Ежелгі Үндістанның мемлекеті



1 Алғашқы мемлекеттік құрылымдар
2 Ежелгі Үндістан театры
Алғашқы мемлекеттік құрылымдар Үндістанда Үндістан түбегінің солтүстік бөлігінде, Үнді және Ганг өзендерінің аймағында пайда болып. ауыл шаруашылығы мен колөнердің дамуының жоғары деңгейімен ерекшеленген. Б.э.д. II мың жылдықтың ортасында Үндістанның аумағына арийлер көшпенді тайпалары жаулап кірді, олар біртіндеп бүкіл аумақты жаулап алды да, ежелгі үндістандық өркениетті кұртты. Жаулап кірген арийлерде рулық құрылым сақталған болатын, оның негізгі буыны болып қандық туыстыққа негізделген рулық одақ — ғана табылатын, кейін оның орнына ауылдық қауымдастық — вишас келді, бұған жергілікті халық та енетін болған.
Жер өндеудің одан әрі дамуы мен қолөнердің оқшаулануы қауымдастықтардағы еңбек бөлінісіне алып келді, ал бүл, өз кезегінде, жеке меншіктің пайда болуына және қоғамның таптарға бөлінуіне негіз болды. Осылай мемлекет пайда болды.
Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең — алғашқы қауымдық құрылымның ыдырауы және құл иеленуші мемлекеттердің пайда болуы (б.э.д. II мыңжылдықтың екінші жартысы);
2 кезең — Үнді мен Ганг аймақтарында құл иеленуші мемлекеттердің құрылуы (б.э.д. II мыңжылдық — б.э.д. ІҮ);
3 кезең — Маурийлердің орталықтанған мемлекетінің құрылуы және гүлденуі (б.э.д. ІҮ — II ғ.ғ.)

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Алғашқы мемлекеттік құрылымдар Үндістанда Үндістан түбегінің солтүстік бөлігінде, Үнді және Ганг өзендерінің аймағында пайда болып. ауыл шаруашылығы мен колөнердің дамуының жоғары деңгейімен ерекшеленген. Б.э.д. II мың жылдықтың ортасында Үндістанның аумағына арийлер көшпенді тайпалары жаулап кірді, олар біртіндеп бүкіл аумақты жаулап алды да, ежелгі үндістандық өркениетті кұртты. Жаулап кірген арийлерде рулық құрылым сақталған болатын, оның негізгі буыны болып қандық туыстыққа негізделген рулық одақ -- ғана табылатын, кейін оның орнына ауылдық қауымдастық -- вишас келді, бұған жергілікті халық та енетін болған.
Жер өндеудің одан әрі дамуы мен қолөнердің оқшаулануы қауымдастықтардағы еңбек бөлінісіне алып келді, ал бүл, өз кезегінде, жеке меншіктің пайда болуына және қоғамның таптарға бөлінуіне негіз болды. Осылай мемлекет пайда болды.
Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең -- алғашқы қауымдық құрылымның ыдырауы және құл иеленуші мемлекеттердің пайда болуы (б.э.д. II мыңжылдықтың екінші жартысы);
2 кезең -- Үнді мен Ганг аймақтарында құл иеленуші мемлекеттердің құрылуы (б.э.д. II мыңжылдық -- б.э.д. ІҮ);
3 кезең -- Маурийлердің орталықтанған мемлекетінің құрылуы және гүлденуі (б.э.д. ІҮ -- II ғ.ғ.)
4 кезең -- үнділік құл иленушілік қоғамның шиеленісі және шаруашылықтың феодалдық жүйесінің бекітілуі (б.э.д. II г.)
Қоғамдық құрылым. Ежелгі Үндістандағы қоғамдық құрылымның өзіндік сипаты варналар (касталар) жүйесінің болуымен анықталды, олар өзінің құқықтық жағдайы бойынша тең емес тұйық әлеуметтік топтар ретінде қалыптасты. Қоғамның таптарға бөлінуінен кейін қауым төрт варнаға бөлінді: брахмандар варнасы (абыздар); кшатрийлер варнасы (әскери тұлғалар); вайшийлер варнасы (жер өңдеушілер); щудралар варнасы (каналушы батырақтар).
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ежелгі Үндістан театры[өңдеу]
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ежелгі Үндістанда халық ойын-сауықтары өте ертеден басталды. Оның түп төркіні ежелгі тайпалардың салт-жораларында, ырымдары мен билерінде жатыр. Үндістандағы драматургиялық шығармашылык Ежелгі Грекияғақарағанда кейінірек -- шамамен б.э.д. IV -- III гасырларда басталады. Бұл өзіндік драмалық театр өнерін жасаған дүниедегі екінші ел болды. Бірақ Ежелгі Грекия мен Рим театрына қарағанда оның даму процесі күрделі де ұзағырақ еді. Ежелден белгілі "Рамаяна"Махабхарата" сынды эпикалық поэмаларды сахнаға шығару халық театрының өзекті тақырыбы болып табылады. Сюжетьерінің көбі актерлер ойынымен орындалып кана қоймай, әңгімеленіп айтылатын үнді театрының спектакльдері арнайы сахнальщ алаң да, декорация да, көптеген аксессуарларды да қажет етпейді. Театр ойынында орындау шеберлігіне (декламация, би, пантомима, ішінара цирк өнері) ғана назар аударылады. Дәстүрлі театр өнерінде би (каткахали, катках, манипури, т.б.) негізгі рөл атқарады. Каткахали арқауы би пантомимаға кұрылады. Каткахали ойыны кезінде ежелгі үдінің эпикалық поэмалары желісіне кұрылған көріністер көрсетілп, ол әнмен сүйемелденді. Ашық алаң, айлы түнде өткізілетін бұл думан таң атканша созылды. Үндістанның солтүстік жағында кең тараған театрлық ойындар -- ұлттық немесе діни мейрамдарда орындалатын рамлила және кришналила (лила -- ойын; 14 күнге дейін созылады). Оны әуесқойлар кала және ауыл алаңдарында орындаған. Қойылымды тәжірибелі және кәсіби дайындығы жоғары бір адам дайындаған. Рамлила және кришналила сюжетінің негізінде эпикалық қаһармандар -- Рам жәнеКришна.

Халық театрлары Үндістанның басқа аудандарында да, якшагана -- Оңтүстік Үндістанда, тамаша -- Махараштрада, джаши -- Кашмирде, сванги -- Раджастханда, т.б. кездеседі. Халық ойындары үнді классикалық театрының қалыптасуына (б.з.д. V -- I ғғ.) игі әсерін тигізді. Ежелгі Үндістанда театр өнерінің жер бетінде пайда болуына байланысты мынадай аңыз бар. Адамзат алтын ғасырдан күміс ғасырға өткенде, адамдар сезім ләззаттарын біліп, олардың жүрегінде қызғаныш, ашу, сараңдык, т.б. жағымсыз касиеттер ұялағанда, Индра Құдай әлемді жаратушы Брахма Құдайға барлық адамзатка бірдей ойын-сауықты жасауды сұрайды. Брахма көп ойланып, төрт ведадан (веда -- үндістандыктардың касиетті кітабы) төрт элементті -- сөзді, әнді, пантомима мен сезімді алып, "Натъяшастраны ("Актер өнері туралы трактат") ойлап тауып Индраға береді. Бірак Индра да, басқа Құдайлар да бұны өте төмен міндет, оны одан да жердегі әйелдер мен еркектерге бер деп, кітапты Брахмаға кайтарады. Сонда Брахма кітапты ұлы дана Бхарат Муниға беріп, өнерді өзіңнің 100 ұлыңа үйрет деп тапсырады. Сөйтіп, касиетті "Натьяшастра" аспаннан жерге түседі.
Содан театр өнері жер бетінде таралады делінеді. Ежелгі үндінің "Натьяшастра" (б.з. I ғасыр) трактатында драматургия, актерлік өнер, театр сәулеті мәселелері кеңінен баяндалады. Классикалық театр эстетикасының негізінде эмоциялар (каса) және оның сахналық жүзеге асуы туралы ілім жатыр. Бізге жеткен ең бірінші пьесалар I -- II ғасырларда жазылған және олар Солтүстік Үндістанның драматургі Асвагосанікі болыпесеп- теледі. Ежелгі Үндістанда сахнада ойнаушы актер пластика, көркем сөз, костюм, грим, экспрессия өнерін бірге ұштастыруы керек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үндістан мемлекеті және құқығы
Ежелгі үндістан мемлекетіңі қоғамдық құрылысы
Ежелгі үндістан мемлекеті мен құқығы
Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқық тарихын кезеңдерге болуі
Үндістан мемлекетінің пайда болуы және оның құқығы
Ежелгі Үндістандағы құқық
Ежелгі Үндістан мемлекеті жайлы
Ежелгі Үндістан мемлекеті, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы
Ежелгі Вавилонның мемлекеттік құрылысы
Қытай сыртқы саясатындағы Үндістанның орны
Пәндер