Соттық дәлелдеу



Кіріспе ... ...
1 тарау. Соттық дәлелдеу .
1.1 Соттық дәлелдеу түсінігі мен мақсаты.
1.2 Дәлелдеу пәні .
1.3 Дәлелдеу бойынша тараптардың міндеттері
2 тарау. Дәлелдемелердің жекеленген түрлері
2.1 Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері ... ..
2.2 Куәнің көрсетпелері
2.3 Жазбаша және заттық дәлелдемелер


Қорытынды .
Қолданылған нормативтік актілермен әдебиеттер тізімі ... ... ... ..
Соттық дәлелдеу - бұл істің мән- жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойынша процеске қатысушылардың қызметі. Өзгеше айтар болсақ - бұл талаптардың және өзгеде қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зеріттеуге әрекеті.
Ал соттық дәлелдемелер - азаматтық іс бойынша тараптардың талаптармен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін, сотпен қолданылатын тәсілдерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзгеде маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істі жазбаша дәлелдемелердің судья куәландырған көшірмесі қалады.
Жазбаша дәлелдемелер соттың шешімі заңды енгенге дейін, егер сот мүмкін деп тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін. Дәлелдемелерді тараптар мен іскеқатысушы басқада тұлғалар береді.
1. Қазақстан Республикасынык конституциясы (7.10.1998ж өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 30 тамыз 1995 жыл қабылданған. - Алматы: Жеті жарғы, 1998жыл.
2. “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” ҚР-ның конституциялық заңы, 25.12.2000 жылы қабылданған. /Казахстанская правда, 2000, 30 декабря//
3. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі, Алматы, 2001.
4. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, Алматы, 2001.
5. “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” ҚР-ның заңы 1995 жылғы 25 желтоқсан. - ҚР конституциялық құқығы: нормативтік құқықтық актілер жинағы: 2 томдық құрастырылған. Н.Бекенов, т.б. Қарағанды: ҚР ІІМБейсенов атындағы Қарағанды заң институты, 2002;
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Пленумының №9 қаулысы, 30-маусым, 2000 жылы қабылданған;
7. Аргунов В.Н. Участие прокурора в гр. Процессе. - М.,1991.
8. Баймолдина З.Х. Казахстанское гр.процессуальное право, Алматы, 2001.
9. Байолдина З.Х. Раиратильствугр.дел суди первой инстанций: научно-практичный пособий – Алматы: Жеті жарғы, 2002г.
10. Боннер А.Т. Законность правоприминительной деятельности. - М.,1992г.
11. Вандышев , Дернова. гр.проссуальный курс лекций.- Питер, 2001г.
12. Викут, Зайцев гр.процесс Россий: учебник. - М., Юрист, 1999г.
13. Гр.кодекс РК Сулейменов,Басин, Алматы жеті жарғы, 1997г.
14. Гр.кодекс РК. Сулейменов, Басин, Алматы 1998.
15. гр.право Сергеев, Толстой, 1996.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
1 тарау. Соттық дәлелдеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Соттық дәлелдеу түсінігі мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Дәлелдеу пәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
1.3 Дәлелдеу бойынша тараптардың міндеттері ... ... ... ... ... ... .
2 тарау. Дәлелдемелердің жекеленген
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері ... ..
2.2 Куәнің көрсетпелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Жазбаша және заттық дәлелдемелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
Қолданылған нормативтік актілермен әдебиеттер тізімі ... ... ... ..

Кіріспе
Соттық дәлелдеу - бұл істің мән- жайларын соттық дәлелдемелер
арқылы анықтау бойынша процеске қатысушылардың қызметі. Өзгеше айтар
болсақ - бұл талаптардың және өзгеде қатысушылардың дәлелдемелерді табыс
етуге, жинауға және оларды зеріттеуге әрекеті.
Ал соттық дәлелдемелер - азаматтық іс бойынша тараптардың
талаптармен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын
анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін
маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін,
сотпен қолданылатын тәсілдерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер.
Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын
негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін
өзгеде маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде
алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды
табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен
кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істі жазбаша дәлелдемелердің
судья куәландырған көшірмесі қалады.
Жазбаша дәлелдемелер соттың шешімі заңды енгенге дейін, егер сот
мүмкін деп тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін.
Дәлелдемелерді тараптар мен іскеқатысушы басқада тұлғалар береді.
Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың іске
қатысушы басқа да тұлғалардың талаптарымен қарсылықтарының негізінде,
материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс нормаларын ескере
отырып, сот анықтайды.
Сот тараптарға және іске қатысушы басқада тұлғаларға істі дұрыс
шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
Тараптармен іске қатысушы басқада тұлғалар үшін дәлелдемелерді
ұсыну қиындық бойынша дәлелдемелерді сұрақ алуға жәрдемдеседі.
Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы келтірген жағдайда, сот
олардың өтінімде сол дәлелдемелер көрсетуге сондай-ақ, осы дәлелдеме арқылы
іс үшін маңызы бар қандай мән-жайларр анықталатыны немесе бекерге
шақырлатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және
оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.
Қажетті болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені алу
үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей
сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның
қолына береді.
Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгіленген
мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе өзге адамның соттың
сұратуын алған күннен басқа бес күн мерзім ішінде көрсетіп, бұл туралы
сотқа хабарлауы міндетті.
Хабарламаға, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот
дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі
лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық
туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға қолданылады.
Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны
сотқа беру міндетінен босатпайды соттың талабын қасақана орындамаған
жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Егер талап сот сұратқан дәлелдеменіөзінде ұстап қалса және оны
соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер талаптың мүдделеріне
қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.
Осы курстық жұмыста жоғарыдағы мәселелер егжей - тегжейлі зертеліп
отырып азаматтық процестегі дәлелдемелермен дәлелдеу жағдайлары
көрсетіледі.
Курстық жұмысты орындаудағы мақсатым:
1. соттық дәлелдеудің түсінігі мен мақсатын ашу;
2. дәлелдеу бойынша тараптардың міндеттерін ашып көрсету;
3. дәлелдеу пәнің көрсету;fd
4. дәлелдеменің түсінігін, жіктелуін және олардызеріттеумен бағалау
мәселелерін ашып көрсету;
5. дәлелдемелердің жекеленген түрлерінің мазмұны:
Осы мақсатты көздей отырып, жұмысты үш бөлмеге бөлдім. әрбір бөлім
қажетті мәселелерді ашуға арналған.
Жұмысты орындау барысында бірқатар алдынғы қатарлы ғалымдардың
еңбектері пайдаланды, атап айтқанда, З.Х.Баймолдинаның, М.С.Шакариянның,
М.К.Треушниковтың және т.б.

1 тарау Соттық дәлелдеу.
1.1. Соттық дәлелдеу түсінігі мен мақсаты.
Істің нақты жағдайларын анықтау соттық таным арқылы жүзеге
асырылады. Соттық таным - обьективті дүниенің заңдылықтарына қол жеткізу
процесі, адамның танымдық әрекетінің түрі.
Азаматтық сот өндірісінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын
негіздейтін,сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызды болатын өзге де
жағдайларды танудың негізгі тәсілі соттық дәлелдеу болып табылады.
Соттық дәлелдеудің негізін табиғатпен қоғамдағы құбылыстардың
байланысы құрайды. Бұл байланыс бір құбылыстың негізінде екінші құбылыстың
болуы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы, соттық дәлелдеуді істі дұрыс шешу үшін маңызды болып
табылатын заңды фактілердің бар немесе жоқтығын анықтауға бағытталған
субьектілер әрекеті ретінде көрсетуге болады.
Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде
сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқада тұлғалар береді.
Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән -жайларды тараптардың және іске
қатысушы қарсылықтарының негізінде, материялдық және іс жүргізу құқығының
қолданылуға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.
Сот тараптарға және іске қатысушы басқада тұлғаларға істі дұрыс
шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.

___________________________________ ___________________________

Тараптармен іске қатысушы басқада тұлғалар үшін дәлелдемелерді
ұсынуы қиыандық келтірген жағдайда, сот олардың өтінімі бойынша
дәлелдемелерді сұратып алуға жәрдемдеседі.
Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол дәлелдемелер
көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-
жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені өз бетінше
алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.
Қажетті болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені алу
үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей
сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның
қолына береді. Сот дәлелдеме талапеткен, оны жалпы немесе сот бегіленген
мерзімде беруге мүмкімдігі жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын
алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы
сотқа хабарлауы міндетті.
Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы
сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі
лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық
туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға
Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны
сотқа беру міндетінен босатпайды. соттағы талабын қасақана орындамаған
жағдайда аталмаған тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылады. егер талап
сот сұратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оның соттың сұратуы
бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы талаптың мүдделеріне қарсы
бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі. соттық
дәлелдеудің мақсаты азаматтық іс жағдайлардың анықтау болып табылады, яғни
дәлелдемелер арқылы тараптар үшін белгілі құқықтық салдардың, сондай-ақ
істі дұрыс шешу үшін мазмұнды болып табылатын өзге де жағдайлардың
туындауымен байланысты заңды фактілерді анықтау.
Соттық дәлелдеу төмендегідей өзара байланысты дәлелдемелік
әрекеттің үш түрінен тұрады:
- дәлелдемелерді ұсыну және жинау.
- сот мәжілісінде дәлелдемелерді зеріттеу.
- дәлелдемелерді бағалау.
Азаматтық іс жүргізу әдебиетінде соттық дәлелдеу ұғымы жөнінде
түрлі пікірлер берілген. Бір авторлардың пікірінше соттық дәлелдеу соттық
дәлелдемелерді бағалау бойынша ойлау әрекеті логикалық, танымы
(А.А.Старченко). Бұл түрде сәйкес соттық дәлелдеудің мазмұнынан
дәлелдемелерді ұсыну, жинау және зеріттеу процессуалды әрекеті кірмейді.
Екінші авторлардың түсінігі бойынша соттық дәлелдеу дәлелдемелерді
ұсыну, жинау және зеріттеу бойынша соттық және іске қатысушы тұлғалардың
процессуалды әрекетінің жиынтығы, мысалы: С.В.Куринев соттық дәлелдеуден
логикалық, ойлау әрекеті алынады, сондықтан соттық дәлелдеуден
дәлелдемелерді бағалау жатпайды деп санады.
Соттық дәлелдеу ұғымын азаматтық процесуалды құқық қатынастарының
тізбектілерінің ойлау және процесуалды әрекеті ретінде қарастыратын
процессуалис-ғалымдардың тұжырымдары дұрыс болып табылады. (П.П.Гуреев,
И.М.Зайцев. В.В.Молчанев, М.К.Ттыреущинеков). Соттық дәлелдеу логикалық
және процессуалды әрекеттердің бірлігі болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде дәлелдемелік әрекеті кім және қандай дәрежеде
жүзеге асыратындығы жөнінде яғни соттық дәлелдеу субьектілері
жөніндегі пікірлерде әр түрлі. Ревалюцияға дейінгі әдебиеттерде соттық
дәлелдеу дауласушы тұлғалардың (тараптардың) дәлелдемелік әрекеті ретінде
көрсетілді, мысалы: А. Х. Гольметен жазады: “Дәлелдемелер әрдайым тараппен
ұсынылады: дәлелдеу тараптың ерекше құқығы; сот ешбір жағдайда өзі
дәлелдемелерді немесе анықтамаларды жинамайды.Кейін дәлелдемелік әрекет
тұжырымдамасы төмендегідей өзгерістерге ұшырайды.
Бастапқыда дәлелдемелік әрекетті жүзеге асыратын субъектілер
кеңейтілді олардың қатарына тек тарапта ғана емес, сондай-ақ іске қатысушы
өзгеде тұлғаларды жатқызылды. Мысалы: А. Ф. Клейнман дәлелдеу тараптардың
және іскеқатысушы өзге тұлғалардың дәлелдемелерді сотқа ұсынуы,
талдауы, даулы фактылар жөнінде дәлелдемелік қорытынды жасауы деп
көрсетеді.
50-ші жылдан 80-ші жылдардың арасына дейін дәлелдеудің негізгі
субектісі ретінде сот деген көзқкрас билік етті. Дәлелдеудің субъектілері
болып сот және іске қатысушы тұлғалар аталды. Азаматтық процесуалды
заңдылықты дәлелдеу бойынша әрекет сотпен, тараптармен және іске қатысушы
өзге тұлғалармен жүзеге асырлатындығы жөніндегі ереже бекітілді.
Сонымен, дәлелдемелерді жинау, қатысу және зеріттеу бойынша
әрекетіске қатысушытұлғалармен жүзеге асырылады. Дәлелдеу бойынша міндет,
бірінші кезекте, тараптарға және үшінші тұлғаларғажүктеледі. Дәлелдемелерді
жинау, ұсыну және зеріттеуде тараптар, үшінші тұлғалар, іске қатысушы
өзгеде тұлғалар, белсенді қатысады.
Істің нақты жағдайларпын анықтау мақсатында сот
дәлелдемелердіжинаудан толық босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші
бойынша оған заңмен көзделген тәртіппен қажетті материалды алуға
жәрдемдеседі.
Сот тараптармен іске қатысушы тұлғалармен ұсынылған немесе мүдделі
тұлғалардың дәлелді өтініші негізінде соттың тапсырмасымен алынған
дәлелдемелерді зеріттеумен бағалау әрекетін жүзеге асырады.
Сөйтіп, соттық дәлелдеу – бұл азаматтық процестің келесі
субъектілермен:
дәлелдемелерді жинау, ұсыну және зеріттеу бойынша тараптармен және іске
қатысушы өзге тұлғалармен;
дәлелдемелерді зеріттеу және бағалау бойынша сотпен соттық дәлелдемелерді
қолдану жолымен, іс үшін маңызы бар заңды фактілер мен өзге жағдайларды
анықтауға бағытталған ойлау және процессуалды әрекеті.
Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме
жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
66-бап Дәлелдемелерді ұсыну.
Дәлелдемелерді тараптармен іске қатысушы басқа да тұлғалар
береді.
Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың жеке іске
қатысушы басқа да тұлғалардың қолданылуға тиіс нормаларын
ескере отырып, сот анықтайды.
Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді
ұсыну қиындық келтірілген жағдайларларда сот олардың өтінімі бойынша
ділілдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.
Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол дәлелдемелер
көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-
жайлар анықталатын немесе бекерге шығарылатын.
Дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның
тұрған жері көрсетілуге тиіс.
Қажет болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемелер
алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны
тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар
адамның қолына береді.
Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгіленген
мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын
алған күннен бастап бес күн мерзім үшінде себебін көрсетіп, ол туралы сотқа
хабарлауға міндетті.
Хабарламаған, сондай ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы
сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі
лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге де тұлғаларға әкімшілік құқық
бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға қолданылады.
Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесін бар адамды оны
сотқа беру міндетінен босатпайды. Соттың талабың қасақана орындамаған
жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады.
Егер тарап сот сұратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны
соттың сұрауы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне
қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі. Және
процесуалды әрекеті.
1. 2. Дәлелдеу пәні.
Дәлелдеу пәнін анықтау аса маңызды жағдай: Дәлелдеу пәні іс
бойынша нені анықтау қажет екендігіне қандай жағдайлар дәлелденуге
жататындығына жауап береді. Дәлелдеу пәнін анықтаудың дұрыстығы сот
процесінің қорытындысына, іс бойынша шығарылған шешімнің заңдылығы және
негізділігіне ықпал етеді.
Дәлелдеу пәні – бұл азаматтық істі дұрыс шешу үшін анықтауға
қажетті заңды фактілер мен өзге жағдайлардың жиынтығы.
Дәлелдеу пәнін анықтау кезінде, А. Х. Гольметен ол тараптардың
талаптарын негіздейтін фактілер болып табылады -деп көрсетті.
Дәлелдеу құқығының теориясында дәлелдеу пәнінің мазмұны жөніндегі
мәселе дау туындатады.
Бір авторлардың пікірі бойынша дәлелдеу пәніне дауласушы
субьектілердің талаптарын және наразылықтарын негіздейтін материялдық
құқықтық сипаттағы фактілер (жағдайлар) ғана (А. К. Сергун, Я. Л. Штутин.
М. К. Треушников);
Екінші авторлар дәлелдеу пәніне талапты негіздейтін және
талапқа қарсы наразылықтарды негіздейтін фактілер ғана емес сондай-ақ
даудың немесе құқықбұзушылықтың себептері мен жағдайларын жатқызады (Ю. К.
Осипов);
Үшінші авторлар дәлелдеу пәні үш фактілер тобын:
1. Материялдық құқықтық
2. Процесуалды
3. Дәлелдемелік
Фактілерді қамтиды деп санайды (Д. М. Чечот)
Төртіншілері дәлелдеу пәнінің мазмұнның кеңінен қарайды және
оған құқық бұзушылықтық соттық профилактикасы үшін қажетті дәлелдемелік
фактілерді және материялды құқықтық және процесуалды сипаттағы фактілерді
енгізеді (И. М. Зайцев).
Бірінші пікір дұрыс сияқты. Сот шешуінің пәні даулы материялды
құқықтық қатынас немесе заңды мүдде ал оның болуы материялдықұқықтық
қатынас немесе заңды мүдде болып табылады, ал оның болуы немесе болмауы
белгілі бір заңды фактілерімен немесе материялдық құқық нормаларында
көрсетілген фактілердің жиынтығымен айқындалады. Сотпен заңды фактілерін
анықтау даулы құқықтың немесе заңды мүдденің болуы немесе болмауы жөніндегі
қортынды үшін негіз болады. Осыдан шығатыны, дәледеу пәнін материялдық
құқықтыққатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы үшін негіз
болатын заңды фактілер құрайды.“ Дәлелдеу пәні” ұғымның “соттық зерттеу
шегі” ұғымынан шеңбері тар Заң соттық зерттеушегін белгілемейді,ал дәлелдеу
пәні белгіленген оған тараптардың талаптарымен қарсылықтарын негіздейтін
жағдайлар жатады. Өзге фактілер“ соттық зерттеу шегі” ұғымының мазмұнына
кіреді, олар азаматтық іс бойынша анықталуға жататын жағдайлар жиынтығын
белгілеу үшін қолданылады.
Әрбір азаматтық іс бойынша дәлелдеу пәні сол іске қарай тән болып
келеді, өйткені түрлі іс жағдайлары толық бірдей мүмкін емес.
Талап қою өндіріс істері бойынша дәлелдеу пәні бірнеше фактілер тобынан
құралады:
талапты негіздейтін фактілер
талапқа қарсылықты негіздейтін фактілер
қарсы талапты негіздейтін фактілер
үшінші тұлғалардың негіздейтін фактілер
Ерекше талап қою өндіріс бойынша дәлелдеу пәнін арызды және
арыздарға талаптарға қарсылықты негіздейтін фактілер құрайды. Осы
фактілерге сүйеніп сот даулы материялдық құқық қатынасына біліктілік
береді, қолданылуға жататын материялдық немесе процесуалдық құқық
нормаларын анықтайды.
Дәлелдеу пәніне жататын заңды фактілер келесі түрлерге бөлінеді:
іс -әрекет, оқиға. Жағдай;
жағымды жағымсыз фактілер
Дәлелдеу процесінде өтіп кеткен фактілер анықталады. Сондықтан соттық қарау
кезінде дәлелдемелер негізінде өткен жағдай қалыптастырып кеткен фактілер
дәлелденеді.
Алайда барлық заңды фактілер дәлелденуге жатпайды. Кейбір
фактілер дәлелсіз іс бойынша шешімнің негізін құрай алады, сондықтан олар
дәлелдеу пәніне кірмейді.
Сот жалпыға белгілі деп танығанмән-жайлар дәлелдеуді қажет
етпейді. Соттың бұрынғы қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген
шешіммен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар
қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде дәлелденбейді соттың
қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы
танылатын үкімі оған қатысты соттың үкімі болған тұлға әрекеттерінің
азаматтық құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды
күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс-
әрекеттер орын алдыма және оларды осы адам жасадыма деген мәселелер бойынша
сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына
қатысты да міндетті болып табылады.
Заңға сәйкес деп анықталды деп ұйғарған фактілер азаматтық
істі талқылау кезінде дәлелденбейді.Мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске
шығарылуымүмкін.
Әуелі дәлелдеу пәніне талап негіздемесінің деректері жатқызылады,
яғни талап қоюшымен талап негіздемесі ретінде көрсетілген заңды фактілер,
сондай-ақ талапқа қарсы негіздемесі деректері, яғни жауапкер мен талапқа
қарсы негіздемесі ретінде көрсетілген негізгі фактілер.
Процеске заңның нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар
қатысқанда немесе қарсы талап қойылғанда іс бойынша дәлелдеу пйніне осындай
талаптар негізінде деректер еңгізіледі.
Егер талаптар заңды маңызды жоқ фактілерге сүйенетін болса, онда сот оларды
зеріттеуге тиіс емес. Ал егер тараптар іс бойынша маңызы бар фактілерді
белгілемесе, онда сот оны өз бастамасы бойынша дәлелдеу пәніне жатқызу тиіс
сондай-ақ дауды дұрыс шешу үшін тарапқа дәлелдемелер табыс етуге ұсыныс
жасайды.
Дәлелдеуге жатпайтындеректер ҚР АЖІК іс бойынша дәлелдеуге жатпайтын төрт
категория деректер белгілейді. Сондай ақ ол дәлелдеу пәніне жатқызылмайды.
Жеке атайтын болсақ оларға:
-Жалпыға белгілі деректер;
Преюдициалды анықталған деректер;
Ұйғарылған болжамды деректер;
Даусыз деректер қатысты болады; (ҚР АІЖК -257 БАБЫНЫҢ 1-БӨЛІГІ);
әрқайсысын жеке қарастырайық.
Қандай деректерді жалпыға белгілі деп тану туралысоттың өзі шешеді. Сот
жалпыға белгілі деп танылған мән жайларды дәлелдеудә талап етпейді.
Преюдициалды анықталған деректер дәлелдеуге жатпайды, яғни бұл іс
бойыншақабылданып және заң күшіне енген сот үкімімен не шешімімен
бекітілген деректер. Мұндай деректер жалпы іс қорғау мүмкін яғни істі қайта
қарауда өзге тұжырыммен.
Тәжірибеде регрестік талаптарды қарастыруда преюдициал
дық деректер жиі кездеседі.
Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күші не деген
шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар
қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді (
ҚР АІЖК -нің 71 -бабының 2-бөлігі).
Ұйғарылған (болжамды) деректерге, мысалы, көктем ( наурыз )
айларының басында қар еріп өзенде су деңгейі көтеріледі немесе қыста жол
тайғақ болады деген деректерді жатқызуға болады. Мұндай болжамдар жалпы
сотта іс қарау тәртібі бойынша тараппен жоққа шығарылуы мүмкін .
Даусыз деректер – заңмен танылған деректер. Заңға сәйкес
анықталды деп ұйғарылған деректер азаматтық істі талқылау кезінде
дәлелденбейді.
Дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайларға:
осы заманға ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы қабылданған
зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
адамның заңды білуі;
адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;
олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық
немесе білім алған оқу орнын немесе басқада да мекемені көрсетпеден адамда
арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы есептеледі.
Дәлелдеу тәртібі заңмен регламентенген. Дәлелдеу қызметі
азаматтық процестің (тараптардың айтысуымен құқықтылығын, сотта іс қараудың
жариялығы және т.б.) жалпы принциптерімен бағытталынады және процестің әр
сатысында жекешелінеді.
Дәлелдемелер жинау, зеріттеу не бағалау бойынша соттың немесе
іске қатысушылардың іс-әрекеттері процесуалдық тәртіптерге сәйкес болуы
тиіс. Осы тәртіптер қатарында дәлелдеу тәртібі ерекше орын алып отыр. Сот
дәлелдемелерді бағалағанда, заңды және құқықтық сананы басшылыққа ала
отырып, сот мәжілісінде істің барлық мән-жайларын жинақтап, толық және
объективтітүрде қаруға негізделген өзінің ішкі сеніміне лайықты бағалайды.
Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күн ілгері белгіленген күші болмайды.
Дәлелдемелер мынадай тұрғыдан бағаланады:
1-дәлелдемелердің қатыстылығы;
2-дәлелдемелерге жол беру;
3-дәлелдемелердің растығы;
4-дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі.
1.Дәлелдемелердің қатыстылығы - бұл іс үшін маңызды мән-жайлардың бар
екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын не оларға күман
келтіретін нақты деректер ретінде танылатын дәлелдемелер.
Дәлелдемелердің қатыстылығы тәртібінің мәні – іске қатысты
болатын дәлелдемелерді сот қарастыруы және зеріттеуі тиіс.
Іске қатысты дәлелдемелерді сотпен қарастыру құқығы ҚР АІЖК-нің 69-бабының
2-бөлігінде белгіленген. Дәлелдемелер мәні оның іске қатыстылығымен
анықталады. Іске қатысты дәлелдемелердің жиынтығы материалдық және
процессуалдық құқықтар нормаларымен анықталады.
Дәлелдемелердің іске қатыстылығы судья өзінің ішкі
сенімі боиынша бағалайды.
2.Дәлелдемелерге жол беру – бұл нақты азаматтық істер талқылау процесінде
(куәнің айғақтары, жазбаша және заттай дәлелдемелер, т.б.) дәлелдеу
құралдарын қолдануда заңмен белгіленгеншектеулер. Бұл заң бойынша белгілі
бір тәсілдермен (мысалы, жазбаша дәлелдемелермен) расталынған істің мән-
жайын басқа дәлелдеу тәсілдерінің қандайымен болса да растауға болмайды.
Заң бойынша белгілі (тараптар және үшінші тұлғалардың
түсініктемелері, куәлар айғақтары, жазбаша және заттай дәлелдемелер,
сарапшының қорытындысы, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және өзге де
құжаттар) бір дәлелдемелермен расталуға тиіс емес (ҚР АІЖК-нің 68-бабының 2-
бөлігі).
Кей жағдайларда азаматтық процесте өзге де мән жайлар заңның
тікелей белгілеуі бойынша түрлі дәлелдемелермен дәлелденуге тиісті емес.
Мысалы, меншік құқығы куәлар айғақтарымен дәлелденбейді, себебі олар тек
меншік туралы сәйкесті құжат (сатып алу-сату шарты) ұсынуы бойынша, неке
қатынасын куәлар айғақтарымен дәлелдеуге болмайды, себебі ол тек некеге
тұру туралы куәлікпен рұқсат етіледі.
Нақты деректер (деректер және олар туралы мәліметтер) заң
талаптарын бұза отырып:
- іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру;
- оларды ығыстыру арқылы;
- істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық
процестің өзге де ережелерін бұзатын болса, онда мұндай дәлелдемелерге жол
берілмеуі тиіс.
Оны жеке қарастыратын болсақ:
1. күш қолдану, алдау, өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдану;
2. оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарымен
туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты
жаңылуын пайдалану;
3. осы азаматтық “с бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ
адамдардың іс жүргізу іс әрекеттерін жүргізу;
4. қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысу;
5. іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұзу;
6. белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
7. дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді
қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растылығына әсер етсе
немесе әсер етуі мүмкін болса, олардың сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға
жол бермейді. (ҚР АІЖК-нің 69-бабының 1-бөлігі.) Күш
қолдану, қорқыту, алдау сол секілді өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдана
отырып.
Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде
пайдалануға жол беруге болмайтындығын және олардың шекпен павйдаланудың
мүмкіндігін сот:
- өз бастамашылығы бойынша;
- іске қатысушы (тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор) тұлғалардың өтініші
бойынша белгілейді.
Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп
танылып, сот шешімінің негізіне жатқызылмайды, іс үшін маңызы бар кез-
келген мән жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды (ҚР АІЖК-нің 69-
бабының 3-бөлімі). Осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға
құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне байланысты.
Дәлелдемелердіңжарамдылығы оларды алған кезде қолданылып
жүрген заңға сәйкес белгіленеді (ҚР АІЖК-нің 4-бабының 3-бөлімі).
3.Дәлелдемелердің растығы – соттың тексеру нәтижесінде дәлелдеменішындыққа
сәйкес келетіні. Дәлелдемелердің қатыстылығы және оған жол беру тәртібіне
сәйкес дәлелдемелердің растығы анықталады. Дәлелдеменің растығы сотта іс
жүргізу кезінде белгіленеді:
1. рас дәлелдемелер, сапалы ақпарат деректері меналынуы қажет;
2. дәлелдемелердің растығы бірнеше дәлелдемелерді бір-бірімен салыстыру
арқылы анықталады;
3. іс бойынша барлық дәлелдемелерді бағалау арқылы дәлелдемелердің растығын
анықтауға болады; азаматтық процестен дәлелдемелердің растығын анықтауда іс
бойынша тараптар және өкілдер белсенді қатысуы керек.
4.Дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі – егер
дәлелдемелердің қатыстылығы, оған жол беру, оның растығы азаматтық
процестің кез-келген сатысында бағаланатын болса, онда, дәлелдемелердің
азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі негізі істі шешу кезінде
анықталады. Әрбір азаматтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері
Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеменiң түсiнiгi мен топтастырылуы
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Дәлелдемелер түсінігі және түрлері
Соттық дәлелдемелер біртұтас түсінік
Сот дәлелдемелер түсінігі
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер
Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері
Дәлелдеме ұғымы туралы
Пәндер