Аңшылық алқаптардың типологиясы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: АҢШЫЛЫҚ АЛҚАПТАРДЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

ОРЫНДАҒАН: Қонысова Ф.

ҚАБЫЛДАҒАН: аға-оқытушы Байбатшанов

АЛМАТЫ 2016

ЖОСПАРЫ

Кіріспе . . . 3

1. Аңшылық алқаптардың сапасы . . . 5

2. Аңшылық алқаптарының қорғаныш және ұялық сапасын жоғарлату . . . 7

3. Аңшылық алқаптарының азықтық қорын жақсарту . . . 8

4. Аңшылық жануарларын қоректендіру . . . 10

Қорытынды . . . 15

Пайдаланған әдебиеттер . . . 16

КІРІСПЕ

Аңшылық алқаптары типологиясы - аңшылықтану ілімінің бір саласы, оның зерттеу нысанасы болып аңшылық алқаптарының түрлері. Типологияның мақсаты - аңшылық алқаптарының табиғи өндірістілігін және шаруашылық өнімділігін анықтау және аңшылық шаруашылығын ұйымдастыру жайлы теориялық білім беріп және іс жүзінде дағдыландыру, биолог-саяткерлерді ҚР аңшылық алқаптарын толық және тиімді игеруді тұрақты құралы, берік теориялық білімдерімен қаруландыру.

Біздің еліміздің, ел қоныстанбаған және өндіріс шаруашылықтары орналаспаған территорияның барлығы әртүрлі аңшылық алқаптарына (орман алқабы, су айдыны, далалық алқап) жатады. Бұл алқаптар аңның өмір сүретін ортасы. Қазақстан бүл түрғыдан алғанда, басқа мемлекеттермен салыстырғанда көптеген артықшылығы және келешегі бар ел. Жайылым және шабындық жерінің көлемі жағынан Қазақстанмен Монголия және АҚШ-ты салыстыруға болады. Тек, мемлекетіміздің солтүстік аймағында дала алқабы 200 млн. гектарға дейін барады. Ол дегеніміз Франция мемлекетінің жер аумағынан үш есе артық. Дегенмен жерге байлық, оны тамақ және азықтық проблемаларды шешу үшін тиімді пайдалану, қазіргі заманда езөкті мәселе. Өнім аз беретін дала алқаптарын, шелді және жартылай шөлді аймақтарды аншылық алқабы ретінде пайдалану қажет.

Казақстанның жалпы 60 млн. га жері аңшылық алқаптар болып саналады, оның 27 млн. гектары спорт бағытындағы аншылық және балық шаруашылық ұжымдарына бекітіліп тіркелген.

Тіркелген аңшылық алқаптар республиканың әр алуан. ландшафты аймақтарында жайғасуына байланысты, ондағы аңшылық аңдардың да түрлері көп болып келеді.

Орманды-далалы аймақ түгелдей Солтүстік Қазақстан шегінен өтіп Қостанай, Көкшетау, Орал аймақтарының солтүстігінде, Павлодар және Семей алқабында жайғасқан Ертіс өзенінің оң жақ жағасын шолып жайғасқан.

Ағашты массивтер, жыртылған далалы учаскелермен, көптеген көлдермен (көбінесе еріген сумен толықтырылатын) араласып дамыған. Бұл аймақтарда ағаштар өкілі болып қайың және терек саналады, ал кейбір учаскелерде қарағай да кездеседі.

Аң шаруашылықтарын бұлан, елік, қабан, ақ қоян, сұр қоян, құр, шіл, қаз, үйректің барлық түрлері мекендейді.

Далалық аймақ еліміздін Батыс және Орталық Қазақстан бөлігінде жайғасқан. Бұл аймақтарда негізінен сулы аңшылық алқапта көп тараған. Аңшылық кәсіпшілік объектісі болып суда жүзетін жабайы құстар саналады. Далалық аңшылық алқаптар фаунасына қарсақ, суыр, борсық, саршұнақ, сұр қоян, дуадақ, безгелдек.

Құрақ және қопалы суаттардың жағалауында қабан, ал ағашты шоқтарда еліктер кездеседі.

Шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар . Бұл аймаққа сирек бұталы және аздап шөп жамылған алқаптар қасиетті. Шөлейтті алқаптың жағдайына бейімделген сүт қоректі жануарлар көптеп кездеседі қарақұйрық, манул (мысық түстес жыртқыш), хаус. Бұлардың барлығы да селдір кездесетін аңдарға жататын себептен Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген. Шөлейтті аймақтың фаунасының ең бағалы және көп тараған өкілі ақ бөкен.

Далалы алқаптағыдай, шөлейтті және жартылай шөлейтті алқаптардағы аңшылық шаруашылықтар, көбінесе бұтақты өсімдіктес өзен жағалауында жайғасқан. Мұндай суаттар маңындағы өсімдіктермен жамылған учасклерде қабан, елік, құм қоян фазандар кездеседі. Спорттық аң аулау объектісі, шөлейтті жабайы құстар: бұлдырық, қарабауыр.

Таулы алқаптар республиканың оңтүстігінде, оңтүстік- батысында және батыста жайғасқан. Қазақстанға шектес болып кіретін Алтай тауының ағаштары нағыз орманды құрайды. Жануарлар дүниесі тауларда мекендеуге бейімделген түрлерден тұрады. Көп тарағандары: аю, елік, таутеке, марал, қабан, қүндыз, қара күзен, тиін, борша, сібір күзені.

Қылқанды ормандағы жабайы құстардан құр, саңырау құр, шіл, орман ақ кептері сияқты қанаттылар .

Алтай аймағындағы өзендерде, көлдерде және батпақтарында қоңыр қаз, барылдауық үйрек, қоңыр үйрек, біз құйрық, айдарлы қасқалдақ, көк ала үйрек, қасқалдақтар кездеседі.

Қазақстанда Жоңғар, Іле, Талас Алатауы, Тянь-Шан тауы таулы аймақтар жүйесіне енеді. Өсетін өсімдіктер аса әртүрлі болып мінезделуіне байланысты, мұнда аңшылық аңдардың көптеген түрлері тараған.

Аңшылық алқаптардың сапасы.

Аңшылық алқаптың сапасы - азықтылығымен, құстар ұялауға және басқа аң жануарларын қорғаушылық қасиеттілігімен бағаланады. Кейбір аңдардың (қабан, елік, бұғы) табиғатта таралуы, түскен қардың қалыңдығына байланысты болады. Борсық, түлкі және т. б. аңдар қыратты және ойпақ, жыра, сайлы - ін қазып тығылатын жерлерде өмір сүруге бейімделген.

Аңшылық алқаптың сапасы ең бірінші онда өсетін өсімдіктердің молдығына және түрлеріне байланысты. Ал оған әсерін тигізетін негізгі факторлар қатарына: ауа-райы, топырақтың құндылығы, жердің рельефі және адамзаттың іс- пыйғылы жатады.

Бұл тұрғыдан, аңшылық алқапты зерттеу барысында проблемаға көніл бөлу қажет:

1. Экологиялық, яғни қоршаған орта жабайы аңдарға және құстарға өмір сүруге жарамды орын.

2. Аң шаруашылықтық, яғни алқап өндірістік аймақ ретінде аншылық жүргізуге пайдаланғанда.

Осы себептен оны дұрыс жүргізу мақсатпен, аңшылық алқап мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік және т. б. қоғамдаі мемлекеттік қаулы шығарылып бекітіледі.

Қазақстанда аңшылық алқаптың 2/3 бөлігі ауыл және орман шаруашылығының қарамағына енеді. Осы себептен аңшылық алқапты дұрыс ұйымдастыру және тиімді пайдалану, халық шаруашылығының бір саласы, аң шаруашылығының да жоспарымен келісімді болуы қажет.

Еліміздің әртүрлі географиялық аймақтарында аңшылық алқаптың құрамы және сапасы әртүрлі болады. Осы себептен мемлекеттік аймақтарды, аң шаруашылық аудандарға жіктеу және бекіту жұмыстары өзекті мәселе. Мұндай аудандандыру, тек қана аңшылық алқаптарын типологиялау негізінде жүргізілуі тиіс.

3. Әрбір аңшылық шаруашылыққа өзара жақсы ажыратылатын алқаптардың типтерін белгілейді. Әрбір типке өзіне сәйкес жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің құрамы, олар популяцияларының тығыздығы тән. Бір типке жататын алқаптарда мекен ету стацияларында қоректік және қорғаныс жағдайларының қайталануы байқалады. Аңшылық алқаптар типологиясын құрағанда зерттеушілер рельеф, өсімдік жабынының құрамына, жасына, толықтырылуына ж. т. б. көрсеткіштерге сүйенеді.

Аңшылық алқаптар типологиясының негізгі жіктеу бірлігі болып алқаптардың типі саналады, тип деп өсімдіктер өскен, жануарлар мекендеуге жағдайлары ұқсас көлемі бойынша ең кішкене учаскені атайды.

Орман аңшылық алқаптарының белгілі типіне кіретін территория құрамы бір-біріне жақын, ағаштың бір түрі басым келетін ұқсас жерлерді біріктіреді. Типтер келесі жалпы ірі типология бірлігі - кластарға бірігеді. Класстар оны құрайтын ағаш тұқымына байланысты бөлінеді. Мысалы қарайлы орман, шырша, листвяга . ең жоғарғы классификациялық бірлік ол категория. Барлық орман аңшылық алқаптар бір категорияны құрайды - орман және бұталар.

Барлық орманды емес алқаптар 3 категорияға бөлінеді: қына, мүк немесе шөптесін жабыны бар ашық категория; сулы-батпақты категория және шөп жабыны жоқ алқаптар. Сонымен қатар аңшылық шаруашылығын жүргізуге жарамайтын аумақтар бөлек категорияға бөлінеді.

Аңшылық алқаптарының қорғаныш және ұялық сапасын жоғарлату

1. Қорғаныс ремиздерді құру

2. Аңдармен құстардың індерін, ұяларын сақтау

Қорғаныс ремиздерді жануарларға арнап егілген егістіктер, үстеме қоректендіру аландар, суаттар, тұздықтар, тынығу аймақтар маңында ұйымдастырылады. Мұндай ремиздерде жануарлар жыртқыштар мен ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғанады.

Ремиздерді ауылдар мен шаруа қожалықтардың территорияларында олардың басшыларымен келісіп құруға болады. Ол үшін мәдени өсімдіктер үшін сапасы төмен учаскелер қолданылады, оларға жыралар, құрғап қалған өзен арналары, бос аландар, құм басқан территориялар пайдаланылады. Ремиз құру мақсатымен бұл жерлерге астық тұқымдасының өкілдерін, дрок, долана, итмұрын, таңқурай, шырша, жабайы алма, шетен өсіріледі. Егер мүмкіндік болса ремиздің сыртына қарай тікенді бұталарды егіп ортасына қоректік маңызы бар сұлы, қара құмық, тары, жералмұрт сияқты өсімдіктерді өсіреді, сонда ремиздің қорғаныс қызметімен бірге қоректік жағдайы да жақсарады.

Бұғылар, еліктер, бұландар орманда аса биік емес, сирек өскен бұталарды ұнатады. Алайда қатты аязда, боранда, жауын-шашында, ыстық мезгілде және көбею мезгілінде олар қалын бұта арасында жасырынады. Мұнда суық кезінде жылы, ал жазда салқын, мазалайтын қансорғыш бұнақденелілер аз болады. Аязда, мұз тайғақ, қалын қар жауған жылдары мұндай жерлерде үстеме қоректендіруді ұйымдастыру қажет.

Аңшылық шаруашылықтарда ремиздермен көбею учаскелері де қоршалады. Оларды таңдаудың басты шарты - территориясында ашық аландар, суаттар, қоректену егістіктері елді мекендерден алыс орналасуы, жақсы табиғи қоректік база. Бұл шарттарды орындау үшін мазалау факторын азайту қажет (жеміс-жидек, саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинауға шек қою) .

2. Адам іс-әрекеттерінен жабайы жануарлардың мекен ету орталары қысқарып келеді. Көп адамдар бір жануардың түрін сақтап қалу үшін тек қана оны аулауға тыйым салса болды деп ойлайды. Бұл пікір дұрыс емес. Көптеген жануарлар түрлерінің азаюы жылдан жылға олар тіршілік ететін алқаптар азаяды, онымен бірге көбеюге қолайлы орындар да жоғалады. Сондықтан кез келген аң немесе құс аулағанда олардың ін, ұяларын бұзуға тыйым салынады. Еліміздегі аң аулау заңнамасында жауарлардың ұясын, інін, ағаш қуыстарын бұзып ұстау әдістеріне толығымен тыйым салынған.

Аңшылық алқаптарының азықтық қорын жақсарту.

1. Ашық алқаптардағы азықтық өсімдіктер

2. Су алқаптарының өсімдіктері

Аңшылық алқаптардағы жануарлардың саны азықтық қорға тікелей байланысты. Ең маңызды биотехниялық шаралардың бірі - алқаптардың қоректік базасын жоғарлату. Оны көбейту үшін қоректік өсімдіктер өсіреді, қорекке жеңіл қол жеткізу және оны қорытуды жақсарту, минералды азық қосу.

Қоректік өсімдіктерді орманды қайта қалпына келтірудің барысында отырғызады. Ол үшін орманның төменгі қабатына (ярусына) азықтық жағынан бағалы ағаш пен бұталарды еңгізеді. Ашық алқаптарда қорғаныс қоректік ремиздер ұйымдастырады, олардың құрамына кіретін өсімдіктер қоректік қасиеттерімен қатар қорғаныс ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Қоректік егістіктер өсіру үшін көбінесе сұлы, арпа, картоп, қызылша, орамжапырақ, қара құмық, бұршақ тұқымдасына жататын жоңышқа, беде, қызыл мия сияқты көп жылдық өсімдіктер қолданылады.

Аңшылық шаруашылықта ерекше назар аударатын өсімдік - топинамбур (жералмұрт) . Бұл күрделігүлділер тұқымдасының өсімдік, оның түйіндерін көктемде 10 см тереңдікке қатарлатып отырғызады. Қатарлардың арасы 60 см, екі түйіннің арасы 40 см. Топинамбур жапырақтарын бұғылар, еліктер, қряндар жейді, түйіндерін қабан шошқалар қазып алады. Жерде қалып қалған түйіндерден келесі жылы тағы өсімдік шығады.

Орман ішіндегі шөптесін өсімдік өскен аландарда, шабылған орындарда шырғанақ, жабайы өрік, арша, қожақат т. б. бұталарды өсіреді. Әсіресе шаруашылықтарда қалемшелерін бөлшектеп шілік сияқты бұтаны көбейту қажет. Оның жапырақтары мен өркендерін тұяқтылар мен қояндар жейді. Шырғанақты еккен кезде бұл өсімдік дара жынысты екендігін ұмытпау керек, аталық пен аналық өсімдіктердің қалемшелерін араласытырып отырғызады.

Қоректік өсімдіктермен бірге дәрілік шөптерді де ұмытпаған жөн. Бұғы тәрізді тұяқтыдар мекендейтін алқаптарда үш жапырақты субедені міндетті түрде өсіру керек, бұл өсімдік оларға зиянкес паразиттік құрттарды жоюға көмектеседі. Бұл өсімдік өспеген аймақтардан тұяқтылар қоныс аударып кетіп қалады.

Бос жерлерде, шұңқырлы аудандарда, жолдардың жиегіне нрмен түрлерін өсірген дұрыс. Елік, бұғы, қояндар басқа да жануарлар ерменнің гүлшоғырларын, тұқымдарын, жапырағын жеп құрттардан құтылады. Ерменнің құрамында эфир майлары, фитонцидтер көп болады. Осындай қасиеттер аршаның жаңғақшаларына да тән. Оның тұқымдарын шілдер, құрлар, ұлар сияқты құстар дәрілік шөп ретінде пайдаланады. Терпентин және хош иісті заттар қарағай, шырша, қайын бүрлерінде, сырғаларында болады олар да ішек паразиттерінен емделуге көмектеседі.

Қызамық пен қара жидек бағалы қоректік қасиеттерімен қатар жақсы дәрілік пайдасы бар. Бұл жидектердің қоры аз болған жылдары көптеген құстар күзге жетпей өліп қалады

2. Өзендер мен көлдердің жағалауларында көктемде бүрлері шықпай тұра тал егеді, оны қояндар, бұғылар, құндыздар жейді. Талдың жас өркендері су құстары мен аңдарға қорғаныс жағдайын жоғарлатады.

Ондатра мен су құстарының азықтық қорын молайту үшін суаттарда су-батпақ өсімдіктерін егеді. Оларға шылаң, қамыс, қоға жатады. Шылаң немесе қазоты ұзың тамырсабағы бар көпжылдық су өсімдігі, лның жапырағы әртүрлі пішінді келеді. Кейбір түрлерінің жапырақтары суға батып тұрады, келесінікі су бетінде қалқып жүреді. Олардың сабақтары қалың өсіп су жәндіктеріне қолайлы жағдай жасайды. Ал жәндіктер құстарға қорек болады. Ондатра мен үйректер шылаңмен қоректенеді. Оның қатты тұқымдары су құстарында ұсақ тастарды алмастырады, қорегін ұсату үшін пайдаланылады. Шылаңды көбейту үшін тұқымдарын жинап 1, 5-2 метр тереңдікке отырғызады, су бетіне шығып кетпес үшін алдымен балшыққа малып қояды.

Елімізде қоғаның екі түрі кездеседі. Бұл өсімдік көп жылдық, тамырлары торланып өседі, тамырсабақтары крахмалға өте бай, ол ондатраға, сазқұндызға, құндызға, қабан шошқаға өте нәрлі қорек, әсіресе жас өсімдіктер. Су құстары да оны жақсы жейді.

Аңшылық жануарларын қоректендіру.

1. Азықтың түрлері

2. Қоректің сапасы

Аңшылық жануарларына қажетті азықтарға толық мінездеме беру үшін, олардың құрамына қандай түрлі азықтар енеді және оны сапалық қасиеттерін жете білу керек. Азықтар екі топқа бөлінеді органикалық және минералдық азықтар.

Органикалық топқа өсімдік және жануар тектес азықтар енеді. Өсімдік тектес азықтар: ағаш және бұтақты тұқымдастардың тұқымы жемісі, жидектер, саңырауқұлақтар, ағашты-бұтақты азықтар (қабықтар, тармақтар, қылқан жапырақтар, жапырақтар, бүршіктеі сырғалар, гүл шоғырлары) шөптес өсімдіктер, балдырлар, мүктер және қыналар. Жануар тектес азықтар екі топқа жіктелінеді: омыртқалы және омыртқасыз жануарлар. Омыртқалы жануарлар тобына кебінесе (көлемі) кішкентай топтар - тышқан түрлес кеміргіштер, кішкентай сүтқоректілер, құстар, балықтар және бауырымен жорғалаушылар. Омыртқасыздарға - шыбын-шірке құрт-құмырсқа, бақашақтар, құрттар енеді.

Жабайы аңдарға азықтандыратын азықтардың маңызына қарай негізгі, қосымша және аздау манызды топтарға бөледі. Жыл кезеңі бойы аңшылық жерде азықтар түрі өзгеріп отырады. Көптеген жазғы азықтар түрі андар рационына күзде-қыста және ерте жазғытұрда енбейді. Осыған байланысты, жыл кезеңіне қарай мынадай топты азықтар жіктелінеді: қыстық, жазғытұрлық, жаздық, жаздық-күздік және күздік-қыстық болып. Кейбір азықтар (қылқан жапырақ, бұта ағаш қабығы, бүршік) жыл бойы тұрақтыланып қалса, керісінше ағаштын бұтақтың және шөптес есімдіктердің тұқымы, жемісі, жидегі және жануар тектес азықтар жыл сайын өзгеріп ауытқып тұрады. Осы себептен шартты түрде азықтарды тұрақты, аздап ауытқыйтын және күшті аутқыйтын деп үшке бөледі.

Минералдық азықтар - бұл әртүрлі минералдық элементтерінің тұзы. Жануарлар рационында олардың қатысуы өте қажет. Минералдық заттардың жетіспеушілігі тұрақты болуы мүмкін, ия болмаса белгілі бір кезеңде (қыста) . Азықтар құрамындағы минералдық заттардың мөлшері аңшылық алқаптың сапасына байланысты және жыл кезеңдері бойынша ауытқуы әжептәуір.

Құнсыз, сапасыз топырақты жерде өскен өсімдіктер бойында олардың мөлшері өте аз болады. Осы себептен кейбір жағдайларда жануарлар минералдық аштыққа кезігеді. Күзгі-қысқы кезеңде ағашты-бұтақты тұқымдастарда минералдық тұздардын және органикалық затардың мөлшері жоғарлайды, дегенмен еске алатын жағдай жануарлар рационына жазғы шөптес өсімдіктерімен енетін минералдық затар қосылмайды.

Азықтардың сапасын бағалағанда көңіл бөлетін жағдай, олардың қоректік заттарының құндылығы және ағзада игерілу дәрежесі.

Көптеген өсімдік тектес азықтардың жалпы қоректілігі және витаминділігі күзге қарай жоғарлайды. Азықтардың қорынан аңшылық алқаптың аңға тығыздығы байланысты болады.

Өсімдік тектес азықтармен азықтанатын аңшылық жануарларды ғылыми тұрғыда азықтандыру, азықтардың химиялық құрамын талдау және аң мен құстардың әртүрлі азықтарды толық жеуге бейімделуіне байланысты. Дегенмен осы уақытқа дейін бұл проблема әлі толық іздестірілген жоқ. Ол біріншіден әртүрлі азықтардың химиялық құрамы өте күрделігімен, екіншіден өсімдіктер жүйесінің өзіне тән азықтың өзгерістігіне байланысты.

Өсімдік тектес азықтардың химиялық құрамын талдауда ғылыми ізденістің негізгі бағдарламасы, олардын компоненттерін (азықтың энергетикалық қоректілігін сипаттайтын, яғни белок, май, көмірсу, минералдық элементтер) анықтау. Дегенмен, азықтың химиялық құрамындағы компоненттер арқылы аңдардың өсімдіктерді таңдап жеу факторларын объективті түрде толық түсіндіруге болмайды. Мысалы, көп жағдайда судың мөлшері еске алынбайды, тұяқты малдар азықты талдауда және қыста өсімдіктерді қосымша азық ретінде пайдалануда судын маңызы өте зор.

Азықтық өсімдіктердің сапалылығын бағалауда, құрамындағы белоктың, майдың, көмірсудың, минералдық элементтердін және судың мөлшері өте қажет екенін ескеру қажет. Ан шаруашылығында көптеген жағдайлар азықтардың ағзаға кері әсерін тигізу факторы тәжірибеде есептелінбейді, атап айтқанда ас қорыту жүйелеріне, жүрекке, қара бауырға, бүйрекке, жыныс ағзаларына. Мұндай заттар қатарына алколоидтар, глюкозидтер, флавоноидтар, терпендержатады және олардың мал өсу және көбею процессінде тигізетін әсер жоқтың қасы. Дегенмен, бұл заттар өсімдіктерді фитофагиттермөі жеуден сақтайтын химиялық көрсеткіштер болып есептелінеді жәні көптеген ғылыми ізденістер бойынша, аңдардың әртүрлі азықтарға тән бейімделуін қамтамасыз ететін факторлар қатарына кіреді.

Өсімдіктердің улылығын анықтайтын көп тараған әдістін бір қарапайым жәндіктердін ағзасын пайдалану арқылы жүргізілетін биологиялық тесті әдісі. Бұл әдістің мәні, парамецияның әртүрлі өсімдіктер ағзасының су экстракциясында сезіну реакциясы жағдайы Бұл сияқты бір клеткалы ағзалар, күйіс малдарының зат алмас процессіне қатысады, осы себептен азық дайындау саласынд уландандыруды талдау үшін кең қолданылады.

Ол дегеніміз, бұл әдісті аңшылық шаруашылығынд пайдалынылатын азықтарды да талдауға қолдануға түгелдей боладь Зерттеу деректері бойынша кейбір қылқан жапырақты және гүл; өсімдіктердің сулы экстракциясында парамецияның өміршіліктігін ұзақтау болғаны көрсетілген. Кеміс құбылысты реакция болуының және парамецияның өлу уақытын белгілеп, өсімдіктердің әртүрі органдарындағы улы заттар мөлшерін анықтаған. Алынған нәтижеі аңның әртүрлі өсімдіктерді таңдап жеуімен түсіндіреді. Көптеген қылқан жапырақты өсімдіктерді талдаудан өткізгенде, парамецияны тез өлгені, яғни оларда улы заттардың мөлшері өте кеп болған әңгімеленеді. Яғни бұл өсімдіктерге екінші метаболиттік заттарды түзу қасиеті тән. Улы заттар мөлшерінің дәрежесі сібір қарағайында және май қарағайында аз, керісінше сібір бал қарағайында және шыршада өте көп. Сол сыяқты екінші метаболиттік заттар қарағайдың қылқан жапырағында және жас бұтақтарында аз деген ғылыми деректе кездеседі. Алайда, өсімдіктердің жаздық сынамасында тест-ағзалар тезірек келсе, қыста алынған сынамаларында біртіндеп барып өлген. Қыстық кезеңде екінші метаболитті - терпенді заттардың түзу процессі баяулайды деп тұжырым жасаланған.

Алынған нәтижелерді, ағаш ішінде жайғасатын аңдарды азықтану ерекшелігімен салыстыра келіп, көп жағдайда улы заттар мөлшерінің өте жоғары деңгейде болуы, өсімдіктердің вегетативті органдарының азықтық бағалылығын төмендетуінде ешқандай күмән жоқ. Шыршаның және бал қарағайдың нашар желінуі маралға, елікке және бұланға тән, өйткені олар көбінесе қылқан жапырақтыларды жеуге бейімделген. Олардың вегетативтік органдарын саңырау құр, құр және шілдер азық ретінде аз пайдаланады, ал пайдалані жағдайда көбінесе күзде жейді, яғни олардың құрамындағы у заттардың мөлшері азайған кезде. Бұлайша айтқанда олар кейбір кездейсоқ жағдайда ғана жейді.

Мысалы, бұландарға тәжірибе жүргізіп азықтандырғанда, олар небәрі тәулігіне 60 г. шыршаның қылқан жапырағын жеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағаштарды тамырымен отырғызу
Аңшылық құстардың аңшылықта алатын орны
Аңшылық жануарларды алқаптарда орналастыру
Қармақшы орман шаруашылығында аңшылықтың жануарлар санының жағдайына әсері
Ондатрды есепке алу тәсілдері
АҢШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
Шаруашылықта тұқым қорын есептеу жайлы мәлімет
Геоботаника негіздері, мақсаты мен міндеттері
БУРАБАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ БАҒЫНДА ӨСІРІЛЕТІН ЕУРОПА БҰҒЫСЫ
Аң алау ұғымы және түрлері.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz