Экономиканың дамуындағы банктердің ролі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. .
1 ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ РОЛІ……… . . .
- Қазақстан Республикасында банктік жүйенінің
қалыптастырылуы және дамуы . . .
- Банктік саланы дамыту бойынша шетелдік тәжірибе……… . . .
2 ҚАЗАҚСТАНДА БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУЫ…… . . .
- Банктің қаржылық жағдайын және қызметін талдау. .
- Қызметтер түрі және олардың дамуы . . .
3 БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРіНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Банктер - нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі, олардың қызметінің дамуы - нарықтық механизмін нақты құруға қажетті жағдай болып табылады.
Несие жүйесінің негізгі буыны - банктер болғандықтан, масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Ұзақ уақыт бойы банктер мемлекеттік ұйым болып табылды және экономиканың “мәнсіз бөлігі” ретіндегі қызмет атқарады. Нәтижесінде банк ісін ұйымдастыру ресей банктерінің дәстүрін және тәжірбиесін жоғалтты. Бүгінгі таңдағы мақсат нарықты экономиканы құра отырып, біз банк ісін ұйымдастыра отыруда әлемдік деңгейге шығуымыз қажет.
Осыны ескере отырып курстық жұмысты Қазақстан Республикасының банк жүйесінде, Қазақстандағы коммерциялық банктердің қызметіне сипаттама, экономиканы дамытуда банктердің ролі, қазақстандық банктердің халықаралық қаржылық нарықтарға енуі жөнінде мәліметтер көрсетіліп ААҚ “Казкоммерцбанк” мәліметтері көрсетіледі.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі- Қазақстан Республикасындағы банк саласының қызмет көрсету түрлерін дамыту және оларды заңды, жеке тұлғалар үшін тиімді жүргізу.
Банктер әртүрлі қызмет атқарады және өзара, сонымен қатар басқа шаруашылық субъектілермен қарым-қатынасқа түседі. Осыған байланысты “Банк ісі” курсының сұрақтарын қарстыруда жүйелі бағытты пайдалану қажет осындай бағытқа сәйкес банктердің ақша - несиелік қызметі қоғамдық қайта өндіріспен байланысты тікелей және қайтармалы байланыстарды ашады, банк жүйесі мен банктік қызметтің құрылымдық элеметтеріне талдау жасалынады.
Курстық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған және қолданылған әдебиеттер отандық және батыс елдерінікі, сонымен қатар орындалған жұмыс үш тараудан, кіріспе, қортындыдан және қосымшалардан тұрады.
- ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ РОЛІ
1. 1 Қазақстан Республикасында банктік жүйенің қалыптасуы және дамуы
Елдегі реттелетін экономикалық кеңістіктің дамуымен, оның дамуының объективті кезеңі - халықаралық деңгейде бәсекелестік қабілеттілігі бар шаруашылық субъектілерді құру болып табылады, немесе барлық елдің экономикалық жағдайының нығаюының кепілі - өндірістік, сонымен қатар қаржылық кәсіпорындардың пайда болуымен сипатталады.
Бұл міндетті шешу үшін елдегі интеграциялық процестерді кеңейтуі мен және тереңдетумен келесі мақсаттарда іске асырылуы тиіс:
- жиынтық инвестициялық салымдарды жоғарлату үшін өндірістік және қаржылық капиталды біріктіру;
- қатысушылар арасында тиімді технологиялық байланыстар құру;
- ішкі және сыртқы нарықта өнімдердің бәсекелестік қабілеттелеген жоғарлату;
- елдегі экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлату.
Көрсетулген міндеттерге байланысты экономикалық субъектісі және интеграциялық процестердің объектісі ретінде банктік жүйені қарастырайық.
Банктік жүйеде интеграциялық процестер елдің дүниежүзілік қоғамға тиімді жолмен енудің қаржылық жағын бейнелейді.
Бұл процесс дүниежүзілік экономикалық жүйеге Қазақстан интеграциясының маңызды жағдайы және оның қаржылық байланыстарын нығайтудағы нақты фактор болып табылады. Банктік жүйенің интеграция негізі ретінде экономиканың ашықтылығы, сонымен қатар қаржылық келісім - шарттарды жүзеге асыру болып табылады. Ашық қаржылық жүйе саясаты аса кең емес ішкі нарығы және кеңейтілген нарықтарға енуді қажет ететін біздің ел үшін объективті кажетті.
Халықаралық қаржылық жүйеге интеграция жалпы тұрғыда банктерге тұрақты қаржылық ортаны дамытуда өзінің стратегиясын құруда, сонымен қатар бизнестегі қолда бар мүмкіндіктерді тиімді қолдануға жағдай жасай алады.
Елдегі банктік жүйеде іске асырылып жатқан интеграциялық процесстері баға бермес бұрын, ең алдымен банктік жүйенің қалыптасу кезеңдеріне кішігірім шолу жасап өтейік, себебі дүниежүзілік нарыққа ену нарық көлемін, құрылымын, оның сандық және сапалық даму жағын салыстырумен сипатталынады.
Банк қызметі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, Қазақстан Республикасының жасалған халықаралық келісім шарттарымен реттеледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентінің жарғылықтары және құқықтық актілері негізінде орындалуға берілетін Ұлттық Банкінің нормативті құқықтық актілерімен іске асырылады.
Банктер ұсынушыға акцияларды шығару құқысыз жабық акционерлік қоғам ретінде құрылады.
Мемлекеттік банктер сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорын үлгісінде құрылуы мүмкін.
Банктің ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылуына банктік операцияларды жүргізуге Ұлттық Банкінің лицензиясын алу сәтінен бастап бір күнтізбелік жыл аралығында үздіксіз шығынсыз қызмет етуі және осы жыл ішінде Ұлттық Банкінің белгілеген міндеттері мен құқықтарын сақтау жағдайында рұқсат етіледі.
Банктің акционерлері, оның құрылтайшылары болып табылатындар банк ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылғаннан кейін қосымша ерекшеліктерге иеленбейді және басқа акционерлермен салыстырғанда қосымша міндеттер атқармайды.
Банктің ашылуына рұқсат немесе рұқсат етілмеу банктік құқықтар негізінде іске асырылады.
Банк ашуға рұқсат Ұлттық банкінің Банкке банктік операцияларды жүргізуге лицензия берілгенге дейін заң қүшіне иеленеді.
Банк ашуға берілген рұқсат Ұлттық Банкімен қайтарылып алынуы тиіс. Сонымен қатар, банк берілген Банк ашуға оұқсатты өз еркімен қайтарып беруі және заңда қарастырылған тәртіп бойынша қайта тіркеуі мүмкін. Банк Қазақстан Республикасының заңды тұлғалар үшін азаматтың зандылығымен, банктік заңдылықтардың қалыптастырылған ерекшеліктері есебімен белгіленген тәртіп бойынша құрылады.
Банкті құру туралы құрылтайшылық келісім шарт қолданыстағы заңдарда қарастырылған мәліметтерден басқа, келесілер көрсетілуі керек:
Бірінші, әрқайсысының толық атауы және мекен жайын көрсете отырып, құрылтайшалар туралы мәліметтер, сонымен қатар заңды тұлғалар үшін мемлекттік тіркеу туралы, ал жеке тұлғалар үшін аты-жөні, азаматтығы, мекен жайы, жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтерді көрсету қажет;
Екінші, акциялардың саны, категориялары және номиналды құны журналы мәліметтер.
Банк жарғысы қолданыстағы заңдарда қарастырылған мәліметтерден басқа, міндеттітүрде келесілер көрсетілуі қажет:
- банктің толық және қысқартылған атауы;
- банк қорының түрлері және қолданылу тәртібі туралы мәліметтер;
- банк басқармасының шешім қабылдау тәртібі, сонымен қатар сұрақтар тізімі.
Банк атауы жарғыда көрсетілген атаумен сәйкес келуі тиіс. Банк атауына міндетті түрде “банк” сөзі қосылуы тиіс. Бірде - бір банк құжаттарда немесе жарнамада жарғыда көрсетілген атаудан басқасын қолдануына болмайды. Ұлттық банктен басқа кез - келген банкіге “ұлттық”, “орталық” атауларын толық және қысқартылған түрде қолдануға тиым салынады. Мемлекеттіктерден басқа кез - келген банктерге “мемлекттік” сөзін толық немесе қысқартылған түрде қолдануға тиым салынады.
Банкінің жарғылық капиталы (мемлекеттік банктен басқа) құрылтайшылар салымы немесе акцияларды сату жолымен қалыптастырылады. Банк акционерлері және құрылтайшылары акцияларды сатып алу кезінде ақшамен есеп айырысуы тиіс.
Банктік жарғылық капиталына құрылтайшылардың меншікті капитал шегінде ақша енгізілуіне рұқсат етімді, бұл сома есебінен акцияларға орналастырылған активтер және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталға үлесі есепке алынбайды. Банк акцияларының алғашқы сатылуы олардың номиналды құнынан төмен емес және барлық құрылтайшылар үшін бірдей бағамен сатылуы тиіс. Құрылтайшы құжаттарында жарияланған қайта құрылған банктің жарғылық капиталы оның акционерлерімен тіркеу уақытына елу процент мөлшерінде, ал бір күнтізбелік жыл өткен соң толығымен төленіп бітуі тиіс. Банк өз акционерлерінен банкіні бақылау құқығын иеленуші акцияларды сатып алуға құқығы жоқ.
Банктің меншікті капиталы- міндеттемелер сомасы алынып банк активтерінің құны, мұнда активтер құны банк активтерінің алғашқы құнынан берілген ссудалар бойынша қажетті резервтер сомасын алып тастау жолымен есептелінеді.
Банктің құрылтайшылары және акционерлері ретінде заңды және жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының Резиденттері және резидент еместері бола алады. Мемлекет құрылтайшылар және акционер болуы тек қана Үкімет тұлға ретінде ғана іске асырылады. Жарғылық капиталдың елу процент мөлшері мемлекетке жататын мемлекеттік кәсіпорындар банк құрылтайшысы немесе акционер бола алмайды. Банктің құрылуы және қызмет етуі кезінде бір де бір тұлға, сонымен қатар оның құрылтайшылары дауыс құқығы бар акциялардың жиырма бес процентіне тікелей немесе жанам иелене алмайды.
Банк кредиторларының қызығушылықтарын қорғау және республикалық банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметінің келісімі бойынша банктегі жағымсыз (яғни олардың активтерінің құнынан банк міндеттемелерінің сомасының асып кетуі) капитал мөлшері жағдайында банктің акцияларын банктің қаржылық жағдайын жақсартуға кепілдік беретін жаңа инветорға банктің келісіне қарсы сатуына рұқсат етіледі.
Банктерді тарату процесін әзірлеуді және бұл үрдісті бақылауды қамтамасыз ету мақсатымен Ұлттық банк құрлымында жаңа бөлімше құрылды - банктегі тарату үрдісін бақылау бойынша Басқарма. Құрылған Басқарманың негізгі міндеті болып барлық меншік түріндегі банктерді тарату мәселелері бойынша әдістемелік және ұйымдастырулы басқару, және де банктерді тарату мәселелері бойынша Ұлттық банктің тарату комиссиясының және облыстық басқару қызметін координациялаумен бақылау табылады. Мысалы соңғы 5 жылдарда банктік операцияларды жүргізу лицензиясы 18 банктегі қайтарып алынды, соның ішінде:
- жеті банкте - бірігу жолымен қайта ұйымдалуына байланысты;
- бір банкте - несиелік серіктестік болып қайта ұйымдалуына байланысты;
- жеті банкте - пруденциалдық нормативтерді нормативті құқықтық актілерді жүйелі түрде бұзғаны және Ұлттық банктің жазбаша бұйрықтарын орындамағыны үшін; үш жағдайда да банктер-ерікті түрде таратылуына байланысты.
01. 01. 2004 жылы Қазақстанда 35 банк жұмыс істейді. Сонымен бірге 12 банк халықаралық стандарттарға көшу бағдарламасын орындаған деп танылады, 4 банк бірінші топқа, 14 банк - екінші топқа жатқызылады. 1
2005 жылы жиынтық меншік капитал 3. 3%-ға 174. 5 млрд. теңгеге дейін, банктердің жиынтық активтері -5. 2%-дан 1. 26трлн. теңгеге дейін, жиынтық міндетемелер-5. 6%-ға дейін өсті және 1. 1трлн. теңге болды.
1. 2 Банктік саланы дамытудағы шетелдік тәжірибе
СССР тарағаннан кейін бұрынғы бірлестіктің елдерінің келесімі бойынша Ресей елдердің шетелдегі активтері үлесінен бас тартуы негізінде барлық қарыздарды өз мойнына алатыны жарияланды. Осы себепке байланыста біздің елдің банктерінің Ресей банктеріне қарағанда дүниежізілік қаржылық нарықта жаналық болды. Халықаралық нарықтарда өзін жақсы жағынан көрсету қажет болды. Банктік сектордың әрі қарай өсуі және нығайтылуы мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісімен көптеген шаралар жүргізілді оның ішінде елдегі екінші деңгейлі банктердің халықаралық қызмет стандарттарына көшу бағдарламасы болып табылады. Ұлттық банк және Үкімет қызметтерінің нәтижесінде жеткілікті дамыған бәсекелес ортада банк қызметтерінің нарығы қалыптастырылады. Елдегі банктік саладағы салалық өзгерістердің іске асырылуы олардың бизнесінің көлемін ұлғайтты. Банктер халықаралық қаржылық нарықтарға ене бастады. Отандық банктік саладағы интеграциялық процестер Қазақстандағы халықаралық рейтинг тағайындау кезеңінен басталады.
Банктік сектордағы интеграциялық процестерді екі көзқарас негізінде қарастыруға болады: халықаралық қаржылық нарықтарда қазақстандық банктік сектордағы қөзқарас және қазақстандық банктік жүйеге шетелдік инвестициялардың ену көзқарас негізінде. Сонымен қатар, бұл екі процесс қатар жүреді, соған қарамастан екі даму бағыты ерекшеленеді. Аталған процестерді толығырақ қарастырайық. Сонымен, елде шетелдік қатысуымен 16 банк қызмет етеді, оның ішінде 12 еншілес серіктес банктер болып табылады. Сонымен қатар, ірі халықаралық қызмет етеді. Заң бойынша шетелдік банктердің қатысуына шек қойылады, бұл заңға сәйкес барлық банктердің жиынтық көлемі шетелдік капиталдың тіркелген көлемі 50 процент үлесінен аспауы тиіс.
2004 жылдың басына банктердің жиынтық активтеріндегі шетелдік банктермен қатынасы 31 пайыз құрады, 6 жыл ішінде 10 есе артты. Банктердің қатысу үлесі жоғарлады. 2004 жылдың қорытындылары бойынша ол 23 пайыз құрады. Бұл банктердің активтері негізінен халықаралық банктік несие нарығына тартылады. Отандық банктер үшін шетелдік банктер бәсеке болып табылады. Көптеген қөрсеткіштер бойынша, мысалы ABN AMRO Bank Республикадағы ірі банктер төртігінің құрамына енеді.
Шетелдегі отандық банк секторы өте аз мөлшерді құрайды. Қазіргі кезде Казкоммерцбанк, ХЖБРК, Темірбанк әлемдегі алты елде өкілеттіктері бар.
Отандық банктердің халықаралық нарықтарға бірінші рет шығуы 1997 жылы іске асырылды. Орталық Азиядағы алғашқы банктердің бірі Казкоммерцбанкке депозиттік көшірмелерді халықаралық инвестициялық қорлар да орналастырды. Одан кейін 1998 жылы бірінші рет ірі банктерде корпоративті евро бондарды эмиссиялау бойынша процедураның өзі көптеген шараларды өткізуді қажет етті.
Халықаралық нарықта, негізінен, тек қана үш ірі отандық банктер қатысуы. Алғашқы рет Казкоммерцбанктің эмитенті түрінде біздің банктердің евроноталары 1998 жылы үш жыл айналым мерзіміне жіберілді және Орталық Азияның қаржылық институтымен шығарылған алғашқы корпоративті Еврооблигациялары болып табылды. Қазіргі кезде облигациялар бойынша толық төлем жасалынды.
Туран Алем банкі 100 миллион АІШ доллары сомасына 3 жыл айналым мерзіміне меншікті халықаралық облигацияларын орналастыру аяєталынды. Аталған орналастыру 1998 жылы мемлекеттік емес, ТМД Корпоративті эмитенттері арасындағы ресейлік дағдарыстан кейінгі бірінші эмиссия болып табылады.
Нақты айтқанда соңғы екі - үш жылда сыртқы нарыққа шығу туралы отандық банктердің өтініштері ішкі және сыртқы нарықтарда беделдеріннің жоғарлауына әсер етеді. Отандық банктер үшін сыртқы ортаға шығарудың наєты қызығушылығы неде деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін банктердің шеттел тартылған және орналастырылған құралдардың құнына бағалау жүргізу қажет. Сонымен, республикалық қаржылық нарықтағы ресурстардың орташа құнын талдау игерудің орташа ставкасы кезінде валюта 10-12%, орташа орналастыру кезінде 20-22%, біздің банктер үшін нақты маржа 10-12% құрайды. Бұл аталған мәліметтер қысқа мерзімді ресурстар үшін. Ішкі нарықта ұзақ мерзімді ресурстарды игеру мәселесі күрделірек. Синдицирленген қарыздар құны, мысалы Lіbor + 3%, ал шығарылған облигациялар бойынша 11, 5% негізде көрсетіледі. Жоғарыда көрсетілгендей халықаралық нарыққа шығу отандық банктер жағынан көп шығындарды қажет етеді. Банктік қызмет
керлердің экспорттік бағалау бойынша, егер банктердің комиссиондық шығындары, ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін проценттік ставкалар, онда республика ішіндігі ресурстар құны сыртқы орналастырулардың құны арзан болып табылады. Банктер “ұзын” ақшалардың көп көлемін игеруг көп қызығушылық білдіреді, отандық банктер өздерінің маржаларын 10% мөлшерінде сақтау үшін көп күш салады. Инфляцияның төмен деңгейі кезінде бұл көрсеткіштер өте жоғары болып табылады.
Дамыған елдерде банктердегі маржаның орташа көрсеткіші 3-6% құрайды. Жүргізілген талдау отандық банктер өздерінің тәуелелділіктерін жоғары бағалайтынын көруге болады. Бұндай жағдай нарықтағы ақша көлемінің өсуіне әкеледі. Нақты алғанда банктер экономика үшін несиені беру мүмкіндігі жоғары. Осының нәтижесі ретінде, қазіргі кезде біздің Банктердің шетелдің қаржы нарықтарына шыгуымен байланыты қарқынды байқауға болады.
Банктер осы нарықтардағы өздерінің өмір сүру үздіксіздігіне байланысты мәселелерді өңдеу бастайды. Бұны Казкоммерцбанктің Ресей, Беларусия Республикасында және Өзбекістан Республикасында еншілес банктерді ашу ойлары негізінде байқауға болады. Бұл нарыққа байланысты пайда болған қызығушылықтарды “Наурыз банк”, “Темір банк” және “Тұран Әлем” банктері
нен байқауға болады. Бұл банкінің бақылаулық пакеті Қазақстандық капиталға жатады. Банктер халықаралық елдердің экономикасына салуға дайын. Бұндағы біздің банктердің негізгі қызығушылығы - жоғарғы процентттік маржа болып табылады. Мысалы, Ресей қысқа мерзімді несиелер бойынша орташа проценттік ставка депозитерре бойынша 4, 8% ставкасы кезінде 17, 1%, Беларуста 70, 1% және Украинада 31, 4 - 21, 7% мөлшеріне болып табылады. Бұл мәліметтер 01. 09. 2001 жылғы мәліметтер бойынша алынған. Сондықтан отандық банктердің басқа елдердің экономикасындағы тәсілдері туралы айту керек.
Республикадағы банктік сападағы жүргізіліп жатқан интеграциялық процестерді толығымен талдау келесілерді айтуға мүмкіндік береді:
- елдегі банктік нарық көлемі дамыған елдермен салыстырғанда көп емес, бірақ ол сапалы құрылымды және өсу динамикасына;
- басқа елдердің қаржылық нарықтарындағы отандық банктердің белгіленген жағдайы халықаралық іскерлік қоғамымен қабылдануы;
- отандық банктердің дүниежүзілік қаржылық нарықтарға енуі жалғастырылуда, интеграция жағдайы жақсаруда;
- ұзақ мерзімді, орта мерзімді ресурстарды көп бөлігін игеру есебінен банктердің баланстарының құрылымының сапасы жақсаруда;
- банктердің менеджментінде өзгерістер бар, немесе банктердің дамуына инвестор белгілі талаптар қоюда;
- банктік бизнестің ішкі процестерінің қалыптасуында белгілі өзара байланыстар тәжірбиеесін қалыптастырады. Мысалы, банктер қарыз алушылардың төлемқабілеттілігін банктің несиеқабілеттілігін рейтингтік агенттермен бағалауы негізінде осы тұрғыдан аз айырмашылықтарды байқауға болады.
Осы аталған барлық факторлар дүниежүзілік банктер тарапынан күшеюін көрсетеді. Жүргізіліп жатқан интеграциялық процестер біздің банктік жүйенің елдегі экономика шегінде дұрыс дамуда екенін көрсете алады.
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУЫ
2. 1 Банк қызметін және қаржылық жағдайын талдау
Отандық банктердің халықаралық нарықта шығуы алғашқы рет 1997 жылы іске асырылды. Орталық Азияның алғашқы банктерінің бірі Казкоммерцбанкіге халықаралық қорлар арасында депозитік, көшірмелерді орналастыру жүргізілді.
Казкоммерцбанк 1990 жылы Медеу Банк атымен қазақ советтін Социалистік Республика заңдылығы бойынша қалыптастырылды. Бір жылдан соң Қазақстан тәуелсіздік жөнінде декларация қабылдағаннан кейін, Медеу Банк Казкоммерцбанкке атауымен қайта тіркеліп, 1991 жылдың 21 қарашада 48 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясын алды. 1994 жылдың сәуір айында нарықта 200 банк қызмет етуші кезінде Казкоммерцбанк Астана Холдинг коммерциялық банкімен бірігіп қызмет атқарды.
Казкоммерцбанктің еншілес компанияларының санына АҚ “Казкоммерц Секьюритиз” (Қазақстандық қор нарығындағы операциялар), “Казкоммерц Капитал-2 Б. В. және Казкоммерц Интернешнл Б. В. (Халықаралық ақша нарығында капиталды игеру), АҚ бірлік есеп жүйесі (тұрғындардың коммуналдық есептеулерін жүргізуші) және АҚ “Казкоммерцполис” (сақтандыру) компаниялары кірді.
Он жыл бойы қызмет еткен Қазкоммерцбанк қазіргі кезде активтер сомасы және меншікті капитал бойынша Қазақстандағы ірі банктердің бірі және Қазақстанның алғашқы қаржылық институты болып табылады. Шетелдік инвесторлар арасында акционерлік капиталының 33% үлестіру арқылы “Казкоммерцбанктің” Лондонда, Берлинде, Бішкекте, Москвада шетелдік өкіліттіліктері бар.
Акционерлері ретінде Батыс Европа және Шығыс Американың халықаралық инвесторы табылады.
“Казкоммерцбанк” өнеркәсіп, энергетика, ауылшаруашылығы, көлік сапасы, металлургия, қабалы пайдалылықтарды өңдеуде, инфрақұрылым немесе тамақ өндірісі бойынша Қазақстандағы банк қызметін көрсетуші ірі және орташа кәсіпорын болып табылады, соны мен қатар ішкі және сыртқы сауданы қаржыландырудағы үлесі маңызды болып табылады. Банктің беделділігін Лондондағы “Euromoney” аты арнайы қаржылық-экономикалық журнал “Казкоммерцбанкті” Орта Азиядағы ең мықты банк деп көрсетіп дәлелдеді. 1997 жылы “Казкоммерцбанкті” “Euromoney” журналы Орта Азияның ең мықты банкі деп атады ал 1998 жылы күшті аймақтық банк аталынды. 2004 жылы “Казкоммерцбанкті” Алматыда аталған басылымнан -2004 жыл бойынша Қазақстандағы ең күшті аймақтық банк атағына иеленді.
2005 жылы “Euromoney” баспасына “Globol Fіnance” жёне “The Banker” қаржылық баспалары қосынды бұл баспаларда “Казкоммерцбанкті” мықты банк деп жариялады. “Казкоммерцбанк” Орта Азиялық аймақта өзінің беделін банктік жүйені және банктік қызмет кешенін кеңейтуді дамыту арқылы сақтап отыр. Бұны олардың жұмысының нәтижесі арқылы дәлелдеуге болады, мысалы өткен жылдың қорытындылары бойынша банктің меншікті капиталының мөлшері 123, 1 млн. АҚШ долларына жетті. Банктің таза пайдасы 25, 4 млн. АҚШ долларын немесе 2005 жылдың мәліметтерімен салыстырғанда 36, 5% жоғарлады.
“Казкоммерцбанк” қызметінің нәтижелері барлық бағыттары бойынша өсімді көрсетеді. Банк активтері 2004 жылда 51 процент, қарыздық портфель - 97%, депозиттері - 94%, ал тұрғындардың салымдары 3, 5 есеге жоғарлады. Сонымен, берілген мәліметтер бойынша банк табысы Қазақстандық банктер үшін рекорд, яғни 36 миллион АҚШ доллары мөлшеріне жетті, ал 2005 жылы 28 миллион АҚШ доллары мөлшерінде болған. Осыған байланысты табыстарға операциялық шығындар қатынасы кезінде 49% құрады, бұл дамыған елдердегі банктер үшін де жақсы көрсеткіш болып табылады. Казкоммерцбанк қазіргі уақытта активтер мөлшері, меншікті капитал және депозит мөлшері бойынша ірі банк болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz