Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау



1 Ғылыми әдебиетпен жұмыс.
2 Әдеби көздердің түрлері.
3 Мәтінмен жұмыс (жоспар, көшірме, тезис, аннотация, ре¬цензия, конспект, цитата).
4 Ғылыми түсініктер, ғылыми атаулар (терминология)
Автордың негізгі идеясы оның бағыты. Автордың жетістігі дәстүрлі позициядан ерекшелігі ол қандай үлес қосқан идеясының негізі. Идея қорытындысы айтыс тудыра ма, жоқ па, неге? Қандай мәселе? Зерттеу қажеттіліктерінің көрінуі.
Библиография ғылыми жұмыстың өте қысқа баяндалуы және конспектілеуде қарастырылған әдебиеттердің негізгі пікірлері мен қағидаларын неғұрлым кеңейтілген түрде жазып алу. Библиогра¬фия қүрастыру зерттеу мәселесіне байланысты іріктеліп алынған әдебиеттер тізімін дайындау. Fылыми әдебиеттермен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол үшін ақпарат көздерін білу керек. Ғылыми ақпарат көздерінің екі түрі бар:
1) құжаттық
- аудивизуалдық (видео, фотоқұжат)
-ғылыми (монография, конференция, симпозиум, компенди¬ум, диссертация және т.б.)
- ғылыми көпшілік (ғылыми танымдық әдебиет) журналдар т.б.
- анықтамалар (сөздіктер, энциклопедия)
- оқу (оқулықтар, оқу құралдары, жаттығу, есептер жинақтары, хрестоматия және т.б.)
2) ақпараттық библиографиялық
- библиографиялық көрсеткіш;
- библиографиялық шолу;
- библиографиялық құралдар;
- журнал және газеттерге библиографиялық қосымшалар;
- интернет;
- мамандандырылған ақпараттық-ізденушілік жүйелер.
Жоғарыда аталған әрбір ұғымның мәніне тоқталып өтейік:

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
4-тарау. ЗЕРТТЕЛЕТІН МӘСЕЛЕНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Жоспары:
4.1 Ғылыми әдебиетпен жұмыс.
4.2 Әдеби көздердің түрлері.
4.3 Мәтінмен жұмыс (жоспар, көшірме, тезис, аннотация, ре - цензия, конспект, цитата).
4.4 Ғылыми түсініктер, ғылыми атаулар (терминология)

Практикалық сабақтар мазмұны:

№4 Курстық және диплом жұмыстарының ғылыми аппара - ты
Мақсаты: Курстық және диплом жұмыстарының ғылыми аппараттарын анықтауға бағыттау. Жоспары:
1. Курстық жұмыстың құрылымы
2. Дипломдық жұмыстың құрылымы
3. Курстық және дипломдық жұмыстың құрылымдық сәйкес-тіктері
4. Ғылыми аппараттары
Тапсырма: Курстық және дипломдық жұмыстың ғылыми аппаратының моделін дайындап, оған сипаттама беріңіз.
Әдістемелік ұсыныстар: Теориялық материалдарды еске түсіріп, кіріспеден орын алатын ғылыми аппараттардың бір-бірімен байланыстылығына көңіл аударыңыз.

4.1 Ғылыми әдебиеттерді зерттеуде мына мәселелерге көңіл бөлген жөн. Автордың негізгі идеясы оның бағыты. Автордың жетістігі дәстүрлі позициядан ерекшелігі ол қандай үлес қосқан идеясының негізі. Идея қорытындысы айтыс тудыра ма, жоқ па, неге? Қандай мәселе? Зерттеу қажеттіліктерінің көрінуі.
Библиография ғылыми жұмыстың өте қысқа баяндалуы және конспектілеуде қарастырылған әдебиеттердің негізгі пікірлері мен қағидаларын неғұрлым кеңейтілген түрде жазып алу. Библиогра - фия қүрастыру зерттеу мәселесіне байланысты іріктеліп алынған әдебиеттер тізімін дайындау. Fылыми әдебиеттермен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол үшін ақпарат көздерін білу керек. Ғылыми ақпарат көздерінің екі түрі бар:
1) құжаттық
- аудивизуалдық (видео, фотоқұжат)
-ғылыми (монография, конференция, симпозиум, компенди - ум, диссертация және т.б.)
- ғылыми көпшілік (ғылыми танымдық әдебиет) журналдар т.б.
- анықтамалар (сөздіктер, энциклопедия)
- оқу (оқулықтар, оқу құралдары, жаттығу, есептер жинақтары, хрестоматия және т.б.)
2) ақпараттық библиографиялық
- библиографиялық көрсеткіш;
- библиографиялық шолу;
- библиографиялық құралдар;
- журнал және газеттерге библиографиялық қосымшалар;
- интернет;
- мамандандырылған ақпараттық-ізденушілік жүйелер.
Жоғарыда аталған әрбір ұғымның мәніне тоқталып өтейік:
Монография - толық, жүйелі баяндалған ғылымның негізгі
мәліметтері, бір мәселені зерттеу немесе автордың ғылыми жұмысының тақырыбы баяндалған кітап немесе кітапша түріндегі ғылыми басылым; ғылым немесе оның белгіленген салаларының даму болашағы туралы өзекті және іргелі ғылым мәселесін қорытындылау, жаңа болжамдар ұсыну мен оларды шешу тәсілдерін талдау, толық және жүйелі зерттеу нәтижелеріне, соның ішінде автордың да зерттеулеріне сүйенген ғылыми еңбек;
- Ұжымдық монография - пікірлес авторлар ұжымымен жазылған жалпы концептуалды бағыттағы басылым (кітап, құрал);
Компендиум - қандай да бір ғылымның, зерттеулердің және т.с.с. негізгі ойларын қысқаша, жинақтап беру;
Диссертация - ізденушінің (диссертанттың) ашық қорғайтын және ғылыми дәреже алу үшін ұсынатын зерттеуі, ғылыми жұмысының қолжазбасы, автордың ғылыми дәреже алу үшін (ғылым кандидаты немесе докторы) ғылыми немесе ғылыми білімдік мекемелерде дайындаған және ғалымдар кеңесінде қорғайтын ғылыми біліктілік жұмысы.
Симпозиум, конференция материалдары - ғылыми конфе - ренция қорытындылары кіретін мерзімді емес жинақ (бағдарлама, баяндамалар, ұсыныстар, шешімдер);
Журнал - әр түрлі қоғамдық саяси, ғылыми, өндіріс және басқа сұрақтар бойынша мақалар және немесе рефераттар, сонымен қатар әдеби туындылар, иллюстрациялары бар кітапша тәрізді түптелген мерзімді мәтіндік басылым, осы түрде ресми бекітілген басылымдар: республикалық Білім - Образованные, Жоғары мектеп хабаршысы, Вестник высшей школы Казах - стана, Ізденіс - Поиск, Творческая педагогика, Парасат, және т.б.; ресейлс-Вестник высшей школы - Alma mater, Высшее образование в России, Педагогика, Мир образова - ния, Вопросы психологии, Вопросы философии және т.б.; халықаралық Перспективы: вопросы образования, Курьер ЮНЕСКО;
Энциклопедия, энциклопедиялық сөздік - оқу, өздігінен біл ім алу және тәрбиелеуге арналған басылым түрі. Оқырмандарды қоршаған дүние, ғылым және техника негіздерімен, тарих және мәдениетпен таныстырады.
Негізгі талаптары: материалды түсініктілігі, баяндаудың қарапайым және анықтылығы, көрнектілігі, әдемі сыртқы безендірілуі.
Энциклопедиялар алфавитті, жүйелі, әмбебап, салалық және тақырыптық болып бөлінеді.
Оқулық - бағдарлама және дидактикалық ғылымның талаптарымен белгіленген оқыту мақсаттарына сәйкес, белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негіздері баяндалатын, кітап түріндегі оқытудың негізгі құралы.
Есептер жинағы - мұғалімге, өздік және бақылау жұмыстарын сұрыптауда (таңдау, іріктеу) оқушылардың жеке дара мүмкіншіліктерін ескере отырып ретке келтірілген есептер жиынтығын қамтитын білім беру ақпараттық анықтамалық түрі. Жүргізілген сұрыптаулар оқушыларға арналған тапсырмалар ретінде дәстүрлі қағаз және электронды түрде ұсынылады.
Есептер мен жаттығулар жинағы - өткен оқу материалын әрекеттік деңгейде меңгеру мүмкіншілігін туғызатын тәжірибелік есептер мен жаттығулары бар басылым;

Библиография - баспа өнімдерін саяси, ғылыми, білім беру, тәрбиелік т.б. мақсаттарда кеңінен қолдану тұрғысынан зерттейтін ғылым. Тақырып бойынша толық (кейде таңдамалы) әдебиеттер тізімі, сондайақ библиографиялық көрсеткіштер, шолулар.
Хрестоматия - құрамында құжаттар, әдеби туындылар және олардан үзінділер, сонымен бірге оқу пәніндегі сұрақтармен бай-ланысын түсіндіретін мәтіні, әдістемелік нұсқаулары бар оқулық мазмұнын көрнектейтін мәтіндер жинағы;
Мәтін -хатта немесе баспасөзде жарық көрген құжат немесе автордың шығармасы. Мәтінмен немесе кітаппен танысуды бірнеше кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең - мәтінге көз жүгірту, мәтінді қарап шығу:
+ Кітапты парақтау, оқығанға дейін суреттерін қарап шығу;
+ Бөлімдерімен танысу;
+ Кіріспесін оқу;
+ Мәтіннің назар аудартатын жеке бөліктерін оқу.
Екінші кезең - мәтін бойынша студенттің өзіне сұрақ қойғызу;
+ Маған қаншалықты қызық?
+ Бұл мәселе жөнінде не білемін?
+ Мазмұнында қандай идеялар жатыр?
+ Қандай жаңа нәрсе білуім мүмкін?
Үшінші кезең - мәтінмен тереңірек танысу, оқып шығу.
Төртінші кезең - ең бастысы және қосымшасын бөліп алу.
Бесінші кезең - мәтін мазмұнының деңгейін, логикалық құрылым дәрежесін бағалау болып табылады.
Теориялық зерттеулерде ең басты және қосымша деректерді, нақтылайтын идеяларды табуға, дәлелдеуге үйрету негізгі іс бо - лып есептеледі. Зерттеу жұмысында ең күрделісі теориялық зерттеу болғандықтан зерттеушіні ақпараттарды талдауға, ғылыми мәтін құруға үйрете беру қажет. Ғылыми мәтін деп отырғанымыз ғылыми педагогикалық нәтижелерді сипаттайтын түрге қойылатын талаптарға сай педагогикалық ғылым тілінде және принципінде құрылған мәтін. Мұндай мәтін дайындау үшін сту - дент тезис, аннотация, рецензия, конспект және т.б. ұғымдардың мәнін түсіне білуі қажет. Мысалы, тезис - сұрақтың, тақырыптың қысқаша мазмұны. Ол зерттеушінің айқын логикалық ойлауда ба - сты нәрсені бөліп алу білімін талап етеді. Аннотациялау - кітап пен мақала мазмұнының қысқаша жазылуы. Рецензия - ғылыми жұмысқа немесе әдеби көркем шығармаға дәлелді пікір беру. Ал, конспект - мазмұн жазудың күрделі түрі.
Жалпы ғылыми ізденісте, зерттеу нысаны, оның көптеген ғылыми педагогикалық мәтіндер мен құжаттардан алынған ғылыми ақпараттар ғылыми түсініктер мен ғылыми атаулардан тұрады. Сондайақ, зерттеу мәселесінің жағдайын жедел тану үшін негізгі түсініктерді іріктеу және оларды жан-жақты қарастыру қажет. Яғни, әрбір термин сөзге мән беру керек. Термин қайсыбір теорияның шегінде заттарды бір мәнді түсіндіруге пайдаланылатын сөз немесе сөз тіркесі ғылыми және тәжірибелік мағынада дәл шектелген түсінік болса, терминология ғылым, техниканың және қандай да бір арнайы аймақтың белгілі бір түсініктерінің аталымдары болып табылатын терминдердің жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда, зерттеуші зерттеу мәселесіне қатысты термин сөздердің мағынасын, оның қолданылу аймагын, мазмұнын түсіне білуі қажет. Мысалы, корреляция сөзі, бір құбылыс басқа құбылыстарды анықтайтын себептердің қатарында болса, неме - се осы құбылыстарға әсер ететін ортақ себептер болса, осындай құбылыстар арасындағы байланыстарды белгілейтін түсінік.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Педагогикалық зерттеулердегі негізгі түсініктерді талдау не үшін қажет деп ойлайсыз?
2. Ғылыми әдебиетпен жұмыс - ғылыми зерттеу іс-әрекетін меңгерудің шарты дегенді қалай түсінесіз?
3. Белгілі бір мәселе аясында ғылыми түсініктердің тізбегін жасап көріңіз.

Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Зерттеу жұмысының кіріспесіндегі негізгі ұғымдардың тізбегін белгіле:
A) мақсат;
B) обьекті;
C) шығарма;
D) баяндама;
E) болжам.
2. Зерттеу жұмысының ең соңғы құрылымының бөлігін белгіле:
A) баяндама;
B) тезис;
C) педагогикалық сөздік;
D) пайдаланылған әдебиеттер
3. Зерттеу жұмысын жазу барысында пайдаланған әдебиеттерді жазу тәртібі:
А) Т.Сабыров дидактика оқу құралын жазды;
В)[1.-3б.]
C) [- 3 б.]
D) 1,2,3;
E) бірнеше еңбек жазған.
4. Зерттеу жұмыстарының көздерін толықтыр: Монография.

5 - т а р а у. ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ҚОЙЫЛУ КЕЗЕҢІ.
Жоспары:
5.1 Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы
5.2. Зерттеу пәні, мақсаты, болжамы, теориялық тұжырымдамасы
5.3 Курстық және диплом жұмыстарының ғылыми аппараты

Практикалық сабақтар мазмұны:
№5 Ғылыми педагогикалық зерттеудің тікелей кезеңдері: Мақсаты: Педагогикалық зерттеу кезеңдерінің мәнін түсіну. Жоспары:
1. Дайындық кезең, оған сипаттама
2. Мәселенің шешімін тауып, оны жүзеге асыру
3. Алынған деректерді сандық және сапалық талдау
4. Нәтижені талдау
5. Ұсыныстар
6. Зерттеу нәтижесін оқутәрбие үдерісіне енгізу. Тапсырма Әрбір кезеңде қандай мәселелер қарастырылады.
Кесте түрінде дайындаңыз.
Әдістемелік ұсыныстар: Дипломдық жұмысты, авторефератты зерттей отырып, соның негізінде жұмысты орындаңыз.

5.1 Педагогикалық зерттеу - оқыту мен тәрбиелеудің нақты заңдары мен заңдылықтарын, құрылымы мен тетіктерін, мазмұнын, принциптерін, ұйымдық формалары мен әдістерін ашуға арналып бағытталған, қоғамдық маңызы бар жаңа педагогикалық білім қалыптастыру үдерісі және нәтижесі, танымдық іс әрекет түрлерінің бірі болып табылады.
Зерттеудің негізгі компоненттері: мақсат қою, қолда бар ақпаратты, осы типтегі міндеттерді шешудің шарттары мен әдістерін алдын ала талдау, бастапқы болжамды тұжырымдау, болжамға теориялық талдау, эксперимент жоспарлау мен ұйымдастыру, алынған мәліметтерді талдау және жинақтау, мәліметтер мен заңдарды түпкілікті тұжырымдау, түсініктер мен ғылыми болжауды алу. Педагогикалық зерттеу үш деңгейге ажыратылады:
+ әдіснамалық педагогикалық құбылыстардың жалпы принциптері мен зерттеу әдістерін тұжырымдау, эмпиристік және теориялық зерттеулер негізінде теориялар құру;
+ теориялық - бұрын ашылған деректерді түсіндіруге, сондайақ болашақ оқиға мен оның дамуын болжамдауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтарды ұсыну және тұжырымдау;
+ эмпиристік - педагогикалық ғылымның жаңа деректерін анықтау және оларды жинақтау негізінде эмпиристік заңдылықтарды тұжырымдау.
Ғылыми - педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы Педагогикалық зерттеудің динамикасын қарастырмас бұрын, жалпы категорияларды, кез келген әрекетпен сипатталатын мақсат, нәтижені қолдануымыз қажет. Жалпы ғылыми деңгейдегі ұғымдар: эмпирикалық суреттер, теориялық модель, нормативтік модель, проект. Осы айтылған терминологияны қолдана отырып, педагогикалық зерттеу логикасының этаптарын көрсетеміз.
Қозғалыс мақсаттан басталады. Мақсат - бұл нәтиженің көрсеткіші.
Педагогикалық зерттеудің логикасын көрсетуде педагогика-лық болмыстың эмпирикалық суреттемесін, танымдық суреттемесін, нормативтік ортаны анықтап алуымыз керек.
Кез-келген педагогикалық зерттеу логикасын ортадағы ғылыми таным этаптарында көрсетуге болады. Ол педагогикалық болмыстағы эмпирикалық суреттеу. Эмпирикалық суреттеуде дәлелдер (фактілер) бейнеленеді. Дәлелдер бұл жаңа оқулықтар мен педагогикалық ұжымның жұмысы, мұғалімдердің сәтті неме - се сәтсіз жұмыстары, оқу материалдарының анықталған түрлері, оқыту тәрбиелеуде қолайлы болуы мүмкін.
Сонымен қоса, философия, педагогика, психология т.б. ғылым аймағындағы білім беру негізінің зерттеу объектісіндегі теориялық моделі көрсетіледі. Бұдан кейін нақты теориялық модель құрылады. Әрі қарай зерттеуші нормативтік модельге, педагогикалық болып, нақты әрекетке көшеді. Соңында зерттеу жұмысының қорытындысында болашақ педагогикалық әрекеттің жобасы, нақты материал немесе білім беру стандарты алынады. Бұл үдеріс III, IV т.б. модельдеуге жалғасуы мүмкін.
Зерттеу нысанын анықтау дегеніміз зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау. Дегенмен, обьект туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан зерттеудің пәнін анықтау қажет, яғни, нысанның қалай қарастырылып жатқанын, ондағы қандай қатынастардың болатынын, оның қандай қасиеттер, қырлар, қызметтерді ашып көрсететінін белгілеу болып есептеледі.
Пән обьектіден кесіп алынған бөлік емес, ол обьектіні қарастырудың тәсілі немесе аспектісі, мысалы, оқулық..., ғылыми негіздеме... зерттеу пәні - онда сапалық қалыптасу, оның басқа, тұлғалық тәжірибе қосу... т.б зерттелген. Пәнді бөліп, біз обьектіні тұтас, барлығын, белгілі бір көзқараспен қарастырамыз. Зерттеу пәні зерттеу обьектісі шеңберінде белгілі бір қырынан қаралатын бөлік.
Зерттеу пәні - сапалық қалыптасу, оның басқа сапалармен өзара әрекеті, процесс мінездемесі, құбылыс, маңыздылығын, талаптарын, тенденциясын анықтау, белгілі ортадағы және анықталған жастағы балалардың ішкі және сыртқы тәрбиесі. Зерттеу пәні -обьект ішіндегі ізденудің шектелген аспектісі.
Зерттеудің мақсаты - педагогикалық құбылыстың себеп-салдарлық байланысы мен заңдылықтарын айқындау және солардың негізінде теория мен әдістемелерді әзірлеу (қандай нәтиже алу көзделеді, сол нәтиже оны алғанға дейін қандай жалпы си-патта көрінеді?) Зерттеу мақсаты: не үшін зерттеу пәні зерттеледі (тәрбиенің ғылыми негізін қүрастыру, зерттеу тақырыбы бойын - ша жаңа ғылыми информация алу, тәжірибе нәтижелерінің талдауы т.б.)
Болжам құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын, қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған, негізделген жора-малды көрсететін ғылыми білімнің даму түрі.
Болжам деп кез-келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды, тек нақты эмпирикалық деректерге негіздеуден туған жорамал болуы керек.
Болжам - кейбір құбылыстардың өмір сүруі туралы жорамал. Құбылыстың зерделенетін шеңбері жөніндегі белгілі бір білім негізінде ұсынылған болжам басқарушы принцип рөлін, одан ары қадағалау мен эксперимента бағыттаушы және түзетуші рөл атқарады; сондайақ ғылыми білімді дамтыудағы қажетті буын.
Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді.
Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезеңінде алға қойылатын бақылау нәти-желерін тұңғыш жүйеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіруді қамтамасыз етпейтін шартты жол болады. Педагогикалық зерттеулерде болжамды түжырымдау, әдетте, сол немесе өзге де педагогикалық үдерістер мен құбылыстардың өту жағдайын анықтауға арналып бағытталады.
Болжам арқылы білімді дамытудың екі кезеңі бар. Олар бол - жамды құру және тексеру.
Болжамды құру алғашқы берілгендерді табу және сұрыптау негізінде жүреді. Талдау сұрыптау тұрғысынан қарау ғылым заңдарымен сәйкес келетін және белгілі құбылыстарды тек түсіндіру ғана емес, жаңа құбылыстардың алдын-ала белгілеуге бо-латын ең дұрыс негізінде жорамал жасауға мүмкіндік береді.
Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және олар - ды нәрселердің нақты күймен салыстыруды жалпыдан жалқыға қарай жүретін ой қорытындылары жолымен жүзеге асырылады. Осының арқасында болжам мақсатқа бағытты ғылыми ізденіс құралы, ғылыми зерттеулерді үтымды үйымдастырудың методологиялық негізі ретінде көрінеді.
Ал, ғылыми болжам дегеніміз тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатындай мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам. Тәжірибелік қажеттіліктен туып, ғылым жетістіктеріне сүйене келе болжау адам ойының бір нысанына айналған. Ғылыми болжамның мүмкіндігі оның ғылыми негізділігі мен өзара заңдылығында, өзара тәуелділігінде болады.
Болжамды гипотеза қалыптастыру дегенді қалай түсінеміз?
Зерттеу болжамы - шындыққа сәйкестігі дәлелденуі қажет теориялық тұрғыдан негізделген пікірлер жиынтығы.
Негізгі мәселені шешудегі анықталған нақты мақсаттар, оны жүзеге асыру мүмкін емес, зерттеу сұрақтарын және мәселелерін, жеке шығармашылық ізденістің нақты міндеттерін айқындау. Болжам төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Суреттемелік;
2. Түсіндірмелік;
3. Суреттемелік - түсіндірмелік;
- Болжамды зерттеудің негізгі ұғымдарын, категорияларын қосуға болмайды.
- Болжамның қалыптасуында дәлелдердің үлкен шеңберде бағалануы.
- Логикалық зерттеуде стилистикалық безендіруді қажет етеді. Болжамның құрылымы: егер мынадай және мынадай жаңаны
қолданса, немесе қолданыстағы мазмұнды, форма мен әдісті былай да өзгертсе, онда білімді және білікті аса саналы және берік меңгеру қамтамасыз етіледі, оқушының дамуында мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Ал, зерттеу міндеттері дегеніміз - педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе анағұрлым жеке-жеке мақсаттары (мақсатқа қол жеткізу үшін не істеу керек?). Зерттеу міндеттері: ғылыми мәселені зерттеуде зерттеу пәні бойынша мақсаттың дәлдігі, ғылымның жалпы жағдайы бойынша мақсаты анықталады, педагогикалық теория дамуының қажеттілігі, ал зерттеу міндеттері тек қана мақсаттан емес, сонымен қатар зерттеу жұмысының талаптарының есебінен де туындайды.
Жетекші идея теориялық жүйе негізіндегі анықтаушы ұғым. Сонымен зерттеу логикасына, яғни зерттеу ережесі мен құрылымына сәйкес студенттер типтік оқу жоспары бойынша курстық және дипломдық жұмыс орындайды.
Зерттеудің алғашқы тұжырымдамасы: барлық зерттеу жұмысында жетекшілік ететеін теориялық ережесі. Зерттеудің сүйенетін позициясы ғылым жағдайының терең талдауының нәтижесі. Алғашқы концепция ғылымда зерттелгенді, ғылымда қандай сұрақтарға жауап жоқтығын анықтауға көмектеседі. Гипотезаны құру үшін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін нақтылау өте маңызды.
Жоғарыда аталған зерттеу элементтері курстық дипломдық жұмыстарды орындаудың ғылыми аппараттары болып табылады.
Курстық жұмыс деп аталуы оқытудың белгілі бір курсына сәйкес пәндерден жазылуына байланысты. Белгілі бір пәндерден жазылғанымен, студенттер өздерінің білім, іскерлік және дағды қорларын пайдаланады.
Курстық жұмыс зерттеу әдіснамасы мен әдістемесін меңгеруге ықпал етеді, педагогикалық қызметке қызығушылығын арттырады, педагогикалық үрдісті талдауға, оның мәнін түсінеді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- педагогика және психологияның өзекті мәселелері туралы білімдерін кеңейтеді, тереңдетеді және бекітеді;
- педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруға шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастырады;
- өз жұмысының нәтижесін сыни тұрғыдан бағалауға үйренеді;
- теориялық білімдерін тәжірибе жүзіне қолдана білуге ықпал етеді, озық тәжірибелерде талдау жасау және қорытындылауға, сондайақ, педагогикалық тәжірибеде өзінің қалыптасқан тәжірибесін талдай, қорытындылай алуға үйренеді;
- педагогикалық үрдіс заңдылықтарының мәнін түсіне бастайды.
Курстық жұмыстың тақырыптары оқу бағдарламаларына сәйкес кафедра белгілейді.
Курстық жұмыстың тақырыптары кафедраның оның мүшелерінің мәселелері ғылыми жетекшісі ісімен байланысты болғаны тиімді. Курстық жұмысқа ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми жетекшілер бекітіледі.
Ғылыми жетекшінің міндеттері:
1. Студенттерге тақырыпты анықтауға, жұмыс көлемін белгілеуге, зерттеу мөлшерін анықтауға көмектеседі және мақсатын, міндеттерін, зерттеу әдістемесін таңдауға көмектеседі;
2. Курстық жұмыс алдында консультация беріледі (әдіснама, зерттеу әдістемесі, жалпы талаптар, нақтылы нұсқаулар, жұмыс кезеңдері, әрбір кезеңнің жұмыс мазмұны, есеп беру тәртібі және түрі);
3. Әдебиеттермен жұмыс, материал жинау әдістері, қажетіне қарай тәжірибелік-педагогикалық эксперимент бағдарламасын дайындауға көмек береді (хаттама жүргізу, тәжірибе, оқушылармен, мұғалімдермен әңгімелесу жоспарын дайындау, ұжымды зерттеу әдістері т.б.).
4. Жұмыс барысын үдайы бақылып отырады;
5. Курстық жұмысты тексереді, рецензия жазады, қорғауды ұйымдастырады.
Курстық жұмысты дайындау барысында ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін меңгере және оны пайдала білу керек
Курстық жұмысты дайындау 4 кезеңнен тұрады

2. Озык тәжірибемен танысу. педагогикалық тәжірибе барысында жұмыс жүргізу.
Оқушы, мұғаліммен әңгімелесу, түрлі әдістерді қолдану

3. Материалдарды жүйеге келтіру
Картотека дайындау, материалды жүйелеу, (әдебиеттер бойынша, жоспар бойынша)

4. Материалды топтау
Оқушы, мұғаліммен әңгімелесу, түрлі әдістерді қолдану

Картотека дайындау, материалды жүйелеу, (әдебиеттер бойынша, жоспар бойынша)

4-кезең
1. Курстық жұмыстың композицияларын дайындау
Курстық жұмыстың жоспар жобасын дайындау және ғылыми жұмысты талқылау

2. жазбаша баяндау. Қорытынды. Курстық жұмыстың 1-варианты
Жоспар бойынша материалды баяндау, талдау, қорытындысын өзара рецензиялау

3. Өңдеу, жасақтау
Ғылыми жұмысты рецензиялауы

4. Қорғауға баяндама дайындау
Ғылыми жұмыс нұсқауы

5. Курстық жұмысты қорғау
Курстық жұмыс бойынша баянда - ма жасау

Дипломдық жұмыс жоғары оқу орны студентінің соңғы оқу жылында орындайтын, ғылыми ізденістің және жобалаудың, ғылыми зерттеу қызметінің нәтижесі ретіндегі дербес жазбаша жұмысы. Дипломдық жұмысты орындау әдістемесінің моделі төмендегідей:

Кезеңдері
Жұмыс мазмұны
Жұмыс түрі, әдістері
Орындау уақыты
1-кезең. Дайындық
1. Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы, әдістемесі бойынша білімін жаңғыртып, жетілдіру.
2. Дипломдық жұмысқа қойылатын талаптар.
3. Тақырыпты таңдау.
4. Жұмыс жоспары кестесін дайындау.
1 .Зерттеу әдіснамасы, әдістемесі туралы нұсқау беру.
2. Түсіндіру әңгіме.
3. Ой еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру туралы әдебиеттер ұсыну.
4. Ғылыми жетекшіден жеке нұсқау алу.
3 (2) курстың екінші оқу жылында дипломдық жұмыстың тақырыбын алдын ала анықтау. Диплом тақырыбын бекіту (ка - федра, ғылыми кеңес)
2-кезең. Диплом жұмысының мазмұнын жо-спарлау. Зерттеу әдістемесін дайындау.
1 .Мәселені зерттеу пәнін, мақсатын, міндеттерін, ғылыми болжамын анықтау. Диплом құрылымымен жұмыс
2. Әдістемені негіздеу. Зерттеу әдістемесін дайындау немесе таңдау.
3.Диплом жұмысына теориялық және тәжірибелік материал көзін анықтау А) библиография дайындау;
Ә)тәжірибелік педагогикалық экспери - мент ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеудің мақсаты
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Библиографиялық тізім
Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау және жиналған мәліметтерді талдау әдісі
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Әлеуметтік процестермен жағдайларды оқып - білу
Ғылыми ізденістің кезеңдері
ГЛОСАРИЙ. Оқу-тәрбие процесін технологияландыру
Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде) туралы ақпарат
Пәндер