Радиоактивті заттардың ағзаға әсері


... жалғасыРадиоактивті заттар ағзаға үш жолмен түсуі мүмкін: тағаммен және сумен ішек-қарын жолына. өкпе және тері арқылы.
Радионуклидтердің өкпе арқылы түсуі өте қауіпті, себебі өкпенің тыныс алу беткейлігінің үлкен көлемде болуы, оған мүмкіндік туғызады. Жақсы еритін заттар қан ағымына тез өтіп, ағзаның белгілі бір мүшелерінде және жүйелерінде жиналады немесе сыртқа шығарылады.
Тыныс алу жолдарының жоғары бөлігіне түскен ерімейтін және аз еритін заттар, шырышпен бірге шығарылады, сондықтан да олардың ішек-қарын жолдарына түсу мүмкіндігі көп, одан соң олар ішек қабырғалырына сіңіріледі. Өкпе ұлпасының альвеолаларына түскен бөлшектерді фагоциттер жұтып жояды, немесе лимфа түйіндеріне өтеді, ондай бөлшектерден өкпе ұлпасы бірнеше айларда немесе жылдарда тазарады. Аз еритін және қысқа тіршілікті радионуклидтермен тыныс алған кезде, сәулелену салмағы артып, тыныс алу мүшесі кауіпті дәрежеде болады.
Мағанасы бойынша екінші түсу жолы - радионуклидтердің тағаммен және сумен түсуі. Қоректік заттар жасанды радионуклидтермен ластануы мүмкін, олар сыртқы ортадан биологиялық қоректік тізбек арқылы тағам өнімдеріне түседі. Радиоактивті заттардың одан кейінгі тағдыры, олардын ішек-қарын жолындағы сұйықтықта ерулеріне тәуелді.
Ішекке түскен радионуклидтердін кейбір бөліктері ғана ағзақа түседі. кебісі «транзитті» болып, ішек арқылы сыртқа шығарылады.
Ас-қорыту жүйесінде радиоактивті заттар болған уақытта, ішектің сәулеленуі жүреді, а- және р-бөлшектері оның қабырғасын сәулелендіреді, ал ү- кванттары кұрсақ жэне көкірек куыстарындағы мүшелерге де жетеді. Сондықтан ішек-қарын жолдарындағы мүшелер қауіпті дәрежеде болады.
Күні кешеге дейін, радиоактивті заттардың енуіне тері кедергі болады деп саналған. Бірақ, соңғы кезде радионуклидтер басқа заттар сияқты, сұйықтықтар мен газ тәрізді заттардың кұрамында жануарлар мен адам терісі арқылы жеткілікті мөлшерде ағзаға түсетіні анықталды. Мұндай жағдайда тері қауіпті дәрежеде болады. Зақымдалған тері арқылы тритий тотығының буы мен газ тәрізді йодтың адам ағзасына ену жылдамдығы, осы заттардың тыныс алу жолымен түскен жылдамдығымен бірдей. Ал зақым алған тері арқылы түскен плутонидің суда еритін қосындылары, асқазанға түскен жылдамдықпен бірдей. Радонды ваннаны 20 минут барысында қабылдаған ағзаға тер аркылы 4% дейін Rn (радон) енеді.
Терінің ең басты бөгеу қызметін эпидермистін мүйізді қабаты атқарады. Әртүрлі химиялық активті затардың әсер етуінен эпидермистің мүйізді қабаты зақымданып терінің өткізу қабілеттілігі артады. Мысалы, майсыздандыратын еріткіштерді қолданады'.
Радионуклидтердің тері астына қарқынды түрде сіңуіне температура мен қоршаған ортаның ылғалдылығы маңызды рөл атқарады.
Ауаға түскен радионуклидтердің тағдыры, олардың касиеттері мен химиялық табиғаттарына байланысты. Олардың кейбіреулері сұйықтық түрінде зәрмен сыртқа шығарылса, басқалары ағзада әртүрлі мерзімге қалып қояды.
Физикалық қорғаныс
Физикалық қорғаныс радиацияның өтімділік әсерінің зақымдауынан нақты және иделді қорғай алады, ол жағдай конструктивті жэне техникалық әдістермен қамтамасыз етіледі. Физикалық қорғаныс радиацияның адам ағзасына әсер көрсету деңгейін өте төмендетеді. Қазіргі кезде иондаушы сәулелер көзімен жұмыс істейтін адамдарды корғау ережесі мен шаралар қолданылады. Радиациялық зақымдардың алдын алу үшін арнайы комплекстік медициналық және санитарлық-техникалық шаралар жүргізіледі. Барлық қажетті шаралар ТМД санитарлық заң шығару құжаттарына сай қамтылған.
Техникалық қауіпсіздіктің қатаң түрде ережелерін орындау, адамның радиация әсерінен зақым алуынан сақтайды. Қорғану шараларының нәтижелі болатынын, келесі мысалдардан көруге болады. Минскідегі, Ташкенттегі, Ригадағы, Киевтегі ғылыми-зерттеу реакторларындағы қуатты жылдамдатқыштың қызметкерлері мен персоналдарын ұзақ уақыт бақылау барысында, олардың алған жылдық дозалар жиынтығы, ДЖШ (5 бэр) үштен бір немесе екі бөлігін ғана алғаны көрсетілген.
Ауа, гамма-сэулесінің әсерін әлсіретеді, бірақ өте аз мөлшерде. Сәуле көзінің дозалық қуаты ара-қашықтыққа квадратты түрде пропорционалды екені мәлім. Мысалы. 1 м қашықтықта доза қуаты 1 OOP/car құрса, онда 2 м қашықтықта - 25 Р/сағ. құрады. Өкінішке орай, физикалық қорғанысты барлық уақытта қолдана алмаймыз. Мысалы, қатерлі ісіктерге рентгено-радиотерапия жүргізгенде. Бұл кезде рентген сэулесінен ісік жасушалары ғана емес, оны қоршаған сау жасушалар да зақымданады, сонымен қатар бүкіл ағзаға әсерін тигізеді. Сондықтан, физикалық қорғаныстан басқа, ағзаның радиацияға қарсылығын арттыруға бағытталған әдістер мен шараларды іздестіру қажет.
Биологиялық қорғаныс
Биологиялық қорғаныс, химиялық сияқты, дәрілерді қолдану арқылы іс жүзіне асырылады. Ондай дәрілердің радиопротекторлардан айырмашылығы арнайы эсер көрсетпейді, бірақ, ағзаның жалпы қарсылығын қоршаған ортаның жағымсыз факторларына, атап айтқанда радиацияға да арттырады. Ондай заттарды адаптогендер -деп атайды.
Радиопротекторлардан адаптогендердің айырмашылығы, препараттарды сәулеленуге дейін бірнеше күн немесе апта бұрын көп қайтара қолдану барысында жэне сәулелену зақымдарынан тіршілігін жоймаса ғана әсер көрсетеді. Сонымен қатар, бұндай препараттарды жанама әсер тудырмайтын дозада тағайындайды. Бұл қорғаныстың маңыздылығы жедел, ұзартылған, фракцияланған жэне созылмалы сәулелену кезіне
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz