Ерекше қорғалатын табиғи территориялық кешендер


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
СОДЕРЖАНИЕ
1 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК1
1. 1 МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР, ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘНІ БАР ТАБИҒИ ЕСКЕРТКІШТЕР, ҚОРЫҚШАЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК1
1. 2 Табиғи - тарихи ескерткіштердің зерттелуі7
1. 3 Қазақстандағы табиғат ескерткіштерінің классификациясы. 20
2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ31
2. 1 ОБЛЫСТАҒЫ ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ31
ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ46
1 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1 МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР, ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘНІ БАР ТАБИҒИ ЕСКЕРТКІШТЕР, ҚОРЫҚШАЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Еліміз егемендік алған күннен бастап-ақ республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және ондай аумақтарда табиғат байлықтарын қорғау, сақтап қалу және көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қауым арасында жан-жақты жүргізіліп келеді.
Әрбір азаматтың бойында туған жерінің, атамекенінің және өз Отанының табиғат байлықтарын аялау сезімін, оған деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Мектепте оқылатын барлық пәндерді экологияландыру мәселесіне ұстаздармен ғалымдар да үлкен үлес қосып келеді. Сонымен қатар соңғы жылдары еліміздің кейбір мектептерінде экология пәні жеке пән ретінде оқыла бастауы да ұстаздар тарапынан үлкен қолдауға сүйеніп отыр.
Отанымыздың әрбір саналы азаматы өз еліміздегі ерекше қорғауға алнған табиғи аумақтар жайлы мәліметтермен кеңінен таныс болуы үшін және ондай табиғаты тамаша аймақтарды көзінің қарашығындай аялауы үшін мектеп қабырғасынан бастап-ақ ондай аумақтардың қандай өңірлерде орналасқанын және ондағы қорғалатын табиғат байлықтарын білуі міндетті.
Елімізде «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заң 1997 жылы 6-тамызда қабылданған. Онда ерекше қорғалатын аумақтарға республикамыздағы арнайы бөлініп алынған жер алқаптары, су айдындары, ормандар және қойнауы ерекше ережеге сай құқықтық тұрғыдан да және шаруашылық тұрғыдан да қатаң тәртіппен қорғалып, табиғатты сақтап қалу үшін, әрі қалпына келтіру үшін бөлінеді деп атап көрсетіледі.
Қазіргі кезде республикамызда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына мынадай табиғат байлықтары жатады.
- мемлекеттік табиғи қорықтар;
- мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар;
- мемлекеттік табиғи саябақтар;
- мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
- мемлекеттік қорықтық белдемелер;
- мемлекеттік табиғи қорықшалар;
- мемлекеттік зоологиялық саябақтар (зоопарк) ;
- мемлекеттік ботаникалық бақтар;
- мемлекеттік дендрологиялық саябақтар;
- Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты аумақтар;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы;
- Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми тұрғыдан құнды су айдындары;
- Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және тарихи, табиғи жағынан ерекше құнды алқаптары;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастры;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау. [ ]
Табиғат қорғаудың ең басты саласы - мемлекеттік қорық. Қорық - ерекше қорғауды қажет ететін құрып бара жатқан өсімдіктің, жануарлардың түрлерін және өлі табиғаттың бөлшектерін жеке нысандары мен құбылыстарын сақтауға өте қолайлы. Қорықтардың тағы бір ерекшелігі өсімдіктер мен жануарлардың генофондысын сақтайды. Соның нәтижесінде биогеоценоздың қасиеті мен құрылысы жайында хабар беріп отырады. Қорық территориясындағы өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қорық маңындағы жерлерге тарап отыруы да өте маңызды іс. []
Қорықтар өз міндеттерін дұрыс атқару үшін, сол жерге тән табиғи жағдайлары болуы керек.
Қорықтарды ұйымдастыру кезінде, адам қызметінің әрекеті әлі тие қоймаған жердің аумағын алады. Бірінші кезекте құрып кету қаупі төніп тұрған ландшафт эталоны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қорғауға алынады. Қорықтардың табиғат эталондарын қорғауда олардың негізгі маңызды қасиеті, қорық территориясындағы өзгерістер адам қызметінің қатынасынсыз өзімен өзі жүруі. Сондықтан көптеген қорықтар егер антропогендік ландшафтардың ортасында орналасса, өнеркәсіп пен құрылыс, ауыл шаруашылық жұмыстарының әсері тимеуі үшін қорық өзінше 2 шақырымдық қорғаныс зонасын жасайды. Қорықтар өзінің құқықтарымен, қызметкерлерімен мемлекеттік ғылыми мекеме болып саналады. Қорық жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ол ғылыми жұмыстарды қорықтың ғылыми қызметкерлері, сол сияқты басқа мекемелердің, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, аспиранттары мен студенттері жүргізеді. Қорық қызметкерлері мен басқа мекемелердің мамандарының бірігіп ғылыми жұмысты жүргізулері қорықтың табиғи кешенінің жоғарғы дәрежесінде өтуіне себебін тигізеді.
Қазіргі кезде еліміздің жеке табиғи белдемелеріндегі табиғат байлықтарын қорғауға алынған 9 мемлекеттік қорық ұйымдастырылған (қосымша ) . Табиғи ландшафтты қорғау үшін, біздің планетамыздағы генофондыны сақтауда, әр түрлі экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде табиғи лабораториясына айналған қорықтар территориясының маңызы өте зор. Сөйтіп, қорық-табиғаттың сол бұрынғы қаз қалпындағы қайталанбас сұлу көрінісі, соның үлгі-ошақтарын салу үшін ғана емес, табиғат-адамның бүгінгі тіршілік етіп отырған және мәңгілік тіршілік ете беретін ортасы [] .
Республикамызда табиғат қорғаудың келесі бір маңызды тобына мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар жатады. Дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде ұлттық табиғи саябақтар ерте кездерден бастап-ақ ұйымдастырылған. Ең алғашқы «Иелоустон» ұлттық табиғи саябағы (АҚШ-та) 1872 жылы ұйымдастырылған [] .
Ұлттық саябақтардың мемлекеттік қорықтардан елеулі айырмашылықтары бар. Айтарлық, қорықтарда табиғат байлықтары сол аймақтың ландшафты -географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалады. Мұндағы жерлер шаруашылық айналасымен босатылады да, барлық экологиялық үрдістер өз бетінше жаратылыстың заңына сәйкес дамиды. Ал ұлттық табиғи саябақтарға жүктелетін міндет бұған қарағанда әлде қайда күрделірек. Олар табиғат қорғау шараларымен қатар, табиғатты қалпына келтіру, сақтап қалу, туризмді дамыту және экологиялық білім тәрбие беру мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінген. Кейде арнайы рұқсат бойынша белгілі бір мөлшерде аң аулауға да жағдай жасалады.
Саябақтың жер көлемі мен оның шекаралары сондағы ірі жануарлардың бүкіл маусымдағы тіршілігін қамтамасыз етеді. Туристер сабақта кездесетін жануарларды мазаламайды, негізгі қорғалатын нысандар тек арнайы салынған жолмен байқау алаңынан көрсетіледі. Ұлттық саябақтың барлық территориясы - қорғалатын аймақ, келгендерге нысанды көрсететін алаң, шаруашылықты жүргізетін жер және т. б. учаскелерге бөлінген. Мұның бәрі ұлттық саябақтың территориясының дұрыс сақталуына және келушілерге өте ыңғайлы.
Қазір республикамызда 7 ұлттық саябақ ұйымдастырылған. Келешекте елімізде ұлттық саябақтарды көптеп ұйымдастыру шараларына ерекше көңіл бөлініп отыр.
Сөйтіп, ұлттық табиғи саябақ бірегей ландшафтардың, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрлерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге демалыс пен туризмнің де тамаша орны болып табылады. Оларды күтіп-баптауға кететін шығындарын толық ақтап, едәуір кіріс кіргізеді.
Табиғи байлықтарды қорғауды ұйымдастырудың келесі саласы - мемлекетттік қорықшалар. Қорықшалар - табиғатты, оның өсімдіктер мен жануарлар дүниесін немесе табиғат кешенінің белгілі бөлігін қамқорлыққа алудың бір формасы ретінде қорғауға алынған территория.
Оның қорық сияқты статусы жоқ. Мұнда шаруашылық әрекеттер мен қорғау ісі бірге ұштастырыла береді. Қорғау шараларының негізін сол жерді пайдаланатын мекеме жүргізеді. Бұл қоғамдық табиғи қорықшаға тән жағдай. Ал, мемлекеттік қорықшаларда арнайы штатты қорықшылар болады. Мұндай қорықшыларда негізінен алғанда кәсіптік маңызы бар және өте сирек кездесетін жануар түрлері қорғалады. Қоғамдық қорықшаларда қорықшы болмайды, олар қорғалатын нысандарына сай ботаникалық, зоологиялық, геологиялық және ландшафтылық болып жіктелінеді. Қорықшалар он жылға немесе тұрақты мерзімге ұйымдастырылады. Олардың барлығы да Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесінің арнаулы шешімімен құрылады. Қажеттілік туған жағдайда қорықшалардың жұмыс істеу мерзімін ұзартуға да болады.
Қазіргі кезде Республикамызда 57 республикалық мәні бар қорықшалар ұйымдастырылған, оның 13 - ботаникалық, 35 - зоологиялық, 8 - кешенді, 1 - әрі ботаникалық, әрі геологиялық қорықшалар. Қорықшалар жайлы, олардың атқаратын қызметі туралы халықтар арасында толық мағлұматтарды тарату дұрыс жолға қойылмаған. Адамдар қорықшаларда өздерін қалай алып жүрулері керек, ол жерде қандай тәртіп қажет, міне осының бәрін жете біле бермейді [] .
Геологиялық қорықшалар ерекше сирек кездесетін геологиялық түзілістері мен жер бедерінің пішіндері бар ландшафтарды қамтиды.
Ботаникалық қорықшалар өсімдік жамылғысының ерекшелігіне қарай әр зонаның ландшафтарында орналасқан. Мұнда флораны сақтау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Зоологиялық қорықша жабайы жануарлармен құстардың миграциясының жолдарында орналасқан табиғат кешендерін қамтиды, мұнда фаунаны толығымен қорғау қолға алынған.
Осынау жануарлар дүниесі өкілдерінің бәрін табиғи жағдайда кезіктіру мүмкін емес. Қалалардың өсіп, адамдардың табиғатпен етене араласуы қиындаған қазіргі жағдайда жер бетінде және туған өлкемізде қоныстанған түз тағыларын қол созым жерден танысып, бақылауға зоологиялық саябақтар арқылы мүмкіндік туып отыр. Бүгінде зоологиялық саябақтар ғылыми - ағарту мекемесі бола тұрып, жануарладың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін сақатап, олардың қорын молайту, жабайы жануарлардың биологиясын, мінез-қылығын зерттеу, табиғат қорғау ісін насихаттау сияқты сан салалы жұмыстарды атқарып келеді. Олардың әсіресе жойылып кету қаупі бар аң-құстар түрлерін көбейтудегі маңызы зор. Зоологиялық саябақтар біздің республикамызда да бар, олар - Алматы, Қарағанды, Шымкент және т. б. қалаларда жұмыс істеуде.
Алдағы уақытта аң-құстар мекендейтін бұл аймақтарда жерімізде тіршілік ететін құлан, барыс, қарақұйрық және басқада сиреп кеткен жануарлар түрлері қамқорлыққа алынып, олардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау және терең ғылыми -зерттеу жұмысын табиғат қорғау ісімен ұштастыру зоологиялық саябақтардың негізгі міндеті болмақ.
Адамзат туып - өскен жерін баққа бөлеуді о бастан - ақ құрметті парызымыз деп білген. Халықтың бейбіт өмірді, бақытты тұрмысты гүлденген баққа оранған жермен бейнелейтіні де сондықтан. Бүгінде жасыл желегі жайқалған гүлзарлар, миуалы жеміс бақтар мен саясы мол еңселі ағаштарға оралған елді мекенді жерлер өлкемізде аз емес. Әсіресе, қалаларда, ірі-ірі өнеркәсіп орталықтарында көгалдандыру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Көгалдандыру ісінде пайдаланылатын өсімдіктердің сан алуан да әсем болуы сол аймақты көркейтіп, түрлендіріп жіберетіндігі белгілі. Бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен ботаникалық бақтарда жүргізіледі.
Мұндай бақтар -бүгінде республикамыздың түкпір-түкпірінде және дүние жүзінің басқа да бөліктерінде өсетін өсімдіктер дүниесі өкілдерін жинақтап, оларды зерттей отырып, жаңа сорттарды шығарып, өсімдіктерді жерсіңдірумен айналысатын ірі ғылыми мекеме. Олар - дүние жүзі өсімдіктер дүниесі ресурстарын зерттеудегі практикалық мәселелерді шешуге жұмылдырылған табиғат лабораториясы.
Жел өтінде тербеле өскен жабайы өсімдіктерді зерттеу арқылы оларды генетикалық қор ретінде пайдалана отырып, адамға пайдалы мәдени сорттарды өсіруде және табиғат қорғаудың маңызын кеңінен насихаттап, жерімізді жасыл желекке орауда ботаникалық бақтардың жұмысына баға жетпейді [] .
Табиғат ескерткіштері - бұл сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен бұзылып жатқан тау жыныстары және сонымен қатар ғылыми, эстетикалық, кейде тарихи немесе мәдени жағынан құнды табиғат нысандары.
Табиғат ескерткіштерін қорғау - табиғатқа тән бір затты қорғау. Бұл сөздің мағынасына жете мән берсек, құрып бітіп бара жатқан жануарлардың жеке бір түрлерін қорғау, мысалы, құланды, мензбир суырын, арқарды т. б.
Қазақстан жерінде Республика дәрежесінде 24 табиғат ескерткіші бар. Оның ішінде аса маңызы бар үшеуі Қазақстан Министрлер кеңесінің арнаулы шешімімен қорғауға алынған (қосымша ) .
1. 2 Табиғи - тарихи ескерткіштердің зерттелуі
Ғылымның қандай саласы болса да, оның өзіндік тарихы, бай тәжірибесі болса және оны көпшілік мақұлдап, қолдаса, ол сонда ғана ұлы күшке айналады. Негізінде ғылымның өзі де нақты жағдайлардың пайда болуына, олардың талабына сәйкес туады. Табиғат пен адам арасындағы байланыс сонау көне заманнан бері тығыз қалыптасып келеді, өйткені табиғат бесік болса, адам оның перзенті. Сондықтан да табиғат адамға өз үйіндей болып келді, алдағы ғасырларда да солай бола бермек. Ал адамның ақыл-ой парасаты өсіп, ғылымы мен техникасы дамыған сайын оның табиғаттан алары көбейе түсіп келеді. Ертедегі адам кез келген жердегі биік ағашты, жардың астын пана етсе, қазіргі адам қуатты техника арқылы бүкіл бір орманды қырқып, биік тауды бұзып, тасты жарып, оларды жер шарының қай жеріне апарғысы келсе, сол жерге апара алатын дәрежеге жетті.
Ертедегі адам табиғатқа елеулі әсер ете алмаса, қазіргі адам табиғатты танымастай етіп өзгертіп жіберді, өзгертіп те келді, өзгерте де береді.
Өткен ғасырлар тарихына үңілсек, сол кездегі халықтардың бір жерден екінші жерге қоныс аударып, өріс іздеп көшіп-қонып жүргенін байқаймыз. Он тоғызыншы ғасырдағы орыстардың қазақ жеріне лек-легі-мен қоныстануы да, мемлекет арасындағы соғыстар мен қ ақтығысулар да табиғат байлығына қызығудан туған жағдайлар. Қоғам дамуы жоғары сатыға көтерілген сайын табиғат байлығы да мол көлемде пайдаға асырыла береді. Өйткені халық дәулетінің мол болуы, әл-ауқатының күйлі болуы табиғат байлығына, оны еркін пайдалануға тікелей байланысты.
Кейбір мемлекеттер ерте кезде егістік жер көлемін кеңейту үшін миллиондаған гектар орман ағашын кесіп, өртеп, орнын жыртып тастады. Алғашқы жылдары егін жақсы шығып, мол өнім берсе де, кейінгі ондаған жылдар бойы ол жерлер топырақ эрозиясына ұшырап, құйқасыз тақырға айналып, босқа қалды.
Адамзат қоғамы цивилизация шыңына көтерілген сайын белгілі бір жер көлеміне ғана иелік ететін болды. Бұрынғыдай жер таңдап, байлық іздеп көшіп-қона беру тоқталды. Әрбір ел, мемлекет өз қарауындағы та-биғат байлығына ғана үстемдік етіп, қолда бар мүмкіндікті пайдалануға көшті. Ал жер, табиғат байлығы үстем таптардың қолында болғандықтан жыртқыштық тәсіл етек алды да, қолда бар табиғат байлықтары да жыртқыштық жолмен пайдаға асырыла берді. Олар табиғаттан керегін кезкелген жерден қалай болса солай алуды, өндіруді, артық ысырап етуді, халықтың мүддесімен санаспауды онан әрі жүргізе берді.
Бірақ сол кездердің өзінде алдыңғы қатардағы ғалылдар мен прогресшіл қауым өкілдері табиғатты қорғау қажет екенін, ел байлығын сақтау керек екенін айтып үкімет алдына ұсыныстар енгізе бастады. Сол кезде таусылуға айналған табиғат байлықтарын сақтау, қорғау туралы түрлі қаулылар мен заңдар да қабылданды [] .
Геологиялық зерттеу жұмысы 1627 жылы басталады. Содан 1917 жылға дейін, яғни 290 жыл ішінде, Қазақстан жерінің небары 5 - 6% ғана зерттелген. Полковник Ф. Бергтің экспедициясы 1825-1826 жылдары жердің геологиясы мен географиясын зерттеп Каспий теңізінен бастап, Үстірт арқылы, Аралға дейін келеді. 1829 жылы А. Фон-Гум-больть Каспий өңірі, Орал және Алтайды, 1836 жылы Г. С. Карелиннің экспедициясы Каспий теңізінің шығыс жағын зерттеді. 1840 жылдары Шренк экспедициясы Шығыс Қазақстан жағының географиясын және геологиясын жазды. Бұл жұмыстардың бәрі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында жүргізілді. Бұдан кейін де экспедициялар көбейе береді, бірақ олардың көбісі орыс шаруаларын Қазақ жеріне орналастыру мәселесіне бағытталған еді [] .
Зерттеу жұмыстарын 1829 жылға дейін жүргізген Э. А. Эверсман Орынбор территориясының табиғаты туралы көптеген қызғылықты мағлұматтар берді. Ол 1825 - 1826 жылдары Үстіртте Ф. Берг экспедициясының құрамында, ал 1827 және 1829 жылдары Бөкеев ордасында Г. С. Корелин отрядында жұмыс істеді.
Орынбор өлкесінде жүргізген көп жылдар бойғы зерттеулерінің нәтижесінде ғалым «Орынбордан Бұхараға саяхат» және үш томдық «Орынбор өлкесінің жаратылыс тарихы» (1840-1866 жылдар) атты еңбектер жазды. Соңғы шығармасының бірінші бөлімінде автор Батыс Қазақстанның табиғат жағдайларын талдап, қорытындылаған.
Э. А. Эверсманның еңбектері, әсіресе оның соңғы шығармасы «Елдерді кешенді зерттеу» сипатында жазылған. Соңғы еңбегіне жазған алғы сөзінде автор өзінің «Табиғатта жаратылғандардың» бәрін - жануарларды, өсімдіктерді, қазба байлықтарын өзі қолымен жинап көзімен көргендерін түгел тізіп қағазға түсіргенін баяндайды. Ол Үстірт қыратында құзды (чинк) таудың мүжілуінен болған құбылыс деп есептеді. Ғалым Үстірттің тұңғыш анықтамасын беріп Э. А. Эверсманның айтуы бойынша Үстіртті құрайтын қабаттар көлбей біткен және тау жыныстары үш түрлі шөгінді (маргельдерден), жақпар тастан және борпылдақ жыныстардан түзілген.
Үстірттегі кемер құздың қалыптасуы судың шаю (абразия) әрекетінен қалыптасқан, бұл қыраттың маңындағы қалдық тау шоқылары негізінен аналық (көне) жыныстардан тұратындығын, Үстірт пен оның қалыптасуы бірдей, біртұтас, сонымен бірге үсті тегіс қыраттан тұратыны тұралы тұңғыш ғылыми тұжырым жасалды.
Э. А. Эверсманның зерттеулері Үстіртте «Тұманды таулар» бар екен деген жаңсақ діни ұғымды жоққа шығарды.
Сонымен бірге Э. А. Эверсман өзі зерттеген аудандардағы өсімдіктер мен жануарларды тіркеп жазу ісін де жүйелі жолға қойып, зоологиялық мол коллекция жинады. Бұл саладағы оның жұмыстары Орынбор өлкесінің өсімдіктері мен жануарлар дүниесін, сондай-ақ экологиялық ғылыми зерттеудің бастамасы болды.
Құрамына Ф. Ф. Берг, Ф. Д. Волковский, Б. Лемм, П. Ф. Анжу, Э. А. Эверсман кірген экспедицияның Каспий теңізін және оның шығыс жағалауын зерттеулері қыруар географиялық деректер берді. Каспий теңізінен бастап Үстірт арқылы Арал теңізіне дейінгі бір қатар географиялық нысандардың геологиялық құрылымы, орографиясы және су жүйесі зерттеліп, шекаралары мен қашықтығы анықталды.
Зерттеулер нәтижесінде құрастырылған карталарда Каспий теңізінен Аралға дейін ара қашықтық дұрыс көрсетілген Аралдың батыс жағалауының топографиялық пішіні берілген. Үстірт қыратынан солтүстік, батыс және шығыс кертпештері бейнеленген. Арнаулы аспап пен Арал теңізінің деңгейі Каспий теңізіне қарағанда 35, 86м биік екені анықталды [] .
Бұдан 100 жылдай бұрын қазақ ғалымы Шоқан Уалиханов өзінің баға жетпес асыл мұраларын да шебер тілмен әдемі табиғат көріністерін, жануарлар мен табиғат ескерткіштерін суреттей келіп, кейбір табиғат байлығының, әсіресе қырғауыл және құлан сияқтылардың азая бастағанын, оларды қорғау жолында нақты шаралар қолданудың қажеттігін жазып кеткен болатын. Ғалым жетісуда табиғат байлықтарының толық зерттеліп, жазылмағанын айтып қан жылады. Олай деуінің орны бар еді, өйткені ол кезде Ертіс және Орал бойлары мен Жетісу төңірегінен әрі асып экспедициялық жөнді жүргізілген емес. Қазақстанның табиғатын ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ ғасырдың бас кезінде жан-жақты зерттеу кең жүргізіле бастады [] .
ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында Жоңғар Алатауы менІле өңірін Шоқан Уалиханов зерттейді. Қазақтың ұлы ғалымы Жетісу мен Тянь-Шань табиғатына ғылыми сипаттама беріп, Балқаш пен Алакөлдің жаратылысындағы ұқсастықтарды дәлелдеді. Сонымен бірге өзі жүріп өткен жолын картаға түсіріп, территориясының бұрынғы карталарын толықтыра түсті. Уалиханов Тянь-Шаньның сүт қоректі жануарлары мен құстары туралы қызғылықты мәліметтер жинады. Іле Алатаудағы жануарлардың биіктікте таралу схемасын алғаш рет жазған зерттеуші Уалиханов болды. Сол кезге дейін ғылымда белгісіз болып келген қызыл қасқыр туралы жазып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің аса бай коллекциясын жасады.
Г. И. Карелиннің қолында коллекция және қолжазбалар түрінде жинақталған орасан көп географиялық материалдар болды, бірақ одан басылған еңбек өте аз қалды. Саяхатшының Каспий теңізіне барған сапарлары жөнінде жазған күнделіктері зерттеушінің көзі жұмылғаннан кейін 1883 жылы ғана жарық көрді. Оның күнделіктерінде Каспий теңізінің шығыс жағалауы туралы өте қызғылықты жаратылыстану-географиялық тұрғыдан деректер бар.
Г. И. Карелин зоологиялық және географиялық мағлұматтармен қоса теңіз жағаларының геологиялық құрылымы мен өзге де ерекшеліктері жайында мәлімдейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz