Таным мен сананың өзара байланысы



1 Таным теориясы
2 Сана — пәлсапалық санат.
3 Таным мен сананың өзара байланысы
4 Рационалды таным және оның формалары: ұғым, пікір және ой қорыту
Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты. Сонымен бірге адамның дүниені танып — білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты — агностицизм деп атайды.
Бұл теорияға орай əлем шынайы, адам санасынан тыс жасайды, бірақ оны танып білуге болады. Таным — бұл қоршаған болмыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ой жəне көңіл-күй іс-əрекеттері мен олардың нəтижесі, яғни білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі.
Шындық пен нақты болмысты танудың диалектикалық жолы – тікелей байқап, сезуден бейнақты ойлауға, одан практикаға өту.
Тікелей байқау процесінде, яғни түйсік, қабылдау, шынайы болмысты белсенді зерттеу арқасында қандай да құбылыс не заттар жөнінде түсініктер пайда болады. Осы түсініктер негізінде қорытындылар жасалады. Бейнақты (абстракт) ойлау əрекеті танымға түскен құбылыстардың жалпы белгілерін анықтауға, түсінік, пікір, ұғымдарды игеруге, зат не құбылыстар арасындағы мəнді, қажетті де тұрақты байланыстарды ашып, заңдар мен заңдылықтарды өрнектеуге мүмкіндік береді.
Таным теориясы оқу танымына тікелей қатысты. Білім игеру əрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам жəне адамның психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына өткізу.
Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.
Алайда таным мен оқу ортасында болатын маңызды ерекшеліктерді ескермеу мүмкін емес:
таным –бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар табиғат, қоғам жəне адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты. Яғни ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным толық болмайды. Ал оқу процесінде оқушылар бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, ұғым, деректерді игереді. Олар өздері үшін бұрыннан белгілі шындықты қайтадан ашқан сияқты болып, шəкірттердің жас мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне орайластырылған, дидактикалық бейімге келтірілген əрі қарапайымдастырылған материалдарды меңгерумен айналысады. Сонымен бірге, оқу барысындағы таным міндетті түрде, мейлі тікелей не жанама, мұғалім болуын керек қылады, ал ғалым тұлғааралық қатынастарды көбіне қажет етпейді.
жаңалықтар ашуға арналған таным процесі ұзақты кезеңдік ғылыми ізденістерді қажет етеді. Ал оқу процесінде белгіліні қайтадан ашып, игеру жолы қысқа əрі мұғалім шеберлігімен жеңілдетіледі;
таным процесі материалдық не рухани нысандарды қабылдауды талап етеді де, ал олардың шынайылығын практика дəлелдеуі тиіс. Оқу барысында мұғалім білім игеру процесі бөліктерін ауыстыруы жəне оны практикалық ептілік, дағдылармен кезектестіріп немесе біріктіріп жүргізуі мүмкін.
Сонымен, таным мен оқу процесі арасында қаншалықты ортақтастық болса, соншалықты айырмашылық та бар. Оқу процесі оқушының психикалық іс-əрекеттерінде жүріп жататын заңдылықтар негізінде өзіне ғана тəн ішкі қисындылық (логика) бойынша орындалады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Таным теориясы
Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты. Сонымен бірге адамның дүниені танып -- білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты -- агностицизм деп атайды.
Бұл теорияға орай əлем шынайы, адам санасынан тыс жасайды, бірақ оны танып білуге болады. Таным -- бұл қоршаған болмыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ой жəне көңіл-күй іс-əрекеттері мен олардың нəтижесі, яғни білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі.
Шындық пен нақты болмысты танудың диалектикалық жолы - тікелей байқап, сезуден бейнақты ойлауға, одан практикаға өту.
Тікелей байқау процесінде, яғни түйсік, қабылдау, шынайы болмысты белсенді зерттеу арқасында қандай да құбылыс не заттар жөнінде түсініктер пайда болады. Осы түсініктер негізінде қорытындылар жасалады. Бейнақты (абстракт) ойлау əрекеті танымға түскен құбылыстардың жалпы белгілерін анықтауға, түсінік, пікір, ұғымдарды игеруге, зат не құбылыстар арасындағы мəнді, қажетті де тұрақты байланыстарды ашып, заңдар мен заңдылықтарды өрнектеуге мүмкіндік береді.
Таным теориясы оқу танымына тікелей қатысты. Білім игеру əрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті - табиғат, қоғам жəне адамның психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына өткізу.
Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.
Алайда таным мен оқу ортасында болатын маңызды ерекшеліктерді ескермеу мүмкін емес:
таным - бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар табиғат, қоғам жəне адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты. Яғни ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным толық болмайды. Ал оқу процесінде оқушылар бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, ұғым, деректерді игереді. Олар өздері үшін бұрыннан белгілі шындықты қайтадан ашқан сияқты болып, шəкірттердің жас мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне орайластырылған, дидактикалық бейімге келтірілген əрі қарапайымдастырылған материалдарды меңгерумен айналысады. Сонымен бірге, оқу барысындағы таным міндетті түрде, мейлі тікелей не жанама, мұғалім болуын керек қылады, ал ғалым тұлғааралық қатынастарды көбіне қажет етпейді.
жаңалықтар ашуға арналған таным процесі ұзақты кезеңдік ғылыми ізденістерді қажет етеді. Ал оқу процесінде белгіліні қайтадан ашып, игеру жолы қысқа əрі мұғалім шеберлігімен жеңілдетіледі;
таным процесі материалдық не рухани нысандарды қабылдауды талап етеді де, ал олардың шынайылығын практика дəлелдеуі тиіс. Оқу барысында мұғалім білім игеру процесі бөліктерін ауыстыруы жəне оны практикалық ептілік, дағдылармен кезектестіріп немесе біріктіріп жүргізуі мүмкін.
Сонымен, таным мен оқу процесі арасында қаншалықты ортақтастық болса, соншалықты айырмашылық та бар. Оқу процесі оқушының психикалық іс-əрекеттерінде жүріп жататын заңдылықтар негізінде өзіне ғана тəн ішкі қисындылық (логика) бойынша орындалады.
Гносеология гректің гносис -- таным, логос -- ілім деген сөздерінен шыққан. Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар эпистемология грекше епистема -- білім деген сөз термині қолданылады. Бұл терминмен әдетте олар ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді.Таным -- адам санасын дамытудың негізі болып табылады.
Танымның субъектісі деп тарихи нақтылы қоғамды, сонымен бірге топтар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдарды айтуға болады. Субъект өз табиғатын қызметінде таным объектісі ретінде қарай алады. Танымның объектісі ретінде табиғатты, қоғамды және қоғамдық қатынастарды атау қажет. Олар таным объектісіне субъектінің өндірістің, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы айналады. Осыдан келіп, объект -- субъект, субъект -- объект қатынастарының таным процесіне алатын орны, жалпы практикалық табиғатын, даму процесін қарастыруда ролі ерекше екенін көреміз.
Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде өндірістің, ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы мен мәңгі дами беретін обьективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті -- үстіне жаңа табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның субьектісі мен обьектісі арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол үнемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда болып отырады.
Сондай -- ақ таным процессінін диалектикасы адамның танып білуінің субьективтік формасы мен обьективтік мазмұны арасындағы бірлік пен қайшылықтан да айқын көрінеді. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен теорияларымыз -- бұлар обьективтік дүниенің субьективтік образдары, практикалық қызметтің формалары.
Таным процесінің диалектикасы мынадан да көрінеді: ғылымның дамуы үшін логикалық жағынан дәлелдеу және практикада тексеру жолымен ақиқатты анықтауға мүмкіндік беретін пікірлердің күресі.
Айналадағы дүниені тану -- күрделі, қайшылықты процесс, оған шындықты белсенді, творчествалық бейнелеудің белгілі бір жүйелілігі мен өзара байланысы болып табылатын әртүрлі формалар кіреді.
Сезімдік таным дегеніміз -- сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып -- білу. Сезім мүшелері дегеніміз -- ол біздің айналамыздағы дүние жайындағы мәліметтер санамызға келіп кіретін бірден -- бір қақпалар болып табылады.
Сондықтан таным процесінің қандайы да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және елестету арқылы жүзеге асырылады.
Сезімдік таным тек заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдаумен ғана танып қоймайды. Сыртқы заттардың сезім мүшелеріне алуан түрлі әрекет етуі нәтижесінде адамның миында белгілі -- бір іздер сақталып қалады. Онан әрі бұлар еріксіз немесе әдейі жандануы және адамның бұрын қабылдаған заттарының нақты образдарының тууына физиологиялық негіз болуы мүмкін. Бұл образдар елестету деп аталады.
Танымның тұтас күрделі процесінде бейнелеудің сезімдік және логикалық формалары таза түріде, жеке, бір -- бірінен оқшау түріде көрінбейді. Олар бірігіп, бір -- бірімен қабысып, өзара бір-біріне еніп тұрады. Таным ісінің қандайына да болсын белгілі -- бір дәрежеде сезімдік, эмпириялық элементтер де, сол сияқты рационалды, теориялық элементтер де кіреді. Таным процесі сезімдік және рационалдық жақтардың диалектикалық бірлігі. Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерінің бір -- бірінен мынандай айырмашылықтары бар: оларда зерттеліп отырған объект әртүрлі жағынан қарастырылады, білім әртүрлі әдістер арқылы табылады, оны белгілейтін әртүрлі логиклық формалар. Эмпириялық деңгейде қарапайым пайымдауға қолайлы объектінің сыртқы байланыстары мен қатынастары қарастырылады, тәжірибеден тікелей индуктивтік әдіспен алынған эмпириялық білімнің логикалық формасы ретінде жеке фактіні бейнелейтін жеке ой пікірі,ол білім жаңа теорияны құраудың эмпириялық негізі болады. Эмпириялық деңгейде құбылыс дәрежесіндегі заңдылықтар анықталады. Таным құбылыстан мәнге, бірінші реттегі мәннен екінші реттегі мәнге т. с. с. қарай қозғалады. Сөйтіп, таным заттың ішкі мәніне қарай шексіз тереңдей береді. Ал теориялық деңгейде біздер заттың ішкі байланыстары мен заңдылықтарын, қайшылықтары мен заңдарын ашамыз. Мұны эмпириялық білімді теориялық жолмен өңдеу, белгілі бір принцип бойынша синтездеу арқылы табамыз. Теориялық білімнің логикалық формасы өзара іштей жинақталған абстракциялар жүйесі болып табылады. Зерттеліп отырған объектінің теориясын құру және қолдану танымның теориялық деңгейінің мақсаты. Эмпириялық білімге қарағанда теориялық білімнің қолдану аясы өте кең. Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлері өте тығыз байланыста.
Дүние және онымен ұдайы қатынастағы адам үнемі дамуда, қозғалыста болатыны белгілі. Оның заңдылықтарын дәлірек және толығырақ бейнелеу үшін ғылыми таным да үнемі даму мен қозғалуда болуы қажет. Ал материялық дүниенің дамуы белгілі бір заңға бағынады және қайшылықты сипатта болады. Сондықтан таным процесі де қайшылықты және дамуда. Қайшылықтың пайда болуы, шиеленісуі және шиеленісуі -- даму процесі дегеніміз осы. Қайшылық проблемалық ситуация дегенді тудырады, ал оны шешу ғылыми танымды одан әрі дамытады.
Ақиқат -- танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы кун тәртібіне қойылады. Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз субъекті мен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жатқан әлеуметтік тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективтік. Объективтік ақиқат деп қоғамдық адам түсінігінде, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субективтік диактекикалық бірлігі. Танымның даму барысында белгілі бір объекті жөніндегі біздің біліміміз тереңдей туседі, сөйтіп, оның субъективтік жағы азайып отырады. Білім объектіге дәлірек сәйкес келеді. Дегенмен білімнің объективтік және субъективтік жақтары ылғи бірлікте болады.
Егер объективтік ақиқат бар болса, онда оны білдіріп отыратын адамның тусінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұтасынан абсолютті түрде білдіре алмай, тек шамамен салыстырмалы турде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқаттың арақатынасын көреміз.
Зертеліп отырған объекті жөніндегі толық емес білімді салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді абсолюттік ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат әлеуметтік, тарихи процесс ретіндегі объективтік ақиқаттың көрініс сәттері. Объективтік ақиқат салыстырмалы-абсолюттік формада ғана өмір сүреді. Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат барлық жағдайда нақты ақиқаттың нақтылығы объекті жөніндегі барлық түсініктердің, абстракциялардың синтезінде, бірлігінде. Құбылыстың, шындықтың барлық жақтарының жиынтығы және олардың (өзара) қатынастары міне ақиқат осылардан құралады Қазіргі заманғы идиалистер ақиқаттың ғылымға қарсы бірсыпыра өлшемдерін айтып жүр. Бұлардың қатарына мыналар жатады: Мах пен Авенариус дейтін эмпириокритиктердің ойды үнемдеу принципіне үнемі ойланатын болса сол ақиқат қолайлылық пен пайдалылық принципі. А.Пуанкеренің, Э. Леруаның конвенционализм принципі шартты келісімге сай келсе, сол ақиқат пікірлердің ақиқаттығы тек тілдің қалай болса солай таңдап алынған ережелерін сақтаумен ғана байланысты деп есептейтін неопозитивистер де бұл мәселеде, шынына келгенде, конвенционализмнің позициясын ұстайды. Олар сол сияқты тексеру принципін де ұсынып оны біздің айтқандарымыз бен пікірлеріміздің сезімдік мәліметтерге, түйсіктерге сәйкес келуі деп түсінеді.
Ақиқаттың өллшемі жөніндегі осы көзқарастың негізгі келістігі мынада: олар образдың санадан тыс және оған тәуелсіз өмір сүретін объектімен үйлесуі жайында мәселе көтермейді.
Сонымен, табиғатты және қоғамды танудағы ең басты принцип - адамдардың әлеуметтік қызметінің мәнін ашып, оның сан қилы қасиеттерін, түрлері мен формаларын, қоғамдық қатынастар мен сананың арақатынасын анықтау қажет. Адамның әлеуметтік мәні қанша бай, терең болса, адам қызметі де сонша көп түрлі болып келеді.

Сана -- пәлсапалық санат.
Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке өлшем бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.
Сана -- бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштықырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, түзу сызықты болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте -- анық және жасырын -- байланыстар байқалмайтын сана орталығы. Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, жауапқа қабілеттілігін ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.
Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, ашылуын, ол өзі анықтайды. Бұл -- оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің мүшесі ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында , -- адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.
Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттел

Таным мен сананың өзара байланысы[өңдеу]
Таным дегеніміз -- нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі -- адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады. Қоғам дамуының салыстырмалы қысқа тарихи мерзімі ішінде адам кептеген жетістіктерге: мысалы, заттарды алдын ала тапсырылған қасиеттер бойынша алуға, ойлай алатын машиналар жасауға, Айға, Шолпанға, Марсқа ғарыш кемелерін жіберуге, қарапайым бөлшектердің құпияларына терең үңілуге қол жеткізді. Әлеуметтік және коғамдық өмірдің аяларына, оны зерттеу, ойлау арқылы зерттелетін объектінің өткеніне, қазіргісіне және келешегіне үңілуге болады. Алайда адам солай болса да, езінің санасын әлі білмейді, оны жеткілікті деңгейде басқара алмайды. Демек, ежелгі ғалымдардың "өзіңді-өзің таны" дегені әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Бірде Үндістанда Шакунтале Деви деген әйелге 200 цифрлы санның 23 дәрежелі түбірін табу ұсынылған екен. Осындай есеп, сонымен бірге ең жетілген компьютерге де берілген. Машина есепті 60 секундта, ал Деви 50 секундта шығарған. Есеп шығаруда осындай жетістіктерге жеткізе алатын біздің ойлауымыздың сипаты қандай? Біздің жалпы санамыздың өзі қандай? Жансыз заттардың, мысалы, компьютерлердің ойлауға қабілеті бар ма?
Сананы қалыптастыратын факторлар[өңдеу]
Сана -- қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың -- мысық,ит тектестер, приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік "моралі", өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі -- еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Адамның эволюциясы 3 миллион жылға жуық мерзімді құрайды, соның 95%-ы адамның нышаны айқын көрінетін алғашқы ұжымдарды калыптастыру үшін жұмсалды. Алғашқы адам қалдықтары табылған жер француз деревнясыНеандерталь болғандықтан, оларды неандертальдықтар деп атайды. Неандертальдықтар тастан қанжар жасай білген, найзаның ұшын, сүйектен қарулар жасады, жасанды жолмен отты алды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс қатынастары орнады. Еңбек құралдары өлі жетілмеген дамудың алғашқы кезеңінде өмір үшін күрес ширығып, еңбек қызметі сол мақсаттарға ғана арналып, тек қана ұжымның күшімен жүзеге асырылатын жағдайда болды. Бүл мақсаттарды іске асу, еңбек үдерісін басқару үшін жақсы сигнал жүйесі, жылдам ақпарат алмасу қажет болды. Осындай жағдайлар ойдың дамуы мен жетілуінде шешуші рөл атқарған тілдің пайда болуына алып келді. Қалыптасқан бірқатар жағдайларға байланысты біздің ежелгі ата-бабаларымыз өмірінде өте маңызды өзгерістер болып жатты. Кездейсоқ, жағдайда ғана қару ретінде қолына белгілі бір затты -- тасты немесе бұтақты алып әрекет еткен кездің орнына қаруды тастан және сүйектен дайындап, үнемі пайдаланатын кез келді. Тас және басқа да қарапайым қарулары бар адамдар тобыры енді жануарлармен салыстыруға болмайтын, әлдеқайда күрделі жүйеге -- қоғамға айналды. Онда атқарылатын қызмет түрі өте көп еді. Тобырға қарағанда адамдардың бір-бірімен қатынасы, пікір алмасуы күрделеніп, түрлене бастады. Тас қаруды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана мен таным
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан
XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құруын анықтау
Сана мәселесінің теориялық және әдіснамалық негіздері
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Сананың пайда болуы мен дамуы
Философия - көзқарастың бір түрі
Сана философиялық мәселе ретінде
Болмыстың негізгі формалары
Философиялық материализм
Пәндер