Қазақстандағы миссионерлік әрекет



Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Қазақстандағы миссионерлік әрекеттер
2. Қазақстандағы неопротестанттық ағымдардың миссионерлік қызметі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Миссионерлік (латын тілінен missio — тапсыру, аманат ету деген мағынаны береді) – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі.
Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізеді. Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.
Миссионерлер тіркелу үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін;
2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiшті;
3) дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты;
4) өкілі миссионер болып табылатын діни бірлестікті Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және оның
жарғысының көшірмесін;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар миссионер ретінде тіркелу үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қосымша мынадай құжаттарды:
1) миссионер оның атынан өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендiгiн куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруын ұсынады.
Шет мемлекеттер берген құжаттардың қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.
Миссионер ретінде тіркеуден өту үшін құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дінтану сараптамасының теріс қорытындысы негізінде, сондай-ақ, егер оның миссионерлік қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке,
адамның құқықтары мен бостандығына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, тіркеуден бас тартылады.
1.Иванов Я.Ф.,Трафимов В.А. Христианство в Казахстане. - Караганда 2006 г.
2. М. Мырзахметов. «Қазақ қалай орыстандырылды?» // Түркістан газеті.
- Алматы, 2007. – 10 қараша.
3. Ивоненко С. Людях, никогда не расстающихся с Библией. – Москва, 1999 г.
4. Борбасова Қ.М. Қазақстандағы Евангелшіл христиандар (массихшілдер) және олардың миссионерлік қызметі // ҚазҰУ Хабаршысы. – Алматы. – 2009. – №2 (33). – 212 б.
5. Атабекова Жанна. Жаңа өмір діни бірлестігінің зиянды әрекеті // Діни-танымдық сайт. –Алматы, 2009. – 31 тамыз.
6.Інжіл Шариф. Матай жазған ізгі хабар.28:19-20.97-б.
7.Д. Кенжетай. Шахановтың жан айқайы немесе «дін туралы заңымыз» қазақтар үшін жасалғанба?. Иассауи жолы.№4(2). Түркістан 2005 ж.89-94 б.
8.www.religion.historic.ng.ru Фирсов С. Сталинский конкордат. Со дня знаменитой встречи вождя с православными иерархами прошло 60 лет.
9.М. Мырзахметов. Қазақ қалай орыстандырылды.Алматы. 1993жыл.13-14-15 б.
10.А.И. Артемьев. Дінтану.Философия және діндер тарихы. Алматы. 2008 жыл. 317-б.
11.Я.Ф. Трафимов, В.А. Иванов. Христианство в Казахстане. Караганда.2006 год. 196,197-б.
12.www.relegion.historic.ru
13.Заң газеті. №09. 2-бет.03.05.2006 жыл.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Қазақстандағы миссионерлік әрекеттер
2. Қазақстандағы неопротестанттық ағымдардың миссионерлік қызметі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Миссионерлік (латын тілінен missio -- тапсыру, аманат ету деген мағынаны береді) - Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі.
Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізеді. Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.
Миссионерлер тіркелу үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін;
2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiшті;
3) дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты;
4) өкілі миссионер болып табылатын діни бірлестікті Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және оның
жарғысының көшірмесін;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар миссионер ретінде тіркелу үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қосымша мынадай құжаттарды:
1) миссионер оның атынан өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендiгiн куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруын ұсынады.
Шет мемлекеттер берген құжаттардың қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.
Миссионер ретінде тіркеуден өту үшін құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дінтану сараптамасының теріс қорытындысы негізінде, сондай-ақ, егер оның миссионерлік қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке,
адамның құқықтары мен бостандығына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, тіркеуден бас тартылады.
Миссионерлердің діни мазмұндағы материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануына дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жол беріледі.
Миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыруға тыйым салынады.
Қазақстандағы миссионерлік әрекеттер

Миссионерлік - діни қызметтердің ерекше бір түрі. Миссия - латын тілінде missio міндет, орындалуы тиіс тапсырма деген мағынаға келеді. Этимологиялық жағынан миссионерлік Христиан дініне тән. Миссионерлік дәстүрді христиандар Исаның серіктеріне және Маркос, Лұқа және Жохан нұсқасындағы Інжіл мен Павелдің хаттарына негіздейді. Інжілдің жаңа өсиетіндегі Матай жазған ізгі хабарларда:
19. Сондықтан барлық күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәркірттерім етіп, Құдай Әкенің, Рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер!
20. Әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын, мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын,- деп көрсетілген.
Христиан діні үшін миссионерліктің үш сатылы мақсаты бар. Бұл еш өзгермейтін қасаң қағида. Әлемге Христиан дінін жайып, Иса Мәсіхке сенушілердің санын арттыру, шіркеу құрылыстарын салмас бұрын миссионерлік әрекеттерін жалғастыратын мамандар мен адамдар табу және тұрғылықты халықтың ғылыми-әдеби шығармаларына, мәдени құндылықтарына христиандық элементтерді енгізу болса, сонымен бірге, дамыған Батыстық өркениетті христиандықпен бір деп көрсету. Батыс өркениеті мен мәдениетін негізгі өлшем, эталон ретінде ұсыну, еліктіру шарт.
Христиандар Сан-Павелді тұңғыш миссионер ретінде таниды. Миссионерліктің 13 ғасырға жуық және жеті сатылы тарихы қалыптасқан. Әрбір саты өзіндік әдістемелік және кезеңдік шарттарды анықтайтын даму жолының көрсеткіші десек те болады. Бірінші саты 33-100 жылдар аралығы -Иса серіктерінің кезеңі, 800-1500 жылдар арасы - орта ғасыр кезеңі, 1500 -1650 жылдары реформалық кезең, 1650-1793 жылдары аралығы постреформа кезеңі, 1793-жылдан бүгінгі күнге дейінгі кезең модернизация кезеңі болып есептеледі.
Миссионерлік-діни ілімдер мен империалистік мемлекеттердің шіркеумен бірігіп, саяси мақсат-мүдделерін іске асыру үшін қолданылатын саяси қызметтің бір түрі десек те болады. Қазіргі таңда бірқатар империалистік мемлекеттердің құрылымдары, қайырымдылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар мен қаржылық топтар материалдық және моральдық тұрғыдан көмектесіп, отарлау саясатын шіркеумен бірлесе отырып жүргізеді. Бұлардың мақсаттары діни ағарту немесе адамды күнаһарлықтан құтқару емес, керісінше, сол мемлекеттің халқының мәдениеті мен өткен тарихын жадынан шығарып, мәңгүрттендіру арқылы жер байлығына ие болу. Бұндай әрекеттер біздің ғана халықтың басындағы нәубет емес, орта ғасырларда Христиан миссионерлері өз әрекеттерін Африка және Азия халықтарының да ортасында жүргізді. Соның нәтижесінде көптеген жергілікті халықтардың мәдени, діни құндылықтары деформацияланып, өздеріне құлдық қамытын кигізгені тарихи ақиқат.
Өткен тарих тереңіне бойласақ, христиан миссионерлігі белгілі бір халықтың ұлттың болшағы үшін қызмет етпегенін, керісінше шағын мәдениеттер мен ұлттарды ассимилицияға ұшырату, жер бетінен жоюдың таптырмас құралы болғанын байқаймыз. Мәселен ХVIII-ғасырда Батыс отаршыл мемлекеттері Австралия құрлығының байырғы тұрғындарын ұлттық табиғи қалпынан айырған осы миссионерліктің үлкен жемісі болатын.
Миссионерлік қызметін атқаратын ғалымдар алдымен баратын жердің географиялық ерекшеліктерін, халқының рухани болмысы мен өткендегі тарихи жолын, психологиясын, мінез-құлқын, салт-ана дәстүрінің ерекешелігін, билеу жүйесін, яғни өзіне қажет буынды да ұрымтал тұстарын терең барлап зерттей отырып, миссионерлік саясатының стратегиялық негіздері мен тактикалық әдістерін, мақсаттарын анықтап алады.
Еліміздің аумағында христиандардың пайда болғаны туралы алғашқы деректер V-VI ғасырлаға жатады. Әсіресе ІХ-Х ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойынша ауып келген христиан миссионерлерінің белсенді қызметтерінің нәтижесінде кейбір түркі тайпаларының арасында несториандық таралған. Дереккөздер мәліметтеріне сүйенсек, Тараз бен Меркіде, сонымен қатар Сырдария өзені бойында христиан шіркеулері болғандығы археологиялық қазбалар арқылы мәлім. Алайда Х-ХІ ғасырларда аймақта исламдандыру процесі етек алып, христиандық шіркеулер мешіттерге айналдырылды.
Ал, миссионерлік әрекеттер біздің елімізде және Орта Азия территориясындағы түркі халықтарының арасында өте ерте заманнан-ақ жүргізілгені белгілі. XVI-ғасырда Ресейдегі Қасым хандығының соңғы мұрагері Сайын Болатханның шоқынып, өз атын өзгертіп Самсон атанғаны тарихтан белгілі жәйт. Өйткені шоқынған бұратана атаулының ата-анасы қойған есімі міндетті түрде өзгертіліп, оның ата тегі жаңадан орысшалап қойылатын дәстүр сол тұстан-ақ қалыптасқандығын аңғартады .
Христиан миссионерлігінің Қазақ жеріне орналасуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның бірінші кезеңі - ІІІ-ХІҮ ғ.ғ. аралығын қамтиды. Бұл уақытта еліміздің және Орта Азия территориясына мелькиттер, яковиттер, несторияндар Армияндық, Апостоль және Католик шіркеулері болатын. Бұл кезеңде Христиан діні жергілікті басқа да діндермен яғни, Зороастризм, Иудайзм, VIII-ғасырда Ислам дінімен амалсыз ымыраласып әрекет етуге мәжбүр болды. Алайда ХІV ғасырда Христиандық Ислам дінінің ықпалымен Қазақ даласынан біраз уақыт ығыстырылды.
Қазақстанда миссионерлік әрекеттің қарқындаған уақыты Ресей империясы қазақ жерін мемлекет меншігі ретінде жариялаған тұста және шекарасын ресми түрде белгілеп, картасын сызып бекіткен соң патша үкіметі бұрыңғы уақытша ислам дінін тарату саясатынан бас тартып, 1862 жылдан бастап ресми түрде қазақ халқын шоқындыру, сол арқылы біртіндеп орыстандыру саясатын ашық жүргізе бастады. Патша үкіметі бұл миссионерлік әрекетті жан-жақты зерттеп әрі сақтықпен жүргізді. Мәселен ең шұрайлы жерлерден қазақ шаруаларын ығыстырып, орыс мұжықтарын көбірек қоныстандыру, жер-су аттары мен адам есімдерін өзгерту, елді мекендерде аралас мектептер ашу, жергілікті халықтың жазу емлелерін ауыстыру, билік структурасы мен туыстық нинститутарына өзгерістер енгізуді шіркеу мемлекетпен бірлесе жүргізді.
Екінші кезең - ХҮІІІ ғасырдың аяғы - ХХ басында Қазақ хандығының Ресей бодандығын алғаннан кейін, әскерилер арқылы келген. Бұл кезеңнен бастап орыс православие шіркеуі іргесін берік орнатып, миссионерлік әрекеттерін жүзеге асыруға тырысты. Сонымен бірге ХІХ ғасырдың аяғында Католиктер, Протестанттар, Баптистер, Адвентистер және Менониттер де келе бастады. Бұл Протестанттық секталармен қоса орыс православ шіркеуінен бөлініп шыққан ескі дәстүрді қолдаушы ағымдар - молокандар, скопцылар, иеговист-ильинцилар Қазақстанға жер аударылған переселендер мен қара шекпенділер арқылы да келді. Бұл саяси-миссонерлік процесске Ұлы Қазан төңкерісі кезінде Кеңес үкіметінің атеистік идеологиясы кедергі жасады. Жетпіс жыл өмір сүріп, тарих сахнасынан кеткен әлемдегі алғашқы және соңғы атеистік ұлы держава миссионерлікке қайтадан айқара жол ашып берді.
Үшінші кезең - 1917 жыл мен 1991 жылдар арасын қамтиды. Бұл дінге деген жаппай қарсылық білдіріліп, діни ғибадат орындары жабылы, діни қызметкерлерді қудалаған кезең болды.
Ұлы Отан соғысына дейін көптеген діни қызметкерлерді жер аударып, қатаң түрде жазалап, келген Кеңес үкіметі соғыс басталғаннан кейін дінге деген қатаң саясатын сәл де болса босаңсытты. Көптеген жабылып қалған ғибадат үйлері қайтадан ашылып, 60-80-жылдары Католиктер мен түрлі Протестанттық секталар да ресми тұрғыда пайда бола бастады
Соңғы кезең - еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен тұспа-тұс келеді. Осы уақыт ішінде Республикамыздың территориясында бұрын соңды кездеспеген ағымдар мен секталар, атап айтар болсақ, пресвитариандық және методистік, протестанттық конфессиялар: Агапе, Жаңа өмір, Иегова куәгерлері, Бахай сенімі, Ібіліс шіркеулері, Саентология шіркеуі және т.б. өз алдарына діни бірлестік болып құрылып орналаса бастады.
Тәуәлсіздігіміз жарияланып, егеменді ел болғалы бері елімізде жасыратыны жоқ, діни экспанция үдеп, дін мәселесі қоғамымызда басты назарда тұрғаны да жасырын емес. Іргесі бекімеген егемен еліміздің Діни-сенім бостандығы туралы заңымыздың тым асығыс әрі еш дайындықсыз қабылдануын пайдаланған кейбір түрлі жат пиғылдағы діни секталар миссионерлік әрекеттерін белсенді түрде жүргізіп келеді.
Тәуелсіздік алғалы миссионерліктің қарқынды түрін Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жалғастырды. Бұл діни қозғалыстар өз қызметтерін заманауи ақпарттық-техниканың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып жүргізеді. Көпшілік жиналатын акт залдарында, стадиондарда сенімді түрде сұхбаттар өткізіп, жеке интернет сайттары, телеарналар, радиожелілері арқылы хабарлар таратып, өздерінің жекелеген газеттері мен журналдарына мақалалар, жарнамалар жариялап отырады. Батыс мемлекеттерінен елімізге және басқа да тәуелсіз мемлекеттерге жіберілетін әдебиеттердің 1991 жылдың қыркүйек айына дейінгі саны екі миллионнан асып түскен. Соңғы жыдары Қазақстанда қазақ және орыс тілдерінде шығатын кітап пайызы (қазақша 5%, орысша 21%) сырттан келетін кітап санының төрттен бірін құрайды.
Миссионерлік әрекетті әлемнің бірнеше мемлекеттерінде белсенді түрде атқарып жүрген Иегова куәгерлері екі жүз тілде жиырма жеті миллион данамен журнал шығарып, екі жүз отыз елде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Нью-Йоркте Күзет мұнарасы қоғамының Бруклин баспаханасында үш мыңнан астам адам жұмыс істейді. Баспаханада айына ағылшын тілінде үлкенді-кішілі алпыс мыңдай және жүз жиырма тілде отыз миллиондай кітап шығарылады. Бұл кітаптарды тарату үшін екі миллиондай адам жұмыс істейтін Эймак тарату желісі белсенді жұмыс атқарады. Бұл, әрине, тамыры, түп төркіні арыда жатқан дәстүрлі саясат екені белгілі.
Христиан діні миссионерлік әрекеттерін тек адам баласын ақиқатқа жеткізіп, тура бағыт беру ғана емес, басқа да саяси мақсаттар үшін пайдаланады. Тәуелсіздік алған уақытымыз бен өткен тарихымыздағы Христиан миссионерлігі ұлт болып қалыптасуымызға кері әсерлерін тигізіп, дінімізді, мәдени құндылықтарымызды жоюға бағытталғанын көреміз. Бұл - рухани экспансия бүгінде де жан-жақты өз функциясын жалғастырып келеді.
Қазақстандағы миссионерлік, аз зерттелген және тарихи кітаптарда үстірт жазылған тың тақырыптың бірі болғандықтан, оны терең зерттеп, жас ұрпақ санасына діни түсінік қалыптастыруымыз тиіс. Тағыда мұндай рухани шабуылдармен жалпы қоғам мүшелерінің діни сауатын арттыру арқылы күресе аламыз. Ол үшін арнаулы және жоғарғы оқу орындарында Дінтану дәрістер өткізу және дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтарын ғылыми негізде танып, насихаттау. Республикалық БАҚ-да дәстүрлі емес діни қозғалыстардың миссионерлік қызметтері жөнінде ақпараттарды үнемі жариялап тұру.

Қазақстандағы неопротестанттық ағымдардың миссионерлік қызметі

Қазақстанда миссионерлік әрекеттің қарқындаған уақыты Ресей империясы қазақ жерін мемлекет меншігі ретінде жариялаған тұста және шекарасын ресми түрде белгілеп, картасын сызып бекіткен соң патша үкіметі бұрыңғы уақытша ислам дінін тарату саясатынан бас тартып, 1862 жылдан бастап ресми түрде қазақ халқын шоқындыру, сол арқылы біртіндеп орыстандыру саясатын ашық жүргізе бастады. Патша үкіметі бұл миссионерлік әрекетті жан-жақты зерттеп әрі сақтықпен жүргізді. Мәселен ең шұрайлы жерлерден қазақ шаруаларын ығыстырып, орыс мұжықтарын көбірек қоныстандыру, жер-су аттары мен адам есімдерін өзгерту, елді мекендерде аралас мектептерін ашу, жергілікті халықтың жазу емлелерін ауыстыру, билік структурасы мен туыстық институттарына өзгерістер енгізуді шіркеу мемлекетпен бірлесе жүргізді.
Бұл саяси процесс Ұлы Қазан төңкерісі кезінде біраз уақытқа тоқтағанымен әрі қарай Кеңес үкіметі миссионерлікті басқаша сипатта жүргізді. Қысқаша айтқанда Кеңес үкіметі өзіне бағынышты аз халықты қызыл орағымен орып, балғасымен жаншып, төл діні мен мәдениетінен айырып дінсіз ұрпақ тәрбиелеп, дүбәрә ұлт жасады. Жетпіс жыл өмір сүріп, тарих сахнасынан кеткен ұлы держава миссионерлікке айқара жол ашып берді.
Тәуелсіздігіміз жарияланып егеменді ел болғалы бері елімізде жасыратыны жоқ діни экспанция үдеп, дін мәселесі қоғамымызда басты назарда тұрғаны да жасырын емес. Іргесі бекімеген егемен еліміздің Діни-сенім бостандығы туралы заңымыздың тым асығыс әрі еш дайындықсыз қабылдануын пайдаланған кейбір түрлі жат пиғылдағы діни секталар миссионерлік әрекеттерін белсенді түрде іске асыра бастады.
Оның соңғы кезеңі - еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен тұспа- тұс келеді. Осы уақытта республикамыздың территориясында бұрын соңды кездеспеген діни ағымдар мен секталар атап айтар болсақ, пресветериандық және методистік, неопротестанттық конфессиялар: Агапе, Жаңа аспан діни ұйымдары, Бахаи Сайтан шіркеуі, Саен - тология шіркеуі сияқты діни бірлестіктер көптеп орналаса бастады.
Кейінгі кезде осы діни бірлестіктердің ішінде католик, протестанттық және дәстүрлі емес діни құрылымдар өз миссионерлік қызметтерін елімізде белсенді түрде жүргізуде. Миссионерлік негізінен діни ілімдерін таратуға арналған діни және саяси қызмет. Миссионерлік ұйымдардың шоқындыру саясаты Африка және Азия халықтары арасында қарқындап, мақсатты түрде жүргізіліп отырды. Миссионерлік ұйымдарға бірқатар елдердің мемлекеттік құрылымдары, қайырымдылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар материалдық және моральдық тұрғыдан көмектесіп, ортақтаса жұмыс істейді. Миссионерлер баратын ел халқының дінін, тарихын, әдет- ғұрпын, ділі мен психологиясын зерттеп, біліп барады. Көптеген миссионерлер жергілікті халық басым елді мекендерде тұрып, сол халықтың тілін, әдет- ғұрпын, мінез- құлықтарын өз қызметтерін табысты атқару үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді. Елімізде протестанттық және неопротестанттық шіркеулердің миссионерлік қызметтері халқымыздың діни бірлігі мен ынтымақты өміріне кері әсерін тигізеді.
Миссионерліктің тағы да анықтамасы- шағын мәденитті, этносты өзінің табиғи бейнесінен айырып, ассимилияцияға ұшыратудың таптырмас құралы. Миссионерлік Орта Азия территориясында және түркілердің арасында ерте заманнан- ақ басталғаны белгілі. ХҮІ ғасырда Ресейдегі Қасым хандығының соңғы мұрагері Сайын Мұратхан шоқынып, өз атын өзгертіп Самсон атанғаны тарихтан белгілі. Әсіресе, Қазақстан Ресей империясының қол астына қараған уақытында қазақтарды шоқындыру саясаты іске асырылған. Ресей империясының шекарасы ресми белгіленіп, картасы сызылып бекітілген соң, патша үкіметі бұрыңғы уақытша ислам дінін тарату саясатынан бас тартып, 1862 жылдан бастап ресми түрде қазақ халқын шоқындыру, сол арқылы біртіндеп орыстандыру саясатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни басқарма тұсында
XVIII ғасырдың ортасынан –XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы ресей империясының миссионерлік саясаты
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Қазақстандағы миссионерлік әрекеттер
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Қазақстандағы «Грейс благодать» шіркеуінің қызметі
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы
Қазақстандағы неопротестанттық ағымдардың миссионерлік қызметі
Діни бірлестіктердің құқықтық жағдайы
Православие мен мемлекет
Пәндер