз өмірінде жүре пайда болатын қасиеттерді бөліп көрсетті.

Поланның айтуынша мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайларына байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөнінде екі пікір қалыптасып, олар осы уақытқа дейін пікір таластар туғызып келеді. Соған қарамастан қазіргі зерттеулерде мінез адамның өмір салтына және әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне тәуелділігіне ешкімде күмәнданбайды. Табиғи күштерге табиғи физиологиялық процестер жататын темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылады. Темперамент - адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса -меланхолик болады. Сондықтанда, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін - деп атап көрсетеді.

Адамдар түрлі іс-әрекетпен айналысады, осы іс-әрекетпен айналысу барысында оларда белгілі-бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтын басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептерлен факторлардар талдау. Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез - құлық жекелік және ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:

1. Жекелік фактор - жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, мотив, дағды, бағыттылық) ;

2. Ситуациялы фактор - сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т. с. с) ;

Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси, Ричард және Руян "өзіндік детерминация және ішкі мотивация" теориялары мен түсіндіреді. Ол бойынша, мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтын да екі типі бар:

1. Сыртқы мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық.

2. Ішкі мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық. Бихевиористік теорияларда мінез-құлық детерминациясындағы негізгі акцент белгілі-бір мінез-құлықтың орындаудан кейінгі пайда болатын жағымды немесе жағымсыз жағдайларға негізделеді. Сыртқы және ішкі мотивациялардың мінез-құлыққа және психикалық процестерге әсерін кесте бойынша қысқаша көрсетуге болады. Ол келесі №1 кестеде бейнеленген:


№1 Кесте.

Сыртқы мотивацияның әсері.: Сыртқы мотивацияның әсері.
Ішкі мотивацияның әсері: Ішкі мотивацияның әсері
Сыртқы мотивацияның әсері.: Іс-әрекет ұзақтығына байланысты ағым.
Сыртқы мотивацияның әсері.: Сыртқы себебі бар
Ішкі мотивацияның әсері: Ішкі себебі бар мінез-құлық оған пайда
Сыртқы мотивацияның әсері.: мінез-құлық сыртқы күш
Ішкі мотивацияның әсері: болуына әсер ететін заттар жоқ болып
Сыртқы мотивацияның әсері.: кеткеннен кейін тоқтап
Ішкі мотивацияның әсері: кетсе де, біраз уақыт созылуы мүмкін
Сыртқы мотивацияның әсері.: Қалады
Ішкі мотивацияның әсері:
Сыртқы мотивацияның әсері.: Зерттеушілер бір шама жай
Ішкі мотивацияның әсері: Біршама қиын тапсырмаларды таңдайды.
Сыртқы мотивацияның әсері.: Тапсырмаларды таңдайды,
Ішкі мотивацияның әсері:
Сыртқы мотивацияның әсері.: бірақ оны тек-қана керек
Ішкі мотивацияның әсері:
Сыртқы мотивацияның әсері.: кезде ғана орындайды.
Ішкі мотивацияның әсері:
Сыртқы мотивацияның әсері.: Іс-әрекет алгоритмизациясының дәрежелері
Сыртқы мотивацияның әсері.: Канитивтілікке жағымсыз
Ішкі мотивацияның әсері: Канитивтілікке жағымды әсер қалдырады.
Сыртқы мотивацияның әсері.: әсер қалдырады. Алгоритмдік
Ішкі мотивацияның әсері: Эвристикалық әдістерді тасяап ететін іс-
Сыртқы мотивацияның әсері.: әдістерді талап ететін іс-
Ішкі мотивацияның әсері: әрекеттің орындалуын жеңілдетеді.
Сыртқы мотивацияның әсері.: әрекеттердің орындалуын
Ішкі мотивацияның әсері:
Сыртқы мотивацияның әсері.: жеңілдетеді.
Ішкі мотивацияның әсері:
Сыртқы мотивацияның әсері.: Эвристикалық мәселелердің
Ішкі мотивацияның әсері:
Сыртқы мотивацияның әсері.: шешілу жылдамдығының
Ішкі мотивацияның әсері:
Сыртқы мотивацияның әсері.: сапасын төлендетеді.
Ішкі мотивацияның әсері:
Сыртқы мотивацияның әсері.: Креативтілік
Сыртқы мотивацияның әсері.: Креативтілікті күшейтеді.
Ішкі мотивацияның әсері: Креативтілікке мүмкіндік береді.
Сыртқы мотивацияның әсері.: Спонтандылықты төмендетеді
Ішкі мотивацияның әсері:
Сыртқы мотивацияның әсері.: Эмоция
Сыртқы мотивацияның әсері.: Басқалармен өзара әрекет
Ішкі мотивацияның әсері: Қызығу эмоциялары пайда болады,
Сыртқы мотивацияның әсері.: кезінде жағымсыз эмоцияларда
Ішкі мотивацияның әсері: қуанышты. Қозу туады т. с. с.
Сыртқы мотивацияның әсері.: пайда болады.
Ішкі мотивацияның әсері:
Сыртқы мотивацияның әсері.: Мектептегі оқу
Сыртқы мотивацияның әсері.:
Ішкі мотивацияның әсері: Ішкі мотивация кезінде мектеп бағ-
Сыртқы мотивацияның әсері.:
Ішкі мотивацияның әсері: дарламаларын нәтижелі игереді және
Сыртқы мотивацияның әсері.:
Ішкі мотивацияның әсері: теориялық мәліметтерді игеруде жоғары
Сыртқы мотивацияның әсері.:
Ішкі мотивацияның әсері: дәрежеге ие болады, мнемоникалық
Сыртқы мотивацияның әсері.:
Ішкі мотивацияның әсері: процестердің сапасының жақсаруы
Сыртқы мотивацияның әсері.:
Ішкі мотивацияның әсері: байқалады
Сыртқы мотивацияның әсері.: Өзін сыйлауы.
Сыртқы мотивацияның әсері.:
Ішкі мотивацияның әсері: Ішкі мотивацияның болуы өзіндік
Сыртқы мотивацияның әсері.:
Ішкі мотивацияның әсері: бағалауын жоғарылатады

Мінез-құлықтың формалары мен функцияларының жүйелілігін Выготский Л. С. келесі ретпен схемалық түрде көрсетеді:

1. Кең мағынасындағы жоғарғы психикалық функция: Түрлері:

а) . Сыртқы (экстрапсихикалық)

б) . Ішкі (интрапсихикалық) :

в) . спонтанды түрі

с) ерік түрі. (Тар мағынасындағы жоғары психикалық функция)

2. Мінез-құлықтың жоғары формасы

Түрлері:

1. Әлеулеттік

2. Даралық.

3. Мінез-құлықтың мәдениетті формасы

Түрлері:

1. Әлеулеттік (интерпсихикалық) :

а) примитивті

б) жоғары

2. Даралық:

а) примитивті

б) жоғары

4. Мінез-құлықтың табиғи формасы (реактивті мінез-құлық)

5. Эледаентарлы психофизиологиялық функция.

Жоғары психикалық функцияның құрылымы

1. Мәселе және мақсат

2. Белгі - психологиялық қару ретінде:

Түрлері: а) сыртқы

б) ішкі

3. Мағынасы :

Түрлері: 1 Сөздердің мағынасы:

а) заттық қарау (денотативті мағынасы)

б) сигнификативті мағынасы (сонымен қатар түсінік)

в) ішкі формасы (этималогиялық мағынасы)

г) мазмұны

2. Қабылдаудағы заттық мағына.

3. Заттың функционалды мағынасы

4. Жағдайдың мағынасы немесе

4. Байланыстылық (сайланыстыру іс-әрекеті) :

Түрлері: 1. Затты шығару және қолдану

2. Белгілердің шығару және қолдану

5. Психологиялық функционалды жүйе:

Қасиеттері:

1. Жоғарылылықпен төменділіктің бірлігі

2. Функционалды аралық байланыс.

6. Сананың құрылылы

Түрлері:

1. Жүйелілік

2. Мағыналылық

Л. С. Выготский бойынша схемалық түрдегі жасалған мінез құлықтың форлалары мен функцияларының жүйелілігін былайша талдауға болады. Жоғарғы психикалық функция мінез-құлықтын өз-өзіне арналған әлеуметтік мүмкіндігі болып табылады. Л. С. Выготский «жоғары психикалық функцияның дамуы мінез-құлықтың жоғары формаларының дамуының екі бұтағын қамтиды» деп атап көрсетеді.

Бірінші - мәдениетті даму және ойлаудың сыртқы түрлерін меңгеру мен, яғни, тілмен, жазумен, есеппен, суретпен көрінеді.

Екінші - дәстүрлі психологияда ерікті зейін, логикалық ес, түсінік деп аталатын анық анықталмаған, шектелмеген арнайы жоғары функцияның даму процестері, осы аталғандарды балалардың мінез құлқының жоғары формаларының даму процесі деп шартты түрде айтамыз. (Выготский Л. С. ) .

Жалпы, Л. С. Выготский жоғары психикалық функцияны екі мағынада қолданады:

1. Кең мағынада - мінез-құлықтың жоғарғы формалары.

2. Тар мағынада - арнайы психикалық функция.

Л. С. Выготский «баланың далуындагы белгі және қару« деген еңбегінде жоғарғы психикалық функция ассортиментіне практикалық іс-әрекеттерді кіргізеді. Бірақ, тек қана оның жоғары формасында жалпы заттық әрекет, тіпті оны қолдану жоғары формаларға жатады. Л. С. Выготский жоғары психикалық функцюларга дәл анықтала берлеген, ол - «дәл анықтама ғылыми білімнің басталасына жатпайды, сондықтанда мен империкалық және эвристикалық анықтамалармен шектелелік»- дейді. Содан соң, бұл мәселелерді Л. Р. Лурьа шешуге тырысты. Ол Выготский көзқарастарымен келісе отырып, психикалық функцияларға дәл және соңғы анықтама береді. Сонымен, жоғары психикалық функция - бұл күрделі өзін реттеуші процесс, өзінің шығуы жағынан әлеуметтік болып табылады, қалыптасуы бойынша байланысты және құрылу тәсілі бойынша ерікті, саналы. А. Р. Лурия берген анықтама өзінің белгілер санының көптігімен ерекшелінеді. Мінез-құлықтын жоғары формаларының ерекшелігі өзінің мінез-құлықтын басқару үшін жасанды, көмекші құралдарды қолдануында. Жасанды стимулдарды қолдану мінез-құлықтың жаңа формаларын анықтаудың формалары болып табылады. Мінез-құлықтың жоғары формаларының түсінігіне келесілер кіреді:

а) жоғары формадағы практикалық іс-әрекет.

б) символикалық іс-әрекет.

в) өзіндік жоғары психикалық функция.

г) жоғары әлеуметтік функция (интерпсихологиялық функция)

Л. С. Выготский мінез-құлықтың негізгі мәдениетті формасы тіл және қаруды қолдану деп айтады. Выготскийдің концепциясын талдау негізінде құлықтың формалары, функциясының жіктелу схемасы:

№ 2 кесте

Л. С. Выготский мінез құлықтың нағыз табиғи формасына тек қана шартсыз емес, шарттыда рефлекстерді жатқызды. Сонымен қатар, К. Бюлердің (инстинкт, интелект) теориясын жатқызады.

Үйлесімсіз психикалық жағдай күрделі өмір жағдайына байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықпен әрекетті негізден алады, олар белгілі бір жағдайға және жасқа байланысты түрлі ұзақтықпен көрінеді, сонымен қатар интенсивтіліктің оптималды дәрежеден не төмендеуінен не жоғарлауінен сипатталады, үйлесімсіздік келесі жағдайларда пайда болады:

1. Бұл жағдай күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Үйлесімсіздік психикалық жағдайды құрушы эмоционалды компоненттер болып табылады.

2. Күрделі өмір әрекетіндегі үйлесімсіз техникалық жағдайдың динамикалық өзгеруі синусоидалды типтің фазалық процестерімен, екі еселенудің өсуімен және жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологияық және психологиялық сипаттардың когеренттігінің жоғарылылығымен, сонымен қатар психикалық процестердің бір бағытты динамикасының бөлінуімен, яғни стабилизациялану жаққа және әрекет нәтижесінің жоғарылығы немесе сипаттамаларының төмендігі және әрекет нәтижелерінің төмендеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапозоның негіздейді.

3. Үйлеспеушіліктің жас ерекшелік және іс-әрекеттік ерекшеліктері белгілі. Жас ерекшелік даму барысында құрам күрделілігі және үйлесімсіз психикалық жағдайдың құрылымы мен ұзақтығының жоғарылауы жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді.

Сонымен қатар ауытқып бара жатқан мінез-құлықтың негізі болып табылатын үш кілті бар:

1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың негізгі әрекеті болып табылатын оқу әрекеті жеткіншектік кезенде де негізгі әрекет болып қала беред. Яғни, жеткіншектік кездегі оқуга құмарлық күлкілі болып табылады. Сөйтіп олар қатарластарымен араласа алмай қалады. Оқудағы жоғары белсенділік ауытқу болып табылады.

2. Жеткіншектер әлі «ойын кезеңін» басынан өткізе алмай жатыр, сөйтіп, жеткіншектік кезенде ойын бірінші орынға шығады.

3. Көп жоспарлы айналмалы әрекет. Шмтимді-жекелік және оқу-кәсібі жақтарының дисбаланс тудыруы.

Дж. Эйсондорфпен жазылған мотив аралық теория бойынша, балалардың әлеуметтік дасмуындағы ауытқудың түрлі типтерінің пайда болуы жақындау және қашу мотивациялық механизмі арқылы қарастырылады. Осы мотивацияның - қарым-қатынасты ойындыққа әкеледі. Дж. Эйсондорф мұндай бұзылыстың үш вариантын көрсетеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп оқушыларының мінез құлқының ауытқу себептері
Гуманистік отбасы
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық мәселелері
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау
Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау
Мектеп жасына дейінгі баланың мінез
Мінез-құлық формалары және оның жүйелілігі.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру
Мектеп жасындағы балалардың эмоционалдық даму ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz