Өнімнің өзіндік құны мен рентабельділікті бағалау әдістері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

3. 2 Өнімнің өзіндік құны

Өнімнің өзіндік құны (жұмыс, қызмет) - бұл өнім өндірісіне қажетті кәсіпорынның жалақы мен материалдық - техникалық құралдар шығындарының ақшалай нысанда көрсетілген шығындары.

Өнімнің өзіндік құны - кәсіпорынның тиімді шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі, сонымен қатар экономикалық ынталандыру қорын құруда қолданылатын қор құрушы көрсеткіштердің бірі.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар келесі элементтер бойынша олардың экономикалық мазмұнына сәйкес топтастырылады. :

  • материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтар құнын шегергеннен кейін) ;
  • жалақы шығындары;
  • жалақыдан аударымдар;
  • үстеме шығындар;
  • материалдық шығындар құрамында келесідей құндар көрсетіледі;
  • өндірілетін өнімнің негізін құрайтын басқа жақтан алынған шикізат және материалдар;
  • қалыпты технологиялық процесті қамту үшін қолданылатын сатып алынатын материалдар;
  • басқа кәсіпорындар орындайтын өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер,
  • табиғи шикізаттарды пайдаланумен байланысты шығындар;
  • басқа жақтан алынған әр түрлі отын түрлері;
  • барлық түрдегі сатып алынатын энергия;
  • табиғи жетіспеушілік нормасы шегіндегі зиян т. б.

3. 5 Рентабельділік

Рентабельділік - салыстырушылық қасиеті бар, тиісінше әр түрлі шаруашылық субъектілерін салыстыру кезінде қолданылатын салыстырмалы көрсеткіш. Өндіріс және өнім рентабельділігі болады. Рентабельділік кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігін яғни пайдалылығын бағалау өлшемі болып саналады.

Кәсіпорын өнімнің бірнеше түрін өндіруі мүмкін. Жеке өнімдердің рентабельділігінің өнімнің жалпы рентабельділігіне ықпалын анықтау үшін;

  1. Сату көлеміндегі әрбір өнім түрінің үлес салмағын;
  2. Рентабельділіктің жеке көрсеткіштерін;
  3. Жеке өнімдердің рентабельділігінің оның орташа шамасына ықпал ету шамасын анықтау қажет;

Капитал рентабельділігі кәсіпорын қаражатының әрбір салынған теңгесінен пайда шамасын сипаттайды. Капитал рентабелділігінің негізгі көрсеткіштері болып мыналар табылады;

  • активтер рентабельділігі;
  • ағымдары активтер рентабельділігі;
  • инвестициялар рентабельділігі;
  • меншікті капитал рентабельділігі;

Бұл көрсеткіш пайданың қанша бірлігі қаражат тарту көзіне байланыссыз активтер құны бірілігінен алынғандығын көрсетеді.

Кәсіпорын қарамағындағы пайда деп таза пайдаға жататын салықтарды төлегеннен және шығындарды өтегеннен кейін қалатын пайданы айтады.

Акционерлік қоғам құқығында жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін салынған капитал табыстылығы дәрежесін бағалаудың негізгі көрсеткіші ретінде меншікті капитал көздеріне таза пайда (П ч ), баланстық (П б ) немесе кәсіпорынның қарамағындағы пайданы (П р п ) жатқызу алынады.

Бұл көрсеткіш меншікті қаражаттың бір теңгесіне пайда шамасын сипаттайды. Меншікті капитал рентабельділігі коэфициенті биржадағы акция бағасын бағалауда маңызды рөл атқарады.

Барлық активтер мен меншікті капитал рентабельділігі көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық қаржыландырудың сыртқы көздерін тартумен түсіндіріледі. Егер заемдық қаражат осы заемдық капиталға пайыздарды төлеуден жоғары пайда әкелетін болса, онда айырмашылық меншікті капиталды қайтаруды жоғарылату үшін қолданылуы мүмкін. Егер активтер рентабельділігі заемдық қаражатқа төленетін пайыздан кем болса, онда тартылған қаражаттың кәсіпорын қызметіне ықпалы теріс бағалануы керек.

Өндіріс рентабельділігі мына формуламен анықталады:

R=[П б / (Ф орт +АҚН) ] 100%

Мұндағы Ф орт - негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, теңге;

АҚН - айналым қорларының нормативі, теңге;

Сатылған өнімнің рентабельділігі мына формуламен анықталады:

R ө ө қ *100%

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің өзіндік құны, пайда және рентабельділікті арттыру әдістері
Өнімнің өзіндік құны, пайда және рентабельділікті арттыру әдістемесі
Өнімнің өзіндік құнын төмендету және рентабельділікті арттыру әдістері
Дайын өнімнің өзіндік құны: калькуляциясы, бағалау әдістері және бухгалтерлік есебі
Өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы пайда мен рентабельділікті арттыру әдістері
Өнімнің өзіндік құнын төмендету және пайда мен рентабельділікті арттыру әдістері
Өнімнің өзіндік құны: элементтері, жіктелуі және есептеу әдістері
Өнімнің өзіндік құны: анықтау, жіктелуі және баға белгілеу әдістері
Өнімнің өзіндік құны: түсінігі, талдау әдістері және төмендету жолдары
Цемент өндірісінде өнімнің өзіндік құны: шығындар классификациясы және калькуляциялау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz