Сүт құрамындағы нәруыздар мөлшерін анықтау (МемСТ 3625-93)


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

6. 4. 8. Сүт құрамындағы нәруыздар мөлшерін анықтау (МемСТ 3625-93)

Сыр, сүзбе, брынза, тағы да басқа сүт өнімдерінің шығымы негізінен сүт құрамындағы нәруыздар мөлшеріне тікелей байланысты. Сондықтан, өндірісте өңдеуге жіберілетін сүт құрамындағы нәруыздар мөлшерін үнемі бақылап отырады. Сүт құрамындағы нәркыздар мөлшерін екі әдіспен анықтайды: рефрактометриялық әдіс және формальды титрлеу әдісі.

Рефрактометриялық әдіс. Сүт құрамындағы нәруыздар мөлшерін рефрактометриялық әдіспен анықтау хлорлы кальций ерітіндісі көмегімен ақуыздары тұнбаға отырған зерттелетін сүт сынамасының сыну көрсеткіштерін анықтауға негізделген.

Сүт құрамындағы нәруыздар мөлшерін рефрактометриялық әдіспен анықтау үшін қажетті заттар:

  • 25-30 мл зерттелетін сүт сынамасы;
  • Сыйымдылығы 100 мл цилиндр түтік шыны;
  • 4%-дық Cacl ерітіндісі;
  • Арнайы фильтр;
  • Рефрактометр ИРФ - 22;

Анықтау техникасы

а) Тамшуыр көмегімен цилиндр түтік шыныға 5 мл зерттелетін сүт сынамасын құяды;

ә) Сүттің үстіне тамшуырмен 5-6 тамшы 4%-дық Cacl ерітіндісін тамызады;

б) Осы түтік шыныдағы қоспаны араластырып, оны арнайы фильтр арқылы өткізеді, яғни сүзіп алады;

в) ИРФ - 22 рефрактометрінде сүт сынамасы мен сүзіп алынған мөлдір фильтраттың (құрамында сүт нәруыздары жоқ) жарықтың сыну көрсеткіштерін анықтайды. Құрамындағы нәруыздар мөлшерін анықтау кезінде сүттің температурасы 20°С болу керек;

Сүт құрамындағы ақуыздар мөлшерін келесі формуламен есептейді:

a = n m 0. 002045 a = \frac{n - m}{0. 002045} (6. 5)

мұндағы n - зерттелетін сүттің сыну көрсеткіші;

m - мөлдір фильтраттың (құрамындағы нәруыздар тұнбаға отырған) сыну көрсеткіші;

0, 002045 - тұрақты коэффициент.

Формальды титрлеу әдісі. Сүт нәруыздарына формалин реакциясы келесі жолмен жүреді: формалиннің альдегидтер топтары сүт нәруыздарының амин топтарымен реакцияға түсіп, соңғылары негізгі қасиеттерін жоғалтады, осының нәтижесінде нәруыздардың қышқылдық қасиеттері күшейеді. Титрленетін карбоксиль топтарының мөлшері мен формальдегидтермен байланыстағы амин топтарының мөлшері теңеседі.

Бұл реакцияларды келесі схемамен көрсетуге болады:

N H 2 {NH}_{2} H

RCH +C=O N= C H 2 {CH}_{2}

COOH H =RCH + H 2 O 4 H_{2}O_{4}

COOH (6. 6)

Осы реакциялар нәтижесінде пайда болған метиленаминқышқылы күшті қышқыл болып табылады. Осы қышқылды сілті көмегімен титрлеу процесі келесі тәртіппен жүреді:

N = C H 2 {CH}_{2} H N = C H 2 {CH}_{2}

RCH + KOH = RCH + H 2 O H_{2}O

COOH COOK (6. 7)

Сүт құрамындағы нәруыздар мөлшерін формальды титрлеу әдісімен анықтау үшін қажетті заттар:

  • Сыйымдылығы 100 мл конусты колба;
  • 50 мл зерттелетін сүт сынамасы;
  • 1%-дық фенолфталеин спирттік ерітіндісі;
  • Бюреткалар.

Анықтау техникасы

а) Сыйымдылығы 100 мл конусты колбаға тамшуыр көмегімен 10 мл зерттелетін сүт сынамасын құяды.

ә) Осы сүт сынамасының үстіне 1%-дық фенолфталеин ерітіндісінен 10-12 тамшы тамызады;

б) Алынған қоспаны 0, 1H NaOH күйдіргіш сілтімен титрлейді. Титрлеу процесін қоспа түсі 1 минуттай уақыт тұрақты қалыпта болатын қызылтым түске енгенде ғана тоқтатады және сілті шығынын жазып алады;

в) Конусты колбаға бюреткадан тамшуыр көмегімен 2 мл 30-40%-дық формалин ерітіндісін қосады;

г) Конусты колбадағы сүт сынамасы түссізденген мезетте формалин шығынын жазып алады;

ғ) Енді күйдіргіш натрмен ссүттің түсі бастапқы қалпына келгенше титрлеп, сілті шығынын жазып алады;

Сүт құрамындағы нәруыздар мөлшерін келесі формуламен анықтайды:

A = ( V 2 V 1 ) 1. 92 % . A = \left( V_{2} - V_{1} \right) \ \cdot 1. 92\%. (6. 8)

Мұндағы V 1 V_{1} - формалин ерітіндісін қосқанға дейінгі шығындалған 0, 1H NaOH ерітіндісінің мөлшері, мл; V 2 V_{2} - формалин ерітіндісін қосқаннан кейінгі шығындалған 0, 1H NaOH ерітіндісінің мөлшері, мл; ( V 2 V 1 ) \left( V_{2} - V_{1} \right) - карбоксиль топтарын жояға шығындалған 0, 1H NaOH ерітіндісінің мөлшері, мл.

Сүт құрамындағы казеин мөлшерін келесі формуламен анықтайды:

A = ( V 2 V 1 ) 1. 51 % . A = \left( V_{2} - V_{1} \right) \ \cdot 1. 51\%. (6. 9)

1, 92 және 1, 51 - эксперимент жүзінде анықталған тұрақты коэффициенттер.

Сүт нәруыздарында адам организміндегі нәруыздарды құрауға қажетті барлық амин қышқылдары (аланин, аргинин, аспарагин, цитруллин, цистик, глицин, глютамин, гистидин, изолейцин, лейцин, лизин, метеонин, орнитин, фениллаламин, пролин, серин, триптофан, тирозин, валин, треонин) бар. Сондықтан, сүттің тағамдық құндылығы өте жоғары.

6. 4. 9. Сүт құрамындағы лактоза мөлшерін анықтау (МемСТ 8764-93)

Лактоза - суда өте қиын еритін сахарид. Бұл қасиеті қойылтылған сүт өндіргенде және балмұздақ өндірісінде үлкен рөл атқарады. Сонымен, лактоза - сүт қанты. Құрамындағы лактаза ферменттерінің әсерінен лактоза адам ағзасында жеңіл және толық қорытылады.

МемСТ 8764-93 талаптарына сай сүт құрамындағы лактоза мөлшері екі әдіспен анықталады: және йодометрикалық әдістер. Сүт құрамындағы нәруыздар мөлшерін рефрактометриялық әдіспен анықтау нәтижесінде зерттелетін сүт пен мөлдір фильтраттың ИРФ - 2 рефрактометрінің көмегімен жарықтың сыну көрсеткіштері анықталған болатын. Ал қазіргі таңда жедел әдіс - рефрактометриялық әдіс кеңінен қолданылады.

Бұл әдіс бойынша сүт құрамындағы лактоза мөлшері зерттелетін сүт пен мөлдір фильтраттың сыну көрсеткіштеріне қатысты 6. 4-кестеден анықталады.

Сүт құрамындағы лактоза мөлшері 6. 4-кесте

Сыну көрсеткіші
Лактоза мөлшері
Сыну көрсеткіші
Лактоза мөлшері
Сыну көрсеткіші
Лактоза мөлшері
Сыну көрсеткіші: 1, 3390
Лактоза мөлшері: 3, 01
Сыну көрсеткіші: 1, 3405
Лактоза мөлшері: 3, 72
Сыну көрсеткіші: 1, 3420
Лактоза мөлшері: 4, 49
Сыну көрсеткіші: 1, 3391
Лактоза мөлшері: 3, 06
Сыну көрсеткіші: 1, 3406
Лактоза мөлшері: 3, 77
Сыну көрсеткіші: 1, 3421
Лактоза мөлшері: 4, 54
Сыну көрсеткіші: 1, 3392
Лактоза мөлшері: 3, 11
Сыну көрсеткіші: 1, 3407
Лактоза мөлшері: 3, 82
Сыну көрсеткіші: 1, 3422
Лактоза мөлшері: 4, 59
Сыну көрсеткіші: 1, 3393
Лактоза мөлшері: 3, 16
Сыну көрсеткіші: 1, 3408
Лактоза мөлшері: 3, 87
Сыну көрсеткіші: 1, 3423
Лактоза мөлшері: 4, 64
Сыну көрсеткіші: 1, 3394
Лактоза мөлшері: 3, 21
Сыну көрсеткіші: 1, 3409
Лактоза мөлшері: 3, 93
Сыну көрсеткіші: 1, 3424
Лактоза мөлшері: 4, 69
Сыну көрсеткіші: 1, 3395
Лактоза мөлшері: 3, 26
Сыну көрсеткіші: 1, 3410
Лактоза мөлшері: 3, 98
Сыну көрсеткіші: 1, 3425
Лактоза мөлшері: 4, 74
Сыну көрсеткіші: 1, 3396
Лактоза мөлшері: 3, 31
Сыну көрсеткіші: 1, 3411
Лактоза мөлшері: 4, 03
Сыну көрсеткіші: 1, 3426
Лактоза мөлшері: 4, 79
Сыну көрсеткіші: 1, 3397
Лактоза мөлшері: 3, 36
Сыну көрсеткіші: 1, 3412
Лактоза мөлшері: 4, 08
Сыну көрсеткіші: 1, 3427
Лактоза мөлшері: 4, 84
Сыну көрсеткіші: 1, 3398
Лактоза мөлшері: 3, 42
Сыну көрсеткіші: 1, 3413
Лактоза мөлшері: 4, 13
Сыну көрсеткіші: 1, 3428
Лактоза мөлшері: 4, 89
Сыну көрсеткіші: 1, 3399
Лактоза мөлшері: 3, 47
Сыну көрсеткіші: 1, 3414
Лактоза мөлшері: 4, 18
Сыну көрсеткіші: 1, 3429
Лактоза мөлшері: 4, 95
Сыну көрсеткіші: 1, 3400
Лактоза мөлшері: 3, 52
Сыну көрсеткіші: 1, 3415
Лактоза мөлшері: 4, 23
Сыну көрсеткіші: 1, 3430
Лактоза мөлшері: 5, 00
Сыну көрсеткіші: 1, 3401
Лактоза мөлшері: 3, 57
Сыну көрсеткіші: 1, 3416
Лактоза мөлшері: 4, 28
Сыну көрсеткіші: 1, 3431
Лактоза мөлшері: 5, 05
Сыну көрсеткіші: 1, 3402
Лактоза мөлшері: 3, 62
Сыну көрсеткіші: 1, 3417
Лактоза мөлшері: 4, 33
Сыну көрсеткіші: 1, 3432
Лактоза мөлшері: 5, 10
Сыну көрсеткіші: 1, 3403
Лактоза мөлшері: 3, 67
Сыну көрсеткіші: 1, 3418
Лактоза мөлшері: 4, 38
Сыну көрсеткіші: 1, 3433
Лактоза мөлшері: 5, 15
Сыну көрсеткіші: 1, 3404
Лактоза мөлшері: 3, 70
Сыну көрсеткіші: 1, 3419
Лактоза мөлшері: 4, 44
Сыну көрсеткіші: 1, 3434
Лактоза мөлшері: 5, 20

Бақылау сұрақтары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүт сапасын бақылау
Ет сапасын бақылау
Ет сапасын бағалау әдістері
Макарон өнімдерінің сапасын бақылау
Дайындайтын сиыр сүтіне үйлестірілген гост стандартының ерекшеліктері
ҚАЙМАҚ ӨНІМІ
Шұбатқа ветеринариялық-санитариялық баға беру
Шикізат пен дайын өнімге технохимиялық және микробиологиялық бақылау
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
Голитен ірі қарасының тұқымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz