Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері



Кіріспе

1.1 Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері
1.2 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
1.3 Кәсіпкерлік қызметінің ұйымдық.құқықтық нысандары, олардың еркешеліктері артықшылықтары кемшіліктері
Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады. Әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін емес. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтыңтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді. Рим құқығында «кәсіпкерлік» ұғымы коммерциялық іс-әрекет, іс ретінде қарастырылды. Кәсіпкер ретінде қоғамдық құрылысты дамытатын арендатор деп есептелінді. Орта ғасырларда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынаны берді. Біреулер, сыртқы саудамен айналысатын адамдарды сөйтіп атайды. Мұндай кәсіпкерлікке мысалды Марко Поло, Еуропа және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы береді.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
1 Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы
2 Умбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. – Астана, 2005
3 Шеденов.Ө.Қ., СағындықовЕ.Н., ЖүнісовБ.А.,Байжомартов У.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе-2004 ж., «А-Полграфия».
4 Әубәкіров Я.Ә. «Экономикалық теория негіздері» Алматы-2008

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері
2. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
3. Кәсіпкерлік қызметінің ұйымдық-құқықтық нысандары, олардың
еркешеліктері артықшылықтары кемшіліктері

Кіріспе

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан
кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен
қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың
өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз
нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да,
бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы
жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа
экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар
шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің
идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір
сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының
демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс
құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп,
конкуренцияның пайда болуына жол ашады. Әлемдік тәжірибені негізге ала
отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негізінде құрылған
кәсіпкерліксіз шешу мүмкін емес. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің,
нарықтыңтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар
түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің
қолдауының арқасында дамып, гүлденеді. Рим құқығында кәсіпкерлік ұғымы
коммерциялық іс-әрекет, іс ретінде қарастырылды. Кәсіпкер ретінде қоғамдық
құрылысты дамытатын арендатор деп есептелінді. Орта ғасырларда кәсіпкер
ұғымы бірнеше мағынаны берді. Біреулер, сыртқы саудамен айналысатын
адамдарды сөйтіп атайды. Мұндай кәсіпкерлікке мысалды Марко Поло, Еуропа
және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы береді.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді.
Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: Кәсіпкер болу – басқаның істегенің
істемеу. Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты
ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж)
былай деген: Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында
ұйымдастыратын адам. 
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде
қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен,
оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс
әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) –
новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен
айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда
кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік
дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ
бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт
қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа
жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни
адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы
қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз
қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай
қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл
табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның
экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы
жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес
саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі
пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын
қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

1. Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері

Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары заңмен бекітіле отырып,
қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастардың ұйымдастырылуының нақты
нысанын анықтайды.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік экономикалық жүйенің негізгі
тобы болып табылатын кәсіпорын арқылы жүзеге асырылады.

Меншік нысаны бойынша кәсіпкерліктің мемлекеттік, жеке меншік және аралас
түрлерін ажыратады.

Меншік иесінің санына қарай кәсіпкерлік қызмет дара және ұжымдық болып
табылады. Дара кәсіпкерлік кезінде меншік жеке тұлғаға тиісті болады.
Ұжымдық кәсіпкерлікке әрқайсысының үлесі белгіленген бірнеше субъектіге
тиісіті меншік сәйкес келеді. Ұжымдық меншіктегі мүлікті иемдену,
пайдалану және басқару барлық меншік иелерінің келісімі арқылы орындалады.

Кәсіпкерлік нысандарын, өз кезегінде, ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-
экономикалық деп ажыратуға болады. Ұйымдық-құқықтық нысандарына
серіктестіктер, қоғамдар, кооперативтер жатады.

Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-экономикалық нысандарына концерндерді,
ассоциацияларды, консорциумдарды, синдикаттарды, картельдерді, қаржылық-
өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасында Азаматтық Кодекске сәйкес кәсіпкерлік
коммерциялық қызметтің келесі ұйымдық-құқықтық нысандары белгіленген:
шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер,
мемлекеттік кәсіпорындар.

 

Қазақстан Республикасының “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы”
Заңына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері болып заңды тұлға құрмайтын
жеке тұлғалар және жұмыскерлер саны 50 адамнан және активтерінің орташа
жылдық құны алпыс мың еселенген есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын заңды тұлғалар табылады. Шағын кәсіпкерлік
субъектілері ойын және шоу бизнес, банктік,сақтандыру және бағалы қағаздар
нарығындағы кәсіби қызмет түрлерінен басқа кәсіпкерлік қызметтің кез-
келген түрін жүзеге асырады. Қызметтің бірнеше түрін жүзеге асыратын шағын
кәсіпкерлік субъектілері жылдық айналым көлемінде үлесі ең көп қызмет
түрінің өлшемдері бойынша жатқызылады. Егер бір немесе бірнеше заңды тұлға
шағын кәсіпкерлік субъектісінің өлшеміне сай келетін шаруашылық
серіктестігін құрған жағдайда құрылатын субъектінің жарғылық қорындағы
үлесі 25 пайыздан аспауға тиіс.

Кәсіпкерліктің қарапайым нысаны дара кәсіпкерлік болып табылады. Дара
кәсіпкерлік – азаматтардың өздерінің немесе мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік
емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік
жауапкершілігімен жүзеге асырылатын табыс табуға бағытталған бастамашылық
қызметі. Дара кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке тұлғалар болып табылады. Дара кәсіпкерлік
түрлері: өзіндік және біріккен. Дәлірек айтсақ, дара кәсіпкерлік бір
тұлғаның атынан, ерлі-зайыпты адамдардың атынан, отбасы атынан немесе жеке
меншік иелерінің бірігіп, ортақ меншік негізінде құрылатын жай серіктестік
атынан жүзеге асырылады. Яғни, дара кәсіпкерлік субъектісіне жеке
кәсіпкерлікпен айналысатын жоғарыда көрсетілген жеке тұлғалар жатады. Дара
кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыра алады.

Дара кәсіпкерлік өз қызметін екі нысанда атқара алады: бір ғана адам
иеленетін кәсіпорын негізінде құрылған кәсіпкерлік және белгілі бір топ,
яғни ортақ отбасы меншігі немесе бірнеше жеке кәсіпкерлердің заңды тұлға
дәрежесіне кірмей өздерінің көздеген ортақ мақсаттарына жетуге байланысты
біріккен меншікке негізделіп құрылған кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің алғашқы
нысаны азаматтың өзіне ғана тиесілі меншігі негізінде іске асырылатын
болса, онда ол өзіндік деп аталады. Яғни, кәсіпкерліктің бұл түрі бір тұлға
меншігі негізінде сол тұлға жауапкершілігі мен тәуекелі арқылы құрылады.
Басқа сөзбен айтқанда, меншік иесі және кәсіпкер бір адам болып келеді. АҚШ-
та мұндай кәсіпкерлерді жалғыз иеленушілер және сәйкесінше, жалғыз
(адам) иеленетін кәсіпорындар деп атайды.

Ал, кәсіпкерліктің келесі нысаны бірнеше жекелеген адамдардың
әрқайсысына тиесілі меншік үлесі негізінде іске асырылатын бірлескен
кәсіпкерлік. Оның өзін үш түрде қарастырамыз:

1) ерлі-зайыпты адамдардың (екі адам) ортақ меншігі негізінде жүзеге
асырылатын біріккен кәсіпкерлік;

2) отбасы мүшелерінің тұрғын үйге ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын
біріккен кәсіпкерлік;

3) ортақ, үлестік қоры негізінде жәй серіктестік түрінде жүзеге асырылатын
біріккен кәсіпкерлік, яғни бірнеше тұлғалардың бірігуі арқылы жүзеге
асырылады.

Жоғарыда айтылғандай жеке меншік негізінде құрылатын жеке кәсіпорын
субъектілері және дара кәсіпкерліктің түрлері (нысандары) Қазақстан
Республикасының 1997 жылы 19 маусымда қабылданған Жеке кәсіпкерлік
туралы заңында айтылған.

Дара кәсіпкерліктің бірлескен нышанын ұйымдастырып, жүзеге асыру өзіндік
кәсіпкерлікке қарағанда күрделірек, себебі бұл жерде меншік ортақ
болғандықтан меншіктегі әрқайсысының үлесін, кәсіпкерліктегі орнын және
кәсіпкерліктен түскен пайданың қалай бөлінетіндігін анықтап алу қажет. Ал,
дара кәсіпкерліктің өзіндік кәсіпкерлік нысанында құрылған кәсіпорын
меншігі бір адамның иелігінде болғандықтан кәсіпкерліктен түскен барлық
табысқа сол адам ие болады. Бірлескен кәсіпкерлікті жүзеге асыратын ерлі-
зайыпты адамдардың әрқайсысы иемдену құқығын орнататын неке шартын
құрмаған жағдайда олардың меншігі ортақ болып есептеледі. Яғни, осы ортақ
меншік негізінде ерлі-зайыпты адамдар кәсіпкерлікпен айналыса алады. Ерлі-
зайыпты адамдар атынан тек біреуі ғана кәсіпкерлікті жүргізеді. Бірақ,
жеке кәсіпкерлікті жүргізуге іскерлікті тіркеу кезінде екіншісінің рұқсаты
міндетті түрде қажет. Дара кәсіпкерлік мемлекеттің тіркеуінсіз жүзеге
асырылатын болған жағдайда екіншісінің рұқсаты заңмен бекітілген жазбаша
түрде сақталады.Ал егер кәсіпкерлікті жүргізуге жоғарыда айтылған
екіншісінің рұқсаты болмаған жағдайда, кәсіпкерлікті өз атынан жүргізетін
ерлі-зайыпты адамдардың іскерлігі өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге
асырылады және де некедегі ортақ меншіктің тек өз үлесі бойынша ғана
жүргізіледі. Сонымен қатар, кәсіпкер жеке тұрғын үйін кәсіпкерлік
мақсатында пайдаланатын болса, онда кәсіпкерге жеке тұрғын үйдің өзге
мүшелерінің заңмен бекітілген рұқсаты қажет болады. Кәсіпкерлікпен
айналыспайтын ерлі-зайыпты адамдардың екіншісінің меншігіне кәсіпкер-
жұбайы қарызын төлеу (өтеу) кезінде қол сұғылмайды. Басқа сөзбен айтсақ,
кәсіпкер-жұбайының ісі банкротқа ұшыраған жағдайда, ортақ меншіктегі
екінші адамның үлесі меншік құқығы бойынша қарызды төлеуге (өтеуге)
жұмсалмайды. Ал егер кәсіпкерлікпен ерлі-зайыпты адамдардың екеуі де
айналысқан жағдайда жауапкершілікке олардың ортақ меншігі түседі. Бұдан
мынадай тұжырым жасауға болады: кәсіпкерлікпен ерлі-зайыпты адамдардың
немесе отбасы мүшелерінің біреуі ғана айналысатын болса, онда екіншісінің
немесе отбасы мүшелерінің келісімі міндетті түрде қажет; ерлі-зайыпты
адамдар немесе отбасы кәсіпкерлікті жүзеге асыру мақсатында өздерінің жеке
тұрғын үйлерін қолдана алады, мысалы, пәтерлерін банктерге кепілдікке бере
отырып, қарыз алуға пайдаланады және жауапкершілікке өздерінің мүлкімен
жауап береді.Ал енді жай серіктестікке тоқталып өтелік. Бірнеше дара
кәсіпкерлер (өзіндік кәсіпкерлікті және отбасы кәсіпкерлігін жүзеге
асырушылар) өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін бірігеді және өзара шартқа
отыру арқылы жай серіктестік құрады. Жай серіктестік құруға талаптанған
дара кәсіпкерлер өздерінің мүліктік қорын құрады. Яғни, жай серіктестік
әрқайсысының ақшалай, заттай немесе ақыл-ой, зерделік істің нәтижесіне
құқығы бойынша және тағы да басқа үлестері бойынша құрылады. Олардың
серіктестіктегі үлестері бағасы бойынша (егер шартта басқа жағдайлар
қарастырылмаған болса) тепе-тең болады.

Шартқа отырған кәсіпкерлердің қосқан үлесі және сонымен қатар кәсіпкерлік
нәтижесі олардың ортақ үлестік меншігі болып есептеледі. Жай серіктестік
мүшелерінің әрқайсысы өз үлестерін алуға құқылы, ал ортақ меншікке билік
жүргізушіні кәсіпкерліктің басқа мүшелерінің келісуімен тағайындайды. Шарт
бойынша, түскен пайданы бөлу мен шығындарды өтеу жай серіктестіктегі
кәсіпкерлердің қосқан үлестеріне байланысты болады. Бұдан мынадай
қорытынды жасауға болады: бірнеше жеке меншік иелері бірігіп
кәсіпкерлікпен айналыса алады; олардың мүліктері қосқан үлестік
салымдарынан тұрады; пайданы бөлу тәртібі мен жұмсалатын шығындар өзара
құрған шартта көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
заңының 3-бабына сәйкес дара кәсіпкер шағын кәсіпкерлік субъектісі болып
табылады. Яғни, дара кәсіпкерлікте еңбек ететін жұмысшылар саны жылына
орташа есеппен 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны жылына
орташа 60 000 еселенген есептік көрсеткіш шамасынан аспауы қажет. Атап
айтсақ, 50 адам – орман, ағаш шеберлігі, қағаз, әйнек, фарфор өндірісінде,
жеңіл, тамақ өнеркәсібінде, микробиологиялық, полиграфиялық, медициналық
қызмет көрсетуде, ұн, жем, құрылыс материалдарын өндіруде; 20 адам –
құрылыста; 10 адам – ғылыммен айналысуда және ғылыми қызмет көрсетуде,
ауыл шаруашылығында, көлік және байланыста, күнделікті қызмет көрсету,
мәдениет пен өнер салаларында және жалпы акпарат құралдарында; 6 адам –
сауда саласында, материалдық-техникалық жабдықтау, дене шынықтыру, спорт
және тағы басқа да қызмет көрсету салаларында еңбек ете алады.

Сонымен, кәсіпкерлік түрлерін, атап айтқанда дара кәсіпкерлікті сараптау
нәтижесінен оның мынадай анықтамасын ұсынамыз: дара кәсіпкерлік дегеніміз
– жеке меншік нысандарының жеке өндіруші нысаны (жеке шаруашылық
қожалықтары, акциялар, облигациялар тағы да басқа бағалы қағаздар, олардан
түскен табыстар мен басқа да табыстар, өндіріс құралдары, бір сөзбен
айтқанда пайда, табыс әкелетін бөлігі) негізінде табыс табуға бағытталған
іскерлік түрі. Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және қызметкерлерінің
орташа жылдық саны 10 адамға дейінгі заңды тұлғалар микробизнес
субъектілері болып табылады.Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және
қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы
активтерінің құны алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын
заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.Заңды тұлға
құрмаған жеке тұлғалар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 250 адамға
дейінгі және активтерінің құны үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық
есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері
болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің орташа
жылдық саны 250 адамнан астам және активтерінің құны үш жүз жиырма бес мың
еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі бизнес
субъектілері болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы
экономикасында бір уақытта қатар ірі, орта және шағын кәсіпорындар қызмет
етуде.

Кәсіпорындардың шамасы саланың спецификасына, технологиялық
ерекшеліктеріне, масштаб эффектісіне байланысты болады. Жоғары капитал
сыйымдылықты және едәуір өндіріс көлемімен байланысты салалар бар әрі
үлкен шамадағы кәсіпорындарды талап етпейтін салалар да бар.

2. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді.
Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: Кәсіпкер болу – басқаның істегенің
істемеу. Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты
ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж)
былай деген: Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында
ұйымдастыратын адам.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама
түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен
баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік
(предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш.
Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғым бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу
қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе
бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш
қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен,
коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау
қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанұялық кәсіпкерлік
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Қазақстан Республикасында кәсіпорын қызметінің заңнамалық негізгі
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
Кәсіпкерлік ұғымы
Кәсіпкерліктің экономикадағы орны
Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі
Кәсіпкерлік - іскерлік белсенділік өнері
Кәсіпкерлік орта
Пәндер