АҚ «Каспий Нефть ТМЕ» компаниясының инновациялық жобасын басқару


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Менеджмент және бизнес кафедрасы
Диплом жұмысы
АҚ «Каспий Нефть ТМЕ» компаниясының инновациялық жобасын басқару
Орындаған 4 курс студенті
Ғылыми жетекші С. Т. Купешова
Норма бақылаушы А. Ғ. Жұмағазиева
Кафедра меңгерушісі Қ. Е. Кубаев
рұқсатымен қорғауға жіберілді
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 6
- Жалпы инновация түсінігі . . . 6
1. 2 Инновациялық жобаларды басқарудың теориялық негіздері . . . 12
1. 3 Инновациялық жобалардың тиімділігін бағалау . . . 17
2 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ КҮНГІ ЖАҒДАЙЫ . . . 22
2. 1 Қазақстан Республикасындағы инновациялық жобаларды басқарудың қазіргі жағдайы . . . 22
2. 2 Инновациялық жобаларды басқарудың шетелдік тәжірибесі . . . 41
2. 3 АҚ «Каспий Нефть ТМЕ» компаниясындағы инновациялық жобаны
басқару . . . 52
3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН
ЖЕТІЛДІРУ . . . 61
3. 1 Инновациялық жобаларды басқарудың, ұйымдастырудың және жүзеге асырудың болашағы (перспективалары) . . . 61
3. 2 АҚ «Каспий Нефть ТМЕ» компаниясында инновациялық жобаларды басқару жолдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар . . . 68
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
«Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді бағдарламасында елімізді дамытудың стратегиялық мақсаты - қоғамда ғылыми-техникалық саясаттың рөлін көтеру және отандық ғылым мен технологиялық бәсекелестік қабілетін арттыру деп көрсетілген [1] . Қазіргі кезеңде тәуелсіз Қазақстанда ғылыми-техникалық саясатты дамыту, басым бағыттардың бірі болып саналады. Өркениетті елдер тәжірибесі көрсеткендей, ғылыми-техникалық саясаттың дамуы ел экономикасының іргетасы екендігін өмір өзі дәлелдеп отыр. Осы мақсатта елімізде ғылыми-техникалық саланы реформалауды және қайта жаңғыртуды қолға алу кезек күттірмейтін мәселе екендігі дау тудырмайды. Өнеркәсіптің басым салаларында қоршаған ортаға техногенді әсер етуді темендететін, ғылымды көп қажет ететін және ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу қоғам қажеттілігі екендігі сөзсіз.
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың ішіндегі ең кабілеттісі - ғылыми-техникалық, инновациялық өзгерістер. Бұл сала еңбекке кабілетті мәдениет пен білімді өркендететін потенциалды қамтиды. Дүниетанымы мен менталитеті қоғамға сай қабілетті адамдарды, әсіресе жастарды тәрбиелеуде, оларды нарық заманының талаптарына жауап беретіндей етіп еңбекке үйретуде ғьлыми-техникалық саясаттың атқаратын рөлі орасан зор. Инновациялық жаңартулар арқылы қоғамның іргетасын нығайтып, әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыра аламыз. Мемлекеттік саясаттың ажырамас, құрамдас бір бөлігі болып отырған ғылыми-техникалық саясаттың қоғам мен мемлекеттегі орны ерекше. Мемлекеттегі өзекті мәселелерге тікелей байланысты ғылыми-техникалық саясат жан-жақты қолдауды қажет етеді.
Инновациялық қызметтің тиімділік мәселелері, басқа да экономикалық дамудың маңызды факторлары сияқты, аймақтық, ұлттық, экономикалық ерекшеліктерін ескеретін және біздің мемлекетіміздің мүддесін қорғайтын саналы мемлекеттік саясатты әзірлеуді қажет етеді. Соңғы кезде елімізде ғылыми-техникалық және өндірістік саясаттың мемлекеттік механизмі айқындалып отыр. Сонымен, 2000 жылы «Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық концепциясы» қабылданды, 2015 жылға дейін жүзеге асырылуға тиіс Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы әзірленді (2003 жыл, мамыр) . Оның негізгі мақсаты ішкі нарықта бәсекеқабілетті, жоғары қосымша құны бар экспортқа бағытталған өндіріс орнын салу. Бұл қойылған мақсат ғылымды көп кажет ететін, жоғарытехнологиялы өндірістер салуға ынталандырады, қаржылық және нақтылы секторлар арасында «ғылым-өндіріс-нарық» циклы бойынша тиімді байланыс жасауға мүмкіндік береді. Өндірісті диверсификациялау және модернизациалау шикізат бағытынан өңдеуші бағытына өтудің негізгі факторлары болып есептеледі. Берілген бағдарлама шеңберінде жаңа даму институттары құрылды: Инновациялық қор, Инвестициялық қор, Қазақстанның даму банкі.
Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен соңғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi [2] .
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Бітіру жұмысымның мақсаты - инновациялық жобаларды басқарудың теориялық аспектілерін зерттеу және шет ел тәжірибесі мен қазақстандық кәсіпорындардағы инновациялық жобаларды басқару механизімін талдау негізінде оны жетілдіру жолдарын ұсыну.
Бітіру жұмысымның негізгі міндеттері төмендегі шаралармен айқындалған:
- Инновациялық жобалардың теориялық аспектілерін зерттеу;
- Кәсіпорындардағы инновациялық жобаларды басқару үрдісін талдау;
- Инновациялық жобаларды басқарудағы дамыған шетел мемлекттерінің тәжірибесін зерттеп, олардың елiмiздің экономикасы үшiн тиiмдi жақтарын қарастыру;
- Елiмiздiң экономикалық өсуiндегi инновациялық дамудың тиiмдi екенiн дәлелдеу;
- Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтiң дамуына талдау жасау;
- Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу шараларына шолу жасау.
- Венчурлік бизнесті ұйымдастыру механизмдерін талдау және оны тиімді ету жолдарын іздестіру.
Бұл тақырып бойынша көптеген шетелдік танымал ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізген, олардың ішінде инновациялық теорияның негізін қалаушы атақты австриялық ғалым Й. Шумпетер және Г. Менш, П. Друкер, Р. Фостер, Б. Санто, М. Портер, Б. Твисс, Л. Водачек, О. Водачкова, Дж. Мартино, Д. Сахал, Э. Янч т. б.
Отанымздың ғалымдары да бұл мәселені зерттеуге белсене қатысып жүр, олар А. А. Алимбаева, А. Т. Ашимбаева, У. Б. Баймуратов, Ф. М. Днишев, Е. Б. Жатканбаев, К. Е. Кубаев, А. К. Канатчинова, А. К. Кошанов, М. Б. Кенжегузин, Б. А. Кембаев, К. А. Сагадиева, С. К. Джумамбаев, С. Т. Купешова, А. Н. Тургинбаева және т. б.
Менің бітіру жұмысым осы зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне негізделген, бірақ инновацялық қызметті басқару, ұйымдастыру оны мемлекеттік реттеу мәселелері әлі де болса толық зеріттелмеген. Сондықтан менің жұмысымда инновациялық қызметті басқарудың теориялық аспектілерін тереңірек зерттеп, қазақстандық кәсіпорындар үшін инновациялық менеджменттің тиімді әдістерін ұсыну негізгі мақсат болып отыр.
Бітіру жұмысы 3 бөлімнен, кіріспеден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-ші бөлімде кәсіпорынныың инновациялық жобаларды басқарудың теориялық аспектілері қарастырылған. Бұл бөлімде иновациялық теорияны зерттеген экономист классиктердің еңбектеріне, сондай-ақ инновация ұғымына берілген анықтамаларына шолу жасалынды. Инновациялық процесс кезеңдері мен оны ұйымдастыру әдістері және инновациялық менеджменттің қазіргі кезеңгі басқару әдістері де осы бөлімде талданылды.
2-ші бөлім «Инновациялық жобаларды басқарудың қазіргі күнгі жағдайы» деп аталады. Бұл бөлімде Қазақстанның инновациялық саласының дамуына талдау жасалынып салыстырмалы анализ жасалынды және инновациялық саланы мемлекеттік реттеу мәсеселері қозғалынды. Сонымен қатар бұл бөлімде АҚ«Каспий Нефть ТМЕ» мекемесіндегі инновациялық жобаны басқару ерекшеліктері талданған. Бұл сұрақты қарастыру себебіміз, инновациялық сала мемлекеттің қолдауынсыз дами алмайтын салалардың бірі болып табылады. Инновациялық даму саласы мемлекеттік стратегиялық маңызды салалардың бірі, инновациялық бизнес мемлекеттік ынталандыруды көп талап етеді. Бұл бөлімнің үшінші сұрағы нақты компаниядағы инновациялық жобаны басқаруды талдауға арналды.
3-ші бөлімде «Каспий Нефть» АҚ компаниясының инновациялық қызметін басқаруды жетілдіру жолдары қарастырылды. Соңғы сұрақ инновациялық жобаларды басқару процесін жетілдіру үшін шаралар мен ұсыныстарға арналған.
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Жалпы инновация түсінігі
Жалпы “Инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.
Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар тауарларының жаңа түрлерiн қолдану, жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша инновация - тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады [3] .
Атақты экономист Джеймс Брайен Куинн инновациялардың көптеген қасиеттерін біріктіріп, оларды бір жүйеге келтіріп, келесідей етіп топтастырды:
- Инновациялар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған;
- Олар ықтималдық қасиетке ие;
- Аса күрделіліктерімен ерекшелінеді;
- Көп уақыт керек етеді;
- Күтпеген жерде өзгерістерге, қарсылықтарға, тәуекелге тап болады;
- Әдетте идеяның фанаттары немесе нағыз ғалымдардың бастамасынан дамиды.
Қазіргі кезде инновациялық қызметті реттейтін дүниежүзілік ұйым бар. Ол ұйым Италияның Фраскати қаласында 1993 жылы құрылып, Инновациялық қызметті реттейтін «Фраскати құжаттары» атты құжат қабылданған. Қазіргі күні бүкіл мемлекеттер инновациялық қызмет саласын осы «Фраскати құжаттары» негізінде реттеп отырады. Осы құжат бойынша инновация дегеніміз - тәжірбие жүзінде немесе әлеуметтік салада пайдаланылатын жақсартылған немесе тіпті жаңа өнім мен технология түріндегі инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.
Ағылшын-орыс сөздігі бойынша «инновация» бұл жаңалық енгізу, жаңашылдық, өзгеріс деген мағынаны білдіреді. Инновация терминіне түсінік қысқаша жалпы редакциясы В. А. Макоренконың «қазіргі кездегі түсініктер мен терминдер» сөздігінде: «инновация» (ағылшын «innovation» -жаңалық енгізу, «жаңалық», латын тілінде «innovation» - «жаңарту», «жаңғырту») бұл:
- Техника мен технологияның алмастыруды қамтамасыз ету үшін экономикаға жұмсалынатын қаражат;
- Ғылыми-техникалық прогрестің жетістігі болатын жаңа техника мен техноголия нәтижесі;
- Дайын өнім, жаңа ойларды синтездеу, өндіру. Жаңа технологиялар, моделдер құру, оларды өмірге енгізуді қамтамасыз ететін саяси бағдарламалар, т. б;
- Тіл білімінде - жаңа білімнің пайда болуы, морфологиядағы жаңа түсініктердің пайда болуы.
Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметтер туралы заңына» сәйкес инновация дегеніміз ғылыми техникалық зерттеулер мен интеллектуалды еңбектің нәтижесінде пайда болған жаңа немесе жақсартылған өнім және жаңа немесе жақсартылған технология.
Егер жаңалықтың экономикалық және әлеуметтік құны болмаса, онда ол инновация емес, себебі инновация деп өндіріске енгізілген белгілі бір пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үрдістердің нәтижесін айтамыз. Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттерде инновациялық өнімнің міндетті түрде белгілі бір тиімділікке негізделуі дәлелденген. Инновациялық пайдалы эффекттің мынадай түрлері болады :
- экономикалық тиімділік, инновациялық өнім немесе технология міндетті түрде пайда немесе шығындарды үнемдеуге бағытталады;
- экологиялық тиімділік - инновациялық өнім экономикалық тиімділікке ие болмауы мүмкін, бірақ ол экологиялық оң тиімділікке ие ;
- ғылыми-техникалық тиімділік дегеніміз, өндіріске енгізілген инновациялық өнім немесе технология ешқандай ақшалай пайда әкелмеуі мүмкін, бірақ ол ғылым мен техникаға теориялық жаңалық әкеледі;
- әлеуметтік тиімділік - халықты әлеуметтік қорғау саласына арналған инновациялық өнімдер жасау.
Инновация категориясының экономикалық талдауда басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:
- Инновация - ол интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
- Инновация - бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады, бірақ басқа да инновацияларға жол ашады;
- Жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тигiзедi;
- Инновация - экономикалық өсу факторы ретiнде.
Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.
XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ғылыми техникалық прогрес екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецте қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.
Инноватика теориясының қалыптасуы - Й. Шумпетер теориясынан басталады. 1920 жылдары австриялық ғалым И. Шумпетер өзінің «Экономикалық өсу теориясы» еңбегінде экономикалық теория ғылымдарында алғаш рет инновация түсінігіне көңіл аударды. Оның айтуынша экономикалық тұрақтылықты жаңашыл кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер рынокқа жаңа өнім әкеліп, басқа кәсіпкерлерді бәсекеге шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден қалып қоймау үшін, өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға мәжбүр болады. Әр кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру, яғни факторлар комбинациясы арқасында да жаңалық алуға болады деді.
И. Шумпетер жаңа комбинациялардың бес түрін көрсетті:
- жаңа өнімді қалыптастыру;
- жаңа технология пайдалану;
- өндіріс процессін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану;
- сатудың жаңа рыноктарына шығу;
- ресурстардың жаңа түрлерін немесе жаңа қайнаркөздерін пайдалану.
Й. Шумпетер бойынша инновация - тек жаңалық енгізу емес, сонымен қатар өндірістегі жаңа қызмет болып табылады, кәсіпкерлік бұл кәсіп емес, ол тәуекел, бизнес арқылы инновация нарығына жылжу қабілеті. Кәсіпкерлік технологиялық дамумен, инновациямен және экономикалық өсуімен тығыз байланысты.
И. Шумпетер өз теориясын Н. Д. Кондратьев толқындарымен байланыстырды. И. Шумпетерден кейін инновациялар теориясын циклдер теориясымен байланыстыра отырып Г. Менш, К. Фримен т. б ғалымдар жалғастырды.
Ал американдық кеңес беруші “МакКинзи” компаниясының менеджері Р. Фостердiң «технологиялық айырылымдар теориясы» И. Шумпетер теориясынан ерекше болды. Р. Фостердің айтуынша кез келген технологияның S - сияқты белгілі бір өмірлік циклі болады. Әр кәсіпкер өз технологисының өмір циклін жақсы білуі керек, технология құлдырау фазасына жақындаған уақытта ол технологияны жаңартуға немесе ауыстыруға даяр болуы керек.
пайда Технологиялық айырылым
Уақыт
1 сурет. Технологиялық айырылым
Дәл осы уақытта бір технология өзінің шегіне жеткенде келесі жаңа технология пайда болады да, бұл жаңа технология туғызады. Технологиялық айырылымның нәтижесінде жаңа өнім, жаңа үрдіс, яғни инновацияға алып келеді. Қалыптасқан экономикалық теория бойынша кез-келген елдің тұрақты экономикалық дамуы 4 факторға негізделеді. Әлемдік деңгейдегі теоретиктер кейде тұрақты экономикалық даму «4 дөңгелекте жылжып барады» деп айтады. Олар: адами ресурстар, капитал, табиғи ресурстар және технология (1 сурет) .
2 сурет. Тұрақты экономикалық даму факторлары
Р. Фостердің теориясында инновация - бұл «технологиялық айырылымның» жаңа технологияның пайда болуы, өндірістің және басқарудың жаңа әдісінің пайда болуының нәтижесі. Нақты өмірде өнім-инновация және үрдіс-инновация бір-бірімен байланысты үрдістер. Жаңа өнім, жаңа өндіріс әдістерін, сонымен қатар жаңа технологияларды талап етеді.
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника - экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:
- экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
- экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
- интелектуалдық қызметтi оның құрылымы мен негiзi болып табылады.
Инновация теориясы экономикалық өсу теориясында да қарастырылады. Көптеген ғалымдар мен кәсіпкерлердің пікірі бойынша экономикалық өсудің жетекші факторы: білім, интеллект, инновация болып табылады.
ХХ ғ. 50 жылдарында американдық ғалым Роберт Солоу экономикалық өсудің жетекші факторы ҒТП болатынына назар аударды. Ұзақ болжамдарды басқа да экономистер: Джон Кендрик, Эдвард Денисон берген. Экономикалық өсуде технологиялық прогрестің ерекше ролін Сайман Кузнец көрсетті. Оның ойынша, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұлттық өнімнің үнемі өсуі, технологиялық прогрестің арқасында жетеді. Кейіннен Э. Денисон экономикалық өсу факторларының сипаттамасын жасады. 23 фактордың: 4-і капиталға, 1-жер, қалған 14-і ҒТП-ң жемісі.
Инновация - ғылыми-техникалық зерттеу, өндіріс, маркетинг және менеджмент сияқты әртүрлі салаларда жүзеге асырылады Қазргі күнгі әдебиеттерге сай инновацияларды жалпы үш түрге жіктейміз:
- Инновация-өнім (өнімдік инновация), инновациялық қызмет нәтижесінде модернизацияланған немсе тіпті жаңа өнім рынокқа шығарылады, әрине ол өнім өндірушіге көп пайда әкеледі, өйткені оның жаңалығы көп (жаңа функциялары бар, ыңғайлы, экологиялық таза, имидж)
- Инновация -процесс (технологиялық инновация), шығарылатын өнім өзгермейді, бірақ бұрын белгілі өнім жаңа, ресурсты үнемдей алатын технологиямен жасалынады.
- Ұйымдастырушы - басқару саласындағы инновация, бұл инновациялар компанияның ұйымдық құрылымын өзгертуге немесе ұйымның жаңа түрлерін ойлап табуға жатады (2 сурет)
3 Сурет. Инновациялар және инновациялық қызметтің жіктелуі
Өнім-инновациясы ең көп таралған және барлық кәсіпорындарда қолданылады. Біреулерде - бұл өнім ассортиментінің кеңею, ал басқалар үшін өнімнің тұтынушы сапасын көтеру ретінде көрсетіледі.
Технологиялық инновацияның мақсаты өнім сапасын жоғарылату үшін, өзіндік құнды төмендету және шығарылатын өнім ассортименті мен наменклатурасын кеңейту мақсатында жасалатын инновациялар болып табылады.
Ұйымдастырушылық инновациялар фирманың барлық деңгейлерінде қызметкерлер мен бөлімшелерді, жаңа бөлімдерді ұйымдастырумен сипатталады.
Атақты экономист П. Друкер инновацияларды идеялардың пайда болу көздеріне сәйкестіріп мынадай түрлерге жіктейді:
- күтпеген жағдай, күтпеген сәттілік, күтпеген сәтсіздік негізінде пайда болған инновациялар;
- өндіріс үрдістерін қажет етуге негізделген инновациялар;
- сана құрылымы мен нарықтық өзгерістердің нәтижесіндегі инновациялар;
- жаңа білімдерге негізделген инновациялар.
Ұзын толқын теориясында дискуссия ашқан Г. Менше инновацияларды келесі түрлерге бөледі:
- Адам өмірінде жаңа өндіріс саласы мен жаңа кәсіп түрін қалыптастыратын базалық инновациялар, мысалы автомобильдің, телефон және интернеттің пайда болуы.
- Саладағы бар технологияларды жетілдіру, модификациялау негізінде пайда болған инновациялар, мысалы түрлі түсті теледидардың шығуы.
- Псевдоинновациялар, олар базалық инновацялардың түрленуі негізінде пайда болған өнімдер, мысалы ең алғашқы ұялы телефон - базалық инновация болса, одан кейінгі тек функциялары түрлендірілген ұялы телефондар псевдоинновациялар болып табылады.
Бұл бөлімді қорытып айтсақ, инновациялық қызметтерді реттеу мәселесі өте өзекті, өйткені экономиканың бәрі адам өмірін жақсартуға арналған, ал адам өмірін тек экологиялық таза өнім жасаумен, өмір сүру ортасын түрлі техникамен жақсарту арқасында сапалы түрде жоғарылатуға болады. Инновациялар сонымен қатар мемлекеттің жалпы экономикалық дамуын жоғырылатады, өйткені жаңа технология арқасында, ғылым мен білім арқасында экономикалық мәселелерді шешудің жаңа жолдарын табуға болады.
Сонымен инновация дегеніміз интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде рынокқа тіпті жаңа немесе жаңартылған өнім және жаңа немесе жаңартылған технология түрінде шығарылатын жаңалықты айтамыз. Бірақ ол өнімнің тек жаңалық қасиетіне иелігі инновация болуына жеткіліксіз. Ол нағыз инновация деп аталуы үшін белгілі бір пайдалылық эффектісіне ие болу шарт. Мәселен ол жаңалықтар экономикалық, экологиялық, ғылыми техникалық немесе әлеуметтік тиімділіктер әкелуі тиіс. Ал инновациялар осындай тиімділіктер мен пайдалылықтар әкелуі үшін инновациялық қызметті дұрыс ұйымдастырып, реттеп отыру қажет. Келесі бөлім инновациялық қызметтерді тәжірибе жүзінде басқаруға арналады.
- Инновациялық жобаларды басқарудың теориялық негіздері
Инновациялық жоба - инновацияға қол жеткiзуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжiрибе-конструкторлық, маркетингтiк зерттеулер мен жұмыстар кешенiн жүргiзу жоспарынан, сондай-ақ техникалық-экономикалық көрсеткiштерден тұратын құжат.
Инновациялық жобаның негізгі құрамдас бөлімдері төмендегідей болады:
- Мәселенің өзектілігін дәлелдейтін кіріспе;
- Маркетингтік зеріттеулер нәтижесінде құрылған жоба;
- Жобаның мақсаттар бұтағы бойынша жүзеге асырылатын шаралар;
- Жобаның кешенді негізделуі;
- Жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету негізі;
- Жоба бойынша эксперттердің қорытындысы;
- Жобаны жүргізу механизмі.
Сондай-ақ инновациялық жобаны инновациялық үрдіс ретінде де қарыстыруға болады.
Инновациялық менеджменттің негізгі басқару объектісі ол иновациялық үрдіс болып табылады. Инновациялық идеяның пайда болғанынан бастап оның өндіріске енгізілгенге дейінгі кезеңін инновациялық үрдіс деп атаймыз.
4 Сурет. Инновациялық технологиялардың даму кестесі
Бұл кезең аралығында жаңа өнім ғылыми техникалық, лабораториялық зеріттеу, маркетингтік талдау, рынокта сынақтан өтіп үлгереді [5] .
Болашақта жоғары пайда алып келетін жобаларды және жаңа идеяларды іздеу және таңдау венчурлық бизнестің негізгі кезеңі болып табылады. Жобаларды іріктеп алу көптеген уақытты және қаржы-қаражаттарды талап етеді. Сондықтан инновациялық идеяларды іріктеу критерийлері маңызды рөл атқарады. Тәуекелді бизнестегі мамандар экономикалық, құқықтық және технологиялық білімді және тәуекелдерді басқару қабілетін көрсететін жобаның менеджмент деңгейін бірінші орынға қояды. Әрі қарай бизнес жоспарлау арқылы пайданың болашақтағы нормасы мен массасын бағалайды. Мемлекеттің экономикалық саясатын және рыноктық конъюнктураны ескеру жобаны бағалау кезіндегі үшінші басымдылық болып табылады. Жобаны жүзеге асыру кезіндегі тәуекел деңгейін бағалау ерекше ұқыптылықпен орындалады және соңынан күтілетін пайда бағаланып, есептеледі. Үшінші суретте венчурлық бизнесті ұйымдастыру арқылы инновациялық технологияларды дамыту сызбасы көрсетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz