Абылай хан - Қазақ Ордасының мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақрыбы: Абылай хан - тарихи тұлға

АБЫЛАЙ ХАН - ТАРИХИ ТҰЛҒА

Абылай хан - Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, димломат және қолбасшы Абылай хан - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы . Оның шын есімі - Әбілмансұр. Абылай ханның арғы тегі- Жошы хан, бергі бабалары қазақ даласының негізін салған Әз- Жәнібек, одан соң Еңсегей Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай хан "Ақтабан шұбырынды" жылдарында жетім қалып, Үйсін Төле бидің қолында өседі. Абылайдың өсіп кеткен шашына, аш- жалаңаштықтан жүдеген өңіне қарап Төле би оған "Сабалақ" деп ат қойып, түйесін бақтырып қояды. Онымен қоса Абылай Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл Шоқан Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім - тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқының басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген қиындықтар, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналды. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанды. Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін баса отырып, оған ақыл - кеңес айтумен өткізген Бұқар жырау Қалқаманұлының ханға : "Алтын тақтың үстінде, Үш жүздің басын құрадың" деуінің негізінде тарихи шындық жатыр. Абылай хан Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Абылай қаhарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі . Ол -"Ақ толқын", "Алабайрақ", "Бұлан жігіт", "Дүние қалды", "Жетім торы", "Қайран елім", "Қара жорға", "Қоржыңқақпай", "Майда жел", "Сары бура", " Шаңды жарық" т. б. күйлердің авторы.

Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қыз қалды. Қазақ халқының жадында Абылай хан- қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімітуәелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды. Бұған дәлел, Бұқар жырау өз толғауында:

Ай, Абылай, сен он бір жасында

Әншейін-ақ ұл едің.
Он бес жасқа келгенде
Арқада Әбілмәмбет төренің
Түйесін баққан құл едің,
Абылай атың жоқ еді,
Сабалақ атпен жүр едің.
Оны да көрген жерім бар.
Жиырма беске келгенде,
Бақыт берді басыңа,
Тақыт берді астыңа.
Отыз жасқа келгенде,
Дүниеге кең едің.
Отыз беске келгенде,
Қара судың бетінде
Шайқалып аққан сең едің.
Қырық жасқа келгенде
Алтын тонның жеңі едің.
Қырық беске келгенде,
Жақсы-жаман демедің.
Елу жасқа келгенде
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің.
Елу бес жасқа келгенде,
Жақсы болсаң толарсың,
Жаман болсаң, маужырап барып соларсың.
Алпыс бес жасқа келгенде,
Әрбір атқа қонарсың, - деп оның өмірінің қөрінісін бейнелейді. Сол дәуірдің тарихи шындығы мен әлеуметтік мәселелерінің жырщысы, Абылай ханды өз толғауларында жырлайды. Бұл ұлы Абылай ханның шексіз билігінің арқасында Қазақ Ордасын біріктіріп, аман -есен сақтап қалуын көрсетеді. Абылайға дейін де, одан кейін де бірде -бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Әрине, бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдіреттілік сипатына байланысты. Сондықтан ұлы Абылай хан - шын мәнінде тарихи тұлға.

АБЫЛАЙ ХАН - ТАРИХИ ТҰЛҒА

Абылай хан кішкентай кезінен жетім қалған. Төле бидің қолында өсіп, түйесін баққан. Он үш жасынан жорықтарға қатыса бастаған. Сол жорықтарда көзге түсіп, қолбасшы атанған. 1771 жылы ол Түркістан қаласында бүкіл үш жүздің ханы болып жарияланды. Оның Қазақ хандығына қосқан үлесі өте көп .

Абылай хан - шын мәнінде тарихи тұлға!!!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай хан (Әбілмансұр): XVIII ғасырдағы қазақтың мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат
Абылай хан (Әбілмансұр, 1711-1781): қазақ хандығын біріктірген мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат
Абылай хан (1711-1781): XVIII ғасырдағы қазақ мемлекеттігін біріктірген қолбасшы және дипломат
Абылай хан: XVIII ғасырдағы мемлекет қайраткері және оның ішкі-сыртқы саясаты
Абылай хан: мемлекеттік қайраткер, әскери қолбасшы және дипломатиялық қызметі
Жауғаш батыр: Абылай хан дәуіріндегі қолбасшы, мәмілегер және елші (1738-1787)
Абылай хан дәуіріндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
Нәзір Төреқұлов (1893-1937): Түркістанның мемлекет қайраткері, дипломат және педагог-ғалым
Қазыбек би Келдібекұлы (1659-1765): Орта жүз төбе биі, мемлекет қайраткері және дипломат
Абылай хан (1711-1781): Қазақ хандығын біріктірген әскери және дипломатиялық көшбасшы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz