Динамиканың негізгі ұғымдары және жалпы заңдары


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мәнжазба

Тақырыбы: Динамика

Орындаған :

Тексерген: .

2015

Динамика

Динамика [1] (гр. dуnamіs - күш) - механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі - механиканың Ньютон заңдары. Классикалық механиканың бөлімі.

Релятивистік динамика Релятивистік динамика - механиканың, жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығына жақын, дененің қозғалысын оқып- зерттейтін бөлімі. [2]

Кедейшілік динамикасы Кедейшілік динамикасы - кедейшілік деңгейінің уақыт мерзімінде өзгеруі. [3]

Қоғамның динамикасы Қоғамның динамикасы - үлкен әлеуметтік топтарды қамтитын және қоғамның әлеуметтік құрылымында немесе әлеуметтік жүйесінде бейнеленетін әртүрлі өзгерістер, айналулар, ауысулар, үрдістер және т. б. [3]

Әлеуметтік институттардың динамикасы Әлеуметтік институттардың динамикасы -

  • а) туу сәтінен жоғалу сәтіне дейінгі институттың өмірлік циклы;
  • б) кемелденген институттың қызмет атқаруы, яғни анық және жасырын функциялардың орындалуы, дисфункциялардың пайда болуы және оларды жою;
  • в) институттың эволюциясы - тарихи мерзімдегі түрлер мен мазмұндардың өзгеруі, жаңа функциялардың пайда болуы және ескілердің жоғалуы. [3]

Музыкада Музыкалық шығармадағы үннің күші мен қаттылығының әр түрлі деңгейі. Динамиканың түрлері италиялықтар тілінде белгіленеді. Дауыс күшінің бірте-бірте өрлеуі, бірте-бірте әлсіреуі - динамикаға акценттің түрлері де жатады. [4]

Динамика Денелердiң өзара әсерлесуiн және осы әсерлесуден пайда болатын қозғалыстарды зерттейтiн механиканың бөлiмiн - динамика деп атайды. Динамиканың негiзiне 1687 жылы Ньютон тұжырымдаған қозғалыс заңдары жатады. Ньютонның 1-шi заңы Денеге басқа денелер әсер етпесе немесе олардың әсерлерi өзара теңессе дене тыныштық күйде болады немесе өзiнiң түзу сызықтық бiрқалыпты қозғалысын сақтайды. Дененiң қозғалыс жылдамдығының бағыты мен шамасын сақтау құбылысын - инерция деп атайды, ал денелердiң бұл қасиетiн инерттiлiк дейдi. Денелердiң инерттiлiгiнiң сандық мөлшерi ретiнде физикалық скаляр шама масса енгiзiлген Ньютонның 1-шi заңы орындалатын санақ жүйесiн инерциялық санақ жүйесi деп атайды. (и. с. ж. ) Мысалы инерциялық санақ жүйесiне - гелиоцентрлiк санақ жүйесi жатады. Кез-келген үдеумен қозғалатын санақ жүйесi инерциялық санақ жүйесi болып табылмайды. Күш Денелердiң өзара әсерлесуiнiң сандық сипаттамасы ретiнде физикалықвекторлық шама - күш енгiзiлген. Өлшем бірлігіДенелер өзара әсерлескенде келесi құбылыстар байқалады 1. Дене үдеу алады. 2. Денелер деформацияланады. 3. Жоғарыдағы екi құбылыс бiр мезгiлде жүредi. Денеге бiрнеше күштер әсер еткен жағдайда денеге әсер ететiн тең әсерлi күш - жеке күштердiң векторлық қосындысына тең. Мысалы, суреттегi F күшi шаңғышыға әсер ететiн ауырлық күшi мен нормаль қысым күштерiнiң векторлық қосындысы- тең әсерлi күшi болып табылады. Бойымен күш әсер ететiн түзудi - күштiң әсер ету сызығы деп атайды.

Динамиканың негізгі ұғымдары және жалпы заңдары.

Нүктенің немесе дененің күш әсерінен пайда болған қозғалысын зерттейтін теориялық механиканың бөлімі динамика деп аталады . Динамиканың заңдары көптеген жылдардағы тәжірибелер негізінде тұжырымдалып аксиомаларға айналған заңдылықтардан тұрады, осы аксиомалар негізінде тұжырымдалған механика классикалық механика деп аталады. Динамканың заңдарының негізін қалаушы Итальян ғалымы Галелей, ал оны әрі қарай жалғастырушы Ньютон болып табылады. Галелей жылдамдықтың өзгерісі әсер етуші күшке байланысты екендігін дәлелдеді. Массадеп дене көлеміндегі заттың мөлшерін анықтайтын шаманы айтамыз, ол дененің инерттілігін сипаттайды. Материалық нүктені массасы бар нүкте деп қарастыруға болады. Масса m әріпімен белгіленеді, өлшем бірлігі http://konspekta.net/studopediaorg/baza1/91064266841.files/image269.png колограмм.

http://konspekta.net/studopediaorg/baza1/91064266841.files/image270.png

Мұндағы, http://konspekta.net/studopediaorg/baza1/91064266841.files/image271.png дененің еркін түсу үдеуі, жер беті үшін http://konspekta.net/studopediaorg/baza1/91064266841.files/image272.png .

Динамиканың негізгі екі есебі бар: 1. Динамиканың 1-ші есебі. Дененің қозғалысын(кинематикадағы теңдеуін) пайдаланып денеге әсер ететін күшті анықтау. 2. Динамиканың негізгі есебі. Денеге әсер ететін күшті пайдаланып оның қозғалысын(кинематикадағы теңдеуін) анықтау.

Нүкте динамикасының заңдары: 1. Инерция заңы. Егер денеге немесе нүктеге сырттан ешқандай күш әсер етпесе, онда ол нүкте немесе дене тыныштық қалпын немесе бірқалыпты қозғалысын сақтайды. 2. Динамиканың негізгі заңы (Ньютонның екінші заңы) . Нүктеге түскен сыртқы күштің шамасы, қозғалыс кезіндегі осы нүктенің массасын, оның үдеуіне көбейтіндісіне тең және күш әсерінен пайда болған үдеу күш бағытымен бағыттас болады. http://konspekta.net/studopediaorg/baza1/91064266841.files/image273.png Мұнда, http://konspekta.net/studopediaorg/baza1/91064266841.files/image274.png нүктенің массасы; http://konspekta.net/studopediaorg/baza1/91064266841.files/image275.png қозғалыстағы нүктенің үдеуі. 3. Әсер және қарсы әсер заңы. Егер тек қана екі дене әсерлессе, олардың әсерлесу күштері шамасы жағынан тең, бағыттары қарама-қарсы және бір түзудің бойымен бағытталады.

Материалдық нүкте динамикасы

Динамика материалдық нүктелердің немесе денелердің әсерлесу кезіндегі қозғалысының өзгерісін зерттейді. Динамикада Ньютонның үш заңы негізгі заңдар болып алынады. Егер қозғалысты санақ жүйесімен байланыстыратын болсақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және санақ жүйесімен байланысты бір қалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады.

Ньютонның бірінші заңы: Нүктеге (денеге) ешқандай күш әсер етпесе, онда нүкте (дене) өзінің бастапқы тыныштық күйін немесе бір қалыпты, түзу сызықты қозғалысын сақтайды. Материалдық денелердің мұндай қасиетін инерциялық деп атайды. Сондықтан да Ньютонның бірінші заңы әдетте инерция заңы аталады. Механикалық қозғалыс салыстырмалы, оның сипаты санақ жүйесіне тәуелді. Ньютонның І заңы барлық санақ жүйлерінде орындалмайды, бұл заң орындалатын санақ жүйелері инерциялық санақ жүйесі деп аталады. Инерцияның санақ жүйесі деп, басқа бір инерциялы санақ жүйесімен салыстырғанда тыныштықта тұратын немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалытын санақ жүйесін айтамыз.

Ньютонның екінші заңын қарастырудың алдында күш, салмақ және масса ұғымдарына тоқталайық. Күш деп денелердің өзара әсерлесуінің нәтижесінде бір-біріне үдеу беруін айтамыз. Денелердің өзара әсері бір-біріне тек үдеу беріп қоймай, бір-бірінің көлемі мен формасын да өзгерте алады. Демек, дене бөлшектерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруын дененің деформациясы деп атайды. Күш - векторлық шама.

Егер әр түрлі массалы денелерге бірдей күшпен әсер етсе, онда олардың алатын үдеулері әр түрлі болады. Дене массасы үлкен болған сайын, ол дененің үдеуі азырақ болады: яғни, . Осы өрнектерді пайланып, әрі күш пен үдеудің векторлық шамалар екенін ескере отырып, былай жазуға болады:

Ньютонның екінші заңы деп аталады және былай тұжырымдалады: дененің алған үдеуі әсер етуші күшке тура пропорционал, дене массасына кері пропорционал және әсер етуші күштің бағыты бойынша өзгереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Динамиканың бірінші заңы
Негізгі ұғымдар мен динамика заңдары
XXI ғасырды – ақпарат және дамыған техника заманы
Демонстрациялық тәжірибелердің мәні
Қатты дене статикасы
Физика жайлы алғашқы деректер
Кванттық механика, толқындық механика
ДИНАМИКА. МАТЕРИАЛДЫҚ НҮКТЕ ДИНАМИКАСЫНА КІРІСПЕ
Бүкіләлемдік тартылыс заңы
Импульс түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz