Еңбек жағдайы


Тақырып 9. Еңбек жағдайы

1. Еңбектің психофизиологиялық жағдайы

2. Еңбек жағдайына эстетиклық және әлеуметтік -психологиялық талаптар

3. Қазақстан Республикасының экономика салаларындағы еңбек жағдайларын және қорғауды жақсарту бойынша негізгі бағыттар

1. Еңбектің психофизиологиялық жағдайы

Еңбек жағдайы - еңбек процесінде адамның жұмыс қабілеттілігіне және денсаулығына әсер ететін өндірістік ортаның факторларының жиынтығы.

Еңбек жағдайы - бұл өзара байланысты әлеуметтік -экономикалық, техника- ұйымдық және жаратылыстану - табиғи сипаттағы факторлардың әсерінен еңбек процесінде қалыптасқан және адамның денсаулығына, жұмыс қабілеттілігіне, оның еңбекке қатынасына және өндірістің өзге де экономикалық нәтижелеріне өмір сүру деңгейіне және қоғамның басты өндіруші күші ретінде адамның жан жақты дамуына әсер ететін күрделі объективті қоғамдық құбылыс.

Адам еңбек жағдайын қалыптастыруын түрлі өндірістік факторларды басынан өткереді. Оларды келесідей топтарға бөледі.

А) психофизиологиялық­­­

Б) санитарлық - гигиеналық

В) эстетикалық

Г) әлеуметтік - психологиялық

Психофизикалық -­­ физикалық және жүйке-психикалық ауырлық, жарақаталу қапіптілігі, еңбек қарқыны және ритмі.

Еңбек процесі кезінде адам негізінен белгілі бір қозғалыстарды орындаумен байланысты физикалық ауырлықты өткереді.

Қол жұмысының ауырлығы тамыр соғысына, тынысалу, оттегі шығындауға байланысты болады.

Физиологиялық көрсеткіштерді өлшеу үшін неғұрлым кең таралған-тынысалу жиілігі және тамыр соғысы. Бұл жіктеу бойынша барлық жұмыстарды ауырлығы бойынша 3 топқа бөледі.

  1. ші топқа немесе жеңіл жұмыстарға минутына оттегі тұтыну 350 мл. дейін, тынысалу жиілігі -12 л. және тамыр соғысы минутына 80-90 соққы.
  2. ші топқа немесе орташа жұмыстарға оттегі 600мл, тыныс алу жиілігі -20 л, тамыр соғысы -100 соққы /минутына жатады.
  3. ші топқа немесе ауыр жұмыстарға минутына оттегі жұмсау-1000 мл. көп, тыныс алу жиілігі -30л, тамыр соғысы -120 соққы жұмыстар жатады.

Осымен бірге жүктердің немесе күштердің салмағына байланысты физикалық ауырлық өзгереді. Осыған байланысты жеңіл жұмыстарға қол жүгінің салмағы 5-15 кг. , орташа ауыр жұмыстар -16-30 кг., ауыр жұмыстарға-31-50 кг. және өте ауыр жұмыстарға -51-80 кг салмақтан асатын жұмыстар жатады.

Қазіргі жағдайда жүйке - психикалық ауырлық үлкен маңызға ие: көңіл аудару, ойлау және сезім органдарына - көру, есту және т. б. түсетін салмақтар.

Жүйкеге салмақ түсу деңгейі бойынша механикаландырылған жұмыстарды 3 топқа бөлуге болады.

1-топ - жүйке аз салмақтан түсіретін жұмыстар - мұнда қарапайым механикалық басқарылатын жұмыстар жатады.

2-топ - орташа салмақ түсетін жұмыстар.

3-топ - жоғары салмақ түсетін жұмыстар.

2. Еңбек жағдайына эстетиклық және әлеуметтік -психологиялық талаптар

Еңбектің жағдайының эстетикалық факторларына ғимараттың сәулет - конструкторлық сапасы, құрал - жабдықтар, жұмыс орнының тазалығы, өндірістік киімдер, жарықтандырылуы, функционалды музыка, цех территорияларының және ғимарат ішінің көгалдандырылуы.

Өндірістік эстетиканың маңызды элемент болып әдемі әрі қолайлы киім, функционалды музыка және тазалық .

Адамға түстің психологиялық әсері әртүрлі. Түстерді сонымен қатар зақым алып қалуды ескерту үшін пайдаланылады. Машинаның неғұрлым қауіпті бөліктерін ашық түсті қызыл, сары, жасыл түстермен боялады .

Еңбек жағдайының әлеуметтік - психологиялық факторларына еңбек ұмжымының мүшелерінің арасындағы өзара қарым - қатынас, еңбек пен демалыстың режимдері, ондағы психологиялық климат, өзара көмектесу, еңбек тәртібі т. б.

3. Қазақстан Республикасының экономика салаларындағы еңбек жағдайларын және қорғауды жақсарту бойынша негізгі бағыттар

ҚР экономика салаларындағы еңбекті қорғау және жағдайын жақсарту бойынша негізгі бағыттар өндірісте қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз етуді, өндірістік зақым алуды алдын ала ескерту және алдын алу, басқарутық, ұйымдық, техникалық және әлеуметтік - экономикалық шараларды дайындау және жүзеге асыру есебінен еңбек процесінде адам өмір мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуді қарастырады.

Еңбек жағдайы және қорғауды жақсартудың басқарутық және нормативтік базасын қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылдың 28 ақпанында ҚР «Еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі» Заңы қабылданды. Бұл Заң ҚР еңбекті қорғау саласында қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процесі кезінде жұмысшылардың қауіпсіздігін, өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай ақ еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілерін қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдардың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау туралы Ереже
Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың құқықтық жағдайы
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы жұмысшылар құқығының кепілдері
Өндіріс нысандары мен өндіріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша қойылатын талаптар
Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері
Сауда қатынасының дамуы
Еңбек гигиенасы курсынан дәрістер кешені
Қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы
Еңбек құқығының әдісі
Еңбек шартының тараптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz