Қ. А. Ясауи хикметтерінің адамгершілік іліміне қатысы



1 Адам болмысы
2 А. Ясауи хикметтерінің өзекті ойы . тәнге тәуелсіз рух тазалығы мен еркіндігі
3 Сопылық таным поэзиясындағы басты сарын
4 Махаббат А. Ясауи хикметтерінің бойына қан таратып тұрған күре тамыры
Жанның мазалы, өзіне жайлы, өзіне тәтті халі - иесіне жақын болған кезі. Ал иесін Жаратушы десек те, Плотинше, Ақыл десек те – иесі жанды жаксы, таза, жетілген халге бейімдейді. Жан Жаратушыдан я Ақылдан пайда болғанда, яғни жанның о бастағы халі жаксы, сұлу, көркем, таза болған. Осы жанымыз өзінің шыққан тегі Жаратушы я Ақылдан назарын бұрып, кері бағыттағы тәнге, тән арқылы әртүрлі ластыққа, яғни шайтанға ергенде, оның сау, таза халі бүлініп науқастанады, кірлейді. Бұл дүниедегі иесі жанының таза болуына жағдай жасаса, оның, яғни жанның түп иесіне мерейі үстем болып оралуына мүмкіндігі бар. Адамның жақсы-жаман болмағы жанының Ақылға еріп жетілуіне я нәпсіге беріліп құлдырауына байланысты. Адам жанының көбіне тәннен бастау алатын әрі сол тән арқылы көрініс табатын нәпсі, шайтанмен қарым-қатынасы А. Ясауи хикметтерінде мол жырланған.
44. Шайтанға еріп жан берерде састым міне,
Иманыма қол ұрып қайғы салды. [1]
Адам болмысының Ақыл мен жан, тәннен тұратынын білеміз. Адам болмысы мен өмірінің бар жағдайы осы үшеуінің өзара қарым-қатынасымен анықталады. А. Ясауи адам болмысының бүлінуін жанның өз төркіні Ақылға ұмтылмай керісінше тән деңгейіне төмендеуінің көрінісі болған нәпсі я шайтанды әшкерелеу арқылы жырлағанын байқаймыз. Мұндай асыл ақиқатты адамзаттың барлық озық ойлы өкілдері айтқан. А. Ясауи де осылайша біршама жүйеге түсіп, ең берісі Сократтан басталатын адамгершілік іліміне өз тарапынан ат салысқан ойшыл ақыл.
Жан өзі жетілгенде ғана өзіндегідейжетілгендікті өзгеден көріп. Қабылдауға бейім келеді. Жанның жаксы қасиеттерге ұмтылуы – сол жаксы қасиеттердің жанға орныға бастауының белгісі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қ. А. Ясауи хикметтерінің адамгершілік іліміне қатысы
Жанның мазалы, өзіне жайлы, өзіне тәтті халі - иесіне жақын болған кезі. Ал иесін Жаратушы десек те, Плотинше, Ақыл десек те - иесі жанды жаксы, таза, жетілген халге бейімдейді. Жан Жаратушыдан я Ақылдан пайда болғанда, яғни жанның о бастағы халі жаксы, сұлу, көркем, таза болған. Осы жанымыз өзінің шыққан тегі Жаратушы я Ақылдан назарын бұрып, кері бағыттағы тәнге, тән арқылы әртүрлі ластыққа, яғни шайтанға ергенде, оның сау, таза халі бүлініп науқастанады, кірлейді. Бұл дүниедегі иесі жанының таза болуына жағдай жасаса, оның, яғни жанның түп иесіне мерейі үстем болып оралуына мүмкіндігі бар. Адамның жақсы-жаман болмағы жанының Ақылға еріп жетілуіне я нәпсіге беріліп құлдырауына байланысты. Адам жанының көбіне тәннен бастау алатын әрі сол тән арқылы көрініс табатын нәпсі, шайтанмен қарым-қатынасы А. Ясауи хикметтерінде мол жырланған.
44. Шайтанға еріп жан берерде састым міне,
Иманыма қол ұрып қайғы салды. [1]
Адам болмысының Ақыл мен жан, тәннен тұратынын білеміз. Адам болмысы мен өмірінің бар жағдайы осы үшеуінің өзара қарым-қатынасымен анықталады. А. Ясауи адам болмысының бүлінуін жанның өз төркіні Ақылға ұмтылмай керісінше тән деңгейіне төмендеуінің көрінісі болған нәпсі я шайтанды әшкерелеу арқылы жырлағанын байқаймыз. Мұндай асыл ақиқатты адамзаттың барлық озық ойлы өкілдері айтқан. А. Ясауи де осылайша біршама жүйеге түсіп, ең берісі Сократтан басталатын адамгершілік іліміне өз тарапынан ат салысқан ойшыл ақыл.
Жан өзі жетілгенде ғана өзіндегідейжетілгендікті өзгеден көріп. Қабылдауға бейім келеді. Жанның жаксы қасиеттерге ұмтылуы - сол жаксы қасиеттердің жанға орныға бастауының белгісі.
70. нұрын төкті: естен танып дидар көрдім.
Дидар көру - жанның тегіне, төркініне тартып, яғни Ақылға, одан Жаратушыға жақындап жетілуі. Дидар көру - болмысындағы рухани биікке бет алу, хаққа жақын болу. Оң бағыт, тура жол осы: тән - жан - ақыл - хақ - нұр - дидар көру - Алла.
78. хақтан өзге бір сөз де сөйлемес болдым.
Тән жетегінде кетпей, Ақылға еріп хақты тапқан, Жаратушысына жақындаған жанның ең жайлы, ең мазалы халі - осы.
90. Жер астына кіріп нұрға толдым.
Бұл - тән тілегі, көп тобырдың тірлік, сөзінен алыс кетіп, бір ғана ақыл, хақ, Алла жолына еріп, ғаламат кемелділік пен биіктік шегіне жету болар. Адамгершілік биігі әл-Фараби жазғандай, адамның өз болмысына сай болуы, яғни тән, жан, ақылдан тұратын адам болмысының өзіндегі Аллаға жақын бөлігіне ұмтылып, Аллаға алыс нәрседен аулақ болу. Тәнге көңілді суыта беру жанға жағдай жасауға жеткізеді, нәтижесінде жан өзімен биік Ақылға еріп алаңсыз жетіле береді. Жан, Ақыл, Рух, Нұр - бәрі де Алладан келетін болмыстар. Бұрынғы, кейінгі ойшылдар Жаратушыдан жеткен ең асыл сыйды Ақылмен байланыстырады. Ал Ақыл өзінің шықан тегі, төркініне ұмтылады, яғни А. Ясауи көп жырлағандай, хақты танып, Жаратушымен табысуға талап етеді.
Адамзат баласы көбіне рахаты, мазасы айқын көрініп, сезіліп тұратын тән тірлігіне бейім келеді. Тән ұстамсыз, шыдамсыз, жағдайы жасалмаса иесін дегбірсіздендіріп жіберетіні бар. Ал жан тән секілді ашқарақ емес, ол тән секілді "менің жағдайымды жаса" деп айқайлап тұрмайды. Адамзат жанын жетілдірмей, ақылын асырмай жүре берсе де, тәнін аш қалдырып тұра алмайды. Сөйтіп адамдар өзіндегі арсыз тәнді көп қарайлап, жан мен ақылын ұмытып кетеді. Мұндай күйді А. Ясауи надандық, ғапылдық, өмірден ұйықтап өту деп біледі. Керісінше жан тәнді құрал ретінде пайдаланып, оның сәттік, алдамшы рахатына берілмей, жан, ақыл, Жаратушы бағытында биіктей беру - қасиеттілік. Әдетте еліктеуші нашар болса, еліктегенін тым ұқсас күйде қайталап, ал шебер болса, еліктегенін бойына сіңіріп, қорланып алады да, өзінің су жаңа болмысын жасап, түлеп кететіні бар. Осы орайда, адам болу да тәндегі сезім мүшелерінен басталғанмен, одан әрі қайырым, даналық арқылы тым биіктеп, хаққа жақындай түседі. Жетілген адамда тән мен рух арасы тым алшақ, ал тобырда тіршілік тірегі көбіне тәнмен шектеледі. А. Ясауи хикметтерінің өзекті ойы - тәнге тәуелсіз рух тазалығы мен еркіндігі.
103. Меғражда хақ Мұстафа рухымды көрді,.
Хақ Мұстафа Жебірейліге қылды сауал,
Бұл неткен рух тәнге кірмей тапқан жамал!
Әділдіктің, туралықтың жолы - биікке ұмтылу болса, адамзат биігі - өзіндегі Жаратушыдан жеткен рухқа, ақылға айналу. Рух - биіктік, Жаратушы - Бірлік болса, тән - төмендеу мен көптік. Ақыл бірігу, үйлесу, ұю болса, тән ыдырау, шашырау. Адамзатқа Алладан жеткен рух, ақылды тәнге тұншықтырудан гөрі ақылын асырып, рухын биік етіп, хаққа жету тиімді әрі абыройлы. Дін мен ғылымда адамды абыройлы ететін нәрсе ретінде рух пен ақыл аталады. А. Ясауи осы ақыл мен рухты - хақты дәріптей жырлайды.
А. Ясауи хикметтерінде жиі жырланатын зікір айтуда үлкен мән бар. Зікір - Алланы еске алу, Алланы мадақтау екенін білеміз. Зікір салу адамзаттың үнемі оң жолда екенін көрсетеді. Себебі зікір - Аллаға, хаққа, қайырымдылық пен даналықтан тұратын кемелділікке бағыт алу. Демек зікір салу адамзатқа ең тура, оң жолды нұсқайды. Зікір адамды ақиқатқа, хаққа, Аллаға бағыттаса, надан тобырлар көбіне тәніне телміріп өтеді.
93. Нәпсім мені жолдан бұрып қор етеді,
Телміртіп халайыққа зар етеді.
149. Алты жаста тұра қаштым халайықтан.
77. зікір салып мүсәпір - дуана болдым,
Хақтан өзге бір сөз де сөйлемес болдым.
214. Зікір айтып іш сарайым таза болды.
Сопылық таным поэзиясындағы басты сарын - Алланы сүю, яғни хақты, ақиқатты қалау. Ал зікір адамзатты осы ақиқатқа, хақ жолына бағыттап отырады. Алланы сүю - ақиқатты, хақты сүю десек, ал ол сопылық танымның өзегін құрайтын болса, онда сопылық ілімнің философия мен ғылымнан алыс кетпегені. Себебі философияның даналықты сүю екнін білеміз. Әл - Фараби Бақытты болуды даналық және қайырымдылықпен байланыстырса, бұл қасиеттердің адам болмысын абыройлы етудегі артықша үлесі Құранда да дәріптелген. Ғылымның да мақсаты әлем мен адамның құпиясы мен сырын ашу, мәні мен өзегін тану. Демек Құран мен А. Ясауи хикметтерінің, философия мен ғылымның мақсаты мен мазмұны ортақ. Ол - ақиқатты тану. Ал ақиқат сыры А. Ясауи хикметтерінде хикмет айту, хақты тану, Алланы сүю арқылы ашылады. Ал хақты тапқан, Алланы сүйген жан - өз аты мен заттына сай жетілген, кәміл адам.
281. Төтенен тұрарымда барша әулие
Хақ сүйіспендігін көңіліме салды, достар.
286. Коңілімнен әзәзілді хақ қашырды.
204. Жан дүнием хақ нұрына толды, достар.
Адамзат баласы Алла, хақ нұрымен жетіледі, биіктейді. Осы хақ нұры арқылы ғана адамзат нәпсіден жерініп, жаны жеңілдейді, Ақылмен толысады. Хақ нұры түспей, яғни ақиқатты танымай, бұл асыл әрекетін жүзеге асуы қиын. Платон, Плотин, Ибн-Синалар Алланың, хақтың адам санасына әсері мен қатынасын Күн мен көздің ара қатысы арқылы түсіндіреді. Көз көргіш, заттар көрінгіш бола тұра Күн сәулесі мен жарығынсыз бұлар өз міндеттерін атқара алмайды. Күн сәулесі түсіп, жан - жағымыз жарық болғанда ғана біз әртүрлі заттарды көре аламыз. Надандықта ояу жүріп ұйықтайтынымыз, яғни бар нәрсенің байыбына бармайтынымыз секілді қараңғыда да ешнәрсені көре алмаймыз. Күн сәулесі жоқ кездегі қараңғылық пен хақ нұры түспегендегі надандық - өте ұқсас ұғымдар. Сөйтіп Ақыл мен жан Алла, хақ нұрынсыз толысып, жетіле алмайды. Тек мұндай ақиқатты адамзат баласы көздің көруіне Күнің жасаған көмегін танығандай анық, айқын байқап, сезіне алмайды. Плот инше, Ақыл Бірліктен (Жаратушы) қуат алып, әрі содан ғана жаралып тани алады. Ал жан өз төркіні, шыққан тегі - Ақылға өзінен жоғары тұратын жанды өз дегеніне көндіре алса, жанның былғанып, бүлінгені. Ал жан өзінен жоғары тұратын Ақылға ұмтылмай, өзіндегі ойлау күшімен ғана шектелсе, ол тапқан таным ақиқатқа жетпей, пайымдау күйінде қалады. Абай жырлаған нұрлы ақыл - Ақыл, Парасат болса, суық ақыл - жан деңгейінде қалған пайымдау. Ал Ақылдың өзі А. Ясауи айтпақшы, Алланың, хақтың нұры түскенде ғана қарқынды, табысты тани алады.
308. Ғашықтарға хақтын нұры түсті, достар.
А. Ясауи хикметтеріндегі ғашықтық - Алланы сүю ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЫР-ТОЛҒАУЛАРДАҒЫ АЛЛА СИПАТТАРЫ МЕН МАХАББАТ МӘСЕЛЕСІ
Ахмет Ясауи және ХІ – ХІV ғасырлардағы түркі поэзиясындағы сопылық ағымы
Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін сипаттау
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ДИУАНИ ХИКМЕТТІҢ ОРНЫ
АХМЕТ ИАССАУИ ЖӘНЕ ХІ-ХІҮ Ғ.Ғ. ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ АҒЫМ
Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
Ясауидің еңбектеріндегі алла сүйіспеншілігі
Махмұд Қашқари,Қожа Ахмет Ясауи, Әбу Насыр Әл-Фараби
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Пәндер