Құқық және заң анықтамалары



1 Құқық және заң анықтамалары
2 Дәстүрлі емес діни қозғалыстар. Секта
3 Фундаментализм. Радикализм. Фанатизм
2.тарау. ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
3.тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ ҚЫЗМЕТ
4.тарау. ДІНИ БIРЛЕСТIКТЕРДІ ҚҰРУ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ, ТАРАТУ
5.тарау. ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару;- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Заң (ағылш law) - мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде Заң ежелгі замандарда-ақ тәжірибеге еніп, әдет-ғұрып жосындарының орнын басқан.
Адам құқығы және оның табиғи құқықтары
Адам құқығы- барлық адамдар өзінің қадір-қасиеті мен құқықтары бойынша ерікті және тең болып туылады. Оларға ақыл-парасат пен ар-ұят берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырлық қарым-қатынаста болуға тиіс. Адамның табиғи құқықтарына ешкімнің де мемлекеттің де қол сұғуға қақысы жоқ.
Адамның табиғи құқықтары- адамның өмір сүру, білім алу, еңбек ету, сөз бостандығы, еркін жүріп тұруы, кәсіп таңдауы, діни сенім еркіндігі, жеке өмірлік, отбасылық еркіндігі және т.б.
Дін туралы заңнама - Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Құқық және заң анықтамалары

Құқық - мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару;- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Заң (ағылш law) - мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде Заң ежелгі замандарда-ақ тәжірибеге еніп, әдет-ғұрып жосындарының орнын басқан.
Адам құқығы және оның табиғи құқықтары
Адам құқығы- барлық адамдар өзінің қадір-қасиеті мен құқықтары бойынша ерікті және тең болып туылады. Оларға ақыл-парасат пен ар-ұят берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырлық қарым-қатынаста болуға тиіс. Адамның табиғи құқықтарына ешкімнің де мемлекеттің де қол сұғуға қақысы жоқ.
Адамның табиғи құқықтары- адамның өмір сүру, білім алу, еңбек ету, сөз бостандығы, еркін жүріп тұруы, кәсіп таңдауы, діни сенім еркіндігі, жеке өмірлік, отбасылық еркіндігі және т.б.
Дін туралы заңнама - Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады.
Толеранттылық- [ лат. tolerencia - төзімділік] - айырмашылықтарды мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарастағы, мінез-құлықтағы басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндігін іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын өнегелік жүріс-тұрыс ережесі. Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, төзе білу, басқаны қабылдай білу түсініледі. Толеранттық жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың басқа адамдармен немесе әлеуметтік топтармен қарым-қатынасынан көрініс табатын психологиялық немесе әлеуметтік- психологиялық мінез-құлқы ретінде; қазіргі қоғамның аса маңызды құндылықтарының бірі ретінде; тәуелсіздікке, дербестікке, идеяларды зорлықпен таңуға жол бермеу ретінде; адам еркіндігін шынжырлайтын діни, этникалық, нәсілдік нанымдарды жоққа шығарушы ретінде қарас тырылады.
Ар-ождан және діни сенім бостандығы- діни сенім бостандығы - адамның жеке өзі немесе басқалармен бірге кез келген дінді ұстануға, еркін таңдауға, діни сенімде болуға және тарқатуға, соған сәйкес әрекет етуге құқылы адамның негізгі жеке бостандыктарының бірі. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар. Секта
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар- дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діндер)- соңғы кездерде пайда болған, шығу тегінен ұлттық немесе әлемдік діндерден бөлініп шыққан, бірақ қазір қайнарынан байланысын үзген, өзіндік ерекшелік пен әмбебептыққа ұмтылатын, жаңадан шығып жатқан діни сенімдер. Олар әлеуметтік тұрғыда діни секта деп аталады. Құқықта секта термині қолданылмайды сондықтан ғылыми әдебиеттерде бұл термин көп кездесе бермейді.
Секта- секта-өзіндік діни ілім мен ғұрыпқа ие діни ұйым. Ол өзі ұстанған жолдың дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Сектаға тән нәрсе-өздерінің Құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау, дәстүрлі қоғамдық құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктеге мән бермеу, келісімге келмеу және миссионерлікпен белсенді айналысу. Секта әлеуметтік терминология.
Зайырлық- зайырлық мемлекетің дінге қатысты ұстанатын принципі, оның мәні мынада: мемлекет пен дін арақатынасы заң жүзінде ажыратылған, мемлекет дін ісіне, ал дін мемлекет ісіне араласпайды. Бірақ бұл мемлекет дін мәселесінде бейтарап қалады дегенді көрсетпейді, өйткені мемлекеттің өзі әлеуметтік институт ретінде қоғам мүддесіне қызмет жасаса, дінде сол әлеуметтік жүйенің бір саласы ретінде қоғамда белгілі бір қызметтер атқарады. Мемлекеттің де діннің де қызметі қоғамға бағытталған. Дін адамның жеке және қоғамдық өміріне қажетті қызметтер атқарады, басқаша айтқанда адам дінге мұқтаж, ал енді мемлекет заң жүзінде өз азаматтарының рухани қажеттілігін өтеуге деген құқығын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл жерде сенім бостандығына заң жүзінде кепілдік берілген.
Секуляризация - [лат. saecularis - зайырлы] - саясаттың діннен азат етілуі, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы. Биліктің секуляризациялануының нәтижесінде саяси ұйымның құндылықтары, беделі, қызметтері өзінің сакралды, табиғаттан жоғары, тылсым күштік мазмұнын жоғалтады. Саясат - қоғамдық өмірдің табиғи нәтижесі. Саясат мемлекет органдарымен дайындалатын құқыққа бағынады. Дамыған демократиялық қоғамдарда саясатпен адамдар айналысады, ол өзінің қасиеттілігінен айрылады. Заңдарды дайындайтын адамдар, ал адамдар заңға бағынулары керек. Бірақ қоғамдық үрдістерді тиімді түсіндірулерге қарамастан XX г. саяаттағы тиімді емес, түсіндіруге мүмкін емес жағдайлар қалып отыр. Демократия идеологтары зайырлы биліктің кемшіліктерін бейтараптандыру мақсатында табиғи тетіктер ұсынды: сайлау, жариялылық, құқық үстемдігі, билікті бөлу қағидаты, т.б.
Сакрализация - [лат. sacer - қасиетті] - діни реттеу саласына әртүрлі қоғамдық және жеке сананы, әлеуметтік қатынастарды, адамдар мен мекемелер қызметін тарту үрдісі. Сакрализация негізін зайырлы әлемге қарсы қасиетті әлемді мойындау қүрайды. Сакрализация жағдайында діни қызмет жалпы әлеуметтік қызметтің бөлінбес бөлігі, ал діни қатынастар басқа әлеуметтік байланыстарға таралады. Сакрализация сипаты мен таралу деңгейі әртүрлі тарихи дәуірлерде бірдей емес. Ол әсіресе алғашқы қауымдық құрылыс орта ғасырларға тән. Ал қазіргі қоғамда сакрализация басқаша қырынан көрініс беруде.
Фундаментализм. Радикализм. Фанатизм
Фундаментализм-бастапқыда протестантизмдегі либералдық протестанттық рационализмге қарсы бағытталған шектен шыққан консервативті ағым. 1910 жылдары АҚШ-тың оңтүстік штаттарында қалыптасты, інжілге (Библияға) кез келген сыни көзқарасты көтермей, оны жаңаша түсіндіруге талпынғандарды үзілді-кесілді мойындамады. Кейін келе бүл ұғым басқа діни, әлеуметтік, саяси басқа да қағидаларға кез келген радикалды - консервативті қатынасты білдірді.
Радикализм- 1) жақтастары өмір сүріп отырған әлеуметтік-саяси жүйені сынға алатын және түбегейлі өзгерістер мен реформалардың жүргізілуін талап ететін саяси ағым; 2) қандай да бір істердегі жағдайды түбірімен түбегейлі өзгертудегі талпыныстардың, тәуекелді ымырасыз талаптардың жүзеге асырылуы. Діни радикализм- діни мақсаттардағы әлеуметтік-саяси іс-әрекеттер.
Фанатизм - (лат. fanaticus - құрбандық ) -- адамның белгілі бір сенімдерге деген, басқа ешқандай баламаны қабылдамайтындай болып қалтқысыз берілгендігі; бұл оның іс-әрекетінде және басқалармен қарым-қатынасында айқын көрінеді. Фанатизм сол жолда құрбан болуға дайындықпен астасады; идеяға берілгендік басқа пікірдегілерге төзбеушілікпен қараумен, ортақ мақсатқа жетуге кедергі болатын әдеп нормативтерін елемеушілікпен ұштасады. Фанатизм -- топтың психологиялық феномені. Бір-біріне тәнті болудан қолдау табатын фанатиктер үшін көтеріңкі эмоциялық, өздерінің көзқарастарын қуаттайтын кез келген ақпаратқа талғамай қараушылық, тіпті тілектестік тұрғыдағы сынның өзін қабылдамаушылық тән. Фанатизм екінің бірінде идеологиялық (соның ішінде діни) сипатта болады.
Экстремизм. Лаңкестік
Діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алуға тын ұсыныстар
Экстремизм - (фр. extremisme, лат. extremus) - 1.Шеттеу яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) -- жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы кезеңдері. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Экстремистер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда.
-2. Грек жұрнағымен аяқталатын экстремизм деген латын сөзі шеттеу, яғни орталықтан ауытқу, кандай да бір белгіленген шектен тыс кету деген мағына береді. Экстремизм сөзінің ең жақын синонимі радикализм. Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу. Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. Саяси ортада пайда болган Экстремизм - саяси экстремизм, ал діни ортада пайда болган экстремизм - діни экстремизм деп аталады.
Лаңкестік (Терроризм)- [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды.
"Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі.
Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады.
-діни сенім бостандығының Халықаралық құқықтық негіздері түсіндіру
Діни сенім бостандығы - адамның жеке өзі немесе басқалармен бірге кез келген дінді ұстануға, еркін таңдауға, діни сенімде болуға және тарқатуға, соған сәйкес әрекет етуге құқылы адамның негізгі жеке бостандыктарының бірі. Көп ұлтты елде түрліше конфессиялардың, діни сенімдердің бар болуы, бұл конституциялық норманы ерекше маңызды етіп көрсетеді. Діни сенім бостандығы феноменінің маңыздылығы халықаралық тәжірибеде де танылған. 1948 жылы БҰҰ қабылдаған Жалпыға бірдей адам құқығы жөніндегі декларацияның 18-бабында Әркімнің ойлау, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар деп көрсетілген. 1948 жылы БҰҰ қабылдаған "Адам құқықтарының жалпы декларациясының" (Universal Declaration of Human Rights) БҰҰ-1948 ж. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы
Адам құқығы мен негізгі бостандықтары жайлы Еуропалық конвенция (1950). Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық құжат (1966). Дін мен сенім мәселесінде дискриминация және діни төзбеушіліктің жою туралы декларация (1981). Вена кездесуінің қорытынды құжаты (1989). Жаңа Еуропаның Париж хартиясы (1990). ЕҚЫҰ, ТМД елдерінің және басқада халықаралық, аймақтық ұйымдардың құжаттары
-ҚР дін саласындағы мемлекеттік органдар және олардын қызметтері
2-тарау. ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫМЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, діни білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзедi;
3) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар әзiрлейдi;
5) діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
6) дiнтану сараптамалары және діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтар тізімдеріне тексеру жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
7) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;
8) шет мемлекеттердiң діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім білдіреді;
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

-мұсылман елдеріндегі мемлекет дін қатынастары
Әлемдік тәжірибеде мемлекет пен дін арақатынасының, негізінен, үш үлгісі қалыптасқан. Біріншісі - дін мемлекеттен бөлек. Әлем елдерінің көпшілігі зайырлы ел болып табылады. Екінші үлгі бойынша, дін мен мемлекет біріккен, мәселен, араб елдері, Сауд Арабиясы. Ал үшінші үлгі бойынша, дін мемлекеттен автономды түрде бөлек, бірақ мемлекет тарихи қалыптасқан дәстүрлі дінге басымдық береді. Оның мысалы - орыс православиесі.
Мемлекет-дін қатынастарының ең тиім - дісі - мемлекеттен дін бөлек, яғни за - йырлы мемлекет үлгісі. Бұл үлгінің ар - тық жері - демократиялық қағидаттары ба - рынша сақталады, ар-ождан бостан - дығына кедергі аз. Дінаралық тыныштық пен тұрақтылыққа жағдай жасалады.
Алайда бұл үлгінің кемшін тұсы - сырт - тан ағылған теріс пиғылды миссио - нерлердің әрекетіне кең өріс ашылады. Сан алуан конфессияларға жіктелу үрдісі тоқтаусыз дами береді. Мемлекет пен дін біріккен екінші үлгінің қатқыл және жұмсақ типін ажыратуға болады. Қатқыл типі - теократиялық мемлекет. Бұл, әсі - ресе, араб елдеріне тән. Ал жұмсақ типі Еуропа, Латын Америкасындағы хрис - тиан - дық-католиктік елдер. Мешіт немесе шіркеулер кейбір елдерде мемлекеттің ресми ұйымы болып есептеледі. Олай болса, мемлекеттік діннің белгілері қан - дай? Онда, біріншіден, діни мекеменің бар - лық шығынын мемлекет көтереді, екіншіден, мемлекеттік шенеуніктер діни мекемені басқару ісімен айналысады, үшіншіден, тек мемлекеттік діннің өкіл - дері ғана ресми мемлекеттік шараларға шақыртылады, төртіншіден, діни мекеме - нің ішкі қызметін реттеу үшін актілер бе - кітеді, яғни діни мекемеге мемлекеттің кейбір функцияларды, яғни неке, бала туу, өлуді тіркеу құқығын береді, бесін - ші - ден, мемлекеттік діннің басшысы мем - лекет ісіне белсенді түрде араласады. Осын - дай сипаттағы мемлекеттік дін Бри - танияда (англикандық), Швеция, Норве - гия, Дания, Исландияда (лютерандық), Испания, Парагвайда (католицизм), Гре - цияда (православие), Иордания, Иран, Мароккода (ислам) қалыптасқан. Атал - ған елдерде мемлекеттік діндер ғасырлар бойы халықтың дүниетанымы және өмір салтымен біте қайнасқан дәстүрлі діні болып есептеледі. Ислам Пәкстанда, Иранда, Сауд Арабиясында, Мысыр, Иор - данияда мемлекет дін ретінде ата заңымен бекітілген. Бұл үлгілердің Қазақ - стан жағдайына үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сол секілді мұсылман елдерінде дін ел өмірінде және саясатта маңызы қандай болу керектігі өзекті мәселеге айналды. Бұл арада екі сцена - рий бар: біріншісі - зайырлы мемлекет. Екіншісі - діни мемлекет. Мұсылмандық әрі зайырлы мемлекеттің типтік үлгісі ретінде Түркияны алуға болады. Бірақ бұл елде болмашы мәселелер саяси си - пат алып жатады. Мысалы, хиджаб мә - селесі. Араб елдеріндегі қоғамдық қаты - нас - тарда шариғаттың рөлі үлкен. Алайда бұл діни мемлекеттер тұрақсыздық жай - лап, лаңкестік топтардың ошағы болып қа - лып отыр. Орталық Азия елдерінде оқтын-оқтын жарылыс жасап, лаңкестік әрекеттер ұйымдастырып отыратын ис - лам атын жамылған саяси топтардың бас - ты ұраны аймақта ислам халифатын құ - ру екені баршамызға мәлім. Сондықтан бұл үлгі Қазақстан жағдайына мүлде тиім - сіз
-Қазақстандағы конфессияаралық келісім
Ислам Қазақстанда қашанда басқа діндермен бейбіт өмір сүріп келді. Біздің елімізде барлық этникалық топтардың дәстүрлері мен діни сенімдері сақталады. Ежелде Қазақстан даласымен Шығыс пен Батыс өркениеттерін түйістірген Ұлы Жібек жолы өткен. Сондықтан керуен жолында әр түрлі дін өкілдері кездескені таңданыс тудырмайды. Сол тарихи кезеңнің мұралары ретінде көптеген ескерткіштер, христиандық, буддистік, иудейлік ғибадатханалар сақталған, оның барлығына елімізге келген туристер куә бола алады.
Тәуелсіздікке қол жеткізген жиырма жылда елімізде діни институттардың сандық және сапалық тұрғыдан өскенін көріп отырмыз. Діни бірлестіктер саны бірнеше есе көбейіп, рухани дәстүрлер жаңғыруда. Жаңа мешіттер, шіркеулер, синагогалар салынуда. Халық арасында дінге сенетін адамдар қатары кеңейді. Діндер арасында халықтың 90%-дан астамын құрайтын мұсылмандар мен православ христиандарының саны басым.
Бұл үдерістер елімізде рухани жаңғыру, ар-ождан бостандығы, азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді сақтап, нығайтуға бағытталған саясаттың салдары болып отыр. Кейбір шетелдік және отандық құқық қорғау ұйымдарының дін бостандығы бұзылады деген мәлімдемелеріне қарамастан, фактілер керісінше жағдай орын алғанын дәлелдеп отыр. Қазақстанда барлық конфессиялардың өкілдеріне өзінің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктер ұсынылған.
Тәуелсіздік жылдарында біздің қоғамдағы діннің рөлі едәуір өскен. 1989 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 671 діни қауым, 20 конфессия мен деноминация болған. 20 жылда діни бірлестіктер саны алты есе көбейіп, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша олардың саны 4460, ал конфессиялар мен деноминациялар саны 42-ге жетті.
Діни бірлестіктердің арасында: Ислам - 2724, Орыс православ шіркеуі - 304, Рим-католик шіркеуі - 87, протестантизм - 1267, дәстүрлі емес діндер мен жаңадан құрылған діни бірлестіктер (бақайлар, Кришнаидтер, Соңғы өсиет шіркеуі және т.б.) - 46 тіркелген.
Діни бірлестіктердің иелігінде үш мыңнан астам діни ғимараттары бар, соның ішінде мұсылман мешіттері, православ шіркеулері, католик костелдері, синагогалар, протестанттық ғибадат үйлері және т.б. атап өтуге болады. Бұл біздің елдегі дін мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген процедураларды тіркеудің либералдығын білдіреді.
Қазақстанда 8 жоғары (соның ішінде 2 ислам, 1 католик, 1 лютерандық, 4 протестанттық), 6 арнайы орта және 3 жалпы білім беретін діни оқу орындары бар. Қазіргі таңда республикада 20 елден 300-ге тарта шетелдік миссионерлер жұмыс жасайды.
Қазақстандағы дін саласындағы мемлекеттік саясат келесі қағидаттарға сүйенеді:
- мемлекет пен оның институттарының зайырлы, конфессиялық бейтарап сипаты;
- адам мен азаматтың дінге көзқарасына, діни немесе зайырлы бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан олардың құқықтары мен бостандықтары тең;
- діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі;
- халықтың түрлі топтарының этномәдени дәстүрлеріне, менталитет ерекшеліктеріне деген құрмет;
- ар-ождан мен дін бостандығы саласында тек конституциялық құрылым негіздерін, адам мен азаматтардың денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қажет ететін жағдайлардан өзге шектеулер қойылмайды;
- мемлекеттік билік пен басқарудың барлық деңгейлерінде ар-ождан мен дін бостандығы саласындағы саясатты ашық жүргізу.
Ар-ождан мен дін бостандығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың тиімді қызмет ететін тетіктерін құру алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді табысты орындауға, негізгі құқықтар мен бостандықтардың сақталуын, түрлі дін өкілдері арасында және дінге сенбейтіндер арасында өзара түсіністік және ынтымақтастықты нығайтуға, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда бірінші және екінші сорт діндері жоқ. Барлық діни бірлестіктер заң алдында тең. Мемлекет тек заңнама өрескел бұзылған жағдайда ғана араласады, мұны дінге қол сұғушылық деп есептеуге болмайды.
Өкінішке орай, біздің елімізде де, көптеген Еуропа мемлекеттеріндегідей сот процестеріне үнемі тартылып жүрген қызметі күмән тудыратын діни бірлестіктер бар. Бұл жағдайда құқық жүйесі аталған күмәнді ұйымдардың құрбанына айналуы мүмкін азаматтардың құқықтарын қорғайды. Қазақстанда қызмет етіп келе жатқан діни бірлестіктердің басым көпшілігі құқық нормаларын қатаң сақтайды және өздерінің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға толық мүмкіндіктерге ие.
Қазақстанда уақыт өлшемінен өткен этникаралық және дінаралық келісім үлгісі қалыптасты деп айтуға толық негіз бар. Біздің еліміздегі түрлі конфессиялар арасында орнаған өзара әрекет тәжірибесін халықаралық ұйымдар мен шетелдік әріптестер, соның ішінде БҰҰ, ЮНЕСКО мен ЕҚЫҰ зерттеуде. Халықаралық аренада Қазақстан бейбітшілік аумағы, мәдениеттер мен діндердің диалогы мен жақындасуының алаңы ретінде қабылданады.
-қазақстандағы діни бірлестіктер
19-бап. Мемлекет және шетелдік діни бірлестіктер
1. Шетелдік діни орталық уәкілетті органмен келіспей тағайындаған діни бірлестік басшысының қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
2. Шетелдік діни орталық діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидатты келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) кандидат туралы, оның шетелдік діни орталықтағы бұрынғы қызметі туралы мәліметтер қамтылған қолдаухатты;
2) кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімді;
3) діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін ұсынады.
Құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығын Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган олардың ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
4. Егер Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адам құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, уәкілетті орган шетелдік діни орталықтың оны тағайындауына келісуден бас тартады.
2011 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 46 конфессия 4 551 діни бірлестік пен филиалдары және зыңды тұлға белгісі жоқ саны аз діни топтар есепте тұрған.
2012 жылдың 25 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанның діни алаңында 17 конфессияны құрайтын 3 088 діни бірлестікпен филиалдары қалды.
Діни бірлестіктердің 32%-ы, яғни үштен бірі қысқарды.
Ислам- VII ғасырдың басында пайда болған әлемдік монотеистік дін. Қазақ жеріне ислам осыдан 12 ғасырдан астам уақыт бұрын келген.
ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының преамбуласында Қазақстан халқының рухани өмірі мен мәдениетіндегі исламның сунниттік бағыттағы ханафи мазхабының тарихи рөлі атап көрсетілген.
2011 жылдың басында Қазақстанда 2 811 исламдық діни бірлестік болған.
2012 жылдың 19 маусымында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ислами бірлестігі тіркелді. Оның филалдары ретінде еліміздің барлық аймағында 2 228 мешіт қайта тіркеуде өтті.
Қазақстандағы ҚМДБ филиалдары (мешіттері). Барлығы: 2 228 (25.10.2012 ж.)
Православие - христиан конфессияларының бірі.
Елімізде православиелік Қазақстан Православ шіркеуі, Армян апостолдық шіркеуі және көне әдет-ғұрыптық қауымдар қызмет атқарады. 2011 жылдың басында 304 православ діни бірлестігі болған.

2012 жылдың 17 қазанында 9 епархия мен 261 приходты біріктіретін Митрополиялық округ республикалық діни бірлестігі тіркелді.
Сонымен қатар бұрын қызмет атқарған Армян апостолдық шіркеуі мен 8 көне әдет-ғұрыптық қауым қайта тіркеуден өтті.
Қазақстандағы православ шіркеуінің приходтар. Барлығы: 261 (25.10.2012 ж.)
Ескерту: бұған қосымша Алматы қаласында Армян апостолдық шіркеуі және ШҚО (4), БҚО (2), Алматы қаласы (1), Қостанай облысы (1) көне әдет-ғұрып шіркеулері жұмыс істейді.
Католиктік - христиандық конфессиялардың бірі. Діни ілімі Библияға және Қасиетті жазбаға негізделеді. Негізгі қағидалары Католик шіркеуінің катехизисында баяндалған.
Қазақстанда Рим-католик шіркеуінің 79 субъектісі қызмет атқарады.
Қазақстандағы католик шіркеулері. Барлығы: 79(25.10.2012 ж.)
Лютерандық - христиан дініндегі протестандық ағымдардың бірі. Лютерандық XVIғасырдаГерманияда реформация қозғалысының нәтижесінде пайда болады.
2011 жылдың басында елде 32 діни бірлестік есептер тұрған. Қайта тіркеуден 13 жергілікті діни бірлестік өтті.
Баптизм - XVII ғасырдың басында пайда болған христиан дініндегі протестанттық бағыттардың бірі. Өз діни ілімі бойынша баптизм жалпыхристиандық және жалпыпротестанттық Үшбірлік пен Иса Мәсіхтің құдайға тән табиғаты, сондай-ақ жалпыпротестанттық құтқарылу туралы қағидаларды ұстанады.
2011 жылдың басынды елде 364 діни бірлестік, саны аз діни топтар мен филиалдар есепте тұрған.
Қайта тіркеуден 100 жергілікті діни бірлестік өтті.
Методизм - XVIIIғасырда Англияда пайда болды. Методизм діни ілімі классикалық протестантизм қағидаларын ұстанып, Библияны мойындайды. Сонымен қатар діни ұйғарымдарды әдістемелік тұрғыдан сақтауды талап етеді.
2011 жылдың басында елімізге 18 діни бірлестік есепте тұрған.
Қайта тіркеуден 11 жергілікті діни бірлестік өтті.
Меннониттер алғашқы протестанттық ағымдардың бірі болып табылады. Атауы осы ілімнің негізін қалаушы Менно Симонсқа байланысты қойылған.
2011 жылдың басында елімізде 6 діни бірлестік есепте тұрған.
Қайта тіркеудін бір жергілікті діни бірлестік өтті.
Елуіншілер XIXғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басында АҚШ-та пайда болған.
Елуіншілердің діни ілімінің ерекшелігі Қасиетті Рухтың елуіншілер күнінде жерге түскендігі және соның нәтижесінде Апостолдар мен Иса Мәсіхтің басқа да шәкірттерінің Қасиетті Рух күшіне ие болғандығы туралы жеке тармақтың бекітілуі болып табылады.
2011 жылдың басында елімізде 400 діни бірлестік саны аз діни топтар мен филиалдар есепте тұрған.
Қайта тіркеуден 189 жергілікті бірлестік өтті.
Пресвитериандық протестанттық ағымдардың бірі болып табылады. Пресвитериандық кальвинизмнің және кең ұғыммен алғанда реформаттық шіркеу тармақтарының бірі ретінде қырастырылады.
Пресвитериандық доктрина Құдайдың жоғарғы күшіне сенуге және құдайдан құт-береке келуі үшін тек сенім ғана керек екеніне негізделеді.
2011 жылдың басында елімізге 229 діни бірлестік саны аз діни топтар мен филиалдар есепте тұрған.
Қайта тіркеуден 55 жергілікті діни бірлестік өтті.
Ехоба куәгерлеріXIX ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болды. Діни ілімінің негізгі ережелері осы ілімінің негізін салушы Чарльз Расселдің Қасиетті кітап зерттеулері атты жеті томдық еңбегінде жазылған.
2011 жылдың басында елімізде 70 діни бірлестік есепте тұрған.
Қайта тіркеуден 59 жергілікті діни бірлестік өткен.
Жетінші күн адвентистері - АҚШ-та 1843 жылы пайда болған протестанттық ағым. Адвентистік діни ілімінің негізін бұрынғы баптист Уильям Миллер қалаған. Адвентистер сенім мен өмір сүрудің жалғыз ережесі ретінде Библияға сүйенеді, Иса Мәсіхтің екінші рет тіріліп келетін күнінің жақын қалғанына сенеді және сенбіні демалыс күні ретінде ұстанады.
-Қазақстандағы дін туралы заңнаманың конституциялық негіздері
2011 жылдың 11 қазанында қабылданған ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңының преамбуласында тәуелсіздік алған жылдардан бері тұңғыш рет Қазақстан үшін дәстүрлі болып саналатын діндердің басымдылығы көрсетілді. Аталған құжатқа сәйкес, мемлекет халықтың рухани өмірі мен мәдениетінің дамуында исламның ханафилік бағыты мен православие дінінің тарихи рөлін мойындайды, сондай-ақ Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін барша өзге діндерді құрметтейді. Діни жоралар мен рәсімдерді өткізуге қатысты мәселелерді реттейтін осыған ұқсас ереже Украинаның Сенім бостандығы туралы Заңының 21-бабында қарастырылған. Аталған нормада көрсетілгендей, құдайға құлшылық, діни жоралар, рәсімдер мен діни рәсімдерді культтік ғимараттарда және соған жуық аумақтарда, зиярат ету орындарында, діни ұйымдар мекемелерінде, зираттарда, жекеленген жерлеу орындары мен крематорийлерде, азаматтардың пәтерлері мен үйлерінде, сондай-ақ мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда еңбек ұжымының бастамасымен және әкімшілік келісімі берілген жағдайда кедергісіз жүргізіледі.
Бұған дейін атап өтілгендей, жаңа заңның алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі - деструктивті діни және жалған діни бірлестіктер әрекеттерінің алдын алу мен сақтандыру болып табылады. Осы орайда дінтанулық сараптама жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу тиімді әрі нәтижелі әдіс болып табылады. Сондай-ақ діни әдебиеттердің таратылуы да көкейкесті жәйттер қатарынан табылады. Осыған орай, ҚР Заңында енгізілген ережеге сай, діни мазмұндағы материалдар мен әдебиеттер тек қана культтік ғимараттарда, діни білім беруге арналған ұйымдарда, арнайы стационарлық орындарда ғана таратылады.
-Мемлекеттік дін қатынастарының еуропалық американдық
Әлемдік тәжірибеде мемлекет пен дін арақатынасының, негізінен, үш үлгісі қалыптасқан. Біріншісі - дін мемлекеттен бөлек. Әлем елдерінің көпшілігі зайырлы ел болып табылады. Екінші үлгі бойынша, дін мен мемлекет біріккен, мәселен, араб елдері, Сауд Арабиясы. Ал үшінші үлгі бойынша, дін мемлекеттен автономды түрде бөлек, бірақ мемлекет тарихи қалыптасқан дәстүрлі дінге басымдық береді. Оның мысалы - орыс православиесі. Алайда бұл үлгінің кемшін тұсы - сырт - тан ағылған теріс пиғылды миссио - нерлердің әрекетіне кең өріс ашылады. Сан алуан конфессияларға жіктелу үрдісі тоқтаусыз дами береді. Мемлекет пен дін біріккен екінші үлгінің қатқыл және жұмсақ типін ажыратуға болады. Қатқыл типі - теократиялық мемлекет. Бұл, әсі - ресе, араб елдеріне тән. Ал жұмсақ типі Еуропа, Латын Америкасындағы хрис - тиан - дық-католиктік елдер. Мешіт немесе шіркеулер кейбір елдерде мемлекеттің ресми ұйымы болып есептеледі. Олай болса, мемлекеттік діннің белгілері қан - дай? Онда, біріншіден, діни мекеменің бар - лық шығынын мемлекет көтереді, екіншіден, мемлекеттік шенеуніктер діни мекемені басқару ісімен айналысады, үшіншіден, тек мемлекеттік діннің өкіл - дері ғана ресми мемлекеттік шараларға шақыртылады, төртіншіден, діни мекеме - нің ішкі қызметін реттеу үшін актілер бе - кітеді, яғни діни мекемеге мемлекеттің кейбір функцияларды, яғни неке, бала туу, өлуді тіркеу құқығын береді, бесін - ші - ден, мемлекеттік діннің басшысы мем - лекет ісіне белсенді түрде араласады. Осын - дай сипаттағы мемлекеттік дін Бри - танияда (англикандық), Швеция, Норве - гия, Дания, Исландияда (лютерандық), Испания, Парагвайда (католицизм), Гре - цияда (православие), Иордания, Иран, Мароккода (ислам) қалыптасқан. Атал - ған елдерде мемлекеттік діндер ғасырлар бойы халықтың дүниетанымы және өмір салтымен біте қайнасқан дәстүрлі діні болып есептеледі. Ислам Пәкстанда, Иранда, Сауд Арабиясында, Мысыр, Иор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізудегі анықтау өндірісі және оны ұйымдастырудың құқықтық негіздері
Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістері
Қылмыстық құқық жүйесі
Инвестициялық құқықтың құқық жүйесіндегі орны
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
Аппеляциялық іc жүргізу
Аппеляциялық іс жүргізу
Құқықтық шығармашылықтың түрлері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны туралы
Пәндер