Қазақ отбасында ер бала тәрбиесі


ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДА ЕР БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы - жас ұрпақты елжандылыққа, өз Отанының адал ұлы болуға ұлттық, халықтық тұрғыда тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақ ұлт болып қалыптасқаннан бергі ұзақ тарихында сан алуан кезеңдерді бастан өткізіп, тар жол тайғақ кешсе де, болашақ ұрпағының тәлім-тәрбиесіне өте зор көңіл бөле отырып, сонымен қатар елін, жерін сыртқы-ішкі жаулардан қорғайтын Ер бойына ұлы дала перзентіне тән - еркіндік пен тәуелсіздік, қайсарлық пен қайырымдылық, ақ ниеттілік пен парасаттылық, өрлік пен ерлік тәрізді асыл қасиеттерді дарыта білген. Осы аталған қасиеттерді өскелең ұрпақ ата-бабадан қалған өнеге деп қабылдаса, ертеңгі күннің жарқын болашағына сеніміміз арта түсері анық.
Бүгінгі түсінігімізде - ер жеткен, кәмелетке толған ер азамат, бозбала. «Елемес - аузынан мәйегі шығып тұрған жас жігіт» (С. Омаров, Қайырлы. ) . «Жігіт» сөзінің ертедегі, алғашқы мағынасы өзгешерек болған. Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі Күл-тегін немесе Тоныкөк жазуларыңа көңіл аударсақ, «ігід» сөзін оқып, «қолдау, көтермелеу» деген түсінік аламыз. Ал Юсуп Баласағұнның «Хұдатқу білігі» еңбегінде «ігід» - тәрбиелеу, дағдыландыру, өнеге беру мағыналарына ие (ДТС, 204) . Осы деректерге қарағанда, қазіргі қолданылып жүрген «жігіт» деген сөзіміздің алғашқы мағынасы «қолдау, көтермелеу», одан бері келе «өнеге беру, тәрбиелеу» мағынасына дейін жетіп, ең соңында, біздің кезімізде, - өнеге көрген, тәрбие алған, ой-өрісі қалыптаса бастаған адамға айтылатындығын көріп отырмыз
Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі - әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, құсбегі, ісмер, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Адам болам деген ер бала әке-шешесі осындай талаптар қоя отырып, сенім артса да, сеніп айтса да бұлжытпай орындап, олар күткен сенімнен асып түсуге тырысатын. Дәл осындай, өзінің қоғамдағы рөлін дұрыс түсінетін жаны жайсаң ер жігіттерді «жігіттің нары, жігіттің төресі» деп атаған.
Этностардың педагогика тарихына салыстырмалылықпен қарар болсақ, қандай ұлт немесе ұлыс болсын ер бала тағдырына, тәрбиесіне жүрдім-бардым қарамаған. Әйтсе де, бала тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктеріне сай қалыптасқан өзіндік тәлімдік тәжірибелер болады. Мысалы, авар халқының бала тәрбиесінде әке маңызды рөл атқарады. Аварлық ұл балаға әкесі - пір. Бұл бір жағынан, әкеге берілген баға, екінші жағынан, авар халқында ұрпақтан ұрпаққа қалған мирас іспеттес әкеге артылған жауапкершілік. Отбасындағы әке беделі қашанда жоғары саналған және әке осы мәртебесін ақтауға тырысқан.
Осындай ұл бала тәрбиесіндегі өте жауапты міндет саха халқында да әкелерге жүктелген. Халық әкенің үлгі-өнегесіне көп назар аударған және әкенің көрсеткен жаман іс-әрекеттерін, тәрбиесін баланың бойынан табуға болады деп, оны мынандай нақыл сөздермен дәлелдеп отырған: «Жаман әкенің жазасы - жаман ұл», «Ылаңкес әкенің - ұлы төбелескіш». Ал, ұлағатты әкеден туып, оның жолын қуған ұлға бұл халық: «Әкесінен айнымай туған», немесе «Ұлы - әкесінің ескерткіші» -деп баға берген. Саха халқының тағы бір ерекшелігі баланы жынысына қарай бөлек-бөлек тәрбиелеген. Ұл баланы ерлерше киіндіріп, тек ер балалардың ойынын ойнатып, 5-6 жасында атқа отырғызып, сәл есейгесін қолына еңбек құралдарын беріп шөп шапқызып, отын бұтатып, аң аулатып, сол арқылы өз ұлтының дәстүрлі кәсіптеріне баулыған. Халықтық педагогиканың үздік әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, әкесі баласын өмірге кәсіби дайындайды. Баласынан аңшылық, малшылық, балық аулау сияқты еңбектің қай түрін болса да еркін меңгеруді жастайынан талап етеді. Өз ұрпаѓының бойына табиғат-ананың тылсым күштерін сезіну, шыдамдылық пен қайсарлық, ақылдылық пен ұқыптылық сапаларымен қатар, бастаған жұмысты соңына жеткізу, атқарған істің нәтижесінен қуана білу сияқты қасиеттерді дарыта отырып тәрбиелеген.
Өз халқымыз жігіттің балалық шағынан (12-15 жас аралығы) бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын еді қазағым. Бұл халқымыздың тағылымын халық ауыз әдебиетінің мәйегі мақалмен түйіндей білген профессор М. Тілеужанов ағамыздың пікірі. Айтылған әр қағида жігіттіњ әр сипатына бір-бір тақырып болуға сұранып тұр.
Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж. Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені от басында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен. Ата-анасын аялай, құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. «Әкесін аман сақтап қалу үшін жанын қиған ұлдың өлімі - ең бақытты өлім болып табылады» - деген Баласағұнидың ұстазнамалық тұжырымдамасында осындай керемет ойлар жатыр.
Шығыстың басқа ұлт өкілдерінің отбасындағы сияқты қазақта дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Дүниеге ұл әкелу әсіресе, әке үшін зор бақыт, үлкен мақтаныш. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған баласы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді.
Отбасындағы єр баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл - кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың - жағасы бар» деп арқа сүйенген. Кенже ұл - шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады.
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тєрбиесінде осы баға - «жігіт сыны» деп аталады. Қазақ халқының менің ұлым деп көкірек қағып, мақтаныш тұтар ұлының қандай болу керектігі туралы халықтың талғамына сай ұлттық түсініктер профессор К. Ж Қожахметованың еңбегінде төмендегіше бейнеленеді:
а) кескін-келбеті: «Еңсегей бойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, торсық шекелі, қыр мұрынды, кең маңдайлы, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қынай белді, қапсағай денелі, темірдей саусақты».
ә) қадір-қасиеті: «Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қабыландай сұсты, нардай төзімді, құландай сүйекті, жау жүректі, жылқыдай мінезді, бұландай алып, сауысқандай сақ».
б) қабілет-икемі: «Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт, «Шешен жігіт» - дау шешетін тұлға, «Батыр жігіт» - еліне қамқор, жауына алаберен жігіт, «Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын баптап, ат құлағына ойнап, ер қаруы - бес қаруды сайлап, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт, «Жомарт жігіт» - дастарқаны берекелі, пейілі кең, өзі жайдары, «Палуан жігіт» - мойыны жуан, жауырыны қақпақтай, бұлшық еті темірдей, қимылы шапшаң, иненің көзінен өтердей епті, алып күш иесі.
Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралды. Өйткені оларды бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз-әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындатудан бірізділікпен ер балаларға негізделген тәрбиенің әдістемесінің жасалуы ер бала тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды. Сондай-ақ, нәтиже де берері анық.
Ал, керісінше, жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шықан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басында асырай алмай жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде ата-ананы ма? «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман», «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Бала тәрбиесі - бесіктен» деп түйіндей отырып, ер бала тәрбиесінің отбасында және мектепте қыздармен қатар берілуіне ерекше мән беріп, арнайы тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Өйткені, ер баланың дұрыс тағылым-тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы ата-аналардың ақыл-кеңесі мен үлгі өнеге көрсетумен байланысты. Қандай ата-ана болсын, баласының дұрыс адам болғанын, өзінен артық болғанын қалайды. Бұл - ниет қана. Тәрбие беру барысында қателіктерді болдырмау, жетістікті нәтиже алуда тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы қажеттігін ата-ана ұғына бермеуі мүмкін. Ұлттық тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жањаша қарастырған жөн. Отбасы жағдайында осындай тәрбиенің берілуіне педагогикалық тұрғыда көмек беру мектеп мұғалімдеріне де зор міндет жүктейді. Ата-бабамыз жасап, сомдап кеткен жігіттің моделін одан әрі, бүгінгі күннің талабына сай жетілдіріп өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін көрсе де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана халықтың ұрпағы екендігін ұғындыру, олардыњ бойына мақтаныш сезімін туғызу ата-ананың бірден бір міндеті.
Әрбір бала кіршіксіз мінез-құлықпен, күнә атаулыдан пәк қалпында дүниеге келеді. Пайғамбарымыз да (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы тазалыққа барынша қамқорлық танытатын және өзгелерге де осыны бұйыратын. Сәбилерді қолға көтеріп жүру, сүю, иіскеу - оның сүйікті істерінен болды.
«Бала тәрбиесі - таудан сырғанаған шана секілді. Бағыттап отырсаң болды. Жас баланың жүрегі таза болған соң, жақсы тәрбие берсең, соған қарай ұйып түседі». Осы орайда біз бүгін Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен өнегелі мысалдар келтіріп, батыл, ер мінезді ұрпақ тәрбиелеуге қатысты қағидаларды топтастырып көрмекпіз. Кеңес - бізден, ал оны амалға шығару - сізден болмақ . . .
1. «Кішіге де - ізет». Бала өзінің отбасындағы маңызды орнын, жауапкершілігін сезіну және болашақ отағасы, әке, басшы рөліне дайын болу үшін ересектер тарапынан өзіне деген құрметті сезінуі керек. «Сен мынадайсың, сен анадайсың» деген сөздер мен үнемі кеудеден итерудің куәсі болған бала ынжық болмай ма? Керісінше, оны жағымды, сыйлы есімдермен шақырған абзал. Халқымызда «Әбеке, Жәке» сынды құрмет көрсетуді меңзейтін есімдер, сүннет бойынша, «пәленшенің ағасы, түгеншенің баласы» секілді атаулар қолданылады. Мәселен, адамның Әли есімді ұлы болса, оны Әбу Әли деп атау қалыптасқан. Бұл тікелей есіммен атауға қарағанда, құрметтіліктің белгісі болмақ. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кішкентай балаларды да (олардың балалары болмаса да) осылай шақырған. Әнәс ибн Мәлик айтады: «Пайғамбарымыз ең көркем мінез-құлықтың иесі еді. Менің бауырым бар болатын . . . Пайғамбар үйге келгенде одан: «Ей, Әбу Умейр, Нугейр немен айналысып жатыр?» деп сұрайтын. Бұл - бауырымның үнемі ойнайтын құсы еді». (Тирмизи) . Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұндай құрметті атты қыз баласына да қолданған.
2. «Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскенде қайыр жоқ» дейді халық даналығы. Ал Мұхтар Әуезов: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады» деген екен. Сондықтан да, баланы салиқалы кісілер жиналатын ортаға жиі ертіп бару - қоғамдағы оқиларды түсінуіне жол ашады. Олардың ақылы толысып, үлкендерге еліктеуге тырысады, бос ойындарға деген қызығушылығы басылады. Біз бұл әдісті бабаларымыздың өмір жолынан да байқаймыз әрі сахабалар да перзенттерін өздерімен ертіп жүретін болған. Муавия ибну Куррадан жеткен хадисте: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір топ сахабасымен бірге отырды. Сол кезде олардың ішінде кішкентай ұлымен келген бір кісі болды. Ол баланы алып алдына отырғызатын". (Нәсаи) .
3. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Жас ұрпаққа қиял-ғажайып, фантастикалық қаһармандарды емес, шынайы өмірде болған бабаларымыздың, сахабалардың істері мен ерліктерін жиі айтуды әдетке айналдыру керек. Жалпы, жүз жыл уақыттан кейін сіз бен бізде баба боламыз, сондықтан да, ұрпақтарымызға үлгі болатын істер жасау - әркімге жүк. Өнегелі тұлғалардың өмір жолы, даналығы, батырлығы, сабырлығы, қиыншылыққа қасқайып тұра білуі, қуаныштағы салмақтылығы кірленбеген жүрекке кедергісіз құйылады, санасында жатталады. Бірде бір кісі жасқа толған баласын алып, данышпан кісінің алдына келеді де: «Баламды, қалай тәрбиелесем болады?» деп сұрайды. Сонда әлгі кісі: «Сен бір жыл, тоғыз айға кешіктің» деген екен. Расымен де, бала тәрбиесі құрсақтан басталады. Ал тәй-тәй басқан баланың бойына мұсылман әдептерін, ислам қағидаларын сіңіруден кеш қалмауға тырысыңыз.
4. «Ақыл - жастан». Біз ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз». Ал халықтың яки ұлттың сөзіне құлақ асу - жазылмаған заңдылық. Ендеше, сіз де жас баланың бойында өзіне деген сенімділік, ар-намыс, абырой сынды қасиеттерді қалыптастыру үшін - үлкен ортада оған көңіл бөліп, құқығы мен қалауын ескеруге тырысыңыз. Ақыл мен ерлік - ересекте ғана емес, балада да бар. Оның пікіріне құлақ асыңыз, отбасылық шешім қабылдауда ескеріп отырыңыз. Сахль ибн Са'д былай деді: «Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сусын құйылған кесе әкелінді, ол кеседен ұрттады. Оң жағында бір бала отырған болатын. Ол жиналғандардың ішіндегі ең жасы еді, ал сол жағында қариялар болды. (Сүннет бойынша ішіп-жеу оң жақтан басталады) . Сонда Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) әлгі балаға: «Ей бала, мынаны сол жақтағы қарттарға берсем бола ма?» деді. Сүйікті Пайғамбарының берген әрбір затында береке бар екенін білген бала: «Уа, Алла Елшісі, сен маған берген затты ешкімге беріп қоймаймын» деп жауап қатты. Мұны естіген Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ол ыдысты балаға берді». (Бұхари) .
5. «Тән тәрбиесі де жан тәрбиесі секілді маңызды». Ойшылдардың бірі: «Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да сондай болмақ. . Сондықтан, болашақ қайраткерді тәрбиелеу - ең алдымен ойыннан басталады» деген екен. Яғни, баланы нағыз ер азаматқа тән спорт түрлеріне баулыған абзал. Сүннетте садақ ату, жүзу, салт жүріс секілді спорт түрлері құпталады. Бұл спорт түрлерін Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында өмір сүрген адамдардың барлығы еркін меңгерген екен. Екінші жағынан, спортпен айналысқан баланың денесі мығым әрі шымыр болып қалыптасады. Тәнді Алланың берген аманаты деп қабылдауды жастайынан үйрету артық емес.
6. «Ер - бас, әйел - мойын» дейді дана қазақ. Айырмашылық бар ма? Әрине, бар. Бас әрқашан бас болып қалу керек. Сол себепті, баланы нәзіктік пен әйел табиғатына тән қасиеттерден аулақ ұстаған жөн. Ер азаматтық - адамды асқар құзды бағындыруға, ұлы мақсаттарға жетуге және осы жолда кездесетін қиындықтар мен кедергілерге төтеп беруге итермелейтін қасиет. Бұл - өзгелерден талап етпес бұрын, өз парыздары мен міндеттерін орындауға асығатын жеке жауапкершілік сезім. Балаңызды жастайынан жылаңқылықтан, арызқойлықтан, асыра сәнденуден, айна алдында көп отырудан тыйыңыз. Ердің әйелге, әйелдің ерге ұқсауы шариғатта харам нәрсе болып саналады. Ата-ана оған өз жынысына тән жүріс-тұрыс, мінез, киім, сөйлеу әдептерін түсіндіруі керек. Әрдайым санасына «Сен - өз отарыңның «бақташысысың, қорғансың, отағасысың, ел тұтқасын ұстар ер азаматсың» деген сөздерді құйып отырудан жалығуға болмайды. Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын) : «Қиын өмірге бейімделіңіздер, себебі, сіздерде үнемі сәттілік болмайды» деген екен. Баланы қатал әрі қиын өмірге тәрбиелеу оны шыңдай түспек.
7. «Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі». Қорқақтық, өзіне деген сенімсіздік, жасқаншақтық, өзгенің сөзіне көзсіз ерушілік - ер адам бойындағы ең жағымыз қасиеттердің бірі. Бұл - оған үнемі ұрысудан, дауыс көтеруден, өзгенің көзінше намысына тиюден, жиі қол көтеруден туындайды. Өзін ешкімге керексіз, өзгеден төмен сезініп өскен баладан қоғам қайраткері шығуы екі талай. Оған өз орнын маңызды сезінуге мүмкіндік беріңіз.
8. «Тәрбие басы -тіл». Оған жақсы әрі салиқалы сөздерді айту, үйге келгенде және кеткенде үнемі Алланың сәлемін тілеу тек жақсы тұсынан әсер етпек. Әнас ибн Мәликтің (оған Алла разы болсын) сөздерінен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жас балалардың жанынан өткенде үнемі сәлем сөзін айтатындығы жеткізіледі. Әкесі баласына үйге кіргенде де, шыққанда да осылайша назар аударса, бала өзінің маңыздылығын, дәрежесінің жоғарылығын, қоғамға керектігін сезінеді әрі өскенде де өз балаларына осындай құрмет көрсетеді. Жалпы, бір әкенің тәрбиесін жүз мектептің бере алмайтыны даусыз.
9. «Сенім алға жетелейді». Баланы жеке жауапкершілікке тәрбиелеудің бір жолы - оған құпияларды сеніп тапсыру, маңызды істерге жұмсау. Әнас ибн Мәлик (оған Алла разы болсын) айтады: «Мен балалармен ойнап жатқан кезде, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келді. Ол бізбен сәлемдесті де, мені өз шаруасына жұмсап жіберді, сөйтіп мен үйге кеш келдім. Мен келген кезде анам: "Неге кешіктің?" деп сұрады. Мен оған: "Мені Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз шаруасына жұмсады" дедім. Анам менен: "Ол қандай шаруа?" деп сұрады. Мен оған: "Шындығында, бұл - құпия» дедім. Сонда анам: "Алла Елшісінің(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құпиясын ешкімге тіс жарып айтпа" деді. (Муслим) . Келесі бір хадисте Абдулла ибн Аббас (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзін жұмсағандығын айтады.
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz