Еңбек өнімділігінің арттырудың экономикалық бағасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Ι ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні ... ... ...7
1.2 Еңбек өнімділігінің өлшеудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Еңбек өнімділігінінің резервтері, факторлары және оны анықтау әдістері ... ..14
ΙΙ ЕСЕПТЕУ . АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1
2.2 Еңбек өнімділігін сипаттайтын көрсеткішті талдау ... ... ... .21
2.3 Еңбек өнімділігін арттырудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ..30 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... .32
Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді. Сондықтан да «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 2030 жылға қарай екі есе өсуі тиіс. Ал 2050 жылға қарай бұл сектор басымдықты болады», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Елбасының атап өтуінше, шетелдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, бизнестің кәсіпкерлік палатасына шоғырлануы экономика дамуының басты маңызды факторы болып табылады. Қазақстан бүкіл әлемдік сауда ұйымының қатарына мүше болып кіруде. Әлемдік нарықтағы күрес бизнесті бәсекенің жаңа жағдайларына бейімделу қажеттілігін көрсетеді, яғни бұл кездегі кәсіпкерлік қызметтің бәсекеге қабілеттілігі, өндірістің тиімділігін жоғарлатумен соның ішінде материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардың әрбір бірлігінің қайтарымдылығын жоғарлату, негізгі өндірістік қорларды тиімді қолдану арқылы көрінеді. Бұл мәселені шешуде өндірістің тиімділігін жоғарлатудың негізгі факторы ретінде еңбек өнімділігінің тұрақты өсу қарқынын жоғарлатуды алдыңғы жолға қойды.
Экономикалық қайта құру жылдарында еңбек өнімділігін төмендетудің негізгі себебі қызығушылықтың төмендеуі болды, әсіресе ірі тауар өндірушілердің тек өсуге емес, жеткен деңгейді сақтауға да қызығушылығы төмен болды. Кенеттен бағаны бос жіберудің жағдайында кәсіпорынның технологиялық өзара байланысын анықтайтын монополді сипаты еңбек өнімділігін арттыруға, өндіріс көлемін өсіруге деген ынтасын жойып жіберуге мүмкіндік жасады.
1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы» 2013 жыл 1 наурыз.
2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 27.01.). – Астана, 2012.
3. Т.Түсіпбеков, Г. Теңізбаева Кәсіпорын экономикасы (дидактикалық материалдар және көрнекті құралдар)
4. Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесі «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыз
5. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия в АПК, Минск 2003 ж,
6. Лопушенская Г.К, Петреев А.Н. Планирование на условиях рынка,уч.пос. Дашков и К 2003 ж
7. Сундетов С.А. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономике, уч. Пос. 2004 ж, 147 бет
8. Горемыкин П.Р, Планирование на предприятия 2004 ж
9. Бабич Т.Н, Кузьбожев Э.Н, Планирование на предприятия, уч.пос. 2005 ж
10. Морозова Ю.П, Планирование на предприятия, Под. ред М ЮНИТИ 2000ж
11. Бурлибаева Д.Я, Формирование производственной программы предприятия в условиях рыночной экономике, Автореферат 2001 ж
12. Прогнозирование и планирование в условиях рынка, уч.пос Е.А Черныш, Н.П.Молчанова, А.А.Новикова, Т.А.Салтанова, М:приор 1999ж 176 бет
13. Шағын бизнеске арналған 100 жоба.
14. http://www.damu.kz
15. http://studentke.com

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Сала экономикасы
Тақырыбы: Еңбек өнімділігінің арттырудың экономикалық бағасы

2017 жыл

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Ι ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Еңбек өнімділігінің өлшеудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Еңбек өнімділігінінің резервтері, факторлары және оны анықтау әдістері ... ..14
ΙΙ ЕСЕПТЕУ - АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1
2.2 Еңбек өнімділігін сипаттайтын көрсеткішті талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...21
2.3 Еңбек өнімділігін арттырудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..32


КІРІСПЕ
Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді. Сондықтан да Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 2030 жылға қарай екі есе өсуі тиіс. Ал 2050 жылға қарай бұл сектор басымдықты болады, - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Елбасының атап өтуінше, шетелдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, бизнестің кәсіпкерлік палатасына шоғырлануы экономика дамуының басты маңызды факторы болып табылады. Қазақстан бүкіл әлемдік сауда ұйымының қатарына мүше болып кіруде. Әлемдік нарықтағы күрес бизнесті бәсекенің жаңа жағдайларына бейімделу қажеттілігін көрсетеді, яғни бұл кездегі кәсіпкерлік қызметтің бәсекеге қабілеттілігі, өндірістің тиімділігін жоғарлатумен соның ішінде материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардың әрбір бірлігінің қайтарымдылығын жоғарлату, негізгі өндірістік қорларды тиімді қолдану арқылы көрінеді. Бұл мәселені шешуде өндірістің тиімділігін жоғарлатудың негізгі факторы ретінде еңбек өнімділігінің тұрақты өсу қарқынын жоғарлатуды алдыңғы жолға қойды.
Экономикалық қайта құру жылдарында еңбек өнімділігін төмендетудің негізгі себебі қызығушылықтың төмендеуі болды, әсіресе ірі тауар өндірушілердің тек өсуге емес, жеткен деңгейді сақтауға да қызығушылығы төмен болды. Кенеттен бағаны бос жіберудің жағдайында кәсіпорынның технологиялық өзара байланысын анықтайтын монополді сипаты еңбек өнімділігін арттыруға, өндіріс көлемін өсіруге деген ынтасын жойып жіберуге мүмкіндік жасады.
Бұл бағаның өсуіне әкеледі, ол өз кезегінде инфляцияны тудырады, бұрын қалыптасқан шаруашылық байлықтың, көптеген нарық қатынасушылары үшін қарым-қатынастың бұзылуына және сонымен қатар, еңбек өнімділігінің әрі қарай төмендеуіне әкеледі.
Елбасының айтқанындай қазіргі нарық жағдайындағы экономикамызда еңбек өнімділігінің деңгейі төмен көрсеткіштерді көрсетеді. Кез - келген кәсіпорын өзінің еңбек өнімділігін арттырып, сол арқылы өз пайдасын арттыруға тырысады.
Еңбек өнімділігі бұл өндіріс процесінде еңбектің тиімділігі. Өнімнің бір мөлшерін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.
Курстық жұмысының мақсатына жету үшін келесі міндеттер орындалуы қажет:
- Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні;
- Еңбек өнімділігінің өлшеудің негізгі әдістері;
- Еңбек өнімділігінінің резервтері, факторлары және оны анықтау әдістері;
- Еңбек өнімділігінің көрсеткішін талдау;
- Еңбек өнімділігінің арттырудың тиімді жолдары.
Курстық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық негізі - туындап отырған проблема бойынша отандық және шетелдік экономика ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері, Үкімет қаулылары, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары, халықаралық ұйымдарының есептері.
Зерттеу барысында салыстырмалы және статистикалық талдау, эмпирикалық, сұхбаттау, бақылау әдістері қолданылды.
Курстық жұмысының мақсаты. Өндіріс тиімділігімен еңбек өнімділігінің өзара байланыстылығын қарастыру үшін, қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділік мәселелерін түсінудегі алғы шартарды қарастыру.
Курстық жұмысының статистикалық базасын Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің статистика бөлімінің мәліметтері құрайды.
Ι ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
0.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні
Еңбек Өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.
Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады.
Өнімділік -- осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы.
Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің' шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді.
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар:
Біріншіге өнімділіктің статистикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.
Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті.
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) -- бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы:
ЕӨ = Өнім көлемі Жанды еңбек шығындары
Бұның көп тараған формалары:
еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
еңбек еткен бір адамның шығарғаны.
Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы, капитал қайтарымы темендейді, ал материал қайтарымы өседі:
Капитал қайтарымы = - Өнім көлемі Негізгі капитал шығындар
Материал қайтарымы = - Өнім көлемі Агымаагы материалдық шығындар
Көпфакторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде мыналар болады:
ағымдағы шығындар (жұмысшы күшіне, шикізат, материалдар сатып алуға т.б.);
аралас бағалау (осы және басқалар).
Еңбек өнімділігінң көпфакторлық және жалпы көрсеткіштерін есептеудің бастапқы формуласының түрі:

МФ = Q f(x) (1.1.1)
немесе:
МФ = ΔМФ МФ¤ (1.1.2)
Бұнда x -- МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар;
Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:
1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.
2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.
3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.
4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.
5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.
Өнімділіктің көрсеткіштері 1.1.1 - кесте

Өндірістің техникалық дәрежесін көтеру
Кешендік механизация және автоматизация.Прогресивтік технология енгізу. Өнімнің конструкциясын, техникалық сипаттамаларын т.б. жетілдіру. Еңбек заттарының пайдаланылуын жақсарту немесе оларды басқалармен алмастыру.
Басқаруда еңбекпен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру
Басқару құрылымын. Басқарудағы еңбекті механизациялау және рационалдау EFҰ (HOT) енгізу. Еңбекті мөлшерлеу
Өндіріс құрылымындағы өзгерістерге сәйкес еңбек шығындарының өзгерістері
Еңбек сыйымдылығының дәрежесі әр түрлі болатын жеке өнімдер түрлерінің үлес салмағын өсіру немесе төмендету
Адам факторы
Білім дәрежесінің өсуі, өндірістік квалификацияның өсуі, адамдардың еңбекке қатынасы

Басқа салаларда шығындардың айырмашылығын дүниеге әкелетін жағдайлар -- жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құруға, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен квалификациясы және т.б. жағдайлар. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрі басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуатсіңіргіш.
Әдетте, материалдық шығындардың үлес салмағының өсуі өндірістің мамандануымен, онда кебінесе кешендік бұйымдарды пайдаланумен байланысты болады. Бүгінгі заманда, салалар масштабында, шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді.
Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторлар:
тұтынудың, сондықтан өндірістің жекеленуін (индивидуалдық болуын) көздеу;
шығарылымдардың (шығарылатын өнімнің) ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруын, алмасуының қажеттігі;
ҒЗТКЖ шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама т.б.
Екіншісі, тенденция жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты. Қазіргі заманда, ілгері дамыған елдерде, көп өнімдер бойынша өндіріс дәрежесінің дамығаны сонша, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып отыр. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатталады. Жаңа өнімдердің сапасының жоғарылауы, көбінесе, олардың бағасының осүіне емес, кемуіне, проценттеп емес, еселеп, әкеліп соғады. Ассортименттің күрделі алмасып жаңаруы әр 5-10 жылда, жаңа технологияға көшу -- әр 3 жылда жүріп отырады.
Жеке региондардың (және елдердің) орналасуының табиғи географиялық жөне демографиялық айырмашылықтары өндіріс шығындарының регионалдық (елдераралық) дифференциациясын тудырады. Бұдан көп бұрын А.Смит былай деп жазған: Егер кейбір бөтен ел бізді кейбір тауармен, біздегі бағадан арзан бағамен қамтамасыз ете алса, онда олардан сол тауарларды біздің өндірістің артық өндірген өнеркэсіп өнімдеріне сатып алған жөн. Бұл көзқарас абсолюттік артықшылык теориясы деп аталды. Д.Рикардо өзара пайдалы сауда мен еңбектің халықаралық мамандалуының жалпы принциптерін тұжырымдаған.
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеудің негізгі әдістері.
Еңбек өнімділігінің үш негізгі өлшемдерін ерекшелеуге болады: табиғи, еңбек және құн.
Еңбек өнімділігін өлшеудің табиғи әдісі жұмыс уақытының бірлігінде табиғи формада өнімнің қазбасын сипаттайды. Еңбек өнімділігінің табиғи көрсеткіштері: килограммдар, метрлер және т.б.
Табиғи әдіс шектеулі қолданысқа ие және негізінен бригадалар, буындар мен жұмысшылардың өнімділік көрсеткіштерін салыстыру, сондай-ақ қазбалар нормаларын және оларды орындау деңгейін анықтау кезінде қолданылады. Жұмыс уақытының нақтылы шығындарын талдау, жұмысшының, бригаданың, түйіннің жұмыс қарқындылығын анықтау үшін жұмыстарды орындауда еңбек шығынының көрсеткіштері (өнімділікке қатысты кері көрсеткіш) қолданылады, ол шығындалған жұмыс уақытының жалпы көлемінің жұмыстың барлық көлеміне, орындалған жұмыс бірліктерінің санына, яғни уақыт нормасына қатынасы ретінде анықталады.
Еңбек өнімділігін өлшеудің еңбек әдісі жұмыс уақытының нормативтік шығындарының нақтылы шығындарға қатынасы ретінде сипаттайды. Берілген әдіс есептеудің күрделілігі үшін шектеулі қолданылады және ғылыми-техникалық үдерістердің әсерінен мерзімді түрде қайта қаралып отыратын әртүрлі нормалар механикаланған және қол жұмыстарына жасалумен байланысты жұмысшылардың механикалық жабдықталуы мен жұмыстардың механикалану деңгейінің өсуіне әсерін ескеруге мүмкіндік бермейді.
Еңбек әдісі нормалармен, өндіру нормаларын орындау нормаларымен немесе жұмысшыларға жұмыс көлемін пайызбен нормативтік уақытын қысқарту дәрежесімен салыстырғанда жұмысшылардың еңбегін қолдану нәтижелілігін анықтау үшін қолданылады.
Еңбек өнімділігін өлшеудің құндық әдісі әсіресе өнеркәсіптік кәсіпорындарда кеңінен қолданысқа ие болды, өйткені жұмыстардың әртүрлі түрлерін оларды бірыңғай өлшемге келтіру жолымен есепке алу және салыстыру мүмкіндігін береді. Еңбек өнімділігін жоспарлау мен есепке алудың негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде өндіріске жұмыслдырылған бір жұмысшыға құндық сипатта өндіру көрсеткіші қолданылады. Алайда бұл әдіс еңбек өнімділігінің деңгейін үнемі дұрыс көрсете бермейді, өйткені оның құндық сипатына жұмыс құрылымы мен материал шығындары әсер етеді.
Еңбек өнімділігінің абсолюттік деңгейі жоспарлы кезеңде базистік кезең өнімділігін жоспарлы кезеңде еңбек өнімділігінің өсуіне көбейту жолымен анықталады. Еңбек өнімділігі (ЕӨ) өсуінің жоспарланған пайызы:

ПТ = 100 (Ппл - - Пф) Пф , (1.2.1)
формуласы бойынша анықталуы мүмкін.
мұндағы Ппл мен Пф - - базистік жылда (кезеңде) жұмыс істейтін бір орта тізімдегі жұмысшының сәйкес жоспарлы және нақтылы өнімділігі.
Мөлшерлік әдіс іс жүзіндегі еңбек шығынының, мөлшерлемелермен бекітілген белгілі бір жұмыс көлеміне қатынасы, яғни жұмысшылырдың өнім шығару мөлшерінің орындалу дәрежесін анықтайды. Бұл мөлшерлік көрсеткіш еңбек сыйымдылығының норма бойынша (адам-күн) қатынасының 100% көбейтілген мәні.
Жалпы өнімнің құндық көрсеткіші, бұл көрсеткіш негізінде ұзақ жылдар бойы өнім шығару көлемі есепке алынып, жобаланған. Ерекшелігі әртүрлі жылдар ішіндегі әртүрлі кәсіпорындар шығарған өнім белгілі бір жылдағы көтерме бағасы бойынша есептелінеді. Бұл әр түрлі периодттағы бағалар өзгерісін нивелирлеуге мүмкіндік береді. Бірақ өнім құны оны шығаруға жұмсалған еңбектен басқа, кооперацияға түсетін затталған шикізаттарға, материалдарға, жартылайфабрикаттарға, бөлшектерге де байланысты. Өңдеуге жұмсалатын қымбатырақ шикізат, өнімнің жалпы құнын және сәйкесінше жұмысшылырдың қатысуысыз ақ еңбектің өнімділік дәрежесін де жоғарылатады. Жалпы өнімнің құнына сондай ақ аяқталмаған өнімнің периодттың басы мен аяғындағы құны кіреді. Бұл, кәсіпорындарға жалпы өнімнің, сонымен бірге еңбек өнімділігінің құнын аяқталмаған өнім негізінде жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Тауарлы өнімнің құндық көрсеткіші аяқталмаған өнімнің әсеріне ұшырамайды, бірақ жалпы өнімге тиісті көрсеткіштердің бірқатар кемшіліктер тиесілі.
Теориялық жағынан қарастырғанда кәсіпорынның өнімді шығаруға жұмсаған салымы туралы толығырақ түсінікті қайта жасалған құнның таза өнімінің көрсеткіші береді. Себебі, оның мәніне шикізат, материал, жартылай фабрикаттардың шығыны әсер етпейді, ол амортизациялық аударылымдардан босатылған.
Р=Ж+Пт (1.2.2)
мұнда, Ж - кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы (есептелінген төлеммен бірге), Пт - кәсіпорын табысы.
Таза өнім, ол нарықтық бағалар бойынша сатылып жатса, қайта жасалынған өнімді сипаттайды. Бірақ, шындығында(J) монополиялық бағалар әсері едәуір, олар кәсіпорынның жаңа құн жасауға салымын құлдыратып, таза өнімге құн орнату үлкен проблемаға айналады.
Шартты таза өнімнің көрсеткіші өзінің құрамына жалақы және қосымша табыстан басқа негізгі қаражаттң амортизациялық аударымдарын, яғни өткен еңбектің бөлігін қосады:
Р=Ж+Пт+A (1.2.3)
мұнда Ж - кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы (есептелінген төлеммен бірге), Пт - кәсіпорын табысы, А - амортизация мөлшері.
Бұл көрсеткіштің жақсы жағы, жаңа құн жасай отырып, ол саластырмалы болады. Себебі, бұл көрсеткіш өндірістің еңбексыйымдылығына байланссыз және мұнда шығарлған тауар "тиімді" және "тиімді емес" болып ажыратылмайды. Сондай ақ, еңбек өнімділігінің көрсеткіші кооперативті жеткізілімдер мен өнімнің бұрылыс шотынан тәуелсіз. Соңғысының өндірістерді біріктіріп, жаңа өндіріс құруда мәні зор.
Еңбек шығындар атқарылған адам-сағат көлемімен дәлірек сипатталады. Бірақ оларды есептеу күрделі мәселе.
Жұмысшылардың орта тізімдік саны адам-күнмен салыстырғанда, күні бойындағы үзілістерді ескермейді. Алайда, жұмысшылардың орта тізімдік санын жылдық еңбекөнімділігін есептегенде қолданады және ол мемлекет деңгейіндегі түрлі кәсіпорындардың көрсеткіштерінің салыстырмалылығын қамтамассыз етеді. Сағаттық және күндік өнім шығару көрсеткіштерін, кәсіпорынның ішкіөнімділігін талдау жасағанда қолданады.
Сонымен, өнім шығаруды анықтау үшін сәйкес өндіріс пен еңбек шығындарының көлемін таңдайды.
Өнім көлемі мен еңбек шығындарының көрсеткіштерінің жетістіктері мен кемшіліктерін талдау негізінде, кез келген үйлесімнің нақты бір экономикалық мәні бар екенін ескеруге болады, ал оларды еңбек өнімділігін өлшеудің нақты тапсырмасын ескере отырып таңдау қажет. Кәсіпорында өнім шығарудың ең универсалды әдісі осы кәсіпорынның орта тізімдік бір жұмысшысына тиісті, кәсіпорынның таза өнімінің бір жылдық көлемі.
1.3 Еңбек өнімділігін арттыру резервтері, факторлары және оны анықтау әдістері
Еңбек өнімділігін жоғарылатудың факторларын, шарттарын және резервтерін айыра білу қажет. Фактор деген ұғым көбінесе еңбек өнімділігіне әсер ететін күшті анықтаумен беріледі. Еңбек өнімділігін арттыру факторларының іс-әрекеті белгілі бір жағдайларда жүреді, олар әр түрлі табиғи, материалдық - техникалық ерекшеліктермен сипатталады. Бұл жағдайлар еңбек өнімділігін арттыру шарттарын жасайды. Табиғи шарттар табиғи қазбалардың байлығымен, жердің құнарлығымен, т.т. сипатталады; материалдық шарттар өндіргіш күштердің даму дәрежесімен, тұрғындардың тұрмыс деңгейімен т.т. көрінеді; қоғамдық-әлеуметтік шарттар экономикалық құрылыспен, өндірістік қатынастардың сипатымен беріледі.Сонымен бірге еңбек өнімділігін арттыру жолдары қарастырылады. Еңбек өнімділігін арттыру жолдары деп оның факторларының әсер ету бағыттарын, адамдардың оларды пайдалану тәсілдерін айтады. Мысалы, "техникалық прогресс" деген фактор өндірісті механикаландыру, автоматтандыру, электрлендіру, химияландыру, компьютерлендіру т.с.с бағыттармен көрінеді. Еңбек өнімділігін арттыру резервтері - өндіргіш күштерді дамытудың берілген деңгейіндегі еңбек өнімділігін арттырудың пайдаланылмай отырған мүмкіндіктері. Резервтер қоғамдық өндірістің әртүрлі бөлімдеріне қарай халық шаруашылығының резервтері, салалық, сала аралық, ішкі өндірістік резервтер деп бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы бір-бірімен тығыз байланысты. Сол сияқты резервтер кезеңіне қарай ағымдағы және болашақтағы деп бөлінеді. Халық шаруашылығының резервтеріне өндіріс құрылымын жетілдіру, өндіргіш күштерді орналастыру, өндіріс техникасы мен технологиясын дамыту, жұмыс күшін ұдайы толықтыру жағдайларын жаңарту және т.б. жатады. Ел басының халыққа жолдауында "... өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу..." керектігі айтылған.Экономиканың салалары - ауыл шаруашылғы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту арқылы экономиканың құрылымдық мәселелерін, жұмыспен қамту мен кедейлік мәселелерін шешу көзделген.Салалық резервтер өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдірумен, белгілі бір саланы мамандандыру мен кооперативтендіру ұтымды дамытумен байланысты. Сала аралық резервтер бір - біріне жақын салаларда тиімділікті арттыруды көздейді. Мысалы, егер металлургтер дайындаманы дайын бұйымның салмағына жақындататын болса, онда мұның өзі машина жасауда еңбек өнімділігін едәуір арттырады. Еңбек өнімділігін арттырудың ішкі өндірістік резервтері үш бағыт бойынша топтастырылады: еңбек сиымдылығын төмендету, жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту, кадрларды ұтымды орналастыру резервтері. Өнімнің еңбек сыймдылығын еңбекті қажет ететін жұмыстарды механикаландыру мен автоматтандыру, ескірген жабдықты да алмастыру, озық технологияны енгізу және т.т. арқылы төмендетуге болады. Мысалы, болтты токарьлық станокта кесіп жасауға қарағанда оны суытпай ойып алуда еңбек сиымдылығы 10-15 есе аз болады. Әрбір жұмысшы осы өндіріс жағдайларында қандай технологияның ең прогресті технология болатынын білуге тиіс. Мысалы, ағаш өңдеу өнеркәсібінде мебельді престелген тақталардан жасау технологиясын пайдаланғанда өнім өндіру шамамен 10 есе артады. Еңбек өнімділігін өсірудің мол резерві жұмыс уақытын жақсы пайдалануда болып отыр. Кәсіпорындарында жұмыс уақытының шығыны аптаның алғашқы күнінде және сменаның алғашқы сағаттарында көп болады. Мұның себебі өндірістің негізгі процестері арасындағы және қосымша қызметтермен арадағы жұмыс уақытының жете үйлестірмеуі, смена ішіндегі еңбек пен демалыс тәртіптерінің сақталмауы болып табылады. Жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту үшін ең алдымен жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетуді жетілдіру, еңбек тәртібін нығайту кадрлардың мамандығын арттыру, жұмыстың озық әдістерін енгізу, қызметкерлердің еңбек нәтижелеріне деген ынталылығын күшейту қажет. Еңбек өнімділігін өсірудің елеулі резерві жұмысшы кадрларын орналастыруда болып отыр. Мәселен, егер көмекші жұмысшылардың еңбегін механикаландырып және ұйымдастырылуын жақсартып, олардың үлес салмағын азайтса, онда тұтастай алғандай өнімділік өседі. Еңбек өнімділігін арттыру резервтері сан-алуан. Әрине, олар бір мезгілде, комплексті түрде пайдаланылса, нәтиже де неғұрлым жемісті болады. Сонымен, еңбек өнімділігі дәрежесін анықтайтын жағдайлар еңбек өнімділігі өсуінің факторлары деп аталады. Еңбек өнімділігін арттырудың факторларын былай топтауға болады: 1. Ғылыми-техникалық прогресс, жаңа техниканы үздіксіз енгізу және қолдану, өндірісте қазіргі ғылым жетістіктерін кеңінен пайдалану, прогресті технологиялық процестер, жаңа материалдар мен энергия түрлерін енгізу. 2. Жұмыскерлердің мәдени-техникалық деңгейлерін жүйелі түрде көтеру, жалпы және арнаулы білімді көтеру негізінде жұмыскерлердің квалификациясын, кәсіби шеберлігін арттыру, еңбекке деген саналы ынтаны дамыту. Жоғары мамандық қызметкерлерге жаңа техниканы, шикізатты, материалды неғұрлым тиімді пайдалануға, өнім сапасын жақсартуға және осының негізінде ең жоғары еңбек өнімділігіне жетуге мүмкіндік береді. 3. Еңбекті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру, алдыңғы формаларды енгізу, өндірістің құрылымын жақсарту, еңбекке деген ынталаушы құралды барынша дамыту. Қазіргі уақытта бұл бағыт шешуші бағыттардың бірі болып отыр. Техника мен адамдарды бірыңғай технологиялық процеске ұтымды біріктіру, еңбектің, өндіріс пен басқару ісінің ұйымдастырылуын жолға қою. Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері жеке және қоғамдық еңбек өнімділігінің көрсеткіші болып бөлінеді. Қоғамдық еңбек өнімділігі (ЕӨ) халық шаруашылығының барлық салаларында жыл бойы жасалған қоғамдық жиынтық өнімді барлық жұмсалған нақты еңбек пен затқа айналған еңбекке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі дағдарыстан кейінгі даму кезеңіндегі ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары
Кәсіпорынның персоналын басқару
Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімі
Кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыру, өнімге баға беру
Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану шараларын дайындау
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
«Жартаc» ЖШС-ндегі еңбек өнімділігі көрсеткіштерін талдау, оны арттыру мақсатында кәсіпорын тарапынан жасалатын шаралар жүйесіне баға беру, оның кемшіліктерін анықтау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсыну
Калькуляциялау нысандары бойынша шығындарды бөлу
Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы
Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
Пәндер