Конфуций ілімі Қытай халқы үшін
1.Конфуций туралы мәлімет
1.1.Өмірбаяны
1.2.Шығармашылығы
1.3.Идеялары
2. Қытай философиясы
2.1.Конфуцийдің ілімі
1.1.Өмірбаяны
1.2.Шығармашылығы
1.3.Идеялары
2. Қытай философиясы
2.1.Конфуцийдің ілімі
Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды. Конфуций, Конфуций ілімі Қытай халқы үшін б. з. д. VI-V ғасырлардан бері негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде кеңінен таралып жатқан өзге діни және философиялық ілімдердің ішінен ерекше беделге ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш басында тұрды.
Конфуцийшілдік – ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке — әке, ал ұл – ұл болу керек», — деген атақты сөзі мәлім.
Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пәндік оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін, оқуға деген жігерге және рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден — өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы ой, көзқарастардың қатаңдығы және өзін-өзі игеру.
Конфуций Қытайдағы білім берудің демократияландырылуы үшін жақ болды, ол әркімнің оқуға бірдей құқығы болуы, өзіне ұнаған ғылым түрін және ұстаз таңдау мүмкіндігінің болуын жөн көрді.

1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
2. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8
3. http://el.kz/14212 http://www.egemen.kz/конфуций-философиясы/
4. Конфуцийшілдік // Философиялық сөздік. – Алматы 1996.

Кіріспе
Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды. Конфуций, Конфуций ілімі Қытай халқы үшін б. з. д. VI-V ғасырлардан бері негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде кеңінен таралып жатқан өзге діни және философиялық ілімдердің ішінен ерекше беделге ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш басында тұрды.
Конфуцийшілдік - ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның: Билеуші - билеуші, ал бағынышты - бағынышты, әке -- әке, ал ұл - ұл болу керек, -- деген атақты сөзі мәлім.
Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пәндік оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін, оқуға деген жігерге және рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден -- өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы ой, көзқарастардың қатаңдығы және өзін-өзі игеру.
Конфуций Қытайдағы білім берудің демократияландырылуы үшін жақ болды, ол әркімнің оқуға бірдей құқығы болуы, өзіне ұнаған ғылым түрін және ұстаз таңдау мүмкіндігінің болуын жөн көрді.
1.Конфуций туралы мәлімет
1.1.Өмірбаяны
Конфуций, Кун-цзы, яғни ұстаз,"Ұстаз Күн" деп атаған. Құң-фу-цзы (б.з.б. 551, Цзоу, Лу патшалығы (қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйфу қаласы - 479 ж.ш., сонда) - Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік діні - конфуцийшілдіктің негізін салушы. Кедейленген ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін Лу патшалығында өткізген. Б.з.б. 11 - 3 ғасырларда болған осы көне мемлекет ежелгі дәуірдегі қытай тарихы мен мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарғанмен, 6 - 5 ғасырлардан бастап құлдырау кезеңін бастан кеше бастаған-ды. Сондай шақта өз отанында өмір сүрген Конфуций өзіне дейін өркен жайған философиялық ой маржандарын оқып-тоқып өсті. Жас шағында төменгі буындағы шенеунік қызметін атқарып жүрді. Сосын жеке мектеп ашып, 22 жасында бала оқыта бастады. Кофуцийдің он мыңга жуык шәкірттері бар және жиырма шактысы ертелі-кеш жанында болган деген деректер бар. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін қалаушы атанды.Ең атақты мұғалім ретінде даңқы шықты. Халық оны сүйіспеншілікпен Құң ұстаз деп атады. Конфуцийдің мектебінде төрт пән - ақлақ (мораль), тіл, саясат және әдебиет оқытылды. Конфуций 50 жасында Лу патшалығының жоғары дәрежелі мемлекеттік қызметшісі болып істеді. Сол шақта саяси қызметін бастады. Алайда, қаскөйлік интригалдар салдарынан лауазымды жұмысынан кетуге мәжбүр болады. Содан 13 жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін аралайды. Бірақ еш жерде өз идеяларын қолданысқа енгізе алмайды да, ақыры 484 ж. еліне қайтып оралады. Содан өмірінің соңына дейін ұстаздықпен және көне даналық кітаптарды жинап, өңдеп, таратумен шұғылданған. Конфуций өзіне арнайы бөлінген орынға жерленген. Оның қасына ұрпағы, жақын шәкірттері мен ізбасарлары қойылған. Тұрғын үйі ғибадатханаға айналдырылып, Конфуций рухына тағзым етушілер зиярат жасайтын орын ретінде әйгілі болған. Конфуций ілімі ол қайтыс болғаннан кейін б.з.б. 136 ж. мемлекеттік идеологияға айналған шақта ол "он мың ұрпақтың ұстазы" деп жарияланды. Мемлекет Конфуцийді 1503 ж. қасиеттілер,әулиелер қатарына қосты. Конфуций есімі Қытайда 1911 ж. болған ұлттық-буржуазиялық революцияға дейін ресми түрде ардақталған.
1.2.Шығармашылығы
Конфуций өзіне тән төл ілім жасамаған деген пікір қалыптасқан, ол Ежелгі Қытайдың бес классикалық шығармасын - "Шуцзин" (тарих кітабы), "Щицзин" (әндер мен гимндер кітабы), "Лицзин" (рәсімдер туралы жазбалар), "Юэцзин" (музыка туралы кітап), "Ицзин" (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеген және оларға түсіндірмелер берген. Осы ретте тұжырымдалған басты көзқарастары мен ілімі жайындағы мағлұматтар "Әңгімелер мен пайымдар"' ("Лунь юй") деген кітапта таратылып баяндалған. Бұл кітап Конфуций айтқан ойлар мен оның жақын шәкірттерімен және ізбасарларымен әңгіме-дүкенінің жазбасы болып табылады. Зерттеушілер Конфуцийдің жеке басына тиісті деп тек "Көктем мен Күздің, Лу мемлекетінің тарихы кітабына" түсіндірмелерін атайды. "Ұлы ілім" мен "Аралық туралы ілім"' атты туындылар да Конфуцийдің өзінікі емес, ол тек мұның екеуін де қайта әңгімелеп берген деп саналады. Конфуций ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни адамды ғаламдық ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен айқындалады. Конфуций ой-пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор "5 ізгілікті" ұғындыруға арналған. Конфуций ғарыш пен әлемнің пайда болуы, эволюциясы мәселелерімен әуестенбеген деген пікір бар, өйткені ол рухтар мен о дүние мәселесіне көңіл бөлмеген. Бұл Конфуцийдің:" "Өмірдің не нәрсе екенін білмей тұрып, өлімнің не екенін білу мүмкін бе?", - деген, сондай-ақ: "Адамдарға қызмет ете білмей тұрып, рухтарға қалай қызмет көрсетуге болады?" - деп түйген қағида іспетті ой-тұжырымдарынан аңғарылады. Ол адам проблемасына, оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне мол көңіл бөлді. Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы - адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын "сяо" тұжырымдамасы да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен мен орны жоғары адамдарға сый-құрмет көрсетіп отыруға, ел басына адалдыққа, т.с.с-ларға негізделген этик. және әлеуметтік қатынастар жиынтығын білдіреді. Ол "текті ерлерді" (цзюнь цзы) шешімді түрде "ұсақ пенделерге" (сяо жэнь) қарсы қойып отырған. Алғашқысы кейінгісін басқарып отыруға, оларға үлгі болуға тиіс деген.
1.3.Идеялары
Осындай этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: "Билеуші - билеуші, ал бағынышты - бағынышты, әке - әке, ал ұл - ұл болу керек", - деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Конфуцийдің мемлекетті "адамгершілікпен басқару" теориясы оған дейін де болған идеяға - басқарушы билігін құдіреттендіру идеясына сүйенді. Соған сүйене отырып, оны дамытты әрі негіздеді. "Басқару - түзету деген сөз" деген қанатты сөзбен тұжырымдалатын негізгі принцип "чжень мин" ілімінде көрініс тапқан. Мұнда Конфуций қоғамқоғамдағы әр нәрсені өз орнына қою қажеттігін, әркімнің міндетін қатаң да дәл анықтау керектігін айтты (Конфуций бойынша мемлекет - үлкен отбасы). Ол ел билеушілерін халықты заңдар мен жазалаулар негізінде емес, ізгілік жасаушылар жәрдемімен биік адамгершілік, имандылық қасиеттер танытатын тәртіпті үлгі ету жолымен басқаруға үндеді. Халықты салық, салғырт салумен қинамай, әдет құқығы негізінде басқаруды қош көрді. Ең бастысы - шынайы принципті әрқашан басқарушы қатаң ұстануға тиіс деп білді, сонымен бірге адамдар мен олардың игіліктеріне қамқорлық көрсету - басқарушы парызы. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс. Билеуші үшін - кісі сеніміне ие бола білу өте қажет. Осы пайымынан туындайтын: "Билікке қалай жетуге болады?" - деген сұраққа Конфуций: "Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткіз, - деп жауап берген, - сонда сен билікке жетесің, егер халықтың сүйіспеншілігін жоғалтар болсаң, онда билікті де жоғалтып аласың".
Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға - биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), әділ, адал, ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс. Ата-анасына, жалпы қарт адамдарға айрықша ілтипатпен қарым-қатынас жасау ләзім. "Бүкіл өмірің бойы басшылыққа алуға тұратын сөз бар ма?" деген сұраққа орай Конфуций: "Бар, ол сөз - мейірімділік", - деп жауап берген. Конфуций адамдар арасындағы (отбасында, қоғамда, мемлекетте) мүлтіксіз қарым-қатынас заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: "Өзіңе тілемейтініңді басқаға жасама". Бертінгі ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі ретінде дәріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі ойшылдар пайымдауында адам мінез-құлқы мен тәртібінің іргетасы іспетте қолданылуда. Конфуцийдің ізбасарлары оның ілімін басшылыққа алып, дамытып отырды. Мысалы, Мэн-цзы (б.з.б. 372 - 289 ж.) өз тұжырымдамасында басқарудағы басты рөлді халыққа берді. "Мемлекетте халық ең бастысы болып табылады, - деді ол, - одан кейін топырақ пен дән рухтары, ал ең соңғы орында ел басшысы тұрады". Жалпы алғанда, Конфуций ізбасарларына қатаң әлеуметтік жіктелу идеясын, сондай-ақ, қоғам мүшелері міндеттерін отбасындағы қызмет бөлу тәрізді иерархияиерархиялық бөлініске салуды жақтау идеясын қорғау тән. Мемлекет - халық игілігін қамтамасыз ету және қажет тәртіпті орнату құралы. Солай бола тұра, мемлекет бәрін қамтитын және баршаға ортақ, бәрі орындауға міндетті, бірақ бет-бейнесіз заңға да, тиран-билеушінің озбырлығына да сүйенбеу керек, керісінше, мемлекет - билеуші мен оның көмекшілерінің даналығына, ізгілік-мейірімділігіне арқа сүйеуге тиіс. Конфуцийдің саяси доктринасына әр заманда әрдайым мұқият көңіл бөлініп отырды. Конфуций мен оның ізбасарларының ілімінде бейнеленген идеялар осы күнге дейін Қытай саяси мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
2. Қытай философиясы
Қытай философиясы діннен гөрі дәстүр аясында дамығанымен, кейін екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу цзя). Сонан соң қалыптасқан мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), т.б. Конфуций қайтыс болғаннан кейін оның түсініктерін шәкірттерінің дамытқаны белгілі. Олар Конфуций ілімін Қытай философиясына ұсынды. Алайда Моцзы (б.з.б.5 ғ.) Конфуций ілімінің негіздерін, соның ішінде әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға алды. Чжанцзы да ұстаз Кунның моральдық ережелеріне қарсы шықты. Дегенмен, буддизмді уағыздаушылардың өз тұжырымдарының дұрыс-тығын дәлелдеу үшін Лаоцзы Конфуций, Чжауцзыға жүгінгені ғылыми еңбектерден бізге таныс. 17-18 ғасырлар философиясы Конфуций мен Мэнцзының киелі кітаптарына түсіндірмелер жазып, Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуаньшань идеялары төңірегінде дамыды, 19 ғасырда Қытайда әлеуметтік реформа мен ағартушылықтың саяси идеялогиясы өмірге келіп, Қытай Халық Республикасы құрылысымен Қытай философиясында марксизм ілімі, диалектикалық және тарихи материализм бірден-бір теориялық негіз ретінде таралды.
Конфуцийшілдік. Бұл - ежелгі дәуірден бастау алатын философиялық жүйе. Конфуцийшілдік ғалым - интеллектуалдар ілімі (мектебі) негізінде пайда болған. Оны бастап берген Конфуций. Ол - Шығыстағы үш басты діни этикалық (даосизм мен буддизм қатарындағы) бағыттың Ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бірі, саяси этикалық ілім. Оның көзқарасын ізбасарлары Лун ой (Әңгімелері мен ой-пікірлер) кітабында баяндап беріп, насихаттаған. Сонымен қатар, оның адам тағдырын аспан айқындайды, адамдардың мейірімділерге және нашарларға бөлінуі өзгеріске түспейді, жасы кіші үлкенге, қызметі төмен адам лауазымы жоғары қызметтегі кісіге көзсіз бағынуға тиіс деген теориясын дамытты.
Ғалымдардың айтуынша, Конфуций ілімі: Бәрінен де бауырмалдық пен перзенттік парызды ұмытпа, туған-туысқандарға қайырымды бол, тәубешілдік пен үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу мен ызаны басуға үйрен, білім мен біліктілікті жоғары қой, көңіліңе сай келмейтін ілімнің бәрінен арыл, басқаларды да ағат жолға қадам басудан сақтандыр, - дейді екен. Сол себепті, ол Жапония тәрізді елдердің салт-санасына тереңдей еніп те кетіпті.
Соған қарамастан, Конфуций ілімі, конфуцийшілдік туралы әртүрлі пікірлер бар. Біреу насихаттайды, біреу сынайды. Оның көрнекті ізбасары болған Мэнцзының (б.з.б.372-289) пайымдауынша, әлеуметтік теңсіздік құдайдың құді-ретімен. Конфуцийдің екінші бір жақтаушысы Сюньцзы жасаған ілім бойынша, аспан - табиғаттың бір бөлігі. Бірақта, конфу-цийшілдіктің құдайдың құдіреті туралы ілімінің Дун Чжуншудың (б.з.б.2 ғ.)
конфуцийшілдіктің ортодоксты доктринасын жасауға негіз болғанын еске алғанымыз жөн. Ғылыми деректерге назар аударсақ, Сун әулеті билігі кезінде (10-13 ғасырлар) Қытай философия мектебінің Жаңа Конфуцийшілдік бағыты қалыптасқан. Онтология, натурфилософия, космогонияға көбірек көңіл бөлу - Жаңа Конфуцийшілдік деп аталған бұл ілімнің Ерте Конфуцийшілдіктен басты айырмашылықтарының бірі. Негізінен, Жаңа Конфуцийшілдік 21 ғасырдың басына дейін Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы үстем бағытқа ие болып, Жапония, Корея мен Вьетнамға да зор ықпал етті.
Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер
Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар - тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz